Четверг, Август 22
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Жазира: Жаңа үйленген жылдары жұмыс сұрап барғанымда мейрамхана ыдыс жуушы етіп алмай қойған еді

Әнші Жазира жаңа үйленген жылдарын еске алып, қиын күндерді бастан кешкенін айтты.

“Жаңадан үйленген жылдарымызды жиі еске аламын. Пәтер жалдап тұрамыз.Жанболат күндіз қара жұмыс істейді.Кешке екеуміз xалықтың алдында ән айтамыз. Мен де күндіз бос отырмай күйеуіме көмектесейін деп жаяу жұмыс іздеп шықтым.Бір мейрамxананың есігінде ыдыс жуушы керек деп жазып қойыпты.Кіріп жұмысқа алуын өтіндім.Олар маған “біз тек европа ұлтының адамдарын аламыз” деді.Ол жерде бірде бір қазақ жұмыс істемейді екен.

Қазбекке аяғым ауыр еді.Мейрамxанадағы дәмді тамақтың иісінен сілекейім ағып,тамақтануға ақшам болмай армандап шығып кеткем. Сол оқиға есіме түсіп өткенде баламмен күйеуіммен дәл сол жерге барып тамақтандық.Ұлыма осы оқиғаны айтып бердім.
Ал мейрамxанада бәрі өзгерген.Даяшы (официант)қазақтың қыз жігіттері қазақша сайрап тұр.Еден,ыдыс жуатын қыз келіншектерге өзім барып амандастым.Қыздар суретке түсіп әндерімізді сүйіп тыңдайтындарын айтып жатыр. Өмір өзі тамаша ғой ия?!”, – деп жазады әнші парақшасында.

“Алла амандық, денсаулық берсін. Сіздер сияқты біз де еске алып отырайық өз уйімізде. Құтты жерде. Жаным, сізге деген құрметім шексіз, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкин емес”, – деп жазады желідегілер.

Источник http://stan.kz/

Яндекс.Метрика