АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны

Кіріспе

Аймақтық экономиканы дамытудың мемлекеттік жүйесін жаңарту жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді.Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет  тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.

Республикамыздың әрбір аймағы  еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып,осыған  қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды.Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары , оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі,өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат.Бүкіл әлемде  мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап  үлгі жоқ, әрбір мемлекеттер тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Оның барлығы да өз еліміздің және шет мемелекеттердің даму тәжірибелерін  тереңірек талдау,ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді.

 Қазіргі кездегі негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселерді өздігінен шешуге  лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату,бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтардың экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шаттар ретінде қарастырылуда.

 Аймақтық дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты- аймақтардың тұрақты экономикалық өсуін, мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету- мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.

«Аймақтар экономикасын мемлекеттік реттеу – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын, мемлекеттік және нарықтық реттеу бойынша сәйкес механизмдерді  қалыптастыру мен шаралардың тұтас кешенін қабылдауды талап ететін шешілуі  күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Аймақтарды дамыту және де мәселелерді шешу үшін келесідей факторларды атап өткен жөн. Олар келесідей:

  • табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану;
  • аймақтардың әлеуметтік-экономикасын жақсарту;
  • аймақтарды инновациялық технологиялармен жабдықтау;
  • аймақтардағы экологиялық мәселелерге жіті назар аудару» [1].

«Аймақтарды дамыту жолындағы факторларды жүзеге асыру барысында әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік билік органдарының да, жеке кәсіпорындар мен ұйымдардың да, сондай-ақ  жергілікті өзін-өзі басқару органдарының  да ат салысулары талап етіледі. Осымен байланысты аумақ экономикасын басқару механизмін жетілдіруді өзара байланысты және бірін-бірі өзара толықтыратын үш бағытта жүргізу көзделеді:

  • біріншісі – макродеңгейде  аймақ экономикасын басқару механизмін одан әрі жетілдіру;
  • екіншісі – мезодеңгейде тиімді аймақтық менеджмент механизмін қалыптастыру;
  • үшіншісі – жергілікті өзін-өзі басқару әдістерін жетілдіру.

 Аймақтық  саясатты жасақтаудың мәні аймақты басқару функцияларын бөлу қағидаларын, сонымен қатар нақты экономикалық механизмдерді  жасақтау болып табылады».[2]

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-1

1 Сурет. Аймақ мемлекеттік басқару объектісі ретінде

Ескерту- мәліметтер Аймақтық экономиканы басқару мәселері: оқу құралы/Г.С.Смағұлова-Алматы 2011ж., 57б.-алынды.

Қазақстан үшін аймақтық даму мақсаттары ретінде төмендегілерді атауға болады:

  • Әрбір аймақтағы халықтың тұрмыс-жағдайының деңгейін теңестіру;
  • Дағдарыстық аймақтардың құрылымдық қайта құру;
  • Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру;
  • Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету. [3]

Аймақтар дамуын басқару жүйесін жетілдіру үшін, ең алдымен, республикалық,облыстық және жергілікті деңгейдегі билік органдарының  бірлесіп әрекет ету мәселелерін шешу керек. «Жүзеге асқан жағдайда орталық пен аймақтар арасындағы қалыптасқан өзара қарым-қатынастардың тиімділігін айтарлықтай арттыруға ықпалын тигізетін бірқатар шарттар бар.

  • Бірінші және негізгі шарт- ҚР аймақтары өздерінің табиғи, экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік әлеуеті жағынан әртүрлі болғандықтан, орталық тарапынан аймақтарды басқаруға сараланған көзқарас қажет.
  • Екінші шарт- қатынасқа түсуші субъектілнрдің арасындағы экономикалық өкілеттіліктерді айқын бөлу, бұл, ең алдымен, орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктер, салықтық міндеттемелердің және әлеуметтік мәселелер аясындағы құзыреттерін шектеуге қатысты.
  • Үшінші шарт- аймақтардың экономикалық еркіндігін кеңейту, бірақ, ол аймақтық саясаттың толықтай ырықтандырылу нысанына еңбеу керек.

Аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі бағытының бірі – мемлекеттің әлеуметтік саясатын ұтымды жүргізу. Қазіргі таңда жүргізіліп отырған әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты ке­дейшілік деңгейін төмендету және қоғам­дағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайтуға бағытталып отыр. Аймақтарда экономиканың өсуі және бәсекеге қабілетті болудағы негізгі міндет халықтың әл-ауқатын көтеру, бірақ әлеуметтік мәселелерді шешу үшін әлеуметтік үдерістерді мына бағыттар бойынша мемлекеттік реттеуді күшейту қажет: табыстарды көтеру және елдің әл ауқатын арттыру.  Ең төменгі тұтыну бюджетін жасау мен пайдалану объективті үдеріс болып табылады, бұл ең алдымен тұрмыстың ең төмен деңгейі базалық әлеуметтік норматив ретінде адамның тірші­лік етуінің өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сай келуін көздейді». [4].

ҚР аймақтарының мәселелері, экономикалық көрсеткіштері, экономиканың әлеуеті мен дамуына байланысты келесідей ұсыныстар ұсынуға болады:

  • Астана және Алматы қалаларының дамыту бағдарламалары айқын белгіленген. Елбасының қаулысымен Астана қаласында өңдеуші өнеркәсіпті, инфрақұрылымды, ғылыми, мәдени, т.б, орталықтарын интенсивті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Ал, Алматы қаласында ҚР Үкіметі аймақтық қаржы орталығын құру концепциясы мен жоспарын бекітті. Сонымен қатар, бұл құжат аймақтық жұмсақ климаты мен әсем табиғатын ескере отырып, осы жерде туризм мен демалыс орындарына мықты инфрақұрылымын құруды қарастырады. Осының есебінен шағын және орта бизнесті кеңінен дамытуы, өңдеуші өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындарын әртараптандыру және жаңартылуы қажет.
  • Атырау және Маңғыстау облыстарында  әртараптандыруды жүзеге асыру мұнай өңдеуші, мұнай-химия кәсіпорындарын құрумен, ауылшаруашылығында кәсіпкерлікті дамыту мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын және орта кәсіпорындарды құрумен, сонымен қатар, көлік және байланыс инфрақұрылымдарын дамытумен байланысты. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында негізгі міндеті өңдеуші салалардағы өнеркәсіпті әртараптандыру. Бұл кәсіпорындар негізінен ғылымды көп қажет ететін, бәсекеге қабілетті түпкі өнімдерді шығаруға тиіс. Сонымен қатар, бұл өнімдерді өндіру басқа аймақтарда  жүзеге асырылу керек. Бұдан басқа, экологияны да қорғауға да көңіл бөлінуі керек.
  • Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік  Қазақстан облыстарында ауыл шаруашылығына қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындарды дамыту және бірқатар ірі кәсіпорындардың әлеуетін пайдалану бойынша шаралар жүзеге асырылуы керек.
  • Батыс Қазақстан және Солтүстік  Қазақстан облыстарын дамытудағы негізгі стратегиялық мақсат – бірінші кезекте әскери машина жасау кәсіпорындарын модернизациялау мен жаңарту.
  • Алматы, Қызылорда  және  Ақмола облыстарында негізінен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін шағын және орта кәсіпорындарды дамытуға көңіл бөлінуі керек. Бұл аймақтартарда өмір сүру деңгейі ең төмен болғандықтан, бұл жерлерде өнеркәсіп орындарын  құрудың жеке жобаларын дайындап, іске асыру қажет.
  • Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық  ұйымдастыруға  сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.
  • Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеушісі әсері инититутционалды құрылымдарды жүргізу, сыртқы экономикалық саясат, жалпы мекроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, акшалай-несиелік), әлеуметтік, экономикалық, кұрылымдық-инвестициалық саясаттарды жүзеге асыру және шаруашылық субьектілері арқылы жүзеге асырылуы қажет. Оларды шығаруда және  тәжірибелік түрде орындалуы кезінде жүзеге асырылатын шараларды интеграционды аймақтық тиімділікті ескере отырып, олардың аумақтық кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүдделеріне сәйкес ескерілуі қажет. [5]

«Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика «аймақтық ғылым» деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында «аймақ» дегеніміз — біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы» [4].

«Аймақтық экономикаға теориялық — әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред  Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан» [6].

«Аймақтық экономиканың басты міндеті бұл аймақтардың экономикалық дамуының старттық (ең басындағы) деңгейін, табиғи ресурстық әлеуетін, аймақтық, демографиялық, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді зерттеу.

Аймақтар экономикасының зерттеу бағыттарының келесілерін ажыратады.

  • Аймақтар экономикасына әсерлі үрдістерді зерттеу –аймақтардағы еңбек бөлінісін, аймақтағы шаруашылықтардың аумақтық ұйымдастырылуы, экономиканың құрылымдық өзгертілуі, халықаралық байланыс және өндіргіш күштердің жеке аймақтардағы жағдайы.
  • Нарықтық мамандандырылудың аймақтық ресурстарды ұтымды пайдалануына әсер етуі және аймақтық шаруашылық кешендердің қалыптасуы.
  • Басты дамытуға қажетті аймақтарды айқындау.
  • Депрессиялы аймақтарды анықтау және оларды дамыту бағдарламаларын даярлау» [7].

Қазіргі Қазақстанның экономикалық кеңістігінде көптеген әр түрлі шешілмеген мәселелер бар, даму деңгейі бойынша әртүрлі аймақтардан құралады. Қазақстанның әрбір аймағы өзіндік мәселелері мен ерекшеліктері мен оның әр қайсысын проблемалық аймаққа жатқыза беруге болмайды.

«Аймақтық экономикада өзекті мәселеге келесідей ұғым жатады. Проблемалық аймақ — бұл өзі әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жеке шеше алмайтын немесе жоғары әлеуетін пайдалана алмайтын, сондықтан мемлекет тарапынан белсенді қолдауды талап ететін аймақтар. Проблемалық аймақтар саны тым жоғары болмауы тиіс. Өйткені мемлекеттің олардың барлығын қолдауы тым тиімділігі төмен болады.

Әр түрлі ғылыми аймақтық институттардың мамандары көптеген аймақтарды жіктеуді ойлап тапқан. Олардың ішінде өте жиі қолданылатыны өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің ұсынылған әдістері.

Аймақтарды жіктеу әдісі негізгі 3 өлшемді қолданады:

1.Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі.

2.Даму динамикасы

3.Табиғи географиялық жағдайлары.

Аймақтардың экономикалық дамуын талдау әдістемесі бойынша негізгі 3 типтік проблемалық аймақ ажыратылады:

1.Артта қалған аймақтар

2.Депрессивтік аймақтар

3.Күйзелістік аймақтар» [8].

«Артта қалған, дамуы төмен аймақтарға елдің негізгі аймақтарымен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмен болып келген аймақтар жатады. Бұл аймақтардың келесідей өздеріне тән белгілері бар:

1.Шаруашылық жүргізу белсенділігінің төменділігі.

2.Өнеркәсіптерінің өндірістік құрылымы өзгерістерге икемсіз.

3.Ғылыми-техникалық әлеуеті әлсіз.

4.Даму деңгейі төмен әлеуметтік сферасының болуы.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады.

  • шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
  • индустриялық дамыған;
  • агроөнеркәсіптік;
  • дағдарыстық.

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық — әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстанның экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы  аймақ топтары үшін төмендегідей мәселелер кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

  • минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндірумен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық щикізат түрлеріне бай жерлерді интенсипті игеру;
  • отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрлымдарды құру;
  • ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мәселелерді (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа — ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары техногиялық ғылыми жетістіктер қажетсінетін өнріс құру үшн қолайлы экономикалық жағайлары және жоғары ғылми-өндісті әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурыстармен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мәселелер қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

  • шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
  • жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, элоктроника құралдары, автомобиль құрлысы жаңа материялдар, лазер технологиясын дамыту;
  • нарықтық инфрақұрлымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ- ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді  аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Олардың  әлеуметтік-экономикалық  дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тимді мамандандыруды жүзеге асыру;
  • ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалылығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңатехнология мен техникаларды енгізу және пайдалану,
  • тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материялдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа — қысылшаң (экстремальды) табиғи-климаттық, әлеуметтік -экономикалық және техника — технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрлымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған мәселелерден «арылу» үшін мемелекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

  • экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу;
  • осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материялдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
  • қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқада тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
  • шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
  • Аймақтағы дағдарыстың нақты белгілері мынадай:
  • өндіріс қарқынының төмендеуі;
  • халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
  • жұмысбастылыққа қатысты  жағымсыз  тенденциялардың  етек  алуы (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
  • демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызыметтер көрсету саласындағы мәселелердің күшеюі және т.б.» [9].

«Елді перспективалы аумақтың-кеңістікте дамытудың негізгі әдістері:

Аумақтық шоғырландыру.Сирек қоныстанған және инфрақұрылымдық игерілуі нашар, ауқымды аумағы бар Қазақстан үшін өндіріс пен халықтың шоғырлануы үлкен мәнге ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жаңару тиімділігі халық тығыздығы шаршы км-ге шамамен 40-50 адамды құрағанда жоғары болады. Осыған байланысты, Қазақстанның аумақтық дамуы жергілікті даму аумақтарына шоғырландырылып, олар арқылы ел мен оның өңірлері жалпы әлемдік шаруашылық процестеріне біріктірілуі тиіс. Еліміздің алдында аумақтарды сан-салалы дамытуға және өңірлерде қолайлы болатын «халықтың экономикалық тығыздығына» бірте-бірте қол жеткізумен «шоғырландырылған экономикалық кеңістіктің» ареалдары мен нүктелерін орналастыруға көшу міндеті тұр.Өсу полюстері ретінде жаһандық және өңірлік нарықтармен ықпалдасқан және елдің басқа өңірлері үшін даму қозғаушысы ретінде әрекет ететін неғұрлым серпінді дамитын қалалар мен өңірлер алынады.Полярлық даму саясатының ұзақ мерзімді жоспардағы мақсатына қазіргі заманғы инновациялық-индустриялық технологияларға негізделген экономиканы әртараптандыру жатады». [10].

