ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

Қазақстандағы жоғарғы білім жүйесінің жастардың әлеуметтік қалыптасуына әсері

Қорытынды

Қолданған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

 Соңғы екі ғасыр бойы адамдардың дүниетанымында үздіксіз өндіру мен тұтынуға бағытталған рационалдық-прагматикалық тұрпаттағы ой-өріс үстемдік етіп, технократтық интеллектуалдық күш-қуаттың басым өсуі салдарынан адамзат тіршілігі мен қоршаған ғаламның табиғи болмысы арасындағы үйлесімдік әлсіреп, жасанды табиғаттың деструктивті әсерлерінің күшейе түсуі байқалады. Соның салдары бүгінгі күні табиғи тепе-теңдіктің сақталуына, адамзаттың даму болашағына қатер төндіретіндей жаһандық дәрежедегі көптеген гуманитарылық, экономикалық, энергетикалық, экономикалық қарама-қайшылықтар мен  өзекті мәселелерді туындатып отыр.

 Қазақстандық философ-мәдинеттанушы Э.Ланько ғылым мен техниканың дамуы, ортаның сан алуан ақпараттармен, сандық технологиялармен өлшеусіз толығуы нәтижесінде әлем шиеленіскен, жансыздандырылған,саясаттандырылған тұрпатқа өтіп, мұның өзі адам тұлғасының шығармашылық-табиғи болмысының, рухани-мәдени құндылықтарының көмескіленіп, тұншықтырылуына әкелуде деп есептейді.

 Қазіргі қоғамның тағы бір басты сипаты: адамзат тіршілігінің барлық салаларына, қоғамдық, әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастарға өрісін жайып келе жатқан жаһандану құбылысы. Жаһандану ғылым мен техниканың жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің және адамдардың «тіршілік ету кеңістігінің кішірейіп», «ара қашықтың қысқаруын» ақпараттық шекаралардың жойылып кетуін тудырған ақпараттық коммуникациялық революцияның нәтижесінде, сонымен қатар әлемдік саяси-экономикалық қатынастарын реттестіру, қоршаған ортаны қорғау, қатерлі індеттердің алдын алу, халықаралық лаңкестік, демографиялық және гендерлік ділгірліктер сияқты аса күрделі мәселелерді бірлесіп шешу қажеттілігінен туындап отыр.

Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты,  қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің  белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім — әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады. Шын мәніне келгенде, елдер тек тауарлар мен қызметтер өндіре отырып бәсекелеспейді, сонымен бірге олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйесі арқылы бәсекеге түседі.

Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі құрылғанда шешіле алады.

«Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды:

          1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықты базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар);

          2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар);

          3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар);

          4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең болып табылып отыр.)»[1]

Қазақстандық мектепті сапалы жаңғырту жолында стратегиялық мәні бар алғашқы шешуші адым Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Дарынды балаларға арналған мектептерге мемлекеттік қолдау көрсету және оларды дамыту туралы» өкімі болды. Осы өкімге сәйкес дарынды балаларға арналған «Дарын» мектептері ашылған болатын, онда түрлі нысандардағы мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Мемлекет осылайша, елдің болашағын, әлеуметтік әділдікке орай және басқа да көптеген жұмыстар атқарып жатқандарын көрсетеді.

Білім мазмұнында ақпараттандыру мен қатар оқудың жаңа стандарттары мен оқулықтардың жаңа буын енгізу де жетекші бағыттар қатарын құрады. Жетілдірілген мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жаңа ұрпақтың оқулықтарын, оның ішінде электрондық оқулықтарды енгізу. Онымен қоса, білім беру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық және телкоммуникациялық технологияларды, оның ішінде теледидарын енгізу қажет.

«Жаһандану деп өндіріс сферасындағы микроэлектрондық революция туғызған «өндірістік төңкерістің» нәтижесін айтады. Басқа нәтижесі ретінде өнеркәсіптік дамыған елдердің дамудың постиндустриалды сатысына өтуін, ал мемлекеттік саясат саласында кейнсиандық идеологиядан неолиберализмге өтуін атайды.

«20 ғасырдың 70-ші жылдардағы Еуропа елдерінде байқалған экономикалық және институционалды дағдарыстан шығу еркін нарыққа қайта келумен, бәсекестік индивидуализмге негізделген жеке мүдде мен бастаманың қайта өрлеуімен байланыстырылды. Ең ақырында бәсекелестіктің өсуіне қол жеткізу мүмкін еді. Бұл елдердің жаңа әлемдік еңбек бөлінісіне және әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің жаңа шарттарына бейімделу үрдістерін күшейтер еді»[2].

Қарқынды техникалық прогреспен үйлесе отырып, экономиканы және қаржыларды либералдау экономика, қаржылар, нарықтар саласында бірыңғай кеңістікті қалыптастырудың алғышарттарын құрды. Олардың заңдары қазіргі кезде жеке елдердің, өндірушілердің және азамттардың орнын анықтайды.

 «Ақпараттық — коммуникациялық желілердің дамуы ақпараттық және интеллектуалды кеңістіктің қалыптасуына әкеледі. Осылайша, батыс қоғамдарының дамуындағы көп нәрсе қазіргі таңда әлемдік нарықтарда өсіп келе жатқан бәсекелестік және нарықтар ұсынатын идеялармен және құндылықтармен анықталады.

Жалпыға бірдей коммерциялизаиялау және бәсекелестік күрес пен нарық логикасын енгізудің әлемдік үрдісіне мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер сияқты сфералар түсті, бұл сфералар бұрында «қоғамдық игілік» ретінде қарастырылатын.

Аталған өзгерістердің бәрі бірдей қабылдамайды, себебі:

  • Біріншіден, кейбіреулер онда еуропалық елдерге тән, демократиялық құндылықтарға төнетін қауіп бар деп ойлайды;
  • Екіншіден, және бұл бастысы, бүгінгі таңдағы білім беру – бұл стратегиялық ресурс және оны тиімді пайдалану жеке елдердің өндірушілердің және тұлғалардың жетістігін қамтамасыз етеді;
  • Үшіншіден, осының салдары ретінде білім беруді дамыту проблемаларын талқылауға білім беру салсындағы мамандар, басқарушылар мен ата-аналар ғана емес, сонымен қатар іскер топтар, халықаралық ұйымдар қатысады;
  • Төртіншіден, білім беру елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің факторына айналып отыр.

Білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен моделі керек пе?, — деген сұраққа дауап беруден бұрын, алдымен білімнің өсуі мен оның қолданылуының экономикаға әсерін анықтайық. Бұл үшін кейбір мәліметттерді келтірейік.

«Әлемдік банктің бағалауы бойынша, білім ел дамуының негізгі факторына айналып отыр. Адам капиталы елдегі жалпы байлық көлемінің 64%-ға жуығын құрайды. АҚШ-та ЖІӨ-нің 45%-ы ғылыми зерттулер мен білім беру, бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісі сферасында жасалады.

Ақпараттық технологияларды пайдалану Нью –Йорк биржасына өз тиімділігін 400%-қа жоспарлатуға мүмкіндіктер берді. «Қоғамның білімін» бір академиялық жылға арттыру ЕО экономикасын қысқа мерзімдік перспективаға 5%-ға және ұзақ мерзімдік перспектиавға 2,5%-ға өсуін қамтамасыз етті»[3].

Білім өз мәні жағынан демократиялық болғанымен, білім беру сферасында жаһанды бәсекелестік болып отыр: қаржыландыру көлемі мен студенттер үшін жоғарғы оқу орындары арасында; еңбек ресурстары үшін елдер арасында.

Білім беру сферасында  жылдық нарық реформалары білімді дамытуға деген кәсіпкерлік көзқарастың кері жақтарын айқындады. «Ең алдымен, бұл:

  • Білімге практикалық және тұтынушылық көзқарастарын нығайту, оның руханилығы мен ағартушылығының маңызын жою ТҰК –мен монополиялар жағынан ұлттық жүйелерге қауіп төндіреді, азаматтардың құқықтарына, еркін білім алуға кедергі жасау;
  • Білім берудегі нарықтық бастамалар әр түрлі елдердегі элиталар үшін мүмкіндіктердің жоғарғы теңдігіне, ал ел ішінде қоғамның күрт әлеуметтік поляризациясына әкеледі;
  • Білім беру саласындағы мамандар мен саясаткерлер мемлекетті білім беру саласына шығару тенденциясына қарсы, өйткені мемлекет өзінің қоғамдық маңыздылығынан айырылады:білім беруге «таңдау», «бәсекелестік», «стандарттар», «еркіндік»сияқты түсініктер маңызды бола бастады;
  • Білім берудің нарықтық сұраныстарына бағытталуы сынға түсіп отыр: мәселен, мектептік білім беру сферасындағы басымдықтар жұмыс табуға мүмкіндік беретін мәселелерге, білімге және ептілікке шоғырлануға фундаменталды білімі бар ерекше тұлғаны қалыптастырудан жылжып отыр;
  • Нарықты жоғарғы білімді әлемдік нарықтарда қысөа мерзімдік бизнес қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға және зерттеулерді жүргізуге бағыттайды;
  • Мамандарды сонымен бірге білім беру бағдарламаларында әлеуметтік негіздің болмауы, білім беруді жалпы гуманитаризациясыздандыру да алаңдатып отыр, бұл болашақта қоғамның мәселелерін ұзақ мерзімде көруіне зиян әкеледі.

Сонымен, бүгінгі таңда жаһандану жағдайындағы қоғам дамуның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, жоғарғы технологияның қажеттіліктеріне сәйкес білім берудің жаңа тұжырымдамасы мен үлгісін құру қажет»[4].

Моделдің негізі – бұл үздіксіз білім беру немесе өмір бойы оқыту. Осыған байланысты білім берудің дәстүрлі ұйымдастырылуы мен институтционалдық құрылымын, мектептік , жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беруден және ересектерге білім беруден бастап радикалды қайта құру керек.

