ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРС РЕТІНДЕ
Мазмұны
Кіріспе
Әлеуметтік желілер ақпараттық ресурс ретінде
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қоғам өмiрiнде ақпарат ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан берi осылай болып келедi және бола бермекшi. Адам ақпаратты қабылдау, оны өңдеу және басқаларға тарату қызметiн әрдайым атқарып отырады. Егер ерте замандарда бұл аңшылыққа, жер өңдеуге байланысты болса, бертiн келе ауыз әдебиетi дүниеге келiп, аңыздар, ертегiлер ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн болды. Кейiн жазу фольклордың орнын алып, ақпарат алмасу жеңiлдедi. Адамдардың ой-өрiсi, бiлiмi дамып, ақпарат олардың танымының ажырамас бiр бөлiгiне айналды. «Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Атап айтсақ, бұл жазудың, кiтап басудың(XVI ғ. ортасы), электр жарығының (XIX ғ. аяғы) және де микропроцессорлық технологияның (XX ғ. 2-шi жартысы) пайда болуына байланысты едi.Ал, микропроцессорлық технологияның арқасында компьютер, компьютерлiк желiлер және жүйелер жарыққа шықты. Ал, компьютердiң қазiр өмiрiмiзде қандай орын алып отырғанын бiлемiз.
Тағы бiр айта кететiн мәселе, ақпараттық қоғамның өзiндiк ерекшелiгi — адамдардың 50 %-нан астамы ақпараттық қызмет саласына жұмылдырылады.»[1.]
Бұл қоғамда тек өндiрiс қана өзгерiп қоймай, сонымен бiрге жалпы өмiрдiң сипаты мен құндылықтар жүйесi басқадай түрге енедi. Индустриялық қоғамда тауар өндiрiлiп, ол пайдаланылса, ақпараттық қоғамда адамның ақыл-ойы мен бiлiмi басты рөл ойнайды. Яғни, бұл дегенiңiз творчестволық қабiлетке, зердеге және оқып-бiлуге ынта мен қажеттiлiк жоғары деңгейде болады деген сөз. Осы қоғамның материалдық және технологиялық базасы болып компьютерлiк техника мен компьютерлiк желiлер, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялық байланыс негiзiндегi түрлi жүйелер қалыптасады. Сонымен қатар, өзiндiк ақпараттық инфрақұрылым түзiледi. Оның негiзiнде озық электрондық техника көмегiмен кешендi түрде ақпарат өндiрiледi, өңделедi, сақталады және пайдаланылады.
Әлеуметтік желінің ақпараттық ресурс ретіндегі рөлін,оның күнделікті өмірдегі қолдануын,әлемдік деңгейіне дейін зерттеу болашақта тек ақпараттық мәселені ғана қарастырып қоймай,мемлекеттің экономикасына,дамуына және ақпараттық қауіпсіздігіне жол ашады. Қазiргi заманда барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпараттық қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде.
Тіпті жас сәбидің өзіне мәлім, қазіргі заман технология заманы, ал технология заманының негізі — ақпарат. Яғни, әлеуметтік желі арқылы ақпараттық ресурстарды қалай оңай, тез және қауіпсіз алуға болатыны ойластырылуда. Қазір желілердің еліміздегі қолданысы бәріне мәлім, әлі толық жетіле қоймаса да, алдыға біршама нық қадам басуда.
Әлеуметтік желілердің ақпараттық ресурс ретінде қолданылуы XXI ғасырдың өзекті мәселесі болып табылады. Оны тиімді қолдана отырып, болашақта табыс көзіне айналдыру, әлеуметтік және рухани байлыққа иемдену,мемлекет пен қоғамды жетілдіру сияқты мәселелер қарастырылуда.
«ХХ ғасырдың аяғында ақпарат аса маңызды орын ала бастады. Кез-келген салада жетiстiкке жету үшiн ол сала туралы дәл және соңғы ақпараттың қажеттiгi көп кездеседi. Және оның соңғылығы маңызды рөл атқарады. Қазiргi сәтте әртүрлi ақпаратты алудың және берудiң ыңғайлы жолы бүкiл әлемдiк Internet компьютер желiсi болып табылады. Internet ақпараттың технологилар саласында революция жасады деп айтуға болады. Келесi ғасырдың жаңа технологиялары осы революцияның негiзiнде құрылады.
Internet бiр ережеге бағынып жұмыс iстейтiн көптеген компьютерлiк жүйелердi бiр бүтiнге бiрiктiретiн бүкiл әлемдiк компьютерлiк жүйе. Internet коммерциялық ұжым болып табылмайды, ол ешкiмге бағынбайды. Оның дүние жүзi елдерiнде 15 миллионға жуық абоненттерi бар. Әр ай сайын желi көлемi 7-10%-ке көтерiлiп отырады.»[2.]
Бұрын желi тек тек қана файлдарды және электрондық почтаның хабарламаларын беру ортасы ретiнде ғана қабылданып келсе, қазiргi күнде қорға жетудiң жаңа мүмкiндiктерi қарастырылуда. Екi жыл бұрын ақпараттық қорларға, электрондық архивтерге жету және iздеумүмкiндiгi бар қаптамалар ойлап табылған болатын.Компанияларды жылдамдық, арзан бүкiләлемдiк байланыс, бiрiгiп жұмыс iстеудiң ыңғайлылығы, Internet-тiң ерекше дерек қорлары қызықтырады. Олар бүкiләлемдiң желiнi өздерiнiң меншiктi жергiлiктi желiлерiне қосымша ретiнде қарастырады.Шындығында Internet өзара әртүрлi байланысқан және әртүрлi компаниялардың меншiгi болып келетiн жергiлiктi және бүкiл әлемдiк желiлерден тұрады. Internet-тiң бiр-бiрiне файлдарды, хабарламаларды жiберiп, тығыз байланыста жатқан әр түрлi көлемдегi шағын желiлерден құралған мозайка ретiнде қарастыруға болады.
Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.
«Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі — Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады.Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur.kz сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge.kz, Ilike.kz, on.kz, www.kazlife.com, Zhelide.kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide.kz сайтына келетін болсақ, Желіде.кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уақыт ішінде 10000-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары көрсеткіш болып есептеледі.»[3.]
«1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл алғашқы қадамдары еді.Келесі кезең, алғашқы «on-line» сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге арналған чатты жасаған бірінші компания «CompuServe» болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі кемшілігі болды.
Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды. Файлдарды жіберетін және чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы «MultiUser Talk» программасын алмастырған IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы «Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін «IRC»-дің кең танымла болды. «IRC» – дің негізгі кемшілігі — шектеулі қолдану болды.» [4.] Әлеуметтік желілердің пайда болуының басты себебі, ол әрине, адамдардың бір-бірімен әңгімелесуді қалауы.Бұрындары адамдар әңгімелесу үшін бір-бірімен кездесетін. Ер жігіт қызбен танысқысы келсе, көшеде танысып, серуендеуге шақыратын, киноға, театрға апаратын. Ал бүгінгі күні жастар қалай танысады? Таныс емес адамдарды, әлеуметтік желідегі парақшасына қосып танысады.Интернеттің пайда болуымен және таралуымен барлығы өзгере бастады. Достарыңмен тілдесу виртуалды әлемге көше бастады. Бұл дұрыс па, бұрыс па, әркім өзі шешеді. Соңғы кездері адамдар бетпе-бет кездесуден гөрі әлеуметтік желілерде тілдесуді қалайды.Әлеуметтік желілердің пайда болуы мен дамуына не түрткі болды? Әрине тез дамып келе жатқан интернет.«Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан«Classmates» болып табылады. Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың мақсаты, сыныптастарды және мектептегі достарды табуға мүмкіндік жасау. Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелерінің және сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. «Classmates» әлеуметтік желілердің пайда болуына түрткі болды. Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.Бүгінгі күні, біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан «SixDegrees»-деп айтуға болады. Әлеуметтік желінің мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді.
2004 жылы Марк Цукерберг «TheFacebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005 жылдан бұл желі «Facebook» деп атала бастады. 2008 жылы «Facebook» әлеуметтік желісі әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. Бүгінгі күні «Facebook» әлем бойынша «Google»-дан кейін ең көп танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.2006 жылы Джек Дорси — «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді.»[5.]
Қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңін оқып отырып, еріксіз таңданасың.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды, – деп келетін жолдары бар. Өлеңін нақ бір қазіргі технологияның мүмкіндігіне тамсанып жазып отырғандай.Рас, қазір үйде отырып-ақ әлемнің кез келген түкпіріндегі адаммен әп-сәтте хабарласа аласыз. Байланыстың түрі де көп. Телефонмен, интернет арқылы, тіпті бейнебайланыс арқылы өзімен тікелей сөйлесе бересіз. Бұл бүгінгі технологияның адамзатқа сыйлап отырған мүмкіндігі. «Бұрын ұялы телефон, интернет болмаған кезде адамдар қалай өмір сүрген а?!» деп таңданып қоятынымыз бар. Иә, жұмысымызды жеңілдеткен технологияның мүмкіндіктері мол. Бірақ біз олардың көлеңкелі тұсына мән бермей жүрміз.Ұялы телефонның зияны жайында көп айтылып келеді. Жиі қолданатын адамды ми ісігіне ұшыратуы мүмкін деген сияқты қорқынышты мәліметтерді ғалымдар алға тартуда. Ал интернеттен келетін қауіп – одан да қорқынышты.
Қазіргі таңда интернет жастардың басты ермегіне айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде қосылып алып, өз алдына виртуалды әлемде жүретіндер көбейді. Сөздің, достың қадірі жоғалып барады. Әлеуметтік желілерде байланыс орнатудың түрі көбейген сайын оған қызыға түскендердің қатары артуда. Әлеуметтік желіде мың досы бар жандардың шынайы өмірде сыр бөлісе алатын жалғыз жолдасы да жоқ. Оған өкінбейтіндері де кем емес. Виртуалды әлемді өзі танымайтын, өзі көрмеген досының мақтауына семіріп, өзін керемет жан сезінетіндер жұртпен араласудан қалып барады. Қалай сөйлесу керектігін де ұмыта бастағандай.
Әлеуметтік желі деген де ауру-дың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Көбінесе жастар ешкім кедергі келтірмесін деген оймен интернетке, әлеуметтік желіге түнде көбірек қосылады. Соның салдары-нан күндіз меңіреу, селқос жанның күйіне түседі. Ұйқысы қанбай, күн тәртібі бұзылады. Уақтылы тамақтануға, жеке гигиенаға көңіл бөлуге де уақыт жетпейді. Интернетке бір күн қосылмай қалса, әлемнің үлкен жаңалығынан құр қалғандай мазасыздана бастайды, тіпті қолы немесе аяғы жоқ жарымжан адамдай күйге түседі. Әрине, көпшілігі компьютер немесе ұялы телефонға ұзақ телмірудің денсаулыққа зиян екенін біледі. Бірақ оны қолданудан бас тартатындары өте сирек. Керісінше, интернетке тәуелділік артып барады.
Әлеуметтік желіге тіркелгендер көп жағдайда өзі туралы мәліметті ашық жаза береді. Ал мұндай мәліметті қылмыскерлер пайдаланып кетуі ғажап емес. «Ертең мен ауылға кетемін, дүйсенбіде кездескенше, достар!» деп парақшасына жазып кеткен бір аңқау жігіт ауылдан оралса, үйін тонап кетіпті. Дүние кетсе мейлі, өмірімен қоштасып жатқандар да жоқ емес. Әлеуметтік желі арқылы өзіне ұқсайтын жалғызбасты әйелді тапқан қылмыскер онымен достасып алған. Кейін әбден сеніміне кіріп алған соң үйіне барып өлтіреді, аты-жөнін, дүние-мүлкін иемденеді. «Статистикалық мәліметтерге сенсек, жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады екен.»[6.]Иә, интернет – қауіпті. Жеке азаматтарға төніп тұрған қауіп өз алдына, бір ғана адам бір мемлекеттің тағдырына ықпал ете алады. Мысалы, Мысырдағы бас көтерулерге қатысы бар деген айыппен Google компаниясының топ-менеджері Ваэль Гоним тұтқындалған. Әлеуметтік желіде бас көтеруге шақыратын парақша ашып, толқуларға ықпал еткенін оның өзі де мойындаған. Бұл айыптының анықталғаны. Ал оның анықталмағаны қанша?Өкінішке қарай, интернетке қосылудың түрлі тәсілі пайда болған бүгінгі күнде арандатушылық бағытта парақша ашқандарды қолға түсіру немесе оларға шектеу қою оңай шаруа емес. Арам ойын асырғысы келгендер кез келген нүктеден қосылып, ойына келген сөзді әлеуметтік желілер арқылы таратып жіберуі мүмкін. Ізін жасыру үшін бөтен адамның атымен тіркелу, біреудің құпиясөзін бұзып кіру, бақылау орнатылмаған интернет орталықтарынан қосылу секілді тәсілдерге жүгінеді.Мына бір дерекке қараңыз: «Сирияда әскери шиеленістерге қатысқан сарбаздардың 2 мыңнан астамын олар әлеуметтік желі арқылы түрлі елдерден жинап алған екен. Өкініштісі сол, оның ішінде қандастарымыз да бар көрінеді. 2013 жылдың қазан айында «YouTube» сайтында Сирияға жиһадқа барған қазақтар екенін мәлімдеп отырған адамдар жайында бейнеролик жарық көрді. «Шам жеріне жиһадқа келдік» дейді олар.» [6.] Олар расымен Қазақстан азаматтары ма? Сирияға бүкіл отбасыларымен қалай өтіп кетіп жүр? Бұл сұрақтар жауапсыз қалды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Сирияда түсіріліп алынған және интернет желілерінде таратылған бейнематериалдардағы адамдардың Қазақстан азаматтығына қатысы бар екенін растаған жоқ, теріске де шығармады.Әлеуметтік желіні кім қалай пайдаланамын десе, өз еркі. Оған ешкім шектеу қоя алмайды. Әйтсе де, «таяқтың екі ұшы бар» демекші, оның пайдасы да, зияны да бар. Жаманына жоламай, жақсы тұсын тиімді пайдаланғанға не жетсін!
Ақпараттық ресурстар – анық ақпараттыалуға арналған мәліметтер жиынтығы.Бұл кітап, мақалалар, диссертациялар, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық құжаттар, техникалық аудармалар, танымал өндіріс туралы мәліметтер және т.б. Ақпараттық ресурстар басқа ресурстарға қарағанда тез дамиды.Қазіргі заманда экономиканың, ғалымның білімнің, мәдениеттің дамуы ақпараттық ресурстарға байланысты болғандықтан ғалымдар мен саясаткерлер ақпараттық ресурстарды маңызды стратегиялық ресурстар деп есептейді. «Ақпараттық ресурстар» жалпылама пайдаланатын терминдердің бірі, бірақ оған қарамастан нақты анықтамасы жоқ. Ақпараттық ресурстардың шағын пайдалануына компьютерлік құралдар байланысы арқылы қолжетімдік желілік ақпараттық ресурстар жатады, ал кең пайдалануына кез келген сақтауға және таратуға келетін ақпарат түрі жатады.
«Ақпараттық ресурстар түрлері:
- жаппай ақпарат тарату құралдары (жаңалық және семантикалық сайттар, жаппай ақпарат тарату құралдарының электрондық нұсқасы);
- электронды кітапханалар;
- электронды мәліметтер қоры;
- сайттар, корпоративтік сайттар (Интернет-ресурстар және т.б.);
- сервистер(Яндекс, Рамблержәне т.б.)» [7.]
«Ақпараттық ресурстар төмендегі белгілер бойынша бөлінеді, олар:
— мақсатқа бағытталу бойынша (жеке, корпоративтік, жаппай ақпарат құралдары, бизнес, білім, саясат, сервистер және қызметтер, мәдениет, чаттар, спорт, демалыс және т.б.);
— ұсыну тәсілі бойынша (Web-беттер, деректер қоры, файлдық серверлер, телеконференциялар);
— тасымалдаушы түрі бойынша (қатты көшірме, компьютерлер, дисктер)
— сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәсілі бойынша (дәстүрлі тасымалдаушылардағы құжаттар, құжаттар массиві, мұрағат);
— мазмұны бойынша (тақырыптық ақпарат, ғылыми жарияланымдар, жарнамалық ақпарат, аныөтама ақпараттар, жаңылықтар).»[8.]