«Аймақта қыс ұзақ, жаз қысқа келетіндіктен, әрі соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты мамандар егіншілікті тәуекелі көп салаға жатқызып жүр. Бұл ойды ғалымдар да қостап, ерте пісіп-жетілетін тұқым түрлері өнімділікті 20-30 пайызға арттырады. Осы ретте жаңа технологиялар мен ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, тұқым шаруашылығын жаңғыртудың, сұрыптарды таңдай білудің, орналастырудың маңызы зор, дегенді айтады. Бұл орайда, түпкі нәтижеге жетуге бағытталған кешенді шаралар атқарылып жатқанын айта кеткен жөн. Оның негізгілері– сұрып алмастыру мен жаңарту. Әзірленген 490 мың тонна тұқым стандартқа сәйкестендірілген. Көп жылғы тәжірибе бойынша топырақ құнарлылығына орай облыстағы орташа ерте пісетін тұқым топтары – 10-35, орташа пісетін – 65-75, орташа кеш пісетін тұқым топтары 10-15 пайызға дейін болу керектігі дәйектеліп, осы көрсеткіштерге жету мүмкіндіктері айқындалған. Вегетациялық кезеңі 72 күннен бас­талатын және жоғары өнім­ділік­ке ие «Омбы-35», «Памя­ти Азиева», «Астана» секілді ерте пі­сетін сұрыптар аудандас­тырыл­ған» [11].

«Инновациялық даму.

2020 жылға дейінгі негізгі мақсат инновациялық іс-әрекет үшін қолайлы экономикалық, қаржылық, фискалдық, кадрлық және инфрақұрылымдық жағдайлар жасау, елдегі инновациялық белсенділік деңгейін жоғарылату болып  табылады.

Инновациялық көшбасшы болу қалаларда шоғырланған басқарушылық инновацияларда да көрінуі тиіс.Отандық және шетелдік инновациялық технологиялар трансферті, білім және ноу-хауды жинақтауға бағытталған ұлттық инновациялық жүйе белсенді дамитын болады. Бизнестің инновациялық белсенділігін қолдаудың жаңа нысандары  мен тетіктері дами бастайды» [12].

Бүгінгі  таңда  аймақтардың  әлеуметтік   экономикалық  дамуындағы  алшақтықтарды, кризистік   құбылыстарды   және  бөлек   территориялардың  дамуы   жағынан  артта  қалуын   шешпей, саяси тұрақты  қоғам   мен   тұрақты  өспелі  ұлттық  экономика  құру   мүмкін   емес.

Кейбір   аймақтардың  экономикалық  артта   қалуының  және  бір  қалыпты  дамымауының  себебі   мынада:

— Қайта  өндірістегі   циклдік   кризистердің  жалғасуы, өндірістік  және   шаруашылық  құрылымдардың     бұзылуы;

—  Салалық  әртараптандырудың    төмен  деңгейі  және  сыртқы  рыноктарға  тәуелділігі;

—  Қазіргі    өндіріс   факторларының  жаңа  ғылыми техникалық  ресурстар  талаптарына  сай  келмеуі;

— Климаттық   және  табиғи  жағдайлардың,  экологиялық   апаттардың  болуы;

—  Жергілікті   халықтың   тарихи және  әлеуметтік   мәдени   ерекшеліктері  мен   демографиялық  тенденциялардың   төмен   болуы. [13]

Қазақстанның  әлеуметтік  экономикалық  дамуы, келешек өрлеуі    көбінесе  оның  аймақтарының, облыстарының  даму    деңгейімен   сипатталады.  Қазақстанның   әрбір  облысы   өзінше  қалыптасқан  күрделі, аумақты, өз   ерешелігі   мол  әкімдік-  шаруашылық  кешен.  Оның  көлемінде  көптеген   ірі-ірі  экономикалық   мәселелерді    шешу  әбден  мүмкін.  Облыстық  органдардың  орталықсыздандыруды   пайдалана  отырып   көптеген  мәселелерді  өз бетімен  бақылау  және  оны   тез  шешуге  мүмкіндігі   мол. Экономикалық,  әлеуметтік,  саясаттық  процесстердің  қандай  жағдайда  өтіп  жатқаны  туралы    мәліметтер  аумақты   шеңберінде  тез    пайдаланып    керекті  басқару   шешім   қабылданады.Бұл  экономикалық  бостандықтың  шешімі.

Қазақстанда   оңтайлы  құбылыстың  бірі  аймақтық басқару    бет    бұрыс жасалуы.

Мемлекеттің   әлеуметтік — экономикалық   саясаты   реформалардың  салмақ   орталығын  аймақтар   деңгейіне   дәйектілікпен  ауыстыру  және   жергілікті  басқару    органдарының    тиімді   өзара  іс-қимылын, аймақтық өзін-өзі  басқару  қағидаларын  дамыту арқылы жүзеге  асырылады.

«Аумақтық дамудың экономикалық тетігінің саралану деңгейі келесідей болады. Өнеркәсіптің негізгі сала өнімдерін өңдеуге маманданатын минералды ресурстардың стратегиялық түрлері бар аймақтар үшін, сондай-ақ, әскери-өндірістік кешеннің кәсіпорындары орналасқан жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар аймақтар үшін экспортқа бағытталған өнімдерді шығару мен тұтынылатын тауарлардың өсуін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың техникалық-технологиялық қайта қаруландырумен қоса, мемлекеттік ретттеу ідңстері аймақ экономикасын құрылымдық қайта үшін жағда йжасау мен жәрдемдесуіне бағдарлануы тиіс. Сонымен қатар, мелекеттік реттеу әдістері салық жеңілдіктері арқылы шетел инвестицияларын, ең алдымен, қысқа мерзім ішінде әлемдік деңгейге шыға алатын ,экономиканың барлық салаларын өндірістік аппарттарын техникалық-технологиялық қайта қаруаландыруға, жалпы аймақтық инфрақұрылымдарды қалыптастыру мен дамытуға, сыртқы сауданың дамуы үшін жағдай жасауға жіне елдің негізгі индустриалды әлеуетін сақтай отырып, ірі кәсіпорындарды жекешелендіруге қатысатын салаларға тартылуына көмектесуі тиіс». [14].

