БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ХХ ғасырдағы ұлы оқиғалардың бірі де бірегейі – адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа адам ұшырған Байқоңыр ғарыш аймағының дүниеге келуі болып табылады. Алайда қазіргі таңда ТМД – дағы осы бір аса ірі ғарыш кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалып отыр.

Ғарыш айлағының жұмысы қоршаған ортаға мынадай кері әсерлерін тигізуде:

— ұшу процесінен кейін, атомосфераның табиғи режимі бұзылады;

— атмосфераны және жер беті қабаттарын токсинді зымыран жанармайының қалдықтарымен ластайды;

— атмосфераның озон қабатын бұзады;

— территорияларды ұшу аппараттарының қалдықтары мен сынықтарымен зақымдайды;

— қышқылды жаңбырдың жаууына себепші болады;

— ауқымды масштабта температураның жоғарылауына әсерін тигізеді.

Лабораториялық жағдайда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі өсімдіктердің бойының қысқа болып, кейбір морфологиялық өзгерістер байқалып, ауылшаруашылық өнімдерінің сапасы нашарлап және өнімділігінің төмендейтінін көрсетеді.

Сондай – ақ, жыл сайын Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына 30 – 35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді. Көптеген ғылыми зерттеулер ауа ылғалдылығының төмендеуі, жылдың әр мезгілінде температураның күрт өзгертуі, ғарыш ұшу аппараттарының жұмысымен байланыстырады.

Алғашқы эксперименттік бақылаулар қуатты ғарыштық ұшу аппаратының «Спейс – Шаттл» немесе зымыран жеткізгіш «Сатурн-5» аппаратының ғарышқа ұшыру кезінде Канаверал-Европа жағалауымен Солтүстік Атлантаға дейнгі аралықтың ауа ағынының өзгертуі, ал жылдың жылы уақытында «Плесецк» ғарыш айлағынан ұшырылатын қуатты ұшу аппаратының әсері бұрынғы Одақ территориясының Орталық Еуропалық бөлігіне және солтүстік-батыс облыстардың атомосфералық ауа ағынының активтілігінің жоғарылауына әсерін тигізетінін дәлелдейді.

Қуатты ғарыш ұшу аппараттары ұшырылатын «Байқоңыр» ғарыш айлағына жақын орналасқан аймақтарда ауа райы құрт бұзылып, 3-5 туәлікке дейін боранды құм суырып, жел болып, температураның төмеңдеу процесі жиі байқалатыны белгілі.

Ғарыш айлағы жұмыс жүргізгеннен бастап  «Протон» зымыран жеткізгішінің 260-тан астамы ұшырылған.

Ғарыш ұшу аппараттарының қоршаған ортаға басты зиянды әсері ауа ағынын күшейтумен шектеліп қоймайды, түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға дейін болатын зымырандардың жағар және жаңармай қалдықтары құрамында химиялық токсинді қосылыстардың болуында. Соңғы 30 жылдың көлемінде осы салаға қатысты мамандар химиялық жанармаймен жұмыс істейтін зымыран двигательдері қалдықтарының қоршаған ортаға ттигізетін зиянды әсерлерін зерттеуде. Осы ғылыми зерттеулердің нәтижесі, зымыран двигателінен бөлінетін қалдықтардың атмосфераның төменгі қабатына ауқымды масштабта зиянды әсерінің жоқтылығын дәлелдесе 40 – жылдан бері жинақталған мәліметтерге қарағанда олардың зиянды әсерлерін анық көруге болады.

Ғарыш айлағынан ұшырылатын зымыран жеткізгіштерінің двигателіне пайдаланылатын жанармайына нақтырақ тоқталсақ:

1) азоттетраоксиді және азот қышқылы тотықтырғыштарымен симметриясыз диметилгидрозин.

2)  сутегі асқын тотығы мен сұйық оттегі тотықтырғыштарымен көміртеті жанармай, бұл қосылыс жұмысын аяқтаған бөлшектің жерге құлауы кезінде буланып оттегі және сутегіне айналып кетеді. РТ-1 және осы тектес басқа әсер етеді, ал симметриясыз диметилгидрозин қауіптілігі жағынан бірінші класқа жататын химиялық токсинді қосылыс.

