ЭКОНОМИКАНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ
Мазмұны
Кіріспе
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы инвестициялық әлеует
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Дамушы нарықтық жүйелердің экономикалық стратегиясындағы маңызды буын ұлттық экономиканың артықшылықтарын барынша қолдана отырып әлемдік шаруашылыққа біртіндеп кіру болып табылады. Қазақстан экономикасы үшін соңғы жылдар шаруашылықтың үдемелі халықаралық стандарттарын игеруге түбегейлі өтуімен сипатталады. Бұл үшін, ең алдымен, ұлттық экономикалық жүйені, сонымен бірге оны тиімді пайдаланудың жаңа тәсілдерін құрастыратын, негізгі әлеуетті кешенді бағалау талап етіледі.
Шаруашылықты жүргізудің әлемдік тәжірибесінде көптеген ұлттық, соның ішінде ғаламдық әлем шаруашылықтарының жүйесіне жаңадан ене бастаған даму үстіндегі экономикалардың өздерінің бәсекеге қабілетті салаларын ашуына мүмкіндік беретін бірігудің өзара байланыстарын қалыптастыру, кеңейту және нығайтуға қатысты жеткілікті мөлшерде тәжірибе жинақталған. Әсіресе барлық субъектілердің бәсекеге қабілеттілігінің артықшылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бірігу кеңістіктерін жасаудың маңызы зор. Бірігудің өзара байланыстарын қалыптастырудың осындай тәсілдері арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттырудың ұлттық бағдарламаларын дайындауға үлкен мән берілуде. Іс жүзінде Қазақстан экономикасы осындай, өзінің келешекке арналған стратегиясында басты орын алатын және басқа экономикалық жүйелердің қызығушылығын тудырған бағдарламаны бұрынғы кеңес үкіметі елдерінің алғашқысы болып жүзеге асыруға кірісті. Мұндай қызығушылық бәсеке ортасын біршама кеңейтеді және бір уақытта оның құралдарын ынталандыралды. Осы бәсеке ортасының жаңа реттегіштерін жасау тұжырымдылық маңызға ие болды. Осындай, бәсекелік ортаға енудің және сол ортада қызмет атқарудың тиімділігін анықтайтын, белгілі-бір негізгі және келешекке арналған әлеуеті бар ая инвестициялық ая болып табылады. Қазақстан республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдаған Жолдауында экономиканың одан әрі жаңғыртылуы және базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты қолданыстағы перспектикалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыруды жалғастыру қажет екендігін атап өтті.
Әдістемелік тұрғыда бүкіл инвестициялық икеңістікке тән бәсекеге қабілеттіліктің айрықша индикаторларын, оның негізгі құрастырушылары — инвестициялық әлеуеттің және олардың нақты шығу көздерін анықтау қажет. Көптеген экономикалық жүйелерде қолданылатын экономиканың көп салалы инвестициялық аясы анықталған, бірақ нақты бәсекеге қабілетті ортаға кіру үшін оның белгілерін анықтау қажет, ол негізгі әлеуетінің белгілі-бір саласын тиімді іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегіндегі, қазіргі қолданыстағы экономиканың инвестициялық әлеуетінің тиімділігінің бағалаудың әдістемелік құралдарын қайта қарауды талап етеді.
Бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыстың тереңдеуі жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында көп салалы инвестициялық әлеуетті қолдануда ерекше контролинг жүйесін жасаудың маңызы зор. Көптеген елдердің бүгінгі күні дайындаған дағдарысқа қарсы бағдарламаларында ерекше маңызды ресурстар ағымын реттейтін жаңа құралдар бар, соған сәйкес осы дағдарысқа қарсы кеңістіктегі іске асырылатын іске асырылатын шараларды келісу мүмкін болады және объективті тұрғыда қажет. Кез-келген дағдарысқа толқын тәрізді үрдіс тән болғандықтан, осы дағдарыстың тереңдігіне дер кезінде икемделу керек, яғни бұл — инвестициялық ағымдарды реттеу бойынша сәйкес шаралар жүйесін қабылдауды талап етеді. Сонымен бірге жалпы экономикалық жүйенің тұрақтылығына әсер ететін экономиканың ерекше маңызды салаларын мемлекеттік қолдау шаралары да өте маңызды болып табылады. Әртүрлі елдерде жасалынып жатқан жаңа бағдарламаларда ерекше маңызды ресурстық ағымдарды реттейтін жаңа құралдар бар екендігі белгілі, соған байланысты осы дағдарысқа қарсы кеңістіктегі тәжірибелік шараларды алдын ала келісіп іске асырудың қажеттілігі бар. Сонымен қатар, осы кезеңде экономикалық жүйелердің белгілі-бір тұрақтылығына қол жеткізу болып табылады.
Инвестициялық әлеуетті қалыптастырудың әрбір елде өзіне тән ерекшеліктері бар және ол көбінесе оның қайнар көздеріне байланысты болып келеді. Посткеңестік мемлекеттер үшін шаруашылықты жүргізудің дәл осы саласына ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан неғүрлым маңызды өзгерістер тән. Соған байланысты экономиканы инвестициялауды қамтамасыз ететін қайнар көздердін барлығын тұжырымдамалы түрде негіздеудің және соған сәйкес оның дамуының әртүрлі кезеңдерінде маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешудің маңыздылығы өте жоғары.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, инвестициялар қоғамның өмірін қамтамасыз ететін ең терең үдерістерге шаруашылық субъектілеріне және сол сияқты жалпы халықка әсер етеді. Дамушы нарықтык экономикалардың ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерістерін қамтамасыз ететін жоспарлы-орталықтандырылған жүйеден дамыған елдерде мақұлданған және шаруашылықты жүргізудің жаңа типіне сай келетін жүйеге өту жаңа инвестициялык кұралдарды қолданудың объективті қажеттілігін талап етті. Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда шаруашылықты жүргізудің жоспарлы жүйесінде орын алған «күрделі салым» түсінігінен қоғамның экономикалық үдерістері мен әлеуметтік өміріне салынатын салымдарды қалыптастырудың типі мен сипаты бойынша әртүрлі инвестициялық ресурстарға дейінгі ғылыми күрделілік кұру өте маңызды болды.
Инвестициялық ресурстар түсінігі өзінің мазмұны бойынша күрделі салым түсінігіне қарағанда кең ұғым болып келеді, себебі, оған посткеңестік мемлекеттердің экономикасында жаңа қаржылық институттардың құрылуымен байланысты материалды емес активтерге салынған салымдар кіреді және қоғамды өмір сурудің жаңа жағдайларына икемдеуге шакыратын жалпы қаржылык менеджменттің біршама жаңаруы байқалады. Дамушы нарықтық жүйелерде орын алған әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің көлемділігі ең алдымен, инвестициялық кеңістікті белсендіруді және көлемді инвестициялық әлеуетті калыптастыру үшін әртүрлі көздерді іздестіруді талап етті.
Посткеңестік кеңістіктің барлық елдерінде нарыктық реформаларды іске асыру әртүрлі инвестицияларды тарту үшін қажетті колайлы инвестициялық климатты құрудан басталғанын айта кеткен жөн. Бірақ осы жүмыстарды іске асыру барысында инвестициялардың табиғаты мен сипаты, сонымен бірге олардың кайнар көздерін елемеу сияқты көптеген қателіктер жіберілді. Экономикаға салынған салымдардың шығындылығы, қайтарымдылығы және табыстылығы кебінесе оның нақты мазмұнының әртүрлі болып келетін көздеріне тәуелді. Осыған байланысты көптеген зерттеулерде инвестициялардың қайнар көздерін жүйелеуге өте көп көңіл бөлінеді.
Егер инвестициялық үдерісті белгілі бір блок-сызба турінде қарастырсақ, онда оны 1-суреттегідей көрсетуге болады. 1-суретке сәйкес, біз инвестициялык ресурстардың қозғалысын сипаттайтын олардьщ нақты кездерін бөліп қарастырдық. Яғни, инвестициялау субъектілері инвестицияльщ ресурстардың накты бір объектіге бағытталатын мөлшерін қалыптастыратын көздермен тікелей байланысты және олар сол объектініц қызметінің сипатына, мақсаты мен міндеттеріне байланысты іске асырылады. Осындай өзара байланыстардың логикалық тармағы әрбір инвестициялық үдерістерде іске асырылады.
Айырмашылығы қайнар көздердің түрімен және нақты инвестициялық кеңістіктегі өзара байланыстардың объективті-субъективті сипатымен анықталады.
Инвестициялық әлеуеттің қайнар көздерін белгілі бір типтерге бөлу бірқатар маңызды мәселелермен анықталады, яғни:
— инвестицияны толықтыру сипаты;
— инвестицияньң мақсаттық бағытталуы;
— салалық кұрамдас бөліктері;
— аймактық кұрамдас бөліктері;
— инвестицияның старттық шарттары;
— инвестицияың көлемі.
Сурет 1. Инвестициялық блок-сызба
Ескерту – сурет Файзуллина С. Инвестициялық әлеуеттің қайнар көздері. // ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы – Ізденіс, 2011, 33 бет. еңбегінен алынды.
Инвестициялар ең кеңейтілген түрде нақты және портфельдік деп екіге бөлінеді. Бұл жағдайда нақты инвестициялар деп нақты активтерді сатып алумен байланысты ұзақ мерзімді салымдар түсіндірілсе, ал портфельдік инвестициялар деп нақты бір жобалар үшін акциялар және т.б. құнды қағаздар түрінде инвестициялық портфельді — қалыптастыру түсіндіріледі . Тәжірибеде инвестициялық әлеуеттің бірінші және екінші типтерінің өздеріне тән қайнар көздері бар. Бірақ екіншісі үшін дамыған қор нарығының болуы міндетті болып табылады, сонда ғана оның тиімділігі қамтамасыз етіледі. Соған байланысты көптеген дамушы нарықтық жүйелерде соңғы жылдары кор нарығын дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр.
Инвестициялардың типтерін тереңірек оқып-үйрену үшін Г.Бирман және С.Шмидт сияқты зерттеушілер усынған олардың жіктелуіне тоқталайық. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл жіктеу инвестициялық әлеуеттің қайнар көздерін неғұрлым толық ашып көрсетеді.
