ҮШТҰҒЫРЛЫ ТІЛ: АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
Үштұғырлы тіл – заман талабы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемелекет басшысы 2006 жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясында ХІІ құрылтайында жария етті. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» — деп айтып өткен болатын.
Бүгінгі әлемде мыңдаған адамдар шетел тілін, соның ішінде ағылшын тілін жұмыста немесе оқуда пайдаланады және ана тілі ретінде меңгереді. Қазіргі заманда ағылшын тілі «21 ғасырдың», халықаралық бизнес, қазіргі ғылым мен технологиялар тілі мәртебесіне ие болды. Ағылшын тілі – дүние жүзіне ең кең таралған халықаралық тіл. Әлемдегі ең көп тараған, әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын тіл. Ағылшын тілінде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джек Лондон, Джонатан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Бүгінгі күні зерттеушілер ағылшын тілінде сөйлеушілердің саны 1,2 – 1,5 млрд арасында деп тұжырымдайды. Ағылшын тілі – жер бетіндегі ең қолданылатын тіл. Ағылшын тілі әлемнің 75 елінде ерекше орын алады, ал 19 елде ол мемлекеттік тіл болып табылады. ХХ ғ. 60 жылдардан бастап ағылшын тілі кеңінен тарала басталды. Ағылшын тілі көптеген халықаралық ұйымдардың ресми тілі болып табылады. /1/
Айта кетелік, үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, білімге алып бара жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену. Қай санатта болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілекке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шет елдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.
Қазақ халқы табиғатынан еліктегіш, қабылдағыш халық.Кеңес заманында орыс тілі-заманның кілті болды. Бұл-заман талабы еді.Орыс тілін үйреніп,орыстардың өзін жаңылыстыратын жағдайға жеттік.Енді алдағы асу –ағылшын тілі.Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады.
Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 98 амеркандық пен 81 ағылшын тұрады, амеркандықтардың 78-і ағылшынның, 71-і өз ұлтының тілін меңгерген. Бұл күллі тұрғынның 1 пайызын құрайды. Ұлт деңгейінде алсақ, ағылшын тілін меңгергендердің тең жартысын жергілікті қазақтар құрайды. Басқаша айтқанда, ағылшын тілін меңгерген қазақ саны – 53 743, бұл – ұлт арасындағы үлкен көрсеткіш және күллі қазақтың 0,7 пайызы деген сөз.
«Үш тұғырлы тіл» мәселесін халық дұрыс түсінбей отыр. Алдымен ақты ақ, қараны қара деп, мәселені жеке-жеке бөліп, мемлекеттік тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін насихаттау мәселесі жетіспей отыр. Үш тұғырлы тіл, негізінде, қазақ жеріндегі қазақ тілінің соңында қалған орыс пе ағылшын тілін қоса пайдалану болып табылады Әрине, дамыған өркениетті 30 елдің қатарына қосылу мақсатында жүргізіліп отырған «Үш тұғырлы тіл» саясаты, шын мәнінде, елдің ертеңі үшін керек нәрсе. Мәселен, Қазақстанда заң мамандары, экономика мамандары өте көп және жұмыссыз. Бірақ, көп компаниялар мен кәсіпорындар заңгерлер мен экономистерге зәру.. Яғни, елімізге қажетті, үштілді меңгерген, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет. Аталмыш кадрлар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады. /2/
Біздің қоғамда барлық этностардың мәдениеті мен тілін дамытудың бірегей формуласы жасалып отыр. Біздің жетістігіміз – басқа этностардың құқықтарына ешқандай да қысым жоқ. Сонымен қоса, біздің мемлекет тағы бір аса маңызды мәселе – мемлекеттік тілді барша қазақстандықтардың меңгеруіне толық жағдай туғызып отыр. Өйткені, бұл халықаралық тәжірибеде бар үрдіс.
Қарап отырсақ, қазіргі кезде мемлекеттік тілді оқып-үйренуге барлық жағынан жағдай жасалған. Тіпті, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың бәрінде курстар ашылып, ғылыми-әдістемелік материалдар таратылады.
Намысын найзаға шаншып,күре тамыры Көк бөріден нәр алған,көк Тәңірге табынған Күлтегіннің ұрпағына бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру қиындық тудыра қоймас. Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі. Ана тілін жақсы біліп тұрып, өзге тілде жетік сөйлесе ــ бұл сүйініш, мақтаныш; ал ана тілін білмей тұрып, өзге тілде сөйлесе ــ бұл күйініш, өкініш. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана емес пе?Кейбір адамдар ағылшын тіліне қарсылық білдіріп жатады. Ал ағылшын әлем мойындаған жаһандану тілі .Бұл-бұзылмас заңдылық.
