АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ГИГИЕНАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

Ауыл тұрғындарының денсаулығы мен әлеуметтік-гигиеналық мәселелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қашанда халқымыз үшін ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, ұлттық құндылықтарымыздың алтын бесігі, береке мен байлығымыздың бастауы екені даусыз. Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл – бүтін бір елдің асыраушысы, қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі іспетті.

Ауыл деген сөзді естігенде  жап-жасыл орман, таза ауа, биік-биік таулар, сарқырыған көлдер, өзендер, тыныштық,байсалдылық көз алдымызға елестейді. Бұл бұрынғы кезде, яғни өнеркәсіп, зауыт, фирмалар дамымай тұрғанда еді. Ал қалада әрқашанда фирма,зауыт,өнеркәсіп,көліктерден шығатын қалдықтар,түтіндер шығады, каладағы у-шу, көңілсіздік байқалады. Сол кезде ауыл тұрғындарының денсаулығы қазіргіге қарағанда анағұрлым жақсырақ еді деп айтуға болады. Бірақ қазірде ауылдық жерлерде қала сияқты барлық өнеркәсіп,зауыттар салынған, демек адам денсаулығына кері әсер ететән физикалық, химиялық,биологиялық факторлар ауылда да өз әсерін тигізіп жатыр деуге болады. Мысалы,қарапайым сүт өнімдерін шығаратын зауыттарды алайық, осы зауыттардың еліміз үшін тұтыну өнімдері ретінде, халықтың өмір сүру үшін керекті қажеттіліктерін қамтамасыз еткенімен, осы зауыттардан шығатын неше түрлі химиялық қоқыстар, қалдықтар, түтіндер және  сыртқа су арналар арқылы шығатын жуынды сулар да осының барлығы ауыл тұрғындарының денсаулығы үшін өте ауыр болады. Зауыттардан шыққан жуынды сулар ауыл шаруашылығына өз кері әсерін, яғни егетін егінге, өнетін өнімдерді улап, ауру қылдарады. Сол өнімдерді ауыл тұрғындар тұтынған соң, денсаулықтары да бұзылады. Міне, осындай көптеген экологиялық факторлар ауыл жағдайын, әлеуметін қала жағдайына жеткізіп келе жатыр. Осындай ауыл тұрғындарының денсаулығы, әлеуметін жақсарту үшін ауылдық жерлерге білікті дәрігерлерді көбейту керек. Осы арқылы ауыл тұрғындарының жағдаййын жақсарта аламыз.

Қазақ елі үшін ауылдық мекендердің маңызына келетін болсақ, байырғыдан келе жатқан дәстүрлі құрылыс, барлық таза, табиғи  өнімдердер осы жақтан шығады. Ауылдық жерлерде өндірген және қалалық жерлерде өнімдерді алып қарасақ, ауылда барлық жерлерде табиғи, таза өнімдерді шығаруға жағдай жасалған. Олай айтатынымыз табиғи ағып келетін сулар, бұлақтар,  қолмен жыртылған жерлер, алқаптар осы жерлерден алынған өнімдерді пайдаланған халықтардың денсаулығының жақсы болатынына күмән келтіруге келтіруге болмайды. Ал қалалық жерлерде алынған өнімдердің барлығы арнайы қолдан жасалған бау-бақшаларда, фабрикаларда жасанды тауарлар адамдардың оң әсерін тигізбейді. Сондықтан ауылдың біздің өмірімізге маңызы зор.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайы, қазіргі таңда басты мәселелердің бірі болып тұр. Мысалы, әрбір отбасының өз баспанасы жоқ,  баспанасы бола тұрса да ауылда тұрғындардың дұрыс өмір сүруіне жағдай жасалмаған , олай айтынымыз жылу және жарық, ауыз сумен, жөнді жөнделген жолдар  барлық жерлерде қаматамасыз етілмеген. Сондықтан да барллық ауыл тұрғындары ауылдан кетіп, қалаларға көшіп сол жерлерде қалып қалуда.   Тағы да ауылдан көшіп кетудің немесе мүлдем ауылдық жерлерге келмеудің маңызды себебі, ауылда әрбір тұрғынның тұрғылықты жұмысы жоқ, әсіресе жастарға жасайтын жұмыс жоқ.  Осыдан ауылдың әлеуметтік жағдайы төмендейді, әллеуметтік жа,дайы төмендеген сайын тұрғындардың денсаулығы да төмендейтіні сөзсіз. Мысалы , қарапайм мысал егер бір апа қант диабетімен ауырып жатыр, олаың балалары жұмыссыз және апаны емдететін дәрі-дәрмек, препараттар керек. Ал оны алатын ол отбасын әлеуметі, яғни қаражаты жетпейді. Осылай кете берсе барлық ауыл тұрғындарының денсаулығының төмендеп кетуі мүмкін. Осындай әлеуметтік қолайсыздықтардың алдын – алу үшін ауыл тұрғындарын жұмыспен толығымен қамтамасыз ету керек. Жұмыспен өөамтылған адамдардың өзінде ауыл тұрғындарының денсаулығына кері әсер етпейтіндей жерлер болу керек. Мысалы, біздің Созақ ауылын алатын болсақ, онда уран өндіретін жерде адамдар жұмыс жасайды, сол жасаған жұмысы үшін үстеме ақы төлейді, сонда да ол ақшамен ден саулықты сатып ала аласын дегенге тура келмейді. Барлық жағдайды тұрғындар денсаулығына, әлеуметіне жақсы әсерін тигізетін жақтарын дұрыстау керек.

Ауыл–дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан  қауымдастық. қазақ халқындағы “Ауыл  түбі-бірлік, қауым түбі-тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Бұрынғы замандарда көшпелі қазақ халқының тіршілігі көбінесе мал өсіру мен оны пайдалану мүмкіншілігіне байланысты болды. Қазіргі нарықтық экономика қоғамында ауыл болашағы әлемдік өзгерістерге сәйкес көптеген факторлардың, яғни табиғи-климат жағдайы, демографиялық, саяси-әлеуметтік, өндірістік-экономикалық, халықтың тұрмыс деңгейі және тағы басқалардың әсерімен анықталады. Қоғам аясындағы мемлекеттің саясаты халық денсаулығын жақсартуды экономикалық өсу мен  ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі фактор деп мойындауға негізделуі қажет. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Үкімет ауылды дамытуға және ауылдық елді мекендерді көркейтуге көп көңіл бөлді.Алайда соңғы онжылдықта төмен экологиялық-гигиеналық жағдай барысында халық денсаулығын жақсартуға бағытталған шаралардың бәсеңдеуі және тұрғындар денсаулығына төнетін қауіптердің белең алуы байқалуда.Қазіргі таңда қоршаған ортаның ластануына байланысты адам денсаулығына әсер ететін көптеген факторлар айқындалуда және мемлекетіміздің бірқатар аймақтарында адамдардың өмір сүруінің орташа деңгейі төмендеп кетті.

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, «елімізде 2004-2010 жылдарға арналған ауыл аймақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданып жүзеге асырылды. Бағдарлама аясында ауылдық елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық деңгейін си­пат­тайтын өлшемдер бойынша жіктеу жүр­гізіл­ді. Соның нәтижесінде 2003 жылы еліміз­дегі 7660 елді мекен төрт топқа бөлінді:

1) даму әлеуеті жоғары 1062 ауылдық елді мекен (13,9% ) – тұрғындардың саны 1,6           млн адам;

2) даму әлеуеті орташа 5664 ауылдық елді мекен (73,9%) – тұрғындары 5,3 млн адам;

3) даму әлеуеті төмен 776 ауылдық елді мекен (10,1%) – тұрғындары шамамен 300 мың;

4) экологиялық жағдайы аса қолайсыз 22 ауылдық елді мекен (0,3%) – тұрғындары шамамен 10 мың;

5) тұрғын халқы түгелдей көшіп кеткен 136 елді мекен болған.

Нәтижесінде, 2008 жылдың соңында елімізде 7093 ауылдық елді мекен тіркелген, бұл 2004 жылғы жүргізілген сараптамаға қарағанда 419 ауылдық елді мекен кем. Бірақ даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекен саны 1269-ға өсіп, даму әлеуеті дамуы төмен және тұрғындары жоқ ауылдық елді мекендер саны азайған. Бұл құбылыс соңғы жылдары ерекше біліне бастады. Елімізде ауылдық елді мекендердің саны күрт азайып, демографиялық жағдайы сыртқы және ішкі көші-қон салдарынан төмендеп барады. Көші-қонның негізгі бағыттары: Қазақстаннан басқа елдерге, ауылдық елді мекендерден аудан орталықтарына және қалаларға кету, көрші шекаралас және шалғай ауылдардан үлкен елді мекендерге қарай қоныс аудару үдерісі жалғасып жатыр.Мысалы, 2012-2014 жылдары аралығында статистикалық деректерге сәйкес, біздің елден басқа мемлекеттерге 83053 адам кетіп, 69191 адам ғана келген, яғни сыртқы көші-қон сальдосы – минус 13862 адам. Сарапшылардың бағамдаулары бойынша, ұлы көште ішкі миграциялық ағымның (ауылдан қалаға) үлесі тым жоғары (70 пайыз шамасында). Нәтижесінде ауылдық елді мекендердің, әсіресе, шекаралық және шалғай ауылдардың тұрғындар саны азайып, олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайлары төмендеп кеткен. Сондықтан 2013-2014 жылдар аралығында ауыл аймақтарының дамуын бағалау және елді мекендерді жаңадан жіктеу үшін олардың барлығының өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарына толық есептеу жүргізілді. Осы жұмыстың нәтижесінде және 2020 жылға дейінгі аймақтардың даму бағдарламасы негізінде, Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылдың 2 ақпан күнгі шешімімен барлық ауылдық елді мекендерді өздерінің әлеуметтік-экономикалық әлеует­терінің даму барысына (жоғары, орта, төмен)сәйкес төрт топқа бөлінеді. Олар: аудан орта­лықтары, тірек ауылдық елді пункттер, ауыл­дық және поселкелік округтердің орталық мекенжайлары және басқа ауылдық елді мекендер.Қазіргі кезде елімізде ауылдық аумақтар­да 7,6 миллион халық тұрады (2015 ж.). Нақты тіркелген ауылдық елді мекендер саны – 6936, оның ішінде әлеуметтік деңгейі жоғары – 1310 (18,9 % ), орта 5192 (74,6 %) адам бар екені анықталған. Қалғандарының әлеумет­­тік деңгейі төмен деуіміз керек. Әкімшілік билігі бойынша 119 ауылдық елді мекендер аудан­­дардың орталықтары, 2182 ауылдық және поселкелік округтердің орталық мекен­жай­лары болып есептеледі». [1]

Аудан орта­лық­тары мен тірек ауылдық елді мекендер бола­шақта экономикалық дамудың негізін қалайды, олар қала мен ауылдың өзара эконо­микалық, әлеуметтік, мәдениет және демо­графиялық байланыстарын жақсартады деп күтілуде. Еліміздің біртұтас «Аймақтарды дамыту» бағдарламасына сәйкес олардың әрқайсысы экономиканың даму және өндірісті жаңғыртудың, шағын және орта бизнесті қолдау жолдарын, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін, тұрғын үйлер салу, сонымен қатар, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқалай қызметтер көрсету жүйесін қалыптастыратын кешенді даму жос­парларын жасап іске асырулары керек.