Біздің ойымызша, қайнар көздерді типтерге бөлу кезінде олардың түсу каналдарын белшектеп қарастыру қажет, яғни мемлекеттік (ішкі) немесе мемлекеттен тыс (сыртқы). Осы тұрғыдан алып карағанда Н.Маренковтың ұсынған қайнар көздерді жіктеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ұсынған жіктеуі бойынша ішкі көздерге мыналар жатады:
— ұйымдардың пайда мен амортизациялық аударымдардан құралатын өзіндік қаражаттары. Бұл кезде инвестициялық белсенділік салалар бойынша ерекшеленеді және өзін-өзі өтеу мерзімі аз болған жағдайда олардың көлемі жоғары болады;
- бюджеттік қаржыландыру, ол белгілі бір мақсаттық бағытталуына байланысты өзінің көлемімен шектеледі;
- елдің коммерциялық банктерінен берілетін банктік несие;
— пайдалық жарналар есебінен қалыптасатын инвестициялық қорлардың активтері, олар елдің инвестициялық кеңістігінде біртіндеп күш жинап келеді.[1]
Посткеңестік экономиканың инвестициялық секторында ішкі көздердің катысуы өзінің тұрақсыздығымен ерекшеленді, ол отандық капиталдың қалыптасып және макротұрақтылық үдерістерінің нығаюынан кейін ғана нақты күш ала бастады. Өзінің мәні бойынша бұл заңды үдеріс, өйткені, әлемдік экономикада интеграция артықшылықтарын қолданатын, айналасында көбінесе қарыздық капиталды пайдаланатын және соған сәйкес инвестицияның ішкі көздерінің мүмкіндіктері кең түрде колданылатын көптеген дамушы нарықтық жүйелер үшін тән сипат болып табылады.
Инвестицияның сыртқы көздеріне басқа елдерден тартылатын инвестициялық ресурстар жатады. Бұл жағдайда шетелдік инвестициялар төмендегідей түрлерде көрінуі мүмкін:
— шетелдік капиталдың үлестік қатысуымен;
— шетелдік инвесторларға толық тәуелді болып келетін кәсіпорындарды кұрумен көбінесе олардын филиалдары мен өкілеттіліктерін;
— шетелдік инвесторлардың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың акцияларын,облигацияларын және тағы басқа құнды қағаздарын сатып алуымен;
— жер және тағы басқа мүліктік кұкықтарды пайдалану кұқықгарын сатып алумен;
— шаруашылық қызметті жүргізуге мүмкіндіктер беретін несиелер, мүліктер, мүліктік кұқыктарды берумен.
Бұл жағдайда инвестордың өзінің қатысуымен салымдар нақты активтерге салынатын тікелей шетелдік инвестицияларды бөліп қарастыру маңызды болып табылады. Әдетте ол сол елдің заңнамаларымен немесе шаруашылық субъектісінің жарғылық нормаларымен белгіленген акциялардың сәйкес үлесін иеленеді. Тікелей шетелдік инвестициялардың өндірісті технологиялық жаңартуда, жалпы менеджментті, соның ішінде кадрлық әлеуетті жетілдіруде маңызды рөл атқаратынын айта кеткен жөн. Осы айтылғандардың барлығы, әсіресе, тауарлар мен қызметтер нарығының жаңа қатысушыларына қойылатын жоғары стандарттарды ескере отырып, әлемдік нарықтык шаруашылыққа белсенді түрде енетін экономикалық жүйелерді модернизациялау кезінде инвестициялардың қайнар көзінің осы типін тартымды етеді.
Қазіргі уақытта Беларусь Республикасында шетелдік инвестициялар кезең мәселелері және тенденциялары 2009 жылы, Қазақстан Республикасының экономиканың нақты секторындағы шетелдік инвестициялардың ағыны Беларусь 9 303,7 млн. Доллары. (Осы кезеңімен салыстырғанда, 2008 жылы, оның ішінде: 1,4 есеге артты инвестициялардың көлемі).
— тікелей инвестициялар – 4821 млн. АҚШ доллары;.
— портфолио инвестициялық — 1,9 млн. АҚШ доллары;
— басқа инвестициялар — 4 480 800 000 доллар елден шетелдік агенттіктер 8 627 300 000 доллар немесе 92,7% -зы қалып елдегі шетелдік инвестициялардың жалпы табыс.
Share ТМД елдерінің (Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Ресей, инвестициялар Украина) инвестициялардың жалпы 65,4% -ды құрады. Ресей үлесі кезде тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 65,3% құрайды.
— Россия (6 076,6 млн долларды құрады.; Жалпы инвестициялардың 65,3%);
— Австрия (931,7 миллион АҚШ долларын;. 10%);
— Кипр (536.5 млн АҚШ доллары. 6,1%);
— Ұлыбритания (467,7 миллион АҚШ долларын;. 5%);
— Швейцария (371.2 млн доллары;. 4%).
ұлы 2009 жылы тікелей шетелдік инвестициялар мынадай елдерден келіп:
— Россия (4 026,5 млн долларды құрады.; Жалпы ТШИ 82,5%);
— Швейцария (353,1 миллион АҚШ долларын;. 7,3%);
— Кипр (102 млн АҚШ доллары. 2,2%);[2]
Сурет 2. Шетелдік инвестициялардың үлесі
Ескерту — ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша жасалынған. www.stat.gov.kz
Зерттеулерде инвестициялық әлеуеттің қайнар көздеріне инвестицияның көлемділігі, оның инвестициялық үдерістегі қозғалысының ерекшеліктері тұрғысынан оны белгілі бір типтерге бөлу көзқарастары кездеседі. Негізгі капиталдың мөлшерін ұлғайтатын және оны жаңартуға, яғни негізгі капиталдың тозуын қайта қалпына келтіру бойышпа қаражаттардың орнын толтыруға бағытталатын жаңа инвестициялардың сомасы ретінде жиынтық инвестициялар бөлініп қарастырылады. Сонымен бірге, нетто-инвестиция және брутто-инвестиция деп те белінеді. Біріншісі — бұл инвестициялық жоба негізінде жүзеге асырылатын немесе фирманы сатып алу кезінде пайдаланылатын алғашқы инвестициялар. Екіншісі — бұл кайтадан босаған инвестициялық ресурстар ретінде көрінетін нетто-инвестициялар.[3]
Сыртқы және ішкі инвестициялар болып бөлінетін инвестицияның негізгі типтері ақшалай немесе мүліктей түрдегі көздеріне байланысты әртүрлі формаларда көрінеді, яғни салымдар ақшалай қаражаттар, жылжымайтын немесе жылжымалы мүліктер, сонымен қатар жер мен табиғи ресурстарды иеленуден тұратын әртүрлі түрдегі мүліктік кұкықтар түрінде болатынын атап өткен жөн.
Инвестициялық әлеуеттің қайнар көздерін белгілі бір типтерге бөлу өздерінің белгілері бойынша әртүрлі болып келетінін көріп отырмыз және оны оқып үйрену белгілі бір нақты елдің экономикасына бөлінетін негізгі инвестициялық ағымдарды бөліп қарастыруды талап етеді. Ондағы мақсат елдегі инвестициялык климатты және осы әлеуетті құру ерекшеліктерін бағалау болып табылады. Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялық әлеуеттегі кандай да бір қайнар көздерді қарастыру ел экономикасының дамуының нақты бір кезеңіндегі міндеттеріне сәйкес келетін инвестициялық моделдің басымдылығына тәуелді. Әлемдік тәжірибеде инвестициялардың сыртқы көздері көп болып келетін инвестициялық ортаны қалыптастырудың жағымды және жағымсыз жақтары да кездеседі.
Әдетте, көптеген елдерде шетелдік капиталдарға деген қызығушылықтардың артуы экономикалық дағдарыстар кезінде орын алады. Инвестициялык әлеуеттің сыртқы көздері көлемі есебінен ұлғаюынан инвестициялық орта кеңейсе ол міндетті турде оның институционалдық құрылымынан көрінетінін айта кеткен дұрыс. Яғни, шетелдік капиталдың экспансиясына экономикалык қарсы тұратын құралдар объективті түрде қажет. Шетелдік инвесторларға инвестициялық жеңілдіктер берумен қатар белгілі бір заңнамалық база шегінде олардың қызметтерін реттейтін ерекше инвестициялық режим қажет. Ол әсіресе, келесідей бағдарламалык стратегиялар жүзеге асырылған кезеңдерде өте маңызды: ұлттық экономиканы жекешелендіру; қаржылық нарықты құрылымдық қайта құру; ресурстық әлеуетті қайта ұйымдастыру; қор, сактандыру нарықтарын кұру; әлемдік қаржы нарығына шығу.[4]
Осы аталған барлық стратегиялық бағдарламалар дамушы нарықтық жуйелерге тән сипат және инвестициялық ортадағы қызығушылықтардың балансы сақталмаған кезде ұлттық басымдылықтар үшін жағымсыз салдарлары көрінуі де мүмкін. Осы жағдай шетелдік реттеулері көрсетілген инвестициялық режимді құруға әсер ететін және инвестициялық әлеуеттің ішкі және сыртқы көздерінің белгілі бір ара-қатынасын қарастыратын, негізделген көзқарасты қажет етеді.
Осы жағдай Иран Ислам Республикасының тәжірибесінде орын алған, онда жұмыс істеп тұрған немесе 49 пайыздық үлеспен құрылған акционерлік қоғамдардың активтеріне ғана шетелдік инвестицияларды салуға рұқсат етілген. Бұл отандық кәсіпорындардың қызығушылықтарын реттеуге және маңызды сұрақтарды шешу кезінде өз беттерімен шешімдер қабылдауына мүмкіндіктер береді. Сонымен бір мезгілде, шетелдік инвесторларға салықтық жеңілдіктер және белгіленген құқықтық режимдегі олардың құкықтарын қорғау бойынша басқа да шаралар белгіленген.
Осы тәжірибенің көптеген посткеңестік мемлекеттерде, соның ішінде, Қазақстанда да колданылып жатқанын айта кеткен жөн. Шаруашылықты жүргізудін әртүрлі сфераларында — жеке салалардан бастап ірі қаржылық кұрылымдарға дейін шетелдік инвесторлардың қызметтерін реттейтін арнайы заңнамалық актілер жасалған. Әсіресе, Өзбекстанда шетелдік инвестицияларды тарту үшін үлкен жеңілдіктер берілген, яғни шетелдік инвесторлар алғашқы 5 жыл ішінде салықтарды төлеуден толық босатылған.[5]
Соған қарамастан посткеңестік кеңістіктегі бірде-бір ел шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жағымсыз тәжірибелерден де қаша алған жоқ. Бұл әсіресе, көптеген инвестициялық ағымдардың миллиардтаған долларлары «көлеңкелі» болып және олар заңсыз операцияларды жүзеге асыруға қызмет еткен нарықтық реформалардың алғашқы жылдары үшін тән сипат болды.
