БІЛІМ БЕРУДІ АҚПАРТТАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

Білім беруді ақпараттандыру мәселелері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мемлекеттік білім беру жүйесіндегі қазіргі ең басты мәселелердің бірі Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Осы іс- шара бойынша мемлекетімізде мамандардың жұмыс біліктілігін көтеру жоспарланып жатыр.Арнайы мемлекеттік білім беру жүйесін бітірген азаматтарға білім алғандығы туралы күәландырылған құжат табыс етіледі. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі. Білім беру тұжырымдамаларын, білім беру мақсатын, әдістемесін,студентті,оқу ғимаратын,оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды, бағдарламаларды, оқытудың техникалық орталарын, қаржыландыруды қамтитын жүйе ретінде кеңінен қарастыру қажет. Студенттердің оқу үдерісі барысында игеруге тиісті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды іске асыруды қамтамасыз ететін, оларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқытушының іс-әрекет түрлерін оқыту түрлері ретінде атауға болады. Оқу үдерісіндегі оқыту мен студенттің білікті маман ретінде қалыптасуына қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыруды негізгі бағдар ететін оқытушы мен студенттің өзара байланысты іс-әрекет түрлері оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.

  Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі — оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім. [1]

Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.[2]

«Мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005 — 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникациялық технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.Олай болса, ол – білім беру қызметкерлерін ақпараттандыру саласы бойынша біліктілігін көтеру болып табылады. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда мұғалімдердің біліктілігін арттыру ерекше мәнге ие. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан — жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше. Білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін — өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді.

  1. Ақпараттық қоғам құру кезеңіндей адамның жеке тұлғасын өмірге дайындау мына сатылардан тұрады:

— ойлау қабілетін жетілдіру;

— эстетикалық тәрбие;

— қатынасу-сөйлесу қасиеттерін дамыту;

— тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер нұсқасын ұсынуды қалыптас-тыру;

— ғылыми-тәжірбиелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;

  1. Қоғамды ақпараттандыруға байланыс-ты туындайтын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру процесі:

— информатика және есептеу техника-сы саласында мамандарды дайындау;

— жаңа информациялық технологиялар құралдарын тұтына білушілерді дайындау;

  1. Оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін екпінді ету:

— жаңа информациялық технолгиялар құрал-дары мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын көтеру;

— оқушылар мен студенттердің танымдық қасиеттерін жетілдіру қажет ынталан-дыру істерін жүргізуді қамтамасыз ету;

Педагогикалық практиканы жетілдірудегі жаңа жетістіктер педагогикалық мамандықтар студенттерін оқытуда жаңа технологияларының пайда болуына әкелуде. Ақпараттық төңкерісқоғамның,білім берудің ақпараттандырылуы өмірлік маңызды мәселелерді өздігінен шешуді,білімдегі бос кеңістіктерді жылдам жою қабілеттілігін белсендіруді талап етеді. .[3]

Студенттердің білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайтып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударуға негіз болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл- оқытуға керекті сағат санын арттырмай-ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарт көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.

Студенттердің білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға ақпараттық технологиялар жағынан терең білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.

Соңғы жылдардың тенденциялық сипаты жоғары оқу орындарының (ЖОО) білім беру үрдісінде информатиканың жетістіктерімен мазмұндалған ақпараттық технологияларды,дербес жағдайда,Web-технологияны ақпараттық қорларға ену тұтынушылық қосымшасынан-Интернетке,мәліметтерді басқару Интернет қызметтерімен,хаттамаларымен және мамандандырылған Web-серверлерімен өзара әрекеттесуге негізделген. Аталған технологияның негізгі ерекшеліктерінің бірі ЖОО-дағы оқытушының қатысуымен өтілетін аудиториялық сағаттардың кемуі. Бұл оқу үрдісін оқытушылар ақпараттық ортадан алатын оқу-әдістемелік жабдықтамалардың рөлін нақты ұлғайтуға әкеледі.