Меніңше,ол сыңаржақ пікір. Елбасының сындарлы саясатының астары өте тереңде.Біз әлемдік аренаға шығу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген мәңгілік Елге айналумыз керек.Бұл жолда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өз тілің бірлік үшін,өзге тіл тірлік үшін керек екенін ұмытпайық. Сондықтан «Ана тілің ــ арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді қүрметте» деп, ақын Қадыр Мырза-Әли ағамыз айтқандай, әуелі өз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық. Өз тіліміз өзегіміз, халықтық қасиетімізді айғақтайтын алтын тұғырымыз болсын. Әр ұлттың өз тілі өзге тілге жеткізетін көпір есепті.
Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбейюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айррықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бетбұрыстарды қажет ікендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. /3/
Қазақстан халқының рухани дамуымен қатар, бұл идея ішкі саясатымыздың жеке бағыты болып белгіленді. Яғни, идея негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретіде тануы керек. Олар: қазақ тілі- мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлт аралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тәсілі. Басқаша айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса өтеуге жарайтын бай тіл. Мәселе тілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және халықаралық дәрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің әлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмән келтірмеуге болады. Дәл бүгін де қазақ тілінің әлем тілдерінің ешқасысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық әдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмән жоқ.
Кесте 1. Әлемдегі тілдер, олардың рөлі
Ескерту: мәліметтер Абдрахманова Ж. Үштұғырлы тіл мәдениеті. Қазақстан және әлемдік тәжірибе/ Ж. Абдрахманова// Білім=Образование.-2013.-№2. алынды.
Кез келген әңгіменің құндылығы мен өзектілігі, негізінен қозғаған тақырыбына қарай, сол тақырыпты ашу деңгейіне орай бағаланатыны белгілі. Ендеше, біздің әңгімеміздің төркіні — үштілділік мәселесі болмақ. Аталмыш тақырыпты жан-жақты зерттеу барысында Елбасымыздың, көптеген лингвист ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің пікірлеріне сүйене отырып, өз ойымызды дәлелді түрде жеткіздік.
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” /4/ — деп етекше атап көрсеткен.
Үштілділік — нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы. Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз, сондықтан да бұл құбылысты төрттілділік пен бестілділіктен бөліп қараймыз, үштілділіктің кез келген сыңары ретінде кез келген шет тілін алуға болар еді, бірақ біз бұл жерде де қоғамның нақты сұранысы басым түскен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне ерекше мән берген жөн деп түсінеміз .
Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мәселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Әрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Тұғыр сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз – қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде.
Атап айтсақ, саясаттанушы Т.Әбдуәлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мәселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз қарапайым сөзбен айтқанда жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым-қатынасымызды нығайту. Соның бірі — тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» /5/ деген ойын оқытушы Т.Тәңірбергенқызы ары қарай жалғастырады: «Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі, ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бәсекелес емес».
Ия, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі – қазақ жерінің жаңа әлемге ашар есігі. Үштілділікті үрейлі кейіпте елестететін кейбір ағаларымыз «мұны ең соңғы өлу деп те қорқатындығын» жасырмайды. Жоқ! Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Мәселен, М.Әуезовтың «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік?
Ағылшын тілін үйренгеннен біз мәңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі — әлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл – ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу — әрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек.
Әлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу — ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен әлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғызатыны — аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мәселе. Мәселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақтілді қазақ және басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн.
Әрине, әр көтерілген мәселенің оң және теріс жағы болады, әр тұлғаның өзіндік жеке пікірі болады, бірақ анау айтты, мынау айтты деген негізсіз, дәлелсіз күдіктен арылып, бой көтеріп отырған мәселенің маңыздылығының қаншалықты қажет дәрежеде екенін айқындап, нақты зерттеп алғанымыз жөн сияқты.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» — деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда.. Ескерте кетуіміз керек, елбасымыз әлемдік саяси аренада өз беделі бар, бүкіл әлемді бақылауға алып отырған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун үлкен құрметпен қарайтын, жер жүзінде алғашқы өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан, бейбітшілікті сүйетін және белсенді насихаттап жүрген үлкен тұлға. Демек, әлемдік беделі бар үлкен тұлғаның әрбір сөзінен күмән, күдік іздеудің өзі бізге, халыққа сын. Президентіміз берген уәдесін орындай алатын Қазақстанның №1 жауапты тұлғасы. Осыны есте сақтаған жөн.
Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым – қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендеуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тілдердің үш тұғырлығы туралы ойды алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқының Ассемблеясында айтқан. 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»жолдауында Елбасы «Тілдердің үш тұғырлығы» — «Триединство языков» мәдени жобасын кезендеп іске асыруды ұсынды. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен білім, денсаулық сақтау салаларын барынша дамытуға көп көңіл бөлгендігі ерекше аталып өтілді. Осы жолдауда білім мен ғылымның модернизациясын жалғастыру қажеттігін меңзеді. 2020 жылға қарай ағлшын тілін білетін халықтың саны кемінде 20% — ды құрауы тиіс делінген. Әрбір қазақстандық қазақ тілімен қатар ағылшын тілінде терең меңгеруі керек. Осы мақсатта 2013-2014 оқу жылында елімізде жалпы білім беретін мектептерде ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқу бадарламасына енгізіледі. /6/
«Тіл – халықтың тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі, онан сол тілді жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы. Тіл – адам баласы қоғамының өмір сүруінің жəне дамуының қажетті шарты. Ол əрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады»,- деп К.Аханов айтқандай, тіл – біздің өміріміз бен қоғамымыздың ажырамас бөлігі. Қазіргі Қазақстанда тіл мəселесіне көп мəн беріледі. Əсіресе, үш тұғырлы тіл туралы айта кеткен жөн. Елбасымыз «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны алғаш рет 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII құрылтайында жария етіп, 2007 жылғы жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мəдени жобаны кезең- кезеңмен іске асыруды ұсынды /7/. Бұл жоба бойынша Қазақстан халқы үш тілде сөйлейтін жоғары білімді ел ретінде бүкіл əлемге танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі.
Біздің халқымыз үшін қазақ тілінің маңыздылығын жəне оның еліміздегі орын алуы туралы қазақ халқының зиялы азаматтарының ерте заманнан бастап айтқандары белгілі. Қазіргі уақытта да бұл мəселеге мемлекет тарапынан аса назар аударылатындығы баршамызға мəлім. Мысалға айтатын болсақ, Елбасымыз өз еңбектерінде бұл мəселені назардан тыс қалдырмайды. Соның ішінде Президентіміздің біз үшін аса маңызды 2012 жылғы Жолдауындағы тіл мəселесіне байланысты ойларын айтуға болады. Оның айтуы бойынша: «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тəжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруымыз керек. Бұл – өзін қадірлейтін əрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек.
Келер ұрпақтың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тіл саясатын сауатты жəне дəйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек. Осыдан Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс деген талап қойып отыр. Бұл талаптарды орындауда елімізде шаралар жасалып жатыр. Соның нəтижесінде қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды.» /8/.
Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Осындай шараның қолданылу барысында, біздің ойымызша, елімізде он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сенімдеміз. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Əрине, Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Себебі, əрбір ұлт өз ана тілін меңгеріп, күнделікті өмірде кеңінен қолданбаса, оны жекеленген ұлт деп толық айта алмаймыз. Сондықтан да Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев бұл мəселеге ерекше назар аударады. Ол өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында: «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін, сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді «Қазақ елі» деп атайтын боламыз» — деді /9/. Осыған орай, қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады деген үміттеміз.
Енді келесі кезекте біздің республикамызда мемлекеттік тілмен бірдей дəрежеде қолданылатын орыс тіліне тоқталамыз. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан Ресей империясының, кейіннен КСРО-ның құрамында болды. Сол уақытта орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып бекітілді. Қазақстандағы орыс тілділіктің ерекшелігі осы тілде сөйлейтін адамдардың көпшілігі этникалық орыстар еместігінде болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының 2-бабында мемлекеттік ұйымдар мен өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірдей дəрежеде орыс тілі қолданылатындығы жазылған /10/. Орыс тілі жаңа Қазақстан жерінде ХХ ғасырдың басында кеңес билігі орнауымен, түрлі этникалық топтардың көшірілуімен, орыстандыру саясатының орнатылуының нəтижесінде кең таралды жəне ұлтаралық қатынас тіліне айналды. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Бұл жайлы қазақтың біртуар ақыны ұлы Абай да айтып өткен болатын. «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста зор», «сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады» дейді 11/. Дəл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз.
Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тəтті ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Осыған байланысты Елбасымыз тіл саясаты бірде-бір тілге қысым көрсетілмей жүргізілу қажеттігін айтып өтті. Қазақстанда мемлекеттік тілдің рөлі, орыс тілінің ресми мəртебесі жəне барлық этностар мен олардың мəдениеттерінің тең жағдайда дамуы туралы мəселе шешілген. Болашақта бүкіл азаматтардың мемлекеттік тілді білуі бізді бұрынғыдан бетер теңдестіріп, бірлікті нығайта түседі.
