ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жаңа заманның жастарының жаңа талаптарын елемеу уақыт ағымын ескермегенмен бірдей. Осы орайда жастар арасындағы мәселелерді жіті қарастыру мәселелерін тізімдеуге болады. Бұл жерде біз нақты статистикалық, я болмаса шетел тәжірибесімен салыстыру жүргізуді басты мақсат етпедік, өйткені өзімізде барды бағалай алуымыз, өзімізде жоқты жамай алуымыз қажет. Ең бастысы жастарымыздың ұлы дала рухына сусындап тік өсуін қаладық.

«Мына жайттың әлі де болса жастар бойында сақталуы көптеген мәселені шектеуде. Ол — құлдық психология. Үлкенге кұрмет, кішіге ізет қылсаң ешқашан кемімейсің, ал кейбір жастарымыз жалпақтаумен, біреулері жастар атынан сөз алып экономикалық, психологиялық мәселені шындау болып отыр… Жастар ұйымдарына да мүше жастар неге өзін өзге жастардан жоғары ұстап, шенеунік ретінде көрсетуге тырысады. Бұл да құлдық психологияның белгісі. Бұдан шығар қорытынды жастарға қолжетімді істер жасай отырып, оларды елін сүю мен құрметтеуге үйрету. Бұдан мемлекет те, жастар да жапа шекпейді. Алаштың аманатын арқалап, асыл мұратты жүзеге асыратын, елін қорғап, елдігімізді арттыратын жастар қандай болмақ, осы тұрғыда ойланайықшы»… [1]

Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының жастарының психологиялық жағдайы өте жақсы және де өте белсенді дамуда, десек те өзге ұлттарға қарағанда біз ұлттық бұрыннан дамыған мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп есептейміз. Сонда ғана ұлттық құндылығымыз сақталып, білімнің нәрі шыңдала түспек.

«Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық қатынасқа ену мен мынадай: жұмыссыздық, ақшанын кұнсыздануы, өндірістердің кұлдырауы секілді феномендердің пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине, бұл феномендердің  зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың жат әрекеттері өсіп отыр.

Біздің көзқарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден — бір жолы ретінде, жастармен профилактикалық жұмыс жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершіліктік қасиеттерін  қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.» [2]

«Жастар өзгерді, құндылықтары басқа деген сөзді күнде айта беруге болар, алайда, нақты бір деректердің, зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, олардың әлеміне, жан-дүниесіне үңілудің жөні бөлсек. Әрине, ғылым тілі – поэзияның тілі емес. Жастардың арманы, мақсаты, ойы, пікірі ғылыми зерттеулердің сипаттамасында нәзіктікпен суреттелмесе-дағы, бүгінгінің шындығын дәлелді түрде көз алдымызға әкеледі». [3]

«Қазіргі кезде жастардың өмірлік ұстанымдары тұрақсыз. Кей жастарда  «жеңіл табысқа» ұмтылу мен тұтынушылық психологияға жақындық байқалады. Бұл аталған мәселелер жинала келе, жастардың бойында тұлғалық құндылыққа айналып кету қаупі бар. Жастардың жаңа құндылықтарының ішінде «экономикалық» құндылықтар, оның ішінде экономикалық еркіндік, мінез-құлықтың жаңа стандарттары, өз күшіне деген сенім, тәуекелге бару, ақша таба білу бар. Осы жағдай­ларға сәй­кес, қоғамда­ғы өзгерістер бағы­ты жас­­тардың өз өмір­лік ба­ғытындағы әлеу­меттік тәжірибедегі өз­герістеріне тәуелді болады. Әрбір жас өзінің өмірлік қалыптасуын жеке әрі жауапты түрде таңдауы тиіс. Өскелең ұрпақты патриоттық тәр­бие­леуге, азаматтық бірегейлікті дамыту­ға байланысты мәселелер көбіне елдің дамуы мен оның жастар саясатын жүр­гізуіне байланысты. Қазіргі кезде жас ұрпақты патриоттық сезімде тәрбиелеу, оларды отансүйгіш азамат ретінде қа­лыптастыру проблемасы ерекше өзекті мәселеге айналды. Дәстүр мен инновация арасында, соның ішінде әлеуметтік-мәдени ортада тепе-теңдікті сақтау ауадай қажет болып тұрған бүгінгі заманда осы мәселе аса маңызды». [4]

