Понедельник, Сентябрь 23
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Халық есебінен байығандар жастардың грантына таласпасын: ЖОО доценті Мейрамбек Бесбаевқа жауап берді

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті Мырзантай Жақып Мейрамбек Бесбаевқа жауап берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Ешкімнің нақты атын атап, түсін түстемесем де, қара халықтың есебінен әбден байып алған «әнші-журналист-жұлдыздар» енді мемлекеттік білім гранттары арқылы тегін «оқып», «әнші-магистр-докторларға» айнала бастағаны туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбамды кейбір азаматтар тікелей өздерінің аттарына қабылдап, «қызғанып, көре алмай жатыр», «қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адам» деп менің атыма біраз ауыр-ауыр сөздер жазып тастаған. Оны қалың көпшілікке таратып жатыр екен. Біз сияқты қатардағы қауымдастырылған профессордың бір ауыз сөзіне осыншалықты деңгейде ерекше мән беріп, қызу талқыға салып жатқан көпшілік қауымға шексіз алғысымды білдіремін!», – деп жазады ғалым.

«Егер әншілер өздерінің шынайы білімдерімен сондай дәрежеге жетіп жатса, өз басым оған тек қана қуанамын! Алайда кейбір «тележұлдыздардың» сахнадағы атақтарын пайдаланып, өнер саласына мүлдем қатысы жоқ ұлттық жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларына қарай жаппай лап қойып, мемлекеттік білім гранттары есебінен «оқу бітіріп», диссертациялар «қорғауға» кірісуі жалпы сипат ала бастауын;  ұлттық университеттерді басқаратын кейбір ректорлардың өз қарамағындағы студенттері мен профессор-оқытушыларын тырп еткізбей, уысында қысып ұстап отырып, керісінше, әртүрлі «жұлдыздардың» алдында құрдай жорғалап, жас балаша жүгіруін өз басым мүлдем түсіне алмаймын! Байлардың аста-төк той-томалақтарынан көп қаржы табатын әншілер мен «тележұлдыздар» егер академиялық және ғылыми атақ-дәрежелер алғысы келіп жатса, жоғары оқу орындарының магистратуралары мен PhD докторантураларының ақылы бөлімдеріне өздерінің жеке ақшаларын төлеп оқығаны, шын дарынды жастарға арналған мемлекеттік білім гранттарына жармаспағандары жөн. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – осы», – дейді Мырзантай Жақып.

Бұған дейін Мырзантай Жақыптың сынына Мейрамбек Бесбаевтың не деп жауап бергенін жазған болатынбыз.

Источник http://stan.kz/

Яндекс.Метрика