Ширек ғасырдан бері біз тіл саясатында айқын бағытпен келеміз – мемлекеттік тілді біртіндеп дамытудамыз жəне бүкіл этностар тілдерінің дамуы үшін жағдайлар жасаудамыз. Бүгінде Қазақстан тұрғындарының көпшілігі кем дегенде екі тілде сөйлейтін елдердің бірі. Мемлекеттік тілдің жоспарлы дамуы орыс тілінің дəрежесіне нұқсан келтірмеуі тиіс. Бізге мемлекеттің келешегі, болашақ дамуы үшін ең негізгі сыртқы саясаты – көршілермен тату болуымыз керек. Онсыз мемлекеттің болашағы бұлыңғыр болады”, -деді ол. Орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі əлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім де дау айта алмас. Сондай-ақ, əлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бəсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс деген отандық ғалым Н. Кекілбекованың пікірімен келісуге болады. /12/.
«Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру – ғаламдық ақпараттар мен инновациялық технологиялардың ағынына кіру деген сөз. Əлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп кең қанат жайған жағдайында ағылшын тілін оқыту өзекті болып отыр. Əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу егемендік алған еліміздің жаңа даму кезеңіңде, оның дүниежүзілік аренаға шығып, басқа елдермен саяси-экономикалық, мəдени қатынастарды калыптастыруы, Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуы, əр түрлі дипломатиялық қызмет атқаруы ағылшын тілінің рөлін көтеруді қажет етеді. Қоғамдағы геополитикалық, коммуникациялық, технологиялық өзгерістер жəне интернет жүйесі арқылы тілдесу əр түрлі мамандықтағы, əр түрлі жастағы адамдардың санын мейлінше көбейте түсуде. Осыған байланысты шетел тілдерін пайдалану қажеттілігі де артып келеді.
Тіл – тек қатынас құралы емес, тілін үйреніп жүрген елдің рухани байлығын меңгеруде де үлкен рөл атқарады. Осы мəселені қолданысқа алуда елімізде ағылшын тілін игеруде серпіліс жасау мақсатымен 2013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап ағылшын тілін 1-сыныптан оқыту енгізілді. Бүгінгі күні тəуелсiздiкке қол жеткізген жылдардан берi əлемдегi көптеген елдермен саяси-əлеуметтiк, экономикалық жəне мəдени байланыс жасауға кеңiнен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нəтижелi болуы, ел мен елдiң, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бiрлiгiн өркендеуге тiл бiлудiң мəнi күн сайын арта түсуде. Елімізде бұл жайлы біраз қоғамдық пікірлер айтылуда. Мысалы, ағылшын тілінің мəртебесі жөнінде мынадай пікір бар: «Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік» /13/.
Ағылшын тілі – халықаралық тіл. Ағылшын тілі қазіргі таңда халықаралық қарым-қатынас тілі жəне дүние жүзіне кең таралған тіл болып танылады. Қазіргі кезде ағылшын тілі АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия сияқты көптеген дамыған мемлекеттердің ресми тілі, БҰҰ-ның алты ресми тілінің біреуі. Дамыған отыз елдің ішіне кіру үшін бəсекеге қабілетті жан-жақты дамыған маман дайындауға көп мəн берілуде. «Ағылшын тілі бізге əлемдік аренаға шығу үшін қажет. Бүгінгі таңда əлемдегі шығарылатын оқулықтардың 85 %-ы ағылшын тілінде. Қазақстанда 3,5 мың шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Біз олармен қандай тілде сөйлесеміз? Үштілділік біз үшін қалыпты жағдай болуы тиіс», — деді Елбасы Н.Ə. Назарбаев /14/. Расында да, ағылшын тілін білу жастарға əлемнің ең үздік ЖОО-да білім алуға, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде тəжірибе жинауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл əлемнің əр түкпірінде кəсіпкерлікпен айналысудың, іскерлік қарым-қатынас жасаудың маңызды талабы болып табылады. Бірнеше тілді меңгерген азаматтардың өз елінде де, шетелде де бəсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз.