Инвестициялық ортада қажетті буынды құрғаннан кейін ғана шетелдік инвестицияларды неғұрлым дұрыс бағалау көзқарастары калыптаса бастады.
Дамушы нарықтық жүйелердің біртіндеп нығаюына байланысты инвестициялық әлеуетте оның ішкі көздеріне басымдылық беріледі. Инвестициялық ағымдар отандық капиталға сұйене отырып көптеп қалыптаса бастауда. Осы тұрғыдан Ресей белгілі бір жетістіктерге кол жеткізгені белгілі. Онда инвестициялық орта шетел капиталының импортын қатаң реттей отырып, сонымен бір мезгілде ТМД елдерінің ішінде неғұрлым дамыған кұнды қағаздар нарығын құрғаны бәрімізге мәлім. Осылардың барлығы инвестициялык әлеуеттің ішкі көздерін толық пайдалануға мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, болашағы бар инвестициялық жобалардың жоқ болуынан ішкі көздердің белгілі бір резервтері қалыптасатын кезеңдер де кездеседі.
Экономикада дамыған бизнес-ортаның болуы инвестициялық кеңістікті үнемі кеңейтіп отыру үшін күшті ынталандырушы болып табылады. Оның субъектілері қоғамның әлеуметтік-экономикалық өмірінің барлық сфераларындагы ұлғаймалы ұдайы ендіріс үдерісінің қатысушысы болады. Посткеңестік мемлекеттердегі болып жатқан барлық өзгерістер көбінесе бизнес-ортаны кұрумен және отандық капиталды нығайтумен байланысты болып келеді.
Бизнес-орта шаруашылықты жүргізудің әртүрлі секторларында ірі, орта және шағын кәсіпкерлік түрінде көрінеді. Капиталдың әртүрлі формаларының әсер ету сфералары экономикадағы міндеттерді жүзеге асырудың көлемділігімен ғана ерекшеленбейді, сонымен бірге пайдаланылатын ресурстардың, соның ішінде, инвестициялык ресурстардың санымен (сапасымен) де ерекшеленеді.
Инвестициялық көз ретіндегі мемлекеттік қаржыландырудың маңызды мақсаттық бағыты — дамушы нарықтық жүйелердегі шаруашылықты жүргізу негіздерін нығайтатын және ондағы бәсекелестік ортаны кеңейтетін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып табылатынын айта кеткен жөн. Бүл жерде тікелей қаржылық ағындар ғана емес, сонымен бірге салықтық, несиелік және амортизациялык жеңілдіктердің дамыған жүйесін құру арқылы жанама қаржыландырулар да қолданылады. Осы жағдайларда шағын және орта кәсіпорындарда инновациялық кұрамдас бөліктерді іске асыру үшін база да кеңейтіледі.
Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңының жақсы жақтарымен қатар бірсыпыра айтарлықтай кемшіліктері де бар. Ол тікелей әрекеттің актісі болып саналады. Бұл заңды қолданудың тәжірибесі көптеген қосымша заңнамалық және заң күші бар актілерді қабылдауды қажет етеді.
1997 жылы ақпан айында Қазақстанда «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды, ол айтарлықтай дәрежеде жоғарыда айтылған Заңды толықтырды және сәтті жетілдірді де. Ал кейінірек 2003 жылы 8 ақпанда № 373-11 «инвестиция туралы» тағы да бір заң қабылданған болатын. Бұл заңда алғашқы зандардағы кемшіліктер жойылған[6].
Еліміздің инвестициялық ахуалын жақсарту, оны насихаттау мақсатында іскер топтар өкілдерінің сапарларын, екіжақты кездесулер, бизнес-форумдар және ынтымақтастықтың өзара тиімді басқа да шараларын ұйымдастырып отыруға мән беріледі.
Қазақстан Республикасында инвестициялық имиджді көтеру, шетелдік инвесторлардың ағымдағы қызметі, заңнама, салық салу мәселелері бойынша жұмыстар жүргізеді.
Шетел инвестициясын табысты тарту ушін 30-дан астам елге, соның ішінде Ұлыбритания, Италия, Германия, Жапония, Қытай, Ресей жэне басқа да шет елдерде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған ақпараттық-тұсаукесерлік шаралар жүргізілген. Инвестицияларды көтермелеу және өзара корғау туралы 39 мемлекетаралық келісім жасалған.
Бұл шаралардың нәтижесі жоқ емес. Шикізаттық емес бағытта инвстиция тартудың табысты жобаларының бірі ретінде «Интергласс-Казахстан» ЖШС-нің «Steinert Industries» неміс компанисымен бірігіп Ақтөбе облысында шыны шығаратын зауытты іске асыра бастағандығын айтуға болады.
Екінші бір мысал. Сараптау мәліметтері бойынша, Қазақстан қажетті цементтің 25%-дан көбін сырттан импорттайды. Бірнеше ірі компаниялар аталған салаға инвестиция салғысы келетін тілегін білдірді. Өткен жылы цемент өндіретін 2 зауыттың құрылысына инвестициялық преференция беру туралы 2 келісім-шарт жасалды. Аталған зауыттардың қуатшлығы жылына шамамен 2 млн. тонна цементті кұрайды.
Тағы бір мысал. Алюминий саласындағы әлемнің ірі компаниялары кұрамына енетін СУАЛ-мен өткен жылдың аяғында Павлодар облысында қуаттылығы жылына 500 мың тонна алюминий өндіруге жететін, ал инвестиция көлемі 1,5 млрд. АҚШ долл. құрайтын алюминий зауытын салу туралы келіссөздер жүргізілді. Жаңа жұмыс орны 2000 адамды қамтиды. Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалуда, шамамен осы жылдың қыркүйек айының соңында аякталады.
350 млрд. АҚШ доллары көлемінде активі бар элемнің ірі компаниясы «General Electrіс» корпорациясымен Қазақстанда дизельді локомотив шығаратын зауыт кұрылысы туралы келісім жасалуы да еліміздегі шикізаттық емес секторда инвестициялық ахуалдың жақсара түсуінің дәлелі болмақ.
Қазіргі уақытта біздің базада экономиканың басымдықты секторларындағы 150-ден астам жоба жинақталған. Мысалы, Nokian Tyres (Финляндия) Астанада Ордабасы компаниясымен қосылып мемлекеттік стандартқа сәйкес шина шығаруды қолға алды. Оның жалпы құны 200 млн. АҚШ долларын құрайды. Құрылыс өнеркәсібінде Ақтөбе облысында қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент зауытын салу бастамасы қолға алынуда. Оны іске асыруға 100 млн. АҚШ доллары талап етіледі. Тағам өнеркәсібінде Алматы облысында жеміс, көкөніс өнімдерін өңдеу зауытының құрылысы жөніндегі жоба қызығушылық тудырады. Бұл жобаны іске асыру үшін 5,2 млн. АҚШ долларының инвестициясы қажет болып тұр[7].
Республикада қолайлы инвестициялық ахуал жасау және инвестицияларды тарту саясатын жалғастыру үшін, мемлекет қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жүмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвесторларды ынталандыру шараларын қолдануда. Соның ішінде, шетелдік және отандық инвесторға Инвестициялар комитетімен келісім-шарт жасасу арқылы инвестициялык преференциялардың мынадай түрлері берілуі мүмкін: корпоративтік табыс салығы, мүлік пен жерге салық, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жабдықты әкелу кезіндегі кеден баждарын төлеуден босату бойынша салықтық жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік заттай гранттар.
«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заңға сәйкес республикада инвестициялық жобаларды тиімді тарату үшін жеңілдіктер мен басымдылықтардың мынадай жүйелері жасалынған:
— мемлекеттік заттай гранттар;
— контракт жасалынған сәттен 5 жылға дейін табыс салығының мөлшерлемесін, мүліктерге салынатын жер салығын негізгі мөлшерлемесінің 100% дейін азайту, сондай-ақ онан кейінгі кезеңде 5 жылға дейін табыс салығының мөлшерлемесін, жер салығы мен мүліктер салығын негізгі мөлшерлеменің 50% аспайтындай шамада төмендету;
- инвестициялык жобаны жүзеге асыруға қажетті импорттық кұралдар, шикізаттар және материалдарды толық немесе ішінара кеденнің баж салығынан босату.[8]
Инвестициялық әлеуеттің функционалдық сипатын анықтайтын мақсаттық инвестициялық ағымдар бар. Яғни, инвестицияның экономиканың — нақты және инфрақұрылымдық деп аталатын негізгі секторларына бағытталуының үлкен мағынасы бар. Бір жағдайда оларды ендіруші және қайта өндеуші салалар, өндірістік және өндірістік емес инфрақұрылымдар деп бөліп қарастыру да маңызды. Бұдан көбінесе елдің прогрессивті дамуының маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешу тәуелді болып келетіні белгілі. Мысалы, экономиканың қайта өңдеу саласына бөлінген инвестициялардың көп болуы олардың экономиканы әртараптандыру бойынша міндеттерді шешуге бағытталатынын куәландырады. Сонымен қатар, жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңаруы бойынша міндеттерді кешенді түрде шешу де өте маңызды. Бүл көбінесе бизнес-ортаның қалай дамығандығына және оны нығайтатын инвестициялық ағымдардың кеңеюіне тәуелді болып келеді. Функционалдық тұрғыдан біз инвестицияның келесідей құрамдас бөліктерін бөліп көрсеттік: институционалдық, инновациялық, материалды-техникалық, кадрлық, салалық (аймақтық). Өзінің мәні бойынша инвестицияның осы аталған құрамдас бөліктері бизнес-құрылымның сапалық жағынан жаңаруына, оның менеджментінің, кадрлық құрамының, материалды-техникалық негізінің нығаюына, ал нәтижесінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін маңызды болып табылатын оның бәсекелестік ортасының кеңеюіне әсерін тигізеді.[9]
Сонымен, инвестициялық әлеуеттің қайнар көздері өзінің құрылымы және функционалдық бағытталуы бойынша әртүрлі больш келеді. Әрбір елде өзіндік ерекшеліктері бар және оның көлемі мен құрылымы көбінесе жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму және одан әрі қарай жаңару көздеріндегі шешілетін кешенді міндеттерге де байланысты болып келеді.