Ауыл халқының жағдайы бойынша сараптама тұрғындардың өмірінің сан алуан аспектілерін қамтиды. Ең алдымен халық саны есепке алынады,оның ішінде  азаматтық  хал  актілерін жазу органдарындағы туу, өлу, некеге отыру және некені бұзу туралы актілердегі жыл сайынғы статистикалық  деректер,жыл  ішінде  туылғандар  мен  өлгендер  санының  аралығындағы, келгендер  мен  кеткендер санының айырмашылығындағы деректер негізінде әзірленеді.

Кесте 1. 2015 жылғы облыс бойынша ауыл тұрғындарының демографиялық көрсеткіштері

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b54

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

Соңғы жүргізілген ауыл халқының саны,табиғи қозғалысы,көші-қоны жайлы сараптама бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауылдық елді-мекендердің халқының саны 1,6 миллионға жуықтаған. Мақтаарал және Сарыағаш ауылдарында өзге аймақтармен салыстырғанда халық тығыз орналасқан.Осыған сәйкес аталған екі ауылда табиғи өлім және көші-қон көрсеткіштері жоғары.

Ауыл тұрғындарының еңбегі мен жұмыспен қамтылғандығы жайлы талдаулар жүргізілгенде негізгі есепке алынатыны бұл ең алдымен,экономикалық белсенді халық яғни жұмыс күші,жұмысқа қабілетті жастағы адамдар,жалпы белсенділік деңгейі,жұмыспен қамтылған халық саны мен қамтылу деңгейі.Оған қоса жұмыссыздық пен жұмыссыздық деңгейі,жалақы мөлшері ескеріледі.

Кесте 2. 2016 жылғы II тоқсандағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b55

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

Кестедегі мәліметтер бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық арасынан жұмыспен қамтылған халық санының жұмыссыздарға қарағанда басым екендігін байқауға болады. Осыдан шығатын қорытынды ауылтұрғындарының экономикалық жағдайы біршама көңіл қуантарлық дәрежеде.

Ауыл тұрғындарының әлеметтік-экономикалық жағдайында сонымен қатар елеулі үлесті ауылшаруашылық өндіріс пен өнеркәсіп құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен,сақтаумен,қайта өңдеумен және ауыл шаруашылығы саласындағы қызмет көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшелері және халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары мен қосалқы  шаруашылықтары, ұжымдық  бақтар мен  бақшалар,  саяжай телімдері,адамдардың  жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл  шаруашылығына  арналған  жерлерді   ауыл  шаруашылығы  өнімін  өндірумен, сондай‐ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты еңбек бірлестігі және ауыл  шаруашылығы  өнімдерін алу үшін  пайдаланылатын  жер  учаскелері осы ауылшаруашылық өндірісінің негізгі көрсеткіштері болып табылады.Қазіргі таңда ауыл тұрғындарының негізгі кәсіптеріне мал шаруашылығы оның ішінде ірі қара,қой,ешкі,жылқы,құс және өсімдік шаруашылығы оның ішінде дәнді дақылдар,бақша,жемдік дақылдар және бұршақты дақылдар өндіру жатады.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%b03

Сурет 1. 2015 жылғы сараптама бойынша ОҚО ауыл халқының әлеуметтік деңгейлері

Ауыл халқының денсаулық сақтауында ауру сырқаулық деңгейі,яғни бірінші рет диагноз қойылған аурулар   санының   тұрақты халықтың  орташа  жылдық санына  қатынасымен анықталады. Халықтың  кейбір  жұқпалы ауруларға шалдығу саныхалықтың  амбулаторлық,емханалық   мекемелерге  кейбір  ауру  түрлерімен   баруының      жалпы  санымен  сипатталады.Вирусты гепатитке шалдыққан тұрғындар саны Сарыағаш және Созақ аймақтарында өзге аймақтармен салыстырғанда басымырақ ал ішектің асқынған инфекциялары анықталған тұрғындар  Сайрам мен Сарыағашта  және тыныс алу жолдарының асқынған инфекциясына шалдыққандар саны Түлкібас ауылында ең көп көрсеткішке ие болып отыр. Мерез бен қышымаға шалдыққан тұрғындар Ордаасы мен Сайрам ауылдарында ең көп тіркелген.

Кесте 3. 2016 жылғы  маусымдағы ауыл  халқының  жекелеген  жұқпалы  аурулрға шалуы (Облыстық санитарлық  эпидемиологиялық  қызметтің  деректері бойынша)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b56

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

Соңғы онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауылшаруашылық өндірісі бір ортаға шоғырландырылды, бұл бір елді мекендердің ұлғаюына, басқалардың бос қалуына әкеп соқты. «Ауылшаруашылық өндірісінің қайта жарақтандырылуы – кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық кешендердің салынуы, ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өңдеу және ауылшаруашылық техникаларын жөндеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты элеваторлар, машина-трактор станциялары, сүт зауыттары, дән, көкөніс, жеміс комбинаттары) міне, осылар бой көтерді. Жеке ауылдық елді мекендерде тұрғындардың шоғырлануы, ауылды жақсы жабдықтау, жоспарлау, құрылыс мәселелерін шешу, сумен қамтамасыз ету, қатты және сұйық қалдықтарды жинау секілді шаралар қоршаған ортаны залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі іс жүзінде қалалық өмірге жақындады» [2].Осылайша, адамның ауыл табиғатына белсенді араласуы ауылдық жердегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне себепкер болды. Қазіргі жағдайда ауылды елді мекендерді көркейтіп, көгалдандыруға жоғары талаптар қойылады. Олардың ең бастылары – аумақты қалыпты жұмыс істейтін аймақтарға бөлу және санитарлық-гигиеналық нормаларды қатаң түрде сақтау.Аумақты дұрыс таңдау және оны аймақтарға бөлу халық тұратын өңірлерді дұрыс орналастыра білудің, оны с әулеттендірудің және де іріленген ауылдық елді мекендерді экономикалық мақсатқа сай қолайлы жабдықтаудың бірден-бір алғышарты.

Ауылдық елді мекендерді жобалау мен оның құрылысын салудың қалалар мен жұмысшы поселкелерін салудан айырмашылығы мынада – оның өзіне тән ерекшеліктері болады. Атап айтқанда ауылдық елді мекендер құрылысын қолға алғанда оның материалдық және техникалық мүмкіндіктері, ауылды жердегі өмірдің әлеуметтік-экономикалық факторлары ескерілуі қажет.

Ауылдық жердегі экологиялық жағдай сол ауылдық елді мекендердің жобалануы мен құрылысын салу мәселелерін дұрыс шешуге тікелей байланысты болады. Мәселен, дәлірек айтсақ,  «ауылдың өндірістік аймағы селитебтік аймақтың ық жағынан және міндетті түрде санитарлық-қорғау аймағын сақтай отырып, жердің бедері бойынша төмен орналасуы керек. Ауылдық құрылыстың бірқатар өзіндік ерекшеліктері болады, олар ауылды тазартудың жағдайына, дұрыс жабдықтауға және гигиеналық жағдайларға әсер етуі мүмкін. Ең алдымен құрылыстың көбінесе 1-2 қабаттық болғаны жөн, оның өзі негізінен ел мекендеген аймақты сумен қамтамасыз ету мен канализациялау ерекшеліктеріне тәуелді». [3] Әдетте ауылда орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету мен орталықтандырылған канализация торабы болмауы жиі кездеседі. Барлық құрылыс көбінесе жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану арқылы жүргізіледі, сонымен бірге жеке көмекші шаруашылық жүргізу үшін жеке үй жанындағы жер бөлігі алдын ала қарастырылуы керек. Ауылдық елді мекендер құрылысының бас жоспарында, жоспарлануы мен қайта жасалынуында ауылдың микроклиматын жақсарту мен экологиялық жағдайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек. Бұл, ең алдымен ауылды көгалдандыруға қатысты болады. Ауылдық елді мекендердің көп аумағын бүкіл ел пайдаланатын және қоршауға алынған жасыл желектер қоршап жатуы және арнаулы мақсаттағы орындар болуы керек.

«Қазіргі кезде тұтынуға қажетті өнім өндіруге байланысты адамның ауылшаруашылық қызметінің ауқымының өсуіне орай табиғатта бірқатар өзгерістер болып жатыр. Соның нәтижесінде табиғи,яғни алғашқы биогеоценоздар жыртылған жерлер, суарылатын алаптар, жасанды жайылымдар арқылы ығыстырылуда және трансформацияланған экологиялық жүйелер-агробиоценоздар пайда болуда, ол деген адамның өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы қызметі нәтижесінде қалыптасқан жасанды бірлестіктер».[4]

Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіруге байланысты мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кешендері ауылдық жерлерде қоршаған ортаны аса мол ластай бастады. Мал шаруашылығы кешендерінің саны мен қуаттылығының артуы нәтижесінде оның көлемі коммуналдық қалдықтар аумағынан әжептәуір арта түсті.     Қазіргі уақытта мал және құс шаруашлықтарының кешендері мен фермалары ауылдық жерде атмосфералық ауа, топырақ, су көздерінің ең ірі ластау көздері десек, оны қуаттылығы мен ауқымы бойынша ірі өнеркәсіптік нысандармен әбден салыстыруға болады.