Қазіргі уақытта қазақстандық қоғамда ағылшын тілін білу жас ұрпақтың жаңа ақпарат алуында үлкен мүмкіндіктер береді деген пікірмен де келісуге болады. Тəжірибе көрсеткендей, тіл – мəдениеттің кілті, ұлттық бірліктің жалпы механизмі, ұлттың əлеуметтік құрылым болуының басты құралы. «Тілі бірдің – тілегі бір», «тіл тағдыры – ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету – парыз», — дейді Д. Ғаббасова. Сондықтан да, «жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып-білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылысын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббатын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу басты міндетіміз болып табылады» — деп жалғастырады осы отандық ғалым /15/.
Жоғарыда айтылғандырдың барлығын ескере отырып, тіл тағдыры – ел тағдыры деп айтсақ қателеспейміз. Өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Өркениеттік өрелік алға шығып, жаһанданудың лебі есіп тұрғанда көп тілді игергенге ешкімнің таласы бола қоймайтыны анық. Əлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты сауатты ұрпақ тəрбиелеу болып табылады. Ол дегеніміз – өз ана тілін терең меңгерген, сол тілде еркін сөйлей алатын, сонымен қатар бірнеше халықтың тілін білетін ұрпақты тəрбиелеу.
Білім мен ғылымның, инновацияның, жалпы Қазақстанның дамыған жағдайында Елбасы біздің алдымызға үш тілді меңгеру қажеттігін қойды. Қазақстан азаматтарының, яғни, біздің парызымыз – «өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте» дегендей, мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, шет тілдерді де білу деп ойлаймын. Сонымен, біз көрсеткендей тілдердің үштұғырлылығы – уақыт талабы. Үш тілді білу жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашады. «Үш тұғырлы тіл» идеясы – жарқын болашақтың кепілі. Тілдердің үштұғырлылығы мəдени жобасында көрсетілгендей «қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі» /16/. Біз осы істің тек жанашыры ғана емес, орындаушылары болуымыз керек.
Сурет 1. Қазақстандағы халықтың тілдерді игеру көрсеткіштері.
Ескерту: мәліметтер Байшонов М. Үштұғырлы тіл – уақыт талабы / М. Байшонов // Егемен Қазақстан.-2009.– 18 қыркүйек (№302/304) еңбегінен алынды.
«Тіліміздің үш тұғыры» мәдени жобасын жүзеге асыру аясында академик С.С.Құнанбаева шет тілін оқытудың инновациялық теориялық – методологиялық негіздерін енгізді, қазақ, орыс және шетел тілдерін жете меңгерген маманның кәсіби білікті үлгісін: а) заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану арқылы аудармаға оқыту бойынша ғылыми педагогикалық мамандарды; б) мемлекеттік тілдің басты рөліне сүйене отырып, жобада көрсетілген барлық тілдерінде жұмыс істей алатын аудармашы мамандарды (қазақша – ағылшынша – қазақша, қазақша – орысша және т.б.) арнайы мақсатта даярлау арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің концептуалдық әмбебаптандырылуын қамтамасыз ету деп анықтайды.. /17/
Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым – қатынас жасаудың барлық қырларын жан – жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.
Жалпы білім беретін жоғары оқу орындарында және орта мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды, студенттерді өз бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді. Шетел тілін оқыту мақсаттары қоғамның мұқтаждығына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі кезде шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді: коммуникативтік мақсат, білімділік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады. Ағылшын тілін оқытуда алты деңгей бойынша топтар білім алады. Олар: “beginner”, “elementary”, “pre – intermediate”, “intermediate”, “upper – intermediate”, “advanced”. /18/
Шетел тілін оқыту барысында инновациялық технологияларды қолдану студенттердің басқа тілде қарым – қатынас жасаудың барлық қырларын жан – жақты көруді қалыптастырудың бірегей мүмкіндігін білдіреді. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің мәдени мұраларымен, тарихымен, ғылым саласындағы жетістіктерімен, әдебиетімен, өнерімен танысады және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.
Ағылшын тілі сабақтарында көптілді оқытудың элементтері ғана қолданылады. Белгілі бір тақырыптарды оқытуда біріккен сабақтарда интеграция арқылы жүзеге асады. Интеграция дегеніміз – пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіреді, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. /19/
Ағылшын тілін оқып – үйренемін деушілердің саны күннен – күнге көбейюде. Осы орайда, шет тілінің еліміздің оқу жүйесінде айррықша мәртебеге ие болатыны айқындалғандай. Бұл сайып келгенде, шет тілін, соның ішінде ағылшын тілін мектеп қабырғасынан бастап жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің жаңашыл бетбұрыстарды қажет ікендігін тудырады. Қазіргі уақытта, ағылшын тілін игерудің талабы жоғары болғандықтан, ағылшын тілін тереңдетіп үйренуге арналған арнайы мектептер, гимназиялар, колледждер көптеп ашылуда.
Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. /20/
«Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі./21/
Сурет 2. Шет тілін меңгерудегі қабылдаудың орташа пайызы
Ескерту: мәліметтер Жанденеева Ж.Ж. Үштұғырлы тіл бағдарында білім берудегі тиімділік / Ж.Ж. Жанденеева//Ұлттық тәрбие.-2014.– №4 еңбегінен алынды.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі — біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз — оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл — өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет./22/. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз.
Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» — мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең бірінші орынға қойып дамыта беретінін, оның болашағы үшін алаңдамау керек екенін баса айтады. Президентіміздің бұл айтқандарына назар салатын болсақ, расында, мемлекеттік тіл – қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, ығына ығыстырып, үш тұғырдың ең үстінде тұрады. Демек, қазақ тілінің болашағына қауіптенетіндер алаңдамаса да болады. Себебі, мемлекеттік тіліміздің ары қарай дамуына президентіміздің, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі кепілдік беріп отыр.
Бүгінгі күні білім беру саласында жұрт ойланатындай тың өзгерістер орын алып отыр. ҚР Білім және ғылым министрі мәлімдеме жасағаннан бері көпшілік «бұл қалай болар екен?» деп абдырап қалғаны рас. Халық арасында қызу талқыға түскен негізгі мәселе — үш тұғырлы тіл. Үш тұғырлы тіл мәселесінен қорқып, үркудің қажеті жоқ. Себебі, мұл әңгіме айтылғалы біраз жыл боп қалды, түбі солай болары сөзсіз. Себебі заман ағымы солай. Ұрпағымыз бірнеше тілді меңгерсе несі айып? Қазақ тілі — ана тіліміз болса, орыс тілі — ресми тіл, ағылшын тілі — халықаралық қатынастар тілі екендігін әрбір көзі ашық азамат түсінеді. Иә, қазақ тілін сүю, құрметтеу, қадірлеу әр қазақтың қасиетті борышы. /23/
Ұрпағын ана тілінде сөйлете алмаса, оған ұлттық құндылықтардың дәмін татырмаса, ұлттық тәлімді сіңіре алмаса, ол отбасындағы ата-ананың, ата-әжелердің кешірілмес кінәсі деп ойлаймын. Ал, қазіргі ұрпақ зулап бара жатқан заман ағысына ілесе алмаса, үлкен кемшілік. Жастарға бар мүмкіндік жасалды, шет елге шығып оқиды, қызыметіне байланысты тәжірибе алмаса алады. Ол ненің арқасы? Әрине, шет тілін меңгергендіктің арқасы! Ендеше неге үш тұғырлы тіл мәселесінен қоқуымыз керек? Үш тілде білім беруді Қазақстан мектептері егемендік алғаннан бері біртіндеп тәжірибеге енгізіп келеді. Ол қазақ түрік лицейі мен Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүзеге асуда. Нәтижесі керемет! Алтыншы сынып бітіретін оқушылар жапа-тармағай сол мектептерге түсуге талпынады. Неге? Әрине, болашағы зор болғандықтан. Ендеше сол мүмкіндік жалпыға білім беретін мектептер мен лицей, гимназияларға да туып тұр ғой. Иә, жұрттың дау туғызып жатқаны, бастауыштан бастап ағылшын тілін енгізу мәселесі болатын.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» — деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр. /24/
Қазір Қазақстанда тұратын барлық халықтың тілдерін сақтау мен ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің толығымен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тіл саясаты жүргізіліп жатыр. Күтілетін нәтиже:
- 2015-2016 оқу жылы тіл мұғалімдері оқушылармен бірігіп, тілдерді дамыту Бағдарламасын талдап, жан-жақты қарастырып, ауызекі сөйлесу дағдыларын жүзеге асырады.
- 2016-2017 оқу жылы – тіл мұғалімдері, тарих және жаратылыстану ғылыми цикл мұғалімдерімен бірігіп интеграциялық қолданбалы курс дайындайды, қарым- қатынаста барлық кедергілерді жоюға, тіл бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысады.
- 2017-2018 оқу жылы-тіл мұғалімдері, тарих және жаратылыстану ғылыми цикл мұғалімдерімен бірігіп, біліктілікті арттыру курстарын өтеді, мектепте үштілділік білім беруде пәндер бойынша сабақ берудің ерекшелігін үйренеді.
- 2018-2019 оқу жылы– тіл мұғалімдері мен тарих, жаратылыстану ғылыми цикл мұғалімдері үштілділік білім саласында ғылыми ізденіс бағдарламасын оқытуды практикаға кезеңдермен енгізіп үйренеді.
