ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мазмұны
Кіріспе
Денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
«2002 жыл біздің республикамыздың “Денсаулық жылы”болып жарияланды. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының даму және нығаю тарихы Қазақстанның бүкіл халық шаруашылығының даму тарихын көрсетеді. Республикадағы денсаулық сақтау саласы бүгінгі күні қиын жағдайда: бюджеттегі емдеу мекемелері азаматтарға қолайлы, ақысыз, білікті медициналық жәрдем көрсете алмайды, ал ақылы жәрдем алуға жұрттың бәрінің мүмкіндігі жоқ, жаңа жүйе болса әлі игерілмеген.Біз денсаулық сақтау саласын алға ілгерілету үшін ең алдымен оның даму тарихын, оны құрушыларды білуге, оларды қиын экономикалық жағдай кезінде ұзақ жолдар бойы сіңірген еңбегін ардақтауға тиістіміз. Қазақстанның медицинасы төңкеріске дейінгі кезеңдер өз бетінше дамыды, тұрғындар негізінен халық медицинасын кеңінен қолданды. А. Васильев,А. Ячмин,А. Диваев және басқалар көрсеткендей XIX ғасырда Қазақстанда медициналық қызметпен негізінен бақсылар,сынықшылар, тәуіптер айналысқан.Бақсылар дәрі дайындай білген.Олар сол уақытта ғылыми медицинада да қолданылған көптеген дәрі-дәрмектерді пайдаланды. Бұндай дәрілерге раушан,майкене, дермене тұқымы,анар ағашы,цикорий, андыз, дермен жусаны, ашудас, күкірт қышқыл магнезиі ,сынап, күкірт тотияйын, мышьяк, мүсәтір спирті, азот қышқылы, хинин, апиын жатады. Бақсылар асқазан-ішек сырқаттары кезінде әр түрлі дәрілер қолданады. Мысалы, асқазан ауырғанда рауғаш, апиын берген. Іш өткенде науқасқа жұпар жаңғағы шайының қою тұндырмасын, қарақат тұндырмасын қатты жөтел кезінде шайға немесе сорпаға салынған бұршаққынды бұрыш тұндырмасын қолданған.Қазақтың халық емшілері қымызды негізінен туберкулезді, құрқұлақты, хлорозды, қаназдықты, жүрек-қантамыры және азқазан-ішек сырқаттарын емдеуге пайдаланған. Жұқпалы ауруларды емдеуде халық медицинасының өз құралдары мен әдістері болған. Шәйді терлету құралы ретінде пайдаланған. Аурудың алдын-алу мақсатында алапеспен ауыратындарды сау адамдардан бөлек ұстаған, шешектен ауырғандарды тек осындай сырқаты болған адмадар ғана күткен. Шешекпен ауыратын бір адамы болса да бүкіл ауыл қонақ қабылдамаған халық емшілері тері ауруларын да емдей білген, ол үшін жақпамайлар, ұнтақтар қолданған. Жақпамайды, әдетте, сынаптан, күкірттен және қойдың майы қосылған басқа да заттардан дайындаған. Ұнтақ материалы ретінде ұнтақталған құрғақ жидектер, күл, күйдірілген киіз және т.б. қолданған»./1/.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік–экономикалық реформалардың қиын жолдары арқылы өзінің әлеуметтік саясатын жүргізіп келеді. Экономикадағы болып жатқан көптеген процестердің арасындағы өзара байланыс әлеуметтік саланың тармақтарының дамуының қарқындылығының жалпы экономикалық өсуді, экономиканың әртүрлі салаларының арасындағы тепе-теңдікті, халықтың өмір сүру деңгейінің сапалық көрсеткіштерін, халықтың денсаулық, білім деңгейінің көрсеткіштерін алдын-ала анықтайтынын дәлелдейді. Бүгінгі таңда халықтың денсаулық көрсеткіштері (орташа өмір сүру ұзақтығы, ана және бала өлімі, ауыру деңгейі және т.б.) әртүрлі мемлекеттер арасында салыстырылатын және әр елдің өркениеттілігінің деңгейін көрсететін факторлардың бірі болып саналады. Сондықтан денсаулық сақтау саласының проблемалары мемлекеттің әлеуметтік-саяси деңгейіндегі өзекті мәселелері деп қабылданып, күнделікті көңіл бөлінетін шараларға айналуы тиіс. Қазіргі экономикалық даму жағдайында денсаулық сақтау саласының қаржылық ресурстармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі және саланы ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір кемшіліктер біздің елімізде бұл мәселелерді зерттеудің әлі де терең жүргізілуі қажеттілігін көрсетеді.Дамыған шетелдерде денсаулық сақтау саласының ұйымдастырылуы мен басқарылуы және салаға қаржы қорларының түрлі көздерден тартылуы әртүрлі үлгіде тиімді жүзеге асырылып келеді.
Әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтау реформасының қажеттілігі мынадай ұқсас себептерге:тұрғындардың медициналық қызмет көрсету жүйесіне қанағаттанбауына, қарт адамдар санының жалпы өсіміне, экологиялық мәселелрді шиеленісуіне, жоғары медициналық технологиялардың жеткіліксіздігіне және медициналық көмектің көлемі мен сапасына байланысты тұрғындардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігіне негізделгенін байқауымызға болады.Шетелдердегі денсаулық сақтау салалары қаржыландырудың әртүрлі баламалы көздеріне ие болып отыр. Мысалы,кейбір дамыған елдер мемлекеттік және ерікті сақтандыру жүйелерінің тиімділігін айтса,ал келесі мемлекеттер бюджеттік-мемлекеттік қаржыландыруды дұрыс көруде.Әлеуметтік немесе жеке сақтандыруды жүзеге асырып келе жатқан елдер де бар. Аймақтық денсаулық саласының жағдайын талдай келе байқағанымыз,Қазақстан аймағының тұрғындары Республикалық денгеймен салыстырғанда төмен табысты аймақ болып саналады, ал Қазақстандағы медициналық қызметтердің бағалары айтарлықтай төмен емес.Ал, Қазақстан халқының соңғы он жылдағы денсаулық жағдайы,өмір сүрудің орташа ұзақтығының қысқаруы,аймақтағы жалпы нәресте және ана өлімінің көрсеткіштерінің, саланың материалды-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілуінің байқалуы денсаулық сақтау саласын басқарудың жаңа әдістері мен үлгілерін іздестіруді, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға көшуді, сала қызметкерлерінің өз жұмыстарына жауапкершіліктерін арттыру үшін саладағы еңбекақы деңгейін жоғарылатуды, яғни, денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың тұтастай дамыту стратегиясын жүзеге асыруды анық қажетсінді. Еліміздегі денсаулық сақтау саласының материалды-техникалық базасының әлі де болса нашарлығы, орта медициналық қызметкерлерге келетін жұмыс күшінің мөлшерден жоғары екендігі және саланың тиімді жұмыс істеуіне қажетті қаржылардың жеткіліксіздігі шетелдік озық үлгідегі бағыттарды іздестіріп, ол бағыттарды Қазақстан тәжірибесіне бейімдеудің кезек күттірмейтін мәселе екендігін көрсетіп отыр. Үкіметтің жылдан-жылға салаға қажет ресурстардың көлемін арттырып отырғанына қарамастан, елдің экономикалық даму деңгейімен салыстырғандағы оның төмен екендігі және сала қызметкерлерінің еңбек ақыларының төмендігі қаржыландырудың жаңа көздерін іздеуді талап етеді.