«Тұжырымдаманың жарияланған жобасында үздіксіз білім беру жүйесі деп білім берудің барлық деңгейіндгі өзара іс-әрекет ететін оқу орындары жүйесіндегі бірізді, елісілген оқу бағдарламаларын дамыту жолдарының, тәсілдерінің және құралдарының жиынтығын айтады. Тұжырымдамада, сонымен бірге, үздіксіз педагогикалық білім берудің қағидалары анықталған, сондай-ақ буындарының жүелілігі негізінде білім берудің барлық 5 сатысының мазмұнын талдау келтірілген. Тұжырымдаманы жүзеге асыру сатылары мен күтілетін нәтижелері табылды.

Білім беру жүйесіне қоғамдық жоба дәрежесін қайтару қажет, онда барлығы үшін мүмкіндіктер теңдігі қамтамасыз етілер еді.

Жаңа әлеуметтік келісім- шарт жасау керек, мұнда мемлекет білім беру қызметтерін алуға тұтынушылар құқығының, сондай – ақ азаматтардың өмір бойы білім алуға құқығының кепілі ретінде шығады. Ал білім беру жүйесі азаматтардың жекелеген және әр түрлі қажеттіліктеріне сай келуі тиіс.

Осылайша, білім беру қазіргі жаңа әлемде қоғамдық игілік қызметін өзіне өайтаруы тиіс, ал оның дамуына ұлттық әл- ауқаты байланысты. Үкімет демалыс кездерінде студенттерге тұрғын үйлер тұрғызатын құрылыс отрядында жұмыс беру, елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарламасын өрістетіп, бұл игілікті істерге студенттерді қатыстыру мәселесін нақтылы қарауы керек. өзіміз зәру болып жүрген әрі кадрларды сырттан шақыруға мәжбүр етіп отырған техикалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек деп-айтқан болатын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев.

Білім саласы бір салада қалмауы керек. Әрқашанда, өмірдің талабына сай өзгеріп отыруы қажет.

Қазақстанның жоғары оқу жүйесі батыс елдерімен салыстырғанда үлкен айырмашылықтары бар. Біз осы талдауда жоғары оқудың барлық деңгейлерін талдамақшы болғанымызбен бірінші деңгейге ерекше назар аударамыз. Айырмашылықтарды былай мазмұндауға болады:

  • Біріншіден, мамандық (специалист) деген дәреже батыс елдерінде жоқ. Оларда бакалавр ғана бар және Қазақстанның мамандық дәрежесі оларда бакалаврға тең деп есептеледі. Экономика және менеджменттегі мамандықтар әрі бакалаврдың бағдарламалары 4 жыл тұрады, ал басқа салалардағы мамандықтар 5 жыл.
  • Екіншіден, Қазақстанның оқу бағдарламаларында пәндердің саны және сағаты батыс елдерімен салыстырғанда 2 есе көп бірақ әр пәнде үйретілген тақырыптар жеткіліксіз.
  • Үшіншіден, әсіресе экономика мамандықтарында оқытылған мамандық пәндерінің саны жеткіліксіз, өзекті пәндер жеткілікті оқытылмай менеджмент пәндерімен толықтырылыпты, пәндердің мазмұндары өте ұқсас және қайталанып отыр.
  • Төртіншіден, экономика және менеджментте онға жуық, бір-біріне ұқсайтын мамандықтар бар.»[5]

 Мұнда жоғарғы оқу орындары мен оқытушылардың барлығы онлайндық оқыту бағдарламаларына өтті ме, жоқ па, осы мәселе қарастырылған. Жоқ, мұндай оқу жүйесіне жоғарғы оқу орындарының барлығы өтпеген. Мысалы, Остиндегі Техас университеті, Бостон колледжі, Нью – Хэмпшир университеті. Бұлар студенттері өздерін ғылыми қоғамның бір бөлігі ретінде сезіну қажет деп есептейді. Алайда, бұларда бүкіл оқыту жүйесі дәстүрлі деп табылмайды. Мысалы, Бостон колледжі оқытушылардың жеке бастамасы бойынша жасалған бірнеше онлайндық курсты ғана ұсына алады.

«Оқытушылардың көзқарасы бойынша: олардың бәрі оқытылатын оқу курстарын онлайндық форматқа ауыстыру бойынша белгілі бір қысымға түседі. АҚШ-тың батыс штаттарының 25 жоғарғы оқу орындарынан 237 оқытушылардың көбі дистанциялық технологияға қарсы болды , олар оқыту үрдісінде бастысы адам қатынасы деп санайды.»[6]

      On-line режимде  не нәрсе алып келеді? «On-line режимінде оқыту:

  • Курсты толығымен өңдеге мүмкіндік береді
  • Оны студентердің көп бөлігіне жеткізуге мүмкіндік береді
  • Материалдарды оқып үйрену барысында студенттерге әр түрлі визуалдық және интерактивті элементтерді. Мысалы анимацияны ұсына алады
  • Интерактивті режимде қосымша ақпарат үшін студент оны қызықтырған немесе курстың түсініксіз тарауын «тышқанмен» шақыра алады, оқыту үрдісі одан әрі тереңделе түседі
  • Оқытушылардың бір жоғарғы оқу орнынан екіншісіне баруға кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.»[7]

Сонымен қатар, оқытушылардың «технологиялық сауатсыздығын» жою үшін қалағандарға арнайы сабақтар ұйымдастырылған. Әрине, алғашқы сабақтар психиологиялық тұрғыдан олар үшін қиындау келеді, себебі ол «мәдени», «болашақ» қолайсыздыққа тап болады.

Алайда On-line режимін бір жылдық жұмыс тәжірибесінен кейін оқытушылар игеріп алды, енді жаңа технологиялар оқыту мүмкіндіктерін одан әрі кеңейте түседі деп сенеді.

Кесте1. Білім беру саласын инвестициялау үлгілері

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-53

Ескерту – мәліметтер Алиева Н., Ә.Құрманбекова. Білім берудегі кредиттік технология жүйесі бойынша оқытудың маңызы. Білім//Образование 2010 -№2 44-45б. алынған.

Экономикада инновацияларды жүзеге асыру оқу мекемелерінде жаңа оқыту әдістеріне әкеледі.экономикалық өсудің басты факторының бірі білім потенциалы, кәсіби ілімі, біліктілігі бар адам болып отыр. Адамның да жағдайы өзгеруде – инвестиция тұлғасынан негізгі нысанға айналып отыр. Адам капиталына инвестициялау бағыттарының бірі білім беруге салымдар болып табылады.

«Жалпы, инновация деп – әлемдік экономикалық әдебиеттерде потенциалды ҒТП-ның жаңа өнімдер мен технологиялар түрінде көрсетілген нақтыға айналуды айтады. Демек, инновация бұл жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түріндегі инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

Ақпараттық қоғамға өту жалпыға бірдей жоғарғы білімді талап етеді. Аз білікті еңбек біртіндеп ығыстырылып отыр, сол арқылы экономиканы жоғарғы білікті еңбек пен жоғарғы білімде құрылады. Білімге деген қажеттілігі бұан былай жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану және білім беру қызметі сферасындағы онлайндық және коммерциялық ұйымдар жағынан бәсекелестікті кеңейту есебінен қанағаттандырылуы мүмкін. Бұл өзгерістер компьютерлік желілердің кеңеюі мен және техникалық және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы ірі жетістіктермен қамтамасыз етілген. Жеке алғанда ақпаратты жинайтын «бағдарламалық оқыту агенттері» деп аталатын ноутбуктар ме н бағдарламалардың қазіргі заман модельдеріне қарағанда өте қуатты түрлері пайда болуы күтілуде.»[8]

Бұл бағытта АҚШ үстем келетіні мәлім. Американдық ғалымдардың пікірінше, ақпараттық технологиялар ұйымдастырушылық құрылым, қаржыландыру және басқару әдістері қатысында жоғарғы оқу орындарының жұмысына маңызды әсер етеді.

Американық тәжірибе көзқарасы жағынан on-line режимінде оқытдың артықшылығы төмендегілерден тұрады.

Жоғарғы білім алуды оңай қол жететіндей ету, сонымен қатар унивеситтер мен колледждер түнгі уақытта, демалыс күндері және кампустан тыс оқуға мүмкіндіктерді ұсыну қажет: тіпті аудиторияға кірмей, сертификаттар мен дипломдарды алуға болады. «80% -ға жуық американдық университтер мен коллеждер онлайндық оқытудың керекті формасын ұсынады. Студенттер үшін бәсекелестік көптеген университтер мен оқытуды ұйымдастыру үшін интернетті пайдалануға мәжбүр болды. «2003 жылы 2,2 млн. Адам дистанциядан оқитын болды» деп болжанып отыр(1998 жылы тиісті көрсеткіш 700000 адамды құрады)» [9].

Дәстүрлі жоғарғы оқу орындары онлайндық оқытуды ұйымдстыруға тарту, әдетте олар онлайндық режимде бірнеше оқу курстарын ұсынудан бастайды. Нәтижесінде студенттер дәреже алу үшін аудиторияларда дәстүрлі оқумен қатар бірнеше онлайндық оқу курстарын игереді. Толығымен онлайндық бағдарламалар жиі ассоциацияланған дәрежелер (ол үшін колледжде екі жыл оқу қажет) және магистр дәрежелелерін алуға мүмкіндік береді. Мәселен, «екі жылдық колледждерде оқуды аяқтаған соң бакалавр дәрежесін алу үшін on-line режимде оқуды жалғасытыуға болады. Онлайндық оқу әсіресе адамдардың өзінің еңбек өмірінде бірнеше рет кәсібін, жұмыс орнын ауыстырған жағдайда өте маңызды. Қайсысы дұрыс: on-line режимінде ме, әлде дәстүрлі жоғарғы оқу орнында ма?

Егер де сізге «бетпе-бет» дәстүрлі оқу жақсы болса, онда сізге онлайндық оқу шамасы жарамайды. Көптеген адамдар онлайндық оқу дәстүрліге қарағанда оңайырақ, себебі үйден шықпай және оқу аудиторияларына қатыспай-ақ оқуға болады деп қате ойлайды. Іс-жүзінде жаңа оқу дәстүрліге қарағанда өте қиын болып шығуы мүмкін. On-line режимінде оқу туралы нақты соңғы шешім қабылдау үшін, ең алдымен шағын онлайндық таныстыру курсын (мысалы, тарих немесе әдебиет пәнінен игеріп көрген дұрыс).