Толығырақ тоқталар болсақ, зымыранның сұйық жанармай композитіне кіретін «гептил» азотты органикалық қоысылыс, гидрозин туындыларына жатады. Химиялық құрамына сәйкес симметриясыз диметилгидрозин активті тотықсызданғыш, әр түрлі тотықтырғыштарда оңай тотығып, тетраметилтеразен, нитрозодиметилаламин, диметилметиленгидрозин, диметиеналин, формальдегид, су, азот, аммиак және басқа өнімдерге айнала алады.

Симметриясыз диметилгидрозин және оның алклгомологтарының тез тотығуы тотықтырғыштардың түріне және концентрациясына байланысты. Мұндай тотықтырғыштардың қатарына активті металдар Cu, Fe, Cr, Mn және олардың оксидтері, пассивті металдар Al, Ni, Mg және олардың оксидтері жатады. Бұл металдарға аймақтың топырағы бай екендігін ескеруіміз қажет.

«Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан аймақтың басты экологиялық мәселесі – Арал теңізі деңгейінің төмеңдеуі және жердің тұзданып құрғақшылыққа ортаға қосымша кері әсерін тигізуде.

Бұл процесс суы тартылып, табаны кеуіп, тұзға айналған Арал аймағы үшін қаншалықты кері әсері барып айтпасқа болмайды.

Қоршаған ортаның және халықтың экологиялық қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі кездегі өзекті мәселелерді шешу көптеген жұмыстардың атқарылуын талап етеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін мынадай шаралардың орындалуы қажет:

— қуатты зымырандардың ұшырылуын сирету;

— егінді жинау және бау-бақшалардың гүлдеуі кезінде токсинді химиялық қосылыстарды бөлетін зымырандарды ұшырмау;

— токсинді зымыран жанармайларын сақтауда және тасымалдауда қауіпсіздік шараларын сақтау;

— аймақтың суы, топырағы, өсімдіктеріне жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізу;

— зымыран бөлшектері құлайтын аймақтардағы халықтың денсаулығын медициналық тексерулерден өткізу т.б. жұмыстар атқарылуы қажет.

Әрине, ғарыш айлағының пайда әкелетін жағымды жақтарын да айта кетуге болады. Мысалы, ғарыш айлағын пайдалану арқылы Қазақстан ірі ғарыштық державаға айналып, аса ірі 30 мемлекеттің қатарына қосылуға мүмкіндік зор. Тағы айта кетерлік жай, ғарыш кешенінен ұшырылып жатқан зымырандар нәтижесінде Қазақстан, сонымен қатар Ресей аумағында сенімді байланыс жүйесі қалыптасады. Және де жер бетінде болып жатқан құбылыстар жайында, ауа – райы, әскери мақсаттағы істер жайында нақты мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Алайда Байқоңыр ғарыш айлағының пайдасынан гөрі зияны көп екені анық байқалып тұр.

Сондай – ақ, біз Қазақстан Республикасының болашақ негізін қалаушы жастар ретінде тек Байқоңыр ғарыш айлағының мәселесін қарастырып қана қоймай, бүкіл Қазақстан және әлемдегі экологиялық проблемалардың алдын алуға үлес қосуымыз қажет. Себебі, аздаған салғырттық әсерінен бүкіл әлемге қауіп төнуі мүмкін. Мысалды алыстан іздемей өзіміз қарастырып отырған Байқоңыр ғарыш айлағын алуымызға болады. Өйткені Байқоңыр ғарыш айлағының проблемасы сол аймаққа ғана емес, қазіргі күнде әлемдік проблема болып табылатын Арал теңізінің экологиясының нашарлауына да әсерін тигізуде.

Қорғаныс Министрлігінің негізі экологиялық мәселелер жөніндегі тізімі бойынша табиғаттың ғарыш зымырандарынан ластануы әскери техникалар мен қару – жарақтарды жою және радиоактивті ластанудан кейін үшінші орын алады екен.

Қорыта айтқанда, біз атмосфералық ауаға «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылатын зымырандардың жаңармай қалдықтары мен Арал теңізінен көтерілетін тұздың қоршаған ортаға әсері туралы толық мәліметтерді зерттеу қажет екендігін баса айтқымыз келеді.

Сондықтан, жалға берілген Қазақстан территориясындағы ғарыш айлағын ба­қылау, болжау, зерттеу жұмыстарын жауапты қадағалау керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://www.google.com/
  2. https://www.google.kz/

Құрастырғандар: Базарбек Р., Рахматулла Ұ.

 

Яндекс.Метрика