ВЕНЧУРЛІК БИЗНЕСТІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Мазмұны

Кіріспе

Венчурлік бизнестің Қазақстанда даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

XXI ғасыр жүз жылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.

Қазіргі кезеңде кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанның инновациялық дамуы – біз үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оның үстіне бүгінде ел Президенті әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру мақсатын қойып отыр. Жаңғыртуларсыз, жаңа технологияларсыз және тұтастай инновацияға екпін бермейінше бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Әрі мұны бәрі түсініп отыр. Егер әлемдік тәжірибеге көз салсақ, нақ осы инновация дамыған мемлекеттер экономикасын өсірудің негізгі құралы ретінде венчурлік бизнес саласын дамыту әсер еткенін көруге болады.Осыдан шығатын ендігі мәселе – шикізат тәуелділігіне ие Қазақстан экономикасын осы салаға бағыттап, айырықша көңіл бөле отырып, сол саланы барынша қарқынды дамыту. Өкіншке орай, венчурлік бизнес саласы елімізде кенжелеп келеді. Сол себепті қарастырылып отырған тақырыбымыз бүгінгі күнде өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Қазақстанда «Венчур»-ағылшынның «venture» тәуекелді кәсіпорын,бастама дегенді немесе мекеме тәуелділігі деген мағынаны білдіреді. Венчурлық капитал жеке бизнесті қаржыландырудың баламалы нысаны ретінде АҚШ-та 50-жылдардың ортасында пайда болды.Еуропаға ол тек 70-жылдардың соңында ғана келді. Венчурлық капитал пайда болғанға дейін әлемде шағын және орта бизнесті қаржыландыруды банктік капитал,ірі корпарациялар мен компаниялар және ауқатты адамдар қаржыландыру арқылы жүзеге асырылған.

Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз — технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.

Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ-«тәуекелді кәсіпорын» болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады»[1].

Венчурлық бизнес көпшілікке таныс емес бизнес түріне жатады, тек соңғы жылдары ғана бизнестің осы түріне айрықша назар аударыла бастады. Қазақстан азаматтары венчурлық қорлардың жұмысымен толық таныс деп айта алмаймыз.Әрине,оған қорлар жұмысының ашық жұмыс істемеуінің де өз әсері бар. Енді, осы венчурлық қорларға  тоқтала кетсек.

Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді.Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты- «Қазына» орнықты даму қорына кіретін ҰИҚ өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығына мүше болып табылады.

2004 жылдан бері ҰИҚ даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: «Адвант» венчурлық қоры, АҚ, «Венчурлық «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ, «Сентрас» АИФРИ» АҚ, «Glotur Technology Fund» АИФРИ» АҚ, «Almaty Venture capital» АҚ, «Logycom Perspective Innovations» АИФРИ»[2].

Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, оладың қаупінің төмендеуіне, инновациялардың коммерцияларндыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзәрә тиімді әрекет жасауына өз септігін тигізеді.

Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.

Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда.

Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.

Шағын бизнес жүйесінде инновациялық процеске өз қызметін арнайтын бөлігі маңызды роль атқарады. Оған жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық өсуі және халық шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің объектісі – оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми қозғалысы, яғни венчурлік бизнесті жүзеге асыру кезеңдері деп ойлаймын.

 Негізінен венчурлық бизнесті дамыту үшін инновациялық инфрақұрылымнан басқа,инновациясын тәуекелі жоғары жобаларға салушыларда, жоғары инновациялы жобаларды ұсынушылар да жеткілікті болуы шарт.

Тап бүгінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат – венчурлық бизнеспен «Қазына» да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр. Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен, қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып, аяғынан нық тұрғызуды мемлекет «Қазына» тұрақты даму қоры» арқылы ғана жүзеге асыру үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін жалғыз «Қазынаның» ұмтылысы жеткіліксіз екендігі және анық .

«Жалпы «Инновация» ұғымы ағылшынның «innovation» сөзінен аударғанда жаңа енгізілімдер, жаңалықты ғылыми- техникалық игеру мағынасын береді.Шағын кәсіпкерліктегі инновациялық үрдіс 4 қолданбалы кезеңдерден құралады.

1-ші  кезеңде іргелі ізденістік ғылыми- зерттеулік жұмыстар жүргізілді.

2-ші  кезеңде қолданбалы ғылыми-зерттеулік жұмыстың соңғы іске асуына мүдделі, инвесторлардың тапсырыстары мен қаржылық құралдар есебіне қолданбалы ғылыми- зерттеулік жұмыстың іске асу үрдісі сипатталады.

3-ші  кезеңде инновациялық жобаны қаржыландырудағы технико- экономикалық үйлесімдік турасында негізгі шешімі өнделетін тәжірибелі- конcтрукторлық жұмыс жүргізіледі немесе кейбір компоненттер инвестицияланады.