Интернет желісінде өте үлкен ақпарат көлемі жинақталған,бұларды жаңа білім беру бағдарламаларын ендіру сатысында нақты оқу-әдістемелік қор құрылғанға дейін білім беру мақсатында қолданған тиімді.[4]

Қазіргі заманғы электрондық-техникалық орталар мен ақпараттарды тасымалдау құралдары жылдан –жылға жетілдіріліп,білім беру мекемелерінде білім беруге қатысты түрлі міндеттерді шешу үшін жаңа бағыттар ұсынады.Соның ішіндегі XXI ғасыр технологиялары. [5]

 Жаңа қуат көздері. Осы кезге дейін адамзат пайдаланып келген дәстүрлі энергия көздері шексіз емес, әлемдік қор сарқыла бастады және жылдан-жылға энергия беретін көмірсутегін өндіру аса қымбатқа түсуде. Бүгінде жел және күн сәулесі энергиясы, гидроэнергетика мен түрлi-түрлі биомасса энергиясы кеңінен пайдаланылып, болашақтың қуат көздеріне айнала бастады. Жаңартылған энергия көздерінің негізгі артықшылықтары – сарқылмас қуат көзі, қолжетімділік және зиянсыздық. Қазақстан да осы бағытқа бет бұрып, ЖЭК пайдаланудың үлкен жобаларын бастады.Бiздiң елде осы мәселелердi шешетiн мамандардың жоқтығы құрылыс саласында энергияны тиiмдi пайдалану бастамаларын жетiлдiрiп алып кетуге кедергi болатын сияқты. Осыған байланысты энергия үнемдеу саласында кәсiби мамандарды даярлау күн мен жел, жерасты жылу энергияларын қолдану барысында елiмiз үшiн аса маңызды мәселенi шешудiң негiзi болып отыр. Бұл проблема тек қана бiздiң елге ғана емес, Еуропа одағы елдерiнде, Орталық Азия мен Ресейде де бар.

Компьютерлер. XX ғасырдың ортасында информацияны өңдеуді автоматтандыру ісінің қажеттілігі (көбінесе әскери талаптарға сай) электрондық техника мен технологияның қарқынды дамуына себепші болды.Электроника табыстары нәтижесінде жасалынған техникалық аспаптар электрондық есептеуіш машиналар (ЭЕМ) деп атала бастады.1946 жылы алғаш пайда болған ЭЕМ-дер электрондық шамдар негізінде жүмыс істейтін, үлкен залдарда орналасқан,көлемді электрондық жабдықтар болатын. Бірак 1948 жылдың өзінде-ақ электрондық шамдар шағын электрондық аспаптармен- транзисторлармен алмастырылып, компьютерлердің бұрынғы жүмыс өнімділігі сақталынғанмен, көлемі жүз есеге дейін төмендеді. 70 жылдар соңында интегралдық схемалардан немесе чиптерден жасалған мини-ЭЕМ-дершыға бастады.Алғашқы есептеу жұмыстарын автоматтандыруға арналған ЭЕМ-дер күннен күнге артып келе жатқан информация ағынымен жұмыс істеуде өте ыңғайлы құрал болып шықты.Бастапқы кезеңдерде ЭЕМ-дерде тек арнайы үйретілген адамдар ғана жұмыс істеді, бірақ онша дайындығы жоқ адамдардың компьютерді пайдалану мұқтаждығы маман еместерге арналған машина жасау қажеттілігін тудырды. [6] 70 жылдар басында «тұрмыстық» (үйдегі) компьютерлердеп аталған микрокомпьютерлер шықты. Олардың мүмкіндіктері шектеулі болатын, тек ойнау үшін және шағын мәтіндер теру үшін ғана пайдаланылды. 70 жылдар ортасында тұрмыстық компьютерлердің етек алғаны сондай, оларды сусын шығаратын фирмалар да (Coca Cola) жасай бастады.Дегенмен, микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен «дербескомпьютер» деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде түрақталынып қалды.[7]

