Понедельник, Июль 13
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Как правильно варикоз лечить

Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін арттыру қажет — президент

Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты

окторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғылыми жетекші орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет», — деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы сонымен қатар докторантураға бөлінетін гранттардың құнын арттыру керектігін баса айтты.

«Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 млрд теңге болады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Источник: https://ratel.kz/

Яндекс.Метрика