4- кезеңде ғылыми сыйымдылықтағы өндіріс іске қосылады, технологияның жобалық- сериялық шығарылуынан бастап, масштабтық өндіріспен нарыққа шығуға дейінгі кезең.»[3]

Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.

Жоғары тәуекел сонымен қатар, оның жоғары компетенциясымен де жүргізіледі: инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін, инновациялық салаға және сәйкес шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді, басқа жағдайда болмас та болар еді. Сонымен қатар, инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары екенін есте сақтау қажет. Егер де осындай жобалар көп болып, олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша тәуекел саны минизацияланады және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды. Сондай-ақ, сәтті инновациялық жобалардан түсетін пайданың жоғарлығы соншалықты, ол сәтсіз басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады. Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық жобаларды орталықтандырумен және қаржылық тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын тиімділікті қызмет ету дәлелдемесі шығады. Мұндай қорларда шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыру үшін арналған капитал шоғырланады.

Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация — өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді.

Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.

ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.

Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады.

Қазақстандағы ғылымның негізгі проблемаларының бірі ғылыми зерттеулердің аяқталмаушылығы, олардың өндірістен қол үзушілігі болып табылады. Ғылыми әзірлемелердің қажетсіздігі, ғылым жүйесіндегі қазіргі құрылымдық диспропорция және соның салдарынан өнеркәсіптегі инновациялық белсенділіктің төменгі деңгейі өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін бола тұрса да, экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламаумен түсіндіріледі.

Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді.

«Қазақстан Республикасында инновациялық белсенділіктің өсуіне жоғары техникалық жəне ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жəрдемдесу мақсатында ұлттық инновациялық қор құрылған.­ Инновациялық қорды құру инновацияларды енгізудің тиімді жəне рыноктық тетіктерінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі ­ венчурлық қаржыландыруды ынталандыруы тиіс.­ Венчурлық кəсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пəрмендh­ тетiктерiнiң бiрh­ бизнес-инкубация процесh­ болып табылады­ яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау əлі ­күрделі ­оларды дамытудың əлі ­ерте ­қауіпті ­ кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау­ сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс болып табылады»[12].

«Венчурлық инвестициялар-бұл орташа деңгейден жоғары табыстылығы бар тәуекел инвестициялары.

Венчурлық бизнесті инновациялау:

-Идеяның,жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін бағалау;

-Алғашқы сериялық өндіріс және өнімді алғашқы сатулар;

-Өндірістің алғашқы кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа рыноктарға шығару;

-Жалпы венчурлық бизнесті дамыту үшін келесідей шараларды атқарумыз керек:

-Елдегі инновациялық күштерді нығайту және қалыптастыру;

-Индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау;

-Шағын инновациялық бизнесті ынталандыру;

-Зейнетақы қорлары мен сақтандыру қорларының венчурлық бизнеске инвестициялауын ынталандыру»[4]

Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.

«Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиелеуден қандай айырмашылығы бар ? Біріншіден, инвестор өз қаржысын акцияға сала алады. Қаржылық кеңестер беру арқылы жаңадан ашылған кәсіпорындардың жұмысын алға бастыруға көмектеседі. Екіншіден, банктер сияқты тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді. Венчурлық капитал беруші сәтсіздіктер орын алса, акционері ретінде жауапкершілікті өз мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптестікте жұмыс жасайды.

Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, ол компаниямен бірлесе жаңа қаржы көздерін іздейді. Сосын жоғары технологиялы компания венчурлық капиталды тарту, ғылыми сыйымды өнім шығару, жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып келуі мен акцияларының қор биржасында сатылып, пайда әкелуі сияқты даму кезеңінен өтеді».[5]

Жақында венчурлық капитал мен тікелей инвестициялардың қазақстандық қауымы құрылған болатын. Бұл қауымдастықтың құрылу мақсаты-ҚР венчурлық қаржыландыруды дамытуға көмектесу, венчурлық бизнестің дамуы үшін оңтайлы жағдайлаар жасау, венчурлық қаржыландыру тетіктерін жасап шығару, отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен венчурлық қаржыландырудың жүйесін қалыптастыру.

Бізде венчурлық бизнестің дами алмау себебі венчурлық қорлар мен ғалымдар  арасын байланыстыратын мықты мамандардың болмауы. Әйтпесе венчурлық бизнес біздің мемлекет үшін өте қажет. Венчурлық бизнес бұл жаңа жобалар мен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Сондықтан бизнестің бұл түрі Қазақстан үшін өте тиімді.

Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Қазіргі заманның дамығаны сонша, шекараны өшіріп, арақашықтықты жақындатып, қазіргі заманның коммуникация құралдарының мүмкіндігін арттыруда. Қазақстандық алдында нарық субьектілерінің өзара тауарлар мен қызметтерді өндірудегі бәсекелестікті қолдап және дамыту міндетімен қатар елімізде ғылыми ізденістерді қажет ететін технологиялар саласындағы әлемдік бәсекелестіктің толыққанды қатысушыларына айналу үшін білім экономикасын дамытуға арналған жағдайлар тудыру міндеті де тұр.

Ел экономикасының дамуы мен халықтың әл ауқатының жақсаруы ғылыми техникалық жетістіктердің нәтежиесі болып табылады.

«Алғашқы венчурлық бизнес Қазақстанда «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамын құрумен тікелей байланысты. Қоғамның жарғылық капиталы үш миллиард теңгені құрайды. Қоғамның негізгі міндеттері:

-отандық және шетелдік инвесторлармен бірігіп, венчурлық қорларды құру;

-гранттар беру жолымен жаңа технологияларды, тауарлады, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;

-инновацияларды енгізуді қаржыландыру;

-ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу;

-ғылыми-техникалық өнім рыногын қалыптастыруға қатысу;

-инновациялық технологияларды көшіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту»[6]

Біз бірақ оның жұмыс нәтежиесі туралы айта алмаймыз. Себебі, венчурлық қор бір жобаға инвестиция салып,оны аяғынан тік тұрғызып, өзі жобадан шығып кетуі үшін кем дегенде бес жылдай қажет болады. Жалпы, венчурлық қорлар қысқа мерзімдік инвестицияларды жүзеге асырады. Венчурлық капитал тәуекелге бел буған кәсіпорынның аяғынан тұруына қаржы жағынан көмектесуге жауапты.

Венчурлық бизнес еліміз үшін маңызды.Банк несиесіне қарағанда, оның өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті. Сол себепті, венчурлық бизнес әлем үшін де, еліміз үшін де таңсық емес.

Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы «Қазақстан Республикасындағы концессия туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.

Кесте 1. Инновациялық компанияның даму деңгейлері

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b514

Ескерту: мәліметтер www.studfiles.ru сайтынан алынған.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда.Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, жол салуда, т.б.

Алайда, концессиялық жобаларды іске асырудың негізгі проблемалары бұл жобалардың капитал сыйымдылығының өте жоғары болуы «ұзын» ақшаларды қажет етеді. Біздің ойымызша, зейнетақы мен сақтандыру қорларының қаражаттарын пайдалану қажет. Келесі проблема концессиялық жобаларды өтеу мерзімінің ұзақтығында.Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамытуда лизингтің маңызы зор.Өйткені кез келген инновациялық кәсіпорын ашу үшін алдымен кәсіпорынға толық технологиялық циклді қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар қажет. Ал жаңа технологиялар қымбат тұрады және оны кез келген кәсіпкер сатып ала алмайды. Бұл мәселені шешудің бірден-бір жолы қажетті құрал-жабдықтарды лизингке алу болып табылады.

Венчурлық капитал дәстүрлі емес, жаңа компанияларды қолдауға жұмсалады. Бұл бір жағынан тәуекелді арттырса, бір жағынан үлкен пайда әкеледі.

«Венчурлық капитал салушы өзінің қаражатын компаниядан 5-7 жылдан кейін қалай алатынын анықтап алуы керек. Ал қаржыландырудың жетістігі компнаия акциясының құнының өсуімен анықталады.

Кәсіпорын 3-5 жылдан соң қор нарығына акциясын шығаруына болады. Венчурлық кәсіпкер алғашында салған капиталын 5-10 есеге өсіруді көздейді.Әрі олар өз мақсаттарына жетеді.Мысала, Ресейде ғалымдар мықты иммунитет қалыптастыратын Тимоген дәрілік препаратын ойлап тапқаны үшін шамалы қаржы жұмсаған. Бұған бірден бірнеше мемлекеттер қызуғышылыұ танытты. Тіпті соңында осы тауарды шығару құқығын АҚШ бірнеше миллион долларға сатып алды. Сонымен қатар 1975-1979 жылдары танымал емес шағын «Apple Computer» атты америкалық компания біраз инвесторлардан 7 миллион доллар алған болатын. 1980 жылы 12 желтоқсанда жоғары сұраныспен компьютер шығарып сататын кәсіпорын,өзінің акциясын қор нарығына шығарғанда құнды қағаздары бір күнде шарықтап кетіп, 1,7 миллиард долларға көтерілді. Кәсіпорынның негізін қалаушы Стивен Джобс 24 сағаттың ішінде акциясы 4 миллиард доллар құрайтын миллиардер болып шыға келді.»[7]

Бұдан біз мынадай тұжырымға келеміз, венчурлық бизнес бұл жаңа идеялармен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Венчурлық капитал сонымен қатар модамен бірге жүреді. Кейін бұл сәннен кете бастағаннан кейін тауарға сұраныста азаяды. Мысалға ұялы телефондар мен дербес компьютерлер шығаратын кәсіпорындарды алсақ болады. Сұраныс азайғаннан кейін венчурлық қаржыландыру да азайды. Осы себептерден кәсіпорындар көптеп шығынға кетіп отырды.

