ӘЛЕМ БОЙЫНША ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРТАЮ ПРОБЛЕМАСЫ
Біз жаңа ғасырдың тек алғашқы он жылдығын ғана артқа тастадық. Осыдан дәл жарты ғасыр бұрын адамзатқа төніп тұрған қауіп жайлы сөз болған еді. Бір атап өтетін ерекшелігі — аталған қауіп адамдардың өзімен байланысты болып келеді. Яғни, ғаламдық проблема адамдардың белсене әрекет етуінен, немесе керісінше әрекетсіздігінен туындайтын нәтиже. Бүгінде ештеңе өзгерген жоқ, адам баласы әдеттегіше үлкен мәдениеттің жойылуына, тіпті планетамызда өмір сүрудің жоғалуына қауіп тудыратын ғаламдық проблемамалармен бетпе-бет келуде. «Ғаламдық» терминінің өзі латын сөзінің «глобус», яғни Жер деген мағынасынан шыққандығы белгілі. Ғылыми-техникалық революцияның теріс әсерлерін алдын-ала болжау қабілетсіздігі экологиялық немесе әлеуметтік залалға алып келуі әбден мүмкін.
Жер шарының көптеген жерлеріндегі қалыптасқан жағдайды қазіргі таңда экологиялық апат деп те атай аламыз. Мұнымен шектелмей дәл осындай жерлердің саны күн санап өсуде. Бүгінде біз өкінішке орай, Ғаламдық үлкен апаттың босағасында тұрмыз. Дәл осы мәселеге байланысты барша адам баласы бір жұдырыққа жұмылып, бірге қоршаған ортаның сақталуы мен қайта қалпына келуі үшін әрекет етпесе, адамзат тарихының ғұмыры ұзаққа бармасы анық.
Осы тұрғыдан біз болашағымыз тікелей байланысты екі мәселеге назар аудармай келеміз. Біріншіден, адамзат тибиғаттың негізінде өмір сүріп, дамиды. «Су ішкен құдығыңа түкірме» деген халық даналығы да осы ретте дәл айтылса керек.Екіншіден, жер бетіндегі тіршіліктің дамуы үшін қарсыласу емес, керісінше көмек пен түнісушіліктің маңыздырақ екенін ұмытпағанымыз жөн. Тек бірліктің арқасында бір нәтижеге қол жеткізіп, үлкен миссияны атқару баршамыздың қолымызда.
Енді жеті миллиард халық қандай мәселерге байланысты бірігіп, шешімін табу керек екендігін саралап көрелік.
Бұл түсініктің әр түрлі анықтамасы болғанымен, олардың барлығына ортақ қасиет — шешімі әлеуметтік прогресс немесе регресс тудыратын проблема болуында.
Ғаламдық проблемалар қоғамның объективті түрде дамуының нәтижесінде пайда болады. Оның ең басты қасиеті – бүкіл әлемдік сипат алуында. Олар адамның қажеттілігінің өсуінен, шаруашылықпен айналысу масштабының кеңеюімен және де әлеуметтік-экономикалық модельдердің даму кризисінен туындайды.
Кейбір деректер мен анықтамалар бойынша ғаламдық проблемалар 5 топқа бөлініп қарастылады. Солардың бірі – әлеуметтік проблемалар. Бұл топқа жататын негізгі мәселелер демографиямен байланысты болып келеді. Яғни, тұрғындардың қартаюы, дамыған мемлекеттердегі халық санының аздығы т.б.
Қартаю қазіргі үлкен мәселелердің қатарында. Бұл проблеманың негізгі толқыны Еуропа десек қателеспейміз. Себебі, Еуропада жастарға қарағанда егде адамдардың саны әлдеқайда жоғары. Бұл қалыптасқан жағдай көптеген факторлардың әсерінен туындап отыр. Бір жағынан, сол мемлекетте өмір сүріп жатқан халықтың когнитивті ойлауымен байланысты болса, екінші жағынан экономикалық кейбір мәселелерге де келіп тірелуі мүмкін. Мысалы баспана, жалақы, материалдық мәселелерді атауға болады. Бұл жерде адамдардың жеке бас амбицияларын да есепке алмауға болмайтын дүние.
Қазіргі таңда көптеген еуропалықтар алдымен, материалдық құндылықтарға баса назар аударып, финанстық жағдайларын жақсартуға ұмтылатыны белгілі. Ал, бұл процесс біршама уақытты қамтитыны тағы бар. Қалыптасқан жағдайдан байқайтынымыз, халық ерте жастан тұрмыс құрып, балалы болуға құлшыныс білдірмейді. Дәл осы айтылғандарға негіздеме жасайық: әлемде әрбір секунд сайын екі адам өзінің алпыс жылдық туған күнін тойлайды екен. Әрине, адамдардың ұзақ өмір сүруі денсаулық сақтау қызметтерінің жақсаруы, медицинаның интенсивті түрде дамуы, білім алу мүмкіндігінің арта түсуі сияқты біршама қуантатын себептермен байланысты бола тұра, бұл процесстің адамзат дамуына әкелер залалы да аз емес. Жағдайға экономикалық тұрғыдан келер болсақ, қартаюдың әсерінен әлеуметтік бюджет пен зейнетақы құрылымын қалыптастыруда және де қалыптасқан жағдайға байланысты қайта құруда үлкен проблемалар туындауы мүмкін.
Адамдардың зейнетке шығып, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуі мен жұмысқа қабілетті адамдардың санының аздығы параллельді түрде жүзеге асып отырады. Ал мәселе экономикалық тепе-теңдікті сөзсіз бұзары анық. Яғни, азаматтардың көбі жұмысқа жарамсыз болып, жұмыс күші азаю қаупі тұр. «Әлемде қартаю бойынша ең алғашқы орында жапон халқы»/1/. «Олардың орта есеппен алынған жас мөлшері 45,9% құраса , соның 32,3% қарт адамдар»/2/. Жапониядан кейін бұл тізімді Ұлыбритания жалғап кетеді.
Қартаю процессінің кері әсерлеріне қарамастан, әлем халқына жағдайды өзгерту мүмкіндігі әлі де бар екенін ұмытпауымыз керек. Яғни, мәселені шешу мақсатында жұмыла отырып әрекет еткен абзал. Оның бірден-бір шешімі – ертерек балалы болу деп есептейміз. Бұл бір жағынан демографиялық жағдайға жақсы жағынан әсер етсе, екінші жағынан адамдардың жас ерекшелігіне байланысты тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі.
Пайдаланған әдебиеттер:
- https://ru.wikipedia.org/wiki/%C4%EE%EB%E3%EE%E6%E8%F2%E5%EB%FC
- https://ru.wikipedia.org/wiki/Демографическое_старение#.
Құрастырған: Ебелекбаева Қарлығаш