Еліміздің электронды коммерция нарығын сарапқа салған мамандар, 2015 жылдың соңына қарай бұл сектордың ауқымы 3,6 млрд АҚШ долларына жетіп, сауда нарығының 4%-ын еншілеуі ықтимал деген болжам айтады. Мұндай мәліметті «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі басшылығына сілтеме жасаған CA-NEWS жария еткен-ді. Ал 2013 жылы е-коммерция сегментінің ауқымы 450-600 млн АҚШ долларын құрапты. Яғни, жалпы ритейлдің 2%-ы шамасында деген сөз.

Отандық электронды коммерция нарығына қатысты тағы бір өзекті мәселе – биыл елімізде осы саланы реттеуге негізделген «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасы әзірлік үстінде. Былайша айтқанда, төлем қызметтері нарығына анықтама беретін тұңғыш заң қабылданбақ. [8]

Электронды ақша дегеніміз – қолмен ұстап, қалтаға салатын ақша емес, бұл өзіндік бір ерекше төлем құралы. Сол себепті де қалың көпшілік оған бірден сенім арта алмайды, әсіресе, ғаламтор ішінде қолдануға аса ниетті емес. Әрине, олардың бұл сақтық әрекеті құптарлық жайт, өйткені электронды сауда жанданған сайын алаяқтар да бас көтере бастайды. Дегенмен, электронды сауда, егер оны дұрыс пайдалана білсеңіз, өте тиімді әрі мүлдем қауіпсіз құрал. Ең бастысы, электронды сауда дүкендерінің сертификатын тексеруді ұмытпаған жөн.Бұл жүйе Қазақстанда ену үстінде.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d0%b0%d1%80%d0%bc%d0%bc%d0%b08

Сурет 1. Элетронды ақша нарығының 2015-2016 жылдар аралығындағы көрсеткіш (мың.тг/адам саны)

Ескерту-мәліметер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды. http://www.newskz.ru/publ/ehkonomika/nary_ty_ehkonomikany_m_ni_men_yzmet_etu_mekhanizmi/2-1-0-55

Телекоммуникациялар. Ғылым мен техника салаларының жетістіктерін қолданбай электронды жүйелерімен, радиобайланыс және телекоммуникациялар жүйелерімен айналысатын өмірдің саласын атау мүмкін емес. Бұл салада жетістіктер таң қалдырғандай: жылжымалы және жерсеріктік байланысы, радиохабар және теледидар, компьютер және ақпарат жүйелері, ғаламды Internet желісі – осыларсыз қазіргі өмірді елестету мүмкін емес. Осының бәрі – радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметі.

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласының мамандарының қызметіне телекоммуникациялар, радиобайланыс, теледидар, радиохабар, радиолокация мен навигация, радиобасқару, жылжымалы байланыс, телевизиялық және дыбыс белгілерін радиоберу мен радиохабарлау, микробақылаушы және микроЭЕМ көмегімен басқарылатын жүйелер мен электронды және компьютерлі жүйелер кіреді.

Роботехника. Робототехника роботтардан бөлік автоматтандырылған техникалық жүйелер сонымен қатар өндірістік тауарлардың ең сапалы техникалық жиынтықталуын дайындау және пайдалану қадамдарын қарастыратын ғылымның саласы болып табылады.

Автоматтандырылған роботтар, былайша айтқанда роботтар, адам баласының жанында қауіпті мекендерде, я болмаса фабрикалардағы жинақтау үдерістерінде қызметін атқаруға мүмкіндік туады. Роботтар сыртқы келбеті бойынша, жүріс-тырысы мен танымы бойынша адамдарға өте ұқсас болуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда ғалымдар гуманоид роботтарды барынша адамдарға ұқсас қылуға тырысып жатыр.