«Адам мүмкіндігінше мол өнім алуға тырысып, экологиялық жүйенің барлық компоненттеріне былайша әсер етуде:

  • топыраққа химияландыру, механикаландыру, мелиорациялау секілді агротехникалық шаралар кешенін қолдану жолымен;
  • ауылшаруашылық өндірісін химияландыру және индустрияландыру есебінен        атмосфералық ауаға;
  • ауылшаруашылығының шайынды сулары мөлшерін күрт ұлғайту арқылы су қоймаларына». [5]

Атмосфералық ауаны, топырақты, су көздерін мал шаруашылығы қалдықтарынан қорғау нақты технологиялық шешімдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Ол үшін мал шаруашылығы кешендерін үйлерден біршама қашық жерлерге салу, лас заттарды өңдеу мен жоюдың дұрыс жолын таңдап алу қажет. Сұйық және қатты қалдықтарды жинау мен шығару механизацияның көмегі арқылы көң жиналатын орындарға тасымалданады. Мәселен, ірі қара малының қиында аса мөлшерде органикалық және бактериялық лас заттар болады.

Кесте 4. 2016 жылғы статистика бойынша ірі қара мал қиындағы лас заттар

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b57

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

Бұл малшаруашылық кешендерінің көң араласқан шайынды суларында эпидемиологиялық қауіп төндіретін заттардың болатындығын көрсетеді. Малшаруашылық кешендері ішінің ауасы негізінен аммиакпен (26 мг/м3 дейін) және күкіртті сутегімен (14 мг/м3 дейін) ластанады.Мал және шошқа фермаларындағы көң шайындыларының елді мекендерден шығатын осы тектес лас заттарға қарағанда біршама зиянды әрі қауіпті екендігін төмендегі салыстырмалардан да байқауға болады:

Кесте 5. 2016 жылғы статистика бойынша көң шығарындыларының мөлшері

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b58

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитетінің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

Малшаруашылық кешендеріндегі органикалық заттар мен минералдық тұздардың шоғырланулары шаруашылық-тұрмыстық жуынды ағындыларындағы және кейбір өнеркәсіп салаларының жуынды ағындыларындағы шоғырланудан бірнеше есе артады, сондықтан қоршаған ортаны ластайтын қауіптірек ластаушылар болады

Ауылдық елді мекендердің сумен қамтамасыз етілуі қалаға қарағанда біршама өзгеше. Мәселен, «республика бойынша ауылдардың 18 – 20 % немесе 36 % ауылдық тұрғындар орталық арқылы сумен қамтамасыз етілген, ал кепілдік сапасы бар ауыз сумен 60 % шамасында республика тұрғындары қамтылған. Егер қалаларда бір адамға шаққанда тәуліктік су жұмсау 300-350 л жетсе, ол ауылда тәулігіне 50-60 % ғана құрайды».[6]

Ауылдық жер жағдайларында тұрғындар денсаулығын сақтауда судың мағынасы зор.  Бұл – ең әуелі эпидемиологиялық қауіпсіздік.«Өршіп шығатын көп аурулардың қоздырғыштарын таратушы су болады: дизентерия, ішек аурулары, сүзек-паратиф инфекциялары, сальмонеллез, инфекциялық гепатит, энтеровирустар, аденовирустар таралуына су себепкер болады.Сонымен бірге қалаларда да, ауылдық жерлерде де ауыз судың химиялық құрамы тұрғындар арасында инфекциялық емес аурудың таралуына көп жағдайда әсер етеді: кариес, флюороз, бүйрек-тас ауруы, өттас ауруы, созылмалы гастриттер, дерматиттер, остеохондроздар, қан аурулары (метгемоглобинемия), атеросклероз, жүйке жүйелері аурулары» .[7]

Өнеркәсіп өндіріс пен ауылшаруашылық өндірістің барлық саласында химияландыру топырақ ластануын тез күшейтті. Әсіресе кең ауқымда ол ауылшаруашылығында гербицидтерді, дефолианттарды, инсектицидтерді, минерал тыңайтқыштарды қолданумен байланысты дамыды. Арамшөптерді топырақтан тиімді тазартып, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден сақтай отырып, олар сонымен бірге топырақты ластады, ол топырақтық фауна мен микрофлораның тіршіліктеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір пестицидтер топырақта бірнеше жыл сақталады, қарқынды жиналады, атмосфералық жауын-шашын мен су қоймаларына, кейіннен өсімдіктерге, ауылшаруашылық өнімдеріне, жануарлар организміне, содан кейін транслокациялық жолмен адам организміне, кейде көбірек улы қосылыстарға қан айналуы үрдісінде айналады.Ауылшаруашылығында қолданылатын дефолианттар қарқынды түрде атмосфералық ауаны ластайды, тұрғындардың жедел және созылмалы аурулармен ауыруына әкеледі.

Олар топыраққа шөгіп, жиналады, ауылды елді мекендердің су көздеріне түседі. Одан қиынырақ мәселе нитраттар мен нитриттер. Олар топырақта қарқынды жиналып, өсімдіктерден тағамдық өнімдерге ауысады, олар арқылы адам организміне түседі. Оларды ауыл шаруашылығында шамадан тыс қолдану адамның жедел және созылмалы улануына соқтырады «.Жедел улану өткір ішек ауруларының түрінде күрт интоксикациялы симптомдармен орта жүйке жүйесінің, бауыр, бүйрек зақымдануларымен бірге жүреді. Нитриттермен және нитраттармен созылмалы улану қан ауруына (метгемоглобинемия), бауыр мен бүйрек зақымдануына соқтырады».[8]

Ресми статистикалық деректер бойыша ауылдық тұрғындар денсаулығын сипаттайтын көп көрсеткіштер қалалық тұрғындар көрсеткіштерінен біршама жақсырақ.Мәселен, ауылдық жерде туушылық қаладағыдан жоғары; өлім-жітім қалалық тұрғындар арасында шамалы жоғары; орташа болашақ өмір ұзақтығы ауыл тұрғындарында қалалық тұрғындардан жоғары. «Қалалық тұрғындардың жалпы аурушаңдылығы ауылдық тұрғындар аурушаңдылығынан біршама асады (мың тұрғынға шаққанда қалада 3800-4500 аурушаңдылықтың кездесу жағдайы, ауылда 1500-1800 кездесу жағдайы болады». [9]Мұндай көрсеткіштердің болуына әсер ететін факторлар,біріншіден,дәрігерлік кадрлармен тұрғындардың қамтамасыз етілуіне және осымен байланысты диагностика деңгейіне оған мысал ауылда ауруларға диагностика жасайтын көп мамандар жетіспейді.Екіншіден, медициналық көмекке тұрғындардың қолы жетпеуінде және үшіншіден, тұрғындардың білімділік деңгейі.

«Ауыл тұрғындарының денсаулық күйін жақсарту үшін қажет:

  • Жеке тұрғын мекендерде эпидемиологиялық жағдайды жүйелі талдау;
  • Инфекциялық емес аурулар эпидемиологиясын, жеке аурулардың тұрғындар арасында таралуын (эндокриндік аурулар, этиологиясы қойылмаған ішек аурулары, тері және тері асты аурулары, сезім және жүйке жүйесі аурулары, туа біткен даму кемістіктер таралуы – емдеу-профилактикалық мекемелер деректері бойынша) зерттеу;
  • Жеке аурулар таралуының шын деңгейін табу мақсатымен тереңдетілген медициналық тексерулер жүргізу;
  • Әрбір ауылдық елді мекен бойынша тұрғындардың өлім-жітімінің себептерін жүйелі талдау».[10]

Осы берілген пункттер арқылы денсаулықты одан да жоғары көтереміз. Бұл жерде тұрғындардың денсаулығын бақылайтын мекемелер, яғни емдеу алдын-алу мекемелерінің жайлы мәліметі:

«2000 жылмен салыстырғанда Республикадағы амбулаторлы-поликлиникалық орындарда  жоспарлы қуаттылық 4,5% есе және 767,5 мың сменалық келулерді құрады,ал ауылдық аймақтарда-3,7362,4 мың құрады.Бірақта қазір амбулаторлы-клиникалық орындарда материалды-техникалық базалар қазіргі заман талаптарына жауап бере алмайды.Норматив бойынша сменаға қатысу халықтың 10000 мүшесі 179,2 тең,соның ішінде ауылдық жерде тұратындар 142,3.

Соңғы он жылда Республикада денсаулық сақтау органдарының негізгі мәселесі болып-ауыл тұрғындарына амбулаторлы-поликлиникалық көмек көрсетуді интенсивті ұлғайту болып табылады.Қалаларды алатын болсақ,онда аймақтық дәрігер орташа есеппен 1679 есе адамдарды,ал педиатр -792 балаларға қызмет көрсетеді».[11.1]

Поликлиникадан онша үлкен емес қашықтықта тұратын оның көптеген арнайы бөлмелері,профилактикалық жұмысты кеңейту,пайда болған аурудың таралуының басынан ертедегі алдын-алу, рецевидтермен аурудың одан ары қатерленуін,ауруларды,қала тұрғындарының уақытша жұмысқа жарамсыздығына алып келетін аурулар,бәріненде ұйымдастырылған формдардың дәлдігіне байланысты,өндірістік тәрбие деңгейі,квалификациялық дәрігерлерге байланысты.

