АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ҰЛТ БОЛАШАҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мазмұны

Мазмұны

Кіріспе

Ана мен бала денсаулығын жақсарту ұлт болашағын қалыптастыру

Қорытынды

Қолданған  әдебиеттердің  тізімі

КІРІСПE

«Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық.Керек десеңіз, бұл ұлт байлығы.Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертең жарқын күні бұл ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты.Еліміздің даму көгіндегі темірқазығы – «Қазақстан 2030» бағдарламасының қабылданғанына да 20 жылдан асты. Бағдарлама қабылданған уақыттан бері оның жоспарланған мерзімі, 33 жылдың да тең жартысына таяуы артта қалды. Осы аз ғана жылдың ішінде Қазақстан 20 емес, 200 жылда қол жете бермейтін ұзақ жолды жүріп өтті. Бағдарламада көрсетілген талай межелерді мерзімінен бұрын бағындырды. Айтулы құжатта Қазақстанның дамуына қажетті сан тармақты салалардың әрқайсысы жіліктеліп, әрқайсысының барар бағыты мен алар асуы нақты көрсетілген. Солардың бірі — азаматтардың денсаулығын, білімін және ырысын жақсарту. Бұл тармақтың мақсаты — тұрғындарды салауатты өмір салтына ынталандыру, зиянды әрекеттердің алдын-алу, түрлі аурулардың алдын-алу, ана мен бала денсаулығын қорғау. Бүгінгі таңда біздің бүкіл жұмысымыз денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жыл­дарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда» [1]. Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Бұл бағытта жүргізілетін жұмыстар: ауру шақыратын факторлардың әсерін төмендетуге, ішімдіктің, темекінің, есірткінің зияндығына, қимыл-қозғалыстың аздығына, құнарлы тамақтанбауға қарсы жүргізілетін үгіт-насихат жұмыстарына негіз салды.

Денсаулықтың жоғары деңгейiне жетудiң ең маңызды мақсаты салауатты өмiр салтын және азаматтың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру болып табылады, бұл әр адамның табиғи және iшкi қажеттiлiгiне айналуға тиiс.

Бір ғана мысал айта кететін болсақ: елімізде күн өткен сайын шылымқорлар саны артып барады. Соның ішінде қыз-келіншектердің темекіге үйірлігі алаңдаушылық тудырып отыр. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының қандай болуы бүгінгі күні қыз-келіншектердің денсаулықтарына қалай қарайтынымен өлшенеді. Салауатты өмір салтын ұстану зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен айналысумен қоса – дұрыс тамақтана білу. Өкінішке қарай, халқымыз көбінесе дұрыс тамақтануға жеткілікті көңіл бөле бермейді. Адам майлы тамақтармен қатар, тұзды, қуырылған тамақтардан өзін шектеп отыруы керек. Сондай-ақ құстың, балықтың, жылқының етін араластырып жеуді үйрену керек. Яғни дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтын сақтаудың кепілі. Денсаулық сақтау ұйымының бүгінгі күні жасалып отырған бағдарламасы бойынша адам еттен гөрі жеміс-жидектерді, көкөністерді көбірек пайдаланғаны жөн. Егер біз салауатты тамақтана білсек, бүйрек, қан-тамырлары ауруы мен ісік ауруларының азаюына мүмкіндік туар еді. «Ауру – астан» дейді. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстануды дұрыс тамақтанудан бастау қажет.

«Біздің негізгі мақсатымыз — тұрғындардың денсаулығын жақсарту және азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру, жастардың арасында дене шынықтыруды және спортты насихаттау, сонымен қатар, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Жылдың бас құжатында «Адам науқастану оның өзіне тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ – медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. «Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ» делінген Жолдау мәтінінде.

Бұл айтылғандар «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» қағидасымен үндесіп жатқанын денсаулықтың басты байлық екенінен хабары бар әрқайсысымыз-ақ жақсы ұғынамыз.

«Сақтансаң – сақтармын» делінетін қағида да біз үшін жат емес. Сондықтан, біздің мақсатымыз – тұрғындарға «кез келген аурумен күресу — тек медицина қызметкерлерінің ғана міндеті емес, ол ең алдымен сіз бен біздің міндетіміз, оны жеңу үшін әрбір азамат , әрбір жасөспірім өз бойында салауатты өмір салтын қалыптастыруы керек екендігін түсіндіру.Себебі өз денсаулығымызға біз өзіміз ғана жауаптымыз. «Ұзақ және бақытты өмір сүру — тек біздің өз қолымызда» деген қағиданы ұғындырып, өз денсаулықтарын сақтауға және нығайтуға үйрету. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын іс-шараларда, салауатты өмір салтының басты аспектін түсіндіре отырып жұмыс жасау»[2]

Ана мен бала денсаулығын  қорғау сұрақтары әрбір адамға қатысты. Ана денсаулығы деп жүктілік, босану және босанғаннан  кейінгі кезіндегі әйелдер денсаулығын айтамыз. «Жаңа туылған нәрестелер денсаулығы-олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы  денсаулығы. Әлемнің кейбір аудандарындағы  медико-санитарлық  көмек алудағы әділетсіздік — жоғары ана өлімін  және  бай мен кедей арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Жалпы  ана  өлімі оқиғалары (99%)  дамушы елдерде болып жатады. Осы оқиғалардың  үштен бірі  –  Оңтүстік  Азияда және басым көпшілігі — Африкадағы Сахара шөлінің  оңтүстігінде  кең  таралған.Әйелдер  неге  өледі? Жүктілік  және жүктіліктен  кейінгі және туу кезіндегі асқынулардың  өршуі нәтижесінде әйелдер өледі. Осы асқынулардың көбісі жүктілік  кезінде өршиді және оларды болдырмауға болады. Жүктілікке дейін болған асқынулар жүктілік кезінде күшеюі мүмкін, әсіресе қадағалауда  болмаса.Аналар денсаулығын  қалай  қорғауға болады?  Ана денсаулығы мен жаңа туылған нәресте денсаулығы  тығыз  байланыста. Шамамен  2,7 миллион  жаңа  туылған  нәрестелер  жыл сайын  өледі  және тағы  2,6 миллионы  өлі болып  туылады. Барлық босандыруларда білікті  мамандардың  болуын  қамтамасыз  ету өте маңызды, себебі уақтылы көмек көрсету және  емдеу, ана мен бала өміріне байланысты»[3].

