ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ИНТЕРНЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Мазмұны

 Кіріспе

Экономикадағы интернет технологиялар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Интернетке негізделген қазіргі электрондық желілік орта қоғам өмірінің барлық салаларына, оның ішінде экономикалық жүйеге де тығыз ене отырып, ақпараттық экономиканы қалыптастырды. Интернет желісі, қатысушыларының құрамы — орналасқан жерлерінен тәуелсіз түтынушылар аудиториясынан бастап,  трансұлттық компаниялар мен мемлекеттік құрылымның өкілдері болып табылатын электрондық бизнес үшін ғаламдық масштабтағы әмбебап іскерлік ортаға айналды.

Интернет арқылы қарым-қатынас жасау, оған қатысушы субъектілер үшін болашақта ұлттық шаруашылық пен халықаралық сауданы, өндірісті және ғылыми-техникалық байланыстарды дамытудағы маңызды міндеттерді жүзеге асыруға зор мүмкіндіктер береді. Ғаламдық ауқымдағы электрондық нарықты ұйымдастыру мен реттеу туралы басқарушылық шешімдерді қабылдау, мемлекеттік электрондық кәсіпкерлікті қолдап, олардың айналымын, салықтық түсімдерін электрондық төлеуге байланысты бірқатар шараларды шешу, сондай-ақ мемлекетгік құрылым мен тұрғындар арасындағы желілік қатынастарды дамыту барысы мемлекеттің алдындағы жүзеге асырылуға тиісті, өзекті мәселелерге айналды. Экономиканың шикізаттан тәуелділігін азайтуда осындай жағдайларды қолға алу, материалдық емес өнімдерді — зияткерлік байлықты және оның ішінде ақпараттық тауарларды өндіріп және қызмет көрсетулерді көбейтуге итермелейді.

Мемлекеттік деңгейдегі электрондық нарықты қалыптастыру үшін осындай нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың болуы қажет. Сұраныс деңгейі әрқашан ұсыныстың көзі және оның өлшемі болып табылады. Сол себепті, электрондық нарықтағы сұранысты қалыптастыру шарттары мемлекеттің ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілу жағдайларынан және де тұрғындардың «ақпараттық теңсіздігін» жою шараларынан тікелей тәуелді. Ақпаратгық дайындығы жоғары қоғам электрондық нарықтың белсенді қатысушылары бола алатындықтан, соған сәйкес, ақпарат пен білім басты құндылыққа айналған қоғамда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін қолдану оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Жапондық экономист           Й. Масуда атап көрсеткендей, ақпараттық қоғамда ақпараттық құндылықтар материалдық құндылықтарға қарағанда үлкен сүйеніш болып табылады және экономика материалдық түрдегі капиталға қарағанда, білімге айналған капиталды жоғары бағалайды.

Қоғамдық қызметтің барлық салаларындағы кеңейтілген қарым-қатынас, нарықтағы өнім мен қызметті тандау мүмкіндігінің артуы, ынтымақтастық шекарасының кеңеюі, әрі бизнес пен ғылымның өзара ұштасып, ақпараттандырылуы, жаңаша таным құралдарының пайда болуы, білімге бағыт бұру, нысандарды электрондық орта үшін сандық түрде бейнелеу жетістіктері, өндірістің инновациялық табиғаты мен виртуалдық сипаты, ғаламдық ауқымдағы ақпараттық ресурстарға жедел түрде қол жеткізу мүмкіндіктері, міне осылардың барлығы ақпараггык қоғамның мәнін аша түседі.

         Ақпараттық қоғамды қалыптастыру үшін:

  • ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту;
  • тұрғындардың компьютерлік сауаттылығын арттыру;
  • ақпаратгық-коммуникациялық технологияларды жаппай қолдану;
  • бірыңғай ақпараітық қоғамды қалыптастыру;
  • ақпараттық технологиялар бойынша мамандарды арнайыдайындау секілді тағы басқа да шараларды жүзеге асыру қажет.

Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды құру 1990 жылдардан басталды. Сол уақыттан бері халық арасында Интернет желісін қолданушылардың саны жоғары қарқынмен артып келеді және ол қазіргі заманғы қолданылатын ресурстардың қажетті құраушыларының бірі ретінде көпшілік үшін өмірлік қажеттілікке айналды. Себебі, Интернет технологиясы Республика тұрғындарын танымдық және жарнамалық ақпарат түрлерімен ғана емес, ақпараттың қаржылық, зияткерлік түрлерімен де қамтамасыз ете бастады. Ол кез келген географиялық аймақтарда әр түрлі ақпаратты жедел жолмен алуға және іскерлік немесе басқа да мәселелерді шешуде қалаған субъектімен жылдам хабарласуға мүмкіндік беріп, яғни ақпараттың таусылмайтын қазынасына айналды.