Адамдарға қоршаған алемдегі ақпаратты жеткізуге және сақтауға әрқашан қажет болды, соның арқасында ауызша сөйлеу, жазу, кітап басу, сурет өнері, радио, теледидар пайда болды. Адазат тарихында бірнеше ақпараттық революция болды. Өркениет тарихында бірнеше ақпараттық революция болды- ақпаратты өңдеу аясындаға болған тез өзгерістер себебінен.
«Бірінші революция жазудың пайда болуы, ол үлкен саналық және сапалық қадамға әкелді. Атадан балаға білімді жеткізуге мүмкіндік туындады.
Екінші революция (XVI ғ ортасы) кітап басудың пайда болуы, ол мәдениетті, индустралды қоғамды, жұмыстың басқаруды қайта дамытты.
Үшінші революция (XIXғ. аяғы) электр тогынығ пайда болуымен байланысты, оның арқасына телеграф, талефон, радио пайда болды, үлкен көлемде ақпаратты сақтауға және жіберуге мүмкіндік берді.ХХ ғ ортасында пайда болып және сы күнге дейін дамыпжатқан жаңа дисциплина – кибернетика. Оны дүниеге акелген (1948 ж.) – амрикандық математик Норберт Винер. “Кибернетика” термині грек тілінде “басқару өнері” дегенді білдіреді. Машина мен жануар организімінің байланысын басқару деп кибернетиканы атады. Кибернетиканаң орталық түсінігін ақпарат деп айтты.
Төртінші революция (70-ші жж.. XX ғ.) микропроцессорлық технологиясы және дербес компьютерге байланысты болды.»[9.]
Күн санап өміріміз экранға тәуелді боп барады. Ақпарат, ғылым, үкімет, нарық та ғаламторға телміріп отыр. «Ал енді адамдар арасындағы қарым-қатынасты да ғаламтор шешеді. Қазірдің өзінде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі, интернет арқылы, дәлірек айтқанда, әлеуметтік желілерде «әңгімелеседі». Әлеуметтік желі — адамдардың бір-бірімен ғаламтор арқылы өзара байланысын қамтамасыз ететін ғаламтор ресурсы.»[10.]
Әлеуметтік желілердің ақпарат қоғамындағы рөлін көрсету үшін бірнеше
статистикалықмәліметтерге тоқталсақ:
«- Әлемдегі отыз жасқа дейінгі адамдардың 50 пайызы, жаңа ғасырда туылғандардың 96 пайызы әлеуметтік желілерді пайдаланады;
-«Facebook»-тің апталық трафигі «Google»-дікінен де асып түсті;
-АҚШ-тың әрбір сегізінші жұбы әлеуметтік желілер арқылы танысқан;
— 50 миллион қолданушыны өзіне қарату үшін радио отыз сегіз жыл, телевизия он үш жыл, интернет төрт жыл талмай қызмет етсе, әлеуметтік желілердің тек біреуі — «Facebook» бір жылда 200 милллион адам жинады;
— Егер «Facebook» мемлекет болғанда, халық саны бойынша үшінші орында тұрар еді. Себебі 800 миллион қолданушысы бар.
-Компаниялардың 80 пайызы кадр табуда әлеуметтік желілерге жүгінеді;
— Леди Гага мен Джастен Бибердің твиттердегі қонақтарының саны
Қазақстан халқынан да көп;
— «Facebook»-та тіркелушілер саны Қытай халқының өсу үдерісінен де асып түсуде.»[11.]
Осылардың өзінен-ақ әлеуметтік желілердің қалың көпшілікті өзіне тартып, бұрын-соңды болмаған алып күшке айналғанын көруге болады. Бір ғана Америкада жаңа медианың дамуына байланысты талай баспасөздің редакциясы жұмысын тоқтатты, талай газет-журналдар таралымы азайып, шығынға батты. Бұл — оқырман үшін ақпараттанудың жаңа, тиімді әдісі. Бір ғана мысал, газеттен, телевидиниядан, радиодан ақпаратты іздейсің, күтесің, ал әлеуметтік желіде «мынандай-мынандай жаңалықтар» деп ақпарат өзі келеді.
Бұл — жаңа серпіліс. «Бұл серпіліс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Бізде де халық тиімді деп таныған әлеуметтік желілерін пайдаланып жүр. «Internet World Stats»-тің есептеуі бойынша, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады. «Астана ақшамы» газетінде көрсетілген мәліметке қарасақ, Қазақстанда 5,6 миллион адам әлеуметтік желілерді күнделікті пайдаланады екен. Ең танымал әлеуметтік желілердің қатарында күніне 1 млн. 125 мың рет қаралатын «Мой мир», 558 мың рет қаралатын «Одноклассники», 252 мың рет қаралатын «В контакте», 410 мың рет қаралатын «Facebook»-ті жатқызуға болады. Күніне 350 мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ті тұтынады. Әлеуметтік желілердегі әрбір екінші адам өзі жайында өтірік мәлімет жазатын көрінеді. Тарқатып айтсақ, олардың 29 пайызы есімі мен жасын, 23 пайызы отбасылық жағдайын, 22 пайызы түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы, 17 пайызы білімі мен жұмысына қатысты жалған ақпарат беретін болып шыққан.»[12.]
Сурет-1.Қазақстандағы әлеуметтік желілердің қолдану статистикасы(адам санымен)
Ескерту-мәліметтер «Астана ақшамы»газетінен алынды.
Күніне үш жүз елу мың қазақстандық ұялы телефонмен «mail.ru agent»-ке кіреді екен. Шын мәнінде, агент — ақпарат алмасудың әрі тиімді, әрі арзан жолы. Дегенмен күні агентпен өтіп жатқандар да табылады. Біз бұл өмірге өзгелер өмірін білу үшін немесе тек ақпарат алмасу үшін емес, ең алдымен, шын өмір сүру үшін келдік.
«Агенттегі достық», «агенттегі махаббат» деген терминдер пайда болып, кеңінен қолданылып та жүр. Агентпен танысып, үйленгендер де жеткілікті. Оларды бірегей нашар тұрып жатыр десек, өтірік те болатын шығар. Бір жағынан алып қарағанда, бұл — екі адамның танысуы үшін өте қолайлы әдіс. Мысалы, бір қалада немесе бір ауданда тұратын адам ең көп дегенде қанша адаммен араласа алуы мүмкін? Қанша адаммен жеке сөйлесіп араласуға болады? Бәрімен сөйлесе беруге уақыт та жетпейді. Ал әлеуметтік желі арқылы миллиондаған адамдардың ішінен өзіңізге «жүзі жылы» көрінгеніне «достық» ұсынысын жасап, сөйлесуге, кейінірек шынайы қатынастар жасауға мүмкіндік бар. Бір сөзбен айтқанда, «агент» арқылы махаббатқа қатысты бәсеке артады. Әлеуметтік желілер «ең ыңғайлысын таңдауға» белгілі бір дәрежеде көмектеседі. Бірақ виртуалды өмір шын өмірге ешқашан жетпейді. Виртуалды жақындық, виртуалды әңгіме сіз қолданатын жалғыз әдіс болмауы тиіс. Оның да басталу және аяқталу кезін білген жөн. Виртуалды әлемдегі «ол» оның шын өмірдегі бейнесінің тура көшірмесі бола бермейді.
«Зерттеулерге қарағанда, әлеуметтік желілерде әрбір екінші адам өзі жайлы өтірік мәлімет жазады екен. Оның ішінде:
-29 пайызы есім мен жасқа қатысты;
-23 пайызы отбасылық жағдайы жайлы;
-22 пайыз түр-әлпеті және қызығушылықтары туралы;
— 17 пайыз білімі мен жұмысына қатысты өтірік айтады.»[13.]