Кеңес беру соңында біз  болашақ  ата-аналардың  жалпы  денсаулығы  және  олардың  таңдаған өмір салты аналар денсаулығы мен балалардың өміріне, созылмалы аурулардың өршуіне  ықпал  етеді деген қорытындыға келдік. Салауатты  өмір  салты ол зиянды іс-әрекеттерден (мысалы, темекі шегу, заңға қарсы  есірткі  шегу, арақ ішу  және қауіпсіз нәпсіқорлық іс-әрекеттерден  сақтанбау)  бас  тарту және  дұрыс  тамақтану, физикалық белсенділік. Болашақ  ата-аналар  денсаулығына байланысты мәселелер болса  скринигтік  тексеруден  өтулері  керек. Егер осындай мәселе  болса, ана мен  жаңа туылған  нәресте  денсаулығын  жақсартуды  қамтамасыз  ету үшін  дұрыс  диагноз қоюы, емдеу курсынан  өтуі керек.

«Бүгінде елімізде   тұрғындардың денсаулығын сақтау мен түрлі аурулардың алдын-алуда «Ұлттық скринингтік бағдарлама» деп аталатын жаңа жүйе жұмыс жасайды. Скрининг- бұл ерте сатыда ауруды және қауіп –қатер факторларын анықтау үшін қолданылатын, сонымен бірге, емдеу тиімділігін арттыра және асқынудың дамуының алдын ала отырып, белгілі жастағы дені сау тұлғаларды профилактикалық медициналық тексеру. Бір сөзбен айтқанда, скрининг – бұл белгілі бір жастағы дені сау адамдарды профилактикалық медициналық тексерілуден өткізу. Тұрғындар өздері тіркелген медициналық ұйымдарда скринингтік тексерілуден тегін өткізіледі.Мәселен, Қазақ­станда қатерлі ісікпен ауыратын 145 мыңға жуық адам тіркелген және жыл сайын бұл көрсеткіш шамамен 3- 4 %-ға өсіп отыр. Скринингтік тексерілуден өту арқылы онкосырқаттардың алдын алуға болады. Өйткені, ауру белгісін ертерек анық­тайтын болсақ, оны емдеу мүмкіндігі де зор болмақ»[4]. Мамандардың айтуынша, Қазақ­стан­да жыл сайын өкпе рагымен ауыратын 350-ге жуық адамға операция жасалады екен, яғни науқасы бастапқы сатыда анықталған адамдардың 5%-на жуық адамға ота жасалған. Қазақстан халқы дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну үшін жыл сайын профилак­тика­лық тексеруден өтіп, скрининг­тік бағдарла­маларға қа­ты­­сып, про­фи­лакти­калық шаралар туралы, сырқат белгілері туралы көбірек білуі тиіс. Профилактикалық бағдарламалар толық көлем­де жұмыс істейді. Бұл бағытта бүгінде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарып отырған жұмыстары жетерлік. Ай сайын түрлі аурулардың алдын-алуға арналған акциялар мен флэшмобтар, семинар-тренингтер орталық жұмысының басты міндеті.Мемлекеттік бағдарламасы бойынша атқарылмақ ауқымды істер әрбір қазақстандықтың дені сау, өмірге құштарлығы зор , қоғамға тигізер пайдасы мол, бойына тәлім мен тәрбиенің, білім мен біліктің бірегей үлгілерін жиған ұлағатты жандар болуын мүдде-мақсат қылған. Түптеп келгенде, бүгінгі кезеңнің денсаулық сақтау жүйесі де адамдар денсаулығының сақталуын тек емдеу ғана емес, аурудың алдын алу арқылы да жүзеге асыруға мүдделі болуы тиіс.

«Қазақстандықтар ел экономикасының өсуі­мен қатар, денсаулық сақтау жүйесінің ныға­юын, ал медициналық қызметтердің мей­лінше қолжетімді әрі сапалы болуын қалай­тыны табиғи жәйт. Бұл ретте біз де қоғам болып, мемлекет болып осы міндетті шешу ба­ғы­­тында жұмыс істеуге тиіспіз. Өйткені, халық­тың денсаулығы – еліміздің басты байлығы. Ал, осы байлықтың жақсаруы, ең алдымен, әр адамның өз басына байланысты. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев саналы ұрпақ тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, аурудың алдын алу шаралары жөнінде дәрігерлер мен биліктің алдына міндет қойды. Елімізде ең көп реформа жүргізіліп, жаңа технологиялар енгізіліп жататын салалардың бірі – денсаулық сақтау саласы. Денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, дәрігер мамандарды қайта даярлауға айтарлықтай қаржы бөлінуде. «Қазақстан-2030» Стратегиялық бағдарламасына отбасын жоспарлау мәселесінің енгізілуі жайдан-жай емес екендігі анық. Ендеше, отбасы мәселесі, оны жоспарлау дегеніміз – әйелдердің өсімталдық, яғни өсіп-өну үрдісін қадағалау арқылы денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылады. Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы заманауи медициналық тәжірибелерді ендіру арқылы өз жұмысын жан-жақты жетілдіріп келеді. Бұл жоғары технологиялық акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсету, инновациялық технологияларды жасау, қосымша репродуктивті технологияларды енгізумен байланысты ауқымды іс-шаралар. 27 ғылыми және клиникалық бөлімдер, 12 ғылым докторы, 24 ғылым кандидаты, жоғары категориялы 34 дәрігер қызмет атқарады. Орталық жаңа аппараттармен жабдықталған»[5]. Қазіргі таңда жоғары мамандандырылған көмек көрсете алатын жаңа технологиялар енгізілгенін де айта кеткеніміз жөн. Орталықтың қызметкерлері жыл сайын көптеген тәжірибелік, кеңестік, әдістемелік көмек көрсету мақсатында іс-шаралар жүргізеді.

«Қазіргі кездегі медицина саласының маңызды және басымды міндеттерінің қатарына ана денсаулығын қорғау, соның нәтижесінде өмірге дені сау ұрпақтың келуі, халық санының көбеюі тәрізді мәселелер жатады. Осыған орай перзентханаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Бұл күндері перзентхананың барлық бөлмелеріне беделер орнатылып, әйелдерге гигиеналық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, туылған нәрестелерге қосымша арнайы кереуеттер бөлінген. Босану залдарында табиғи жолмен босануға жағдай жасалынып, атап айтқанда, швед қабырғалары  қондырылып, толғақты жеңілдетуге арналған арқандар ілінген»[6]. Түйіндеп айтқанда, жүкті әйелдер үй жағдайындағыдай әртүрлі қимылда болады (отырып, жатып, арқан көмегімен тағандап тұрып және т.б), сөйтіп онша қиналмай босануға мүмкіндік алады.Босанғаннан кейін ананың балаға деген мейіріміне ықпал ету мақсатында нәрестені көкірегіне жатқызады. «Перзентханада атқарылып жатқан іс-шаралардың қатарына босану  серіктестігі модулі енгізілген, яғни босанатын әйелге үйіндегі жақындарының біреуі келіп демеу болады. Осы арада атап айтарлығы – мұнда әрбір босанатын әйелге жеке бөлме бөлінген.Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған негізгі міндеттер: ана мен бала өлім-жітімін төмендету, туберкулездің алдын алу, жүрек-қан тамырлары ауруларынан сауықтыру, медицина кадрларын дайындау сапасын арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар аз емес. Бүгінде ел алдына бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне қол жеткізу міндеті қойылып отыр. Мемлекеттің әлеуеті мен экономикалық мүмкіндіктері үлкен. Сондықтан да ол көрсетілетін барлық қызметтердің, соның ішінде медицина қызметінің де барлық жағынан талапқа сай болуын қажет етеді»[7].