«Ауылдық аймақта,амбулаторлы-поликлиникалық қызмет және оның дәрігерлік участогы-бірнеше жылдан бері өте әлсіз болып келді,оны жақсарту мен дамытуда энергиялық алдын алулар қажетті еді.Ауыл тұрғындарының амбулаторлы дәрігерлік көмекке келушіледің факторлары зерттелді.Көптеген шет ел және отандық авторлардың ғалымдардың әдеби мәліметтері.Олардың ішіндегі ең бастысы болып-ара қашақтық:ауылдық жерлердегі ара қашықтықтың алыстығы дәрігерлік орталықтардың 10 км орналасуы шамамен 3 есе.Сонымен бірге ауылдық тұрғындарға амбулаторлық дәрігерлік көмекпен қамтамасыз ету онсыз мүмкін емес. Ауылдық тұрғындарға медициналық көмек көрсетудің әдістемелік ұйымдастыру және консультативті ролі, сонымен бірге, комплексі профилактикалық жіне санитарлы-шипалы жұмыстар, орталық аудандық емханаларда танымал. Қазіргі уақытта аудандық еханаларда  шамамен жартылай:республикада хирургиялық және педиатрлық орындар, 45% гинекологиялық, оториноларингологиялық, акушерлік және неврологиялық, 1\3 ортольмолоиялық қолға алынға».[11.2]

Осы масшабты іс-қағазда денсаулық сақтау орындары мен сапалы медициналық қызмет көрсетудің стратегиялық түбегейлі бағыттардың масштабтары анықталған. Бұл реформаның басты мәселесі тұрғылықты халықтың денсаулығы.Республикада «Тәуелсіздікті алғалы бері демографиялық жағдай өзгеріп кетті. 2007 жылдың соңында халықтың саны 15 млн. 800 мың болса осы периодта ол 1,6 млн адамға өсті. Ал ауыл тұрғындарының саны жалпы республика бойынша 44,4% құрады».[12]Сонымен бірге еңбекке жарамды жасындағы азаматтар саны көбейді, олардың басым бөлігі ауыл шаруашылық өндірісінде қызмет етуде. Бұл әлеуметтік қажеттіктер мәселесін қамтамасыз ету, соның бірі болып қазіргі заман медициналық көмек көрсетуде жоғары квалификациялы қажеттіліктер болып табылады.

Осыған орай Қазақстан Республикасының Денсаулық министрлігі басқа министрліктермен бірлесе  жергілікті әкімшілік, денсаулық сақтау орындары мен органдары, ауылшаруашылық жұмысшыларына еңбек етудің жағымды кеңістігін қалыптастыруда, дем алу және денсаулық сақтау, денсаулық сақтаудың материалды-техникалық базасы мен жергілікті халықтың медициналық қызмет ету мен денсаулығын сақтау қарастырылған. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары: облыстық,орталықтық аудандық,ауыл және аудандық емханаларда, ауылдық амбулатория және фельдшерлі-акушерлік пунктерде денсаулық сақтау орындарынан кең медициналық-профилактикалық жүйесінен көмек алуда.Бұл орындарда 40%-жуық фондтар іске қосылған.

«Қазіргі кезге дейін ауылдық денсаулық сақтауда медициналық көмек көрсетудің үш деңгейлі жүйесі әрекет етеді:1-ші ол ауылдық емхана участкісі, 2-ші   аудандық медициналық орында,3-ші  облыстық және  Республикалық арнайы орындарда. Сонымен бірге, ауыл тұрғындарына медициналық көмекті облыстық диспансерлер:тері аурулары, психоневрологиялық аурулар, туберклезге қарсы орындар, онкологиялық , эндокринологиялық диспансерлер қызмет етуде. Бірақта негізгі күшті аудандық медициналық  орлалықтар алып отыр. Олардың үлесіне ауылдық халықтың 55% халқына стационарлық көмек көрсету; шамамен халықтың 20% облыстық және республикалық 3-деңгейлі медициналық орталықтар көмек көрсетуде.

Ауылдық жерлерде орналасқан медициналық орталықтардың үлесіне, 1\4  стационарлық көмек және 1\3 амбулаторлық дәрегерлік көмек ауылда тұратын тұрғындарға көмек көрсетуде. Жылдан жылға ауыл тұрғындарына амбулаторлы-поликлиникалық көмектіңсапасын көтеру клемі ұлғайтуда. Соңғы бес жыл ішінде ауыл тұрғындарының дәрігерге көмек сұрауы 6,8ден 7,9 есе ұлғайған.Қазіргі заман орталық аудандық емханалар мен амбулаторлы-клиникалық орындарының құрылысы, олардың қазіргі замандық жоғары диагностикалық және емдік аппаратуралармен, квалификацияланған дәрігер кадрлары медициналық қызмет көрсетудің түрлерінің дамуына жағдай жасауда. Орталық аудандық консультативтік поликликаларда 14-20,  ал кейбіреулерінде   24 дәрігер мамандардың қабылдап алуы жүргізілуде».[13]

Халық шаруашылығының жоспарлы түрде дамуы үшін тұрғын саны туралы ақпарат, оның болжалдарын анықтау маңызды орын алады. Қоғамдық  денсаулық   демографиялық процестерді  зерттей отыра тұрғын дамуының заңдылықтарын  анықтайды, перспективаны болжайды, тұрғын санын мемлекеттік болжау бойынша ұсыныстарды өңдейді.

Сонымен қоғамдық денсаулық бір уақытта әлеуметтік, тәрбиелік, биологиялық, геофизикалық  және т.б. факторлардың комплекстік әсерімен сипатталады. Бұл факторлардың көбісі қауіп факторы ретінде анықталуы мүмкін.  Аурудың қауіп факторлары дегеніміз не?

Қауіп факторы – аурулардың даму мүмкіншілігін жоғарылататын, олардың асқынуын және жағымсыз аяқталуын тудыратын өндірістік және қоршаған ортаның әлеуметтік, экологиялық, генетикалық, биологиялық, тәртіптік сипаттағы потенциалды қауіпті факторлар.

«Аурудың тікелей себептеріне қарағанда (бактериялар, вирустар, микроэлементтер жеткіліксіздігі т.б.) қауіп факторы туындауына және ары қарай дамуына жағымсыз фон тудырады.Қоғамдық  денсаулықты оқыған кезде факторларды келесі топтарға біріктіреді:

  • Әлеуметтік – экономикалық факторлар, (еңбек, тұрғын жағдайы, материалдық қамтамасыз етілуі, тамақтану сапасы және деңгейі, демалыс т.б.)
  • Әлеуметтік биологиялық факторлар (жасы, жынысы, тұқымқуалаушылық т.б.)
  • Экологиялық және табиғи – климаттық факторлар (тұрғын ортаның ластануы, орташа жылдық температура, экстремальдік табиғи – климаттық фактордың саны т.б.)
  • Ұйымдастырушылық және медициналық факторлар (тұрғындардың медициналық көмекпен қамтуы, медициналық көмек сапасы, мадициналық — әлеуметтік көмек т.б.)

РАМН академигі Ю.П. Лисицын денсаулықтың қауіп факторларын негіздейтін әсер ету деңгейлерін және топтамасын келтірген».[14]

Кесте 6. Денсаулыққа әсер ететін факторлар

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b59

Ескерту-мәліметтер «Экологиялық қолайсыз  аймақтардағы тұрғындар денсаулығы мен денсаулық сақтау   жүйесі жағдайына баға беру» оқулығынан/Баялиева Р.А.,  Алматы 2014ж 79 бет алынды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда созылмалы ауруларға шалдыққан балалар саны өсуде, сәби өлімі жоғары деңгейде қалып отыр. Негізінен, «ауылдық жерлерде тұратын сәбилердің 80%-ке дейінгісі қан аздығымен, гипотропиямен, мешелмен ауыратын, жүйке-психикалық және тән дамуында кейін қалуда.    Халықтың жалпы науқастану құрылымында жарақаттанушылық үлес салмағының көбеюi ауылдық жерлердiң тұрғындары үшiн iс жүзiнде қол жетпеске айналған.  Тазартқыш құрылғылардың, зарарсыздандыру қондырғыларының, су тартқыш насостарының істен шығуына, таратқыш желілердің қанағаттанарлықсыз жай- күйіне байланысты санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес келмейтін су құбырларының саны өсуде, ауылдардағы су құбырларының 50%-ке жуығы істен шығуына орай және электр қуатының жоқтығынан жұмыс істемейді».[15]

Кейінгі кездері ауыл шаруашылығының əлеуметтік жəне экономикалық дамуына бағытталған əр түрлі мемлекеттік жəне аймақтық мақсатты бағдарламалар жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта көптеген ауылдық аймақтар дағдарыс жағдайында, ол демографиялық жағдайдың нашарлауынан, ауылдық тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жəне сапасының төмендігінен, жұмыссыздықтың жоғары деңгейінен, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудан көрініс табуда. Осыдан ауылдық аймақтардың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуы өзекті мəселелердің бірі болып табылады.

Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, экономика дамуы деңгейі мен халықтың өмір сүру сапасынан ауылдық аймақтардың жағдайын білуге болады. Бұл ауылдық тұрғындарды қамтамасыз етпей, жүйелі түрде дамуға жəне болашаққа сенімді түрде қадам басу мүмкін емес. Көптеген елдердің үкіметі ауылды сақтап қалу үшін, ауылдың өмірін жəне салт-дəстүрін дəріптеуде тиімді механизмдерді дайындау үшін талпынады. Осы мақсатқа жету барысында ауылдық аймақтарды дамытудың əлеуметтік-экономикалық даму саясатын жетілдіру тұрақты қарастырылуда. Əрине, бұл жағдай басқару жүйесінің өзгеруіне, тиісті бағдарламаларды орындаудағы шығындарды арттыруға септігін тигізеді. Басқа да көптеген салалар сияқты бұл салада алдыңғы орынды АҚШ мемлекеті, Еуразиялық одақ мемлекеттері, Жапония жəне басқа да мемлекеттер иеленеді.

Экономикалық реформаларды ауылдық аймақтардың дамуына қарқын беретін аграрлық сектордан бастаған жөн. Экономика салаларын тұрақтандыру немесе оңтайландыру тез арада қоғамдағы жиі кездесетін маңызды мəселелерді шешуге мүмкіндік береді. Нəтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі мен бюджеттің барлық деңгейлеріндегі кіріс көздері өседі, жұмысбастылық пен ауыл халқының табысы ұлғаяды, ауылдың инфрақұрылымы көп өзгерістерге ұшырайды жəне əлеуметтік шиеленісушілік азаяды. Ауылдағы артық жұмыс күші уақыт өткен сайын қалаға көшеді, сонымен қатар экономиканың басқа салаларына жəне өнеркəсіпке орныға отырып, мемлекеттің дамуына мүмкіншілік етеді.