«Мысалы, Қазақстан Республикасындағы 2010-2015 жылдар аралығындағы денсаулық сақтау бюджетінің орындалуы туралы мәліметтер қаржыландыру көлемінің өскенін сипаттайды.
Қазақстан Республикасы халық денсаулығының жай-күйі,санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау жүйесінің дамуы соңғы он жылдықта оң үрдістермен де , сол сияқты теріс үрдістермен де сипатталды.Соңғы жылдары негізгі медициналық көрсеткіштер-туу,өлім-жітім,өмір сүрудің орташа ұзақтығы тұрақтандыруға қол жеткізді.Жұқпалы аурулармен ауыру төмендеді. Денсаулық сақтау саласында бір қатар реформалар жүргізілді, олардың бір бөлігі табысты іске асырылды,басқалары өзінің қисынды жалғасына жетпеді.Соңғыларына міндетті медициналық сақтандыру жүйесін құруды, отбасылық медицина моделіне көшуге әрекеттенуді жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтік құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулі ұлғаюын оң өзгерістер ретінде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазіргі заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделі жөндеулер жүргізуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгізуге мүмкіндік туғызды. Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесінде бірқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдістерге қол жеткізілді. Алайда республика халқының денсаулық жағдайы өлшемінің көптеген бөлігі қанағаттанғысыз болып отыр.
Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдар аралығындағы салада 1 тұрғынға кететін шығындардың көрсеткіштері қаржыландырудың өскендігін дәлелдейді. Мысалы, ҚР бойынша 2011 жылы салада 1 тұрғынға кететін шығындар көлемі 2157 теңгені құраған болса, 2014 жылы 8001 теңгеге өсті. Алайда, өкінішке орай, бүгінгі таңда, денсаулық сақтау саласына қарастырылатын қаржылық қорлар саланың нақты қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, бұл елдің экономикалық мүмкіншілігінің деңгейіне байланысты анықталады. Сонымен қатар ҚР денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржылар өзге аймақтарға қарағанда артқанымен, саланың 1 тұрғынға шаққандағы шығыстары бойынша басқа аймақтардан едәуір төмен.
Қазіргі жаңа экономикалық жағдайда, сала құрылымының түбегейлі өзгерісі, нарық талаптарының күшеюі, егде жастағы, ауру адамдар үлесінің артуы, медициналық технологиялардың сапалы қозғалысы, адамдар тұтынуының қажеттіліктерінің кеңеюі, денсаулық сақтау саласының дамуы үшін тежеуіш факторлар. Қазақстан аймағының халық санының өзгерістері қазіргі таңда өсу жағдайында, сондықтан да біз зерттеу барысында халық санының өзгеруіне болжам жасадық. Болжам жасау үшін Қазақстан халқының 2010-2015 жылдар аралығындағы нақты саны туралы көрсеткіштерді ұсынамыз»./2/.
1-кесте Қазақстан халқының 2010-2015 жылдар аралығындағы нақты саны
Ескерту: мәліметтер densaulyksaktau.kz сайтынан алынған.
1-кестеден көргеніміздей, халық саны жылдан-жылға артып отыр. Осылайша жылдар мен халық санын байланыстыратын теңдеу келесі мәнге ие:белгілі бір жылдар аралығында Қазақстан тұрғындарның саны.
2010,2011 және одан әрі жылдарға халық санының өзгеруі туралы болжам жасалды. Кестедегі көрсеткіштен байқайтынымыз, тұрғындар саны өсуде, өсу жағдайын терең байқау үшін динамикалық қатарды «таза» формада ауытқусыз анықтауға болады.
Ауруға шалдығушылар саны жоғары, емделіп шығушылар саны өте төмен, халық саны өте тығыз.Біздер қаржыландыру көлемінің жеткілікті еместігін дәлелдеуде және тиімді үлгіні ұсынуда болжам үшін пайдалануға болатын реггрессивті үлгіні құрға болатынын көреміз. Ол үшін біздер төмендегілерді байланыстыруға тырысамыз:
У- ауырып қалғандар саны;
Х1— 1 тұрғынға бөлінетін қаражат шығындары;
Х2— Қазақстан тұрғындарының дәрігерлермен қамтамасыз етілуі (дәрігерлердің нақты саны)
Есептеулер үшін 2012-2015 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтер пайдаланылады.
У = a+ b1x1+b2x2
Ескерту: мәліметтер densaulyksaktau.kz сайтынан алынған.
Қаржылық жоспарлау кез келген экономикалық жүйені басқарудың негізгі жүйелерінің бірі болып табылады. Денсаулық сақтау саласы да экономиканың жеке бір саласы ретінде қаржылық жоспарлауды талап етеді. Денсаулық сақтау саласын жоспарлау бұл халықтың медициналық көмекке, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуге және санитарлық эпидемияға қарсы шараларды алуға деген қажеттіліктерінің оларды қанағаттандыра алу мүмкіндіктерімен салыстырғандағы ара қатынасын негіздеу болып табылады.
Денсаулық сақтауды жоспарлаудың негізгі қағидаттарына төмендегілерді жатқызға болады:
- Жоспарлардың ғылыми-техникалық негізділігі;
- Өзектілігі жоғары мәселелерді бөліп көрсету;
- Ағымдағы және ұзақ мерзімді жоспарлаудың үйлесімділігі;
- Жоспарлаудың экономикалық тиімділігі;
Жоспарлаудың негізгі міндеттері ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:
- Халықты медициналық көмектің кепілденген мөлшерімен және түрлерімен қамтамасыз ету;
- Бюджеттік шығындарды оптимизациялау;
- Денсаулық сақтау саласының қаржы ресурстарын тиімді пайдалану.
Қаржылық жоспарлау төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
- Медициналық мекеменің негізгі мақсаттары мен қызметтерін анықтау (стационарлық немесе амбулаториялық көмек кеңес беру немесе емдеу т.б.);
- Қойылған мақсатқа жету үшін көрсетілетін медициналық көмектің түрі мен көлемін анықтау (емдеудің әдістері, диагностика түрлері және т.б. );
- Емдеу-профилактикалық мекемесінің құрылымын қалыптастыру (бөлімшелердің құрамы, басқару жүйесі т.б.);
- Емдеудің жоспарланған көлемін орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарына деген қажеттілікті анықтау;
- Келіп түсетін ақша қаражаттарын есептеу;
- Жоспарлық көрсеткіштерге түзетулер енгізу;
- Жоспарланған көрсеткіштердің орындалу деңгейін көрсету.
Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды халықтың денсаулығын сақтауды басқарудың көпфакторлы арнайы құрылған жүйесі деп қарауымыз керек. Денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік стандарттарды қалыптастырады және нормалар мен нормативтерді бекітеді.
Қазақстан Республикасының медициналық мекмелерінде 2014 жылы барлық мамандықтардағы 62 239 дәрігер және 159 870 орта медициналық қызметкерлер жұмыс істеді. Дәрігерлердің жалпы санының 70%-дан астам бөлігін, орта медициналық қызметкерлер арасында-85%-ын әйелдер құрайды./3/
Қазақстанда соңғы жылдары белгілі бір медициналық-демографиялық өзгерістер болды. Республикада халықтың саны 2015 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 69,6 мың адамға өсті.
2011 жылы бала туу көрсеткіші халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 2001 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өсті. Республикада бала туудың өсу үрдісі 2001 жылдан байқалып отыр. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік-экономикалық реформалардың қиын жолдары арқылы өзінің әлеуметтік саясатын жүргізіп келеді
Сондықтан денсаулық саласын қаржыландыуда инновациялық тәсілдерді қолдану қажет:
- Алға қойылған мақсатқа қол жеткізетіндей стратегиялық жоспардың және инновациялық реформалардың болуы. Бұл реформаларды қаржыландырудың тиімділігін арттыруға негіздеу қажет, яғни тұрғындардың және мемлеккеттің де қаражаттарын үнемделетін орта қалыптастыру.