- 2019-2020 оқу жылы-тіл мұғалімдері мен тарих, жаратылыстану ғылыми цикл
- мұғалімдері өз тәжірибелерімен, үштілділікті үйрену бойынша сұрақтарымен түрлі бейне
- сабақтар, он-лайн сабақтар, шебер — сабақтарды сайт және ақпараттық құралдар мен басылымдарға жіберіп, бөліседі. /25/
Студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуды жүзеге асыру барысында мынадай міндеттерді шешу көзделеді: студенттердің үш тілде еркін сөйлеу біліктілігін дамытуда оқыту технологияларын тиімді пайдалану; заманауи интерактивтік және инновациялық технологияларды қолдану; үш тілде де қарым – қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; әр студенттің тілдік қабілетін толық ашу; сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу; танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модкльдік оқыту, проблемалық оқыту, жеделдетіп оқыту, даралап оқыту, ақпараттық оқыту, деңгейлеп оқыту, жобадай оқыту технологиясы, сатылай кешенді талдау, ойындық технология, коммуникативтік технология, т.б.
Әр тіл – адамзаттың байлығы, ал, ағылшын тілі Қазақстанды әлемдік аренаға шығаратын жол. Өйткені ағылшын тілі – ХХІ ғасырдың тілі. Қазіргі уақытта ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Әлемде басылып жатқан 10 миллион кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда./26/
Осы себептерге байланысты болар оқыту жүйесі яғни білім беру саласы жан-жақты дамып,талап күшейіп, өзгерістер енгізілуде.ХХІ ғасыр білімді де, білікті, бәсекеге қабілетті, көптілді, көпмәдениетті тұлғалардың ғасыры болмақ. Халқымыздың үш тіл білуі уақыт пен қажеттіліктен туындаған Елбасымыздың жобасы болып табылады.
Көп тіл білу-заман талабы.Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». /22/. Иә, «үштілділік» саясатын қайта қарау қажет деген пікірлер жиі қылаң беріп жүргені жасырын емес. Десек те Елбасының: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» /27/- деп ескерткенін тағы бір қайталап қойсақ артық болмас. Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі.
Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ. Бірақ Қазақ баласы әуелі отбасында Қазақы рухпен тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде қабылдап, Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады. Әлихан Бөкейханов сынды алаш арыстарымыздан бастап, кешегі Абай Құнанбайұлы, М. Әуезов, Қ. Сәтпаев сияқты талай тарландырымыз қанша жерден ресей топырақтарында білім алса да, сол империяның қысымында жүрсе де, ана тілінің идеологиясы мен мәртебесін ең жоғары орынға қойған. Өйткені олардың бәрінің де тілі қазақша шыққан, бірі ауыл молдасынан хат таныса, енді бірі ана тілінде мұғалімдерден тіл сындырған. Яғни, тірек мықты. Тіл ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба алмаған.
Президентіміз кезекті жолдауында , 2050 жылға қарай қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарынан көргісі келетіндігін нақты айтып өтті. Алайда, осы мақсатқа жетуіміз үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті, білімді және жан-жақты болуы керек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кем дегенде үш тілді танып қана қоймай, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлей білуі тиіс екендігін айтып өтті. /28/ Осы жерге нақтырақ тоқталып кетейік.Қазақ елін бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын, жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек.Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым – қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі .Басқаша айтқанда, үш тұғырлы тіл идеясын мынадай қарапайым формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренетін боламыз..
Үштұғырлы тіл жай ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол – өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Өйткені, қазіргі кезде күллі әлемге есігін айқара ашып, «ақылды» экономиканы енгізіп жатқан елдер қарыштап дамуда. Ал бұл бағыттағы толайым табыстарға, білімге алып бара жол – ғаламшардағы үстемдік құрған тілдерді үйрену.
«Қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу — әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс» /29/
Ойымды қорыта келе, Елбасының мына бір сөзімен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы – Ана тіліміз».
Пайдаланылған әдебиеттер
- Абдрахманова Ж. Үштұғырлы тіл мәдениеті. Қазақстан және әлемдік тәжірибе/ Ж. Абдрахманова// Білім=Образование.-2013.-№2.-12 б.
- Әбдуали Т. Үштұғырлы тіл еліміздің болашағы үшін қажеттігін ұмытпайық/ Т. Әбдуали //Егемен Қазақстан.-2010.-29 наурыз(№95) – 2 б.
- Байшонов М. Үштұғырлы тіл – уақыт талабы / М. Байшонов // Егемен Қазақстан.-2009.– 18 қыркүйек (№302/304).-7 б.