Автономды түрде жұмыс істейтін роботтар туралы мәлімет көне кезден бастап ойлана бастаған, алайда сол тақырыптағы зерттеулер XX ғасырға дейін басталмаған. Ертегі кезеңнен бастап, роботтар бір күні адамдардың жүріс-тұрысына еліктейді және де адамдар сияқты адамдардың жұмыстарын істей алады деп болжалған. Қазіргі таңда робототехника тез дамып келе жатқан сала. Технология қалай тез дамыса, робототехника да солай тез дамиды, өйткені робототехника технологиямен тығыз байланыста. Технология дамыған сайын зерттеулер, әрлендер өзгеріп дамиды, соның арқасында роботтардың қолдану аймағы да ұлғаяды. Қазіргі таңда роботтар үйде, кәсіпорындар мен әскери салада қолданылады. Көптеген роботтар миналар мен бомбаларды залалсыздандыру сынды адамдарға тікелей зардап алып келетін жағдайларда қолданылады.

Робототехника (робот және техника; robotics — роботика) – роботтардың құрылысымен, жұмысы мен қолдануымен айналысатын, оған қоса олардың басқару, сезіну мен мәлімет өңдеумен айналысатын механикалық, электр және электронды инженерия мен компьютер ғылымдарының біріккен саласы[9]

«Робототехника қандай да роботтарды зерттеп әзірлемесе да, ол роботтар Айзек Азимовтың үш заңына бағынуы тиіс. Ол заңдарды 1942 жылы жазылған «Хоровод» атты әңгімесінде баяндаған. Ол заңдар мынадай оймен жазылған:

  1. Бір де бір робот адамға залал келтіре алмайды, немесе әрекетсіздігімен залал келуіне жол бермейді.
  2. Бірінші заңға қарсы келмесе, робот адамның барлық бұйрықтарын орындауға тиіс.
  3. Бірінші және екінші заңдарға қайшы келмесе, робот өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек .[10]

Қазіргі кездегі роботтардың көбісі адамның бұйрақтарымен жұмыс істейді, немесе бір орында қозғалыссыз істейді. Оған қарамастан адамзат динамикалық ортада автономды түрде жұмыс істей алатын роботтарға қызығушылықтарын арттырып жатыр. Сол роботтарға қоршаған ортада кедергісіз жүру үшін навигация керек. Егер күтпеген жағдайлар (мысалы адамдар мен басқа заттар бір орында тұрмай, жылжитын болса) туындаса робот соғысып мәселе туғызуы мүмкін. ASIMO және Meinü robot сынды жоғары дамыған роботтардың навигация жүйелері де мықты. Өзін — өзі бақылай алатын, немесе Ernst Dickmanns-ның жүргізушісіз автокөліктері қоршаған ортаны сезіп, навигация бойынша шешімдерді көліктің өзі қабылдай алады. Сондай роботтардыңкөбісі жол нүктелердің арасында шарлау үшін GPS-ті radar, кейбір кездерде lidar сынды сенсорлармен, video cameras және инерциялық бағдар жүйелерімен қоса қолданады.[11]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b09

Сурет 2. Қазақстан Республикасының 2015 жыл бойынша ақпараттық технологиялардың үлес салмағы (пайызбен %)

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды.  http://control.edu.gov.kz/kk/statistikalyk-mаlimetter

Біз тез технологиялық даму дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Әсіресе ақпараттандыру ғасырында. Шын мәнінде, адамзат үш ғасыр бойы технологиялардың дамуы жайлы ойлап келеді.Бірақ өзін-өзі әлі таң қалдыруда. Ірі ұялы технологиялар, шам экрандар, плазма, аналогты телефондар планетаның тіпті ең оқшауланған және «соқыр» бұрышында да жетілдірілген. Өз басым, менің ойымша, бұл қазірдің өзінде маған кейде жеткіліксіз, меніңше, прогресс сондықтан тез болды деп ойламаймын. Бірақ бәрі салыстырмалы болып табылады. Бұл өзгерістерді көру үшін, ең соңғы рет тарихқа бір көз жүгіртіп өтейк.

