Среда, Июнь 3
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net

Елге батыл менеджерлер керек – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі проблеманы шешетін батыл менеджер керектігін айтты.

Қазақстанды нақты жоспарға сәйкес,  бірыңғай орталықпен әрі стратегиялық және операциялық тұрғыдан басқарылатын тиімді корпорация ретінде қарастыратын уақыт жетті.
Мемлекеттік басқарушылардың бәрі – ауыл әкімінен бастап үкімет мүшесіне дейін өз жұмысын қайта қарап, нақты нәтижеге жетуі тиіс. Еліміздің экономикасын қайта қалыпқа келтіріп, жұмыссыздықты азайтып, халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдауға әзір батыл менеджерлер қажет болып отыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы осында қиын кезеңді еңсеру үшін Қазақстанның қазіргі істеп жатқан жұмыстарының  шешуші маңызға ие болатынын айтты. 

Тоқаев пен Мамин дағдарысқа қарсы барлық қажетті іс-шараларды қабылдады. Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, карантин режимі күшіне енді. Қазақстанда барлық азаматтарын төтенше жағдай талаптарын сақтауға шақырамын. Біздің тарихымызда бірнеше дағдарыс болды. Алайда бұл жолғысының жөні бөлек. Әрбір қазақстандық мемлекеттік қолдауды сезінуі үшін бәрін жасаймыз. Сонымен қатар болашаққа қарауымыз керек. Әлем енді бұрынғыдай болмайды, — деді ол.

Источник: https://baq.kz/

Яндекс.Метрика