2.Медициналық көмек көрсетуді құрылымын модернизациялау. Медициналық көмек көрсету құрылымын модернизациялау моделі осы медециналық көмекті тұтынушыға бағытталған. Және жаңа технологияларды еңгізу арқылы комплекстік медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру. Бұл комплексті медециналық қызмет көрсету қызметті тұтынушыға бағытталғандықтан, ол тұтынушымен тиімді жұмыс жасауға негізделген. Ол өз кезегінде ұйымдастыруға кететін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
3.Өз кезегінде, комплексті медициналық қызмет көрсетудің инновациялық тәсілдерін жүзеге асырғанда көптеген кедергілер орын алады, бірақ сонымен қоса қызмет көрсету тиімділігі жоғарылайды және шығындарды азайтуға мүмкіндік туады. Денсаулық саласын инновациялық қаржыландыруды жүзеге асыру маңызды мәселе, осыларды шешуге жұмсалған қаражаттар негізделген және нәтижесі ақталу қажет.
4.Тиімділігін арттырудың тағы бір тәсілі бұл жоғары білімдімамандарды топтастыру және ұйымдастыру, қызмет көрсету мәдениетін өзгерту, алдын ала тексеруден өткізуді жетілдіру.Қаржыландыру жүйесі медициналық көмекпен ресурстарды қолданудың тиімділігін жоғарылату керек.
Сол үшін:
- құқықтық базасын құру, тұрғындарды медициналық сақтандыруға тұрғызу;
- бюджеттен бөлінетін қажаттардың бөліну ретін қалыптастыру;
- медициналық көмекке қойылатын тарифтердің әдісін жетілдіру;
- медициналық көмекке кететін қаражаттырдың бөлігін жабу үшін тұрғындарды өз еркімен медициналық сақтардырылуын ұйымдастыру;
- медициналық қызмет көрсету нарығында бәсекелестікті қалыптастыру.
Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру келесідей мүмкіндіктер береді: бір жағынан әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан халықтың денсаулық көрсеткішіне оң әсерін тигізе отырып адамдық капиталды жоғарылатады. Адамдық капиталдың жоғарылығы экономикалық қызмет етуші тұлғаның өнімділігін жоғарылатады. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімнің артуына әкеліп, ел экономикасында өсу болады. Экономикалық өсу жалақыны жоғарылатады. Жоғарғы жалақы тауар мен қызметке сұранысты арттырады. Сонымен қоса адамдық капиталдың жоғары болуы еңбекке жарамды халдық санын арттырып, сәйкесінше еңбекке жарамсыз халық санын азайтады»/4/.
Әр мемлекеттің денсаулық сақтау секторы экономика құрылымының үлкен материалдық, қаржы және адами ресурстарын тұтынады.Мемлекеттің денсаулық сақтауға бөлген үлкен шығындары – бұл елдің бюджеттік шығын бөлігі емес, бұл алдымен экономикалық қайтарым әкелетін инвестициялар екенін түсінуіміз қажет. Денсаулық сақтауды қаржыландырудың оптималды моделі Қазақстан үшін – нарықтық қатынасы бар бюджеттік модель. Бұл тұрғындарды тәуелсіз жалпыға бірдей медициналық көмекпен қамтуға және қажеттілікке мүмкіндік береді, тұрғындардың осал топтарын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді, медициналық қызметтің еңбек мотивациясының механизмін дамытуға да мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының «Бірыңғай ұлттық денсаулық жүйесі шеңберінде денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру, ұйымдарды жетілдіру» деп аталатын 4-ші тармағына сәйкес, мемлекетте емделушінің мүддесі үшін денсаулық сақтау моделі құрылды. Бүгінгі таңда бағдарламаның нақты бағыттарын дамыту және жүзеге асыру жалғасуда:
- Денсаулық сақтау жүйесін тиімді құру, бастапқы медициналық-санитарлық көмектің басым дамуы негізінде;
- Денсаулық сақтау саласында басқару жүйесін және менеджментін жетілдіру;
- Денсаулық сақтауды қаржыландыру механизмін жетілдіру;
- Медициналық қызметтің жоғары сапасымен және қол жетімділігімен қамтамасыз ету.
Осы міндеттерді дұрыс орындау үшін қаржыландыруды ұйымдастырып жүргізу керек. Қаржыландыру жүйесін жетілдіру мемлекеттік бағдарламаының басымдық міндеттерінің бірі болып табылады./5/.
«Медициналық ұйымдарға азаматтардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында 2005жылы әр облыс ішінде тұратын әрбір адамға шығыстарды тең бөлуге мүмкіндік берді. 2007-2009жылдары денсаулық сақтауға мемлекеттік шығыстар абсолюттік сипатта ұлғайды, бірақ ІЖӨ үлесі түрінде тұрақты болып қалды,шамамен 2,1-2,2%-дан бастап,болжауынша 2016жылы 8,6%-ға жетті.2016жылы БҰДЖ енгізілуімен ауруханалар бюджетін республикалық деңгейде орталықтандыруға байланысты республикалық және жергілікті бюджеттерден жұмсалатын мемлекеттік шығыстардың құрылымы өзгергені байқалады.Осылайша, 2007-2012жылдары жергілікті бюджеттердің үлесіне денсаулық сақтау шығыстарының 70-75%-ға дейін келсе, 2016жылы болжалды деректер бойынша республикалық бюджеттің үлесі 68,2% мөлшерде болды. Денсаулық сақтау жүйесіне бөлінетін бюджет шығыстары 2014жылы-439,2млрд. теңгені құраса, 2015жылы-440,3млрд. теңге, 2016жылы-450млрд. теңге шамасында болды./6/.
Денсаулық сақтау саласының жан басына шаққандағы шығыстары 2014жылы 26338,21теңгені құрады немесе 2010 жылмен салыстырғанда, ол 13933теңгеге өсті.Бұл көрсеткіштер денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға жылдан-жылға бөлінген қаражаттардың жоғарылағанын көрсетеді.Бірақ қандай дамыған ел болмасын ол елдің бюджетті шектеулі болып табылады сол себепті, қаржыландыру мөлшерін жоғарылату шешім болып табылмайды»./7/.
Сондықтан денсаулық саласын қаржыландыруда инновациялық тәсілдерді қолдану қажет:
- Алға қойылған мақсатқа қол жеткізетіндей стратегиялық жоспардың және инновациялық реформалардың болуы.Бұл реформаларды қаржыландырудың тиімділігін арттыруға негіздеу қажет, яғни тұрғындардың мемлекеттің де қаражаттарын үнемделетін орта қалыптастыру.
- Медициналық көмек көрсетуді құрылымын модернизациялау. Медициналық көмек көрсету құрылымын модернизациялау моделі осы медициналық көмекті тұтынушыға бағытталған. Және жаңа технологияларды енгізу арқылы комплекстік медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру.Бұл комплексті медициналық қызмет көрсету қызметі тұтынушыға бағытталғандықтан ол тұтынушымен тиімді жұмыс жасауға негізделген. Ол өз кезегінде ұйымдастыруға келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
- Өз кезегінде, комплексті медициналық қызмет көрсетудің инновациялық тәсілдерін жүзеге асырғанда көптеген кедергілер орын алады, бірақ сонымен қоса қызмет көрсету тиімділігі жоғарылайды және шығындарды азайтуға мүмкіндік туады. Денсаулық саласын инновациялық қаржыландыруды жүзеге асыру маңызды мәселе, осыларды шешуге жұмсалған қаражаттар негізделген және нәтижесі ақталу қажет.