 «Ұлттың бүгіні мен келешегі  – білімді жастың қолында. Анығырақ айтқанда, тарихын терең білетін, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ қана ел болашағын қалыптастыра алады. Қазіргі таңда дінге бет бұрған жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында .Сол жастарымыздың Исламның қазақ қоғамының дәстүрлі ұстанымы мен ерекшеліктеріне, құндылықтарына ешқандай да қарама-қайшылық туғызбайтын тәлім үйреніп келіп жатқандар бар.Мешіт имамдарының оларды оқытып-үйретуге күштері жеткіліксіз болып отыр».[5]

 Нақты ислами діни сауатты жастар санасына ұялата алсақ, біріншіден білімді жастар жиналған ақпараттардың қажетін алып, қажет емесін сүзгіден өткізіп үйренер еді және ислами діни сауатты жастар сыбайластық, жемқорлық сынды қоғамдық кеселдерден аулақ болар еді, сонымен қатар  ел санаты көбейіп, тастанды, жетім, қараусыз қарт мәселелері кеміп, өз-өзіне қол жұмсау, қоғамға өзін қажетсіз деп тану сынды кеселдерден де арылар едік. Нәтижесінде жастардың білім аясы кеңіп, діни және ұлттық санасы өсіп, көптеген кедергілерге қарсы тұруға мүмкіндік туады. Әрине мұның бәрі оңай бітетін шаруа емес, дегенмен ел болашағының жарқын болуы үшін айқын қадамдар екені анық.

 «Сонымен қатар жастар арасында  білім алу және жұмыспен қамтылу мәселесі де өзекті болып саналады. Еліміздің білім жүйесінде шетелде оқу жастарға қолжетімді болып табылады, яғни қайда оқимын, қайда барып білім аламын, тәжірибе жинақтаймын десе де бәрі өзіне байланысты. Бірақ кемшіліктер де жоқ емес. Соған байланысты ЖОО (Жоғарғы Оқу Орны) кездесетін мысалдарды келтіре кеткім келеді.

 Жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейінің төмен болу себептері:

 Біріншіден, жоғары оқу орындарына белгілі бір мамандықты оқуға түскен жастар еңбек нарығындағы ағымдағы сұранысқа назар аударады. Ал оқуларын аяқтаған жастар заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп кеткенін түсінеді.

 Екіншіден, жоғары оқу орны түлектерінің оқу үрдісінде алатын теориялық білімі, еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің талаптарына мүлдем сәйкес келмей жатады. Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттердің мамандану деңгейі шынайы өмір ағымы мен талаптарына жауап бермейді деуге толық негіз бар. Бұл университет қабырғаларында білім беретін профессорлық-оқытушылық құрамның өзгермеуі мен берілетін білімдердің бұрынғы сарынмен, жаңа үрдерістерге сәйкес болмауына байланысты. Ағымдағы өмір көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орындарының түлектері өз мамандықтары бойынша жұмыс таба алмай, басқа кәсіппен айналысады немесе сұранысқа ие мамандықты алу мақсатында қайта оқуға түсуге мәжбүр». [6]

 «Енді статистикаға көз жүгіртсек. 2012 жылғы нақты ресми дерек бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 4,6 пайызды құрайды. Ал, былтыр, яғни, арада бір жыл өткенде бұл көрсеткіш 5,9 пайызға бір-ақ секіреді. Қолымызға түскен соңғы дерек осы. Оның үстіне, біздің елде таудай проблемалардың тек шетін ғана шығарып, негізгі түйткілін ішіне бүгіп қалатын әдет тағы бар. Сайып келгенде, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі – бүгінгінің өзекті мәселелерінің қатарында тұрғаны анық». [7]

