АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ҚИЫНДЫҚТАРЫ МЕН ПРЕСПЕКТИВАЛАРЫ

Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға,  зерттеу жүргізуге байланысты білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес оқуға белгілі академиялық кезеңге өтуі.

«Қазіргі таңда білім алушылардың академиялық ұтқырлығы Tempus, Erasmus Mundus, Erasmus Mundus Partnership және т.б. айырбастау бағдарламалары арқылы қамтамасыз етіледі.

Студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығынан Erasmus бағдарламасына 1987 жылдан бастап 1,9 млн. адам қатысты. Қазіргі таңда бұл бағдарламаға әлемнің 30 елі, Еуропа университеттерінің 90%, 31 мемлекеттен 3100-дан астам ЖОО қатысады.

Erasmus Mundus бағдарламасы стипендиясының екінші консорциумы  аумағында 2009-2010 жж. Қазақстанға 20 стипендия тағайындалды (бакалавриат – 9, магистратура – 5, докторантура – 3, докторантурадан кейін – 1, оқытушылық — 2).

Tempus ІV бағдарламасының 10 жобасына 2008 жылдан бері қазақстандық 15 жоғары оқу орны, 67 студент, магистранттар мен оқытушылар қатысып келеді.

Сонымен қатар, ЖОО тарапынан шетелдік университеттермен (Ұлыбритания, Испания, Германия, Чехия, АҚШ, Канада, Ресей және т.б.) 80 меморандум негізінде бірлескен білім беру бағдарламалары жүзеге  асырылып отыр.

Адами құндылықтар мен академиялық ұтқырлықты дамытуда дарынды жас қазақстандықтарға әлемнің үздік университеттерінде білім алуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасы айтарлықтай үлес қосып келеді.

Сапалы білім алуға ұмтылған студенттер саны өсіп келеді. Шетелде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алуда. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының 3000-дай иегері әлемнің 27 елінде білім алуда. Бұл қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі академиялық және мәдени интернационализациялауды нығайтуға, білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу сапаларын жақсартуға әсер етеді.

Қазіргі таңда Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты дамыту тәжірибесін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бір академиялық кезеңде шетелдік жоғары оқу орындарына жылына 20-ға жуық білім алушы жіберіледі. Алайда барлық ЖОО бірдей білім алушы меңгерген кредиттерді шетелдік жоғары оқу орнында қайта тапсыруды жүзеге асыра бермейді.

Осыған байланысты кредитті қайта тапсырудың нормативтік-құқықтық актісін дайындау қажет. Әлемдік білім беру кеңістігіне енуде интеграцияланудың (кірігудің) әлсіздігіне байланысты Болон үдерісінің академиялық ұтқырлық ұстанымдары айтарлықтай деңгейге жете алған жоқ.

Білім алушыларға әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде жекелеген пәндер бағдарламаларын меңгеру мүмкіндігін беру үшін, оқытудың өлшемдерін қамтамасыз ету, жетістіктерін салыстыру мақсатымен КАЕЖ – кредиттерді аударудың еуропалық жүйесі типіндегі кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық жүйесі жасалды.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық — білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.

Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тағылымдардан ерекшеленеді, өйткені, біріншіден, студенттер шетелге оқуға белгілі шектеулі мерзімге ғана кеткенімен, оқу бір семестрден бір оқу жылына дейін созылады, екіншіден, мұндай тағылымдамада олар толыққанды білім алады, тек тілді меңгерумен немесе жекелеген пәндерді игерумен ғана шектелмейді, керісінше, толық семестр немесе жылдық курстан өтеді, бұл дегеніміз – студенттің білімі базалық жоғары оқу орнына қайтып келген сәттен  жалғасып есептеледі. «Базалық ЖОО» деп біз студенттердің алғашқыда оқуға түсіп, дипломын алғысы келген ЖОО-ны айтамыз.

Болондық үдерісте академиялық ұтқырлықтың екі түрін ажыратып көрсетеді: «тігінен» және «көлденеңнен». Ұтқырлықтың тігінен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да толық білім алуы, ал ұтқырлықтың көлденеңнен түрі студенттің шетелдік ЖОО-да белгілі бір шектеулі мерзімде білім алуы (семестр, оқу жылы).

Академиялық ұтқырлықтың мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция (бірігу, кірігу).» [1]

Қазақстанда  академиялық ұтқырлық аясында бірқатар бағдарламалар іске асуда. «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындвағы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасында академиялық ұтқырлық үлесін арттыру міндеттері алға қойылған, — деп әңгімелелі ТарМПИ ректоры. — Академиялық ұтқырлықтың халықаралық бағдарламасы аясында біздің жоғары оқу орнымыздың 5 студенті 2013-2014 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Лодзь университетінде (Польша) оқудан өтті. Жазғы семестр кезінде ҚР БҒМ квотасымен шетелдік еуропалық жоғары оқу орындарына тағы тоғыз студент жіберу жоспарланып отыр. Бұлар Чехиядағы Томаш Бати университеті, Болгариядағы София университеті, Польшаның Лодзь университеті». [2]