 «Венчурлық кәсіпорындар тез арада мемлекеттің бүкіл өндірісінің заманауи ғылыми-техникалық қайта жарақтандыруға және қайта құрылымдауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, шағын жоғары технологиялы венчурлық кәсіпорындар, ертенгі күннің ірі компаниялары мен корпорациялары екнін естен шығармаған жөн. Әлемдік экономикаға ену үшін, бізге бәсекеге қабілетті өнімді өндіру қажет, ал венчур- лық қаржыландыру осыған мүмкіндік туғызады. Қазақстанда венчурлық бизнесті дамытсақ, ол еліміздің экономикасына үлкен пайда алып келеді. Бүкіл әлемдік деңгейде Қазақстанды индустриалды мемлекеттер қатарына қосып, бірігей ұлттық экономиканың негізін қалайды»[8].

   Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары — ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл əлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады» [9].

«2015 жылға дейінгі кезеңде қазақстандық қамтуды мақсатты дамыту арқылы шағын жəне орта бизнес, кейінгі қайта бөлу жəне қайта өңдеу үшін жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мульти- пликациялаумен экономиканың дəстүрлі экспортқа бағдарланған секторларында ірі инвести- циялық жобаларды іске асыру үдемелі индустрияландыру саясатының негізгі басымдығы болмақ. Аталған бағдарлама шеңберінде Қазақстан алдында инновациялық белсенді кəсіп- орындар үлесін 2015 жылы – 10%, ал 2020 жылы – 20%-ға арттыру сияқты стратегиялық мақсаттар қойылды»[10].

Кесте 2. Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b515

Ескерту: мәліметтер Жорабаева Ж.Қ. ҚР инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландыру дамуының мәселелері/ Ж.К. Жорабаева , Н.С. Сабитова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2016.-№2/2.-203б. еңбегінен алынған.

«Инновациялық кәсіпорның дамуы сыртқы инвестицияларға деген қажеттілікпен тікелей байланысты. Инновацялық кәсіпорындарға инвесития салуды венчурлық инвесторлар жүзеге асырады. Ирровациялық кәсіпті бастаущы, кәсіпкерлікті жүзнгн асыру иен дамытуды инновациялық кәсіпкерлік жоба ретінде қарастырады» [11].

Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады, бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы.

Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы.

Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде  керісінше, кәсіпкерлік франчайзингінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары.

«Венчурлық инвестициялар-бұл орташа деңгейден жоғары табыстылығы бар тәуекел инвестициялары.

Венчурлық бизнесті инновациялау:

-Идеяның,жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін бағалау;

-Алғашқы сериялық өндіріс және өнімді алғашқы сатулар;

-Өндірістің алғашқы кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа рыноктарға шығару;

-Жалпы венчурлық бизнесті дамыту үшін келесідей шараларды атқарумыз керек:

-Елдегі инновациялық күштерді нығайту және қалыптастыру;

-Индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау;

-Шағын инновациялық бизнесті ынталандыру;

-Зейнетақы қорлары мен сақтандыру қорларының венчурлық бизнеске инвестициялауын ынталандыру»[12]

Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады.

Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.

«Венчурлық бизнес – тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немесе технология лық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келді. Жоғары технологияның кластерлерін құру миссиясын венчурлық инновациялық бизнес те орындайды. Венчурлық бизнес өзінің жүйелі ядросымен, толқындық инновациялық үдерістің басты креативті бөлігі болып табылады. Дамыған венчурлық технологиялық бизнес мемлекеттердің озық технологиялармен дү ниежүзілік бәсекеге қабілеттілік деңгейін ұстануын анықтайтын постиндустриалдық және жаңа экономикалық базалық сектор болып табылады» [13].

Кесте 3.­  Әлемдегі мемлекеттердің ғылымға арналған шығындары

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-16

Ескерту: мәліметтер Халықов М. Қазақстандағы венчурлық бизнесті қалыптастыру жолдары/ М. Халықов//Президент және халық.-2007.-28 қыркүйек №39(109) 3 б статьясынан алынған.

Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет.

«Инновацияны дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен тәуекел бар»[14].

Венчурлік бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады. Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық болып отырған венчурлық қорлардың нақты қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық-жариялы «мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде. Елімізде бес венчурлық қордың бар екендігіне, ал кеше оның алтыншы нұсқасының құрылғанына қарамастан, ол жалпақ көпшілік үшін әлі де жұмбақтау бизнестің түрі болып тұр.