Әлеуметтік желілердің кең тарауына себепші психологиялық факторларды төмендегідей жіктеуге болады:
- Арманын виртуалды түрде шын сияқты көрсете алу. Яғни шын өмірде өзі жете алмаған жетістіктерді, өзіне бұйырмаған дүниелерді виртуалды әлемде қолы жеткендей көрсете алу. Мысалы, өз түр-келбетіне қанағаттанбайтындар өз суреттерін қалағанынша сәндеп қояды, немесе өзге біреудің суретін енгізеді, өзіне ұнайтын көлікті өзінде бардай көрсетеді,т.б.
2. Қалаған адамыңмен тез араласып, тез араны үзе алу; - Өмірде айта алмайтын ойларыңды еркін жаза алу;
- Жаңалыққа деген құштарлық. Жаңалық, ақпаратқа деген құштарлық адам баласында болатын дүние. Ал әлеуметтік желідегі миллиондар арасында болатын мыңдаған ақпарат оны қанағаттандыра алады;
- Өзіңе керек сәттегі әңгіме; шын өмірде саған ойыңды бөлісуге, ішіңдегіні ашып әңгімелесуге қашанда ыңғай бола бермейді. Қол бос емес боп қалады, т.с.с. ал «агентте» сөйлесу қажеттілігін қашанда қанағаттандыруға болады.
Осындай мүмкіндіктермен қоса, «агенттің» кері әсерлері де жоқ емес:
- Уақытты жоғалту. Өмірдегі ең құнды дүние — уақыт. Ол ешқашан кері оралмайды. Ал «агенттің гүлдері» сол баға жетпес сәттерді бос әңгімеге жұмсауда;
- Шын өмірден алшақтау;
- Шындыққа жанаспайтын ақпараттардың тез тарауы, т.б.
Бұл тек бізге көрінетіндері ғана. Шын мәнінде, әлеуметтік желілердің «сырлы зияндары» анағұрлым тереңірек. Әлеуметтік желілер — адамдар туралы ақпарат жинау мақсатында ойлап табылған дүние. Әлеуметтік желіге тіркелу барысында біз есімімізді, лақап атымызды, фамилиямызды, туған жерімізді, мекен жайымызды, қызығушылықтарымызды, тіпті телефон нөмірімізді енгіземіз. Өзіміз жайлы бастапқы толық ақпаратты осылай өзіміз береміз. Мүмкін сіз мұның бәрін жалған ақпаратпен толтырғыңыз келетін шығар. Бірақ ондай жағдайда достарыңыз сізді қалай таппақ? Одан кейінгі біздің әрбір әңгімеміз ақпарат. Өзіміз жайлы, өміріміз, қызметіміз, компания, мемлекет жайлы ақпарат. Мәселен, «Мой мир» әлеуметтік желісінде өз жазбаларыңыздың мұрағаттан көруге болады. Оны жоюға да мүмкіндігіңіз бар. Бірақ ол бәрібір сақталып қалады.
Жалпы, сіздің әрбір әрекетіңіз, яғни кіммен дос болдыңыз, кімге не жаздыңыз бәрі де сақтаулы. Керек десеңіз, IP адресіңізге дейін. Оның бәрі сайт бақылаушыларының уысында. Демек, оларды қалаған кезінде пайдалана алады. Мүмкін сізге қарсы, мүмкін өзге мақсаттарда. Бір сөзбен айтқанда, олардың назарына іліге қалсаң, мұрағатыңды ақтарып жіберіп, шикілік таба салады.
Бір сәтке ойланып көріңізші, сіздің осы уақытқа дейін жазғандарыңыздың арасынан болашақта сізге қарсы қолданылуы мүмкін нәрселер табылмай ма? Оны былай қойғанда, бірде-бір рет өзгелер білмегені дұрыс сайтқа кірмедіңіз бе? Әлеуметтік желі сіздің қандай сайтқа кіргеніңіз де қадағаланылып отырады. «Маған ұнайды» дегенді басу арқылы мен осында келдім деп ақпарат бересіз.Қазір әлеуметтік желілерге сурет қою сәнге айналған. Кез келген смартфон, i-phone немесе android жүйесіндегі телефонмен түсірілеген сурет жайлы толық ақпарат алуға болады. Тіпті оның қай жерде түсірілгеніне дейін. Картадан анық көрсетіп те береді.Бұл — мемлекет үшін, әрбір адам үшін үлкен қауіп. Ақпараттық соғыстың ең өтімді қаруы өзіміз берген мәлімет емес пе? Осы қаруды «біреудің қолына ұстатып бермеу үшін» тез арада шаралар қолдану керек.
Мемлекет үшін ең дұрысы — өзіміздің төл әлеуметтік желілерімізді дамыту. Бізде on.kz, nur.kz сияқты әлеуметтік желілер біраздан бері қызмет көрсетуде. Бірақ олар «керемет» жетістікке жете қойған жоқ. Өз әлеуметтік желімізді кең қолданысқа енгізу үшін бізге, ең алдымен, шетелдік әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін толық игеру керек(чат, m-agent сияқты бағдарламаларды орнату, т.б.). Екіншіден, өзімізге тән ерекше дүниелерді қоса білу(мысалы, ру, жүз туралы, және т.б. өзге желілерде жоқ дүниелерді енгізу). Егер өз әлеуметтік желімізді жөнге қоя білсек, мемлекеттік құпиялардың тарап кету, мемлекет мүддесіне қарсы ақпараттардың тарау қаупін біршама жояр едік. Бұл тек мемлекеттік тұрғыдан.Ал жеке адамдар үшін әлеуметтік желіде мейлінше аз ақпарат алмасқан жөн. Жазғаныңыздың ертеңгі зиянын да ойлау керек. Ақпараттық тәуелділік ешкімге ұнай қоймас…
«ҚазАқпарат — Әлеуметтік желі дерт пе әлде қажеттілік пе? Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар арасында өршіп тұрған дерттің бірі әлеуметтік желі екені белгілі. «Уақыттың бос өткені — өмірдің бос кеткені» деп келген қазақ қазірде экранға телмірумен өмірін өткізіп жатқаны жасырын емес. Ендеше, алдымен әлеуметтік желі қалай пайда болды, осыған көз жүгіртейік. Ғаламтордағы әлеуметті желінің бірінші баламасын 1995 жылы Рэнди Конрадс іске қосқан. Ол «Classmates» деп аталады, яғни «Сыныптастар». Сайттың мақсаты — сыныптағы және бір мектепте оқыған достарды табуға мүмкіндік жасау. Бүгінде ол сайт жұмысын жалғастыруда. Әлем бойынша бұл сайтты 50 млн. адам қолданады екен. Кейінірек, 1997-1999 жылдары «AsianAvenue», «MiGente», «BlackPlanet», «Livejournal» сынды желілер пайда болды. Ал 2004 жылы Марк Цукерберг «The Facebook» әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2008 жылы бұл әлеуметтік желі әлемдегі ең танымал желіге айналды және де бүгінгі күнге дейін көштің басында. 2006 жылы Джек Дорси «Twitter» жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа әлеуметтік желіге айналды. «Twitter»-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге мүмкіндіктері пайда болды.
Бүгінгі таңда «Twitter» әлем бойынша ең көп қаралатын сайттардың 10-на кіреді. Instagram желісі 2010 жылдың қазан айында іске қосылған. Оның басқа желілерден артықшылығы — қолданушы түрлі суреттерімен осы желі арқылы бөлісе алады. Алғашында Инстаграмм iPhone мен iPad-тарда ғана жұмыс жасаған, кейін 2012 жылдың сәуір айынан бастап Android арқылы да қосылатын мүмкіндік пайда болды.»[14.] Ол ол ма, тіпті осы әлеуметтік желі арқылы танысып, отбасын құрып жатқандар немесе осы әлеуметтік желінің кесірінен шаңырағы шайқалып жатқандар да бар.
Әлеуметтік желі пайдалы ма әлде зиян ба? Енді осыны саралап көрелік. Алдымен, әлеуметтік желі арқылы сіз таныстарыңызды, достарыңызды, әріптестеріңізді тауып, олармен байланыста бола аласыз. Сондай-ақ желідегі әр түрлі топтарға тіркеліп, өз қызығушылықтарыңызбен, ойларыңызбен, көзқарасыңызбен бөлісе аласыз. Сонымен қатар қазір әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін дөңгелетіп отырғандар баршылық. Өйткені, бұл — ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы.