Жұмыстың талдау бөлімін зерттеу бағытын таңдау қазақстандық экономикадағы инвестициялық белсенділікті бағалай отырьш инвестициялық әлеуеттің ұйымдастыру-экономикалық параметрлерін жалпылаудан шығарылған.
Инвестициялық әлеуетті әрбір елде пайдаланудың шектеулі және үдемелі сипаттары сияқты бірқатар факторларға негізделген өзіндік ерекшеліктері бар. Қазіргі кезде көптеген инвестициялық ағымдар үшін шаруашылықтың әртүрлі салаларын инвестициялау үдерістерін ынталандыратын қажетті базаны, экономикалық тұтқаларды құруға негізделген қолайлы орта бар.
Осылардың барлығы соңғы жылдары Қазақстан экономикасының жоғарылауына әсерін тигізді. Ел экономикасының инвестициялық белсенділігінің өсу үрдісінің нығайғандығы туралы айтуға болады.
Біздің ойымызша, «инвестициялық белсенділікті» бағалау белгілерінде келесідей көрсеткіштерді міндетті түрде ескеру керек:
— инвестициялық ресурстарға деген сұранысты;
— инвестициялық ағымдардың серпінін;
— инвестициялау көздерінің тұрақтылығын.
Экономикадағы инвестициялық үдерістерді бағалауға осындай көзқарас кезінде ел экономикасындағы инвестициялық стратегияларды құруға және іске асыруға деген көзқарастың өзі өзекті болып табылады. Сонымен қатар оны ел ішіндегі басқа да үдерістермен салыстыру және шет елдердегі осыған ұқсас үдерістерді бағалау үшін әдістемелік база құрылады.
Қазақстандық экономикада инвестициялық белсенділік бір қалыпсыз режимде қалыптасқаны белгілі. Экономикадағы макротұрақтылыққа қол жеткізілген кезде инвестициялық орта неғұрлым қолайлы инвестицияда жұмыс істей бастады. Яғни, инвестицияларға деген сұраныс пен ұсыныс белсендірілді. Инвестициялық тоқыраудың оның қайтадан жандануына ауысуы барлық дамушы нарықтық жүйелерде орын алды. Бір-бірлерінен өзгешеліктері тек инвестициялау көздері болды. Инвестициялық белсенділік серпініндегі үрдістерді көрсету үшін ұзақ уақыт кезеңін зерттеу керек. Ол үшін келесі кесте мәліметтерін келтіріп, оларға талдаулар жасайық.
Кесте 1. 1996–2016 жылдар аралығындағы ҚР нақты ЖІӨ мен инвестициялардың өзгеру серпіні
Ескерту — мәліметтер ҚР статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды.
1–ші кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, 1996–1999 жылдар аралығында инвестициялық аядағы тоқырау ең жоғарғы деңгейлерге жеткен. Экономиканың көптеген салаларындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі, инвестициялық ресурстардың жоғары болған жағдайға алып келді. Мәселен, 1998жылы ол көрсеткіш өткен жылдың шамамен жартысын құраса, ал ЖІӨ бойынша индекс 91,8 пайызды құраған. 2000-2006 жылдар аралығы – бұл инвестициялық белсенділіктің жоғарылау кезеңі. 2001-2004 жылдар аралығында оның ең жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізілген. Яғни, жыл сайынғы өсу 133%-дан 148,5% аралығына дейінгі мөлшерде өзгеріп отырған. Бұл көбінесе нарықтық реформалардың негізденуімен, экономикадағы шаруашылықтардың нарықтық ортасын кеңейту бойынша бағдарламаларды іске асырумен, елімізге инвестициялардың өте көп көлемін тартуға мүмкіндіктер берген қолайлы инвестициялық ортаны құрумен негізделді.
2007 жылы инвестициялардың өсу қарқынының 10,6%-ға дейін азаюы байқалса, ал осы жағдай 2008 жылы 34,1%-ға көтерілген. 2009-2011 жылдар және 2014-2016жж. аралығында іскерлік және инвестициялық аяларда тұрақтылық үдерістері байқалады. Ал 2012-2013жж. төмендегенін көруге болады.
2006-2010 жылдар аралығындағы инвестициялық белсенділіктің өсуі 3-ші суретте көрсетілген.
3-ші суреттегі мәліметгерден көріп отырғанымыздай, 2006 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықта Қазақстан экономикасында инвестициялық белсенділіктің өсуінің тұрақты үрдісі байқалады. Өсуді 2003 жылға қатысы бойынша алып қарастырсақ, ол 2007 жылы 231,9 пайызды, 2008 жылы — 310,8 пайызды құраған. 2010 жылы инвестициялық белсенділіктің өсуі 2003 жылмен салыстырғанда шамамен 4 есеге өскен, бұл бір жағынан инвестициялық салымдардың жыл сайын өсіп отырғандығын көрсетсе, ал екінші жағынан — олардың көлемдерінің жеткілікті деңгейде көп екендігін көрсетеді. Осыдай үрдіс 2011 жылдың басына дейін орын алған.
Дағдарыстық кезеңдерде жиынтық инвестициялық сұраныстың темендейтінін айта кеткен жөн және өндіруші секторға тиімді инвестициялардың кұрылымдық қайта қүрулары орын алады, сонын есебінен инвестициялық салымдардың көлемі сақталады. Мысалы, 1999 жылы ЖЭК саласына өндірістік күрделі салымдардың 51,1% бағытталған. Бір экономиканың көптеген басқа да салаларының өндірістік аппаратының ескіруіне, олардың негізгі қорларының тозуына әкелді. 2003 жылы негізгі қорлардың тозу деңгейі жалпы 38,7%-ды құраса, соның ішінде өнеркәсіпке -43,2%, электроэнергетикасына — 19,1%, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерге — 43,5%. Сонымен қатар, 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы мәліметтер бойынша инвестициялық салымдардың басымдылығы бар бағыттарыньщ бірі кең өндіруші өнеркәсіптер, көлік және байланыс салалары болып табылды[10].
Сурет 3. Негізгі капиталға инвестицияның өсу динамикасы
Ескерту — мәліметтер ҚР статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды.
Бірақ бұл жағдайларда инвестициялар өздерінің технологиялық құрылымы бойынша өткен дағдарыстық кезеңнен өзгешеленеді, яғни онда машиналарға, құндылықтарға, инвентарларға және тағы да басқа күрделі шығындарға жұмсалған инвестициялық салымдар басымдылыққа ие болып отыр. Оны келесі кесте мәліметтерінен көруге болады.
Кесте 2. ҚР негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың бағыттары
Ескерту — мәліметтер ҚР статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды.
2–ші кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, 2016 жылы үйлер мен ғимараттар салу және күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстарға 3094,9 млрд теңгені құраған және бұл инвестицияның жалпы құрылымының 51%-ды көрсетеді. Осы көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4%-ға көп болған[11].
Қаржылық сферадағы болып жатқан дағдарыстық жағдайларға қарамастан өндірістік әлеуетті жаңартудағы инвестициялық белсенділік төмендеген жоқ, керісінше олардың өсу үрдісі сақталды. Бұл инвестициялық сұраныста біртіндеп кеңейіп келе жатқан бәсекелестік ортада шаруашылық субъектілерінің қызмет етуі үшін өте маңызды болып табылатын өндірістік аппаратты жаңарту факторларының басымдық алатындығын көрсетеді.
Әрбір шаруашылық субъектісі үшін бәсекелік мәртебені сақтау өте маңызды. Бірақ, олар үшін шаруашылықты жүргізу шарттары әртүрлі болып келеді. Оған инвестицияларды тарту, капиталдардың әлемдік нарығына шығу және шаруашылық байланыстарын жасау мүмкіндіктері әсер етеді. Ірі холдингтер, корпорациялардың жалпы инвестициялық сұраныстың сипатын қалыптастыратын инвестициялық кеңістіктегі мүмкіндіктері жоғары. Ең бастысы – олар инвестициялық белсенділікті және басқа да капиталдар нарығының қатысушыларын төмендетуге қызығушылықтар танытпай отыр.
Оның серпінін келесі кесте мәліметтерінен көруге болады.
Кесте 3. 2016 жылдың ҚР экономикасындағы инвестициялық ағымдардың құрылымы
Ескерту — мәліметтер ҚР статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды.
3–кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, қарастырылып отырылған кезең аралығындағы инвестициялық ағымдардың құрылымында аса маңызды құрылымдық өзгерістер болмаған. Егер 2015ж. 13,9 пайызды құраса, 2016 жылы шетелдік банктердің кредиттері 10,7 пайызды құраған, салыстырғанда төмендеген, бірақ басқа қарыз 2016ж.-15 пайызды құрап, 2015ж. салыстырғанда артқан[12].
Қазақстанның табиғи ресурстық әлеуетінің жоғары болуына байланысты оның инвестициялық ортасы экспорттық мүмкіндіктерді жоғарылатуға бағытталып қалыптасқаны белгілі. Ондағы мақсат экономиканы капитализациялауды сәйкес салалар мен өндірістерді дамыту шеңберінде жүргізу. Осындай жолмен өзінің экономикасында дамыған минералды-шикізат кешені бар көптеген елдердің жүргені белгілі. Бірақ бұл жолдың белгілі бір экономикалық шектеулері бар, мәселен баға конъюнктурасының әлемдік шикізат нарығына тәуелділігі. Бәрімізге белгілі, инвестицияланған салымдар олардың біржақты экономикалық бағытталуы кезінде тұрақты жоғары табыстарды әрқашанда әкеле бермейді. Біздің көзқарасымыз бойынша, Қазақстан экономикасындағы инвестициялық белсенділікке баға бере отырып, оның келесідей өзіне ғана тән белгілерін атап өткен жөн:
- оның динамикасының жоғары тобы;
- инвестициялық салымдардың экономиканың өндіруші саласында басымдылыққа ие болуы;
- шетелдік инвестициялар үшін тартымдылықтың жоғарғы деңгейі;
- инвестициялық ағымдардың қозғалысындағы өзара байланыстардың объективті-субъективті тұрақсыздығын анықтайтын инвестициялық ортадағы экономикалық либерализм элементтерінің бар болуы.