Инновацияны дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен тәуекел бар.

Осыған байланыстығылыми-техникалық қызмет нәтижелерін нарыққа жылжыту үшін мемлекет пен ұлттық даму институттарының рөлін ескере отырып, технологиялар трансфертін іске асырудың дәл схемасын әзірлеу қажет.

Технологиялар трансферті жүйесін іске асырудың негізгі бағыттары қазақстандық мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен шетелдік зерттеу ұйымдарының немесе жеке кәсіпорындардың арасындағы зерттеу және коммерцияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығын ынталандыру, ғылыми-зерттеу институттарын, компанияларды және үкіметтік ведомстволарды тартатын бірлескен ғылыми-зерттеу кешендерін құру, шетелдік патенттерге лицензиялар сатып алу, инновациялық менеджмент саласында менеджерлер даярлау болуға тиіс.

Тап бүгінде ұлттық инновациялық жүйені құрудың бірінші кезеңі аяқталып, екінші кезеңі басталып жатыр. Ендігі мақсат – венчурлық бизнеспен «Қазына» да, оның еншілес компаниялары да емес, жекеменшік секторлардың тікелей айналысуын қамтамасыз етуіне тіреліп тұр. Дамыған елдерде бизнестің бұл түрі, негізінен, қалталы адамдардың қолында. Ал бізде оны құрып, аяғынан нық тұрғызуды мемлекет «Қазына» тұрақты даму қоры» арқылы ғана жүзеге асыру үстінде. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында индустриалды-инновациялық стратегияның аясында инновациялық технологияларды өндіріс пен өнеркәсіпке белсенді түрде енгізу керектігін атап көрсеткенін ескерсек, венчурлық инвестициялық саясаттың қандай маңызды тетік екендігін шамалай беруге болады. Аталған стратегияны жүзеге асыру үшін жалғыз «Қазынаның» ұмтылысы жеткіліксіз екендігі және анық .

«Инновациялық қызметтің қозғаушы тетігі венурлық бизнестің Қазақстанда кеңінен дамуы үшін келесі шараларды орындау қажет:

— Отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп,венчурлық қорларды құру;

— Инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;

— Инвестициялатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгізуді қаржыландыру;

— Ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу;ғылыми-техникалық өнім нарығын қалыптастыруға қатысу»[15]

Өкінішке орай, көп жағдайда біздің кәсіпкерлеріміз өз жобасын қаржыландыруға көмек қажет болса, Қазақстанның венчурлық қорларына немесе Ұлттық инновациялық қорға өтініш білдіру керек екенін біле бермейді.

Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады.

Бұрыннан қызмет етуші компаниялар шегінде қалыптасатын шағын кәсіпкерлік субъектілері жас компаниялардың құрылуының прогрессивті әдісі болып саналады. Жаңа компаниялар ірі, алдыңғы қатарлы компаниялармен бұрын ғылыми- зерттеулік және оқу- білімдік мекемелерде жұмыс істеген инженерлер мен ғалымдарды өздерінің инновациялық бағдарламалары мен жаңа өнімдерін әзірлеп, іске асыру үшін олардың күш-жігер, ойларын шоғырландыру және қолдану мақсатында жәрдемдік көмек көрсетіледі.

«Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру барысында «Ұлттық инновациялық қор » құрылған болатын. Қор қызметінің негізгі мақсаттары:

— отандық және шетел инвесторларымен бірігіп,венчурлыұ ұорларды құру

— инновациялар енгізуді қаржыландыру

— ұлттық инновация құрылым элементтерін құруға қатысу

Ғылыми техникалық өнім нарығын қалыптастыру

  • ұлттық венчурлық индустрияның оң бейнесін қалыптастыру»[16]

Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады.

Кесте 4. ­ Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды салыстыру

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-17

Ескерту: мәліметтер Суйеубекова А. Ж. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуының теориялық негіздері/ А.Ж. Суйеубекова// ҚазҰУ хабаршысыЭкономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.-2011.- №2.- 119 б.-Библиогр.: 7 атау. еңбегінен алынған.

«ҚР-да зерттеулер мен әзірлемелерді орындаумен айналысатын ұйымдар саны 2005 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 35 бірлікке артқан. Осы жылдардағы зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған ішкі шығындар қолданыстағы бағада 13,2 млрд. теңгеге өскен. Зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын ұйымдардағы персоналдың орташа тізімдік саны осы жылдарда 8,76 адамға кеміген.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының құрылымындағы ғылыми-техникалық қызметтің басты бағыты 46,4% құрайтын қолданбалы зерттеулер болып табылады. Ғылыми-техникалық әзірлемелердің 2011 жылғы үлес салмағы 2014  жылмен салыстырғанда 6 еседен артық мөлшерге өсіп, 34,7% құрады. Іргелі зерттеулер ғылыми-техникалық жұмыстар көлемінің 11,7%-ын құрайды. Көбінесе коммерциялық негізде көрсетілген ғылыми-техникалық қызметтердің үлесі 7,2%-ға жетті»[17].