- Ақпаев Б. Үштұғырлы тілдің ұшпағы/ Б.Ақпаев// Егемен Қазақстан. – 2009.- 21 қаңтар.– 6б.
- Әбдуәли Т. Үштұғырлы тілден түңілмейік/ Т.Әбдуәли// Егемен Қазақстан.-2008.– 18 наурыз (№31).-2 б.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы/Н.Ә. Назарбаев// Егемен Қазақстан .-2010.– №16.-19-32 б.
- Екибасова Д.Д. Үштұғырлы тіл саясаты – Елбасының халыққа қойған міндеті / Д.Д. Екибасова// G-GLOBAL и проблемы нового мирового порядка.-2012.– 23 қараша (№31).-312б.
- Еркін А.Үштұғырлы тіл атты мәдени жобаның маңызы / А.Еркін// Студент және ғылым.-2011.– 18 наурыз.-40 б.
- Бейсенбаева Қ. Үштұғырлы тілдік қатынас / Қ. Бейсенбаева// Мектеп (Шымкент) .-2013.–(№6).-5 б.
- Жарыбаев Қ. Үштұғырлы тіл жайлы ғылым не дейді? / Қ. Жарықбаев// Мектептегі психология.-2014.–(№5).-8 б.
- Шаханов М. Үштұғырлы тіл – ұлтқа төнген қасірет/ М. Шаханов//Тасжарған.-2008.– 14 мамыр (№18).-20 б.
- Қонарбаева Р. Үштұғырлы тіл уақыт талабы/ Р. Қонарбаева//Қазақ үні.-2015.– 17 наурыз (№11).-6 б.
- Үштұғырлы тіл жүздің баласын ұшпаққа шығара алады ма? //Қазақстан — ZAMAN .-2015.– 23 шілде (№29).-3 б.
- Әлметова Ә. Үштұғырлы тіл саясаты / Ә.Әлметова//Айқын.-2015.– 5 желтоқсан (№228).- 5 б.
- Жарыбаев Қ. Үштұғырлы тіл жайлы ғылым не дейді? / Қ. Жарықбаев// Мектептегі психология.-2014.–(№5).-10 б.
- Тұрысбекова Ә.Үштұғырлы тіл заман талабы/ Ә. Тұрысбекова//Семей таңы.-2014.– 11 шілде(№54).-7 б.
- Бейсембекова Н.Д. Үштұғырлы тіл: бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы /Н.Д.Бейсембекова //Жастар және қазіргі замандағы әлемдік мәселелер.-2015.– 241 б.
- Баусариева С. Үштұғырлы тіл саясаты – еліміз бен бірлігіміздің тірегі/ С. Баусариева//Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте.-2016.– (№2).-3 б.
- Бөрібаева С. Үштұғырлы тіл заман талабы/ С. Бөрібаева// Түркі әлемі.-2016.– қыркүйек (№9).-23 б.
- Ордабекова А. Үштұғырлы тіл бағдарламасын еңгізудің маңыздылығы/А. Ордабекова//Ұлттық тәрбие.-2016.– №3.-58 б.
- Әбдікәрімов И. Үштұғырлы тіл – заман талабы/ И.Әбдікәрімов//Нәтижелі еңбек.-2016.– №1.-17 б.
- Жанденеева Ж.Ж. Үштұғырлы тіл бағдарында білім берудегі тиімділік/ Ж.Ж. Жанденеева//Ұлттық тәрбие.-2016.– №4.-30 б.
- Әлметова Ә. Қазақ тілі сабағында студенттердің сұхбаттық тілдесім қалыптастыру/ Ә. Әлметова//Алматы.-2010.– 48 б.
- Оразалы С. Шығармалар жинағы / С. Оразалы//Алматы.-2011.– 400 б.
- Ақпаев Б. Тілдердің үштұғырлылығы мәдени жлбасын іске асыру — уақыт талабы/ Б.Ақпаев// Егемен Қазақстан. – 2009.- 21 қаңтар.– 6б.
- https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazarbaev-jastarga-ushtldlk-mndet-261407/
- Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері/ М. Балақаев//Алматы: Қазақстан.-2010.-186 б.
- Құлманов С. Мемлекеттік тілде іс жүргізу/ С. Құлманов// «КИЕ» лингвоелтану инновациялық орталығы .-2010.–17 б.
- Еркін А.Үштұғырлы тіл атты мәдени жобасы / А.Еркін// Алматы: Қазақстан .-2012.– 20 мамыр.-27 б.
Құрастырғандар: Айтуар Б., Жақсымбетова А.