Бизнесті неден бастау керек немесе бизнесті бастамастан бұрын?!

Шынында да кезкелген адам бизнесті бастамастан бұрын:  Бизнес пен  кәсіпкерліктің оған қажеті бар ма? және Мұндай іске дайынмын ба? деген сауалға нақты жауап беруі тиіс. Өйткені бизнес тек тез арада пайда табумен шектелетін іс-әрекет емес. Ол бизнеспен айналысатын адамнан оның тек қалауы мен пейілі, ынтасы және  талпынысымен шектелмейді, сонымен қоса,  ой-сана мен күш-жігерді және бастапқы ақша-қаражаттын салуды қажет етеді.

        Сол себептенде, бизнесті бастамастан бұрын төменде берілген мәселелерді анықтап алғаныңыз жөн:


    • ОЙ ТҮЙСІК МӘСЕЛЕСІ
      . Кәсіпкерлікті былай қойғанда кезкелген істің бастамасы үлкен әрі жауапты нәрсе. Ал бизнесте «Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» деген түсінік мүлдем жоқ. Ол сізден 24 сағат тынымсыз әрекет қылуды талап етеді. Сондықтан да бизнесте жетістікке жету үшін, әдетте демалыс пен ойын-сауық, күлкі-думан, жора-жолдас, туған-туысқандармен  әңгіме-дүкен құратын уақытыңызды қиюды талап етеді.
      94Мәселен, бизнес әлемінде танымал  «Билл Гейтс дилеммасы («дилемма» сөзінің қазақшасы – екеуінің біреуін таңдау)» бар. Осы дилеммаға сәйкес кезінде сонау 1975 жылы 20 жасар американдық программист Билл Гейтс әлемге танымал Гарвард университетіндегі өзінің оқуын біржола тастап кетеді. Оның себебін ол – «мен не бизнес жолын, не университеттегі оқуымды жалғастыруды таңдауым керек еді. Мен бизнесті таңдадым деді. Өйткені менің айналысып отырған компюттерлік бағдарламалар саласы ол болашақтың саласы деп түсіндірді»,  — ол. Шынында да оның ішкі түйсігі оны алдамады. Қазір компютерсіз, интернетсіз, ұйялы телефонсыз өмірімізді елестету сірә мүмкін емес шығар. Айтып кетсек артық болмас, Билл Гейтс 31 жасында миллионер атанды, бүгінгі күні  оның байлығы кейбір ақпарат көздері бойынша 80 миллард доллардың үстінде.

    • САЛАНЫ ТАҢДАУ МӘСЕЛЕСІ.
        95Бизнесте қандай да бір қадам бастамастан бұрын, кәсіпкерлікпен айналысатын саланы (нақты немен айналысасыз) мысалы: сауда-сатық па, қызмет көрсету ме, ауылшаруашылық па, әлде кішігірім өндіріс пе? және  бизнесті жүргізетін жерді (қалалы жер, аудандық жер, ауылдық жер) нақты анықтап алуыңыз қажет. Дәлірек айтқанда, бірінші кезекте таңдаған бизнеспен айналысатын сала сізге қаншалықты ұнайды, және көңілізге қаншалықты жақын екенін анықтап алғаныңыз жөн (бұл сұраққа өз- өзіңізге жауап беруіңіз өте маңызды). Мысалы, қалалы жерде туып өскен адамға малшаруашылығы бизнесімен айналысу біздің ойымызша жақсы идея емес немесе сауданы ерсі көретін, оны мүлдем ұнатпайтын адам сауда-саттық кәсіпкерлігімен айналысу да дұрыс шешім емес.