Жергілікті сіздің тұрғылықты жеріңізге жақын орналасқан оқу орындары ұсынған on-line режимінде барлық оқу мүмкіндіктерін үйреніп алу қажет. Оқытушылармен және студенттермен «бетпе- бет» байланысу мүмкіндігі бар жоғарғы оқу орындарында білім алған дұрысырақ.

Оқудың нақты мақсаттарын анықтап алуда қажет. Егер сіз өткен онлайндық оқу курстары кейін университтер мен колледждерде дәстүрлі оқу кезінде ескерілуін қаласаңыз, онда мұндай тәжірибенің сіз таңдаған оқу орындарында нақты бар екеніне көз жеткізуіңіз қажет. Кейбір онлайндық курстар өз сайттарының алғашқы беттерінде өзінің аккредитациясы туралы мәліметтерді орналастырады, алайда аккредитация бойынша жеке агенттіктердің заңды деп таңылуы күмән туғызады. Сонымен қатар, әйгілі жоғарғы оқу орындар, мысалы, АҚШ-та Висконсин Универстеті немесе Пенсильван университеті онлайндық курстарды ұсына отырып, өз сайттарында аккредитация туралы мәліметтерді орналастырмауына да болады»[10]. Егер күмән туатын болса, білім беру министірінің WEB-сайтына кіруіне кеңес береді. Онда танылған аккредитациялық агенттіктердің тізімі берілген, сондай-ақ «Higher Education Directory» анықтамасына жүгінуге болады.

«Сонымен қатар, тәжірибе келесі мәселелер мен кемшіліктерді шығарды:

  • адамдар мен білім арасында фундаментальды өзара байланыс өзгеруде. Дистанциялық білім беруде кез-келген режимде қолдану оқытудың екі дәстүрлі негізін бұзады – онлайн режимінде бір-бірімен және оқытушылардың және оқытушылармен қатынаста болудың пайдасына шешіле отырып, дәрістік сабақ формасын және дәрістерді ашық (көпшілік алдында) оқу. Сол арқылы оқытушылар кеңесшілерге, репетиторларға айналады, ал бұл студенттердің интеллектуальды дамуына кері әсер етеді. Алайда, колледждердің жұмысы ең алдымен студенттермен жеке байланысына негізделуі тиіс, жеке алғанда дискуссиялар мен эксперттік бағалау жүргізу жолымен деп санайды.
  • жеке оқытушылармен жасалатын жеке оқу курстары жоғарғы оқу орындарын білім өнімдері нарығында қызметтің шығындар нәтижесінде, сапасы жағынан да бәсекеге қабілетсіздікке әкелуі мүмкін.
  • зерттеу университтері коммерциялық білім беру ұйымдары жағынан бәсекеге шыдамауы мүмкін, өйткені қаржылардың алғашқы көзін көлемді дәрістер курстары және кәсіби дайындау есебінен табады. Дәл осы сфералар 2-шілердің басып кіру нысандары болып табылады. Шығар жол мынадан көрінеді: профессорлар мен оқытушыларды қазіргі заманғы ақпараттық технологияларына қайта оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет, себебі студенттер жағынан сұраныс дәл осы технологиялар бойынша оқытуға артатын болады.
  • жоғарғы оқу орындарының ақпараттық технологияларды интеграциялау каналдарының бірі оқыту және ғылыми зерттеулер үшін жоғарғы жеделді компьютерлік желі Интернет-2 жобасы болып табылады (онда АҚШ-тың 200 уиверситтері бірікккен). Алайда оның рөлі әзірше гуманитарлы колледждер секторында шамалы ғана, өйткені Интернет-2 қосылу көптеген колледждер үшін, әсіресе, ауылдық колледждер үшін тым қымбат. АҚШ ұлттық ғылыми қоры грант бағдарламалары көмегімен колледждерге көмек беру қадамдарын жасауда. Негізінен бағдарлама оқыту үрдісінде интернет-технологияларды қолданатын шағын көлемді гуманитарлы колледждерге есептелінген. Жалпы, тиісті шығындарды ҰҒҚ бағытында грант алған колледждер арасында ақпараттық-бағдарламалық қызметті құруда кооперациялар есебінен азайтуға болады. «Мысалы, жаңа коммутаторды орнату жыл сайын жуық шамамен 68,5 мың доллар көлемінде қосымша шығынды қажет етеді. Интернет-2 қосылуда, сондай-ақ, қолданылатын ақпараттық-бағдарламалық құралдардың белгілі бір технологиялық стандартты қамтамасыз етуді қажет етеді, ал бұл қосымша ресуртар» .
  • колледждер мен жоғарғы оқу орындарының бірінші деңгейлі маркетингтік құралы WEB-сайттар болуы қажет. Олардың қызметтері – толық әрі нақты ақпарт беру және ақпаратты жылдам әрі оңай алу және түсіну үшін дизайнның болуы. Алайда, мұнда көптеген мәселелер кездеседі: ақпараттардың қателігі ескілігі, жоқ WEB-беттерін көрсету, қабылдау коммисия мүшелерінің электрондық пошта адрестерінің болмауы, байлансы пернелерінің бұзылуы. Жалпы оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану – объективтіүрдіс.»[11] Қашықтықтан оқыту: мәні, даму сатылары және тәжіриесі.

«Қашықтан оқытудың мәні туралы әртүрлі зерттеушілер.
Қашықтан оқыту (ҚО) деп оқу орындарының қабырғасынан тыс балалар мен ересектерді дәстүрлі емес оқытудың әр түрлі формаларын біріктіретін түсінікті айтады. Оған оқушы мен мұғалімнің уақыты мен кеңістігіндегі бөлу және тұлғааралық коммуникация мен «бетпе-бет» қатынасының әр түрлі байланыс және технология құралдары көмегімен персонсыздандырылған қатынас формасы мен ауыстырылу тән.

Бүгінде ол көптегн түрлі мемлекеттік және жеке оқу орындарын, жоғарғы оқу орындары мен колледждердегі сырт (дистанциялық) факультеттері мен экстернаттарға дейін, сонымен қатар фирмалар мен корпорациялардың дистанциялық кәсіби оқыту бөлімшелерін қамтыған.
Қашықтан оқытуда пайдаланатын техникалық құралдар да тым әр түрлі – бұл классикалық пошталық жіберу және радио және теледидарлық курстар немесе телекоференциялар және электрондық пошта және видеоконференциялар және интернет.
Ғылыми әдебиеттерде қашықтан оқытудың нақты бір анықтамасы жоқ. Қашықтан оқытудың жұмыс істеу тәжірибесін теориялық жалпылау әрекеті қолданылған алғашқы жұмыстар 20 ғ. 60-жылдарында пайда болды. Солардың бірі Германия зерттеушісі О.Петерстің білім беруді индустрализациялау теориясы болды. Оның ойынша, ҚО оқытудың жаңа формасы ретінде индустриялды кәсіпорын негізделген қағидалаға негіз келеді: оларға рационализациялау, еңбек бөлінісі (бағдарламалардың және курстардың авторлары мен студенттердің білімін бағалаушылар арасындағы), еңбекті механикаландыру, ауқымды өндіріс, алдын ала салынатын инвестициялар сияқты және т.б. белгілер ортақ. ҚО дәстүрлі жүйе қоғамның білімге деген қажеттілігін қанағаттандыра алмайтын жерде ұйымдастырылған. Екінші жағынан, ҚО-ң қатынасудың табиғи үрдісін бұзу сияқты кемшіліктері жоқ емес, ал персоналаралық қатынас жасанды мехпникалық субституттармен ауыстырылады.
ҚО үрдісінің аталған кемшіліктері оқытушы мен білім алушының мінез-құлқының өзгеруін туғызады, бұл дәстүрлі оқыту формалары мен әдістерін ҚО ерекшелігіне бейімделу сәселесін шешуді талап етеді.
«Жалпы алғанда, О.Петерс ҚО-ды батыс қоғамындағы білім беру құрылымдарын дамытудың соңғы сатысы ретінде және оқыту үрдісіндегі таңдаулылық, иерархия персоналды коммуникация және орын, уақыт, кеңістік бірлігі сияқты өзгеше белгілері бар жүйеден технологияға негізделген және персоналды коммуникация шеңберімен, демек орын және уақытпен байланысты емес демократиялық, ауқымды аудиторияларға ауысу ретінде қарастырылады»[12].
«Басқа Германиялық зерттеуші Р.М.Деллинг ҚО-дан техникалық байланыс құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын жасанды диалогты көреді. Негізгі рөлді ол сабақ беруге емес, студенттерді оқытуға береді. ҚО-ды, сондай-ақ таңдауды, дайындықты және оқушыға оқу материалдарын ұсынуды жүзеге асыратын, оған қолдау көрсететін, жеткілікті арақашықтықта материалдардың игерілуіне бақылау жүргізетін көмекші ұйым ретінде қарастырады. Сонымен қатар ҚО үлкендер үшін білім беру теориясы шеңберінен шығарады, себебі ол көмекші мәнге ие.
Американдық ғалым Ч.А.Ведемейер «тәуелсіз оқыту» теориясында                («тәуелсіз оқыту» деп кеңістік және уақыт түріндегі шектеулерді бұзатын білім беру формасын түсінген, яғни білім алушы тұрған жерде және оған ыңғайлы уақытта оқыту) келтіргендей, мұндай оқыту білім алушының қажеттіліктеріне сәйкес оқыту курстарын, форматын және әдістемесін таңдауға мүмкіндік береді. Осылайша, «тәуелсіз оқыту» жекешеленіп отыр.
Басқа американдақ зерттеуші М.Дж.Мурдың ойынша ҚО телеконференцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интерактивті жоғарғы технологиялық телекоммуникацияларды пайдаланатын жүйе болып табылады. Спутниктік, кабельдік және микротолқынды жүйелердің көмегімен барлық деңгейдегі (жергіліктіден халықаралыққа дейін) байланысты қамтамасыз ететін интерактивті компьютерлік желілірді, аудио, аудиографикалық және видеожелілерді пайдалану мұғалім мен оқушы арасындағы диалогты жеделдетті.
ҚО-ға қойылатын талаптар арасында төмендегілерді атауға болады:

  • білім алушының «жетекшілікке» деген қажеттілігімен емес, оқытушымен дидактикалық бағытталатын диалогпен ұсынылатын кері байланыстың қажеттілігі (Швед ғалымы Б.Холмберг);
  • оқу материалдарына қатысты: мазмұны жағынан нақты, қол жетерліктей болуы қажет; оны игеру бойынша анық ұсыныстарды қамтуы тиіс, материалдарды берудің диалогтік формасы және т.б.;
  • диалогы және оқушының жеке сұраныстарына сәйкес деңгейі бар бағдарламалар – бұл хат жазысу бойынша бүкіл оқыту жүйесі ; кері байланысының болмауына қарай, радио және телевизиялық бағдарламалар негізінде оқыту уақыты – ең қашық жатқандар үшін (М.Дж.Мур).
    Қалған дискуссияға қатысушылардың ҚО туралы ой- пікірлерінің оқуға болатындықын айта кетейік.