Г. Бентеко атап көрсеткендей, «Интернет технологиялық кедергілерді бұзып өтіп, виртуалдық экономиканың есігін ашты. Ол өмірдің өзін динамикалық күйде қабылдады және біз бар күшімізбен оған ілесіп жүруге тырысамыз». /1/

Шындығында да, қазіргі замандағы бай және кедей елдердің айырмашылықтары, олардың Интернетке қол жеткізу деңгейінің шамалары арқылы ажыратыла бастады.

Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Интернетке қол жеткізу қағидасын тұрғындардың тұрмыс деңгейінің және елдің экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштерінің қатарына бекерге қосқан жоқ. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1990 жылдардан бастап республика көлемінде белсенді түрде ақпараттандыру шараларын жүзеге асыра бастады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан өзінің алға дамуындағы жаңа серпіліс табалдырығында» атты халыққа Жолдауында айтылған идеясын негізге ала отырып «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын» жүзеге асыру барысы бүгінгі ғаламдану жағдайында әлемдік нарықта шынайы бәсекеге қабілетті ақпараттық технологиялар саласындағы «серпінді» жобаларға ерекше назар аударуды талап етеді.

Мемлекеттің ақпараттық технологиялар саласындағы саясатына сәйкес стратегияларды жүзеге асыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігі жүргізеді. Сондықтан, Қазақстандағы электрондық нарықты зерттеумен негізінен:

  • Қазақстан Республикасының статистика Агенттігі;
  • Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің өзі;
  • ВRIFRеsеагсһ Group компаниясы;
  • КОМКОН-2 Евразия компаниясы;
  • элеуметтанушылар мен саясаттанушылар ассоциациясы (ӘжСА) айналысады. /20/

Осы ұйымдардың зерттеу мәліметтері бойынша Қазақстанда интернет-қызметтер нарығының қызмет етуі үшін Қазақтелеком, Nursat, АSTEL, KazTransCom, Транстелеком, Арна (Ducat), Golden Telecom және аймақтардағы жергілікті провайдерлер белсенді жұмыс жасайды.

Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды қалыптастыру үрдісін жүргізуде негізгі күштер бір-бірімен тығыз байла- нысты электрондық қоғамның, электрондық үкіметтің және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуына бағытталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылдың 12-шілдесіндегі №1059 «Ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың тұжырымдамасы туралы» қатарында «экономика мен басқарудың барлық салаларында жаңа ақпараттық технологияларды жедел енгізуді қамтамасыз ететін қуатты ұлттық инфрақұрылымды құру» қарастырылды. Бұл бағдарламаның қолданылу аясы 2001-2003 жылдарға арналған негізгі мақсаттарды, бағыттар мен іс-шараларды анықтау және оның жолдарын нақтылау болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 16-наурызындағы №573 «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында: «экономикада, мемлекеттік басқаруда, әлеуметтік салада перспективалы акпараттық технологияларды, компьютерлік техника мен телекоммуникациялар жабдығын пайдалануға негізделген жаңа технологиялық укладтарды қалыптастыру» мақсаттары қойылды. 2006 жылдың 13-қазанындағы №995 «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қаулысында: «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету, тұрғындардың компьютерлік сауаттылығының және Интернет желісін қолданушылардың деңгейін 20%-ға жеткізу» мақсатында қоғамды ақпараттандыруды жан-жақты қолдау жолдары қарастырылды./18/. Осы бағдарламадағы материалдар бойынша көтерілген мәселенің қазіргі жағдайы туралы британдық журнал «Экономисттің» жыл сайынғы сараптама бөлімінің хабарлауынша, «Әлемдік Банктің 2006 жылғы мәліметтері бойынша, Қазақстан «2005 жылғы е-дайындықтың соңғы рейтингінде» 68 елдің ішінде 64-орынды, ал Ресей мен Украина сәйкесінше 52 және 61-орындарды иеленді» — деп баяндайды. Бұл рейтинг елдің электрондық бизнес ортасын өлшеу, ондағы Интернет желісіне қосылу мүмкіндіктерін, бизнес ортасы мен құқықтық, саяси, мәдени және әлеуметтік орталардағы электрондық қызметтерді қолдау секілді категорияларын қамтитын 100-ге жуық сандық және сапалық қағидалардан тұратын орташа индекс арқылы анықталды /3/. Әрі қарай, Еуропалық сегіздік елдері 19-шы және 40-шы орындар аралығында, ал алдыңғы қатарлы 5 мемлекет — Америка Құрама Штаттары, Дания, Швеция, Ұлыбритания және Корея — бірнеше жылдар қатарынан жоғары баллдарды иеленіп отырғандығы атап көрсетілген. Сонымен қатар, телекоммуникациялар бойынша Халықаралық одақтың Интернетті қолдануы туралы мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылы Қазақстанда Интернетті қолданушылар саны Республика тұрғындарының жалпы санының 2,7%-ын құраған. Салыстырып қарасақ, Оңтүстік Кореяда, Сингапурда, Жапонияда Интернетті қолданушылардың саны — 67%, Ұлыбританияда — 63%, Данияда — 70%, АҚШ пен Канадада — 68%, Ресейде — 16,5% болып және Эстонияда – 50%-ды құраған Интернет-хосттардың саны 10000 тұрғынға Қазақстанда — 14,69 Ресейде — 59,24; ал Украинада — 27,03 болған. Статистикалық деректер Интернетті қолданушылар санының артып келе жатқандығын байқатады. Қазақстанда 2000-2005 жылдар аралығындағы бұл көрсеткіштің өсу қарқыны — 471,5%, Ресейде — 664,5%, Эстонияда- 82,8%, Канадада — 67,8%, Үлыбританияда — 145,5% болды. /20/