    • БАСТАПҚЫ КАПИТАЛ (АҚША САЛЫМЫ) МӘСЕЛЕСІ.
                Бизнесте үлкен жетістікке жеткен кәсіпкерлердің 80-90% пайызы өздерінің жеке бастапқы капиталының болмағанын біреуі білсе біреуі білмес. Мысалы бәріміз күнделікті өмірде қолданып жүрген ұйялы (сотовый) телефонның WhatsApp қосымшасын (приложение) ойлап тапқан  Ян Кум, 1992 жылы  16 жасында Украинадан АҚШ-қа көшіп келген мыңдаған адамдардың біреуі.  Отбасында еден жуып (техничка) ақша табатын жалғыз анасы қатерлі ісік ауруына (рак ауруы) шалдыққан соң болашақ миллиардер ауру анасы мен қарт әжесін тамақтандыру үшін «арнайы әлеуметтік орталықтан» тегін тамақ алуы үшін күніге ұзақ кезекте тұруына мәжбір болды. Әрине жас 96Ян Кум оқуын тастап жұмысқа кіруіне тура келді. Өзінің ақ-адал еңбегі мен өзгеше ойлауының арқасында бірінші кезекте жаңа идея, одан соң сол идеяны өнім түріне айналдыра алған Ян Кумның ақша-қаражаты бүгінгі күні 7,5 миллиард долларды құрап отыр. Яғни бизнес үшін ақша маңызды, бірақта бизнесте ақша ылғида бәрін шеше бермейді.
      Сондықтанда бизнесті бастауда бастапқы капиталды (ақшаны) қайдан табамын деген сұрақтың жауабы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы; банктен несие алу арқылы, достарыңыз немесе туысқандарыңыздан қарызға алу, ақшасы бар адамдардың арасынан бизнес-серіктес(партнер) табу немесе ешкімге қарыздар болмау үшін жұмыс істеп, тапқан ақшаңызды үнемдеп жинап болашақ бизнесіңіз үшін бастапқы капитал жинауға болады.

    • МАҚСАТ МӘСЕЛЕСІ.
      Бизнесті бастамастан 97бұрын оның мақсаты неде деген сауалға өз-өзіңізге жауап беруіңіз қажет. Егерде сіздің  мақсатыңыз тек тез баю, басқа адамдарға өзіңіздің жетістіктеріңізді мақтаныш ету мен дәулетіңізбен басымдық жағдайыңызды пайдаланып қарапайым адамдарды өзіңіздің қалауыңызша «мен меншілдікке» салынып жай ғана үстемдік құрып басқару болса, сіздің кәсіпкерлік іс әрекетіңіз оң нәтиже бермейтіні анық.

