Суббота, Декабрь 21

БОЛАШАҚТАҒЫ МАМАНДЫҚТАР НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ МАМАНДАР СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛМАҚ?!

Бүгінгі күнде болашақ мамандықтарды қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі-технологиялық өрлеу болып отыр. Роботтандыру, жасанды интеллект және автоматтандыру үрдістері  еңбек саласын өзгертетіні сөзсіз. Осы күнге дейін адамдар орындаған күнделікті жұмыстарды машиналық оқыту мен үрдістерді автоматтандырумен алматыру көріністерін байқауға болады. Ал бұл болашақ мамандардың  арнайы дағдылары болуы керек дегенді білдіреді.

Интернет пен цифрлық технологиялар кәсіби әлемге төңкеріс жасады. Бағдарламалау, деректерді талдау, киберқауіпсіздік және бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу негізгі бағыттарға айналуда. Бұл салалардағы мамандар жақын болашақта  сұранысқа ие болатыны сөзсіз, өйткені технологиялық алыптар мен шағын стартаптарға цифрлық трансформацияны басқаруға және деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті сарапшылар қажет.

Болашақта табысты мансаптың негізгі қағидалары:

1. Оқу және қайта даярлаудан өту арқылы жаңа дағдыларды тез үйрену.

2. Жаңа өзгерістерге икемді әрі бейімді  болу арқылы әртүрлі салалар арасында ауысуға дайын болу.

3. Әртүрлі мәселелерді шешу және жаңа идеяларды қалыптастыру арқылы  шығармашылық ойлау мүмкіндігіне ие болу.

4. Сандық сауаттылық: цифрлық технологияларды түсіну және деректермен жұмыс істеу қабілеті болу.

Заманауи жағдайдағы экономикалық және технологиялық ортаның тез өзгеруіне байланысты алдағы 5-10 жылда сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптерді болжау әрине күрделі мәселе. Алайда, кейбір мамандықтар мен кәсіптерге қатысты  сұраныстың болатындығы күтілуде. Олар:

1. Деректер және жасанды интеллект мамандары: деректермен жұмыс істейтін және жасанды интеллектті дамытатын мамандардың сұранысы өсе береді.

2. Денсаулық сақтау мамандары: дәрігерлер, медбикелер, фармацевтер және басқа да денсаулық сақтау мамандары әрқашан қажет болады.

3. Инженерлер мен техниктер: жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту қатысты мамандықтары.

4. Киберқауіпсіздік мамандары: интернеттегі белсенділіктің артуымен ақпаратты қорғау қажеттілігі де артып келеді.

5. Экологтар мен тұрақты даму мамандары: Климаттық мәселелермен айналысатын мамандарға сұраныс артпақ.

6. Бағдарламалық жасақтама жасаушылар: бағдарламалық жасақтама негізгі сала болып қала береді және оларды әзірлеушілер сұранысқа ие болады.

7. Жобаларды басқару мамандары: жобаларды тиімді басқару компаниялар үшін маңызды құзырет болып қала береді.

8. Білім беру және оқыту мамандары: Онлайн білім беру және дағдыларды дамыту өмір бойы білім алу үшін маңызды болады.

9. Маркетинг және цифрлық маркетинг мамандары: интернет-бизнестің өсуімен маркетинг қажеттілігі де артып келеді.

10. Шығармашылық өнер және дизайн мамандары: суретшілер, дизайнерлер сияқты шығармашылық мамандықтар.

Яндекс.Метрика