Өндірушілер өз тауарларын жариялап жатса, жұлдыздар суреттерін, ақын-жазушылар шығармаларын жариялап әлек. Тіпті қазір осы желі арқылы кімнің қайда, кіммен отырғанына дейін білеміз. Қайда барса да, телефонына телміріп отырғаны. Сондай-ақ компаниялар өздеріне жұмыскер іздеуде осы әлеуметтік желінің көмегіне жүгініп жүр. Ал енді зиянды жақтарына келейік. Қазірде әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдеседі екен. Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден алыстатады. Бұл әсіресе, жастар арасындағы күрделі проблема болып отыр. Күн ұзаққа желіде отыратын бала адамдармен шынайы араласа алмайды, тұйықталып, ғаламторға тәуелді болады. Әлеуметтік желілер — уақыт ұрлаушылар. Адамның желіге тәуелділігі сондай, бас алмастан отырып минуттардың, оның артынан сағаттардың қалай жылжып кеткенін байқамай да қалады. Әлеуметтік желі әрбір үшінші жұптың ажырасуына себепкер екен. Ғалымдардың пайымынша, жас отбасылар көп жағдайда әлеуметтік желіде туындаған кикілжіңнің салдарынан ажырасып жататын көрінеді. Көптеген жастар сыңарын табу мақсатымен бейтаныс адамдармен танысып, бармақ тістеп қалатын кездер де аз емес. Жақында ақпаратық порталдардың бірінде ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулері жазылды. Онда «Инстаграмм» желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар.
Кесте 2.Қазақстандағы желілердің ішіндегі танымал сайттарының сипаттамасы.
Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының ресми экономика сайтынан алынды. http://economics.kazgazeta.kz.
Өмір сүрудің қазіргі қарқыны барлығымызды уақыт үнемдеуге мәжбүрлеуде. Осы мақсатта қазақстандықтарға жағдай жасау, атап айтқанда, баланы балабақшаға кезекке қою, некеге тіркеуге өтініш беру, мекенжай туралы анықтама қағаз немесе лицензия құжаттар алу, баланың тууын тіркеу немесе жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу сияқты қызметтер бойынша ұзыннан-ұзақ кезекке тұрмай, уақыт үнемдеу мақсатында www.egov.kz электрондық үкімет порталының қызметі ұсынылып отыр.
«ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда өткен жылдың қорытындысы бойынша компьютерлік сауаттылық 51,7% құрады. Елімізде 10 млн. жуық адам Интернетті пайдаланады және олардың қатарында «Электрондық үкіметтің» қызметтін тұтынатындар аз емес. Электрондық қызметтер бойынша сауатты маманның кеңесі қажет болса, 1414 қысқа нөмірі арқылы Бірыңғай egov.kz байланыс орталығының операторларына хабарласыңыздар, олар сіздерге міндетті түрде көмек береді.»[15.]
«2007 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның базасында call-орталық құрылып, электрондық құжат айналымы жүйесімен жұмыс істейтін барлық мемлекеттік қызметкерлер осы орталық арқылы консультациялар алатын, қызметтерге өтінімдер беретін. Қоңырауды қабылдап, оларды тіркеп, операторға жолдайтын және олардың орындалуын бақылайтын Service Desk ақпараттық жүйесі орнатылды.
2009 жылы ел азаматтары үшін де «Электрондық үкімет» call-орталығы құрылды. Қазақстандықтар ол қызметке кез-келген уақытта хабарласып, Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе онлайн режимде ала алатын мемлекеттік қызметтер туралы білу мүмкіндігіне ие болды.»[16.]
Бүгінде ол қызмет Мемлекеттік органдардың бірыңғай байланыс орталығына айналды. Егер бұрын азаматтар түрлі мәселелер бойынша әртүрлі органдарға немесе байланыс орталықтарына жүгінсе, мысалы, салық бойынша – Салық комитетінің жедел желісіне, медициналық жеңілдіктер туралы– денсаулық сақтау басқармасына, қазір барлық мәліметтерді Бірыңғай байланыс орталығының операторларынан алуға болады. Бір телефонмен хабарласып, Қазақстанның мемлекеттік органдарының барлық қызметтері туралы толық мәлімет ала аласыздар.
«Соғылған қоңыраулар саны күн санап өсіп келеді. Бұл азаматтардың «Электрондық үкімет» порталының қызметін кеңінен пайдалана бастағанын көрсетеді. Ағымдағы жылдың І тоқсанында біздің операторлар тұрғындардан 500 000 астам қоңырау қабылдады», — дейді Бірыңғай байланыс орталығының басшысы Гүлмира Шурина.
Маманның айтуынша, байланыс орталығының желісі бойынша күн сайын 8 000 дейін қоңырау түседі, сондай-ақ электрондық пошта және «Электрондық үкіметтің» «кері байланыс» жүйесі арқылы тәулігіне 5 000 дейін сауал түседі екен. Егер 2009 жылы портал арқылы 40 жуық қызмет түрі көрсетілсе, бір айда байланыс орталығына 20 мыңға жуық сауал түссе, қазір 200-дей қызмет түрі көрсетіледі, ал келіп түсетін сауалдар саны бірнеше есеге өсіп отыр. Бұрындары желіде жұмыс істейтін операторлар саны -бесеу болса, бүгінде– 60 адам.»[17.]
«KAZ.KZ ұлттық акпаратты-іздестіру жүйесі — бұл Интернет желісінің ұлттық сегментіндегі қоғамға бағытталған ақпараттарға жедел кіріс механизмі. KAZ.KZ жүйесінің негізгі ерекшеліктері ақпараттарды көптілді іздеу (қазақша, орысша) және басқа ұлттық ақпараттық жүйелер мен мәліметтер базасымен интеграциялау болып табылады.
KAZ.KZ акпаратты-іздестіру жүйесі Интернет желісінің қазақстандық сегментінде және .KZ домендік аймағындағы веб-сайттарды құрамы бойынша іздеу жүргізеді. Іздестіру жүйесі ақпараттық іздеу саласындағы ең жаңа жетістіктер негізінде құрылған және табылған нәтижелерді сұрыптаудың ерекше алгоритмдерін пайдаланады.
«KAZ.KZ ақпаратты-іздестіру жүйесі» жобасы Интернет желісіндегі қазақстандық сегментінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін дамытуға жағымды ықпал етеді.
KAZ.KZ ұлттық акпаратты-іздестіру жүйесі 2009 жылдың 16 желтоқсанында ресми түрде іске қосылды.»[18.]
Тағы бір дамыған әлеуметтік желі-Вконтакте.
«URL:vk.com ( 2012 жылдың 26 қаңтарына дейін vkontakte.ru болған)
Сайт түрі :коммерциялық, әлеуметтік желі
Тіркелу түрі еркін түрде.
Тілдері: орыс, ағылшын тілі және 67 тілге локализация жасалынған.
Сервердің орналасқан жері:Ресейде.
Сайттың иелігі “ВКонтакте” ЖШҚ
Авторы: Павел Дуров
Жұмыс істей бастаған уақыты 2006 жылдың 10 қазаны.
Қаржы айналымы 2011 жылғы мәліметтер бойынша 152 млн $.
“ВКонтакте” — Рунеттің ірі әлеуметттік желісі, ол танымалдылығы бойынша Белоруссия аймағында екінші орында, Украинада үшінші орында, Қазақстанда алтыншы орында, ал әлемде танымалдылығы бойынша 60-орында.Ресурс алғашында Ресей студенттерінің және түлектерінің әлеуметтік желісі есебінде қызмет көрсеткен, кейін өздерін “желідегі қарым-қатынас құрудың қазіргі заманғы, жылдам және эстетикалық тәсілі” деп атай бастады. 2012 жылдың қаңтарындағы мәліметтер бойынша “ВКонтакте”-нің күнделікті қамтитын аудиториясы — 35 млн-нан аса қолданушы.Бұл көрсеткіш “ВКонтакте”-нің Ресейдегі басты бәсекелесі “Одноклассники” әлеуметтік желісінің қамтыған аудиториясынан артық.