«Денсаулық сақтау мәселесіне тоқталсақ, мысалы, қазіргі күні жас босанған аналардың өлімі 20 пайызға төмендеді, адам өлімі де 30 пайызға азайды. Оның ішінде денсаулық сақтау саласын көтеруге ауруханалар салып жатырмыз, дәрігерлерді дайындап жатырмыз, еліміздің түкпір-түкпіріне медициналық пойыздар жіберудеміз, арнайы жасалған фургондар, жасақталған госпиталь – тікұшақтарымыз болады. Мысалы, ірі күре жолдардың бойында қанша адамдардың апаттардан өмірлері қиылып кетіп жатыр? Егер сол жерге медициналық маманданған жәрдем дер кезінде жетсе, қанша адам құтқарылар еді. Жартысын аман алып қалуға болады. Осының барлығын есептей келгенде негізгі мақсат – адам өмірін ұзарту. Осыған дейін қазақстандықтардың орташа жасы 66 болса, соны 72-ге жеткізсек дейміз»[8]. Менің ойымша, біз оны одан әріге де апара аламыз. Себебі, жоғарыда айтылған аналардың, балалардың өмірінің сақталуы, туберкулез, жүрек-қан тамырлары аурулары дейтіндермен күрестерді осы бағытта жүргізе берсек оған да жетеміз. Ал адам өмірін ұзартудан артық қандай биік мақсат болуы тиіс?

«Біздің медицина саласына бөліп отырған қаражат осыған жұмсалатын болады»,–деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде сөйлеген сөзінде.

Дені сау ұрпақ – ұлтымыздың келешегі. Ұлт денсаулығын жақсарту әр кез мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып келді. Соның ішінде әсіресе, ана мен бала денсаулығы баса назар аударуды қажет етеді. Осы күнге дейін атқарылған шаралардың арқасында республика көлемінде ана өлімі екі есеге азайса, бала туу көрсеткіші бір жарым есеге өскен. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен, бүгінгі жағдайда осымен шектеліп қалуға болмайды.

Бүгінгі күні облыс аудандарындағы орталық ауруханалар, ауылдардағы фельдшерлік-акушерлік пункттер, учаскелік емдеу орындарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, елімізде бастау алған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы өз жалғасын табуда. Бұл шындығында да игілікті іс болып отыр. Себебі, емдеу орындарын уақыт талабына сай жабдықтамай халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы жақсармайды. Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан осы бағдарлама аясында облыс орталықтарында пайдалануға берілетін жаңа емхана, қан құю орталығы медицинаның соңғы жаңалықтарына жауап беретін жетілдірілген құралдармен жабдықталатын болады. Осы ретте, балалар ауруханасындағы стационар, жансақтау, емхана, диагностикалық бөлімше, жұқпалы аурулар бөлімі, ас дайындау блогы, барлығы да қазіргі заманға сай деңгейде болуы керек»[9].

 Кейінгі жылдары елімізде әйелдер өлімі азайып келе жатқаны қуантады. Бұл перзентхананың, басқа да емдеу профилактикалық мекемелерінің осы заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандырылып жатқанының жемісі екені рас. Медициналық орталықтардағы генетикалық зертханалар құрсақтағы шарананың жай-күйін нақты анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Сәбидің өмірге келуі отбасында жоспарлы түрде жүргізілсе, бала мен ана тартар қасірет те азаяды. Ең бастысы, бала көтерердің алдында әйел өз денсаулығын бақылауға алғаны дұрыс. Шет елдерде бала көтермес бұрын екі жақты дайындық жұмыстары жүргізіледі. Материалдық жағы өз алдына, осыған адам ағзасын да дайындайды. Болашақта бала сүйетін ата-ана ағзаларын екі-үш жыл тазартып, бойларын кеселді нәрселерден аулақ ұстайды. Ал, біздің қоғамда, оның ішінде қазақ жастары арасында мұндай түсінік бар деп айту қиын. Болашақ отбасында бала күн ілгері пайда болғанымен, оның қамы кейінгі кезекке қалдырылады. Сол сияқты, дәрігер мамандар перзентханаға түсетін кейбір әйелдің тіркеу картасы түгілі, жеке басын куәландыратын құжаты болмайтынын айтып, қынжылады. «Әр бала – ата-анасының көз қуанышы, өмірінің жалғасы, ұрпағы. Яғни, сәбидің мына өмірге он екі мүшесі сау, ақыл-есі дұрыс болып келуіне, ең алдымен, ата-анасы жауапты екенін әрдайым есте ұстаған жөн.
Кісі тойып тамақ ішуді емес, сол тамақтың нәрін ала білу мәдениетін ұғынуы тиіс. Қазіргі медицинаның арқасында осы сырқаттардың да алдын алуға зор мүмкіншілік туып отыр. Мысалы, Жапонияны, Қытайды, Сингапурды, Малайзия не болмаса Филиппинді алып қараңыз, ол елдердің қай-қайсында да салауатты өмір салты өте жақсы жолға қойылған»[10]. Халқы жасы бар, жасамысы бар, жаппай дене шынықтырумен айналысады. Неге? Өйткені, олар денсаулықтың қадірін саналы түрде сезіне алатын дәрежеге жеткен. Біз де ұлтымызды осыған үйретуіміз керек. Егер медицина ілімінің бүге-шігесін терең меңгерсек, жүрек, қан тамырлары ауруларының саны да күрт азаяр еді.

