Среда, Декабрь 19
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Бірінші әйелінен айырылған танымал әнші Абай Бегей биыл жазда өзінен жасы біршама (16 жас) кішкентай бойжеткенді жар етіп алды. Алғашқы отбасынан төрт баласы бар әнші бүгінде жиенді болып үлгерді. Желіге жүктеген фотосуреттеріне қарап, қыздары «екінші» аналарымен жақсы тіл табысқан сияқты.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Тағы да өзінен 12 жас кіші келіншекті жар еткен Асхат Тарғын бірінші әйелімен қызғаныш сезімі ажыратқанын айтқан болатын. Бүгінгі таңда екінші жарынан бір ұл сүйіп отыр.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Сейфуллин Жолбарыс екінші әйелін тіпті қазақтан емес, орыс ұлтынан алған. Бірінші отбасынан бір ұлы мен бір қызы болса, екінші әйелі Екатерина оған екі қыз сыйлаған. Бұл жұптың да жас айырмашылықтары үлкен деп жатады халық.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Екінші рет отбасын құрған актер Рахман Омаровтың бірінші отбасынан үш ұлы бар. Өкінішке орай, ұлдарының анасы биыл қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Қазіргі таңда екінші әйелімен тұрып жатыр және ортақ үш баланы тәрбиелеуде.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

«Жігіттер» квартетінің экс-солисі Еркін Нұржан да екінші рет отбасын құрған. Алайда бірінші әйелінен ортақ балалары жоқ Екінші жары бүгінде бір ұл мен бір қыз сыйлаған.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Тағы сол «Жігіттер» квартетінің жігіттерін айтар болсақ, Айдар Тұрғанбекте екінші әйел алған екен. Бірінші отбасынан Нұржәннәт есімді қызы бар. Екінші әйелі де әншіге бір қыз сыйлаған.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Өнер жолында жүрген Сәбит Әбдіқалықов та екі рет үйленген. Бір ерекшелігі Сәбит мырзаның екі жары да сахна төрінде жүрген қазақтың сүйікті әншілері. Біріншісі әрі актриса, әрі әнші Айгүл Иманбаева болса, екіншісі әнші Алтынай Жорабаева. Айгүлден бір ұлы, Алтынайдан төрт қызы бар. Алайда, бүгінде екінші жары Алтынаймен де бірге тұрмайды.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Өзінен 13 жас кішкентай қызды жар еткен әнші Айқын Төлепбергеннің екінші әйелі Жұлдыз Өмірғалиден бір ұлы бар. Бірінші әйелінен бір ұл мен бір қызы бар.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Әзілмен Дәурен Айдарқұловта КешYou тобының экс-солисі Ақбота Сейтмағамбетті екінші жары етіп алған. Алайда екеуінің қарым-қатынастары көп уақытқа дейін дұрыс болмай, ендігі бірге екендерін жар салған отбасы ортақ екінші сәбилерін күтіп жүр. Дәуреннің бірінші отбасынан үш баласы бар.

Екінші рет отбасын құрған қазақстандық жұлдыздар

Тізімді қорытындылайтын белгілі актер, еңбек сіңірген қайраткер Асанәлі Әшімов ағамыз. Өзінен біршама кішкентай жар алған ағамыздың бұрынғы некеден туған қызы қазіргі отбасымен біраз уақыт бірге тұрған. Жары Бағдаттан Асанәлі атты ұлдары бар.

Источник http://stan.kz/

Яндекс.Метрика