 «Білім беру мәселесіне қайта оралсақ. Бүгінде кез келген адам шетелде тағылымдамадан өтіп, қысқа немесе ұзақ мерзімді білім алып, жұмыс істей алады. Ол үшін шет тілі білімі мен ниет болса жеткілікті. Осыған байланысты  «Болашақ» бағдарламасына жастар көп көңіл бөліп отыр. Бұл бағдарлама жыл сайын қазақстандық жастардың білім алуы үшін  әлемнің ең үздік оқу орындарына жіберіп жатыр. Қазақстандық студенттер мен ЖОО түлектері шетелде білім алу бағдарламаларына қатыса алады. Еуразия мен Орталық Азияда Халықаралық студент алмасу бағдарламасы (Global UGRAD) да бар. Бұл АҚШ елінің мемлекеттік департаментіндегі білім және мәдени бағдарлама бөлімінің бағдарламасы немесе DAAD. Бұл академиялық ауысымның германиялық қызметі. Оған волонтерлерге арналған жобалардың біріне қатысуға болады. Осы бағдарламалар арқылы мемлекет жастардың шет елде білім алуына көп мүмкіндік туғызып отыр». [8]

 «Жастар арасындағы өзекті мәселелер мұнымен шектеліп қоймайды. Қазіргі ақпараттарға сүйенетін болсақ,  бүгінгі таңда жастар арасында өзекті мәселелер мен қоғам өмірінде теріс бағытқа апарар түрлі жолдар өте көп кездеседі. Оларға психикалық проблемалар, зиянды әдеттер, зорлық, суицид және т.б. жатқызылады . Айтылған мәселелер жастар арасындағы ең көп таралғаны болып табылады. Ең бастысы егемен еліміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастардың біліктілігі мен саналы әрекеттеріне байланысты». [9]

 Қорытындылай келе қазақ жастарының негізгі бөлігін ауыл жастары құрайтындықтан, бұл сұрақты көтеріп, талдау жасау керек және осы жастардың жағдайын, олардың ұлттық мәдениетке, ұлттық рухқа, білімге деген көзқарастарын өзгертетін арнайы құрал есебінде саналатын кітапхана, клуб барі жабылып, керек десеңіз ауылда электр энергиясының жоқтығынан кейбір ауылдарда әлі күнге дейін әлем жаңалықтары түгелі, Қазақстандағы жаңалықтардан хабар аламай, өзге бөлек болып қалыптасып қалған ауылдар қаншама, соларда тұрып жатқан жастар жағдайлары не болмақ, жұмыссыз жүрген жастарымыз, қылмыстың жастар арасында дамуы, өсуі болашақ үшін үлкен проблемаға айналғалы тұр деп айтқымыз келеді.

Бұл мәселелердің негізгі мәні , қазақ жастарының, ол ауыл немесе қала болама, жастардың арасындағы жұмыссыздық, мәдени және саяси сауатсыздық, білімге деген, ғылымға деген құштарлықтардың жоқтығын жойып, сауатты қазақ жастарын қалыптастыру және жастар проблемаларын шешу.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://old.abai.kz/content/nyrbek-pysyrmanov-zhastar-meselesi-kiyndyktar-men-kauipter
  2. http://www.bauka.kz/index.php/2011-08-20-05-59-56/2011-08-21-04-15-40/358-2009-09-23-14-34-45
  3. http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=267&CURENT=&ARTICLE=7266
  4. http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=267&CURENT=&ARTICLE=7266
  5. http://yvision.kz/post/368906
  6. http://skifnews.kz/daulet/457-senimsiz-statistika-nemese-zh-myssyz-zhastar
  7. http://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/8973/
  8. http://baq.kz/kk/regional_media/post/42922

Құрастырғандар: Құдайберген А., Өмірзақ А.

Яндекс.Метрика