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-18

 Ескерту: мәліметтер Кәрімбай Е. Венчурлық бизнесті басқару мен ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі/ Е.Кәрімбай, Ж.Т.Бейсенбаев//.-94 б..-Алматы,2014 статьясынан алынған.

«Қазіргі уақытта шамамен 3 жыл бойы Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 3%-дан сәл астам, бұл ЕО елдерінен анағұрлым төмен, немесе бұл көрсеткіш тіптен өтпелі экономикасы бар Эстонияда – 36%-ды, Венгрияда 47%-ды құрайды. Қазақстанның инновациялық өнімі құрылымында елеулі үлесті (64-%-дан астам) жетілдіруге ұшырайтын өнім иеленеді. Жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшырайтын өнім үлесіне инновациялық өнімнің жалпы көлемінің 28,6%-ы тиесілі.

Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ. Қазіргі уақытта ғылыми әзірлемелердің тек аз ғана үлесі коммерциялық қолданыс тауып отыр. Көптеген қазақстандық әзірлеушілер мен компаниялар тәжірибелік-құрастыру жұмыстары кезеңінде арнайы қызметтердің жоқтығы және өндірісті игеру проблемасына кезігіп отыр, бұл технологияларды енгізу процесін тежейді. Қазақстанда инновациялық өнімді нарыққа жылжыту жөніндегі сервис әлсіз дамыған. Осы орайда инфрақұрылымдық және инжинирингтік жағдайлар жасау (тәжірибелік-құрастыру бюросы мен инжинирингтік ұйымдар, коммерцияландыру офистері) өте қажет»[18].

Кесте 5. ­ 2012- 2015 жылдарда ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі (млн теңге)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b518

Ескерту: мәліметтер Халықов М. Венчурлық әдіс-қаржыландырудың қуатты көзі/ М.Халықов// Президент және Халық-2016.- 12 сәуір ( № 15).-2б еңбегінен алынған.

«2012 жылы 2015 жылмен салыстырғанда орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 23490,8-ге (485,1%-ға) артқан. Орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың құрылымында жобалық-құрастыру және техникалық жұмыстардың (709,5%), құрылысқа арналған жобалық жұмыстардың (534,2%) осы жылдардағы өсу қарқыны басқалармен салыстырғанда жоғары.»[19]

Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Қазақстан еліндегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе  байқалады.

Кесте 6. 2013 жылдың соңы мен 2015 жылдың бас кезеңі бойынша тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлердің саны

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-19

Ескерту: мәліметтер www.stat.gov.kz  сайтынан алынған.

«Мұны 2013 жылдың соңы мен 2015 жылдың бас кезеңінде жеке кәсіпкерлер саны мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (заңды тұлғаларға) қатысты статистикалық мәліметтер дәлелдейді. 2013 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 36,7%-ға өскен. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында шағын кәсіпкерлік қарқынды дамып отыр. Тіркелген шағын кәсіпкерлік және фермерлік субъектілердің үлес салмағы аталған облыстар бойынша, сәйкесінше, 17,1%, 12,2%, 12,2% құрап отыр.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Ал 2015 жылдың бас кезінде экономиканың шағын бизнес секторында жұмыс істейтіндердің саны 1280,9 мың адамды құрды, оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 731,1 мың адамға жетті. Шағын бизнес субъектілерінің өнім (жұмыс, қызмет) өндіру көлемі мен түрі және салалар мен шаруашылықтар бойынша таралымына қарағанда олардың көбісі сауда (72,8%), өнеркәсіп (6,7%) және құрылыс (4,1%) салаларына шоғырланғандығы байқалады».[20]

 Инновациялық жобалар ғылымды көп қажет ететін өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға, немесе оның техникалық деңгейін жоғарлатуға, жаңа технологияларды енгізу және қолданылатын технологиялардың дамуына бағытталған.

Ұлттық Инновациялық Қор ИЖ-ды қаржыландыруды жарғылық капиталда заңды тұлғаның жарғылық капиталының қалыптасу немесе көбею кезінде акцияны үлесті сатып алу жолымен немесе қаржылық лизинг жолымен бақылаусыз үлестік қатысу түрінде іске асырады.