Тағы бір жиырма бес немесе отыз жыл бұрын бұл үйге компьютер сатып алу үшін қарапайым адамға мүмкін емес дерлік болды. Кеңес моделін сатып алу үшін «Іздеу» немесе «серіктес» атты компанияларға ақылға қонымсыз құн төлеуге мәжбүр болды. Компьютерлер аз тиражбен шығарылатын, өте қымбат, сирек болды. Ал сол күндері олардың сипаттамасы қандай болды! Компьютердің жады, яғни екі мегабайты бар қатты диск. Немесе он. Бұл кезде кішігірім фильмдерді басып алып, достарыңмен көру ең бақытты кездер болатын.

Ең ғажайып жарқын және түсті дисплей суреттерін көрсету — бұл бүгінгі күннің шындығы.Бұрынғы кез мониторлары екі немесе 8 түсті көрсететін. Содан кейін прогресс одан әрі қадам жасады. компьютердің магниттік қатты дисктегі деректер жүз мегабайттан аса ақпарат көтере алатын мүмкіндігі бар екендігі қолданушылардың көңілін бір көтерді.Халық компьютерлерді арзан бірақ сапалы шығаруға тырысты.

Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша жетілдіріледі:

— білім беру жүйесінің басқару механизміндегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;

— ақпараттық қоғам жағдайында жеке тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;

— үйренушінің интеллектуальдық қабілетін дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты әрекеттерге бағытталған оқытудың әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы құру;

— үйренушінің білім деңгейін бағалау мен бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.[12]

Кейбір ақпараттандыру құралдары, электрондық анықтамалықтар, энциклопедиялар, Интернет-порталдар беретін ақпараттың орасан зор көлемі де оқу үдерісінде назарды алаңдаттыруы мүмкін. XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз. Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді кезең ретінде қарастырылуда. Білім беру жүйесін ақпараттандыру үрдісі ақпараттық қоғам жағдайында толыққанды өмірге адамды даярлау болып табылады.[13]

«Ақпараттандыру» ұғымының біршама кеңірек анықтамасын академик А. П. Ершов өз жариялымдарында берді. Ол, «ақпараттандыру – адамзат қызметінің барлық қоғамдық елеулі түрлеріндегі шынайы, жеткілікті және уақтылы білімді толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені» деп жазды. Оның үстіне А. П. Ершов ақпарат «қоғамның табысты даму қабылеттілігіне көп жағынан алғы шарт жасайтын, тұтас алғанда, оның стратегиялық ресурсы» болып табылатындығын атап өтті.[14]

Білім беруді ақпарттандырудың маңызды факторы Интернетпен жұмыс жасау қабілеті. Білімді ақпараттандыру дәстүрлі информатика оқу курсын, басқа пәндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру әдістерін, технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді. Информатиканың әдістері мен құралдары көмегімен болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар, олар қай жерде бар, оларға кіру мүмкіндігі қалай және оларды өзінің кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға жауап алуды үйренуі тиіс.

Білімді ақпараттандырудың тағы бір бағыты білімді ақпараттандыру технологиялары мен құралдарын жасау мен қолдану бойынша білікті мамандар дайындау болып табылады. Білімді ақпараттандырудың екі негізгі мақсаты бар.

Біріншісі – білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру.

Ал екіншісі — ақпараттық қоғамда адамды өмірге қатыстырудан, ақпараттық технологияларды кәсібиқызмет пен күнделікті өмірге пайдаланудан тұратын білімді ақпаратандыру айтамыз. Ақпараттық және телеқатынастық технологияларды пайдалану олардың деңгейін тек сапалы түрде көтеріп қана қоймай, сонымен қатар бітірушілер кәсіпкерлігінің артуына да әсер ететіндігі баршаға мәлім.

Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. Оқу-тәрбие үрдісінде білім беруді ақпараттандыру үшін ақпараттық технологияға көшу қажет. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз: оқу мен оқу-тәрбие материалдарының, үйретуге арналған есептегіш техника мен аспаптық құралдарының жиынтығы; есептегіш техника құралдарының оқу үрдісіндегі ролі мен орны, мұғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі; мұғалімдердің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін толықтай өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқытудағы пән аралық байланысты күшейтуге, оқу үрдісін ұйымдастыруды ұдайы жаңартып отыруға мүмкіндік береді.[15]

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан — жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық — аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ — ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.[16]

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың міндеттері:

— ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;

— ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың мүмкіндіктерін айқындайтын практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;

— оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми

— iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;

— мектеп пәндерi бойынша жасақталатын жалпыға мiндеттi бiлiм стандарттарының және оқу-әдiстемелiк кешендерiнiң мазмұнын ақапараттық технологияны пайдалану мүмкiндiктерiмен жетiлдiру бiлiм берудi басқаруда ақпараттық жүйенi құру;

— бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн программалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық программаларды, электрондық оқулықтарды жасақтау;

— педагог кадрларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге дайындау және жүйелi түрде бiлiктiлiктерiн көтеру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың негізгі қағидалары:

— оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы(интенсификация) ;

— бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;

— қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;

— жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;

— жалпы компьютерлік сауаттылық;

— модульдігі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану жағдайында күтілетін нәтижелер:

— ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;

— ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;

— ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

— біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;

— мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;

— отандық білім беру жүйелерін біртұтас әлемдік ақпараттық білімдік кеңістікке ену арқылы сабақтастыру;

— білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру;

— республиканың білім беру мекемелерін басқарудың біртұтас ақпараттық желісін құруға негіздеп, білім берудің басқарудың ақпараттық желісін құру.[17]

«Ақпараттық мәдениет дегенiмiз — адамға ақпараттық кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л.Семенюктiң пiкiрi бойынша «ақпараттық мәдениет — адамның, қоғамның немесе оның бiр бөлiгiнiң ақпааттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi — ақпараттарды алу, өңдеу, жинақау және осының негiзiнде сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану бойынша жетiлу деңгейi». Педагог ақпараттық мәдениетiн қалыптастырy және дамыту – ұзаққа созылатын, педагогтың aқпараттық және педагогикалық қызметінің интеграциялау үрдісі.

Бұл үрдістің күрделiлiгi сонда — ақпараттық мәдениеттiң қалыптасуы мен дамуы жолында көптеген кедергiлерден өтуге тура келедi.»

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр.

«Ағартушы Д. Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек». Сондықтан ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне жан-жақты пайдала білуіміз керек. Ал оны пайдаланудың басты мақсаты — оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек.»[18]

Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласына енгізу ақпараттық сқоғамның басты көрінісі болып отыр. Ақпараттық технология – технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық ресурстарды қолдану арқылы ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, шығару және тарату әрекеттерін қамтамасыз ететін өндірістік және программалық-техникалық құрылғылар мен әдістер жиынтығы. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз — бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесi. Бұл үрдісті icкe асыруда негiзгi құрал компьютeр болып табылады. Ақпаратық технологияларды қазіргі білім жүйесінің әр түрлі саласына ендіру барынша ауқымды және кешенді сипат алуда. Білімге мультимедиа құралдарын енгізу тың мүмкіншіліктер туғызады. Қашықтан оқыту, мультимедиа құрамдарының дамуы оқушының білім алуын, олардың белсенділігін арттырады.Арнайы бағдарламалар арқылы, мысалы, Power Point арқылы оқушылар мен студенттердің пәнге деген қызығуын туғызуға болады, яғни түрлі фотосуреттер көрсетіп, қосымша материалдар үшін интернетке сілтеме жасайды.