Аймақтық шаруашылық жүргізу ісінде күрделі қайта құру процесі жүруде. Ғылым мен практика аймақтың басқару жүйесін жетілдіру, аймақтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік реттеуін ұйымдастыру ісіне деген көзқарас қалыптастырудың оңтайлы жолдарын іздестіруде.

Нарыққа көшу барысында аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейлерінде айырмашылық шаруашылықтың аймақтық ұйымдастырылуындағы сәйкессіздектердің нәтижесінде тереңдей түсті. Нарықтың реформалардың мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарының барлық бағыттары бойынша біркелкілігі мен үйлесімдігінің жоқтағы реформалардың бірыңгай мемлекеттік саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Аймақтарды дағдарыстан шығудың жолдарын таңдаған кезде аймақтың басқару органдарының назарынан стратегиялық міндеттерді шешу қажетілігі тыс қалады, ал жалпы мемлекеттік деңгейде — шешім қабылдағанда аймақтық ерекшеліктері ескеріле бермейді.

Сонымен қатар экономиканы басқарудың аймақтық деңгейі нарық өзгешеліктеріне мүлдем дайын еместігін өмір дәлелдеді. Басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесі жағдайында кез келген аумақтың экономикасын одақтық, республикалық, салалық органдар басқару, ал аймақтың экономикасын тұтас басқару деген болмаған.

 «Аймақ дамуын басқару механизмінің әрекет етуінің негізгі міндетіне кіретіндер:

  1. ҚР экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық-құқықтық кеңістігінің тұтастығын сақтау.
  2. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық теңсіздігін қысқарту және біртіндеп жою.
  3. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі талаптарына сәйкестендіру.
  4. Барлық аймақтарда табиғатты ұтымды пайдалану мен адамдардың өмір сүру ортасын сақтауда қамтамасыз ету.
  5. Мемлекеттің унитарлық құрылымымен анықталған өкілеттіліктер шегінде аймақтардың дербестігін қамтамасыз ету».[15]

Қазақстанның әрбір аймағы өзіне тән табиғи ресурстарға, олардың қалыптасу ерекшеліктеріне, ұлттық немесе табиғи белгілеріне, өзінің шаруашылық құрылымына, экономикалық дамуы мен мамандандыру деңгейіне ие. Әрбір аймақ, бiрiншiден, мемлекеттің шаруашылық кешендерінің белгілі бiр орнын алса, екiншiден, басқа айналыммен бірігіп  бүтін экономикалық бірлік құрайды.

Қазақстан  аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді.

«Қазақстан экономикасының тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, елдің әр аймағындағы отын-энергетика, металлургия, мұнайхимия өнеркәсіптерін өркендету керек. Екібастұз, Майтөбе, Обаған алабын үрдіс игеру көмір өнеркәсібін орналастырудың құрылымын айтарлықтай өзгертеді. Мамандардың есептеуінше, болашақта барлық энергетикалық көмірдің 80% Солтүстік-Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл өңірдің энергетикалық көмірі негізінде елімізде құрылатын ірі энергетикалық база Қазақстанда өндірілетін электр қуатының 70%-ын береді. Осы база негізінде өнеркәсіптің электр қуатын қажет ететін салалары дамиды. Тасуға ыңғайлы Обаған көмірі республиканың басқа аймақтарына жеткізіледі, шетелдерге жөнелтіледі.

    Батыс Қазақстандағы көмірсутегі шикізатын игерудің болашағы зор. Бұл өңірден жылына 88-100 млн. тонна мұнай алуға болады. Осыған орай мұнда бұл өнімдерді өңдеп, мұнайхимия өнеркәсібін өркендетуге, жаңа кәсіпорындар салуға мүмкіндіктер көп. Қостанай, Соколов-Сарыбай, Лисаковск, Қашар кен-байыту комбинаттары да қара металлургияның аса ірі ошақтары. Шығыс және Орталық Қазақстан күкірт қышқылын өндіруді, Оңтүстікте фосфор өндірісін ұтымды ұйымдастыру арқылы аймақтық экономиканың тиімді құрылымын жасауға болады. Жоғарыдағы айтылған барлық өндірістердің, өндіріс әдісі бойынша өңірлердің жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2011 жылы 27 571 889,0 млн. теңге, 2012 жылы 30 346 958,2 млн. теңгені көрсетсе 2013 жыл 34 140 040,4 млн. тенгені құрады.Бұл жерде жыл сайын өнім көлемінің артқанын байқауға болады». [16].

Кесте 2. Өңірлер кескінінде өндіріс әдісі бойынша жалпы ішкі өнім, млн.теңге

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b52

Ескерту — мәліметтер Интыкбаева С. Ж

Финансовые проблемы регионального развития в Республик Казахстан.,2010ж,-56б. алынды.

«Ғылым ретінде аймақтық экономикада түрлі зерттеу әдістері қолданылады: бағдарламалы-мақсатты, салыстырмалы-географиялық, статистикалық, циклдық және шығындар әдісі.

Бағдарламалы-мақсатты әдіске  сәйкес мақсатты бағдарламаларды өңдей отырып, жоспарлау мен болжамдаудың алғашқы кезеңдерінде аймақ территориясында өндірісті орналастыру сызбаларын өңдеу барысында қолданылады.

Ол келесілердің қарастырылуын көздейді:

  • қандай да бір аймақтардың шаруашылығын дамыту деңгейлерінің нұсқаларын;
  • аймақтар бойынша территориялық экономикалық пропорция нұсқаларын;
  • жекелеген аймақтарды экономикалық дамыту құрылымдарының нұсқаларын.

Экономикадағы бағдарламалы-мақсатты әдіс бағдарламалардың көмегімен мақсаттарды ресурстармен байланыстырады. Әр бағдарлама «мақсаттар бұтағы» күйінде реттелген шаруашылықты дамытудың бір немесе бірнеше мақсаттарын жүзеге асыру бойынша шаралар кешенін қамтиды. Бағдарламалардың түрлі нұсқаларын бағалау мен таңдау арнайы тәсілдер арқылы (мысалы, бағдарламалы матрицалар) түрлі критериялар бойынша (шығындар минимумы немесе соңғы көрсеткіштерді жүзеге асыру барысындағы уақыт минимумы) жүзеге асырылады.

Салыстырмалы-географиялық әдіс үш негізгі құраушыларға жіктеледі:

  • аймақтық әдіс – территорияларды қалыптастыру мен дамыту жолдарын зерттеу; аймақтық дамудағы қоғамдық өндірісті дамыту мен орналастырылуын зерттеу;
  • салалық әдіс – географиялық аспектідегі экономика салаларының қалыптасуы мен қызмет ету жолдарын зерттеу; салалық шеңберде қоғамдық өндірістің дамытылуы мен орналастырылуын зерттеу;
  • жергілікті әдіс – жекелеген қала өндірісін қалыптастыру мен дамыту жолдарын зерттеу; оның алғашқы ұяшықтары бойынша өндірісті дамыту мен орналастырылуын зерттеу.