Технопарктік құрылымдар (технополистер, технопарктер, «теплицалар», технологиялық және инновациялық орталықтар) нарықтық экономика конъюнктурасының тез өзгерушілік жағдайындағы шағын инновациялық фирмалардың қалыптасуында маңызды мәнге ие. Олар аймақтық деңгейде шағын бизнестің өзіндік инкубаторлары болып табылады, берілген аймақ үшін маңызды шағын инновациялық кәсіпорындарының қалыпты тіршілік әрекеті үшін қажетті инфрақұрылым құрады.

Қазақстанның қазіргі заманғы өнеркәсібіндегі инновациялық белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін жете бағаламауға негізделген, ал өндіріс факторларының өнімділігін арттыру ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс негізінде ғана мүмкін.

Қазақстан ішкі нарықта озық технологиялар мен жаңа енгізілімдерге шектеулі төлем қабілеттілігімен, экономиканың нақты секторы тарапынан перспективалық – олардың коммерциялық қолданылуы тұрғысынан – ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелеріне төмен сұраныстың болуымен, инновациялық өнімнің қалыптасқан нарығының болмауымен сипатталады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы жүргізген талдамалық зерттеулерінің деректері бойынша 2005 жылы қорғаған әрбәр сегізінші ғылым докторы мен әрбір жүзінші ғылым кандидаты ғана ғылыми салада жұмыс істеуге қалған. ҒЗИ мен университеттердің ескірген материалдық-техникалық базасымен бірге кадрлардың тұрақтамауы айғағы ғылыми әзірленімдердің коммерциялануына теріс әсер етеді. Осы жағдайларда экспорттық әлеуетті елеулі түрде ұлғайту үшін барынша тиімді әдіс технологиялар трансферті болып табылады.

Бұл мақсатты орындау үшін мынадай шараларды қолдану болжамданады: инновациялық жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, бизнес-инкубаторларын, технологиялық парктер, индустриалдық өңірлер және басқа да жеке кәсіпкерлікті дамыту объектілерін құру және дамыту; инновациялық жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету; инновациялық шаруашылық етуші субъектілердің реттеуші және қадағалаушы қызметтермен және жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттесу әдістерін жетілдіру; тиімді бәсекеге қабілетті орта үшін жағдайлар жасау; инновациялық кәсіпкерлік ахуалды жақсартуға жәрдемдесу, өңір экономикасына салымдардың тартымдылығын мақсатты жоғарылату.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.

Инновациялық кәсіпкерлік ортаның негізгі элементі коммерциялық бәсекеге қабілетті идеяны жеткізуші болып табылады, ол өзінің табиғатына байланыссыз оны іске асыру тұрғысында мемлекеттің қолдауына сенуге құқылы. Инновация – бұл нарықта табысты іске асырылатын қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнімі.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігітұрғысынандайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту; инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату қажет.

Қорытынды

Жалпы менің ойымша, венчурлық бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын тәуекелі жоғары жобаларға салушылар да, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды ұсынушылардың да жеткілікті болуы шарт. Ал бізде соның екеуі де тапшы. Екінші жағынан отандық ғалымдар жасаған инновациялық жобалар елімізде қолдау таппай, көпшілігі Қытайдың өндірісін дамытуға үлес қосуда. Ондай жағдайлардың болуы да бір жағынан заңды секілді. Өйткені біз венчурлық бизнесті енді ғана үйреніп, әліппесінен бастап жатқан елміз.

Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту көптеген шығындарға алып келуі мүмкін. Өйткені инновация ол әрқашанда жаңа бастама, жаңа идея. Одан қандай нәтиже болатынын болжауға болады. Бірақ нақты тәжірибеде тәуекелді әртараптандыру қажет. Курстық жұмыста кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инноваиялық тәуекелділік деңгейін төмендету тетіктері тиімділігі Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады.

Қазақстан еліндегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе  байқалады.

Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

Инновациялық кәсіпкерлік ортаның негізгі элементі коммерциялық бәсекеге қабілетті идеяны жеткізуші болып табылады, ол өзінің табиғатына байланыссыз оны іске асыру тұрғысында мемлекеттің қолдауына сенуге құқылы. Инновация – бұл нарықта табысты іске асырылатын қызметтің жаңа немесе жетілдірілген өнімі.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.

Ерекше назар инфрақұрылымдық инвестициялық жобалардың әзірленуіндегі өңірлік инвестициялық бағдарламаларға қарай бағытталуына бөлінеді. Әрбір облыс әкімшілігі ішкі және сыртқы инвесторлармен жұмысты, оларға қажетті және толық ақпарат бере отырып, бюрократтық кедергілердің жойылуына көмектесе отырып, үйлестіреді және тәртіптендіреді.