Инвестициялық саясат саласындағы стратегиялық басымдылықтарды жүзеге асыру инвестициялық әлеуеттің қалыптасуынан бастап оны пайдалануға дейінгі кезеңді неғұрлым тиімді басқаруға мүмкіндіктер беретін шаруашылықты жүргізудің әртүрлі аяларындағы инвестициялық қызметтерді ерекше реттеуді талап етеді. Қазақстандық экономикада он бесжылдық кезең ішінде жүргізілген реформалар нәтижесінде жинақталған тәжірибе инвестициялық әлеуетті басқарудың жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетті. Бұл жерде ең алдымен инвестициялық аядағы қажетті реттелуші ортаны құру бойынша шараларды жүзеге асырудың тізбектілігін айта кеткен жөн. Бұл өте маңызды, себебі осы аяға әртүрлі ресурстарды кездейсоқ енгізу және сонымен бірге олардың құбылмалы қозғалысы бақыланбайтын инвестициялық ағымдар пайдаланылатын қаржылық секторға және экономиканың тағы басқа секторлары мен салаларына өзінің кері әсерін тигізеді.
Кез-келген дамушы нарықтық жүйелер сияқты қазақстандық экономика үшін де, ең алдымен инвестициялық қызметті белсендіретіндей және сонымен бір мезгілде жалпы макроэкономикалық ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерістерінде инвестициялық жағдайды теңестіретіндей инвестициялық аядағы реттеуші ортаның шараларын қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайға тез қол жеткізілмегендігін айта кеткен жөн, себебі белсенді түрде қалыптасып келе жатқан инвестициялық кеңістіктегі жағымсыз жағдайлардан айналып кетуге болмады. Сол кезеңде орындаушы және заңнамалық үкіметтің, әртүрлі мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекеттеріндегі келіспеушіліктер инвесторлардың қызығушылықтарын азайтты.
Қазақстандық экономиканы белсенді түрде реформалау арқылы және инвестициялық ахуалдың тартымдылығын жоғарылатуға мүмкіндіктер берген заңнамалық база жақсартылғаннан кейін ғана елімізге келген инвестициялардың ағымы жоғарылай бастады. Әртүрлі бизнес-құрылымдардың белсенділігін жоғарылатуға әсер еткен инвестициялар, концессиялар және еркін экономикалық аймақтар және инвестициялық қызметтерге жеңілдіктер мен кепілдіктер беру туралы бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Инвестициялар бойынша Комитеттен бастап инвестициялық жобаларды қабылдайтын, бағалайтын, оларды іске асыруға бақылау жасайтын әртүрлі комиссияларға дейін және сәйкесінше инвестициялық ресурстардың қозғалыстарын, сонымен бірге инвестициялық ортадағы өзара байланыстарды реттейтін ерекше институционалдық базаны құрудың маңыздылығы жоғары[13].
Мәселен, бүгінгі күні көлемді ішкі ресурстар Қазақстанның зейнетақы қорларында жинақталған. Олардың көбінің инвестициялық кеңістіктері анықталған, әдетте, шетелдік активтерде. Мемлекеттің инновациялық саясатын іске асыру шеңберінде осы қаржылық ресурстарды зейнетақы қорларында пайдалану көзделуде.
Банктер ақша қаражаттары жетіспеген жағдайларда шағын және жеке бизнесті несиелеуге ұмтылмайтыны белгілі. Шағын және жеке бизнесті несиелейтін банктерге мемлекеттің салықтық және т.б. жеңілдіктерді беруіне қарамастан банктік жүйе экономиканың осы секторын инвестициялауға өз үлестерін қоспай отыр. Банктер бұндай несиелерді тәуекелді деп санайды – яғни, шағын кәсіпорындардың банкроттылыққа ұшырау пайызы өте жоғары. Өз кезегінде, әртүрлі формалдылық жеке кәсіпкерлерді банктерге өтініштер жасауына кедергілер жасайды. Инвестиция – Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде «жалпы капиталдық салымдар» деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін[14].
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайыздар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі – пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір жақын келеді
Қазіргі уақытта экономикадағы капитализация деңгейінің жеткілікті деңгейде жоғары болуына қарамастан отандық инвесторлар қарыздық қаражаттарды кең түрде пайдаланады. Соған сәйкес, әртүрлі шаруашылық субъектілері үшін көрсететін өздерінің қызметтері мен ресурстары бойынша кең түрде таралған банктік кәсіпкерлік де нығайған. Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялық ресурстар нарығындағы әртүрлі субъектілердің инвестициялық белсенділігінің реттеушілерін зерттей отырып, нарық жағдайында іскерлік белсенділікті сақтандыруға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін әсіресе бизнес-ортада жұмыс істейтін шаруашылық құрылымдарының санын көбейту қажет. Реттеуші моделді құрудың негізгі үлгісі 4-ші суретте көрсетілген.
Сурет 4 — Инвестициялық белсенділікті реттеу тетігінің ұйымдастырылу — экономикалық моделі
Ескерту – сурет Файзуллина С. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жүйесіндегі инвестициялық әлеуетті оңтайландыру тетігі.// Алматы, 2012 авторефератынан алынған.
4-суретке сәйкес біз инвестициялық белсенділікті реттеу үдерісіне қатысатын үш ортаны бөліп қарастырдық. Бұл, ең алдымен инвестициялық ағымдар қалыптасатын трансферттік ортаға әсер ететін нормативтік құқықтық құралдардан бастап экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарынан тұратын реттелмелі орта. Оларға бюджеттік және басқа да трансферттер жатады, сонымен қатар бүгінгі күні орын алып отырған экономикадағы дағдарыстар кезінде пайдаланылатын инвестициялық ресурстардың резервтік көздері жэне форсмажорлық жағдайлар да енгізілген. Негізгі анықтаушы бөлім инвестициялау үдерістерін олардың мақсаттылығы тұрғысынан, сонымен бірге инвестициялық қызметтің барлық факторларын енгізу есебінен олардың нәтижелілігін және осы аядағы басқарудың қазіргі стандарттарын бағалауға мүмкіндіктер беретін жүйелік инвестициялық менеджмент болып табылады.[15]
Сонымен, инвестициялаудың белсенділігін реттеу тетігі өзінің ұйымдастырылу-экономикалық негізі, инвестициялық үдерістерге әсер ету сипаты бойынша өте күрделі. Инвестициялық үдерістің өзінің компоненттері бойынша функционалды болуына жэне әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты міндеттеріне байланысты әртүрлі реттеуіштерді дер кезінде енгізе отырып инвестициялық үдерістердің әрқилы жақтарын жедел түрде реттеуге мүмкіндіктер береді.
Астанада «Қазақстан: жаңа инвестициялық мүмкіндіктер» атты конференция өтті. Шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. Инвестициялық форумда мамандар пікір жарыстырып, еліміздің инвестициялық ахуалын арттырар жұмыстар, қолға алынған жобалар, жетістіктер мен жоспарлар жайындағы ақпараттармен бөлісті. Шараны Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ашып, сөз сөйледі.
«Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі осы конференцияның өтуін мемлекетіміздің іскерлік өміріндегі маңызды оқиға ретінде қарастырады. Бұл түрлі елдердің саяси және іскерлік шеңберімен диалог, тікелей қатынас орнатудың тамаша мүмкіндігі. Біз бүгінгі кездесуді еліміздің инвестициялық әлеуетінің ілгерілеуінің тиімді тәсілі деп білеміз»,-деді Ж.Қасымбек.
Конференцияда сөз алған Еуропа қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы бөлімшесінің жетекшісі Джанет Хекман алдағы жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімі өсетінін айтты.
«Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанда барлық салаларды қаржыландырып жатыр. Сол себепті басқа xалықаралық ұйымдар мен донор компанияларға қарағанда, біз осы елдегі жағдайды жақсы білеміз. Бүгінде біз баспасөз беттерінде сан алуан болжамдарды оқып жүрміз. Дегенмен, біздің экономистер болашаққа оптимистік көзқараспен қарап отыр. Біздіңше, бүгінде Қазақстан мұнай-газ саласындағы экономикалық құлдырау кезеңінен өтті. Мемлекет аталған сынақты сәтті еңсере білді. Сондықтан биыл ішкі жал¬пы өнім шамамен 0,7 пайызға өседі деген болжам бар. Ал келесі жылы ол көр¬сеткіш 2,4 пайызға көтеріледі. Біздің есебімізге сәйкес, қазіргі кезде инфляция өзінің шарықтау шегіне жетті. Енді, ағымдағы жылдың аяғына дейін, сосын келесі айда ақша мен актив-тердің айналымы қалыпты деңгейге оралады», деді Джанет Хекман.
Конференция жұмысына 100 қазақстандық және агроөндірістік кешен, мемлекет-жекеменшік серіктестігі, кен-металлургия кешені, қуат, мұнай-газ және банк секторлары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инновация, көлік және логистика, тағам өндірісі, химиялық сала, машина құрастыру, кеме жасау, медицина және туризм саласындағы қазақстандық және шетелдік компаниялардан 300-ге жуық адам қатысты.
Шара шеңберінде Қазақстанның индустриясына, инвестициялық қызметтің кеңеюі мен жоғары технологиялық өндірістің дамуына қосқан үлестері үшін шетелдік инвесторларды жыл сайынғы марапаттау рәсімі өтті. Айталық, Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын өңдеу және пайдалану бойынша «КПО» бірлескен кәсіпорны, «Tenaris» италиялық құбыр өнімін өндіруші және жеткізуші, жапониялық Науubeni Corporation уран өндіру, «Heidelberg-Cement» неміс құрылыс материалдарын өндірушісі, экологиялық таза отын дамытумен айналысатын «KOLON» оңтүстіккореялық компания, «ЭФКО» ресейлік май өндірушісі, «Kelun Kazpharm» қытай фармацевтикалық компаниясы, Қазақстанда ULKER деген атпен белгілі «Pladis» түрік кондитер бұйымдарын өндіруші компаниясы марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан экономикасының дамуына қосқан инвестициялық белсенділігі үшін Еуропа қайта құру және даму банкі және Үкімет пен шетелдік инвесторлар арасында қатынас орнатудағы үлесі үшін «Шетелдік инвесторлардың Қазақстан кеңесі» ассоциациясының да еңбектері бағаланды.
Инвестициялар және даму министрлігі мен «KAZNEX INVEST» экспорттау және инвестициялау жөніндегі ұлттық агенттігі мұрындық болған бұл конференция аясында индустриялық-инновациялық жобалардың біртұтас көрмесі өтті. Оған 70 қазақстандық компания мен кәсіпкер қатысты[16].
Инвестициялық Елдің әлеуеті — қажетті инвестицияларды білу үшін, оның қабілеті жаңа кәсіпорындар салу мен олардың кешендері, кеңейту және қайта жаңарту Қолданыстағы кәсіпорындарды, адам әлеуетін дамыту, нысандарды жасау мекемелер мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым.