Статистикалық әдіс. 70-90 жылдары статистикалық мәліметтерді өңдеу әдістеріне арналған бірқатар еңбектер жарияланған болатын. Көп шамалы ақпаратты талдаудың кең таралған әдістерінің біріне факторлық талдауды немесе кластер-талдауды жатқызуға болады. Ол жасырын ауыспалылардың аз санына көшуден тұрады. Аймақтық зерттеулерде қолданылатын статистикалық модельдердің алғашқыларының біріне экономикалық база моделін жатқызуға болады. Ол 30 жылдары АҚШ ғалымы Г.Хойтпен қалыптастырылып, көптеген жылдардың ішінде АҚШ-ң 100-ден астам жекелеген аймақтық зерттеулерінде қолданылған болатын.  Экономикалық базаны талдау аймақтық экономикалық өсімді болжамдаудың жылдамдатылған әдісі болып табылады, мұнда жеңілдетілген өсім теориясы қолданылады және ақпаратқа деген қажеттіліктер минималды болып табылады. Алынған нәтижелер тек негізгі және қызмет көрсетуші секторлардың дамуын болжамдаудан ғана тұрады.

Циклдық әдіс. Локальды ұдайы өндіріс циклдеріне келесідерді жатқызу қажет:

— табиғи ресурстарды пайдалану;

— жанармай-энергетикалық цикл;

— химия-орманды циклы;

— инвестициялық-құрылыс циклы;

— агроөнеркәсіптік   цикл;

— ақшалай -қаржылық цикл;

—  өндірістік  инфрақұрылым циклы;

— институционалды-ақпараттық инфрақұрылым циклы;

— халық үшін азық — түлік емес тауарларды өндіру циклы.

Аталған циклдардың барлығы өз мақсаттары мен міндеттері бар дербес құрылымдар ретінде қарастырыла алғанмен, олар аймақтағы шаруашылық субъектілердің қызығушылықтарын оның даму міндеттерімен байланыстыра отырып, бір территорияда табиғи түрде өзара әрекеттеседі. Жалпыаймақтық мәселелердің бірқатарын шешуге ықпал ете отырып, олар инфрақұрылымдық қызмет көрсете  және халықтың өмір сүру деңгейінің артуын қамтамасыз ете отырып, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың нақты мүмкіндіктерін кеңейтеді. Аймақтың кешенді экономикалық және әлеуметтік дамуы, экономиканың құрылымдық қайта құрылу міндеттеріне жауап беретін пропорцияларды қалыптастыру, халықты әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау – осының барлығы аймақтық ұдайы өндіріс циклын басқару нәтижелері болып табылады.

Шығындар  әдісі. Аталмыш әдіс «шығындар-шығару» әдісі немесе салааралық балансты өңдеу әдісі деп те аталады. Аймақтық нұсқада «шығындар-шығару» әдісі түрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру мен тұтынудың кеңістіктік бөлінуін түсіндіруге мүмкіндік береді. Ол әр өнімге жалпы сұраныс пен оны шығарудың жалпы көлемі арасындағы теңдікті сақтау шартында әр саламен өндіріліп, тұтынылатын тауарлар мен қызметтер көлемін есептеу үшін қолданылуы мүмкін. Аталмыш әдіс соңғы сұраныстың өзгеруіне байланысты өндіріс көлемі мен құрылымын болжамдау үшін қолданыла алады. Аймақтық талдауда «шығындар-шығару» матрицасын қолдану сапалы жаңа деңгейде аймақтық ұдайы өндірістің жиынтық көрсеткіштерін қалыптастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді».[17]

Қазақстан 5 ірі экономикалық аудандардан құралады. Солтүстікте егін шаруашылығы, темір рудаларын және көмір өндіру, машина құрылысы, мұнай өнімдерін, ферроерітінділерін өндіру мен энергетика дамыған. Шығыс Қазақстанда түсті металлургия, энергетика, машиа құрылысы және орман шаруашылығы дамыған. Батыс Қазақстан  – тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ ТМД-ң да ірі мұнай-газ өндіруші аймағы. Ал Орталық Қазақстан шаруашылығының негізгі салалары – қара және түсті металлургия, машина құрылысы, мал шаруашылығы. Оңтүстік Қазақстанда мақта, күріш, жүн, астық, жеміс-жидектер, көкөністер өндіріледі; түсті металлургия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, балық және орман шаруашылығы дамыған. Өнеркәсіптің орналастырылуы пайдалы қазбалардың кен орындарына, ірі қалалар мен су ресурстарына байланысты. Тау-кен өнеркәсібінің жоғары деңгейде шоғырлануы экологиялық жағдайдың нашарлауымен байланысты, бұл әсіресе Шығыс, Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қалаларына тән.

Сурет 3.  Қазақстанның экономикалық аудандары

Аймақтық биліктің басты қызметтерінің бірі аймақ экономикасын реттеу.

Жалпымемлекеттік және аймақтық биліктердің өзара әрекеттесуі, сонымен қатар аймақаралық экономикалық қатынастардың түрлі формалары (мысалы, экономикалық ынтымақтастықтың аймақаралық ассоциациясы шеңберінде) ұлттық экономика жүйесіндегі аймақтық экономикалардың әрекет етуін қамтамасыз етеді.

Аймақтық шаруашылық кешен. Кез-келген аймаққа аймақтың шаруашылық (өндірістік) кешені сияқты материалды-өндірістік негізі құрайтын ішкі шаруашылық бірлік тән. Елдің ұлттық кешенінің ішкі жүйесі, бөлігі бола отырып, аймақтық шаруашылық кешен тығыз ішкі байланыстармен біріктірілетін кәсіпорындар мен салалардың қарқынды және тұрақты аймақтық немесе локальдық қалыптасатын үйлесімін білдіреді.

«Аймақтың өндірістерін, қорларын, экологиялық потенциалдарын, әлеуметтік мәселелерін тиімді шешу, сол жердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық жағдайларын жандандырады.