    • ХАБАРЫҢЫЗ БАР ҰСАҚ-ТҮЙЕКТЕН НЕМЕСЕ ШАҒЫН НӘРСЕДЕН БАСТАУ МӘСЕЛЕСІ.
      Халықта «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала»деген мақал бар. Бұл сөздің көп мағынасының бірі – бірден үлкен іске жүгірмей, шамаңа, төңірегіңе және жағдайыңа қарап іске кірісу мәселесі. Өйткені бұған дейін айналыспаған, қыр-сырын білмейтін әрі хабарыңыз жоқ істі бастау үшін несие алып белшене қарызға батып кәсіпкерлікпен айналыспастан бұрын, Бұл істен түсетін пайда қанша? Оның қарапайым тұтынушыға (халыққа) қажеті бар ма? және Несие мен қарызды қайтара аламын ба? деген сұраққа жауап беруіңіз керек.  Мысалы бүгінгі күні бәрімізге таныс, барлық базарлар мен ойыншық дүкендерінде үлкен сұранысқа ие болып отырған балаларға арналған «LEGO- конструктор» ойыншықтары әлемдік нарықта «LEGO- конструктор»  брендімен (тауар атымен) 1973 танымал бола бастады.98 Бірақта бұл бизнестің ірге тасы сонау 1930-шы жылдардың ортасында қалыптасқанын және оның негізін қалаған адам Оле Кирк Кристиансен екенін бәрі біле бермейді. Бұл кісі ағаштан саты, баспалдақ, ағаш сөрелерін (полка, шкаф) жасайтын ағаш ұста еді. Соғыс пен экономикалық дағдарыс жағдайында ағаш сөрелері мен баспалдақтарға сұраныс болмағанына байланысты өзінің кәсібін бір жолата тоқтатуға мәжбір болды. 99 Бірақ Оле Кирк Кристиансенге кенеттен ой келеді. Соғыс пен экономикалық дағдарыс жағдайына қарамастан әр ата-ана өз балаларына азда болса да, күлкі-қуаныш силауға тырысады. Ал бала үшін ойыншық әрқашанда бірінші қуаныш. Сөйтіп, өзінің білген өнерін салып Оле Кирк Кристиансен алғашқы ағаштан төртбұрышты кубик тәріздес ойыншыктырын жасай бастайды. Бұл төртбұрышты кубиктердің ерекшелігі, оның арнайы ұңғылары мен тектіктері арқылы қосып жинауға болатын еді. Сонымен қатар кубиктердің бетінде жазулар, суреттер мен әріптер салынды. Осы ойыншықтар арқылы кішкентай балалар әртүрлі формадағы үйлерді құрап өздерінің зеректігі мен логикалық ойларын дамыта отырып, әріптерді және сол кубиктегі жазылған  әріптерді бір-біріне қосып сөздерді құрап, оны  оқып үйренуге мүмкіндік берді. Әрине ата-анаға бұл ойыншықтар  әсерлі ғажап пен баланы тәрбиелеумен оқытуда  үлкен мүмкіндік беретінін көрсеті. Сөйтіп, соғыс пен дағдарыстың зардабынан жұмыссыз қалған  Оле Кирк Кристиансен өзінің алғашқы, ал кейінен әлемге танымал бизнестің негізін қалады.

    • АДАМНЫҢ КҮНІ АДАММЕН НЕМЕСЕ ДОС, ЖОРА-ЖОЛДАС, ТАНЫС, ТУҒАН-ТУЫСҚАНДАРЫҢЫЗДЫҢ ТАНЫСТЫҒЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ.
    • Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас демекші, бизнесте жалғыздан- жалғыз үлкен нәтижеге жету екі талай десек артық айтпағанымыз. Өйткені бір адамның барлық нәрсені білуі мүмкін емес. Сондықтан да кезкелген кәсіпкерге кеңес беріп, өз ойымен бөлісетін адам өте қажет. 100Және де осындай ой бөлісу арқылы өз бизнесіңізге серіктес (партнер) тауып алуға мүмкіндік туады. Мысалы: өзіміздің күнделікті өмірде пайдаланып жүрген ARIEL (Ариель), TIDE (Тайд) кір жуғыш ұнтақтары (стиральный порошок),   FAIRY (Фэри) ыдыс жуғыш сұйықтығы, PAMPERS (Памперс) сәбилерге арналған жөргек,  101BLEND-A-MED (Блэнд-а-мед) тіс жуғыш пастасы секілді тауарларды шығаратын Procter &Gamble (Проктер энд Гэмбл) компаниясы екенін баршамызға мәлім. Бұл компанияны құрған екі кәсіпкер  дәлірек айтқанда, Уильям Проктер мен Джеймс Гэмбл болатын. Ең қызығы, бұл екі кішігірім кәсіпкер бір отбасының апалы-сіңілі Нористардың (әйелдерінің фамилиясы) қыздарына үйленіп, бажа атанып бір бірімен танысқан еді. Бұған дейін  Уильям Проктердің негізгі кәсібі май шамын (свеча) жасаумен болса,  Джеймс Гэмблдің кәсібі сабын жасаумен болған еді. Бұл екі кәсіпкердің жекжаттығы мен достығы жарасып, ақырында бизнестерін біріктіріп бірлескен компания құрады. Міне, сол компания бүгінгі күні бүкіл әлемге атышулы әрі танымал Procter &Gamble компаниясы.

Яндекс.Метрика