- Тиімділігін арттырудың тағы бір тәсілі бұл жоғары білімді мамандарды топтастыру және ұйымдастыру, қызмет көрсету мәдениетін өзгерту, алдын ала тексеруден өткізуді жетілдіру. Қаржыландыру жүйесі медициналық көмекпен ресурстарды қолданудың тиімділігін жоғарылату керек.
Сол үшін:
- Құқықтық базасын құру, тқрғындарды медициналық сақтандыруға тұрғызу;
- Бюджеттен бөлінетін қаражаттардың бөліну ретін қалыптастыру;
- Медициналық көмекке қойылатын тарифтердің әдісін жетілдіру;
- Медициналық көмекке кететін қаражаттардың бөлігін жабу үшін тұрғындарды өз еркімен медициналық сақтандырылуын ұйымдастыру;
- Медициналық көмек көрсету нарығында бәсекелестікті қалыптастыру. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды жетілдіру келесідей мүмкіндіктер береді: Бір жағынан әлеуметтік және экономикалық ұйымдастыру проблемаларын шешуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан халықтың денсаулық көрсеткішіне оң әсерін тигізе отырып адамдық капиталды жоғарылатады. Адамдық капиталдың жоғарылығы экономикалық қызмет етуші тұлғаның өнімділігін жоғарылатады. Бұл өз кезегінде жалпы ішкі өнімнің артуына әкеліп, ел экономикасында өсу болады. Экономикалық өсу жалақыны жоғарылатады. Жоғарғы жалақы тауар мен қызметке сұранысты арттырады. Сонымен қоса адамдық капиталдың жоғары болуы еңбекке жарамды халық санын арттырып, сәйкесінше еңбекке жарамсыз халық санын азайтады.
«Денсаулық сақтау саласының кез-келген қаржыландыру және басқару нысанында (сақтандыру, бюджеттік-сақтандыру, жеке меншік, бюджеттік) бұл салада толыққанды нарықтық қатынастар құру мүмкін емес. Экономиканың басқа салаларында еркін жұмыс істейтін қарапайым нарықтық қатынастар бұл салада нарықтың толық жетілмегендігінен жүзеге асырыла алмайды, өйткені денсаулық сақтау қоғамдық шаруашылықтың саласы ретінде нарықтық механизмнің қызметін бұзатын бірнеше сипатқа ие.Біріншіден, денсаулық сақтауда қажетті медициналық қызметтерді тұтынудың көлемі мен деңгейі тек қана тұтынушының төлем қабілеттілік деңгейімен анықталмайды. Бұл, ең бірінші, әлемнің көптеген мемлекеттерінде тегін көрсетілетін жедел медициналық жәрдем жүйесіне қатысты. Сондай-ақ, жеке табыс деңгейі мен медициналық көмекті тұтыну деңгейінің арасында кері байланыс бар екені дәлелденген. Оған мысал ретінде Ұлыбританиядағы денсаулық сақтау саласының ресурстарының 50 %-ға жуығын халықтың 10 %-ын құрайтын өте кедей отбасылар тұтынатынын айтуға болады»/8/.
«Сондай-ақ, халықты медициналық қызметтерді тұтынуда бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласының бюджетін қайта бөлудің қажеттілігі пайда болады (ол тек мемлекеттік реттеу жағдайында ғана мүмкін болады), яғни саланың қызметтеріне неғұрлым мұқтаж топтарды (балалар, қарт адамдар, созылмалы аурулары бар науқас адамдар, мүгедектер, табыс деңгейі төмен топтар т.б.) медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қоғамдық ауызбіршілік ( сау адам ауру үшін, бай адам кедей үшін, жас адам қарт адам үшін төлеу) қағидаты жұмыс істеу керек. Алайда, бұл жағдайда нарықтық баға белгілеу заңдылығы бұзылады, өйткені бұл кезде емдеу шығындары төлеуге қабілетті топтарға аударылады. Екіншіден, медициналық қызметтерді тұтынушы қажетті медициналық көмектің көлемі мен сапасын анық бағалай алмайды (арнайы білімі болмағандықтан және ауырған кезде физикалық, психикалық жағдайы сәйкес келмегендіктен). Басқа нарықтардан айырмашылығы, денсаулық сақтауда көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен деңгейін тұтынушы емес, өндіруші, яғни дәрігер анықтайды. Дәрігерлер бір мезгілде медициналық қызметтердің өндірушісі және көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін, сапасын, кей жағдайда құнын анықтайтын пациенттердің агентінің қызметін атқарады. Нәтижесінде дәрігерлер мен пациенттердің медициналық және экономикалық мүдделері арасында шиеленіс пайда болады. Медициналық қызметкерлер мен пациенттердің мүдделерінің ассиметриясы нарықтағы қарапайым ұсыныс пен сұраныс заңдылығының, яғни денсаулық сақтау саласындағы нарықтық механизмнің қызметінің бұзылуына алып келеді.Үшіншіден, медициналық қызметтердің бір бөлігі (санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы, профилактикалық және т.б.) қоғамдық тауарлардың қасиеттеріне ие, яғни жеке тұтыну тауарларына қарағанда олар ұйымдық тұтыну объектілеріне жатады және көп жағдайда нақты бір адамға бағытталмайды.
Денсаулық сақтау саласындағы нарықтық қатынастардың ерекшеліктері мемлекеттік қаржыландыру моделі кезінде және саланы басқаруда нарықтық механизмдердің мүмкіндіктерінің шектелуі жағдайында медициналық қызметтер нарығын қалыптастырудың мүмкін еместігін көрсетеді»
Әрине, саланы басқарудың нарықтық механизмдері дұрыс жұмыс істеу үшін денсаулық сақтау ұйымдары (мемлекеттік те, жеке меншік те) арасында мемлекеттік органдардың медициналық қызметтердің белгіленген көлемі мен сапасын қаржыландыруға бөлген қаражаттарын алу үшін еркін бәсекелестік болуы керек. Мұндай жағдайда бәсекелесетін емдеу мекемелері мемлекетке орынды бағаға жоғары сапалы медициналық қызметтер ұсынуға мүдделі болады. Бәсекелестік ортада пациент те дәрігер мен емдеу мекемесін таңдаудың еркін құқығына ие болып, мемлекет сияқты ол да орынды бағаға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін емдеу мекемесімен келісім шарт жасауға тырысады.
Ортаның шарттарын қалыптастыру және денсаулық сақтаудағы бәсекеге қабілеттілік механизмдерін енгізу бүгінгі күнгі саланың қалыптасуы мен жаңа экономикалық қатынастарды дамыту кезінде емдеу-профилактикалық мекемелері мен медицина тәжірибесі үшін өзектілігі өте жоғары болып табылады.
Емдеу-профилактикалық мекемелерінде бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру үшін мемлекеттік реттеу деңгейінде әкімшілік-басқару және ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру арқылы қажетті зерттеу, экономикалық және ақпараттық тапсырмаларды шешу қажет.