Ауыл шаруашылығын бірінші кезекте дамытудың маңызды себебі, азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудағы шешілмеген мəселелер қоғамда əлеуметтік, саяси жəне басқа да мемлекет үшін қауіпті тəуекелдердің күшеюіне септігін тигізеді. Егер жоғарыда айтылған мəселелер шешілсе, онда экономика саласындағы ғана емес, саяси салада да реформаларды жүзеге асыру жеңіл өтеді.

Егерде аграрлық сектор инновациялық даму жолына өтсе, сонда ғана ауыл шаруашылығының экономика секторына нақты белсенділігі байқалады. Бұндай жағдайда экономиканың іргелес секторларының сұранымдарын қанағаттандыру үшін бəсекеге қабілеттілікті жетілдіру қажет болып отырады.

Іс жүзінде ауылдық аймақтардың дамуына қатысты əрбір зерттеулерде авторлар берілген үрдіске байланысты факторларды қарастырады. Сондықтан ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін факторлардың жіктелуі мен олардың түрлерін анықтау жолдары сан алуан түрлі. Олардың біраз түрлері объективті жəне субъективті, ішкі жəне сыртқы, қатты жəне əлсіз жəне тағы басқа болып бөлінеді. Осындай зерттеулердің əрбіреуі арнайы ғылыми жəне тəжірибелік маңыздылыққа ие бола отырып, сол арқылы зерттеушілердің назарына ілігеді. Ауыл аймақтарының дамуына байланысты шаралар аталған факторлар жəне тиісті бағдарламалар аясында жүзеге асырылады. Бұл шаралардың тиімділігі көп жағдайда аталған факторлардың нақты дəлелденуімен байланысады.

Атап айтқанда, жалпы мемлекеттік факторда бірінші болып «тұрақты аграрлық экономика» келтірілген. Біздің ойымызша, мұндай экономика — белгілі факторлардың ықпалы немесе нəтижесі. Сондықтан «тұрақты аграрлық экономиканы» талқыланып отырған факторларға жатқызған жөн.

Негізінен, «ауылды дамытудың басты мақсаттарының бірі — тұрғындардың өмір сүру деңгейін арттыру. Осыны ескере отырып, ауылды дамытудың мəселелерін зерттей келе, ресейлік автор Л.В. Бондаренко ауылдағы кедейшілікті туғызатын факторларға назар аударады. Олардың қатарына: табиғи, экономикалық, əлеуметтік жəне демографиялық факторларды жатқызамыз». [16]

Бұл жіктеменің ерекшелігі ғылыми жəне тəжірбиелік қызығушылықты тудырады, себебі оның негізіне ауылдың əлеуметтік саласын жыл сайынғы бақылау жүргізу негізі жатады. Оның үстіне, бізге ұсынылып отырғандай, ол сəтті əдістердің қатарына жытқызылады. Себебі автор ауылдық аймақтардың əлеуметтік-экономикалық жағдайын басқару сапасымен байланыстыра отырып түсіндіреді. Нəтижесінде автордың зерттемесіне сүйенсек, экономикалық факторлар қатарына қисынды түрде орта жəне шағын кəсіпкерлікті дамытудағы жағдайдың жоқтығын жəне халықты əлеуметтік қорғау жүйесінің əлсіздігін жатқызады.

Əлеуметтік факторлардың қатарына автор қазіргі заманғы талаптарға сай келмейтін біліктілікті жəне ересек жұмыс күшінің құрылымының өзгеруі барысында нарықтық менталитеттің баяу қалыптасуын жатқызады.

Аталған автордың қарастыратын факторларының түрлері мен жіктелуінің тағы бір   ерекшелігі, бұл жерде əлеуметтік сипаттағы мəселелерге көп көңіл бөлінеді. « Ең маңызды факторлар қатарына: ауылдың демографиялық жағдайы (халық саны мен жас-жыныстық құрылымы, денсаулығы, ауыл тұрғындарының табиғи жəне механикалық қозғалысы), ауылдық жерлердегі еңбек нарығы (ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігі мен жұмыспен қамтылуы, жұмыссыздық жəне т. б.), Б.С. Есенгельдин, Л. Тылл, А.А. Абаев материалдық əл-ауқаты (еңбек ақы, кірістер құрылымы жəне оларды саралау, азық-түлік өнімдерін тұтыну жəне үй шаруашылығын ұзақ уақыт мерзімде пайдаланылатын тауарлармен қамтамасыз ету, кедейшілік де.ңгейін талдау жəне т.б.), əлеуметтік жəне инженерлік инфрақұрылым жəне т.б. жатқызылады

А.Н. Грековтың көзқарасы бойынша, ауылдық аймақтардың жағдайын сипаттайтын факторлардың қатарына əлеуметтік, демографиялық, шаруашылықтық жəне инфрақұрылымдық факторларды жатқызуға болады

М.В. Дроновның пікірінше, ауылдық аймақтың дамуының негізгі көрсеткіштеріне аталған факторлардың əсер етуінің нақты көрінісі жəне осы факторлардың жеке түрлері мен олардың барлығының жиынтығының тəжірибелік қорытындыларын іске асыру нəтижесінде анықталады деп қарастырады. Бұл факторлардың бір-бірімен байланысты екендігін, бірінің қозғалысы басқаларына қашанда əсер ететіндігін дəлелдейді».[17]

Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін институционалдық факторлардың қатарына ауылдық аймақтардың тұрақты дамуын басқару жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрылуы,жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, аграрлық өндірістің бəсекеге қабілеттілігі,орта жəне шағын бизнесті дамыту, ауыл экономикасын əртараптандыру,ауылдық жерлерде ақпараттық жəне өндірістік-өткізу инфрақұрылымның дамуы жатқызылады.

Ауылдық аймақтардың дамуына əсер ететін əлеуметтік факторлардың қатарына ауылдық жерлерде əлеуметтік, инженерлік жəне мəдени-тұрмыстық инфрақұрылымның дамуы,ауылдық қоғамдастықтағы моральдық-психологиялық ахуалдың тұрақтылығы,еңбек жəне мансаптық өсу жолдары, қолайлы жалақы ұсыну, жас мамандарды ауылға тарту,өндірістік-өткізу кооперациясын құру барысында халықты жұмыспен қамтуды дамыту, сондай-ақ əртараптандыруды дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру барысында жаңа мамандықтарды оқыту жəне т.б.

Экологиялық факторлар қатарына табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жүйесін дамыту; табиғатты қорғау жəне ландшафтты күту; ұлттық парктерді қалыптастыру, рекреациялық аймақтар жəне қорғалатын аумақтарға сараптама жасау жатқызылады. Аталған іс-шаралар бойынша аймақтардағы қоршаған ортаны қорғау жұмыстары, санитарлық-қорғау аймақтарын құру бағыттары, табиғи-қорық қорының аумақтарын анықтау жолдары, табиғи-ландшафтты аумақтардың экологиялық балансын қалыптастырудағы қызмет түрлері реттеледі.

«Қ.У.Ермековтың ұстанымы бойынша, ауылдық аймақтарды дамыту факторларын бөлу жəне жіктеу келесі сараптама негізінде ұсынылады, яғни, муниципалдық білім тұрақтылығы бірқатар экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық факторлармен анықталады деп атап өтті».[18]

Бұл ретте экономикалық факторлардың қатарына ол шикізаттың сыртқы көздерін, энергияны, жұмыс күшін, өнімді тұтынушылар мен қалдықтарды пайдаланушыларды жатқызады.

Əлеуметтік факторлардың қатарына халықтың нақты табысы, өмір сүру ұзақтығы, өмірге келген адамдардың саны, қайтыс болған адамдар санының көрсеткіштері, халықтың денсаулығының негізгі көрсеткіштері, халықты жұмыспен қамту, тұрғындардың экологиялық мəселелерді түсінуі жатады .

Бұл автордың пікірі бойынша, егерде муниципалды білім берудің сыртқы факторларға тəуелділігі неғұрлым төмен болса, солғұрлым жақсы болады деп қарастырады. Сонымен қатар əлеуметтік сипаттағы бірқатар факторлар жиынтығы сыртқы факторларға тəуелді. Өмір сүру ұзақтығы, өмірге келген адамдардың саны, қайтыс болған адамдар санының көрсеткіштері жəне басқа да факторлардың жиынтығы ауылдың дамуында айтарлықтай роль алмайтындығы жəне кедергі болмайтындығы қоғамға мəлім. Аталған факторлар көп жағдайда ауылдың əлеуметтік-экономикалық дамуының факторларынан гөрі өзгерістері болып табылады.

«Т. Хлабсаның айтуынша, Чехия мемлекетіндегі аймақтарда, еуропалық елдердің көпшілігінде ауылдық аудандарда демографиялық, əлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ инфрақұрылымдық факторлардың арасында айтарлықтай айырмашылық барын көрсетті. Бұл мақалада аймақтарды дамыту жəне ауыл шаруашылығы аясында ауылдық аудандардың көрсеткіштерін талдау нəтижесінде əдістемелік салыстыру тəсілі қарастырылады. Бұл əдістемелік тəсіл көпмөлшерлі статистикалық талдау барысында көрсеткіштерді қолдану бойынша жүзеге асырылады .Чехия ғалымдары А. Страка, М. Тузова ауылдық аудандарды бағалау үшін экономикалық, əлеуметтік, мəдени немесе қоршаған орта сияқты əр түрлі белгілерді қолданды. Олардың зерттеулеріндегі басты мақсат болып Чехияның ауылдық аудандарының дамуына қандай көрсеткіштер жəне факторлар сай келетінін анықтау болып табылды. Авторлар жан-жақты зерттеу негізінде ең көп қолданылатын 14 көрсеткіш түрлерін талдап, кейін оларды экономикалық, əлеуметтік, демографиялық жəне жергілікті факторларға бөліп алды.Чех ғалымдарының екінші тобы, А. Вайшар жəне Дж. Заплеталованың пікірлері бойынша, ауылдық аймақтардың дамуы белгілі кезеңде демографиялық, экономикалық жəне əлеуметтік факторларға байланысты екені айқындалды».[19]

«Мантино Франческо пікірінше, ауылдық аймақтарды дамытудың факторлары болып: экономикалық, əлеуметтік, қоршаған орта жəне мəдени орта жатқызылды».[20] Нəтижесінде олар өзара біріге отырып ауыл шаруашылығына əсер етеді.