«Ана мен баланы қорғау, гендерлік саясат, отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыру, бала тууды ынталандыру, халықтың орташа өмір сүру жасын ұзарту – осының бәрінде де Қазақстан алға ілгерілеп келеді. Атап айтар болсақ, бала туу көрсеткіші 25 пайызға артты, ал адам өлімі 11 пайызға төмендеді. Халықтың табиғи өсімі 1,7 есеге көбейді. Алдағы уақытта да демографиялық ахуалды жақсарта түсуге бағытталған ірі міндеттер жүзеге асырылмақ. Мәселен, халықтың орташа өмір сүру жасын 72-ге жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар халық санын 18 миллионға жуықтату, ана мен бала өлімін 2 есеге төмендету міндеті қойылып отыр. Тағы бір қуанышты дерек, мемлекетті құраушы қазақ халқының үлесі артып келеді. Бұған тәуелсіздік жылдары шекара асып, атамекенге көшіп келген 800 мыңнан астам қандасымыздың да қосып жатқан үлесі бар. Соңғы Ұлттық халық санағы елдегі қазақтардың үлесі 64 пайызға жеткенін көрсетті. Жалпы арғы тегі бір, туыс этностарды қоса алғанда, 70-72 пайызды құрайды. Демек, қазақтың демографиялық дәлізі кеңейіп келеді деуге негіз бар»[11].

Өтпелі кезеңнің алғашқы жылдары дәрігерлер бөлінген дәрі-дәрмекті түйірлеп санап, бинтті қарыстап өлшеп, бөліп отырған. Қазір Құдайға шүкір, республикалық бюджеттен медицина саласына бөлініп жатқан қаражат мол. Тіпті елдегі барлық науқастарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жетеді десек, артық айтқандық емес. Бізде бөлінген қаржыдан тегін дәрі-дәрмек жекелеген бір ауруларға ғана беріледі. Мәселен, бір-бес жасқа дейінгі балаларға, есепте тұрған жасөспірім балаларға, содан кейін аяғы ауыр әйелдерге. Ал, кейбір науқас жандарға елу пайыз жеңілдік қарастырылған. Ал, жергілікті бюжеттен бөлінген қаржыдан сусамыр, сал аурумен және демікпемен ауыратын бір жасқа дейінгі балаларға тегін дәрі-дәрмек беріледі.
«Қазақстанда темекі шегушілердің саны 5 миллион адамды құрап, олардың қолымен жылына 35 миллион темекі қалдықтары тасталады екен. Елімізде осы темекінің кесірінен пайда болған ауру түрлерінен күн сайын 35-69 жас аралығындағы жетпіске жуық азаматтан айырылады екенбіз. Орта есеппен темекі шегуші күніне 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішіне түтін тартады. Темекі шегуді әу баста «ермек» үшін бастағандардың 80 пайызы кейін тұрақты шылым шегушілер қатарына қосылады. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 50 канцерогенді заттардан тұратын 5 мың химиялық элементтен құралған темекі өкпе обырының бірден-бір қоздырғышы болып табылады. Елімізде жыл сайын темекіні сатып алуға 35 миллиард теңге қаржы жұмсалатын көрінеді.

Болжам бойынша ХХІ ғасырда жер бетінде 900 мыңға жуық адам ажалын осы темекіден табады екен. Ал, біздің елімізде темекі тартудан жыл сайын 25 мың адам ажал құшады. Яғни, шағын бір қаланы жыл сайын темекі түтіні жалмап отырады деген сөз. 2030 жылға қарай темекінің салдарынан өлетіндер саны 51 мыңнан 57 мыңға дейін өсуі мүмкін деген қауіп бар.
Егер жарнамалық тұрғыда насихат жасауға тыйым салынбаса, ғасыр соңына дейiн 1 миллиард адам темекiнiң құрбанына айналады. Ал шылым шегетiндердiң 95 пайызы өкпенiң қатерлi iсiгiне ұрынады екен. Жер шарындағы 2 миллиард жасөспiрiм мен жастың санасы никотинмен уланған. Қазақстанда бұл көрсеткiш — 120 мың. Сорақысы сол, жыл сайын 25 мың, күн сайын 70 отандас темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттен көз жұмады.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметiне сүйенсек, Жер шарындағы 2 миллиард жас темекiнiң түтiнiмен уланған. Ал Қазақстан халқының 27 пайызы (4 миллион адам) темекi тартады. 4 миллионның 600-ден астамы қыз-келiншек болса, 120 мыңы – 13-15 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Отандастарымыздың басым бөлiгi 20-ға толмай жатып, шылымның «дәмiн» татады екен. Сорақысы сол, елiмiзде жылына 25 мың адам темекiнiң кесiрiнен туындаған дерттерден көз жұматын көрiнедi»[12].

Қазiр адамдардың, әсiресе, өскелең ұрпақтың шылым шегуге әуестенуiне жарнаманың тигiзер ықпалы көп. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы өкiлдерi әлемдегi барлық мемлекеттiң үкiметтерiн темекiнi жарнамалауға заң жүзiнде қатаң тыйым салуға шақырды. Халықаралық ұйым өкiлдерi жүргiзген зерттеу жұмыстары балалар темекi тартуды неғұрлым ерте бастаса, никотиннен бас тарту соғұрлым қиынға түсетiнiн дәлелдедi. «Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырған бағдарламалардың бiрi — Tobacco Free Initiative жетекшiсi Дуглас Беттчер Жер шарын мекендейтiн тұрғындардың небары 5 пайызы ғана темекiнi әспеттейтiн жарнамалық дүниелерден аулақ екендiгiн айтады. Ал қалған 95 пайызы темекiнi насихаттаған жарнамадан күнi-түнi көз ашпайды. Егер тиiстi шаралар қолға алынбаса, жоғарыда айтқанымыздай, ғасыр соңына дейiн 1 миллиард адамның ажалы темекiден болмақ»[13].

Темекi – адамдардың өлiмiне себеп бола тұра, заң жүзiнде тұтынуға рұқсат етiлген әлемдегi жалғыз өнiм. Езуiне шылым қыстырғандардың үштен бiрi, кейде тiптi, тең жартысы ажалынан 15 жыл бұрын өледi екен.
Бүгiнде Қазақстандағы емханалар мен ауруханалардың барлығында дерлiк темекiнiң зияны мен келешек ұрпаққа төндiретiн қаупi туралы айтылған ескертулер iлiнген. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары бүкiл әлем бойынша, 1,8 миллиард жастың (10-24 жас аралығы) темекi тартатынын айтады. Өкiнiшке қарай, бұл көрсеткiш уақыт өткен сайын арта түспесе, кемiмесi анық. Өйткенi, нәпақасын темекi өндiрiсiнен айыратындар тұтынушылық нарық аясын кеңейтуге, яғни, кәрi-жастың жаппай темекi тартуына мүдделi.