Емдеу-профилактикалық мекемесінің бәсекелестікке еркін қатысатын медициналық қызметтер нарығының субъектісі роліндегі құрылымдық-функционалдық моделі бұл ұйымды бәсекеге қабілеттілігі жағынан сипаттайтын элементтерді қамтуы керек. Бәсекелік ортадан тыс өмір сүретін емдеу-профилактикалық мекемесі медициналық қызметтерді жүзеге асыра отырып, табысты қызмет етуі мүмкін. Алайда, нарықтық ортадағы спецификалық экономикалық қатынастар бұл ортада жұмыс істейтін субъектілерден сапалы жаңа байланыстар мен маркетингтік сипатқа ие болуды талап етеді. Медициналық мекеме еркін нарықтық қатынастар субъектісі ретінде дамыған бәсекелестік жағдайында мұндай экономикалық атауға құрылымы жағынан да, қызметі жағынан да дайын болуы керек.
«Емдеу мекемелерінің нарықтық мәні дегеніміз — емдеу-профилактикалық мекемесінің өз қызметін нарықтық қатынастар алаңында бәсекеге қабілеттілік деңгейіне ие бола отырып жоғары тиімділікпен жүзеге асыруға бағытталған құрылымдық-функционалдық жағдайын айтамыз. Ал нарықтық экономиканың «бәсекелестік», «бәсекеге қабілеттілік» сияқты ұғымдарсыз жұмыс істеуі мүмкін емес. Еліміздегі емдеу мекемелерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігін төмендегі факторлармен түсіндіруге болады:
— медициналық қызметтер нарығының эволюциялық жолмен қалыптасуы;
— медицина мекемелерінің басым көпшілігінің меншіктің консервативті нысанында болуы, денсаулық сақтау жүйесіндегі шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының баяулығы;
— денсаулық сақтау жүйесінде ұйымдастыру-техникалық және экономикалық-басқару проблемалары мен мемлекет пен қоғамның дамуының жаңа экономикалық жағдайында қызмет ететін емдеу мекемелерінің мәселелерін сауатты түрде шешетін менеджерлердің жетіспеуі;
— медициналық қызметтер нарығының қалыптасуы жағдайында емдеу мекемелерінің қызметін жоспарлаудың , жүйелік талдаудың, оптимизациялаудың әдістерінің қажетті деңгейде жүзеге асырылмауы;
— медициналық мекемелерде медициналық көмектің сапасын үнемі жоғарылатып отыратын қазіргі заманғы механизмдердің, әдістер мен нысандардың енгізілуін қамтамасыз ететін басқару шешімдерінің жүзеге асырылмауы.» /10/.
Жоғарыда аталған факторлар отандық денсаулық сақтау саласының қазіргі жағдайында медициналық қызметтердің сапасын жоғарылататын негізгі механизм- бәсекелестікті жүзеге асыратын субъектілер арасындағы нағыз нарықтық қатынастардың жетілмегендігін және негізгі жүйелік құрылымның дамымағандығын көрсетеді.
Сонымен, денсаулық сақтау мекемелерін нарықтық қатынастардың белсенді субъектісіне айналдырудың негізгі шарты – бұл саладағы еркін бәсекелік ортаны дамыту. Бәсекелестік – бұл медициналық қызметтер нарығының өмір сүру қабілеттілігін қамтамасыз ететін объективті және қажетті ішкі механизм болып табылады. Сөйте тұра денсаулық сақтау нарығындағы бәсекелестік қарама-қайшылығы мол және біртекті емес. Денсаулық сақтаудағы бәсекелестіктің қалыптасуы кезінде пайда болатын негізгі қарама-қайшылықтарға төмендегілерді жатқызуға болады:
— денсаулық сақтаудағы ынталандыру жүйесі мен бәсекелестік заңдылықтары арасындағы қарама-қайшылық (ұсыныс көп болған жағдайда да медициналық қызметтерге жоғары бағаның сақталуы);
— қымбат бағалы медициналық технологиялар мен медициналық көмек алудың жалпыға бірдей қағидатының арасындағы қарама-қайшылық;
— медициналық еңбекті ынталандырудың қазіргі жүйесі инновацияларды енгізуді, сапаны жоғарылатуды медициналық қызметтердің бағасының жоғары деңгейінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Бұл да саладағы бәсекелестіктің қалыптасу жолындағы қарама-қайшылық болып табылады.
Медициналық қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін бағалайтын негізгі ерекшеліктерге төмендегілерді жатқызуға болады:
— бағалау объектісі болып медициналық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын мекеменің қызметі есептеледі;
— қызметтерді бағалау қызмет көрсету технологиясы мен процестің сапасына баға берумен байланысты;
— медицина қызметкерлерінің қызметіне баға беруді тұтынушылардың жүзеге асыруы;
— медициналық қызметті көрсетудің уақыттық сипатына баға беру;
— көрсетілген қызметтердің сапалық стандарттарға сәйкес келуіне баға беру;
Медициналық қызметтерді өндіру мен тұтыну жағдайында бәсекелестіктің болуы, емдеу-профилактикалық мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жаһандану жағдайында отандық денсаулық сақтау саласының дамуын қамтамасыз етуде зор роль атқарады./11/.
1-сурет. 2010-2015жылдардың басты медицина демографиялық көрсеткіштердің диаграммасы
Ескерту: Мәліметтер сайтынан алы densaulyk.kz сайтынан алынған.
«Денсаулық сақтау саласындағы құрылымдық өзгерістердің өзекті мәселелерін кәсіпкерлікті дамыту арқылы және жаңа нарықтық қағидаттарға негізделген емдеу-профилактикалық мекемелерінің жаңа түрлерін құру арқылы шешу қажет. Денсаулық сақтау саласында медициналық кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету нақты әрі тиімді нормативтік-құқықтық механизмді қалыптастыруды талап етеді. Емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметінің нормативтік-құқықтық базасы мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарының басымдықтарын бекітуді және меншіктің әртүрлі нысанындағы денсаулық сақтау мекемелерінің дамуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
Денсаулық сақтау мекемелерінің меншіктің әртүрлі насанында болуы саладағы көптеген өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді және ең бастысы көптармақты нарықтық денсаулық сақтау саласының негізгі қозғаушы күші болып есептелетін фактор – бәсекелестікті дамытуға септігін тигізеді.Төмендегі сызбада емдеу-профилактикалық мекемелерінің әртүрлі нысандарының даму перспективасының негізгі бағыттары көрсетілген./12/.«Денсаулық сақтау жүйесінің барлық дерлік қызметі іс жүзінде саланың ең басты көрсеткіші күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға арналған. Статистикаға сүйенсек, адамдардың өмір жасы орташа есеппен 68,9-дан 70-ке дейін өскен. Орташа өмір ұзақтығына тікелей әсер ететін жалпы өлім көрсеткіші төмендеп, 5,4-ті (ҚР – 8,5) құрады, яғни республикалық көрсеткіштен 36,5%-ға төмен. Соңғы 5 жыл көлемінде аналар арасындағы өлім-жітім – 76,5%-ға, сәбилер өлімі 22,6%-ға төмендеп отыр. Облыс бойынша соңғы 3 жылда ана өлімі 2,2 есеге (100 мың тірі туылған балаға шаққанда 2010 жылы – 35,1, 2012 жылы – 15,8, ҚР – 12,8) төмендесе, сәбилер өлімі 18%-ға (1000 тірі туылған балаға шаққанда, 2010 жылы – 20,5, 2012 жылы – 17,4, ҚР — 13,6, орташа республикалық көрсеткіштерден жоғары деңгейде болды) төмендеген. 2013 жылдың 7 айында осы көрсеткіштердің оң динамикасы байқалады. Ана өлімінің көрсеткіші 9,5-ке (2012 жылдың 7 айында – 18,2) төмендеді және сәбилер өлімі 11,7-ге (2012 жылдың есепті мерзімінде – 19,8, ҚР-12) дейін азайды. Ана мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2014 жылдарға арналған «Жол картасы» әзірленді. Іс-шаралар жоспарында ана мен балаларға көмек көрсету мақсатында реаниматолог, неонатолог, акушер-гинекологтардан санитарлық авиация бригадасын жасақтау, бастапқы медициналық көмек көрсету ұйымдарын балаларды медициналық байқаудан өткізетін тар буынды мамандармен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарланған. Сонымен қатар босандыру мекемелері үшін неонатолог мамандарын оқыту және қайта даярлау мақсатында да жұмыстар жүргізіледі. Жалпы алғанда, облыстың денсаулық сақтау саласына ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатында 386,1 млн. теңге бөлінсе, оның ішінде «Жол картасы» аясында 124,7 млн. теңге бөлінді» /13/.