Қазақстандағы инновациялық кәсіпкерлік ахуалын жақсарту үшін: білікті кадрлар және жұмыс күшін дайындау жүйесін бекіту: кадрларды кәсіби біліктілігітұрғысынандайындау және қайта дайындау, кіші бизнес және өзін жұмыспен қамту саласында оқыту; инвестициялық үрдістерді басқаруды ұйымдастыруды жақсарту: басқару кадрларының кәсіби біліктілігін бекіту, қоғамдық бақылау үшін биліктің ашықтық дәрежесін көбейту, шенеуніктердің қызметін реттеу деңгейін жоғарылату қажет

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Амренова Ғ.Қ. Қазақстанда венчурлік бизнестің даму перспективасы/ Ғ.Қ.Амренова // Заманауи әлемдегі ғылым мен білім: халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-2-том-42б..-Қарағанды: Болашақ- Баспа,2013
  2. Амренова Ғ.Қ. Қазақстанда венчурлік бизнестің даму перспективасы/ Ғ.Қ.Амренова // Заманауи әлемдегі ғылым мен білім: халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-2-том-42б..-Қарағанды: Болашақ- Баспа,2013
  3. freepapers.ru
  4. Закирова А.Т. Венчур- Қазақстандағы даму институттарының жаңашылдық әрекеті/ А.Т. Закиров, Г.М. Имранова, М.А. Каликова жб//.-2012.-209б.
  5. Халықов М. Венчурлық әдіс-қаржыландырудың қуатты көзі/ М.Халықов// Президент және халық.-2013.-12 сәуір №15(397) 2б
  6. Шораева А.Б Қазақстандағы венчурлік қаржыландырудың негізгі мәселелері/А.Б. Шораева// Академик Кулажанов К.С.-170-171б..-Алматы,2014=Академик Кулажанов К.С.: Ғылым мен білімге арналған ғұмыр
  7. Халықов М. Қазақстандағы венчурлық бизнесті қалыптастыру жолдары/ М. Халықов//Президент және халық.-2007.-28 қыркүйек №39(109) 3б
  8. Шарапиева М.Д. Қазақстан Республикасында венчурлық бизнесті тиімді басқарудың жолдары/ М.Д. Шарапиева// ҚазҰУ хабаршысы. -2012.-20б
  9. Садықова А. Дамыған мемлекеттерде венчурлық бизнестің даму тәжірибесі/ А. Садықова// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.- 2011.- 30б.
  10. Суйеубекова А. Ж. Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің қалыптасуының теориялық негіздері/ А.Ж. Суйеубекова// ҚазҰУ хабаршысы Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. Экономическая.-2011.- 119 б.
  11. Примбетова С. Инновациялық венчурлық кәсіпорындарды дамыту – экономиканы жаңғыртудың басты бағдары/ С. Примбетов// АльПари.-Алматы,2012.- 42б.
  12. Амренова Ғ.Қ. Қазақстанда венчурлік бизнестің даму перспективасы/ Ғ.Қ.Амренова // Заманауи әлемдегі ғылым мен білім: халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-2-том-43б..-Қарағанды: Болашақ- Баспа,2013
  13. Унербаева Р.У. Венчурлық бизнесті ұйымдастыру мен басқарудағы ерекшеліктер/ Р.У. Унербаева , М.Д.Шарапиева// ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы=Вестн.КазНУ. Сер.экономическая-2013.-70б.
  14. Халықов М. Қазақстандағы венчурлық бизнесті қалыптастыру жолдары/ М. Халықов//Президент және халық.-2007.-28 қыркүйек №39(109) 3б
  15. Амренова Ғ.Қ. Қазақстанда венчурлік бизнестің даму перспективасы/ Ғ.Қ.Амренова // Заманауи әлемдегі ғылым мен білім: халықаралық ғыл.-практ.конф.материалдары.-2-том-43б..-Қарағанды: Болашақ- Баспа,2013
  16. Шораева А.Б Қазақстандағы венчурлік қаржыландырудың негізгі мәселелері/А.Б. Шораева// Академик Кулажанов К.С.-169б..-Алматы,2014=Академик Кулажанов К.С.: Ғылым мен білімге арналған ғұмыр
  17. Кәрімбай Е. Венчурлық бизнесті басқару мен ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі/ Е.Кәрімбай, Ж.Т.Бейсенбаев//.-94б..-Алматы,2014
  18. Бектемиров Қ.Ж. ҚР венчурлық бизнестің дамуы/К.Ж.Бектемиров ,С.К. Тажиева//-112 б ..-Алматы,2014
  19. Тюлеубай Б. Венчурлік кәсіпкерліктің түсінігі , қалыптасу тарихы/ Б.Тюлеубай, А.С. Ашимова // 46б..-Усть-Каменогорск,2015
  20. Бимендиева Л.А. Венчурлік бизнес – тәуекелге негізділген бизнес/ Л.А. Бимендиева, Қ.Б.Әбенов//-130б.-Алматы,2015

Құрастырғандар: Жалал Ш., Алпамыс Ө.

Яндекс.Метрика