Суббота, Январь 16
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж

ТРИО ГЕПАТИТ С ВИРУСЫН ТАПҚАНЫ ҮШІН МЕДИЦИНА САЛАСЫНДА НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН АЛДЫ

СТОКГОЛЬМ — американдықтар Харви Дж.Алтер және Чарльз М.Райс және британдық ғалым Майкл Хоутон дүйсенбіде әлемдегі миллиондаған адамдарға әсер ететін бауыр ауруының негізгі көзі гепатит С вирусын тапқаны үшін медицина бойынша Нобель сыйлығын алды.

Стокгольмде сыйлықты жариялай отырып, Нобель комитеті трионың жұмысы қанмен жүретін гепатиттің негізгі көзін анықтағанын, оны бұрын табылған гепатит А және В вирустарымен түсіндіруге болмайтынын атап өтті. Олардың жұмысы 1970-80-ші жылдардан басталып, миллиондаған адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесті дейді комитет.

«Олардың ашқан жаңалықтарының арқасында қазір вирусқа жоғары сезімтал қан анализі қол жетімді және бұл әлемнің көптеген бөліктерінде трансфузиядан кейінгі гепатитті жойып, жаһандық денсаулықты айтарлықтай жақсартты», — деп хабарлады комитет.

«Сонымен қатар, С гепатитіне бағытталған вирусқа қарсы дәрі-дәрмектерді жылдам дамытуға мүмкіндік берді», — деп қосты ол. «Тарихта бірінші рет ауруды қазір жазуға болады, бұл бүкіл әлемде гепатит С вирусын жеңу үмітін тудырады.»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша әлемде гепатит С-мен 70 миллионнан астам жағдай тіркеліп, жыл сайын одан 400 000 адам қайтыс болады. Ауру созылмалы және бауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр ісігі мен цирроздың негізгі себебі.

Медицина бойынша Нобель сыйлығы биыл коронавирустық пандемияға байланысты ерекше маңызға ие болды, бұл медициналық зерттеулер әлем қауымдастығы мен экономика үшін маңыздылығын көрсетті.

Ноттингем университетінің вирусологы Уилл Ирвинг С гепатиті анықтау медицинадағы «қасиетті қасірет» болғанын айтты.

«1970 жылдары А және В гепатиттері анықталғаннан кейін, бауырды зақымдайтын бірнеше вирус бар екені анық болды», — деді ол.

«Біз қанмен қамтамасыз етуде вирус бар екенін білдік, өйткені адамдар қан құю кезінде бауырды зақымдайтын еді», — деді Ирвинг. «Бұл қауіп деп танылды, бірақ біз ештеңе істей алмадық. Біз вирустың не екенін білмедік және оны тексере алмадық».

Нобель комитетінің мүшесі Патрик Эрнфорс коронавирустық пандемиясымен күресу үшін әлемдегі миллиондаған ғалымдардың ізденіс қарқыны мен биылғы сыйлықтың  арасында салыстыру жүргізді.

«Сізге бірінші кезекте қоздырушы вирусты анықтау қажет», — деді ол журналистерге. — Содан кейін, ауруды емдейтін дәрі-дәрмектерді шығаруды және вакцина жасаудың мәселесі туындайды».

«Демек, вирусты ашудың өзі — маңызды сәт», — деді Эрнфорс.

Тамақ немесе су арқылы берілетін және бірнеше аптаға созылуы мүмкін жедел инфекцияны тудыратын А гепатитінен В және С гепатиттерінің айырмашылығы,олар қан арқылы жұғады.

Американдық ғалым Барух Блюмберг В гепатитінің вирусын 1967 жылы анықтап, 1976 жылы медицина саласында Нобель сыйлығын алды, бірақ бұл созылмалы гепатиттің барлық жағдайларын түсіндіре алмады, бұл ауру қан алған немесе қан берген сау адамдарда да жиі кездеседі.