Денсаулық сақтау саласының субъектілерінің жаңа экономикалық қатынастарға көшуі бұл қатынастарды реттейтін жаңа нысандар мен әдістерді талап етеді. Саладағы нарықтық қатынастарды реттейтін нысандар мен әдістердің ішінде ерекше орын алатындарына құқықтық реттеу, стандарттау, экономикалық (қаржылық) реттеу әдістерін жатқызуға болады.
Денсаулық сақтау саласындағы нарықтық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістеріне өз кезегінде төмендегілерді жатқызуға болады:
— денсаулық сақтау саласындағы сұрақтарды және медициналық қызметтер нарығындағы қатынастарды реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілердің болуын қамтамасыз ету;
— медициналық-әлеуметтік проблемаларды реттеу, яғни денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай мен медициналық-әлеуметтік элементтерді басқару;
— медициналық қызметті насихаттауды реттеу (бұл кезде қолданылатын негізгі элементтер: медициналық қызмет түрлері, пациенттердің физикалық жағдайы, медициналық стандарт, медициналық-экономикалық топ, медициналық көмекке қажеттілік деңгейі, медициналық-диагностикалық топ, медициналық-кәсіби топ);
— дәрігерлердің біліктілігі мен пациенттердің мәртебесін бағалауды реттеу (бұл жерде қолданылатын элементтер: пациенттер мен дәрігерлердің тұлғалық қасиеттері, олардың қарым-қатынасының мақсаты, дәрігерлердің біліктілігі мен жалақы мөлшері, пациенттің ахуалы мен төлем қабілеттілігі).
— дәрігерлік қызмет пен медициналық технологияларды реттеу (қолданылатын элементтер: медициналық емшаралар және олардың құны, медициналық қызмет көрсету жағдайы, дәрігерлік еңбек пен оның бағасы, тұтынушылардың сұранысы мен дәрігерлік қызмет).
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында 2013 жылдың 8 айында облыс көлемінде ауқымды шаралар жүргізіліп, оларға 454 мыңнан астам адам тартылды. Мақсатты индикаторлардың оң нәтижеге жеткені байқалады: дене белсенділігімен күніне 30 минуттан кем емес айналысатындардың саны скринингтік тексерудің нәтижесі бойынша 50 пайызды құрады. Сонымен қатар адамдардың 9 пайызы темекіге әуес екені скринингтік тексеру барысында анықталды, 11 пайызы семіздікпен тіркелді. Сонымен қатар атқарылған шаралардың ақпарат құралдары арқылы насихатталуы былтырғыдан 1,01%-ға артқан. Алайда халықтың 80 пайызы қолданатын радио арналар арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізуге қаражат қаралмаған. Аудандар мен қаладағы халық көп шоғырланатын жерлерге, оқу орындары мен емханаларға аурулардың алдын алу жөніндегі бағдарламалар енгізілген 6 электронды терминал қойылды. Білім орындарында дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін үйрететін дәрістер оқылып келеді. Тұрғындар арасында туберкулез аурушаңдығын төмендету – «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі. Осы бағдарламаны іске асырудың мақсатты индикаторына сәйкес 2013 жылы аурушаңдықтың 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіші 98,1 болуы тиіс. Қалада туберкулез аурушаңдығының эпидемиологиялық ахуалы күрделенуде. 2013 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 83 науқас жаңадан анықталса, оның 18-і жұқпалы түрде. Аурушаңдық көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 26%-ға, ал республикалық көрсеткіштен 42%-ға жоғары» /14/.
«Дәрігерлер мен пациенттердің қарым-қатынастарын құқықтық бағалау медициналық қызметтер нарығының қалыптасу мен дамуын қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі ретінде де қаралады.
Емдеу мекемелерінің маркетингтік қызметін заңмен қамтамасыз ету соңғы жылдары денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Медициналық қызметтер нарығының қалыптасуы кезінде пайда болатын қарым-қатынастардың құқықтық аспектілері дәрігерлер мен пациенттердің моральдық-этикалық, тұлғалық, деонтологиялық қарым-қатынастарын толықтыруы қажет.
Медициналық қызметтердің нарығының дамуы мен денсаулық сақтау саласындағы маркетингтік қарым-қатынастардың қалыптасуы кезінде медициналық көмектің сапасы мен оны сараптау мәселелерінің өзектілігі өте жоғары болады. Әлемдік медицина тәжірибесінде медициналық қызметтердің сапасын бағалаудың көптеген әдістері аталып көрсетіледі. Солардың ішіндегі негізгі әдіс ретінде стандарттау әдісін атауға болады»/15/.
Стандарттау әдісі – бұл медициналық қызметтер нарығында дәрігерлер мен пациенттердің еркін нарықтық қатынастарын реттеудің спецификалық әдісі. Медициналық қызметті стандарттаудың негізгі 7 деңгейі бар. Оларға төмендегілер жатады:
- проблемалық;
- лицензиялық;
- аккредитациялық;
- деонтологиялық;
- экономикалық;
- технологиялық;
- нәтижелік.
Проблемалық деңгей денсаулық сақтау саласындағы медициналық-әлеуметтік проблемаларды стандарттауға мүмкіндік береді және бұл проблемаларды шешудің бір жолы ретінде медициналық маркетингтің жұмыс істеуі мен дамуы қаралады;
Жоғарыда аталған медициналық қызметті стандарттаудың лицензиялау және аккредитациялау деңгейлері медициналық көмекті көрсетудің материалдық және кадрлық құрылымы бойынша сараптауды (медициналық қызмет, медициналық стандарт, медициналық көмекке қажеттілік деңгейі, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету деңгейі) анықтайды. Атап айтқанда:
— лицензиялау деңгейі өз кезегінде медициналық қызметті, медициналық стандарттарды және аурулардың түрлерін қамтиды;
— аккредитациялау деңгейінде медициналық-кәсіби топтарды, медициналық көмекке деген қажеттілікті, медициналық-экономикалық топтарды және медициналық-диагностикалық топтарды стандарттау жүзеге асырылады;
— тұлғалық немесе деонтологиялық деңгей дәрігердің тұлғалық мінездемесін, оның жалақысы мен біліктілігін стандарттаумен және пациенттердің тұлғалық іс-қимылдарының сипатын, олардың төлем қабілеттілігі мен экономикалық ахуалын бекітумен байланысты. Осы деңгейде медициналық қызметтерді өндірушілер мен тұтынушылардың мақсатты қарым-қатынастары анықталады. Деонтологиялық деңгей медициналық көмектің сапасын сараптаудың пациенттердің қажеттіліктерінің қанағаттану дәрежесімен байланысты нысанын зерттейді;
— экономикалық деңгейде медициналық емшаралар мен дәрігерлік қызметке сұраныс реттеледі, сондай-ақ медициналық емшаралардың бағасына әсер ету мүмкіндігі туады, яғни бұл деңгей жүргізілген медициналық емшаралардың құнының олардың сапасына сәйкес келуін бағалаумен байланысты болады. Экономикалық деңгейде медициналық қызметтер нарығының субъектілерінің арасында ақшалай қатынастар пайда болады.