Осылайша, қарастырылған факторларға қатысты пікірлерді қорыта келе, ғалымдар олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыс əрқилы деген шешімге келді. Дегенмен, олардың айтуынша, дəстүрлі болып саналады, егерде «экономикалық жағдай əлеуметтік дамудың алғышартын қалыптастыру барысында кері тəуелділіктің болуы да əбден мүмкін деп қарастырылса; адамдардың өмір сүру жағдайын жақсарту барысында аймақтарда бизнес үшін тартымды жұмыстар атқарылса; əлеуметтік бағыттарды іске асыруға мүмкіндік берілсе».

Сонымен, ауылдық аймақтарды əлеуметтік, демографиялық, экономикалық, экологиялық жəне инновациялық факторларды ескере отырып дамыту мынадай шараларды шешуге мүмкіндік береді:

  • көлік инфрақұрылымын дамытудағы едəуір артта қалушылықты жою;
  • ауыл экономикасын əртараптандыру жəне ауыл тұрғындарының кіріс көздерінің қалыптасуын кеңейту;
  • тұрмыс деңгейі мен тұрмыс сапасын көтеру үшін шаруашылықта бар қолданыстағы ресурстарды жұмылдыру;
  • бір-бірімен байланысты «өндіру-өңдеу-сату» азық-түлік жүйесін дамыту;
  • ауыл шаруашылығында жəне оның шегінен тыс жерлерде халықтың табысын арттыруға бағытталған жаңа жұмыс орындарын құру жəне сақтау.

Әрине, ауылдардың әлеуметтік жағдайы бірдей емес. Ауыл тұрғындарының ата қонысы болған, бұрыннан ел болып келе жатқан ауылдарда ұйымшылдық, ынтымақ-бірлік бар. Мұндай ауылдарда көпті көрген ақсақалдардың, үлкендердің ақыл-кеңесімен, елге жаны ашитын, туған жерінің гулденуін қалайтын азаматтардың ұйытқы болуымен елдің біртұтастығы жоғалмай келеді. Түрлі той-томалақтарда, мерекеқуаныштарда елдің ауызбіршілігі байқалады. Бұл — іргесі берік, бұрыннан ел болып қалыптасқан ауылдардағы жағдай. Ал, 60-шы, 80-ші жылдары жаңадан құрылған ұжымшар, кеңшарларда менің байқайтыным, ұйымшылдық аздау.Адам саны азайып, мектептері босап жатқан ауылдардың қатарында осындай бертін келе пайда болған елді мекендер көптеп кездеседі. Десек те, «Ауылым — алтын бесігім» деп, туған еліне қолдан келгенше көмек бергісі келетін азаматтар да жоқ деп айта алмаймын. Шамасы келгенше, жәрдемдескісі келеді. Ауылдарға ескерткіштер орнатып, көшелерін жарықтандыруға мүмкіндігінше көмектесіп жургендерді де көріп жүрміз. Бұл ретте бір айтып өтерлік жайт, ауыл адамдары өркениеттен алыстағысы келмейді. «Мал басын көбейту керек», «Мал шаруашы-лығының өндірістік қуатын арттыру керек» деп айтып жатамыз, дегенмен де ол үшін арнайы сыртқа шығып, шалғайдағы шөбі қалың шұрайлы жерлерде мал ұстау керек. Мұндай қадамға көбісі бара қоймайды, ауыл маңында ғана мал бағудан әрі аспайды. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалынып жатыр, «Сыбаға» бағдарламасы арқылы тиімді несиелер берілуде. Сондай-ақ, көбісі қой бағудан тартынады. Мұның өзін былай қойып, қарапайым сиыр саууға да адамдардың ниеті азайып бара жатқанын көріп жүрміз. Қорасында мыңғырған малы бола тұра, дүкендегі әсем әрленген дайын сүт өнімдерін қолданып жатқан ауыл адамдары аз емес.Әйтсе де, ауылдардың әлеуметтік жағдайы бұрынғыға қарағанда тэуір. Шаруа қожалықтарымен қатар елдің әлеуметтік әл-ауқатына ықпал ететін ауылдың негізгі жұмыс орны — мектептер және ондағы зейнеткерлердің жағдайы. Ауылдардың көбісіңде шаруа қожалықтары ұсақ, сондықтан мектептердің мәселесін назардан таса қалдыруға болмайды.

«Қазір «Дипломмен ауылға» бағдарламасы мектептердегі кадр тапшылығы мәселесін шешуге игі ыкпалын тигізуде. Дегенмен де, мұның өзі жеткіліксіз сиякты. Бұл бағдарлама арқылы ауылға ат басын бұрған жас мамандардың дені сол жерде қалуға құлықсыз. Шамамен, 10 пайызы ғана ауылдық жерлерде тұрақтап қалып жатыр. Басым көпшілігі уақытша тәжірибе жинап, жағдайын жақсарту ушін ғана барады, ал үйге несие алу кезегіне келгенде, көбісі бас тартып жатады. Сондыктан, ауыл мектептеріндегі кадр мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Сол сияқты, дәрігер мамандардың жеткіліксіздігі анық сезіледі.

Ауылдың еңсесін көтеру үшін әлі де идеологиялық жұмыс жүргізу қажет. Бүгінгі таңда әлемде қаладан ауылға, қаладан тыс жерлерге көшу үрдісі етек алып барады. 2010 жылы Астанадан Ұлытауға барғанда, «Ауылға барайық», «Ауыл үшін қызмет етейік» деп шақырған ұрандар көтерілді».[21] Әрине, білімді, іскер азаматтар бар ғұмырын ауылға арнамаса да, үш-төрт жыл уақытын қиып, қызмет етсе ауылдың жағдайы біраз көтеріліп қалары даусыз. Ауылдан шыққан қаншама атақты ғалымдар, ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері бар. Біз оларды да ауылға шақырған болатынбыз. Зиялы қауым өкілдері ауылдың жастарымен кездесулер өткізіп, тәжірибелерімен бөліссе ауыл жастарының рухы көтеріліп, өмірге деген көзқарастары өзгерер ме еді. Мұндай әрекеттің де көп пайдасы болатынына күмән жоқ.Өскелең ұрпаққа, әсіресе, ауыл жастарына үлгі-өнеге боларлықтай тұлғалар ауадай қажет. Олар елеулі жетістікке жету үшін алдына мақсат қоя білу керек. Көптеген жастарда мақсат жоқ, соның салдарынан қай жерде болмасын, белгілі бір нәтижеге жете алмай жүреді. Сондықтан да танымал тұлғалар ауылға барып, жастарға жол көрсетіп, жөн сілтесе, қабілеттерін ашып, оларды дамытуға көмектессе мақсатшыл азаматтар қатары көбейе түсеріне кәміл сенемін.  Еліміздің егемендік алғанына 20 жыл толған торқалы тойы қар­­­саңында, еліміздің алтын бесігі, барлық байлықтың көзі, бе­ре­ке-бірлігінің негізі ауылдың, он­дағы тұратын елдің мұң-мүд­десін нақ­ты білетін, ауыл ша­руа­шылығы саласында маман, бас­шы болып қызмет атқарған біз және бар­лық ауыл зиялылары, қазіргі ау­ыл­дың жағдайы, хал-ахуалы ту­ра­лы ті­лек-ұсыныс­та­рын Үкі­мет­ке, ау­ыл ша­­руашылығы бас­шыларына жет­кізуді азамат­тық парыз деп білемін.

«Кейінгі жылдары мемлекет ауыл шаруашылығына қомақты қаржы бөліп, ауылдағы мектеп, емхана, ауыз су салаларын салу­ды, жөндеуді және әр облыста ет, сүт және құс өнімдерін өн­ді­ретін кешендер салу жұмыста­рын қолға алып жатыр. Мұндай шаралар өнім өндіруге және сол көлемдегі біраз елді жұмыспен қамтуға үлес қосқанымен, ауыл­дың қазіргідей тұралап қалған жағдайын, жұмыссыздық салда­ры­нан, елдің әсіресе жастардың жан-жаққа тозып кеткен келең­сіз үрдістерін, бұрынғы қалпына келтіруге жеткіліксіз екендігін және толық шеше алмайтынын атап айтқан дұрыс.

Бұған дәлел ретінде қазіргі ушығып тұрған «Думан» шағы­н ­ауданындағы жағдайды алай­ық. Қаладағы баспанасыз азып-тозып жүргендер, «Думан» ша­ғын ­ау­­­да­­нындағы бос жатқан жер­ді басып алып, үй салмақшы болғандардың барлығы да ауыл­дан келген жастар – қа­зақтар. Олар ауылдан отбасын асырай­тын жұ­мыс таппаған соң қалаға келіп, құрылысқа кіріп, базарда сауда-саттық жасап, арба сүй­ре­тіп, болмаса жеке адам­дарға жал­данып, жұмыс істеп, күнін әзер көріп жүргендер».[22]

Олардың мұндай дәрежеге ду­шар болуына, қазіргі ауыл­да­ғы тұрмыстық, әлеуметтік ахуал­дың төмендеп, жастардың өсіп-өркендеуіне қажетті жағдайлар­дың болмауы себеп. Сондықтан да жастардың қалаға қарай ағы­луы жыл сайын көбейіп барады.

Сонымен қатар « ауылдан шал­ғай елді мекендерде, мал учаскелерінде тұратын елге тиісті күн­делікті тұрмыстық жағдайларды жасай алмағандықтан, оған жұм­салатын шығындарды қыс­қарту мақсатында жергілікті әкім­дердің ұсынысымен, Үкімет 2004 жылы 800 елді мекенді келешегі жоқ деп тауып, ол жерлерде тұратын елдің жан-жаққа кетуіне жол ашты».[23] Бұрын ол учаскелерде мал өнімдерін өндіретін фермалар болған. Әлі де ол жерлерде жеке меншік ма­лын бағып отыр­ған біраз ел тұрады.