«С гепатиті вирусын тапқанға дейін қан құю орыс рулеткасына ұқсас болды», — дейді Нобель комитетінің мүшесі Нильс-Горан Ларссон.

1935 жылы Нью-Йоркте дүниеге келген Альтер Бетезда,  АҚШ Ұлттық денсаулық институтында жұмыс істеп жүріп, В гепатиті жоқ науқастардың плазмасы ауруды жұқтыруы мүмкін екенін анықтады.

«Бұл жаңалық 1989 жылы, Майкл Хоутон және Chiron корпорациясында жұмыс істейтін әріптестер, вирусты клондау үшін молекулалық биология мен иммунологияға негізделген әдістерді қолданған кезде ашылды», — деді Нобель комитетінің мүшесі Гунилла Карлссон-Хедестам.

Кейінірек Нобель сыйлығының иегері Райс клондалған гепатит вирусының өзі шимпанзелерде тұрақты инфекцияны тудыруы және адамдарда байқалған ауруды көбейтуі мүмкін екенін растады.

Гепатит С вирусы флавивирустар деп аталатын топқа жатады, оған Батыс Ніл, вирусы және сары безгек вирусы кіреді.

Нобель комитетінің бас хатшысы Томас Перлманн жеңімпаздардың екеуі — Альтер мен Райске хабарласқанын айтты.

«Оларға екі мәрте рет қоңырау шалуға тура келді», — деді ол. «Олар таңқалып қатты қуанды».

Беделді Нобель сыйлығы 124 жыл бұрын, швед өнертапқышы Альфред Нобель өсиетімен қалдырған  10 миллион швед кронасы (1 118 000 доллардан астам)  мен алтын медаль.

Queen Mary университетінің гепатология профессоры Грэм Фостер С гепатитінің ашылуы миллиондаған адамдардың ауруға шалдығуынан және бауыр ауруын алдын алуға  мүмкіндік берді,  сонымен қоса,  Альтер, Хьютон және Райске Нобель сыйлығының берілуі өте дұрыс болды деп айтты.

Фостердің айтуынша, бұл жаңалық Египет пен Пәкістан сияқты дамушы елдерге өте маңызды болды, оларда миллиондаған адамдар ауруды медициналық жабдықтармен немесе ем-дом шаралары кезінде жұқтырған, ал АҚШ сияқты дамыған елдерде  қанмен  құю шаралары кезінде жиі кездескен.

«Бұл жаңалық қауіпсіз қан құюға мүмкіндік берді және гепатит С-ге қарсы емдеу әдістерін жылдам дамытуға мүмкіндік берді», — деді Фостер. «Бізде қазір тиімділігі 96 пайыз дәрілер бар тек  сегіз апта бойы дәрілерді  қабылдасаңыз болғаны» -деді ол.

Оның айтуынша, Египетте С гепатитін анықтайтын жаппай скринингтік бағдарламасы  жүзеге асырылса, бұл ауруды іс жүзінде жояды.

Фостердің есебі бойынша, соңғы жылдары ондаған миллион адам С гепатитін жұқтырған.  «Вирусты анықтау бізге сол адамдардың көпшілігін аман алып қалуға сөзсіз мүмкіндік берді».

Нобель комитеті қазіргі кезде кеңінен қолданылатын практикалық маңызы бар  фундаменталды ғылымға аса ден қояды.

«Ашылған жаңалықтың қаншалықты пайдалы екендікті білу үшін уаыт қажет, — деді Перлманн. — «Әрине, бұл серологиялық тесттердің қолданыста болғанына біраз уақыт болды, бірақ бұл маңызды жаңалықтың негізінде  пайда болған вирусқа қарсы препараттар кейінірек пайда болды».”

Медицина бойынша Нобель сыйлығы — 2020 жылдың 12 қазанына дейін жарияланатын алты сыйлықтың біріншісі. Ал басқа сыйлықтар — физика, химия, әдебиет, бейбітшілік және экономика саласындағы ерекше еңбектері үшін беріледі.

Источник: https://www.japantimes.co/

Яндекс.Метрика