«Еуроодақ 2025 жылға дейiн темекi өнiмдерiн ашық саудадан мүлде алып тастауды мақсат етуде. Ал Ресейде мектептер мен колледждерде темекi тартқан мұғалiмдерге үлкен көлемде айыппұл салынады. Батыстың көптеген елдерiнде қоғамдық орындарда шылым тартуға заң жүзiнде тыйым салынған. Францияда мұндай заңның күшiне енгенiне сегiз ай болыпты. Осы уақыт аралығында кафе, бар, мейрамханалардың қожайындары табатын пайда 10-15 пайызға қысқарса, жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұматындар саны 15 пайызға азайыпты. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының өкiлдерi темекi өнiмдерiн жарнамалайтын насихаттық шаралар толық әрi тұтас тоқтатылса, шылым шегетiндердiң саны 16 пайызға төмендейтiнiн көлденең тартады»[14]. Сондықтан көшелерде, бұқаралық ақпарат құралдарынан (газет, журнал, теледидар, радио, интернет сайттары, плакаттар мен билбордтар, қоғамдық көлiктердiң сырты т.б.) никотиндiк өнiмдердi аластау өте маңызды. Сонымен қатар түрлi халықаралық жарыстарда, әсiресе, жастар мен жасөсiпiрiмдер қатысатын сайыстарға демеушiлiк жасап, темекi өндiрушi кәсiпорындардың брэндтерiн жарнамалауға да тосқауыл қою қажет.

«Қазақстан Республикасының «Темекi тартуды шектеу мен алдын алу туралы» Заңына сәйкес, темекi өнiмдерiн өндiрушiлер мен сырттан тасымалдаушылар жыл сайын iшкi нарыққа ұсынатын өнiмдердiң құрамы туралы Үкiметке есеп беруге мiндеттi. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, қорап сыртындағы «Шылым шегу сiздiң денсаулығыңызға өте зиянды», «Балаларды темекi түтiнiнен қорғаңыздар», «Темекi шекпейтiндердiң өмiрi ұзақ» деген жазудағы әрiптер көлемi 30 пайызға үлкейтiлдi. Бұл — Қазақстан Халықаралық темекiге қарсы күрес жөнiндегi конвенцияға қол қойғаннан кейiнгi жаңалық. Оған дейiн адамдарға шылымның зарарын ескертетiн жазу, тiптi, байқалмайтын. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiндегiлер келешекте 30 пайызбен шектелiп қалмай, 50 пайызға дейiн жеткiзудi көздеп отыр. Ескертуге езуiне темекi қыстырған отандастарымыз селт етсе жақсы»[15].

Елімізде құрт ауруымен науқастанатындардың денін жұмыссыздар мен үйсіз-күйсіз жандар құрайды екен.Статистикаға сүйенсек, туберкулезбен ауыратындардың 30-40 пайызы дәрігер кеңесіне құлақ аспай, ауруларын асқындырып алады. Дәрілерін дұрыс ішпей, оның орнына ішімдік ішіп, будақтатып үсті-үстіне темекі тартады. Соның салдарынан Кох таяқшалары күшті әрі қымбат дәрілерге «үйреніп» өкпе ауруының дәрі әсер етпейтін табанды түрлері көбейген. Өкпе аурулары ұзақ, сегіз ай немесе бір жылдық емді қажет етеді. Облыс орталығында ұзақ емделген науқас ауылына оралған соң белгіленген дәрілерін ішіп, ауыл дәрігерінің бақылауында болуы тиіс. Науқас болса, бала шағасының қасына барған соң бәрін ұмытып, дәрі орнына спирт ішіп, дәрігер сөзіне құлақ аспайды. Ақыры, ауруы асқынып, ауруханаға қайта түскенімен, келесі емнің қайта қонуы қиын.

Біз демографиялық және, тұтастай алғанда, Қазақстандағы адами даму мәселелеріне жалпыұлттық көзқарасты әзірлеуге тиіспіз. Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Осы ретте, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек дегенге келсем. Сонымен салауатты өмір салты деген не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.

«Демографиялық саясат пен адами дамудың шешуші басымдықтары Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында бейнеленуі тиіс. Біз неке және отбасы институтын нығайтып, оның беделін арттыру, адамгершілік құндылықтарды қайта түлету қажет. Отбасы, бала, отбасылық құндылық-тар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге, көптеген отбасыларда бар ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың өздері де бұған қамқорлық көрсетуі керек. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалы отбасыларды құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көп баламен де өлшенуі тиіс деп санаймын»[16]. Барлық халықта ғасырлар бойы солай болып келген. Адамның байлығы балаларының санымен өлшенген. Осыған байланысты бала тууға қолдау білдірумен қатар біз сондай-ақ жетім балаларды асырап алған отбасыларды ынталандыруға тиіспіз. Біз ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балалардың тағдырына енжарлық танытпауға тиіспіз. Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесін алғашқы орынға қойған. Сондықтан, біз болашақ педагогтар өз кезегімде алдымызға келген әрбір оқушының денінің сау болуы үшін осы бағытта да тәрбие бере білуге тиіспіз. Білім алушыны сауықтыруда дене шынықтыру пәні жетекші орынға ие болатын болса, басқа пәндердің өз үлесі болуы керек екені сөзсіз. Мектептегі әрбір мұғалім өзіне бекітілген бағдарламаны оқытумен қатар, оқушының тәрбиесіне, оның ішінде салауатты өмір сүруді қалыптастыруына да көңіл бөлуі қажет.