Оқу орындарының топтары бойынша ҚО сипаттамасы.Британданиялық зерттеуші Д.Киган ҚО-да жүзеге асыратын әртүрлі оқу орындарын 2 топқа бөлді: автономды оқу орындары және аралас түріндегі білім беру мекемелері.
— Бірінші топқа хат жазысу бойынша оқытуды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік және жеке мектептер мен колледждер жатады. Ондағы оқыту мектептік емтихандық талаптарға бағытталған; күндізгі бөлімде оқи алмайтын оқушыларға есептелінген.

Бұған кәсіби даярлау немесе орташа техникалық білім беретін колледждерде кіреді . Мұндай колледждерге Кембридждегі (Ұлыбритания) Ұлттық сырттай оқыту колледжі жатады: үйден оқыту бойынша ұлттық кеңеске біріккен барлық колледждер мен кәсіби даярлауды жүзеге асыратын оқу орындары (АҚШ).Бұларға ортақ нәрсе- оқушыларға баспа оқуды және дидактикалық материялдарды, ал қазіргі кезде аудио және видео кассеталарды жіберу жолымен оқушылармен хат жазысу бойынша іс-әрекет.
Бұл топқа сондай-ақ , барлық жистанциялық жоғарғы оқу орындары да жатады. Соңғылары Ұлыбритания Ашық университетінің 1969 жыл моделін қайталап отыр; бұл жоғарғы білімнің демократиялығын білдіреді, себебі оны бәрі ала – алады: жұмысшылар, мүгедектер мен сырқаттар, әскеи қызметкерлер, үй шаруашылығымен айналысатындар, тіпті қамауда отырған тұлғалар да.

Бұл, сонымен қатар, ҚО-ның дамуына жаңа кезеңіне айналады. «Шын мәнінде университет – басқа оқу материялдарын радио және телекурстарды, компьютердік ақпараттық технологиялармүмкіндіктерін және де жаздық мектептер барысында да студенттер мен оқытушы- кураторлар арасындағы жеке байланыстары бар байланыс құралдарын тарататын мультимедиалық оқу орны; аталған барлық мүмкіндіктер интегралдық ҚО жүйесіне біріктірілген. Мұндағы жетекші жоғарғы оқу орны – 170 елден 350 мың адамды қамтитын, бастапқы мектептік білімнен бастап, университеттік білімге дейін беретін француздық Ұлттық орталық».

90-шы жылдардың соңына қарай Британдық моделге сәйкес 25 ашық университет құрылды.
— Екінші топқа аралас оқу орындарына ҚО-мен айналысатын күндізгі жоғарғы оқу орындарының тәуелсіз бөлімшелері жатады. Дербес бөлімшелердің сипаттамасы: кураторлық университет оқытушыларымен жүзеге асырылатын ҚО курстары. Студенттерге баспа оқу құралдарынан басқа аудио және видео кассеталар, CD-дисктер ұсынылады. Қазір ҚО-ды ұйымдастыруда телекоммуникациялық технологиялар пайдаланылады.

Болашақта көптеген оқу орындары ҚО-ды ұйымдастыруы бойынша өз ресурстарын арнайы консорциумға біріктіруде, оған бірнеше университет немесе университет бөлімшелері, мемлекеттік агенттіктері, бизнес өкілдері, радио және телеөнімді өндірушілер мен мультимедиалық фирмалар, сондай-ақ ҚО жүйесін ұйымдастыру үшін провайдерлер кіреді.
Консорциум – бірнеше оқу орындарының бірлестігі немесе студенттерді дайындауда ынтымақтастық туралы келісім. Оның шеңберінде оқу орны консорциум көпшілігінің шешімін орындау міндетіне қарай, сонымен қатар ресурстарды ортақ пайдаланудың арқасында белгілі бір автономияны жоғалтады. Шешім студент оқитын жерге тиісті консорциумда немесе жеке оқу орнында. «Мысалдар: Ұлттық техникалық университет (АҚШ) 1995 жылы тыңдаушыларға инженерлік мамандықтар бойынша 1300 курс ұсына отырып, 47 университетті біріктірді. Ол өзінің дистанциялық жұмысында спутник байланысын» пайдаланады.[10] Дамушы елдерде Аргентина, Боливия, Бразилия, Чили және Парагвай университеттері бағдарламаларды одан әрі сапалы және арзан қылу мақсатында және де жаңа коммуникациялық мүмкіндіктерді кең пайдалана отырып, университет аралық телеоқыту «Кеприкон» бағдарламасын ұйымдастырды.
Ресейде қазіргі заман гуманитарлық университеті (СГУ) Ресей Федерациясының ондаған тұлғалары үшін спутниктік білім беру теледидар желісін ұйымдастырды. СГУ мен Кембридж университеттері арасындағы келісімшарт негізінде әлемдегі беделді осы университет профессорлары Ресейдің кейбір аймақтары үшін теледидарлық дәрістер оқиды. Алғашқы рет Ресей студенттері тұрғылықты жері мен жұмысы бойынша Еуропалық және ағылшын құқығы саласында дипломдалған мамандарына айналды. СГУ-да қолданылатын ҚО мен оқу үрдістерін ұйымдастыру формасын ТМД елдеріне қызығушылық тудырды. Қазіргі уақытта СГУ Ресей-Қазақ қазіргі заманғы гуманитарлық университетінің ұйымдастырушысы болып табылады.
в) ҚО және білім беру қызметі нарығының даму кезеңдері.
Пайда болуы сәтінен бастап ҚО технологиясы өзінің бірнеше даму кезеңінен өтті. Мәселен, А.П.Жименкова ҚО дамуының келесі кезеңдерін қарастырған.
I – кезең. Оқыту «бір педагог – бір немесе бірнеше оқушы» схемасы бойынша жүргізіледі. Байланыс құралдары кәдімгі пошта, телефон, компьютерлер болып табылады. Бұл формаға мамандардың шектелген саны қызмет көрсетеді. Оның компоненттерінің көп бөлігі автономды. Оқу құралдарын пайдалануда жүйелілік пен кешенділік жоқ.
II – кезең. «Педагог- көп оқушы» — схемасы бойынша оқыту кезінде таға да бір жақты байланыс болады, яғни кері байланыс жоқ. Мұнда видео және аудио кассеталар, компьютерлік бағдарламалар, видео әдістер және тағы сол сияқты кеңінен пайдаланылады.
III – кезең. 80 жылдардың басында белгіленген, интернет желісін кең қолданумен байланысты. «Көпшілік — көпшілікпен» — схемасы бойынша оқыту, білімдермен алмасу жүйесі болуы мүмкін. Ақпаратты «жеткізушілердің», сондай-ақ интернет желісін пайдаланушылар саны үнемі өсіп отыр (ХХ- ғасырдың соңына қарай – 100 млн. адам).
Және соңғысы, бүгінде сөз ҚО дамытудың 4-ші интеграцияланатын кезеңі жайлы болып отыр.»[13] Кезеңінің сипаттық белгілері ретінде кешенді виртуалды-тренингтік оқыту технологияларын және оған қоса жер шарының кез-келген нүктесіне кез-келген ақпаратты жылдам деткізу мақсатында қазіргі заман коммуникациялық жүйелерін (радио, телефон, компьютерлік желілер, спутноиктік және кабельдік өзара байланыс интеграциясын) нақты кешендік енгізуге негізделген барлық ҚО формаларын айтуға болады.
«ҚО-ды ұйымдастырудың қазіргі заман идеалары әлемдік және аймақтық технологияларды, сондай-ақ «бірыңғай виртуалды кампусты» құруға негізделеді. Бұған Ұлыбритания ашық университетінің байланыс жолдарына кіру сәйкес келеді, жаңа ақпараттық технологиялар, мәселен Азиялық ассоциацияға, Еуропалық ашық университеттер ассоциациясына және т.б. енгізілген.
ҚО иновациялық құралдарын енгізу білім беру қызметтерінің бәсеке нарығының құрылуына алып келеді. Оның міндеті шалғай жатқан аймақтар халқына жоғары сапалы білім алуға мүмкіндіктер құру, сондай-ақ ең сапалы дидактикалық өнімді таңдау құқығын жүзеге асыру болып табылады.
ТМД елдерінде ҚО жүйесін ары қарай дамыту үшін келесі бір қатар мәселелерді шешу қажет:

  • инновациялық технологияларды қаржыландыру мәселелері әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңа ақпараттық технологиялар өз қызметтерінің ақылы болуы есебінен өзін-өзі қаржыландыруға қабілетті;
  • алайда, жаңа технологияларға салынатын бастапқы капитал салымдары мен тәжірибелерді мемлекет жеңілдетілген салық салу жолымен және де басқа да шаралар арқылы қолдау қажет;
  • базалық білім беру орталықтан алыс жатқан аймақтарда ҚО идеаларын жоғарғы сапамен жүзеге асыруға қабілетті оқытушылық кадрларды дайындау. Мұндай ҚО-ның дидактикалық формалары «кеңістік» технологиядан бастап, спутниктік білім беру теледидарына дейін әр түрлі;
  • мемлекеттермен жақын шетелдердің жоғарғы және орта білім туралы дипломаттарды өзара мойындалуы бойынша күш жұмылдыру қажет; Оқу орындарын, дидактикалық және материялдық-техникалық ҚО қамтамасыз ету стандарттарын лицензиялау мен аккредициялау бойынша мемлекеттік білім беру органдары қызметінің үйлесімділігі және т.с.с.;
    Осы жерде – ТМД елдерінің жоғарғы оқу орындарының жаңа дистанциялық дидактикалық формалар мен алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды бірігіп енгізу, олардың аумақтарында оқыту тілдерінің мәселесін шешу және т.б.
  • білім беру жүйесі ешқандай шектеусіз, ТМД елдерінің әрбір тұрғынына қол жететіндей әрі жоғары тиімді болуы тиіс. Бұл дистанциялық, соның ішінде виртуалдық, компьютерлік, ақпараттық және өзге қазіргі заман коммуникациялық технологияларды пайдалану жолымен бүкіл халыққа үздіксіз білім беру мен тәрбиелеу үрдісі болуы тиіс.
    г)ҚО технологияларының түрлері:

Американдық 2 және 4 жылдық колледждердегі дистанциялық оқытуды талдау келесі заңдылықтарды шығарды, бұларды Қазақстан Республикасындағы білім беруді әрі қарай дамытуда ескеру қажет болады:

ҚО мектептен кейінгі білім берудің ең таралған формасына айналып отыр;

  • ҚО-ң әр түрлі курстарында білім алушылардың саны өсуде. «Мысалы, 1997-1998 оқу жылы ішінде оларға 50 мың курс ұсынылды;
  • олардың тақырыптық құрылымы ағылшын тілін, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарды (оқу орындарының 70%-ы), сондай-ақ бизнес және басқару негіздерін (оқу орындарының 55%-ы) оқудың басымдылығы мен сипатталды;
  • оқу орындарының көпшілігі курстардың аяқталуымен дәреже берді (1230 курс бағдарламалары) немес сертификаттар берді (340 курс бағдарламалары).»
  • ҚО-да, әдетте технологиялардың келесі 4 тобы пайдаланылды:
    1) видеотехнологиялар: екі жақты аудиомен бірге екі жақты видео, екі жақты аудиомен бірге бір жақты видео, бір жақты (эфирге тікелей берілетін) видео, алдын-ала жасалған видео жазбалар негізіндегі бір жақты видео (соның ішінде студенттерге ұсынылатын видеопленкаға алдын-ала жазбалар, телетрансляция және кабельдік теледидар арқылы берілетін алдын-ала жасалған видео жазбалар);
    2) аудиотехнологиялар: екі жақты аудио трансляциялар (аудио-видео-конференциялар) және бір жақты аудио трансляциялар (радио хабар мен студенттерге ұсынылатын алдын-ала жазылатын аудио пленкалар).

          3) интернет технологиялары: компьютер арқылы синхрондық оқыту (интерактивті чадтар немесе видео конференциялар көмегімен online режимінде) және компьютер арқылы асинхрондық оқыту (электрондық пошта және т.б. көмегімен).

 4) «басқа технологиялар: CD-ROM, аралас бағдарламалар пакеті және кеңейтілетін жүйелер.
Колледждердің технологиялары қолданудағы айырмашылық оларға кететін шығындар деңгейі, студенттердің саны, оқыту курсының ерекшелігі сияқты көрсеткіштермен байланысты. Мәселен, екі жақты интерактивті видео негізінде ҚО-ды, негізінен мемлекеттік (80%-ға дейінгі оқу орындары), жеке (оқу орындарының 29%-ы) оқу орындары жүзеге асырады»[14].Интернет–технологияларды оқу орындарының барлығы дерлік қолданылады, колледждер негізінен, видео және интернет-технологияларының бірнеше түрін ғана пайдаланады. «Қашықтан оқыту дәуірі бірінші байланыс спутниктерін ұшырумен сәйкес келеді (60 ж.). Сол кезде теледидар қабылдағыштарын, негізінен оқытушыдан студентке оқу бағдарламаларын жеткізіп тұрды. 90-шы жылдары орташа табысы бар отбасыларға персоналды компьютерлер келді. Бұл ҚО-ның жалпы сипаттамасы келесіні қамтиды:

  • ҚО-ның қолдану шектері оның жоспарлануымен анықталады;
  • ҚО сапасын тиісті инвестициялар мен ақпараттық құрал жабдық, оқытушылық және әкімшілік құрам анықтайды;
  • ажыратылмас элементі тиімді электрондық құрал-жабдық болып табылады;
  • теориялық тұрғыдан ол арзандай түсуі тиіс, бірақ оның технологиялық жетілдіруіне, үрдісіне инвестициялар салу қажеттігі түрінде кедергі тұр;
  • ҚО бағасы-донор елі мен реципиент арасында жаңа ғаламдық стратегияны жүзеге асыру ісінде де маңызды фактор, сондықтан дамушы елдердегі студенттер санының шетелдерде де және өз елдерінде артуы үшін жаңа қосымша механизмдерді құру қажет;

ҚО сапасын бақылаудың өзекті мәселесі: оқуды бітірген соң студенттің кім болатынын анықтау – ірі ауқымды операциялары бар бизнес жетекшісі, пайдалы менеджер, зерттеуші немесе керек бола ма. Әзірге сол бір бағдарлама барлық студенттер үшін пайдаланылады.»[15]

Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы жайында қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер, жалпы оқу ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында кеңінен пікір-таластар ұйымдастырылып, ғылыми-теориялық болжамдар көптеп айтылуда. «Білім беруді Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі тиіс. Бұл ретте еліміздің блім беру жүйесінің реформаланып, заман талабына сай өзгеруі-заңды құбылыс. Өйткені халыққа білім беру, ешуақытта қоғамдағы жағдайдан, мемлекеттің саясатынан тыс дамыған, қайта жаңа қоғам құрып, мемлекетті дамытуда білім берудің орны ерекшеленіп, оған жақсы мән беріліп отырған. «Білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер енгізу-қоғам өміріндегі аса маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі кезеңде республикада іске асырылып жатқан білім реформасы оның ұйымдық-экономикалық компонеттерін түбегейлі өзгертуге бағытталған.»[16]

 ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақта жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін карлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлеме танылуға тиіс. Олар мұны істеуге міндетті.

Біз әрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек. Білім мен ғылымның түйінді тұстарын жүйелі де оңды шешудің кілті-ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарын ортақ мақсатқа жұмылдырып, кешенді істермен айналысу, іргелі ізденістерді қатар атқару, оны ұлттық мүддеге бағыттау, басымдық сипаттар берудің қажеттілігі айқын аңғарылады. Осының негізінде оқыту ісін, яғни жоғары білім мен біліктілік, тәжірибені іргелі ғылым мен ұштастырып, отандық өндіріске бағыттау, түпкі нәтижеге бет бұру, оның халыққа қызмет етуін қамтамасыз етудің маңызы зор.

Еліміздің білім жүйесін ілгерілету бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық, ұмтылыстардан туған. «Бұл бағытта, әрине, көп сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық көзқарастың әрқилылығына қарамастан, өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай оң өзгерістер халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.»[16]

Қазақстан жоғары оқу орындарын жеке меншікке көшіру үшін өзге принциптерді таңдады. «Тікелей бюджеттік қаржыландырудан көпшілік жоғары оқу орындарын шығарып тастауды ұйғарды. Бірінші кезекте нарыққа (рынокқа) өзгелеріне қарағанда молырақ бейіделген оқу орындары болуы тиіс еді. Бірақ «ұлттық» мәртебесін алған жоғары оқу орындары (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақтың мемлекеттік аграрлық университеті), сондай-ақ педагогикалық оқу орындары мен мәдениет және өнер жоғары оқу орындары жекешелендіруге жатпады.

Жоғары мектепті жекешелендіру үдерісі 2001 жылы басталды. Мемлекет иелігінен шығарылған алғашқы жоғары оқу орындары Алматы технологиялық университеті мен Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы болды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мектепке дейінгі білімді, 5-6 жастағы балалардың міндетті мектепке дейінгі дайындығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр және ҚР-ның «білім туралы» заңында 6 жастағы балаларды міндетті және тегін мектепке дейінгі дайындаудың нормалары бекітілген. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты мектепке дейінгі тәрбие және білім берудің міндеттілігі арқылы әр баланың білімді игерудегі старттық мүмкіндіктерін теңестіру.

Қоғамдық игілік ретінде білім беру қызметін өндіруге және тұтынуға ақпарат ассиметриясымен қатар, ақпараттың жеткіліксіздігі әсер етеді. Индивидуалды тұтынушы ақпараттың аздығына, оның кешігуіне, сондай-ақ, алыс болашақтағы еңбек рыногындағы жағдайды толық болжау мүмкіндігіне байланысты білім беру қызметінен күтілетін жеке тиімділікті дұрыс бағалай алмайды. Мұның өзі потенциалды өндірушілермен тұтынушыларда тиімсіздікті тудырады. Ақпараттың жеткіліксіздігі білім беру қызметін жеке қаржыландырудың жеткіліксіздігіне, рыноктың тарылуына әкеледі.

Білім беру қызметін ұдайы өндіруді «білімнің орта деңгейін» сақтау тұрғысында білім беруге бағытталған мемлекеттік шығыстардың ЖІӨ-дегі үлесі, жиынтық мемлекеттік шығыстардағы білім беруге бөлінген қаржы үлесі, бір оқушыға жұмсалған шығындар, сәйкес жастағы білім деңгейімен қамту көрсеткіші, халық санына қатысты мамандар саны, білім деңгейлері бойынша халық саны сияқты т.б. макро көрсеткіштермен сипаттауға болады.»[17]

Білім беру дамуында оқушылар саны және оқу мерзімі өсу қарқындарының сәйкес жастағы халық санының өсу қарқындарына қарағанда басымдылығымен сипатталатын жай ұлғаюын және ғылым, техника, мәдениеттің даму дәрежесіне сәйкес оқыту формалары мен әдістерін жетілдіру, тиімділікті арттыру арқылы терең дамуын ажыратуға болады. Қазіргі уақытта білім беру саласының дамуында аталған екі процестің ұштасуы байқалады.