“ВКонтакте” қолданушыларына басқа әлеуметтік желілердегідей мынадай мүмкіндіктер тән:қолданушының өзі жайлы ақпаратымен бірге профиль құру, контентті тарату, қол жеткізу баптауларын ыңғайлы түрде басқару, басқа қолданушылармен жекелей түрде (жеке хабарламалар арқылы) және көпшілікке жария түрде (“қабырғаға” жазу арқылы) қарым-қатынас құру, жаңалықтар лентасы арқылы достар мен жазылған топтардың жаңалықтарын білу мүмкіндігі.
Сондай-ақ қолданушылар жарияланған контенттердің астына пікір қалдыра алады, сондай-ақ хабарламаға “фото”, аудиотректер және бейнежазбалар(сондай-ақ толық метражды фильмдер), граффити мен сауалнамалар “қыстыра” алады. Сайтқа қолданушы өзінің жеке жазбаларын жүктей алады және өзге қолданушылардың жүктеген файлдарын өз бетінде қолдана алуына мүмкіндігі бар.Бұл өз кезегінде “ВКонтакте” әлеуметтік желісін ең ірі медиа –архивтің бірі ретінде қалыптастырады.Қолданушы өз профилінде бейнежазбалар мен аудиотректерді жинап жеке коллекция құра алады..»[19.]
«Google Inc — әлемнің ең бірінші желі жүйесіне ие болған америкалық компания. Google 41 млрд 345 млн өндірушілердің сауалдарына нарық үлесі бойынша (62,4%) жауап береді. Бұл бағада тап осы жүйе бойынша әлемдік ірі онлайн жарнама жүйесі ұйымдастырылды. 2007 жылы 16,6 млрд $ айналымды құрады, ал таза пайда — 4,2 млрд $ болды. Нарықтық капитализация компанияның шамамен 160 млрд АҚШ долларын құрады. қыркүйек, 2008 ж). Google — әлемдік ең қымбат бренд. Бұл компанияның негізі 1998 жылы 4 қыркүйекте Калифорния, АҚШ-та қаланды. Офисі Менло-Парк қаласында орналасқан. 2004 жылдан бастап Google өзінің қаржы нарығына (ІРО) акцияларын сата бастады. Google — технология және бизнеспен, белсенді сатып алумен айналысады. 2006 жылы қарашада 1,65 млрд АҚШ долларына сатылып алынған You Tube компаниясы ең ірі Google-ды тауып алушы болып саналды.
Google-дың маркетингтік құралдары. Google-маркетингтік қызметтің бірқатар қолданылған компанияның сервистік қызметтерін ұсынады. Gmail — бұл тегін почта, Google-ға қарағанда әлеуметтік желіні зерттеуде ең қолайлы құрал болып табылады. Google-Gmail-дан құнды маркетингтік ақпараттарды алады. Себебі, Gmail почта жәшігіне таныстырудан қажетті шақыртулар алу үшін, желі ішінде бізді қоршаған ортамен байланыстыруы мүмкін. Google-дың қалған қызметтері, мысалы Base, Analitics және Desktop жәшіктерінде қызықты қабілеттіліктерде ақпараттармен суреттерді қосу бұл адамдар үшін — нағыз олжа. Олар естулердің қалай таралуын қандай да бір ережелерге сену дәрежесін түсінуге рұқсат етеді.»
Google-дың қуатты іздеуде қызметі өте жоғары болып табылады. Өте қысқа мерзім ішінде индексация, датоцентр, бірегей алгоритмдерді ақпараттық айналымына қосудағы қажетті құрал. Бірақ Google тек қана іздеу жүйесі ғана емес, бұл почта сервері, жарнамалық жобалар жасау (Adsense, Adwords) қызметтерін, әр түрлі статистикалық ақпараттар алуды қызықтыратын тұтынушылар үшін сипаттамаларды тегін жүзеге асырады.Google-дың маркетингтік құралдары абсолютті тегін.
«Google Analitic.
Бұл қызықты ақпараттарды білуге ұсыныс жасайды,Осы сайт арқылы келушілерді өзіне тартады,пайдалы және белсенді қызметтерді көрсетеді»[19.]
Әлеуметтік желі жастарға не береді?
Халықтың күнделіктіт ұрмыс-тіршілігінде туындап жатқан жағдайлар, адам айтса сенгісіз оқиғалар кез-келген жанды бей-жай қалдырмайтыны анық. Бүгінгі күні бізді байланыстырып қана қоймай, ырқымыздан тыс өз дегеніне көндіріп, көгеніне жіпсіз байлап алған билеуші күшбар. Ол интернет. Соның ішінде Facebook, Instagram, Whatsapp, BK т.б сияқты әлеуметтік желілерді бүгінде мектептегі балалардан бастап, егде жастағы адамдарға дейін пайдаланып, тұрақты тұтынушыларына айналған.
Осы кезекте әлеуметтік желінің пайдалы жақтарын тоқталып өтсек. Бұл арқылы адамдар таныстарын, достарын, әріптестерін тауып, олармен байланыста бола алады. Сондай-ақ қазір әлеуметтік желі арқылы өз бизнесін жүргізіп отырғандар бар. Өйткені бұл ақпарат алмасудың тиімді әрі арзан жолы. Әрбір адам өзіне тиесілі ақпараттарын ешқандай шығынсыз жариялай алады. Мысалы: Жұлдыздар өздерінде болып жатқан жаңалықтарымен, суреттерімен бөліссе, ақын жазушыларымыз оқырмандарына шығармаларын жариялап, әртүрлі компаниялар өздеріне жұмысшы іздеуде желінің көмегіне жүгінеді. Сонымен қатар, желідегі қызықты топтарға тіркеліп, өз ойларыңызбен қызығушылықтарыңызбен бөлісе аласыз.
Ал, зиянды жақтарына келсек, «Қазірде әлем халқының 60%-ға жуығы бетпе-бет тілдесуден гөрі ғаламтор арқылы тілдесуді жөн санайды..»[20.]Әлеуметтік желі адамдарды шынайы өмірден аластатады. Бұл әсіресе жастар арасындағы күрделі мәселе. Күн-түнімен желіні пайдаланатын бала жан-жағындағы адамдармен шынайы араласудан қалады. Оның желіге тәуелділігі сондай бас алмастан отырып, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамайды. Тұйықталып ғаламторға тәуелді болады. Ғаламтор әрбір үшінші отбасының ажырасуына себеп болады екен. «Ғалымдардың пайымынша, жастар көп жағдайда әлеуметтік желіде туындаған жанжалдың кесірінен ажырасатын көрінеді. Ғалымдардың әлеуметтік желі туралы зерттеулерінде, «Инстаграм» желісі депрессияға ұшырататын желі деп аталған. «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шыққан. Мүмкін, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суцидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. Айта кетерлік бір жағдай, елімізде 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіні қолдануына заңмен тыйым салынуы мүмкін. Осындай бастама көтерген депутаттар ата-анасының рұқсатынсыз ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деген.Өйткені, интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар көбейген. Қазақстан өзіне-өзі қол салған балалардың саны бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.»[21.]
Қазіргі таңда елімізде интернет пайдаланушылардың саны жыл санап артып келеді. Азаматтарымыз әлемдік үрдістен тыс қалып жатқан жоқ, көш бастап отырған барлық әлеуметтік желіге тіркеліп, пайдаланып әр түрлі санаттағы ақпараттарды алып жатыр. Ол түсінікті де, өйткені әлеуметтік желі арқылы адамдар өзінің ішкі сұранысына қажетті барлық ақпараттарды алып, ақпарат таратып, басқа адамдармен танысып, жарнамалар беріп, өз қуанышымен бөлісе алады. Қазіргі кезде әлеуметтік желі пайдаланушылар арасында елдің үрейін ұшыратын ақпараттар таратып, әр түрлі заң бұзушылыққа жол беретін, тым анайы топтар да құрылып, оны пайдалаушылар да артуда. Бұл өз кезегінде әлі ой-қабілеті толығымен қалыптаспаған жастардың дұрыс тәрбие алуына кері әсерін туғызатыны белгілі.