«Ұлттық ынтымақтың нәтижесінде тарихи кезеңдерде қазақтар саны жағынан тез өсіп, өзінің ата-мекенін толық жайғасып үлгерді. Ортақ ұлттық тіршілігіміз – халықтық демография жақсара басталды. Алда тосып тұрған жауапкершілік пен отаршылдық сияқты әртүрлі тарихи қиыншылықтар мен сан қилы әлеуметтік апаттарға қарамай, біздің санамыз 10 есеге жуық өсе алған. Біздің жыл санауымызға дейін, яғни осыдан 2000 жыл бұрын қазақ халқының құрамына енген түркі тілдес ру-тайпалар саны 200 мың адамға жеткен. Қазақ халқы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарына тап болды. Осы екі жылдың қияметті кезеңі халқымыздың тірнектеп 258 жыл бойы жинаған санының жартысын жоқ етіп, оны демографиялық деңгейі жағынан 128 жылға төмен сырғытып тастады. 1725-1916 жылдары екінші сәтті демографиялық қайта өсу кезеңіміз басталды. Осы кезеңде, яғни 191 жылда қазақтың саны 2,5 еседен астам өсті. Ақтабан шұбырындының шығыны 100 жылда әрең тоқтады. 1916 жылдың ортасынан бастап қазақ үшін баяу болса да, бірқалыпты демографиялық даму үрдісі аяқталып, жаңаша «отыз жыл (1916-1945ж.) ойран» басталды. Дәл осы жылы қазақ халқы сан жағынан өзінің ең биік тарихи шыңына көтеріліп үлгерді. 1931 жылғы ашаршылық және Ұлы Отан соғысы, жалпы алғанда барлығы 13 жылға созылған қасіретті демографиялық апаттар халқымыздың санын 3,5 млн-ға қысқартып жіберді. 1916 жылдың деңгейіне қазақтар 50 жылдан соң, тек 1966 жылы ғана көтеріле алды.1946-1960 жылдар аралығында халқымыздың өсу қарқыны үдей түссе, 1960 жылдан 1988 жылға дейін бір деңгейде сақталып қалды»[17]. Сондықтан халықтың санының азайып кетпей, одан әрі көбеюіне барлығымыз бірдей атсалысуға тиіспіз.
Демографиялық даму ұлттық құндылықтарымызды да ілгерілетуге серпін берері анық. Билеуші элита барынша байқап-бағамдап, мемлекеттік тілге деген қажеттілікті арттырып келеді. Билік ұстанып отырған осы мемлекеттік тіл саясаты арқылы ақырындап, сондай-ақ осы демографиялық дамумен тіл түйткілін шешіп алуымызға зор мүмкіндік бар. Демографиялық ілгерілеу тілдік ортаны өздігінен қалыптастыра алады. Яғни тілдік орта қоғам тарапынан мығым қалыптасып үлгерсе, мемлекеттің тікелей араласуынсыз да ана тілімізді армандаған деңгейге жеткізе аламыз. Тілдік ортаның ұйтқысы болар жергілікті ұлт өзіміздің тілге деген құрметіміздің таяздығы да басты себеп болып келеді. Байқап қарасақ, бүгінде халық санының өсуімен тілдік орта өзі-ақ қалыптасып келе жатқаны сезіледі.

 «Өз кезегінде мемлекеттік билік ыңғайын тауып және осыған демографиялық салмақты ескеру саясатын белсендіре беруі тиіс.
Денсаулықтың 55 пайызы адамның өзіне, 20 пайызы – медицинаға және қалған 25 пайызы ата-анадан алынған генетикалық кодқа байланысты екені дәлелденген. Бөлініс реті осындай. Демек, осы 55 пайызды ескере отырып әркім өзін күтуі керек. Сондықтан біздің бәріміз де өзімізді күтуге тиіспіз. Елде салынған стадиондар 100 пайыз пайдаланылуы тиіс, ал өңірлер болса, спорт нысандарының мұражай жәдігерлері сияқты әншейін тұрмай, олардың халық үшін қызмет істеуіне жағдай туғызуы керек. Олардың халыққа толы болуына қол жеткізу қажет»[19]. Мәселен, Астанадағы үлкен жаңа мұз айдыны күн сайын түнгі сағат 12-ге дейін босамайды. Бұл тамаша, өйткені онда балалар денелерін шынықтыруда! Барлық жерлерде де осылай болуға тиіс. Жоғарыда адамның денсаулығы өз қолында дедік. Дене тәрбиесімен айналысуға жалқаумыз. Жатарда тоя тамақ ішеміз. Күніне бір қорап темекіні тауысуды әдетке айналдырған азаматтар көп. Дәрігердің міндеті – ауырған адамды емдеу емес, сау адамды ауыртпау дейтініміз сондықтан.

«Халықтың өсімін қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдаулар аз жасалып жатқан жоқ. Мәселен, бұрын 10 балалы аналарға – «Алтын алқа», 8-9 балалы аналарға «Күміс алқа» берілетін. Билік бұл межені «Алтын алқа» үшін – 7 балаға, «Күміс алқа» үшін 6 балаға дейін түсірді. Сонда да бала туу мәселесіне маңызды қолдау әлі де болса қажет. Дүниеге келген әрбір баланың жағдайын жасап, отбасына пәтер, қаражат болсын, қолдан келген жан-жақты көмекті көрсету аса маңызды»[20].

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-2

      1-сурет. Қазақстан Республикасының нәресте өлімінің көрсеткіші.

Ескерту: Бұл мәліметтер Қазақстан Республикасының www.stat.gov.kz ресми статистикалық сайтынан алынған.

«Қазіргі кезде елімізде демографиялық көрсеткіштердің жақсарып келе жатқанын айтып өтуімізге болады. Мәселен, 2000 жылы 14,7 пайыз болса, 2013 жылы 22,73 пайызға жетті. Нәресте өлімінің көрсеткіші 19,6 пайыздан (2000 жылы) 11,3 пайызға дейін (2013 жылы) төмендеді. Республика бойынша босанған әйелдер саны 2000 жылы 220 мыңнан жоғары болса, 2014 жылы 400 мыңға жетті»[21]. Бұл ретте, біз ана мен бала денсаулығының көрсеткішін жақсартып, ана мен бала өлімін мейлінше азайту жолында еңбектене береміз деп айтқым келеді.

Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Мемлекетіміздегі азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта жалпы білім беретін орта мектепте жан-жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтына бағытталған елбасының жолдауын – егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады. Бүгінде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортаны таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу. Адамның ақыл-ой интелектісін оның білімділік деңгейінен байқауға болады. Білім – ақыл-ойдың бастапқы түрткісі және негізгі құралы, әрі көрсеткіші болғандықтан, әрбір адам салауатты өмір сүру үшін біріншіден ақыл-ойын жетілдіру керек; екіншіден материалдық жағдайын түзеуі тиіс, ол үшін адал еңбек етуі қажет.

Егемен елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ десек, олардың білімді де білікті, жоғары мәдениетті, парасат-пайымы мол, сапалы азамат болып жетілуі тәлім-тәрбие беретін ұстазға, ата-анаға, өскен ортасына байланысты. Сондықтан да білім саласын қазіргі заманның ұрпағын тәрбиелеуші орта ретінде оқушылардың бойына арнайы адамгершілік және мәдениеттілік құзіреттіліктерін қалыптастыру мен жандандыру күн тәртібіндегі басты мәселе.Азаматтың дені сау болуы салауатты өмір сүруді қалыптастырумен тікелей байланысты, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі. Осы ретте, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек дегенге келсем. Сонымен салауатты өмір салты деген не? Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенін жақсы түсінген ата-бабамыз жас жеткіншектерді еңбекке баули отырып, рухани-адамгершілік ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мәселесін алғашқы орынға қойған. Сондықтан, біз болашақ педагогтар өз кезегімде алдымызға келген әрбір оқушының денінің сау болуы үшін осы бағытта да тәрбие бере білуге тиіспіз. Білім алушыны сауықтыруда дене шынықтыру пәні жетекші орынға ие болатын болса, басқа пәндердің өз үлесі болуы керек екені сөзсіз. Мектептегі әрбір мұғалім өзіне бекітілген бағдарламаны оқытумен қатар, оқушының тәрбиесіне, оның ішінде салауатты өмір сүруді қалыптастыруына да көңіл бөлуі қажет.