«Білім беру қызметін ұдайы өндіру- жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бірлігі. Білім беру қызметін жай, ұдайы өндіруді, біз, индивидке кәсіби және «экстрафункционалды» біліктілікті игеруге мүмкіндік беретін білім беру қызметін ұдайы өндіру ретінде түсінеміз.

Білім беру қызметін ұлғаймалы ұдайы өндіру процесінде алынған білім деңгейінің үнемі өзгеруіндегі әлеуметтік және өндірістік жағдайларға бейімделуі, жетілдірілуі жүзеге асады. Осыған байланысты, білім беру құрылымында екі жүйені ажыратуға болады:

  • жалпы орта және кәсіптік білім беру;
  • қосымша білім беру.

Білім жүйесіндегі үш деңгейлі, яғни, бакалаврлық, магистрлік және докторлық оқу бағдарламаларын өзара байланысты, әрі тиімді ұйымдастырғанда ғана жүйелілік сақталып, түпкілікті нәтижеге жетуге болады.

Білім беру ісінде кредиттік жүйе күн тәртібіне батыл қойылып, бұл бағыттағы ізденіс, оқу ісі басталып та кетті. Кредиттік жүйе Еуропа елдерінде қалыптасқан. Бұл жүйе бойынша білімгерге мол мүмкіндіктер беріледі. әсіресе, оның өз бетінше білім алуына, ізденістер жасауына, қабілеттерін айқындауға кең жол ашылады.»[18]

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді. Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының саны шектеліп, олардың сапасын арттыру мақсатында Білім және Ғылым министрлігі бірнеше жыл бұрын қатаң тексеріс жүргізді.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-64

Сурет1. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің көрсеткіштері (пайызбен %)

Ескерту- мәліметтер Қазақстан республикасының  статистика жөніндегі коммитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz.

Бүгінгі күні ЖОО және білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингі біздің күнделікті өмірімізге толық енді.

Оқу жоспарындағы пәнді таңдауына, оқытушыдан нақтылы бағыт, кеңес алуына да еркіндігі бар. Қысқасы, кредиттік жүйе ұстаз бен студент арасындағы қарым-қатынасты бекіте түседі, уақытты тиімді пайдалануға, іргелі ізденістер жасауға мол мүмкіндіктер береді. Алайда, кәделі іс, маңызды мәсіленің көтерілгеніне едәуір уақыт өтсе де осы төңіректе кең көлемде өріс алған бұқаралық сипат сезіле бермейді.

 «Үкімет демалыс кездерінде студенттерге тұрғын үйлер тұрғызатын құрылыс отрядында жұмыс беру, елімізді көгалдандырудың «Жасыл ел» бағдарламасын өрістетіп, бұл игілікті істерге студенттерді қатыстыру мәселесін нақтылы қарауы керек. өзіміз зәру болып жүрген әрі кадрларды сырттан шақыруға мәжбүр етіп отырған техикалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту керек деп-айтқан болатын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев.»[18]

Білім саласы бір салада қалмауы керек. Әрқашанда, өмірдің талабына сай өзгеріп отыруы қажет.

Жоғары оқу орындарында (университеттерде, академияларда, институттарда) қызмет ететін әлеуметтік кәсіби топтарға мыналар жатады: оқытушылар, яғни профессор-оқытушылар құрамы, оқу процесін басқару қызметіндегі мамандар тобы (декандар, олардың көмекшілері, институттардың директорлары, олардың аппараты, ректор). Оқу орындарының басшысы ректор және айтылған топтар университеттердің әлеуметтік-кәсіби құрамына кіреді. Жалпы жоғары оқу орнына қатынасы бар кәсіби топтар біраз бар. Олардың бәрін жоғары оқу орнын құрайтын субъектілер деп атаймыз. Ал осы субъектілердің ішінде ең бастысы екеу: студент және оқытушы. Студент болмаса, оқытушы болмайды, оқытушы болмаса, студент болмайды. Қысқаша айтқанда, мұғалім және шәкірт, оқытушы және оқушы. Ежелден осылай келе жатқан үрдіс. Мүмкін, бір кездерде оқытушы, яғни студент оқытушымен тікелей дидарласпай, кездеспей, техника арқылы, дистанциональдық әдіспен, интернет т.б. құралдармен өздігінен оқып білім алатын шығар. Бірақ дәл қазіргі кезеңдерде студенттер оқытушыларсыз білім де, мамандық та ала алмайды. Біз назарымызды осы субъектілерінің әлеуметтік жағдайларына, олардың әлеуметтік топ ретінде статусы мен функцияларына, қоғамдағы орнына, әлеуметтік өміріне аударайық.

«Жоғары оқу орнында жұмыс жасайтын оқытушылардың өзіндік құрамы бар. Ол құрамды нерорхиялық құрам деуге де болады. Әрине, барлық оқытушылардың атқаратын жұмысы, функциясы біреу: ол-студенттерге әлеуметтік тәрбие беру, қысқаша айтқанда, студенттерге жоғары білім беріп, оларды маман етіп шығару. Ол барлық оқытушылардың басты міндеті, мақсаты. Ал дәреже жағына келгенде, егерде оны статус ретінде қарастырсақ, жоғары оқу орнының оқытушылары бірыңғай емес. Оқытушылық қызметтің дәрежелері, сатылары: ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі. Жоғары оқу орнының оқытушылары кафедраларда жұмыс істейді. Айтылған атақтарды кафедра ұсынады, одан кейін университеттің басқару орындары бікітеді. Осы айтылған дәреже иелерінің жалақыларының айырмашылықтары бар. Мысал, ассистенттен аға оқытушы, аға оқытушыдан доцент, доценттен профессор жалақыны көбірек алады. Осындай оқытушылық орындарға барып, конкурс арқылы жұмысқа қабылданады. Ал қазіргі кездерде көпшілік жоғары оқу орындарында қызметке алушы (ректор) жақ пен жалданушы жақтың арасында шарт жасалып, сол шарт бойынша оқытушылар қызмет етеді. Шарттың мерзімі бір жыл немесе одан көбірек болуы мүмкін

 Айтылған оқытушылық қызмет дәрежесі жай берілмейді, ол ғылыми дәрежеге байланысты. Ғылыми дәреже әзірше екеу: ғылым кандидаты және ғылым докторы; енді ғылым кандидаты деген дәреже болмайды, оның орнына философия докторы деген атақ беріледі. 2003 жылы Италияның Болония қаласында өткен конференцияда жоғары оқу орындарын орталық стандартқа бейімдеу мәселесі қаралып, Конвенция жасалынды. Осы Конвенцияға Қазақстан да қол қойған» [19]. Қазірде ғылым кандидаты деген атағы бар оқытушылардың басым көпшілігі аға оқытушы, доцент боп істейді. Ал кейбіреулері көптеген жылдық тәжірибесі арқылы профессорлық қызметті атқарады және соған байланысты жалақы алады. Профессор деген оқытушы, бір жағынан, педагогикалық штаттық қызмет орны; екінші жағынан, ғалым лауазымы, атақ. «Қазіргі тәртіп бойынша, кафедраның профессоры деген орынды, штаттық қызметті жоғары оқу орнының өзі береді де, ал профессор лауазымын министрліктің жанындағы жоғары аттестациялау комитеті (ЖАК) береді. ЖАК, ереже бойынша, ғылым дәрежесі және педагогикалық тәжірибесі бар ғалым-оқытушыларға профессорлық аттестат береді. Ал жоғары оқу орындары кейбір кандидаттарға да профессор атағын, профессорлық аттестатты өздері басылымдардан шығарып, ғылым кандидаты дәрежесі бар оқытушыларына тапсырып та жатыр. Сондықтан болар, Қазақстанда профессор атағы бар оқытушылардың саны көбейіп кетті. Ал Кеңес Одағы кезінде мұндай жоғары ғылыми лауазымды атақты тек қана ғылым докторы деген оқытушылар алатын. Олардың бәрі бірдей ондай атаққа ие бола алмайтын. Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та, т.б. елдерде жоғары оқу орындары ғылыми дәрежені, ғылыми атақты өздері береді. Ол елдерде жоғары аттестациялық комитет деген жоқ. Бірақ та осындай ғылыми дәреже алу, профессор деген атаққа ие болу олардың университетінде оңай іс емес. әрине, біз жоғары оқу оқу орындары доцент, профессор деген оқытушылық-ғылыми атақты беруіне қарсы емеспіз.»[20] Профессор деген атақты ғылым докторы деген ғылыми дәрежесі бар, оқытушылық тәжірибесі өте мол, методикалық еңбектері бар адамдардың алғаны дұрыс болар деп есептейміз

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамының сапасының негізгі критериясы ғылыми дәреже мен ғылыми-педагогикалық атақтарға байланысты. Егер де қарастырылып отырған оқу орнына ғылым кандидаттары мен ғылым докторларының саны көбірек болса, ол орнын жоғары категориялы болып саналады. «Біздің республикада осы критерия жағынан едәуір мықты оқу орындары бар, мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. Осы Университетте қазіргі кезеңде 1600-ге жуық оқытушы қызмет етеді. Оның 800 ғылым кандидаты, 300 ғылым докторы, профессорлар, олардың ішінде ұлттық академияның мүшелері 10 және қоғамдық академиялардың мүшелері бар. Университетте 15 факультет, 70-ке жуық кафедралар жұмыс істейді, 7 ғылыми зеттеу институттары және көптеген лабораториялар бар. Диссертациялық кеңестердің саны 16. Университет 120 мамандық бойынша (оның ішінде 29 магистратура) оқыту процесін жүргізеді» [21].