Бұрынғы үйір-үйірімен алдыңнан кесіп өтетін киіктен де тұқым қалмаған сияқты. Бетпақдаланың сай-салаларында өсіп тұрған табиғи сексеуіл де таусы­лыпты. Енді жұмыссыз жастардың біразы Бетпақ­дала­дан қайрақтастарды қазып дайындап А­лматыға, Таразға артып жіберіп жатыр. Жастар­дың осындай әртүрлі уақытша шаруалармен айна­лысуына ауылда істейтін тұрақты жұмыс болмауы себеп. Жастардың моральдық тәрбиесі төмендеп барады.

Қазіргі кең өріс алып отырған жұмыссыздық салдарынан жастардың ауылға тұрақтамауы елі­міз­дің өсіп-өркендеуіне теріс ықпал жасайтын аса қауіпті жағдай. Елдегі қазіргі егін егіп, мал бағып, өнім өндіріп отырған қариялар жұмыстан кеткен соң, ол шаруашылықты кім атқарады, елді қалай, немен асырайды? Бұрынғы жүйедегі бір шаруашы­лықтың өндіретін, мемлекетке өткізетін өнімдерін, қазіргі бір аудан көлеміндегі ұсақ, орта, ірі шаруа­шылықтардың барлығын қосқанда өндіре алмай­ды. Біз тек қана өзіміздің елімізді ғана емес, бірнеше мемлекеттерді тиісті өнімдермен қамтамасыз  мүмкіндігі бар, жерл бай елміз. Біздің елдің болашағы жарқын.

Ал, қазіргі жағдайда осындай кең көлемді берекелі шалқыған жерде отырып, өз халқы­мыз­дың сұраны­сын қамтамасыз ете алмай Қытай­дан сапасы күмәнді ет пен шұжық, Бразилия мен Ресейден құрғақ сүт, Ресей, Белоруссия, Қырғыз­стан­нан өсім­дік майлары, Литва мен Эстониядан көкөніс пен жемістерді, т.б. зат­тардың импорт­талып тасылып, әкеле­тіні өте өкі­ніш­ті. Ол біздің елдегі ауылшаруа­шы­лық жүйесінің дұ­рыс құрыл­май, барлық байлық­ты игере алмай отыр­ға­ны­мызды көрсетіп отыр. Ауыл­ды жекешелендіруден құрылған майда шаруа­шылықтар, орташа фермерлер техника, қаражаттың жеткіліксіздігінен, негізгі себебі дұрыс ұйымдастыра білмегендігінен тиісті өнім ала ал­май, өздерін де қамтамасыз ете алмай отыр. Ірі ша­руашы­лықтардың саны аз, олар негізінен астықпен айналысады.

Мәдени-тұр­мыс­тық қыз­мет мекемелері тұрақты қалыптасқан жү­йе­де жұмыс атқаратын. «Ауылдағы жұмысқа жа­рам­ды елдің бәрі жұмыспен қамтылған, себепсіз жұ­мыс істемей жүрген адамдар болса арамтамақ ретінде жауапқа тарты­ла­тын. Ол кезде жұмыс туралы еш­қандай қиыншылық болған емес. Елдің бәрінің жұ­мы­сы бар, ай­лық алды. Үй іргесінде жері бар. Мүм­кін­дігіне қарай жеке меншік мал ұстады. Нәтижесінде ауылдың берекесі артып, ауылдағы ел жақсы өмір сүрді.

1990 жылы Қазақстанда 36,8 млн. қой, 9,8 млн. ірі қара, 1,6 млн. жылқы, 3,3 млн. шошқа болса, қазір мал басы барлық түрінен 2-3 есеге кеміп кетті. Жал­пы егістік алқабы 35,2 млн. гектардан 21,8 млн. гек­тар­ға төмендеді. Сонымен қатар, еліміздің эконо­ми­ка­сының түпқазығы, халықты барлық қажетімен қам­­т­амасыз етіп отырған егістік жер құ­нарының жылдан-жылға кеміп, тозып бара жатқа­ны, соған сай алынған өнімнің де көлемі азайып, сапасы төмендеп бара жатқаны аса қауіпті жағдай».[24] Өйткені, топы­рақ­тың құнарын қалпы­на келтіру үшін ұзақ уақыт жоғары агротехникалық шаралар қолдануды қажет етеді. Жеке шаруалардың егістік жерге ауыспалы егіс жү­йесін енгізу, органи­ка­лық-минералды тыңайт­қыш­тар қол­дану­ға және түрлі зиянкестермен күре­су­ге шамасы келмейді. Жеке ша­руа­шылықтар егіс­тік­тің тұқымын жаңарту, мал тұқы­мын асылдандыру ша­раларын да орындай алмайды. Ондай кешенді ша­ра­ларды ұйымдасқан ірі шаруа­шылықтар ғана атқара алады.

Сонымен қатар, жайылымдық жерлер де тозып барады. Жеке шаруалар өзіне бекітілген жеріне ғана малын жайып жерді тақырлап бітеді. Бұрын­ғы кездегідей жайылымдықты суландыру, екпе шөп егіп құ­нар­ландыру, қоршау, тыңайту жұмыс­тары бүгінде ұмыт болуға айналды. ­

Қа­ла­ларда үй құрылысын дамыту саясаты құры­лыс­ты жүр­гізуші олигархтар үшін өте пайдалы, оның әр шар­­шы метрін пәлен есе артық бағаға сатып отырса, бай­лардың ойлаған мақсаты орындалады. Қазірдің өзінде көп қабатты үйлер сіресіп тұр. Олардың біразында ел тұрмайды, өйткені бағасы тым қым­бат, сапасы төмен. Бұл бағытта халықтың көпшілігін қала­ға, қаланың маңына жинақтап, өнім өндіретін ауыл­да­ғы елді азайту, жерді бос қалдыру дұрыс бола қояр ма екен? Сонда күнделікті тасқындай өсіп отырған қала халқын тамақпен кім асырайды? Қазірдің өзінде ауыл­дағы таза сапалы өнім беретін егістік жердің толық пайдаланылмай жатқаны, шабын­дық­тың көпшілігінің орылмай, жиналмай қалаты­ны, ұшан-теңіз жайылым­дықтардың пайдаға аспай бос жатқаны, соған сай алы­натын тиісті кө­лем­дегі өнімдер алынбайтыны ауыл ша­руашы­лығына дұрыс бағыт жасалмағанын көрсетеді.

Батыс елдерінде ауыл шаруашылығын эконо­мика­ның басқа салаларымен тең деңгейде дамыту үшін және ол бір құласа қайтадан көтерілуі ұзаққа созы­ла­тын қиын сала болғандықтан, өз қоғам­дарының қауіп-қатерсіз өмірін қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруа­шы­лығына жеткілікті жағдай жасалған. Дамыған елдер тауар өндірушілерге берілетін субсидия арқылы ауыл­шаруашылық өнім­дерін арзандатып, өз халқына арзан өнім ұсынады және оны экспорттау арқылы басқа ел­дер­дің өзіне тәуелділігін және өз ауыл шаруа­шылы­ғы­ның тұ­рақ­ты дамуын қамтама­сыз етеді. Ал, Белоруссияда ауыл шаруашы­лығының колхоз жүйесі сақталып, елдің де, жердің де тозбауына жағдай жасалынған. Ресейде ұйым­дасқан шаруашы­лықтың жеке шаруалардан өнді­рістік жағдайлары артық екенін шаруаларға тү­сін­діру арқылы жыл са­йын мыңдаған жеке шаруалар іріленген шаруа­шылықтарға ұйымда­сып, үкімет оларға қаржылай және техникамен көмек беріп отыр.

Осы жоғарыда келтірілген дәлелдерді зерделей отырып, ауыл шаруашылығындағы қазіргі тоқы­рау­ды тоқтатып, ілгері өркендету үшін шаруа­ларды, олар­дың бөлінген пайларын біріктіріп іріленген өндірістік шаруашылықтарға ұйымдастыру ең шешуші мәселе болмақ. «Ұйымдасқан, іріленген көп салалы шаруа­шы­лықтың жеке шаруадан артықшылығын, өндірісті өркендету және елді жұмыспен қамтамасыз ету ісінде бірден-бір тиімді жолы екенін шаруалардың барлығы қуаттайды. Бірақ жеке меншік пиғылдан аса алмай біреудің жері жақсы, біреудің тракторы бар, т.б. сыл­тау­лармен өз бетімен тез арада бірігіп кете алмайды. Сондықтан ауыл халқының қазіргі азып-тозған жүдеу жағдайын жөнге келтіру үшін ең алдымен, Үкімет шаруаларды және олардың пайға алған жерлерін біріктіріп, көп салалы өнім өндіретін, өңдейтін өндіріс­тік құрылымдар ұйымдастыруға нақтылы бетбұрыс жасауы керек».[25]Нәтижесінде жер пайдаланудың техно­логиясы жақсарып мәде­ниетті шаруашылыққа айна­ла­ды, өнім өндіру еселеп артады. Өндірілген өнім­дерді өңдейтін, тұтынушыға жеткізетін қосымша цехтар жұмыс істейді. Сол уақытта ауылдағы жұмыссыз­дық мәселесі шешіледі. Екіншіден, жастарды ауылға тұрақтандыру үшін ауылдағы тұрғын үй, жол құрылысы, мектеп, аурухана, клуб, спорт кешендерін салуға мемлекет қаржылай көмек берумен қатар, өзіміздің инвесторларды ауылға бағыттау керек.Үшінші, ауыл шаруашылығын керекті кадрлармен қамтамасыз ету үшін орта дәрежелі ауыл­шаруа­шылық кадрларын дайындайтын толық мемлекет есебіндегі кәсіптік-техникалық училище­лер­дің жүйесін қалпына келтіріп, ауыл мектептерінде оқитын жастарды соған бейімдеу керек.Төртінші, Үкімет келешегі жоқ деген ауылдан шалғайдағы елді мекендерді бұрынғы қалпына келтіруі керек.Ол жерлерде мал бордақылайтын, құс өсіретін, қымыз, шұбат өндіретін базалар жасалуы керек. Сонда сапалы өнім өндіру ісі жақсарады, ел тұрақтанады.Бесінші, алыстағы пайдаланылмай жатқан мал жа­йы­лымдықтарына, Бетпақдала, Шу бойына, т.б. жерлерге сексеуіл ексе, елдің, жердің келешегі үшін атқа­рыл­ған игілікті іс болар еді. Сексеуіл өссе жайы­лым­дық жақсарады, елдің берекесі, даланың көркі кіреді.Осы шаралар іске асырылса, барлық байлық­тың көзі, еліміздің алтын бесігі ауылымыз өркен­деп, қалада­ғы ел өзінің ауылына барып демалуды аңсап тұратын жағдайға жетер едік.