Менің ойымша, әр педагог өз сабағында жасөспірімдердің назарын өздері үнемі сүйіп жейтін тәтті тағамдардағы құнарлылыққа аударғаны жөн. Мәселен, тіске залалды конфет, печенье қорабындағы, консерв банкасындағы және бауырға қатерлі пепси кола мен кока кола сыртындағы жазуларды оқытуға болады. Сонымен қатар, калория дегеніміз ненің өлшеуі дегенше, латынның «жылу» мағынасын беретін, жылу мөлшерінің жүйеден тыс өлшем бірлігі екенін түсіндіруі тиіс. Халықаралық жүйедегі джоульмен оның байланысына келсек, 1 кал=4,19 Дж. Осы ретте, мұғалім әркімнің денсаулығына ұқыпты қарап, ішкен асының шектен тыс аз немесе көп ақуызды, майлы, көмірсутекті болмауы үшін «Тағамдар нәрлілігі» кестесінен хабардар болуы керек екенін ескерткені дұрыс. «Қазақ ұлтының салауаттылық, парасаттылық, имандылық, адамгершілік, тәлім-тәрбие туралы өлмес құнды ұлттық мұрасының дамуын шолып өтсек, Ибн сина еңбектері, Шығыс аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби, Омар Хайям рубайлары, түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес рухани мұра қалдырған: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Иассауи, Хайдар Дулати шығармаларының орны ерекше. Араға бес ғасыр салып, қолымызға сағындырып жеткен ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі, ұлттық психологиядан болашақтың салауаттылығына, имандылығына арналған мол мағлұмат алуға болатын еңбек.Ө.Тілекқабылұлы дене мен рухани дүние тұрғысында жас буынның сұлулықты түсіне білулеріне ерекше көңіл бөлді. Ол адамның сыртқы пішіміне, көрінісіне аса назар аударған. Егер адамның сырт киімі таза, тартымды, сұлу келбетті болса, онда ол оның көңіл күйін жақсартып, жүрек жылуын оятады. Ойшыл-данышпан арақ-шараптан, нашақорлықтан аулақ болуға шақырады»[22]. Бала дені сау болуы үшін жас кезінен бастап оны шынықтыру керек, дене еңбегімен шұғылдандырып тәрбиелеу қажет дейді.Қазақ халқын әлемге танытқан Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Бүкіл бір халықтың ұстазы Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде жан мен тән тазалығы, имандылық қасиеттері «толық адам», дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне айналады деп тұжырымдайды.

«ХХ ғасыр басында қазақ халқының барлық саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгінгі оқушылардың тәрбиесіне, салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлы, М.Дулатов және т.б. еңбектері – ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық мәселесіне арналған мұраларының орны ерекше.Соның іщінде, денсаулық мәселесіне баса назар аударылды.А.Байтұрсынұлы «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры – тазалықта, жан саулығының тамыры – саулықта» –, деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазылығы. Ол саулықтың іргетасын қалайды. Мәселен, М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында «Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелін дұрыстай отырып, баланың денсаулығы мәселесін «Дене тәрбиесі» бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырады»[23].

Оқушы болашағы оның денсаулығына байланысты. Оқу, білім алу, үйрену немесе біреуді үйрету үшін адамға мықты денсаулық керек. Жеке тұлғаның денсаулығын сақтауға деген құндылық бағдары әрдайым әртүрлі жағдайларда өзінің ойлары мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы. Оқушылардың дені сау болу үшін ұстаздар оған жақсы дәстүрлер мен әдеттерді сіңіріп, салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі мен оны іске асырудың жолдарын үйретуі қажет.

Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болуы) қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторы.Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім-жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткіге құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық кеңінен етек алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-50 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 пайызы қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты деп көрсетілген.

ҚОРЫТЫНДЫ

 Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтардың алдында тұрған үлкен міндет.

Мектептегі денсаулықты сақтауға негізделмеген тәлім мен тәрбие үрдісі тиімді болуы мүмкін емес. Сондықтан да білім беру саласындағы мамандардың барлығының денсаулықты сақтау ұстанымына негізделіп жүргізілген де ғана нәтижелі болады.Елбасы жолдауында өмірдің бағажетпес құндылығы – балаға, бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөліп отыр.Отбасы,әке мен бала, бала мен ана мәселесіне «Бала тәрбиелеу – болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр.Бұның барлығы ұлттық құндылықтырды сақтап, дамытуға бағытталған әрекет.Адамзат өзінің байырғы құндылықтарынан ажырамауы үшін атсалысып, адамдарды ізгілік пен қамқорлыққа шақыруы көңілге қонымды.Отағасының серігі отанасы демекш,і Елбасы Жолдауында әлеуметтегі әйел адамның рөлі, оның келешегі жөнінде айтылған. Әйел адам ең алдымен — ана. Ал ана — отбасы, мемлекет шамшырағы. Қыз баланы — ұлттық дәстүрде тәрбиелеп, құрметтеу керектігін, оны зорлық — зомбылықтан сақтау, заманға сай білім алып, кейін қызмет етуіне құқылы екендігі айтылған. Баланы жалғыз тәрбиелеп жатқан аналарға көмек көрсету, олар үшін икемді еңбек түрлерін қалыптастырып, үйде жұмыс жасауларына жағдай туғызу перспективасы қуантады.

«Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы — біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы — Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз.

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бастапқы медициналық-санитарлық көмектің алдын алу қызметі, ұлттық скринингтік бағдарламаны енгізу және балалар мен жасөспірімдердің, репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулығын қорғау, тұрғындар денсаулығына аса жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады»[24].

Қоғам дамуында ана мен сәби өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететіні түсінікті жәйт.