Инвестициялық әлеуетті — инвестициялық міндеттерді іске асыру объективті қолданыстағы мүмкіндігі. Бойынша бағаланатын өтімді активтердің сомасын өлшеу анимация факторы көбейтілген нарықтық құны.
Құрылыс Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Беларусь Республикасының кешені негізінен оның сақталған әлеуеті. Бұл шамамен 4,3 мың жұмыс істеп тұрады. Ал құрылыс жөндеу және құрылыс компаниялары, және одан астам 1,4 мың. кәсіпорындар мен салалардың құрылыс материалдары өнеркәсібі мен меншіктің түрлі нысандары басқару. кешені 17 ғылыми-зерттеу институттары қызмет етеді, 350 R D және дизайн және технология ұйымдар. Қуатты өндірістік инфрақұрылым. ел шығарды ғимараттар мен құрылыстарды тұрғызу мүмкіндік беретін отандық материалдар мен бұйымдар, еуропалық деңгейде кем түспейді. Құрылыс Беларусь Республикасының кешені жеткілікті еңбек әлеуеті бар. Қарай Мұнда біз жоғары және арнаулы орта 1000 қызметкер 300 адам бар білім беру, және төртінші жоғарыда ағызу бар қызметкерлердің үлесі 23-26% -ды құрайды. Деңгей еңбек қызметі, немесе 25-49 жас аралығындағы қызметкерлердің үлесі 66% астам[17].
Сенімді әрі берік қаржы жүйесі жалпы экономиканың өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы, сонымен қатар нарықтық экономиканың дұрыс қызмет етуінің маңызды бөлігі болып табылады. Қаржы жүйесі қоғамдық жинақтарды жұмылдыру мен бөлу және оның күнделікті іс-әрекеттерін жеңілдетуші тұтқа негізі болады. Мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылымы дұрыс әрі орнықты болса, ақша нарығы мен капитал, әсіресе мемлекеттің бірінші және екінші нарықтық бағалы қағаздары өсуі орын алады.
Ел аймақтарының инвестициялық әлеуеті артып келеді. Мәселен, өткен жылы Батыс Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында бірқатар шара атқарылды. Жалпы өңірге 6,5 миллиард теңге инвестиция құйылды. Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 334,6 миллиард теңге болатын 47 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 2,7 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік тумақ. Жалпы өлке бойынша инновациялық бағдарламаның алғашқы кезеңінде 30 жаңа өндіріс ошағы іске қосылған. Былтыр 10 жоба жүзеге асты. Мына трансформаторлық зауыт – отандық индустрализацияның жемісі. Кәсіпорын еліміздің энергетика және мұнай-газ салаларына қажетті өнім шығарады. Зауыттықтар 2016 жылдың қорытындысын асыра орындапты. Десе де өндіріс күшін еселеу көзделіп отыр. Толық қуатқа көшкенде тұрақты жұмыспен қамтылатындардың да қатары артпақ [18].
Мемлекеттің қаржы жүйесі экономикалық мағынада қаржылық –экономикалық институттардың жинағын білдіреді. Ал құқықтық мағынада қаржы жүйесі ретінде мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде (қаржылық мекемелер мен бөлімдері, салық органдары, мемлекеттік банк, мемлекеттік сақтандыру компаниялары) түсіндіріледі.
Қаржы жүйесі уақытша бос капиталы бар агенттерден капиталдың дефициті сезілетін салаларға экономикадағы ресурстарды қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. Мұндай қайта бөлу процесі негізінде жаңа өндіріс пен инновациялардың дамуы мен бәсекеге қабілеттігін арттыру,а бағытталған.
Осындай жолмен өаржы жүйесі экономикада бірқатар маңызды функциялар атқарады: жинақтарды жұмылдыру, қаржы ресурстарын өнімді инвестицияға бағыттау және
Қазіргі кезе экономикалық зерттеулер жүргізушілердің көп бөлігі елдегі қаржы жүйесінің жалпы құрылымы мен дамуы экономикалық даму темпімен тығыз байланысты екенін тұжырымдайды.
Жалпы экономист-зерттеушілер қаржы жүйесін екі типке бөліп қарастырады: нарыққа бағдарланған және банкке бағдарланған. Олар ел экономикасын дамытудың тұтқасы деп есептейді. Алайда кейбір зерттеушілердің пайымдауынша қаржы жүйесінің ел экономикасын арттырудағы әсері ең бірінші кезекте ішкі инвестиция көзддері болып табылады. Мұндай жағдайда негізгі күш едің ішкі капиталын және институционалды инвесторларды тарту мүмкіндігі, ел экономикасын ұзақ мерзімді қаржыландырумен қамтамасыз ету, халықтың және кәсіпорындардың жинақтарын тарту, сонымен бірге даму жолының альтернативті көздерін қарастыру орын алады. Және де сақтандыру компаниялары мен инвестициялық қорлардың институционалды қаржыландыруын да атап өтуге болады.
Бүгінгі күндегі өзектілігі жоғары мәселелердің бірі экономиканың нақты секторына қажетті уақытша бос ресурстарды іздестіру және тарту болып табылады. Бұл міндетті шешу экономиканың нақты секторында жаппай инвестициялық үдерістерді іске асыру нәтижесінде болуы мүмкін. Кез-келген басқа үдерістер сияқты инвестициялық үдеріс басқарылатын үдеріс болып саналады.
Қаржы жүйесінің дамуы ел экономикасының дамуына да үлес қосатынын тарих беттерінен де көруге болады. Ол көптеген Еуропа елдерінде ірі инвестицияларға капиталды жинақтауды жеңілдете отырып индустрализациялануына септігін тигізді.
Қаржы жүйесі тәуекелдерді біріктіруге әсерін тигізуі мүмкін. Қаржылық даму экономиканың тұрақсыздығын азайтуға үрдісті келеді. Бұл елдегі экономикалық шоктар мен бәсекеге қабілеттіліктің төмен деңгейі халықтың кедей бөлігінің санын арттыратындықтан, оларды сақтандырудың маңызды механизмі болып табылады. Қаржы жүйесі әлсіз дамыған көптеген елдер банк қызметіне шектеулер қояды, қаржы жүйесінің әлсіздігімен қатар елдегі коррупция деңгейі арасындағы байланыс жоғары. Мұндай жағдайлар әрине ел экономикасына кері әсерін тигізіп, оның әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік деңгейін төмендетеді.
Мемлекеттік қаржы, яғни ең алдымен мемлекеттің бюджет жүйесі, нарықтық экономикада ел экономикасының даму темпінде негізгі әсер еткіш құрал деп есептелінеді. Бюджетке кірістерді жинақтау арқылы мемлекет шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қаржылық мүмкіндіктеріне салық алу, салық ставкалары мен керек болған кездерде жеңілдіктер беру арқылы әсер етеді. Бюджет экономиканы дамыту мақсатында шығынды азайтып, қаражаттарды қайта бөлуде ерекше орын алады. Әрине бюджеттегі жұмсалымдар экономика мен қоғамдық саланың дамуына өз үлесін қосады.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері қаржы жүйесін жетілдіруге көптеген іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде келеді. Тәуелсіздіктегі 20 жыл ішінде Қазақстанның жеткен ірі жетістігінің бірі – экономиканың динамикалық дамуы. Елдегі шағын және орта бизнестің, өнеркәсіп саларының бәсекеге қабілеттігін арттыруға, қаржы жүйесін жетілдіруге барлық жағдай жасап келеді. Оның нәтижесі ретінде аталған жыл ішінде елдің ЖІӨ–і 12 есеге өскен. Елдің банк жүйесі мен бағалы қағаздар нарығы да өз қызмет ету аясын кеңейткен. Республикада (ТМД–дағы алғашқылардың бірі болып) жинақтаушы зейнетақы жүйесін іске асырылды. Мысалы, қазіргі таңда елдегі жалпы зейнетақы салымдары 2 трлн теңгеге жеткен[19].
Жалпы айтқанда Қазақстанның бүгінгі қаржы жүйесі елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін құраушылардың бірі болып келеді. Жаңа қаржылық өнімдер мен қызметтер, технологиялар мен инновациялар енгізілге
Қазақстан ел экономикасының одан ары дамуы үшін ішкі инвесторлардың капиталын тартуды жетілдіруге атсалысуда. Ел Президенінің халыққа жолдауында елдегі қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық көтерілім – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» туралы атап кеткен болатын. Басты назарда қор нарығын дамыту шаралары алынған. Қор нарығының дамуы Қазақстанның Азияның жетекші он қаржы орталықтарының бірі және Алматыны ТМД мен Орталық Азиядағы исламдық банкингтің регионды центріне айналдыру мақсаты көзделген.[2
Осындай шараларды атқару арқылы Қазақстан ел экономикасын бәсекеге қабілетті деңгейге көтеруді көздеп отыр.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол цикл келесі кезеңдерге ие.
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген.
1) Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын дәлелдеу керек болса, көпбаламалылық пайда болуы мүмкін.
2) Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты – жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым жетілегенін қолдану, бірақ оның моральдық тозған қондырғыға қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық мағынада неғұрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді бола бермейді.
3) Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту. Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4) Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
5) Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық талдау жасау аса қажетті элементі болып табылады. Экологиялық жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша қиын болып келеді. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма – жобалардың қай түріне назар аудару керек:
- капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану;
- ағымдағы шығындарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
6) Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды.
Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі.
Жалпы еліміздің бизнес климатын талдау барсында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін баллмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.
Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсінік емес, керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт, бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық, өндірістік кешенін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республика салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді. Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол – ұлттық экономиканың даму деңгейі болып саналады.[21]
Кесте 4. Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар
Сонымен, шетелдік инвесторлар жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды. Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген салалары – шикізат пен энергия болып табылады. Қазақстан территориясы Еуропалық экономикалық одаққа (ЕЭО) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар, территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы: көмір бойынша 658,5 млрд., мұнай 222,5 млрд. АҚШ доллары.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минералдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн. тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн. тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан – ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19% -ға өсіп, 119 млрд. теңгеге жетті.
Инвестицияның жоғары қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екі жақты келісім шарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спроттық ғимараттар жөндеуден өтіп, қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мектеп салынды[22].
Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жұргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалтулар әсерімен түсіндіріледі. Қазақстан Респубилкасына инвестиция тарту келесі негізгі мемлекеттік инвестициялық принциптерін орындауға негізделуі қажет:
- Тұрақтылық және болжау мүмкіндігі. Елдің инвестициялық климатының сапасы берілетін жеңілдіктер мен преференциалды мөлшері және түрімен емес, әлеуметтік-саяси және макроэкономикалық тұрақтылықпен анықталады. Тұрақтылық алдын-ала болжау және мемлекеттік саясаттың инвестициялық жобаны жүйелі жүзеге асыру үшн қолайлы жағдай туғызады.
- Инвестициялық қызметті реттеуші, әлемдік стандарттраға сай ашық және бір мағыналы құқықтық нормалар. Инвестициялық «ойын ережелері» анық және түсінікті болуы керек. Олар бюрократия мен сыбайластықты есептен шығаруы қажет. Инвестицияның, өндіріс пен сауданың дамуына кедергі келтіретін барьерлердің алдын алуы инвестициялық саясаттың құрамды бөлігі болып табылады.
- Инвестициялардың заңды құқықтарын қорғау. Биліктің барлық деңгейінде инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
- Отандық және шетел инвесторларының қызметі үшін кең шарттар. Қазақстан Республикасы Заңымен қарастырылған, бірақ бұл принципті орталық және жергілікті атқарушы органдардың тәжірибе барысында ұстануы қажет.
- Келісім шарттар мен халықаралық келісімдердің шарттарын сақтау Қазақстанға деген сенім деңгейін жоғарылатып, тікелей инвестициялардың ағымының өсуіне әкеледі.
- Тікелей инвестициялардың пайдалылығы мен нәтижелігі. Инвестор пайда алуға құқығы бар және оны Қазақстан экономикасының дамуы үшін еркін репатриациялау мүмкіндігі болуы тиіс.
- Экономиканың басымды салаларына тікелей инвестицияларды ынталандыру.
- Әр инвесторлар тобына қызметі үшін ішкі қор нарығының ақпараттық анықтығы мен тең жағдайды қамтамасыз ету[23].
Жалпы алғанда, тиімділік – кірістің шығындарға, ресурсатарға немесе жұмсалған күш-жігерге қатынасын көрсетеді және көзделген мақсатқа жету дегенді білдіреді.
Инвестициялық жобаның тиімділігі ғылыми-техникалық (ғылыми-техникалық нәтижелердің ҒЗТКЖ-ны (Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар) орындауға кеткен шығындарға қатынасы), өндірістік (сатылған өнім көлемінің өндірісті дамытуға жұмсалған бір жолғы шығындарға қатынасы), әлеуметтік (әлеуметтік нәтижелердің әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асыруға кеткен шығындарға арақатынасы), экологиялық (қоршаған ортаны қорғау нәтижелерінің осы мақсатта жұмсалған капитал салымдарына қатынасы), экономикалық, коммерциялық және бюджеттік деп бірқатар түрлерге бөлінеді.[24]
Инвестиция туралы шешім қабылдаудағы негізгі мәселе – инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Жобаларды бағалау оңай шаруа емес, себебі сөз жалпы экономикалық мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекет деңгейінде жүргізілетін жобалар туралы болып отыр. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауға таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық, өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек.
Мұндай есептеулер не үшін керек? Өйткені, ақшаның қазіргі кездегі құны бойынша есептелген шығындарды табыспен салыстыру мүмкіндігін туғызу керек. Сол себепті, жобаны жүзеге асыру кезіндегі ақша құны бойынша есептелген табыстар, инвестициялау жөнінде шешім қабылданған кезеңдегі ақша құнымен қайта есептелуі тиіс.
Қазақстанның инвестициялық қорының міндеті Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес жаңадан кәсіпорындар ашу және жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейту мақсатында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. Қордың мақсаты — экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету[25]. Былайша айтқанда, біз акционерлік капитал және басқа да қаржылық құралдар арқылы инвестиция тарта отырып, жұмыс істеп тұрған немесе жаңа өндірістік орындарды құрылымдауымыз керек. Бүгінгі жағдайда мемлекеттік органдарда қызмет істеу дұрыс өмір сүрудің тіпті де озық үлгісі емес. Біз оның тарапынан қордың жұмысына барынша үлкен қолдауды сезініп отырмыз. Біз инвестициялық жобаларды іске асырып, жаңа өндіріс орындарын құрылымдаудың жаңа тәсілдерін жасап жатыр. Бұдан шығатын қорытынды: енді ақша ұзақ пайдаланылатын тауарларға жұмсалатын болады. Бұл деген импорттың өсуі, валютаның сыртқа кетуі деген сөз. Осы тұрғыдан алғанда индустриалдық-инновациялық саясат неғұрлым белсенді жүргізілуі керек, өйткені сыртқы саудадағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін ұзақ пайдаланылатын тауарлардың орнына жаңа технологияларды көптеп импорттау қажет. Ол үшін ірі және орташа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеке инвесторлардың қаржыларын шоғырландыратын құралдар ойлап табу керек. Мұнда да, жеке инвестициялық қорлардың дамуы – біз тағы да алты-жеті жылға кенже қалып отырған аса маңызды бағыт. Оның заңын жасады, енді оның әдістемесі мен тиісті мәдениетін қалыптастыру үшін тағы да үш-төрт жыл қажет болады.
Инвестициялық жобалардың табысты іске асуы мақсатында жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін, жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингілік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың жартысынан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды неғұрлым тиімді болады деп санаймыз. Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның жарғылық капиталына салынатын инвестиция Жобаны іске асырудың түрлі сатыларында қаржыландырудың басқа көздерімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде листингіленбеген облигациялар, банктік займдер, бірлестірілген займдер, лизингілер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экспорттық несие агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер. Қор инвестор ретінде кәсіпорынның жарғылық капиталына қатыса отырып, жобаны іске асыру барысындағы, қатерлер мен тиімділіктерге ортақтасады. Қор қатерлерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы өңірдегі мемлекеттік мекемелермен және басқа да инвестицияға қатысушыларымен өзара қызметті үйлестіреді. Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс тұрақты деңгейге жеткен кезде Қор өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа акционерлерге және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шығады.
ҚР индустриялық-инновациялық стратегиясының жуырдағы он жылдыққа арналған негізгі мақсаттарының бірі экономиканы шикізатқа бағытталу-шылықтан өңдеуге қарай көшіру болып табылады. Ондағы мемлекеттік саясаттың басты басымдығы бәсекелестікке қабілетті экспортқа бағдарланған өндірістерді құру болып белгіленген. Дамудың күре жолына түскен Қазақстан мемлекеті алдағы жылдарда осы мақсаттарды жүзеге асыруы керек. Ел Президентінің жаңа Үкімет үшін белгіленген басымдылықтар мен міндеттері орындалатындай жағдайға мемлекетіміздің күші жетеді. Мысалы, Ленгір қаласында шикізат пен отын ретінде көшіп түскен үйінділерден алынатын көмір қалдықтары пайдаланылатын кірпіш зауыты салынып, іске қосылды. Осы жерде өнімділігі тәулігіне 30 тонна болатын эксперименталдық тік пеште шахталық әдіспен цемент алу технологиясы сынақтан өтті. Шұбар ауылындағы ғылыми-технологиялық парк базасында кабырғалық пенобетонды блоктар өндірісі, арасы қуыс қабырғалық блоктарды, өрнек элементтерін құрғақ жолмен нығыздау әдісімен шығару жөніндегі жүйе де сынақтан өткізіліп, іске қосылды. Болат өндіру үшін тәжірибелік-эксперименталдық модуль құрылуда. Агроиндустрия саласындағы 2 инновациялық жоба: вермикулиттен, перлит пен цеолиттен қолдан жасалынған топырақ пайдаланылатын жылыжайлар құру және спорт көгалдарын өсіру іске асырылды.
Департаменттің қормен бірлесіп қаражаттың бір бөлігін перспективалық инновациялық жобаларды дайындауға бағыттау міндетін өз алдына қойып отырғандығын атап өткім келеді.
Еліміздің дамуының басты басымдығы Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырумен байланысты. Оның бірінші кезеңін іске асыру біршама оң нәтижелерін берді. Бүгінгі таңда облыстың инвестициялық жобаларының портфелі түрлі көздерден қаржыландырылатын және қаржыландыру көзделетін 30-дан астам жобадан тұрады. 2005 жылы жүзеге асырылған нақты жобаларға келетін болсақ, оларға 13, 86,7 млн. АҚШ доллары, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 12, 85,6 млн. АҚШ доллары жұмсалған. Инвестициялық қызметке жасалынған талдау енгізілген жобалар саны жағынан облыстың республика бойынша 7-ші орынды иеленіп отырғандығын көрсетеді.
Өкінішке қарай, инвестициялық жобаларды іске асыру географиясы әлі де болса тарлау болып тұр. Департамент өзге облыстарда енгізілген жобалар тізбесіне талдау жасай келе, аудандар мен қалалар әкімшіліктеріне перспективалық жобалар бойынша зерттеу және қайта пайдалану үшін ұсынымдық сипатта ақпарат жіберіп, ұсыныстар алудамыз.
“Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ, “Технологиялар инжинирингі және трансферті орталығы” АҚ, “Ұлттық инновациялық қор” АҚ сияқты даму институттарымен байланыстың орнатылғандығын және ақпарат алмасу жөнінде жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын атап өту қажет. 2005 жылы “Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ-тың қарауында 18 жоба жіберіліп, қада-ғалауда. “Қазақстан инвестициялық қоры” АҚ ұсынылған 7 жобаның 2 жобасы қаржыландыруға қабылданды[26].
Әр саладағы көптеген кәсіпорындарға инвестиция салып, оларды акционерлендіруіне қарап, Қорды бірнеше кәсіпорындардың басын біріктіруші холдингтік құрылым деп те қарауға болмайды. Өйткені, акционерленген кез келген кәсіпорынның акцияларының бақылаушы пакеті Қордың иелігінде емес, ол әрбір жобаның бастамашыларына тиесілі. Мұнда Қор оларға бизнесті жолға қою тұрғысынан, мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас орнатуға, салықтық басымдықтар алуға, инвестиция тарту үшін, шикізат алу үшін ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жасасуға, инфрақұрылымдық мәселелерді шешу тұрғысынан және де басқа мәселелер бойынша әдістемелік көмек көрсетеді.