Нарық механизіміндегі шаруашылық, Республика ішіндегі аймақтардың шаруашылығының тәуелсіз экономикада қызмет етуін теңдестіру. Жалпы бұл мәселелерді кешенді шешу, қоғамның экономикалық және әлеуметтік ортасының деңгейін, яғни өмір сүру мен еңбек етуді, тұрғын үй, комуналдық және тұрмыстық жағдайларын, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениетін және т.б., қалыпты деңгейде жүргізуге, экономикалық қорлар потенциалын тиімді пайдалану және материалды – техникалық базаға тиtсілі байланысты болады.Елдің экономикалық құрылымы өндірістік күштердің орналасуымен, өндірістік және ғылыми потенциалдармен, сонымен қатар материалдық өндірістің әлеуметтік – экономикалық даму қарқындарымен өзара әрекеттеседі. Сондықтан да, өндіргіш күштерді орналастыру мен тиімді дамыту бұл мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып табылады және аймақтың потенциалын тиімді пайдалану мен мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шешуші міндет. Өндірістің тиімді орналасуы – халық шаруашылығымен және территориялық пропорцияларды жетілдіруге арналған база. Аймақта ғылыми ауқымды, бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды орналастыру арқылы халық шаруашылығын дамыта аламыз, олар қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын, талабына сай сапалы өнімдер өндіруге мүмкідік береді. Сондықтан, аймақтың өндіргіш күшін тиімді орналастыру экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге, сонымен қатар, мемлекеттің соның ішінде аймақтардың әлеуметтік – экономикалық дамуының, өркендеуінің, негізгі жолы болып табылады.Аймақтарда өндіргіш күштерді дамыту Президентіміздің Қазақстан халқына (Стратегия 2030) жолдауында жарық көрді, мұндағы стратегиялық жоспарлау міндетінде, салалардың, аймақтардың, және мемлекеттің талабына сай өндіргіш күштерді орналастыру мәселелерін шешу».[18]

Аймақтық статистика жалпы аймақтық өнім, халық саны, оның ішінде еңбекке қабілетті адамдардың саны, жұмыссыздар мен жұмысбастылар саны, жан басына шаққандағы орташа табыс, өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісі өнімінің көлемі, құрылыстағы мердігерлік жұмыс көлемі, көліктің жүк айналымының көлемі, бөлшек тауар айналым, бөлшек бағалар индексі, негізгі капиталға салынатын инвестициялар, бюджет кірістері мен шығыстары сияқты көрсеткіштерді қамтиды.

«Ақтөбе облысында 9,5 гектар алаңда  «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенінің құрылысын аяқталды.Биылғы жылдың сәуір айында ресми түрде пайдалануға беру көзделген нысан «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша қаржыландырылған ірі жобалардың қатарына кіреді.  Кешеннің жалпы құны  – 4,9 млрд. теңге,  оның  3,4 млрд. теңгесі инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде Холдингтің құрылымындағы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырылды.

Қуаттылығы жылына 5700 тоннаға дейінгі өнім шығаратын жобаны іске асыру аймақта жаңа жұмыс орындарын құруға ықпалын тигізеді, еңбек өнімділігін арттырады, сондай-ақ республиканың ішкі нарығында өзі өндіретін бәсекеге қабілетті жеміс-көкөніс өнімінің үлесін ұлғайтады.Бүгінгі таңда, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Жобаның шеңберінде кешеннің және барлық қажет металл конструкциясы құрастырылған, 100 000 ш.м. астам әйнек орналастырылған, электр кабельдері мен құбырлар жүргізілген және басқа жұмыстар жасалған.Бүгінгі күні  «ҚазАгро» ұлттық компаниясы тобымен жылыжай құру бойынша  жалпы құны шамамен 47 млрд теңгенің 41 жобасы қаржыландырылғанын атап өту керек. Оның жалпы алаңы 119 гектар және өндірістік қуаты 47 мың тонна болатын 36 жылыжайы іске қосылды. Бұл нысандарды іске қосу барысында 1464 жұмыс орны құрылды». [19].

Аймақаралық байланыстарды сипаттау үшін натуралды және жалпылама құндық өлшем бірлігіндегі өнімдер мен ресурстар ағындарының көрсеткіштері қолданылады. Аймақтар арасындағы өнімнің нақты түрлерінің қозғалысын сипаттайтын натуралды көрсеткіштер неғұрлым сипатты болып табылады: шикізат ресурстары, азық-түлік, машиналар мен құрал-жабдықтар (салмақтық өлшем бірлік пен дана бойынша), сондай-ақ еңбек ресурстары (жеке тұлғалар).

Аймақаралық байланыстардың негізгі формалары болып тауарлар және қызметтермен айырбас, халық миграциясы, қаржылық және ақпараттық ағындар табылады.

Тауарлар және қызметтермен айырбасты талдаудың қарапайым әдістері өнімнің экспорты мен импорты, тауар айырбасы коэффициенттерінің көмегімен жүзеге асырылады.

Ел аймақтарының өзара байланысының неғұрлым толық бейнесін алу мақсатында құндық көріністегі салалар бойынша ағындарды сипаттайтын аймақтық дамудың жалпылама көрсеткіштері қолданылады: жалпы аймақтық өнімнің динамикасы бойынша, ақшалай ағындар динамикасы бойынша және т.б.

«Аймақтар арасындағы өзара байланыстардың неғұрлым жалпы сипаттамасы үшін жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) деген көрсеткіш қолданылады».[20] Ол аймақтық экономиканың резиденттері болып табылатын институционалды бірліктермен есепті кезеңде өндірілген жалпы қосылған құн сомасы ретінде анықталады. Мұнда жалпы қосылған құнды есептеу әдістемесі көбінесе республикалық деңгейде қолданылатын әдістемеге ұқсас келеді. Жалпы қосылған құн есепті кезеңде өндірілген тауарлар мен қызметтер құны және осы уақыт кезеңіндегі өндіріс процесінде тұтынылған (аралық тұтыну) тауарлар мен қызметтер құны арасындағы айырманы білдіреді.

«ЖАӨ есептеу әдістемесінің ұқсастығы аймақаралық салыстыруларды жүзеге асырып, аталмыш көрсеткіш бойынша аймақтар рейтингін анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы аймақтық өнім көрсеткіштері (ЖАӨ) бойынша талдау бізге аймақтардың көшбасшылары мен қалыс қалушыларын анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, жағдайы жақсы өңірлердің жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім көрсеткіші жалпыреспубликалық деңгейден екі, тіпті кей кезде төрт есе көп. Оларға өндірістік жағынан дамыған, мұнайлы облыстар жатады: Атырау және Маңғыстау облыстары, Алматы мен Астана қалалары, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар облыстары.

Ал мұндай көрсеткіштер экономикасы тұралап тұрған аймақтарда жалпыреспубликалық көрсеткішпен салыстырғанда үш есе кем. Олар: Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары» [21].

«Салыстырмалы түрде біздегі өңірлердің 50 пайызы, яғни сегіз облыстың жан басына шаққандағы жалпыаймақтық өнім көрсеткіші жалпыреспубликалықтан әлдеқайда төмен. Яғни өңірлеріміздің тең жартысының экономикасы тұралап тұр.