— технологиялық деңгей медициналық емшаралар, дәрігерлік еңбектің бірлігі сияқты элементтерді қамтиды. Бұл деңгейде пациенттің қажеттілігін қанағаттандыру көрсеткіштері стандартталады, яғни технологиялық деңгей медициналық көмектің сапасын бағалауды медициналық қызметтің технологияларының белгіленген стандарттарға сәйкес келу дәрежесі бойынша жүзеге асырумен байланысты болады.
— нәтижелік деңгейінде медициналық көмектің сапалық және тиімділік көрсеткіштері анықталады және стандартталады, яғни нәтижелік деңгей медициналық қызметтің сапасын объективті сипаттайтын тәсілді іздеумен байланысты. Дәрігер мен пациенттің арасындағы қатынасты нәтижелік дәрежесі бойынша сипаттау медициналық көмекке деген қажеттілікті барлық критерийлері бойынша қанағаттандыру деңгейімен байланысты болады.
Сонымен, медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету – бұл медициналық қызметтерге сұранысты қанағаттандыру үшін дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынастардың қажетті шарттарын жүзеге асыру болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы нарықтық қатынастарды дамытудың келесі бағыты бұл жүйеде медициналық қызметті өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қаржылық қатынастарды қалыптастыру.
Еліміздің денсаулық сақтау саласындағы жаңа, нарықтық сипаттағы қаржылық қатынастарды қалыптастырудың алғашқы кезеңі салаға міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізумен байланысты. Бұған дейін денсаулық сақтау саласындағы дәрігер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынасты мемлекеттік реттеу механизмі енді нарықтық қатынастармен ауыстырылды.» /16/.
«Медициналық қызметті төлеудің неғұрлым оптималды модельдерін қолдану, дәрігерлік еңбекті төлеу әдістерінің медициналық қызметтің сапасына сәйкес келуін зерттеу, азаматтарды өздерінің денсаулық жағдайын жақсартуға ынталандыруда қаржылық әдістерді қолдану денсаулық сақтау саласының нарықтық сипаттағы қаржылық қатынастарын дамытудың негізгі бағыттарына жатады.» /17/.
Еліміздің дамуының геосаяси болашағы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, экономикалық өсу және қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің өсуі қоғамдағы адамдардың табиғи және рухани даму деңгейіне, олардың кәсіби белсенділігіне, өмір сүру ұзақтығына тікелей тәуелді болады. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басымдықтары ретінде ұлттың интеллектуалды және еңбек әлеуетінің сақталуы, адамдардың психофизикалық денсаулығының жақсаруы, олардың өмір сүруінің сапасының артуы сияқты көрсеткіштер есептелуі қажет.
«Мемлекеттік бюджеттің ролі оның мемлекеттік органдар мен әлеуметтік саланы қаржылай қамтамасыз ететін қаржылық база ретінде қаралуында. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің экономикалық және қаржылық саясатын жүзеге асыратын маңызды құрал бола отырып, ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарын шешу және жалпы ұлттық көлемдегі резервтерді құру үшін қажетті ақша қаражаттарын орталықтандыруды қамтамасыз етеді. Сонымен, мемлекеттік бюджетте шоғырланған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыруға, оның қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталады. Бюджеттің көмегімен халық шаруашылығы және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жалпымемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылады»/18/.
Денсаулық сақтау саласында пайда болатын қаржылық қатынастар бір жағынан денсаулық сақтау саласын ұстауға және дамытуға бағытталатын қаржы ресурстарын құру, бөлу, қайта бөлу және пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде қаралса, екінші жағынан саладағы қаржы ағындарын басқаратын экономикалық әдістерді жүзеге асыру мақсатында пайда болатын ақшалай қатынастардың жиынтығы ретінде қаралады.
Сонымен, денсаулық сақтау саласындағы ауруларды қаржыландырудың бюджеттік тапшылығы жағдайында санитарлық іс-шараларды жеткілікті және толық қаржыландыру, қаржыландырудың баламалы мүмкіндіктерін іздестіру — өзекті мәселе. Мемлекет кепіл берген медициналық көмектер деңгейін өзгерткенде, медициналық көмекті тұтыну көлеміне, аймақтардың өзіндік ерекшеліктеріне, территориялардағы халық санына ерекше назар аудару қажет.
Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр. Осы құжаттарда белгiленген жекелеген iс-шаралар түпкілiктi нәтижеге бағдарланбаған, ал құрылымдық қайта құрулар, соның iшiнде қаржыландыру жүйесiн өзгерту үнемi дәйектi сипатқа ие бола бермейдi. Бүгiнгi күнi денсаулық сақтау жүйесiнiң жай-күйi қоғамды, мемлекеттi және саланың өзiн толық қанағаттандырады деп тұжырымдауға болмайды.
«Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2014 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлген./19/
Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2050 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң «Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!» атты 2012 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.
Бағдарламада Қазақстан Республикасында қолжетімді, сапалы, әлеуметтiк бағдар ұстанған және экономикалық тиiмдi денсаулық сақтау жүйесiн дамытуға бағытталған қажеттi экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдастырушылық және басқа да шаралардың жиынтығы белгiленген.
Еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың аяқ асты жағдайлардан және түрлі зақымдардан қайтыс болуына байланысты жарақаттану ауданда маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып саналады (қайтыс болу көрсеткіші 2014 жылдың 9 айында 42,8, 2015 жылдың 9 айында -42,4 100 мың тұрғынға шаққанда, (соның ішінде жол апатынан қайтыс болған жағдайлар да кіреді)»/20/.
Тұрғындарға, соның ішінде селолықтарға медициналық қызметтің қол жетімділігін арттыруға көп көңіл бөлінуде. Бүгінде іс жүзінде облыстың әрбір елді мекенінде толық көлемді дәрі-дәрмекпен қамтылған дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету нысаны бар. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынуға көбірек қаржы бөліне бастады. Бұл қаржы тұрғындардың әлеуметтік әлсіз және аз қамтылған топтарына тегін дәрі-дәрмектік қызмет көрсетуге және дәрігерлік бақылаудан өткізуге жұмсалады.
«Осы заманғы емдеу әдістері мен диагностикасы жүйелі енгізілуде. Атап айтқанда, туберкулез, диабет, жүрек-қан тамырлары және басқа да әлеуметтік қауіпті аурулардың деңгейіне әсер ететін себептерді ашу мен зерттеу жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан үшін оның ерекше маңызы бар, өйткені мұндай аурулар тұрғындардың үлкен алаңдаушылығын туғызуда. Орын алып отырған бұл мәселені 2016 жылы облыс басшылығы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қарады. Облысқа үш жылдық мерзімге қатерлі ісік ауруы деңгейінің артуы себебін зерттеуге арналған мақсатты қаржы бөлінді. Бұл жұмысты Республикалық қатерлі ісік және радиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жүргізуде.»/21/.