Кесте 1 . Қазақстан Республикасындағы облыстарындағы жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланушылар  үлесі (пайызбен %)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b513

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынған.  http://ikaz.kz/

Телекоммуникациялық құралдарын пайдалану оқу үрдісінде жаңа құбылыс болып табылады. Компьютерлік телекоммуникациялардың осы заманғы жүйесі физика бойынша өткізілетін, әр аймақ оқушылары қатыса алатын оқу жобаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ақпараттық технологиялар саласындағы айқын прогресс ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарда «ақпараттық қоғам» атауының пайда болуына әкелді. Кейбірғалымдар ақпараттық қоғам деп ондағы өндірістің басты өнімі мағлұматтар (білім) болып табылатын қоғамды түсінеді. Ақпараттық қоғамның қалыптасу тарихы ақпараттандыруға байланысты адам қызметінің жаңа түрлерінің туындауы мен дамуы тарихын қамтиды. Соңғы жылдары қоғамда компьютерлік техника мен ақпаратты өңдеу үдерістері (операторлар, программистер, жүйелі аналитиктер, жобалаушылар және т.т.) бойынша, сонымен қоса консультациялық, ғылыми-ақпараттық, тағы соған ұқсас қызметтер көрсетуге байланысты адамдардың арнайы кәсіби топтары пайда болды. Әлбетте, жаңа ғылыми және кәсіби бағыттардың пайда болуы мамандар дайындаудың арнайы, қоғамды сәйкес ақпараттандыру кезеңінің шынайлылығына оқытудың мазмұны ғана емес, сонымен қатар әдістері мен құралдары да сай болуы тиіс жүйесін талап етеді.[19]

Елбасының жолдауында мектептерді, ең алдымен ауылдық жерлердегі мектептерді компьютерлендірудің кең ауқымды бағдарламасын іске асыру, жаңа ақпараттық техналогиялармен жұмыс істеуді үйрету, жаппай ақпараттандыру жұмыстары жүргізілсін делінген. Ақпараттық технологияларды пайдалану әкімшілік қызметтің жақсаруына, басқарудағы және ғылыми зерттеулерді қолдауға, оқу үрдісі шеңберін кеңейтуге, оқушылардың дербес қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.[20]

Ақпарттық қоғам – бұл саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамның әрбір мүшесінің кез келген ақпарат көзіне еркін ену қабілетін қамтамасыз ететін ғылыми факторлардың өзара байланысқан жиынтығы.

Ақпараттық қоғамның негiзгi талабы — оқушыларға ақпараттық бiлiм негiздерiн беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ақпараттық технологияны өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейiмдеу.

Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдануда мына факторлар ескерілуі керек:

— материалдық-техникалық база;

— қолданбалы программалық құралдардың мектеп пәндері бойынша бар болуы;

— мұғалімнің ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетінің қалыптасу деңгейі;

— мультимедиялық электрондық оқулықтардың мазмұндық сапасының анықталуы;

— оқушылардың білім сапасына ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерінің әсері.

Аталған факторларды ескере отырып, кез келген мұғалім өзінің кәсіби шеберлігіне ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдана алатындай деңгейде болуы тиіс.[21]

Қорытынды

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері атап көрсетілген .Аталған міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың заманауи технологияларын енгізу арқылы және оларды тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.[22]

Қазақстанда білім беруді жаңғырту — бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда жаңа технологиялармен оқыту жүйелі түрде жолға қойылып келеді. Еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің басты мақсаты — еліміздегі білімнің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» атты ұзақмерзімді стратегиясында да білім беру мәселесіне қатысты біраз пікірлер айтылды. Жолдауда еліміздің ұзақ мерзімді дамуындағы негізгі басымдықтарды бірі ретінде білім беру саласы қарастырылған екен. Бұл маңызды құжатта ұсыныс ретінде 2050 жылға дейін әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуі үшін жеке және мемлекеттік білім беру мекемелері ұсынатын оқыту қызметтерінің арасындағы алшақтыққа жол беруге болмауы қажеттігі, білім беру жүйесі жалпы ұлттық күйінде қалуға тиіс екені ерекше аталған. Еліміздегі білім жүйесін дамыту — дәуір талабы екенін «Қазақстан-2050» Стратегиясы да айқындап берді.