Дәлірек айтсақ, 2012 жылдың  бірінші  жарты жылындағы Қазақстанның өндірілген жалпы аймақтық өнімінің көлемі 9 133 553,0  млн.теңгені құрады. Жалпы  аймақтық өнімді өндіруде жоғарғы үлесті Алматы қаласы (19,8%) иеленсе, ал төменгі үлесін  Солтүстік  Қазақстан облысы (1,8%) иеленіп отыр. Халықтың  жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім 569,6 мың теңгені құрады, оның неғұрлым жоғарғы үлестері Атырау (2 244,7 мың теңге), Маңғыстау (1 335,1 мың теңге) облыстары мен Алматы (1 287,9 мың теңге) және Астана (1 142,0 мың теңге) қалаларында байқалады.

Жалпы ішкі аймақтық өнім (млн.теңге, тг)

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-1

Ескерту- мәліметтер Аймақтық экономиканы басқару мәселері: оқу құралы/Г.С.Смағұлова-Алматы: Экономика,2011,96б. алынды

Аймақтық экономикалық жүйелер үшін макроэкономикалық индикаторлар кешеніне өндіріс пен ЖАӨ пайдаланылуын, бағалар деңгейінің өзгеруін (инфляция), жұмысбастылық пен инвестициялық белсенділік деңгейінің өзгеру қарқынын (банктік несие ставкасы), аймақтардың қаржы-шаруашылықтық іс-әрекетінің өзге жақтарын сипаттайтын көрсеткіштер енеді». [22]

Аймақтық дамуды орталықтан басқарудың басқа нысандары, атап айтсақ, нарықтық инфрақұрылымның түрлі элементтерін ұсыну;ақпараттық желілердің, консалтингілік қызметтің дамуына, белгілі бір аймақтың аумағында бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға ықпал ету; білім беру және басқа да қызметтер көрсету жолымен аймақтарға атаулы қолдау көрсету сияқты нысандар салыстырмалы түрде көп қолданысқа түсе бермейді. Жалпы алғанда, аймақтық механизм құралдарын тиімді қолдану орталық пен аймақтар арасында қаржылық-экономикалық өзара әрекеттің оңтайлы үлгісін табумен байланысты.

«Аймақ деңгейінде аймақтық менеджмент механизмі аймақтардың ресурстық әлеуеті мен дамуы мүмкіндіктерін толықтай пайдалану барлық аймақтарда бәрі бірдей емес болғандықтан, әр облыста әр түрлі дамиды, әйтпесе болмауы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, аймақтық мененджмент механизмін жетілдіру жолдарын ұсынуды жөн санаймыз. Жалпы мақсаттардан оның негізгі міндеттері келіп шығады, олар төмендегідей:

  • Аймақтың өндірістік қызметінің ауқымын және жалпы табысын арттыру;
  • Ұтымды мамандандыру және салалар мен қызмет аяларының оңтайлы түрін қолдану;
  • Аумақтық жоспарлау мен өндіргіш күштерді  орналастыруды жетілдіру;
  • Қолайлы инвестициялық климат жасау;
  • Кәсіпкерлік қызметті дамыту мен бәсекелестік ортаны құру үшін жағдайлар қалыптастыру».[23]

Аймақтық менеджмент аймақтық мүдделер айқын бейнеленіп, олар жалпы мемлекеттік мүдделермен үйлестірілгенде, оларды іске асырудың нақты қадамдары, тәсілдері мен әдістері айқындалғанда ғана белсенді әрі тиімді жүзеге аса алады.

Аймақтық менеджмент механизмін тиімді қолдану биліктің республикалық және аймақтық органдарының арасында функциялары міндетті түрде  бөлуді көздейді.

Сонымен, аймақтардың дамуын басқарудың маңызды міндеттерінің қатарына біздің көзқарасымыз бойынша, төмендегілерді жатқызуға болады:

  • Аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды «тегістеу», халықтың лайықты өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету;
  • Мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру арқылы біртұтас ұлттық экономиканың қызмет етуін қамтамасыз етуге бейімді әрекетті әлеуметтік-экономикалық механизмді құру;
  • Меншіктің түрлі нысандарын тең негізде дамыта отырып, көпукладты экономиканы, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.

«Аймақтар дамуын басқару бағдарламасы тиімді жүзеге асуы үшін ол әрине, ресурстар көлемімен сәйкес келуі, әрбір нақты жағдайға сай реттеуші шараларының бағдарламалары болуы, көзделген іс-әрекеттің орындалуын бақылауы тиіс. Осыған орай аймақтар дамуын басқару жүйесі қалыптастыру «жинағынан», ресурстар «жинағынан», жүзеге асыру «жинағынан» және бақылау «жинағынан» құралуы тиіс. Оны аймақтық басқаруды сызба үлгісі арқылы бейнелеп көрсетейік.

Аймақтар дамуын басқарудың қалыптастырушы «жинақ» элементтері біріге келіп мүмкіндіктің өзін, сонымен қатар аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің мүмкін болатын нысандары мен әдістерін, бағыттары мен объектілерін заңды арнаға түсіруі тиіс. Мұндай элементтер қатарына, ең алдымен, ҚР Конституциясы, билік деңгейлері мен тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлуді анықтайтын Заңдар, азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен соған сәйкес нормативтері (мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері), бюджеттік үрдіс пен салық жүйесі, меншік қатынастары мен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру болып табылады.

Аймақтар дамуын мемлекеттік басқарудың ресурстық «жинағы» көздеген міндеттерді шешу үшін бөлуге болатын мемлекеттің табиғи, қаржылық,материалдық ресурстарының бөлігін, сондай-ақ мемлекеттік емес ресурстарды (жеке тұлғаның қаржысы, сыртқы қарыздар және т.б.) құрауы тиіс. Ресурстармен қамтамасыз етудің басқа да бірнеше шарттары бар болғандығына қарамастан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеудің маңызды шарты болып табылады.

Басқарудың жүзеге асырушы «жинағы» құрылымы жағынан санқырлы және қалыптастырушы «жинақпен» рұқсат етілген, белгілі бір дәрежеде ресурстық «жинақпен» қамтамасыз етілген көптеген нақты әрекеттерді, механизмдерді қамтиды.

Аймақтар дамуын басқарудың бақылаушы «жинағы» жүзеге асырылатын шаралардың (мейлі ол ауқымды мақсатты бағдарлама болсын, трансферт немесе қандай да бір жағдайға байланысты шешім болсын) барысын жан-жақтылы және үнемі қадағалауды білдіреді. Мұнда қабылданған шешімдерді және олардың орындалуын бақылау аса маңызды болып табылады» [24].

«Мемлекеттің аймақтық саясаты аймақаралық ерекшеліктерді жоюды, экономикалық қызметті тең жағдайлармен қамтамасыз етуді, аймақтағы экономикалық өсуді ынталандыруды қамтиды.Нарықтық механизмдер аймақтық саясат тиімділігін, халықтың өмір сүру деңгейлердегі аймақтық ерекшеліктерді көбіне ескере бермейді. Осы кезге дейін қолданылған қаржылық реттеу механизмдері мен әдістемелері аймақтық сараланудың азаюына жол бермей қойған жоқ, керісінше оның күшеюіне әсер етті. Ағымдағы жедел мәселелерді шешуде трансферттер бөлуді қолдану өз кезегінде, экономикалық өсудің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру мен жергілікті бюджеттердің тапшылығын төмендетуге маңызды әсер етпеді.Соның өзінде стратегиялық мәселелерді дотация және мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру механизмдері арқылы шешуге талпыныс жасалынды» [25].