Ақпараттандырудың жеткіліксіз болуы салдарынан салауатты өмір салтын ұстану және түрлі аурулардың алдын алу мәселелерінде тұрғындар құзіреттілігі мен уәждің жетіспеушілігі, салауатты өмір салтын ұстану және түрлі аурулардың алдын алу мәселелерінде тұрғындардың сауаттылығының және уәждемесінің, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларының сақталуы, ауыз суды пайдалану және тамақтанудың, әлеуметтік жағдайы осал топтағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамымауын атап өтуге болады.
«Экологиялық жағдайдың нашарлауы («Капустин Яр» әскери-сынақ полигондарының жақын орналасуы, Қарашығанақ және Чинарев кен орындарынан мұнай-газ шикізатының алынуы, өзен суларының азаюы), 2 баллдан 5 баллға дейінгі жер сілкіну жағдайларының тіркелуі қоршаған орта әсерінен туындайтын аурулар көрсеткішінің өсуіне әкеліп соқтырады (тыныс алу жолдарының аурулары, аллергологиялық және онкологиялық аурулар).
Сол себепті, тұрғындар денсаулығын жақсарту мәселелері денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіруді және осы мәселелер бойынша ведомстворалық және сектор аралық қарым-қатынасты күшейтуді талап етеді және жұмыс беруші мен азаматтардың өз денсаулығына деген ынтымақты жауапкершілігін арттыру қажет.»/22/.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, нарықтық денсаулық сақтау саласының негізгі субъектілері болып саналатын дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынасты реттеу мен қалыптастыру медициналық қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарына бағытталуы керек:
-сапалы медициналық қызметтерді өндіру және халықтың медициналық және басқа да денсаулық сақтау жүйесімен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру;
-дәрігер мен пациенттің құқықтық қатынастарын қамтамасыз ету;
-денсаулық сақтау жүйесінің жеке дара сала ретінде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы ретінде экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
-нарықтық қатынастардың әртүрлі сегменттерінде медициналық қызметтерді көрсету кезіндегі қарама-қайшылықтарды жою.
«Денсаулық сақтау саласында қаржылық жоспарлауды жүзеге асырған кезде төмендегілерді ескеру қажет:
- Халықты медициналық көмектің қажетті мөлшерімен және түрлерімен қамтамасыз ету;
- Бюджетті шығындарды оптимизациялау;
- Соңғы нәтижелерге бағытталған қаржыландыру жүйесіне көшу;
- Ресурстарды тиімді пайдалану және медициналық мекемелердің мәртебесін өзгерту;
- Қаржы ресурстарын пайдалануды айқын көрсететін және берілген кепілдіктердің орындалуын қадағалайтын келісім шарттарды медициналық мекемелермен жасап, жоспар-тапсырма жүйесіне көшу.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің негізгі проблемалары күйінде қалып отыр.» /23/.
Қазақстан Республикасында фармацевтика саласын нарықтық экономика жағдайына бейімдеу үшін қайта ұйымдастыру үдерісі басталды.”Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыруда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді.Мемлекеттік қолдау шаралары отандық кәсіпорындардың сапалы фармацевтикалық өнімдерін өндіру көлемін және номенклатурасын жыл сайын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеу,сертификаттау, сапасын,сондай-ақ олардың жарнамасын бақылаудың қамтамасыз ету қызметі тәртіпке келтірілген.Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.
Нормативтік құқықтық актілерді Еуроодақ елдерінің нормаларына сәйкес үйлестіру жұмыстары басталды.Қазақстан Республикасы Еуропалық фармокопея комиссиясының ресми бақылаушысы және дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерінің мониторингі бойынша ДДҰ-ның халықаралық бағдарламасының толық құқықты қатысушы ел болды.Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді, бұл олардың бағасын орташа есеппен 30%-ға арзандатуға мүмкіндік туғызды.» /24/.
«Денсаулық сақтау саласының кез-келген қаржыландыру және басқару нысанында (сақтандыру, бюджеттік-сақтандыру, жеке меншік, бюджеттік) бұл салада толыққанды нарықтық қатынастар құру мүмкін емес. Экономиканың басқа салаларында еркін жұмыс істейтін қарапайым нарықтық қатынастар бұл салада нарықтың толық жетілмегендігінен жүзеге асырыла алмайды, өйткені денсаулық сақтау қоғамдық шаруашылықтың саласы ретінде нарықтық механизмнің қызметін бұзатын бірнеше сипатқа ие» /25/.
Пайдаланылған әдебиеттер
- «Денсаулық сақтау саласы, кешенді жаңартылу кезеңінде» Т.Дүйсенова // 2015 36б
- Аканов А.А.,Девятко В.Н.,Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане : концепция,проблемы и перспективы.-Алматы ,2015.-100б.
- Денсаулық сақтау мамандарымен кездесті./ Қ Досжанова// Қостанай 2015ж -19б
- http://medkz.ucoz.com/publ/dariger_maqalalary/densaulyq_saqtaudy_qarzhylandyru_ehkonomikalyq_osudin_negizi/2-1-0-325/-сайты
- http://med-kz.ucoz.com сайты
- Сатыбалдина Т.К., Аханова Е.А. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку. – Алматы, 2016ж– 1049
- Қаржы: Оқулық. / Под ред. Мельникова В.Д., Ильясова 2014ж 120б
- «Денсаулық сақтау саласын жақсартудың қаржылық тетіктері» / Қ.М.Қалықұлов / 2014ж 249б
- «Денсаулық сақтау саласы: жетістіктер мен кемшіліктер» / Г.Базылқызы/ Ақтөбе 2011ж 35б
- 1Омирбаев С.М. «Денсаулық саласын қаржыландыру»– Астана, 2012жыл. 51б
- http://malimetter.kz/ kazakstan-respublikasynyn-densaulyk-saktau-salasynyn-zhagdajy-zhane-onyn-karzhylandyru-zhujesi— сайты
- Экономика және денсаулық сақтау саласы: Отв. ред. Л.А.Еловиков. 2015жыл 96б.
- http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1686:2013-09-19-04-59-45&catid=3:2011-11-18-09-00-35&Itemid=3 -сайты
- Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд. Перераб,. И доп. Медик В.А., 2013ж-257с
- Жұмаділова М.А. «Денсаулық қаржысының ішкі сараптама негізі» 2015г,169б.
- «Денсаулық сақтау саласындағы нарықтық қатынастарды дамыту» / Сейтқалиев М.С/ 2014ж 96б
- «Медициналық қызмет»/ Қ. Серікбаева/ Алматы 2015ж 183б
- Элланский.Ю.Г.,Пакус.И.О. Планирование и финансирование здравоохранения М.,2011,Экономика 252стр
- «Здоровье населения РК и деятельность организации здравоохранения в 2003г» Статистический сборник Министерства здравоохранения РК Астана-Алматы 2014г 236с.
- «Здоровье населения РК и деятельность организации здравоохранения в2003г» Статистический сборник Министерства здравоохранения РК Астана-Алматы 2015г 260с.
- Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігі. // stat.kz
- Доскеева Г.ЖҚазақстанның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру: теория, әдістеме және практика: экон. ғылымдарының канд. дис. – Алматы, 2010. — 12 б.
- Общественное здоровье и здравоохранение. Практикум: учебное пособие.-М,. 2010.-182ст
- Общественное здоровье и здравоохранение: учебник. 3-е изд,. Перераб. И доп. Медик В.А,. Юрьев В.К.-М,. 2010г- 257ст
- http://group-global.org/ru/publication/22766-kazakstannyn-densaulyk-saktau-salasyn-naryktyk-katynastar-subektisine-aynaldyrudyn — сайты
Құрастырғандар: Дайрабекова А., Жәнтелі А.