«Дәл осы бағдарлама арқасында Қазақстан білім беру жүйесінде халықаралық сапада білім беру мен білім алуда көптеген мұмкіндік береді. Мысаға, студенттерге өз қалауы бойынша білім алу траекториясын таңдауға, жоғарғы сападағы білім алу мүмкіндігі және де еңбек нарығындағы бәсекеге тұруға жоғарғы мүмкіндіктер береді. Жоғарғы оқу орындарына жаңа тиімді бәсекеге мүмкіндікті,  халықаралық тәжірибеге сәйкес мамандардың сапасын көтеруге мүмкіндігі зор. Мұғалімдер мен ғалымдарға ғылым мен білім беру саласындағы жемісті перспективаларға мүмкіндік ашады. Сондай-ақ мемлекет тарапына білім беруді модернизацияға жоғарғы мүмкіндіктер ашып, жаңа технологияларды енгізуде интесификация және де білім беру нарығынан табыс табу мүмкіндік беретіні анық.» [3]

«Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру барысында көптеген студенттер отбасы жағдайында да, академиядық қызмет кезінде де бірқатар қиындыққа тап болады. Мысал ретінде, Форнерино, Санчес және Занг есімді 3 зерттеушілері АҚШ, Франция және Қытайда оқып жүрген 477 суденттен сауалнама алды. Алынған сауалнаманың нәтижесінде осы мемлекеттерде оқып жүрген студенттерде психологиялық, отбасылық, финанстық және әлеуметтік тұрғыдан қиындықтармен кездесетіндігі анықталды. Психологиялық тұрғыдағы қиындықтар мен кедергілер өз үйін сағыну немесе жаңа әлеуметтік ортадағы жағдай алдындағы қорқынышпен байланысты. Әлеуметтік қиындықтарға отбасымен және достарымен қарым-қатынас проблеммалары негіз болады. Спецификалық кедергілер студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы барысында қолданылатын кредиттік бағалау жүйесімен де байланысты. Клар мен Раттидің реттеулері бойынша өз еліндегі ЖОО-нындағы бағалау жүйесі мен шетелдегі кредиттік бағалау жүйесіндегі сәйкессіздігі. Сондай-ақ тілдің қажетті деңгеде меңгермеуі – де  студенттердің көптеп кездестіретін қиындықтарының бірі. Академиялық ұтқыртық бағдарламасы барысында гендерлік роль арқасында қыз балалар бірқатар қиындықтармен кездеседі.» [4]

Академиялық ұтқырлық саласында туындайтын мәселелерге шешу жолдарын ұсынамыз. Жоғарыда студенттердің шетелдерде кездесетін психологиялық қиындықтарын атап өттік. Біздің ойымызша соған шешім ретінде, шетелде жаңадан келетін суденттерді қоршаған қоғамға бейімдеу шараларын жүргізетін ұйымдарды қалыптастырып, олардың жұмысын дамыту. Мысалы ретінде, шетелге кетпен бұрын бағдарламаға қатысушы студенттермен, оқытушы-ұтаздармен алдын ала психологиялық тренигтер өткізу. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алып жүрген студенттердің шетелдерде қаржы жетіспеушілігін де назардан тыс қалдырмаумыз керек. Әрбір жобаға қатысушы адамға шетелде оқу ақысын мемлекет төлейтіні анық. Ал барған мемлекеттегі университет әкімшілігі көп болғанда жатахана берумен ғана шектеледі. Әрине өзге мемлекет болған соң ондағы студенттердің   тамақтанғанын, қарапайым жүріп тұрғанына біраз қаржы кететіні анық. Осы мәселе бойынша біздің ұсынысымыз мынадай болмақ, мемлекет пен шетел университеті әкімшілігі тарапына академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушыларына шәкіртақы тағайындау болмақ. Тағы да айта кететін жайт ол – жұмыспен қамту мәселесі. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өз білімерін жетілдіріп келген жас мамандардың жұмыс мәселесі бойынша қиындықтарын ескеру керек. Дәл осы себеп бойынша қаншама жас мамандар өз елімізде емес тыс шеттен жұмыс іздейтіні рас. Біздің ойымызша, білімін жетілдіріп келген мамандарды бірінші кезекте жұмыспен қамтылғаны жөн. Себебі, жаңа технологияны жетік меңгеріп келген мамандардың берері көп.

Қорытындылай келе, біздің ойымызша, осы бағдарлама арқасында еліміздің білім беру инфрастуктурасы әлемдік деңгеге көтеріледі. Сонымен қатар, академиялық ұтқырлықты жүзеге асыратын студенттер қанша қиындыққа кездессе де, болашақта осы бағдарлама арқасында алған білімінің пайдасын өз елінде пайда ретінде көрсететініне нық сенімдеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. http://www.kazmkpu.kz/kz/talapkerlerge-2/magistratura/akademiyaly-t-yrly
  2. http://www.inform.kz/kaz/article/2665023
  3. http://cyberleninka.ru/article/n/perspektivy-razvitiya-akademicheskoy-mobilnosti

Құрастырғандар: Козғамбаева Д., Әжібай А.

Яндекс.Метрика