Аймақтық экономика моделін табысты енгізу үшін, әсіресе ,көмір,алтын,никель, молибден, мыс және т.б. тау кен өндірісін дамытуға себеп болатын қазба байлықтарының қорын анықтау қажет. Салалардың көпшілігінде 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда оң нәтижелер байқалды: жаңа кәсіпортындар ашылды, қызметкерлерлердің айлық орташа жалақысы бюджет саласындағы сияқты, нақтылы секторда да өсті, жұмыссыздық деңгейі едәуір  төмендеді. [26]

Сонымен, аймақ экономикасын  басқару аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жалпы мемлекеттік мүдделерді жүзеге асырудың негізгі буыны болып табылады. Аймақтар дамуын басқарудың ұтымды жүйесін қалыптастыру және оны жүзеге асырудың механизмдерін жасақтау түптеп келгенде тұрақты экономикалық өсудің кепілі бола алады деп қорытынды жасауға болады.

Қорытынды

Аймақтық экономиканың дамуын басқару мәселелерін қарастыру нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізуде аймақтық ерекшеліктерге баса назар аудармаса, жүргізілетін аймақтық экономикалық саясаты айтарлықтай табысты болмайды.

Аймақтар экономикасын басқарудың маңызды міндеттерінің бірі жеке аймақтардағы халықтың өмір сүру деңгейіндегі айырмашылықтарды жою болып табылады. Бұл міндетті орындау үшін аймақтардың экономикалық даму деңгейі мен ерекшеліктерін ескере отырып, жеке аймақтардың  дамуының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру үлкен мәнге ие болмақ.

Қорыта келгенде, аймақтық экономиканың дамуын басқаруды жетілдіру үшін:

  1. Орталық пен аймақтардың бюджеттік өкілеттіліктерін шектеу саясатын жалғастыру керек.
  2. Аймақтарға көмек көрсетудің негізгі қағидалары келесілер болуы тиіс: жалпыреспубликалық еңбек бөлінісіндегі аймақтардың перспективалары мен оның анықтау, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасайтын шаруашылық  құрылымын құруға орталықтанған қаржылық құрылымдарды бағыттау.
  3. Мемлекеттік басқару органдарынан жергілікті органдарға әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды беру кезінде олардың қаржыландыру көлемі азаймауы тиіс.
  4. Бюджетті әзірлеу барлық облыстар мен аймақтардың өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылуы керек.

Ең негізгі бағыт- орталық пен аймақтар арасындағы қаржылық экономикалық өзара қатынас жасаудың оңтайлы моделін табу.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бекенова Г.Ы. Аймақтар экономикасы. Оқу құралы. – Алматы, 2010.-85б
  2. Аймақтық экономиканы басқару мәселері: оқу құралы/Г.С. Смағұлова-Алматы: Экономика,-2011.-57б.
  3. Қазақстан экономикасын басқару негіздері:оқу құралы/К.Б. Бердалиев-Алматы:Экономика,-2008.-99б.
  4. Жергілікті басқару және оның өзекті мәселелері:оқу құралы/А.К.Танкиева.-Алматы:Экономика,-2007.-192 б.
  5. Асан Д.С. Экономиканы тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің механизмдерін жетілдіру/Автореферат,-2010ж.-154б.
  6. Əубəкіров Я, Жатханбаев Е., Нəрібаев К. жəне т.б. Экономикалық теория, Оқулық, Алматы, «Санат», 2008,-338б.
  7. Аглешов К.Экономические основы системы местного самоуправления. //Экономика и статистика.-2012.-№1.-с.39.
  8. Ашимбаев Т.А. Экономический потенциал и эффективность его использования //Алма-Ата: Наука, 2011 г,- 360 б.
  9. Аглешов К. Финансово-экономическая модель местного самоуправления в Республике Казахстан. //Саясат.-2013-№4-с.37.
  10. Әубәкірова Ж.Я., Құдабаева Ж.М. Аймақтық экономика. Оқу құралы. – Алматы, 2014.
  11. https://egemen.kz/article/serpin-tanytatyn-sat
  12. Қорғасбеков Д.Р. «Білімге негізделген экономика жүйесіндегі инновациялар» Ғылыми-тәжирибелік конференциясының материалдар жинағы. — Алматы қ., 2015.
  13. Асанов Н.А., Қалдияров Д.А., Минажева Г.С. Организация образовательного процесса на основе кредитной технологии.-Алматы: Қазақ университеті, 2009.-56б.
  14. Бибатырова И.А. Региональная экономика и управление. Учебное пособие. – Алматы, 2012. – 220с.
  15. Кусаинов Х.Х., Әжмұрат Н.Т. Аймақтық экономика және басқару: оқу құралы/
  16. Кусаинов Х.Х., Әжмұрат Н.Т.-Алматы: Бастау баспасы,-2013
  17. Интыкбаева С.Ж Финансовые проблемы регионального развития в Республик Казахстан.,-2010ж,-56б.
  18. А.В.Сидорович .,Ә.Ә.Әбішев. Ұлттық экономика: оқу құралы/.-Алматы: «Дәуір» баспасы, 2011ж.,-112б.
  19. http://www.izden.kz/referattar/kazakstan-tarihy/169
  20. https://aikyn.kz/2017/03/29/8345.html
  21. Айтаханов Е. Қазақстан Республикасының аймақтық дамуының жоспарлау процесстерін басқару проблемаларын / Е .Айтаханов // Вестник, Әль-Фараби ат.КазГУ . Сер.экон.-2010.-12б.
  22. Бердалиев К. Қазақстан экономикасының басқару негіздері/ К.Бердалиев .-Алматы:Экономика, 2011ж.-148б.
  23. Аймақтық экономиканы басқару мәселері:оқу құралы/Г.С.Смағұлова-Алматы: Экономика,2011,96б.
  24. Мамыров Н.К. Қазақстан жағдайындағы мемлекеттік реттеу : оқу құралы/ Н.К Мамыров, Ж.Ихданов.-Алматы: Экономика, 2008ж.-248б.
  25. Байгісиев. М.Ә.Т. Халықаралық экономикалық қатынастар.-Алматы, 2012ж.-114б.
  26. Жалпы экономикалық теория.Оқулық.Ө.Қ. Шеденов-Ақтөбе,А-Полиграфия,2004-280-287 беттер.
  27. https://www.elarna.com

Құрастырғандар: Ерниязова Г., Тәжімұрат Г.

Яндекс.Метрика