АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ТАРТЫЛУЫ
«АРАЛ ТЕҢІЗІ — Өзбекстан мен Қазақстан (Қызылорда және Ақтөбе обл.) жерінде, Тұран ойпатының шөлді белдемінде, Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл. Алабындағы қарқынды антропогендік әрекеттерге дейін дүниежүзілік теңіз деңгейінен 53,0 м биіктікте жатқан. Осы деңгейдегі айдынының ауданы 66,1 мың км2 (аралдарымен қоса), суының көлемі 1064 км3, орташа тереңдігі 16,1 м (ең терең жері 67 м), ұзындығы 428 км, ені 235 км, су жинау алабының ауданы 69000 км2 болған. Алабындағы шаруашылык мақсаттарға үздіксіз су алу барысында 1998 ж. теңіз деңгейі 18 м-ге төмендеді. Нәтижесінде теңіз 2 суқоймаға — Үлкен Арал және Кіші Аралға бөлініп қалды.
Арал теңізі көне замандардан белгілі. Ежелгі гректер мен римдіктер теңізді Каспийдің «сақ шығанағы» деп есептесе, А. Македонский кезінде Окс теңізі (Окс — Сырдарияның грекше аты) деп атаған. Кейін Птолемей оның географиялық орнын анықтаған. Арал теңізінің Хорезм теңізі, Жент теңізі, Кердері теңізі сияқты аттары да бар. Араб саяхатшылары Әбу Әли Ахмед ибн Русте (10 ғ.), Әбу Исхақ әл-Истахри (10 ғ.), Әбу Абдал-лаһ Мұхаммед ол-Идриси (12 ғ.), Әбу-л-Фида (14 ғ.), сондай-ақ Әбілғазы жазбаларында Арал теңізі туралы деректер кездеседі»/1/.
«Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған.»/2/.
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.»/3/.
Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
— жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
— ауыл шаруашылығын дұрыс пайдаланбау, судың қорын есепке алмау;
— суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
— жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау.
Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі теңізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Бұл ұсынылған ұсыныстар мынадай:
- Сыр және Әмудария өзендерінің суларын тиімді пайдалану;
- Оңтүстіктен солтүстікке қарай Возрождение аралын пайдаланып, бөгет салу;
- Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл, жасыл желек ағаштарды отырғызу;
- Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен қамтамасыз ету.
Арал теңізінің экологиялық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Қазіргі таңда Арал теңізінің мәселесі бүкіл дүние жүзін алаңдатып отыр. Арал теңізінің тартылуын сақтап қалу мақсатында көптеген ұйымдар құрылып, мемлекеттер белсене ат салысып жатыр. Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл сайын, олардың айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. Міне, соған қарағанда бұл құбылыс келешекте жақсы үміт күттірмейтін сияқты. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нәтижесінде ұлаңғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналды. Сонда да біз үмітімізді үзбеуміз керек. Арал теңізі маңындағы халықтың жағдайын жақсартып қана қоймай, оның өсімдіктері мен жан-жануарларына да жан бітіру керек. Балық өңдейтін зауыттар көптеп салып, халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, сапалы өнім шығару. Егер де Арал теңізі қалпына келетін болса, еліміздің ең әсем аймағы болар еді. Көптеген туристер мен жастардың демалыс орны болатын еді. Қазіргі біздің арманымыздың бірі — Арал теңізін қайтадан қалпына келтіріп, оның тіршілігін жандандырып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп қалдыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
- http://1referat.kz/%D2%9Borshagan-ortany-korgau-ekologiya/aral-tenizi-zhane-ekologiyasy.html
- http://ref-kaz.ucoz.kz/news/aral_te_izi/2010-09-12-38
Құрастырғандар: Нұрғожа М., Олжабек М.