«2003 жылдың соңында Республика бойынша жоғары оқу орындарында жұмыс істеп жүрген оқытушылардың жалпы саны 45,3 мыңғы жеткен, оның ішінде ғылым кандидаттары, доуенттер-14,1 мың, ғылым докторы, профессорлар-3,05 мың.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарында-34,5 мың оқытушы оның ішінде ғылым докторы, профессор-2323, ғылым кандидаты, доценттер-10,8 мың. Ал мемлекеттік емес, коммерциялық оқу орындарында-10,8 мың оқытушы, оның ішінде ғылым докторы, профессорлар-733, сондай-ақ 3267 ғылым кандидаты, доценттер дәріс береді.

Сонымен жоғары оқу орындарында оқытушылардың 34 пайызының ғылыми дәрежесі, не атағы бар. Бірақ та жартысынан көбінің әлі де ғылыми атағы жоқ, қатардағы оқытушылар. Жаңа реформаға сәйкес ғылыми атақтар мәселесіне кейбір жаңалықтар енуде. Мысалы, ғылым кандидатын енді философия докторы деп атап, ол одан кейін ғылым докторы деген атаққа қалуы мүмкін. Енді біз жоғары оқу орындарындағы оқытушылар құрамын нақтылы оқу орындарына байланысты қарауымызға болады. Мысалы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ғылыми атағы бар оқытушылардың сыбағалы салмағы-83 пайыз, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде-71 пайыз, Қ.Сатпаев атындағы Ұлттық техникалық университетінде-65 пайыз, Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде-43 пайыз. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде-49.

Осы көрсеткіштерге қарасақ, бұл критерия жағынан Қазақстанның жоғары оқу орындарының бір-бірінен айырмашылығы өте елеулі. Әсіресе, облыстардың орталығында орналасқан кейбір мемлекеттік оқу орындарының оқытушылар құрамы қазіргі заманның талаптарына сәйкес келіңкіремейді. Оқытушылардың көпшілігінің ғылыми дәрежелері және ғылыми атақтары жоқ деуге болады. Қазақстанның мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқытушылардың тек қана 45-50 пайызының ғылыми атақтары, не дәрежелері бар.

Оқытушы, әсіресе жоғары мектептің оқытушысы, ғылыми жұмыспен айналысуы міндетті. Ғылыми жұмыспен айналыспаған оқытушының лекциялары үстіртін болады, бірақ та сол тақырыпта бірнеше рет лекция оқығандықтан, ол өз лекциясын жақсы біледі, қағазға қарамай сөйлей береді. Мұндай лекцияның мазмұны терең болмайды, неге десеңіз, оқытушы жаттап алады да, жаңа әдебиеттерді оқымайды, ғылыми жаңалықтарды қоса алмайды. Жоғары оқу орнының барлық оқытушылары ғылыммен, ғылыми жұмыспен айналысуы қажет. Деректерге сүйенсек, Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде оқытушылардың 21 пайызы ғана ғылыми жұмыспен айналысады, тіпті кейбір кафедраларда жиырма ұстаздың екеуі (ағылшын, филология кафедрасы, т.б.) ғылыми жұмыспен айналысады.

Ал, Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде 34 пайызға жуық оқытушы ғылыми жұмыспен айналысады. Ғылыми жұмыспен айналыса алмаудың басты себебі деп педагогикалық жұмыстың (сабақ беру, аудиториялық жұмыс) көптігін, ғылыми жұмыспен айналысуға уақыттық өте аз қалатындығын айтады.

Сондай-ақ, Қазақстандағы әрбір аймақтағы жоғары оқу орындарының санын және әрбір аймақтағы жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің 2000-2004 жылғы сандары жайлы 3-4 қосымша кестелерден қарауларыңызға болады.

Осы жоғары оқу орындарының құрамында 41 мың профессор-оқытушылар, 2520 доктор және 11610 ғылым кандидат жұмыс істейді.

Жоғары кәсіпті мамандар даярлау мақсатымен жастарды жаңа үлгідегі білім беруге дағдыландыру үшін конкурс түрінде мемлекеттік тестілеуден өткізіп, мемлекеттік грантар тағайындайды.

Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау барысында студенттерді жан-жақты дамыту үшін әлемдік бакалавр-магистрлік үлгілерде оқытылады.  Сондай-ақ, 19 мың ҚР азаматтары 35 елдің жоғары оқу орындарында білім алуда. Оның ішінде, 16,4 мыңы-Ресейдің жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып жатса, ал ҚР Президенттің «Болашақ» бағдарламасына сәйкес 800 адам халықаралық стипендияға ие болып отыр. Сонымен қатар, 8690 шетел азаматтары республикамыздың жоғары оқу орындарында білім алып жатыр.» [22]

Виртуалдық оқыту. Әлемде компьютерлік технологияларды пайдалану (соның ішінде интернетті де) негізінде виртуалдық оқыту виртуальды оқыту барған сайын кең қолданылуда. Бұған дәлел: On-line режимінде бірнеше курстары бар жоғарғы оқу орындары санының артуы , физикалық компуссыз ғаламдық нарығы құрылуда, виртуальды оқытудың ғаламдық нарығы құрылуда6 мұнда маңызды рөл коммерциялық білім беру құрылымдары, телекоммуникациялық және мультимедиялық компаниялар атқарады және т.с.с. «Мысал ретінде 17 мың студенттері мен аспиранттары бар университет базасында виртуалды «халықаралық кибер университеті» құрылуын келтірейік. Ол онлайндық курстарды әлемнің әр түрлі елдеріндегі басқа жоғарғы оқу орындарына жеткізіп отырады, әзірге бұл курстар 30 жоғарғы оқу орындарында ұсынылып отыр»[23].

Төменде виртуалды оқытудың жедел дамуының негізгі себептерін атап өтейік:

  • «Жоғарғы білімге ғаламдық сұраныс шексіз, планета халқының 40%-ын 20 жасқа дейінгі жастар құрап тұрғанда, демографиялық жағдаймен байланысты. Сондықтан дәстүрлі оқу орындарымен және дәстүрлі әдістермен қатар компьютерлік технологиялар базасында дистанциялық оқыту, on-line режимінде оқыту қарқынды дамуда, осы түрдегі қызметке маманданған жаңа құрылымдар пайда болуда.
  • Виртуалды оқытуға деген сұраныс дамушы елдерде жоғары. Ұлыбритания(6млн доллар) мен еуропа елдері (7 млн доллар) де еушілік көрсеткен, Африкалық виртуалды университеті құрылды. 2000 жылдың ақпан айында ол 14 елде 25 орталығы 12 мыңнан астамстуденттері бар Тәуелсіз коммерциялық емес институтқа өзгерді. Дистанциялық оқу курстарын онда АҚШ-тан және өзге де дамыған елдерден келетін профессорлар жүргізеді. Мақсат – білім беру саласында Африка елдерін дамыған елдерден артта қалуын азайту».
  • Ересектерді оқытуға , өмір бойы оқуға сұраныс өсіп отыр. Өйткені қазір білім жылдам құнсыздануда. Мұнда да онлайндық оқыту үздіксіз оқыту үрдісінде басты рөл атқаратын болады.
  • Персоналды дайындау бағдарламалары бойынша корпорацияларда онлайндық оқытуға сұраныс артып отыр. «Мәселен, 1999 жылы АҚШ-та корпорацияларда оқытудың 20%-ы электрондық форматта жүзеге асырылды, ал 2003 жылы көрсеткіш 2 есе артады.
  • Корпорацияларда онлайндық оқытуға сұраныстың өсуіне 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы да ықпалын тигізді, себебі көптеген адамдар авиаұшудан қауіптенеді.
  • Жоғарғы оқу орындарындағы онлайндық бағдарламаларды пайдаланушылардың арасында үкіметтік ведомстволар да бар. Мәселен, АҚШ қорғаныс министрлігі интернетте eArmyU порталын ұйымдастырды. Ол арқылы әскери қызметкерлер 23 университет және колледждер ұйымдастырған 90 шақты дәреже алу бағдарламаларына кіре алды. 2002 жылы бұл бағдарламалар бойынша 12 мыңнан астам адам, ал 2005 жылы 80 мың адам оқыды. 5 жылдың ішінде АҚШ қорғаныс министрлігінің онлайндық бағдарламаларға жұмсайтын шығындары 453 млн. долларды құрайды».

 Оқу орындары, ірі медиакомпаниялар пайда алуға ұмтылып отыр, өйткені виртуалдық оқыту қазіргі уақытта бизнестің өте преспективті бағыты ретінде қарастырылды. Жоғарғы оқу орындары жеткіліксіз мемлекеттік қаржыландыру жағдайында қосымша табыс алуға қамтылады және т.с.с. Дәстүрлі және виртуалды оқытудың қатынасы туралы мәселе қызықтырады.
«Оқытуға жұмсалатын шығындар тұрғысынан. Оқу бөлмелерін тиімді пайдалану кезінде интернет – технологияларын қолдана тырып дистанциялык оқытуды ұйымдастыру студенттер санын 1/3-не дейін арттырады, ал бұл оқытуға кететін үлестік шығындардын азаюына әкеледі. Жалпы, жоғарғы оқу орындарынды онлайндық курс шығындары дәстүрлі оқытумен салыстырғанда 20%-ға төмен. Себебі дәстүрлі оқыту физикалық инфрақұрылымды қолдауға шығындарды қажет етеді. Корпорациялар үшін On-line режимінде оқытуға жұмаслатын алғашқы шығындар өте үлкен, нәтижесінде қала сыртындағы оқу орталығында оқытумен салыстырғанда бір жұмысшыға 100 долларды құрау мүмкін.»[24] Онлайндық оқытуға жұмсалатын шығындардын тиімділігін жоғарлату үшін университеттер студенттердің үлкен көлемін тарту керек.
Даму преспетивасы тұрғысынан:

  • Дәстүрлі жоғарғы оқу орындары онлайндық оқыту үшін нашар жабдықталған олардың маркетинг және онлайындақ білім беру қызметтерін ұсыну саласында тәжірибелері жоқ. Сондықтан олар ірі мультимедиялық компаниялардың пайдасына виртуалды оқыту сферасында үстем орынды иеленуге умытылмау керек.
  • Дәстүрлі жоғарғы оқу орындары үшін жоғарғы білім берудің негізгі белгісі оқыту мен ғылыми зерттеулер арасындағы, жалпы білім беру мен кәсіби даярлау арасындағы тығыз байланы болып табылады. Электронды білім беру дамыту жоғарғы білім берудің әр түрлі бөліктерінің байланысын үзуі мүмкін.
  • Болашақта виртуалдық оқыту ең алдымен ересек жұмыс істеуші халықтың қайта даярлығы мен біліктілігін жоғарылатуды ең жақсы түрде қамтамасыз етеді. Ол өз бетінше оқуды қалайтындар үшін ерекше маңызды болуы мүмкін. Батыс эксперттерінің пікірінше, оқу кезінде студенттер тұрақты түрде тұратын кампустар жойылады. Әзірше, жоғарғы білім алу үшін On-line режимінде оқитындар саны дәстүрлі әдіс бойынша оқитындармен салыстырғанда көп емес.»[25] Сондықтан онлайндық оқыту «бетпе-бет» дәстүрлі оқытуға қосымша болады.