Сол себепті Қазақстанның білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негізделуі — ол бүгінгі күн талабы. Педагог кадрларының біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын тексеруде тәуелсіз сарапшылар рөлін күшейту жұмыстары жүргізілуде. Бір сөзбен айтқанда, еліміздің болашағының бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, алға апаратын күші білімге байланыстылығы айқын көрінуде. Білім мен ғылымның дамуы — адамзат өркениетінің өлшемі. Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең — бұл жаңа дәуір, жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде, білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор..[23]

Ақпараттық кеңістікті кеңейтіп, әлемдік қоғамдастыққа мүше болу жағдайында білім беру саласында елдің саяси-экономикалық даму деңгейінің критерийлері ретінде адами ресурстарды қалыптастырудағы рөлі артып отырған кезеңде білім беру жүйесін жаңа талаптарға бағдарлаудың маңызы зор болып табылады. [24]

Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті — педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2012ж. 33б
  2. «Болашақ мамандарды даярлау» Ұлт тағылымы -№4. 2013ж, 32б.
  3. «Информатика негіздері» журналы №1, 2012 ж,4б
  4. Михеева Е.В. Практикум по информационным технологиям в профессиональной деятельности. — Издательский центр «Академия», 2014ж , 65б
  5. К.З. Халықова. Информатиканы оқыту әдістемесі Алматы. Білім баспасы-2015ж ,93б
  6. «Компьютерді қолданудың педагогикалық мәселелері» Қ. Шәдиев, Қазақстан мектебі №5, 2013-7 б.
  7. «Физика Қазақстан мектебінде» журналы №3(33), 2012ж,75 б
  8. Советов Б.Я. Информационные технологии: Учеб. Для вузов. — М.: Высш. шк, 2014г,17стр
  9. Сарсимбаева С.М., Каипова А.Д. Амиргалиева Т.А. «Интерактивті тақтамен жұмыс жасау негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар. Ақтөбе, Қ. Жұбанов атындағы АМУ, 2013ж , 23 б
  10. https://www.google.kz/search?q=http%3A%2F%2Fikaz.kz%2Frobototekhnika+-kazaksha&rlz=1C1AOHY_ruKZ736KZ736&oq=http%3A%2F%2Fikaz.kz%2Frobototekhnika+-kazaksha&aqs=chrome..69i58j69i57.1458j0j7&sourceid=chrome&ie=UTF-8
  11. «Математика және физика» журналы. №4, 2014ж,12б
  12. Бiлiм беру жүйесiн 2010-2013 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы. – Астана, 2013ж,50б
  13. Білім беруді ақпараттандыру бағдарламасы 11б
  14. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру білгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2013ж, 36 б
  15. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. – Алматы, 2015, 46б Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
  16. «Ақпараттық технологияларды қолдану» М. Ғалымжанова Информатика негіздері. №3, (8)2012 ж, 36б.
  17. Артур Кон. Секреты Интернета. Учебный курс. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2013 г. 12cтр
  18. Дулатова А.Н. Информационная культура личности:учебное пособие/А.Н.Дулатова,Н.Б.ЗиновьеваМ.:Либерия–Бибинформ, 2014.  -176б
  19. Жалпы  педагогика. 2014ж  М.Жұмабаев.45б
  20. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2012ж
  21. 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт  жобасы
  22. Болашақ мұғалімнің кәсіби шығармашыл тұлғасын қалыптастыру. // Білім – Образование. – Алматы 2014. — №4 (52). – Б. 46.
  23. О. Тілеукенов. «Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу жолдары» Мектеп директоры, №1, 2014ж,27б
  24. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Алматы, 2015ж,55б
  25. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Тараз,2013ж, 78б

Құрастырғандар: Жақсыбай Д., Иманбай К., Пернебай Д.

Яндекс.Метрика