«Әлеуметтік желі» қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қай кітаптың бетін ашып қарасақ та, XX ғасыр алтын дәуір деген сөздерді көрмеу мүмкін емес. Өйткені бұл ақын – жазушылар ғасыры бола тұра, заманауи технологиялар кезеңі қызметін де атқарады. Оның бірден – бір дәлелі ғажайып нәрсе интернеттің пайда болуы. Жалпы интернет дегеніміз бүкіләлемді байланыстырушы тор. Ол жетістіктерімен қоса адамның физиологиялық қажеттіліктерін де жаулап алды. Әсіресе, ең бірінші орындағы адам коммуникациясы, қарым – қатынасы әлеуметтік желімен алмастырылды. Жалпы алғанда әлеуметтік желі дегеніміз адамдардың бір-бірімен интернет арқылы қарым – қатынас жасайтын құралы болып табылады.
Көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе – бет қарым – қатынас жасаудың орнына, әлеуметтік желілер арқылы қарым – қатынас жасауды жөн көреді. Ең басында ескі, таныс достарымен сөйлесу мақсатында қолданамын деп, соңында көптеген қиыншылықтарға тап болады.«Бүгінгі таңда әлем халқының 57 пайызы бетпе-бет сөйлесуден гөрі, интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілерде сөйлеседі.»[23.]Тиынның екі жағы бар демекші, әлеуметтік желі де адам арасындағы қарым – қатынасқа оң және кері әсерін тигізеді. Көптеген ғалымдардың ойынша, адамдар әлеуметтік желіде отырған сайын, оның шынайы өмірмен қарым – қатынасы үзіледі. Әлеуметтік желі арқылы қарым – қатынас жасаған адам, шынайы өмірде тұйық, көптеген адамдармен сөйлесуі қиынға түседі, жолында пайда болған проблемаларды шешуге қабілеті аз болады. Сондықтан да әлеуметтік желінің пайдасынан зияны көп.
Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтарына тоқталсақ:
Әлеуметтік желілердің мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газет беттерін парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымыңызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз. Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Әлеуметтік желілер жәрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен және т.б. танысааласыз. Әлеуметтік желілерден ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Әлеуметтік желілер күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.Ең маңызды және пайдалысы, алыс-жақыннан, ағайын-тума, таныс-білістен хат-хабару алмасу үшін қолданылады. Үшінші себепте айтылғандай, хат-хабару алмасудан басқа пайдалы жағы көрініп тұрған жоқ.
Сурет 3.Қазақстандықтардың интернетке не себепті және қай сайттарға кіретінін анализдеу.
Ескерту-мәліметтер yvision.kz сайтына негізделіп алынған.
Әлеуметтік желілердің зиянды жақтарына тоқталып өтсек:
Компьютердің, ұялы телфондардың зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген.
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай:
— Көздің көру қабілетін төмендетеді;
— Омыртқалардың қисаюына әкеледі;
— Жүйкеге салмақ түсіреді;
— Шаршағыштық, әлсіздік басады.
— Сөйлеу қабілеті төмендейді»[24.]
Әлеуметтікжелілергесуретқоюсәнгеайналған. Кез келген смартфон, i-phone немесе android жүйесіндегі телефонмен түсірілеген сурет жайлы толық ақпарат алуға болады. Тіпті оның қай жерде түсірілгеніне дейін. Картадан анық көрсетіп те береді. Бұл – мемлекет үшін, әрбір адам үшін үлкен қауіп. Ақпараттық соғыстың ең өтімді қаруы өзіміз берген мәлімет емес пе? Осы қаруды «біреудің қолына ұстатып бермеу үшін» тез арада шаралар қолдану керек.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып “байланады”. Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім “жабық әлем” қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті, бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады…
Интернет пен ұялы телефонның білім сапасына кері әсері:
Телефон ең алдымен, байланыс, яғни сөйлесу құралы. Бірақ, неге екенін білмедік, көптеген бала-шаға оны ойын, уақыт өткізу құралына айналдырып алған. Осылайша олардың бар уақыты осы телефонмен өтеді. Шыны керек, тәулігіне 24 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалта телефонымен өткізеді.
Cонымен қатар интернетті және әлеуметтік желілерді шектен тыс қолдану білім сапасының төмендеуіне де әсері бар екен. Сондықтан Интернеттің тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге жаратайық. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық!
Әлеуметтік желілер бүгінде адам өмірінде елеулі орынға ие болды және сол өмірде ұзағынан қалуды ұйғарған секілді. Адамдар арасында бөгетті бұзған әлеуметтік желілер біздің қарым-қатынас құруымыз үшін шексіз мүмкіндік беруде. Дегенмен, әлеуметтік желілер феноменінің басқа жағы да бар. «Жақсы» мен «жаманды» айырғанымыз емес, бар болғаны фактілерді ұсынбақпыз.
Әлеуметтік желілер туралы қызықты да күтпеген фактілер және олардың адам өміріндегі орны:
- «Әр 20 минут сайын facebook-те бір миллион сілтеме таралады.
- Әр сағат сайын facebook-те 4,5 миллион адам қандай да бір іс-шараға шақыру алады.
- Әр минут сайын facebook-те 100 мың адам дос болып қабылданады.
- Барлық қолданушылардың 50 пайызы аптасына 1-5 сағат уақытын әлеуметтік желілерде сөйлесумен өткізеді.
- Әр секунд сайын 8 адам қандай да бір әлеуметтік желіге тіркеледі.
- Google-дегі іздеу саны күніне 1 миллиардтан асады.
- Адам саны жағынан Facebook Қытай, Үндістан елдерінен кейінгі әлемдегі үшінші мемлекет.
- Орта есеппен алғанда әрбір қолданушы өз аккаунтына күніне 2 рет кіреді.
- Әлеуметтік желілердегі үлкен қарқынмен өсіп келе жатқан қолданушылар сегменті – 55-65 жастағы әйелдер.
- Эштон Катчер мен Бритни Спирстің фолловерлер саны Ирландия, Норвегия немесе Панама елдерінің халқымен тең. Қауіпті әлеуметтік желілер:
- Жыл сайын әлемде шамамен 100 адам әлеуметтік желіде қалдырған хаты үшін өмірден озады.
- Әлеуметтік желі әлемдегі әрбір үшінші жұптың айрылысуының басты себепшісі.
- АҚШ елінде қиылған некелердің 10 пайыздан астамы әлеуметтік желілердің арқасы.
- Ата-аналардың 69 пайызы әлеуметтік желіде өз балаларымен дос.
- Балалардың 80 пайызында әлеуметтік желілерде өздерінің жеке аккаунты бар.
- 80 пайыз ата-ананың айтуынша, олар балаларының интернетте немен айналысатынын біледі. Алайда, балалардың 31 пайызы әке-шешелерінің ештеңе білмейтініне сенімді.
- Жаңалықтар адамдарға басқа каналдар арқылы әсіресе әлеуметтік желілер арқылы келетін болғандықтан әлемдік 25 газеттің 24-інде тираж саны азайған.
- Танымал әлеуметтік желілердің көбісі қолданушының өшірген суреттерін сақтайтыны анықталды.
- Facebook бар болғаны бір жыл ішінде 200 миллион қолданушы жинаған, ал телеөндіріске 60 миллион көрермен жинауға 13 жыл уақыт кетті.
- Бүгінде 5 компанияның төртеуі жұмысшыларды іздеу кезінде әлеуметтік желілердің көмегіне жүгінеді.»[25.]
Әлеуметтік желілердің пайдасы:
- Іздеу жылдамдығы. Әлеуметтік желілердің көмегімен іздеген адамыңды жылдам тауып алуға болады (егер тіркелген болса).
- Сөйлесу және ақпарат алмасу жеңілдігі. Әрине, барлығымызда дерлік ұялы телефон бар. Оның көмегімен бір-бірімізбен смс немесе ммс хабарлама жазу арқылы ақпарат алмасамыз. Бірақ оған кететін ақша да аз емес. Әлеуметтік желілер арқылы сөйлесіп, мәлімет жіберу әлдеқайда тиімді әрі ыңғайлы.
- Қызығушылықтар тізімін құруға болады. Яғни, өзіңіздің қызығушылықтарыңызға байланысты топтарға жазыла аласыз. Оған қоса, тауар сатып алып, жұмысқа орналасуға да болады.