Шынтуайтына келгенде, Қазақстанның Инвестициялық қорының құрылуы арқылы елімізде қазір үлкен бір жаңаша іс қолға алынып отыр. Өйткені акционерлік капитал арқылы инвестиция тарту мәдениеті, сол арқылы ірі жобаларды жүзеге асыру саясаты Қазақстанда дами қоймаған. Әрине, бұл бизнес жүргізудің бұрыннан қалыптасып қалған қағидаларының салдары. Бүгінде қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі түрлі себептерге сәйкес транспарентті болып табылмайды. Бір қуанарлық жәйт, бүгіндері инвестициялық жобаларды құрылымдау мен жүзеге асыру тетіктерін бірлесе талқылау барысында байқайтынымыз -бизнесті жүргізудің осы формасының тиімді де тартымды екендігін жоба бастамашылары толығымен түсіне бастады. Бұдан былай акционерлік капитал арқылы инвестиция тартудың қалыптаса бастаған мәдениетін орнықтыруды одан әрі жеделтету Қазақстанның Инвестициялық қорының басты міндеттерінің бірі болмақ. Ал ең бастысы, қазір біз акционерлік капиталмен қоса несиелер, экспорттық кепілдемелер, түрлі жеңілдіктер, облигациялар сияқты басқа да қаржылық құралдарды тарту арқылы құны 30 миллионнан 150 миллион АҚШ долларына дейін тұратын Қазақстан үшін аса қажет, ел экономикасына елеулі әсер ететін ірі жобаларды құрылымдаудың алгоритмін таптық. Енді сондай жобаларды жүзеге асырудың жаңа тәсілдемелері жасалуда, ал бұл тәсілдемелерді одан әрі технология ретінде, әдістеме ретінде пайдалануға болады. Жобалар бірінен соң бірі кезегімен немесе 3-4 жоба бір мезгілде құрылымдала береді, осылайша қазір елімізге аса қажет болып отырған ірі өндіріс орындары мен жаңа салалар құрыла бермек. Қор құрылғаннын бергі екі жылдың ішінде инвестициялық жобалар бойынша бастамашылардан келіп түскен үш жүзден аса ұсыныс қаралды. Оларды іріктеп, талдау, сондай-ақ инвестицияны жүзеге асыру үшін еліміздегі неғұрлым болашағы бар бағыттарды зерттеген өз ізденістеріміз Қазақстан Республикасының Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын жүзеге асыру үшін көзделген негізгі басымдықтарды анық сезінуімізге негіз болды[27]. Аталмыш құжат қабылданған уақытта құрылуға және дамытылуға тиісті кәсіпорындардың тізімін нақты көрсету міндеті тұрмағанымен, бұл құжаттың айрықша маңыздылығы да сол — ол адамдарды ойлануға, өз идеяларын іс жүзіне асырудың жолдарын, мүмкіндіктерін іздеуге итермеледі. Жалпы, инвестициялық жобалардың жемісті жүзеге асуы тұрғысынан алғанда, Қазақстанның Инвестициялық қоры жарғылық капиталына инвестиция салатын кәсіпорынның үлкен үлесі кәсіпорын акциясының бақылаушы пакетін ұстайтын әрі жобаның техникалық-технологиялық жағын іске асыратын тиісті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар стратегиялық инвестордың қолында болғаны тиімді деп есептеледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Дамушы нарықтық жүйелердегі инвестициялық әлеуетті қалыптастырудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын зерттеу үнемі кеңейіп отыратын интеграциялық кеңістіктегі олардың бәсекеге қабілетгілігін жоғарылату жүйесіндегі оны пайдалануды оңтайландыру тетігі бойынша бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер берді.
Бәсекені негіздеу саласындағы оның маңыздылық белгілерінен және түрлерінен бастап реттеу әдістеріне дейінгі ғылыми ізденістер экономикалық теорияда маңызды орын алады. Соңғы он жыл ішінде әлемдік қауымдастыққа жетістікпен кірген және тауарлар мен қызметтердің халықаралық нарықтарында бәсекелесе алатын әртүрлі дамушы нарықтық жүйелерде экономикалық өсудің ерекшеліктері бойынша бірқатар тұжырымдамалар пайда болды. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл бір жағынан жас ұлттық жүйелердің әлемдік шаруашылықтағы өз орындарын анықтауға ұмтылуын көрсететін заңды үрдіс, ал екінші жағынан — өз тауарлары мен қызметтерін өндіруді және өткізуді ұйымдастырудың прогрессивті әдістерін қолдану негізінде өзінің бәсекелестік мәртебесін жоғарылатады. Осы тұрғыдан, елде бар экономикалық әлеуетке сүйенетін, ғылыми негіздеме алған қазақстандық экономиканың әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-елдің қатарына кіруінің стратегиялық бағыттарын айта аламыз.
Біздің ойымызша, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі оның нәтижелілігінің негізгі белгілерінің бірі бола отырып, оның жүйелік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше, жалпылама белгілерден де тұрады. Бұл әсіресе, бәсекелестік артықшылық экономикалық жүйедегі шығындарды төмендетуге мүмкіндіктер беретін және елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін өте аз тәуекелділіктермен әлемдік шаруашылық байланыстарына кіре алатын дағдарыстық жағдайларда көрінеді. Сонымен бір мезгілде осы жағдай қоғамның әртүрлі әлеуеттерінің объективті қажетті іскерлік белсенділігін қолдай отырып әлеуметтік аядағы, әсіресе, оның іскерлік негізін қалыптастыратын жіне өзін әлемдік шаруашылықта жақсы жағынан көрсете алған бизнес-ортадағы қиыншылықтарды азайтады. Бизнес-ортаның дамуы экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің индикаторларының бірі бола отырып өзіне дамушы нарықтық жүйелерде экономиканы одан әрі тұрақты дамыту үшін стратегиялық мақсаттарға пайдаланылатын үлкен әлеуметтік-экономикалық жүктеме алған. Сол арқылы әлемдік шаруашылықта ерекше орны бар дамыған және бір мезгілде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жүйе қажетті мәртебегеқол жеткізеді.
Инвестициялық әлеуеттің нәтижелілігін талдауда ең алдымен экономикалық жүйеде қалыптасқан инвестициялық ағымдардың көлемділігінен, құрылымы мен серпінінен тұратын және оның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін инвестициялық белсенділікті бағалаудың маңызы жоғары. Қазақстандық экономикада және оның негізгі секторларында инвестициялық белсенділікті нығайту үрдісі және инновациялық құрамдас бөліктерді күшейту шеңберінде оның ағымдарын құрылымдау нақты айқындалған. Осылардың барлығы қолда бар инвестициялық әлеуеттің көлемділігі туралы куәландырады және сонымен бірге оның постиндустриалды қоғамға өту кезінде тұрақты түрде функционалдық тұрғыдан жаңаруын көрсетеді.
Экономикалық жүйенің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда нақты секторға бөлінген инвестициялық ағымдардың көлемділігі мен серпінінің үлкен мәні бар. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында оның нақты секторының маңызды салалары мен өндірістерінің материалды-техникалық базасын нығайту үшін көп мөлшерде инвестициялық ресурстардың пайдалнылғаны белгілі. Бірақ инвесторлар үшін әлі де болса елдің отын-энергетика кешені тартымды болып саналады, бұл өз кезегінде көптеген өңдейтін кешендер салаларын дер кезінде әртараптандыруға мүмкіндіктер бермейді. Біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекеи тарапынан дотациялық тетіктер мен басқа да жеңілдңктерді пайдалану негізінде өңдеуші салаларды дамытуға отандық капиталды тартуды күшейту арқылы инвестициялық ағымдарды қайта құрылымдау қажет. Инвестициялық ая бір жағынан , экономикалық жүйедегі дамыған буындардың бірі болса, екінші жағынан — ресурс көзі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Сабден 0. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: бағалау критерийлері мен арттыру жолдары. Алматы, 2010, 142 б.
- Сагандыков С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогноз инвестиционных процессов в экономике. // Алматы, Ғылым, 2011.
- Файзуллина С. Инвестициялық әлеуеттің қайнар көздері. // ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы – Ізденіс, 2011, 33 б.
- Сагадиев К., Канатчинова А. Развитие инвестиционного процесса в РК как фактор преодоления экономического кризиса. //Алматы, Азия- Экономика и жизнь, 2010, №12, 13, 14.
- Үмбетжан Ж. Инвестицияны мемлекеттік реттеу жолдары. // ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылыми журналы – Ізденіс, 2011, 38-40 б.
- Инвестиция туралы 08.02.2003 жылғы Қазақстан Республикасының зандары;
- http://group-global.org/ru/publication/54310-kr-shetel-investiciyasyn-tartudy-zhetildiru-bagyttary
- http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000075_
- Мақыш С.Б. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу.Оқу құралы
- Казақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет: статистикалық жинақ //ҚР статистика агенттігі, Алматы, 2016.
- «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық және құрылыс қызметі», Статистикалық жинақ, Астана, 2016.
- Қазақстан 2016 жылы, Статистикалық жылнамалығы.//Астана, 2016.
- Әлжанов Т. Қазақстандағы инвестициялық ахуал. //Егемен Қазақстан, Республикалық газеті,2012, 6 маусым.
- http://mybiblioteka.su/6-10116.html
- Файзуллина С. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жүйесіндегі инвестициялық әлеуетті оңтайландыру тетігі. Автореферат, Алматы, 2012, 21 б.
- Бітікова Д. Инвестициялық әлеует әспеттелді. //Егемен Қазақстан, Республикалық газеті,2016, 3 желтоқсан.
- http://tezister.net/index.php?newsid=207106&news_page=2
- http://kazakh-tv.kz/kz/view/news_kazakhstan/page_179774_aimaktardyn-investitsiyalyk-aleueti-artyp-keledi
- Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 14.12.2012.
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17.01.2014
- Бохаев Д.Т. «Инвестициялық жобалар – экономиканы дамыту құралы» //ҚазЭУ хабаршысы №4, 2012, 13-17 б.
- http://group-global.org/kk/node/41205
- http://mykonspekts.ru/1-17638.html
- Оразалы С. «Экономикалық басымдықтар және уақыт талабы» // Егемен Қазақстан, Республикалық газеті,2011, 18 сәуір.
- Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы — 2007 жыл, 28 ақпан
- https://egemen.kz/old/?act=readarticle&id=888
- Әліпбай С. Өңдеу саласына бетбұрыс. // ҚазАқпарат, 05.09.2013.
Құрастырғандар: Ақан С., Балтабай Ұ.