Қорытынды

Қорытындылай  келгенде,  ауыл мен қалалық жерлердегі тұрғындарының жағдайын салыстыра келгенде, яғни денсаулығы, әлеіметтік ,  мәдениеті, гигиеналық  мәселелерін айырмашылық бар екенін байқадық. Бұндай айырмашылықтарға өз әсерін тигізетін көптеген факторлар бар екенін де білеміз.Қазіргі кезде ауыл тұрғындарының денсаулығы  дәл қала тұрғындарының денсаулығына өте жақын болып келе жатыр, осындай жағдайға тап болуы экологиялық, физикалық , химиялық әсерлер көп септігін тигізіп жатыр. Ал әлеуметтік жағдайы ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындарының жақсырақ деп айтамыз, себебі қалада халықтың басым көпшілігі тұрғылықты жұмыспен, жалақымен қамтамасыз етілген. Ал ауыл тұрғындарына жасайтын жұмыс та , жалақы да жоқ осыдан ауыл тұрғындарының әлеуметінің қандай деңгйде екенін анық байқауға болады. Осындай әлеуметтік және денсаулыққа қатысты мәселелерді шешудің жолын табуға болады. Бірақ, ауыл тұрғындарының  әлеуметін жақсарту жолында , халықтың  денсаулығына кері әсерін тигізетінін ойлау керек. Ал халықтың денсаулығын көтеретін, жақсартатын болсақ, халықтың әлеуметінің құлдырайтынын да ойлау қажет. Екі жағдай бір-бірімен тығыз байланыста болға соң осы мәселелердің шешімін табуға тырысу керек. Бұл мәселелер ешқашан да өз шешімін таппайды, егер де ешқандай да даму, прогресс болмаса. Ол прогресс болу үшін , халық денсаулығына ешбір зиянын тигізбейтін фабрикалар  , зауыттар , өнеркәсіп орындары салынып, жұмыс жасаса,  әлеуметтік жағдайын,  барлық азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету  арқылы көтеріледі, бір жағынан халық денсаулығына ешбір зиян тимейді. Халықтың денсаулығының әлеуметінің , денсаулығының жоғары деңгейде , өте жақсы болғанда ғана Қазақстан Республикасының демографиясына да, экономикасына өзінің оң әсерін тигізетіні айтпаса да түсінікті.

«Тазалық» – денсаулық кепілі деген ой қазіргі денсаулық саласына қатысты ең көп қолданылады.   Енді гигиеналық мәселелесін мәселесіне қарайтын болсақ, ол халықтың қайда өмір сүргеніне мүлдем қатысы жоқ деп айтуға болады, ол ауылдық аймақта тұрса да, қалалық аймақта тұрса да. Әрбір өз денсаулығын уайымдап, ойлайтын адам өзінің жеке тазалығынағ гигиенасына өте қатты зейін аударту керек. Әрбір адам, соның ішінде ауыл тұрғындары өз жеке бас тазалығына қарай отырып, денсаулығында со бағытқа бағыттайды. Мысалы, жеке бас тазалығына қарамай жүре берсеғ түрлі вирустық , инфекциялық, бактериялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Егерде әрқашан да өзін күтіп, таза ұстап, көшеден келген соң, жұмыстан келген соң қодарын тазалап жуып, киімдерін өз уақытысында жуып, барлық тазалық шараларын ұстап жүрсеғ денсаулығына келетін қауіп-қатер туралы ойламаса да болады.

Ауылдық аймақтардағы халықтың денсаулығына әсер етуші бірінші кезекте ауылдағы демографиялық жағдайына әлеуметтік – экономикалық өзгеру, халықтың әлеуметтік жетіспеушілігі, дұрыс тамақтанбау халықтың дұрыс демалмауы мен жағымсыз жағдайда жұмыс жасауы ауыл тұрғындарының денсаулығының көрсеткіші. Осы аталған факторлар мен мәселелер ауыл тұрғындарының жалпы қоғамдағы өміріне, денсаулығына үлкен қауіп туғызып отыр!   Осыдан ауылдық аймақтардың тұрақты əлеуметтік-экономикалық дамуы өзекті мəселелердің бірі болып табылады.Ауылдық аймақтардың тұрақты дамуына жағдай жасау — мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі, оған қолжеткізу азық-түлік қауіпсіздігіне, қазақстандық аграрлық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін жəне азаматтардың əл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекетіміздің демографиясын, экономикасын көтеру үшін, бірінші шағын ауылдардың жағдайын түзеу арқылы, содан соң барып үлкен аймақтардың әлеуметі  көтеріледі. Еліміздің ахуалын жақсарту үшін әрбір азамат өз үлесін өсу керек. Ол дамуға халық денсаулығы ,  әлеуметтік жағдайы үлкен әсерін тигізеді. Халықтың денсаулығы жақсы болған сайын , еліміз бұдан да жақсы көркейіп, дамып, өсіп-өніп, әлемде өзінің ойып алатын орны болатын еді! Сол жетістікке жетудің кілті медицинаның, экономиканың дамуына тікелей байланысты.

   Пайдаланған әдебиеттер

  1. Социология/К.У.Биекенов, С.К.Биекенова, Г.А.Кенжакимова//Алматы ТОО 2012ж 488бет
  2. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару/Р.К.Бегалиева – Қосымшалар және өзгертулер енгізілген 2-ші басылым//Алматы ТОО “Эверо” 2011ж 561 бет.
  3. Адам экологиясы,Қазақстанның жаңа тұрақты даму онтологиясы/Э.К.Шаукенов //Алматы 2012ж 207 бет
  4. Акпараттық және коммуникациялық тәжірибені виртуаландыру жағдайында Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму/З.К.Шаукенова//Алматы 2014 220бет
  5. Денсаулық сақтаудың әлеуметтік экономикалық аспектілеріне жастардың көзқарасы/М.А.Каликов//Алматы ҚазҰМУ,2015ж 126 бет
  6. Медицина және экология.Ай сайын шығарылатын ғылыми журнал/Н.Т.Абатов// 2015ж 12ай №4(77) 14-15 бет
  7. Денсаулық.Ай сайын шығатын ресубликалық ғылыми-көпшілік журнал/А.С.Абдрахманова,Б.Б.Рахимбеков //№4 2015ж, 12 ай 64 бет
  8. Денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің жұмысын моноторинг және бағалау жүйесі:теория және практика/Д.Д.Ақанов, М.А.Камалиев, М.М.Усатаев// Алматы Эверо, 2015ж 104 бет
  9. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздандыру(медицина) бағытындағы оқу әдістемелік құрал//Астана ҰТО 2014ж 186 бет
  10. Денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың жағдайы мен даму басымдықтары/
  11. Л.К.Көшербаева//Алматы,2015 ж 34 бет,75 бет
  12. Еңбек гигиенасы және медициналық экология.Ай сайын шығатын ғылыми тәжірибелік басылым/И.С.Азизов//№3 ҚР 2015ж 12 ай 42 бет
  13. Медицина әлеуметтануы/Т.Қ.Рахыпбеков //2015ж 268 бет
  14. Экологиялық қолайсыз  аймақтардағы тұрғындар денсаулығы мен денсаулық сақтау   жүйесі жағдайына баға беру/Баялиева Р.А//Алматы 2014ж 79 бет
  15. Мәдениет экологиясы және әлемнің қазіргі замағы суретін қалыптастыру/ З.К.Шәукенова// Алматы-2014ж 280 бет
  16. Денсаулық әлеуметтік-психологиялық қалыптастыру негізі және Қазақстанда халықтың қажеттілігіне медициналық-психологиялық көмек көрсету/Ж.А.Калматаева //Алматы 2010ж 50 бет
  17. Ауыл жастарынының мегаполис жағдайына бейімделуін зерттеу және олардың репродуктивті денсаулығын қорғау жолдары/С.Б.Арапбаев, Ж.М.Мұхамеджанова, А.Қаныбеков //Денсаулық-2016-№5-С9.14-15 бет
  18. https://www.damu.kz/7321//Ауылдың ауқаттылығы-қауымның жеңісі//2016 ж. 14 ақпан
  19. http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/67472-auyl-t-r-yndary-biznesti-zha-a-belesterin-ba-yndyruda//Ауыл тұрғындары бизнестің жаңа белестерін бағындыруда// 2016 ж. 31 қазан
  20. http://auyl.kz/smi/view/32/Ауыл елдің алтын бесігі//2015 ж. 24 қараша
  21. http://abai.kz/post/view?id=10191//Мемлекетті дамыту үшін ауылды көркейту керек//2016 ж. 4  қазан
  22. Ауыл тұрғындарының қартаю қарқынын зерттеу нәтижелері /Ж.А.Абылайұлы// Денсаулық-2013-№6-С6.28-29 бет
  23. ҚР ауыл тұрғындарын дәрілік заттармен қамтамасыз етуді жетілдіру /К.Д.Шертаева, М.М.Жуматаева, Г.И.Утегенова//Вестник Южно-Казахстанской государственной фармацевтической академии-2014-№3С.19-21 бет
  24. Ауылдың қазіргі тынысы/ Р.Т.Абдыров//Денсаулық-2012-№8-С6.15-19 бет
  25. Ауыл-елдің алтын бесігі/Ә.Бектаев//Егемен Қазақстан 2015 № 225-С.2 7 бет
  26. «Ауылды қолдау нәтижелері»/С.Тұңғышбеков//Егемен Қазақстан-2011ж 9 желтоқсан  6 бет

Құрастырғандар: Әліхан А., Әмірова Ш.

Яндекс.Метрика