                                                    Қорытынды

Елімізде білім саласында ең алдымен қолға алғанымыз-ол заң саласы. Мәселен, білім туралы, жоғары білім туралы заңдар өмірге келді. Заңдарға сай бағдарламалар, тұжырымдамалар жасалынды. Осыларға сәйкес білім реформалары жүзеге асырылып жатыр.

Экономикалық реформалардың тез жүзеге асуы арқасында еліміздің дамуы аса жылдам қарқын алуда. Әлемдік білім кеңістігінде өз үнің болу үшін бүгін де тағы ірі өзгерістерді қажет етудеміз. Онда білім саласының 2015 жылға дейінгі мәселесі қамтылған.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын белгілеген Елбасы Жолдауында осы заманғы білім беруді дамыту жүйесіне зор маңыз берілген. Онда барлық деңгейлерде жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары, білім беру процесінің құрылымы мен мазмұны жетілдіріледі және үйлестіріледі, сондай-ақ, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылады.

Өмір мұраты мен уақыт талабына, кезең шындықтарына тура көзбен ден қойсақ, еліміздегі білім-ғылым жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік-байланыста интеграциялаудың қажеттілігі күн өткен сайын айқын аңғарылып келеді. Бұдан, әрине, жаһандану үдерісі, дамыған елдердің үздік үлгісі, ықпалы сезілмейді деуге болмайды. Оны да ескеріп, бақылап-зерделеп, содан кейінгі тұстарда ұлттық ерекшеліктерімізге сай ұтымды, тиімді жақтарды өмірге, тәжірибеге батыл енгізуге болады. Мұның біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға, ғылымды нақтылы бағыттар төңірегінде дамытуға септігі тиері сөзсіз.

Осы реттен келгенде орта және жоғары мектеп жүйесін белгілі бір бағытқа бұрып, оқу-ғылым ісін ортақ мақсаттар төңірегінде топтап, қатар дамыту-іргелі ізденістерге, нәтижелі істерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл іс өз деңгейінде дамып, оңды нәтижесін беріп тұр деп толық айта алмаймыз.

 ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз  әрі алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті-әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал жетекші оқу орындарының дипломдары күллі әлемге танылуға тиіс. Ол үшін берілген бағдарламаларды толықтай орындауға жағдайлар жасау қажет.

Қазіргі уақытқа қарай қалыптасқан қазақстандық ұлттық білім жүйесі жүйелі сипат алған реформалардың нәтижесі болып табылады. Бұл орайда мемлекеттік тәуелсіздік алған Қазақстандағы білім реформаларының себептері экономикалық және саяси өзгерістердің алғышарттарынан мүлде бөлек.

Еліміздің білім жүйесін ілгерілету бағытында әр алуан ізденіс, көзқарастардың бары анық. Кейінгі жылдардағы осы бағыттағы реформалардың да түпкі мақсаты білім кеңістігіне қозғау салып, келешек көкжиегіне құштарлық, ұмтылыстардан туған. Бұл бағытта, әрине, көп сатылы оқу жүйесі (бакалавриат, магистратура, докторантура), тест тәсілі, кредиттік саланың да қоғамдық көзқарастың әрқилылығына қарамастан, өмірге батыл енуі-уақыт алға тартқан өмір шындықтарының бірі. Білім беру жүйесіндегі мұндай оң өзгерістер халықаралық стандарттарға, жаңа технологияларды батыл енгізуге мол мүмкіндіктер береді.

Халықтың жаппай сауаттылығы орта білімнің жалпыға бірдейлігі мен жоғары білім алу мүмкіндігінің жоғары деңгейі, барлық сатылардағы тегін оқу, білім беру бағдарламаларының ғылыми сипаты мен тереңдігі, ғылыми-зерттеу бағыттарының жан-жақтылығы, кез келген халықаралық өлшем бойынша білім мен ғылымдағы орасан үлкен кадрлық әлеует (потенциал) кеңістік кезеңдегі даусыз тарихи жетістіктер болып табылады. Оқу орындарының желісін жетілдіру үрдісі олардың құрылымдарын жақсартумен қатар жүгізіліп отыр. барлық жоғары орындарында кафедралар мен факультеттерге ірілендіру жүргізіліп, артық құрылымдық бөлімшелер таратылды.

Жоғары кәсіби білім берудің бәсекеге қабілеттілігін және оны интернационализациялауды арттыру үшін білім беру қызметтерінің сапасын кезең-кезеңімен арттыру, «еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі» және «жоғары оқу орны мен мамандық мәртебесіне байланысты гранттың құнын сараландыру» қағидаттары негізінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру, мемлекеттік-жекеше білім беруге кредит беру жүйесін одан әрі жетілдіру; жетекші шетелдік оқу орындарымен әріптестікті  дамыту; техникалық білім беруді дамыту жөніндегі күш жігерді шоғырландыра отырып, жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру жөніндегі шаралар жүзеге асырылады. Жоғары білім беру саласында техникалық білім беруді дамытуға ерекше назар аудара отырып, жоғары оқу орындары желісінде оңтайландыру жүргізуге тиіс. Біз әрбір Қазақстандықтың жоғары білім алуына нақтылы мүмкіндікке кепілдік беруіміз керек.

Қолданған әдебиеттердің тізімі

  1. Асылжанұлы Б. Білім берудің жаңа көкжиегі: Жоғарғы оқу орындары жүйесін оңтайландыру, диферсификациялау. Ана тілі – 2014-9 наурыз(№70)-3б.
  2. Алиева Н., Ә.Құрманбекова. Білім берудегі кредиттік технология жүйесі бойынша оқытудың маңызы. Білім//Образование 2010 -№2 44-45б.
  3. Ахметов М. Білім беру жүйесіне ұлттық стандарт керек. Қазақстан дәрігері – 2012 — №1/2 4-8б.
  4. Аязбаев Т. Білім беру жүйесіндегі дамыта оқытудың кейбір мәселелері. Алматы-2013 — №6 92-97б.
  5. Исаева З.А., Мынбаева А.К., Садуакасова З.М. Активные методы и формы обучения в высшей школе. – А: Қазақ университеті,2015, 83-86б.
  6. Албытова Н.П. Қазіргі қоғамдағы студент-жастардың дүниетанымдық мәселелері. Білім берудегі менеджмент –Арман-ПВ 2010 — №4 227-232б.
  7. Зарецкая С.Л. Виртуальное обучение в современном мире: тенденции развития, Эффективность и перспективы //Экономика образование№3. 18б.
  8. Абилдаева Б. Білім беру деңгейін көтеруде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың рөлі//Пед-общ. 5-7б.
  9. Министерство образования и науки РК. Концепциянепрерывного педагогического оброзования педагога новой формации РК.//Казахстанская правда. – 18.08.2015,9-11б.
  10. Ерахина А.Н. Білім берудегі өзгерістер: жаңа межелер мен басымдықтар. Жас Өркен 2011 – 16-18б.
  11. Абдыров А.М. Интеграция Казахстанских вузов в миравое образовательное пространство. Алматы 2012 — №5 22-25б.
  12. Кинелев В.Г. «21 ғасырдағы білім жүйесінің даму тенденциялары». «Информатика және білім» журналы 2000 №5 3-7б.
  13. Боревцкая Н.Е. Тағы да компаративистік контекстегі білімнің азиялық үлгісі туралы.//Педогогика журналы,2012 26-35б.
  14. Дүйсенбек Ә. Білім беру жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері.//Қазақстан мектебі журналы 2015 №6 3-7б.
  15. Абдыкаримов Н. Білім берудегі модернизациялау жағдайындағы басқарушылық әрекеті: перспективалары, проблемалары және шешу жолдары. 2011 — №4 3-5б.
  16. Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар.Алматы 2010 №8, 23-29б.
  17. Сұлтанбаева Г.С. Білім берудегі жаңа инновациялық әдістер, дағдылар, технологиялар.2016 №3 18-22б.
  18. Интернет сайты (old.abai.kz )
  19. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі/ ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы/ Қазақстан жоғарғы мектебі, №1 20045-19б.
  20. Левент К. Қазақстанның жоғарғы оқу жүйесінде қажетті реформалар: шетел тәжірибесін пайдалану. Аль Пари, №2,2011, 18б.
  21. Интернет сайты (stat.gov.kz).
  22. Дәулиева Ғ.Р. Білім беру рыногының ұдайы өндірістік үлгісі: даму факторлары Алматы, 2010.19-22б.
  23. Қазақстан Республикасының Үкімет Басшысы С.Ахметовтің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алқа отырысындағы материалдар, 2013 жыл, қаңтар, 6-14б.
  24. Интернет сайты(http://www7unesco /).
  25. Дамитов Б.К. жоғары білім бойынша заңды және нормативті құжаттар жинағы. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі. Атамұра 2016-132бет.

Құрастырғандар: Қалман А.А., Есельбаева А.Д.

Яндекс.Метрика