- Мейрамдар, туған күндер жайлы еске салады. Әлеуметтік желілер арқыыл дер кезінде достарыңыздың туған күнін, айтулы мерекелерді біле аласыз. Біліп қана қоймай, арнайы құттықтау қағаздары, стикерлер арқылы құттықтауыңызға болады.Начало формы
Әлеуметтік желілердің зияны:
- Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру — әлдеқайда пайдалы.
- Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін.
- Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз.
- Әлеуметтік желілер — алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған аласқатр, ұлылар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін.
Әрине, егер шегін біліп қолдансаң., әлеуметтік желінің зияны жоқ деуге болады. Әлеуметтік желіге күніне 1 сағат уақытыңызды ғана бөлгеніңіз жөн.
Қорытынды
Қорытындылай келе, әлеуметтік желінің адам баласы үшін зияны көп, пайдасы шамалы. Әлеуметтік желілер ғаламтор арқылы адамдардың қарым — қатынас жасау құралы болып табылады. Әлеуметтік желілер арқылы қарым — қатынас жасау арзан әрі тиімді жолы болып табылады. Әлемнің кез — келген бұрышындағы адамдармен сөйлесуге мүмкіндік береді. Бірақ оның адамға тигізетін пайдасынан зияны көп болып табылады. Себебі, сол әлеуметтік желілердің кесірінен көптеген қиыншылықтарға ұшырайды, тіпті өмірлерімен қош айтысып жатады. Тіпті адамның физиологиялық қажеттіліктерін де жаулап алды. Әлеуметтік желілерде қарым — қатынас жасайтын адам шынайы өмірдегі достарынан алшақтайды, шынай өмірде айтайын деген ойын ашық айта алмай, қысылады; нақты таза жазудын орнына көптеген грамматикалық қателіктер жібереді. Онымен қоса бала мен ата ана арасыдағы қарым — қатынас та үзіледі.Айта берсек, әлемнің кез — келген бұрышында көптеген осындай қайғылы оқиғалар болып жатыр. Сол болып жатқан оқиғалардың көбісі осы әлеуметтік желілердің кесірінен орын алып жатыр. Сондықтан да әлеуметтік желілердің пайдасынан зияны көп — ақ. Әрине, әлеуметтік желілерді мүлдем қолданбау керек деп айтпаймын, тек уақытылы, шектеулі, өз орнымен қолданса деймін. Әлеуметтік желі ХХІ ғасырдың тапқан жемісі болғандықтан, оны қолданған дұрыс. Бірақ та оның пайдалы жақтарын пайдаланып, ал зиянды жақтарынан адам баласы өзін алшақ ұстауға тырысу қажет. Сонда ғана адам баласының шынай өмірмен қарым — қатынасы бұзылмайды, үзілмейді; адам баласы әлеуметтік желілерге тәуелді болмайды. Рефератта бүгінгі күннің негізгі ақпарат көзі болып саналатын әлеуметтік желілер дүниеге келуінің тарихи, әлеуметтік және технологиялық алғышарттары, Қазақстан ақпарат кеңістігіндегі әлеуметтік желілердің азаматтарға ақпараттық ықпалы және әсер етуінің жағымды және жағымсыз қырлары қарастырылған.Әйтсе де, біздің болашақ ұрпағымызға әлеуметтік желілердің ақпараттық ресурс ретінде сұранысы көп және қоғамдағы рөлі үлкен болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ХХІ ғасыр білім мен ғылымның ғасыры болады»,- деп алдағы жолымызды айқын болжап берген еді. Соның бірі ақпараттық технологияның, оның ішінде интернеттің атап айтқанда әлеуметтік желілер дамудың даңғыл жолына түсіп отырғаны ешқандай да дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгінгі күні әлеуметтік желілер интернет тұтынушыларының ажырамас сенімді серігіне айналғандай. Егер дер кезінде алдын алмасақ кейін еріксіз түрде қолданып, ғасырлық дертке айналуы мүмкін!
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей әлеуметтік желілердің студенттер өміріне әсері көпжәне олардың пайдалы тұстарымен зиян жақтары байқалды. Болашақта әлеуметтік желілердің тиімді жақтарын пайдалану ұсынылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Б.Бөрібаев, Е.Балапанов.Жаңа ақпараттық технологиялар Алматы 2010.-32б.
- Е.С. Полат. Новые педагогические и информационные технологии в системеобразования /Под ред.– М., 2011.-73б.
- Мұжаев Н.И.; Серикбаев Н.А.Барманқұлов оқулары. Ақпараттық қоғам жағдайындағы электронды бақ: ұлттық және жаhандық мәселелері, таяу болашағы: халықаралық дөңгелек үстел материалдары. 2011.- 145 б
- kaznu.kz/content/files/pages/folder3157 J. Petrik, T. Kilybayev, D. Shormanbayeva. The internet, identity and intellectual capital: are sponseto Dreyfus’scritiqueofe-Learning Ethics and information technology. 2011. P. 275-284с.
- Coleman, J. S. Social capital in the creation of human capital 2012 No 94.P 120
- http://www.inform.kz/kz/aleumettik-zheli-aleumetsizdenuge-alyp-kelmey-me_a2717645 Әлеуметтікжелі әлеуметсізденуге алып келмей ме? 2016 Оспанова Г.
- Қ.Өстеміров.Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.Алматы 2012.-56б.
- www.cyberleninka.ru/article/n/postindustrialnoe-obschestvo-ponyatiya-tendentsiya-simvoly Афанасьева Т. Ю. Постиндустриальное общество: понятия, тенденция, символы // Журнал Философские проблемы информационных технологий и киберпространства. -352с.
- Раев Д. Нарықтық қатынасқа көшу жағдайындағы әлеуметтiк және ғылыми техникалық прогрестi үйлестiру мәселелерi // Қаз МУ хабаршысы. Философия сериясы. 2011No Б.18
- Ш.Қарабаев “Әлеуметтану негіздері” ,Алматы, 2013.- 238бет
- -Petrik M., Kilybaev T., Shormanbaeva D.. The internet and Kazakh Culture. Challenges and Prospects ҚазҰУ Хабаршысы.2016,-23с.
- “Астана ақшамы” газеті,Әлеуметтік желінің әлегі, Е.Сәтімбек 2016 7 мамыр
- jour.isras.ru/index.php/socjour/article/download/260/241Швери, Р. Теоретическая социология Джеймса Коулмена: аналитический обзор // Социологический журнал,2011. No 1 5-6c
- Кастельс М.Информационная эпоха: экономика, общество и культура: монография. Издательство ГУ ВШЭ, 2014 458 с.
- egov.kzEGOV жүйесі туралы
- http://ortcom.kz/news/biringhaio-egovkz-baiolanis-ortalighi-belsendi-jyimis-isteude.1529
- http://bilimainasy.kz/?p=802ОҚОЖастарға әлеуметтік желілерді дұрыс мақсатта қолдануды үйрету,А.Жусипова
- -http://economics.kazgazeta.kz/?p=6560 “Әлеуметтік желілер- мемлекттің ақпараттық қауіпсіздігінің объектісі” Рәт Бердібаев 2014.
- http://ikaz.kz әлеуметтік желілер туралы мәлімет
- http://www.google.com/support/analytics/
- Швери, Р. Теоретическая социология Джеймса Коулмена: аналитический обзор // Социологический журнал,2011. No 1
- Фукуяма Ф. Доверие: социальные добродетели и путь к процветанию. М 2014. С. 26
- «Қазақстанның әлеуметтік модернизациясы: Жалпы еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламасы,2015.-3-5б.
- http://yvision.kz/post/300486 Айдос Әріпбаев аль-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті
- Айқын газеті “Әлемді алаңдатқан әлеуметтік желілер”
- Майдырова А.Б.Человеческий капитал нации в условиях формирования информационного общества:методологический аспект:монография / Академия государственного управления при Президенте РК. Астана, 2010.167 с.
- http://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/7455/ Әлеуметтік желілер туралы фактілер.2016
Құрастырғандар: Жайсанбаева Л., Жумабек Б.