Ана мен бала денсаулығын сақтау — денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды міндет-мақсаттарының бірі. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев ана мен бала денсаулығы еліміздің ары қарай дамуына бірден-бір үлес қосушысы екеніне  мән беріп, медицина саласының қызметкерлерінің алдына нақты жұмыстар жүктеуде. Мәселен, ҚР Президентінің 2010 жылғы 29 қарашасындағы №1113 «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Жарлығында  ана мен нәресте,  болашақ ана, бала денсаулығына үлкен мән берген.  «Стратегия — 2020» Жолдауында  ана мен нәрестелер өлім көрсеткішін 2 есеге азайту міндеттелген.  Аталмыш стратегиялық бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздің әлеуметтік-демографиялық ахуалын тұрақтандырып, халық денсаулығын жақсарту болып табылады[25].

Ана мен бала өлімі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің барлық елдерінде кездесетін жағдай. Оның алдын алу үшін кешенді шараларды әрі тиімді шараларды атқаруымыз керек. Негізгі себептердің бірі ретінде біз ананың жүктілік кезіндегі денсаулығының нашарлауын, оның бойындағы кейбір ау­ру түрлерінің асқынуын айтамыз. Айналып келгенде бұл мәселе ананың жүктілікке дейінгі және жүктілік кезіндегі денсаулығына тікелей байланысты. Егер де әйел адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, жүктілікке алдын ала дайындалып, өз денсаулығына жүктіліктен кейін де тиісті дәрежеде мән беретін болса, өкініш тудыратын жағдайлар аз кездесер еді деп ойлаймын. Медицина ғылымында «экстрагенитальді аурулар» деген термин бар. Бұл – жүрек қан-тамыр жүйесінің, бүйрек пен бауыр және де басқа ағзаларда кездесетін ауру түрлері. Әсіресе жүктілікке дейін болған, сондай-ақ жүктілік барысында, босануда, босану кездерінде асқынған экстрагенитальді аурулар ана өліміне әкеп соқтырып жатады.Медицина саласына қойылған міндет-мақсаттарды іске асыру үшін медицина қызметкерлері, балалар дәрігері, акушер-гинеколог, СӨСҚ мамандары және басқа қажетті мамандар ай сайын ауыл аймақтағы шалғай елді мекендерді аралап, жүкті әйелдерді  тексеруден өткізіп,  есепке алып, нәрестелерді күту туралы түсіндіру жұмыстарын  кесте бойынша жүргізеді. Перзентханада әйелдер кеңесі бөлімінде отбасын жоспарлау кабинеті құрылған. Сондай-ақ, науқастанған балалар денсаулығын жақсарту мақсатында ықшамдап емдеу (ИВБДВ) іске асырылуда. Әрбір болашақ ана өз денсаулығына жауапкершілікпен қарай білуі керек. Уақытылы дәрігерлік тексеруден өтіп, анықталған ауру түрлері болса оларды емдетіп, білікті дәрігерлерден ақыл-кеңес алып тұруы керек. Кейбір аналар осы жағына үлкен мән берместен бала көтереді. Жүктілік кезінде денсаулығы сыр береді. Бұл баланың да қалыпты дамуына, жарық дүниеге келгеннен кейінгі денсаулығына әсер етеді. Азаматтар аурудың алдын алуды үйренуі керек. Әрине, өмір болған соң әртүрлі жағдайлар болады. Бірақ дүниеде адам денсаулығынан асқан құндылық та, байлық та жоқ. Дәрігерлер осы жолда еңбек етіп келеді және бар білімімі бен біліктілігігін ана мен баланың денсаулығын, өмірін сақтап қалуға арнайды.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Ана тілі ұлт газеті/Талғат Құдайбергенов// 11-маусым, 2015 жыл, 1 бет.
  2. Ана мен бала ынтымақтастығы / Т.С.Айтбаева // Жанұя мен мектептегі тәрбие = Воспитание в семье и в школе 2013 № 3 – 32-33 б. /
  3. Бесігіңді түзе / Қ.Айтжанова // Қазақ әдебиеті 2010 4 б. /
  4. Ана мен бала денсаулығы бизнеске айналды / М.Алмасбекұлы // Алаш айнасы 2011 №51 2 б. /
  5. Ана мен бала / Б.Аманшин // Лениншіл жас 1936 26 қыркүйек /
  6. Қазақ отбасының үлгісін қалыптастыру қажет / Н.Аманжол // Айқын 2013 № 150 б./
  7. Ана мен бала – қоғамның басты байлығы / Г.Жұмаабай // Айғақ 2014 № 45 3 б. /
  8. Ана мен балаға арналды / Президент және Халық 2008 25 сәуір /
  9. Бірінші байлықты баянды ету қандай деңгейде ? / Н.Асылханқызы // Дала мен қала 2013 № 45/46 9 б. /
  10. Ана мен бала денсаулығы – басты назарда / Ғ.Атымтай // Нұр Астана 2010 № 8 2 б./
  11. Бағдарлама бар-орындалуы ойдағыдай болмай тұр / Е.Әбдіжаппарұлы // Дала мен қала 2013 №33 2 б. /
  12. Ана мен баланы сауықтыру – сауапты іс / Б.Әбдірейқызы // Президент және Халық 2013 14 наурыз 2 б. /
  13. Ана мен баланы аялайық / Г.Әзімқұлова // Ақ жол 2014 №112 2 б. /
  14. Ана болу қиындап бара ма ? / С.Байқошқарова // Жетісу 2011 № 33 7 б. /
  15. Бала саулығы анасынан бастау алады / К.Бакриденов // Қазақстан – ZAMAN 2
  16. 012 № 30 8 б. /
  17. Баланы табу бар да, әлди қағып алу бар / Г.Тәжиева // Айқын 2016 №8 10 б. /
  18. Ана мен бала амандығы ауадай қажет / Н.Әлішева // Жетісу 2012 № 56 1,2 б. /
  19. Дәрігер мамандығы салғырттық келтірмейді / Н.Әлішева // Жетісу 2012 № 51 2 б. /
  20. Шарана неге шетінейді ? / Р.Әшеева // Алтын орда 2011 № 37 6,7 б. /
  21. Ана мен бала туралы : Өлеңдер / М.Әлімбаев // Көкшетау правдасы 1956 21 қазан
  22. Іс-шаралар тиімділікке тәуелді / Б.Әбдірейқызы // Экономика 2013 № 33 1 б. /
  23. Аналарға ескертпе / Ақ босаға 2012 № 10 4 б. /
  24. Ата-әжелер тәлімі ауадай қажет / Н.Үркімбай // Ана тілі 2011 № 8 11 б. /
  25. Әңгіме: Ана мен бала көпірі / А.Мәлік / Айқын 2013 №84 9 б. /

Құрастырғандар: Рысбай А., Жақсылықов А.

Яндекс.Метрика