Ақпараттық қоғамды құрудың маңызды шарты халықтың ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді пайдалануға дайындық деңгейі болып табылатындықтан, Интернетті белсенді қолданушылардың санын 4 миллиондай деңгейіне жеткізу көз- делді. Ал қазіргі уақытта бұл шама осы межеден төмендеу болып отыр. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің мәліметтері бойынша, ақпараттық теңсіздікгің алдын алу мақсатында Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау облыстарында тегін компьютерлік курстар ашылып, мың жарымнан астам мемлекеттік қызметкерлер оқытылған. Компьютерлік сауаттылық деңгейін жоғарылатудан басқа, халық үшін компьютерлік техниканың бағасы мен желіге қосу мүмкіндігі де маңызды аспект болып табылатындықтан, соған сәйкес «Халық компьютері» мемлекетгік бағдарламасы жасалынған. Осы мақсатта Alatau IT City ақпараттық технологиялар паркінде жылына бағасы 350 доллардай болатын Glotur компаниясының 60 мындай компьютерін, LogyCom компаниясының 150 мындай компьютерін өңдейтін жинақтау жүйесін іске қосу жоспарланған./4/

Республика тұрғындарының Интернет желісін өспелі қарқынмен қолданып келе жатқандығын 1-сурет арқылы ММІ gallup media asia компаниясы ұсынған 2014 жылғы қыркүйек айындағы деректер негізінде көруге болады. Онда Қазақстан аймағы бойынша Интернет желісіндегі ақпаратгық қызмет түрлерінің жартыжылдық аралығындағы ара қатынастарының өспелі өзгерістері бейнеленген түрлерінін жартыжылдық аралығындағы ара қатынастарының еспелі өзгерістері бейнеленген.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-115

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-121

Интернетті қолданудың негізгі мақсаттарын 1- суреттен көре отырып, желілік қызметтердің ішінен коммуникациялық түрдегі, яғни электрондық поштаға, ақпаратты іздеуге қатысты қызмет көрсетулердің басымдығын байқаймыз. Келесі, ақпаратты іздеу және онлайн қызметтерінің де тұрғындар арасында кеңінен қолданылатыны байқалады.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-116

2-Сурет. Азаматтардың 2014 жыл бойынша ақпараттарды қолдану деңгейі.

ҚР Статистика Агенттігінің ақпараты бойынша

Қазақстанда тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейінің артуы 2-суретте келтірілгендей және оның ішінде Интернет желісіне кіру қарқынының дамуы 2-суретте көрсетілгендей, өспелі сипатқа ие болып отыр. Бұл күндері Интернет аудиториясының көлемі артып және 40-45 мыңға жуық ерекше қолданушылары бар чемпион-сайттар жарнаманың құнды арнасына айналды.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%bc%d0%bc%d0%b0-117

        3- Сурет. Қазақстан Республикасы тұрғындарының 2014 жыл бойынша  

компьютерлік сауаттылық деңгейі, %

ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша

ІСТ-Маrketing зерттеу компаниясының 2015 жылдың аяғындағы деректері бойынша, Қазақстандағы интернет-аудиториядағы қолданушылардың саны 3,16 млн. адамды немесе тұрғындардьщ 19,8%-ын қамтыды. Бұл көрсеткіш 2014 жылғы интернет-аудиториясының 30%-ға өскенін білдіреді. Тұрғындардың Интернет желісіне жұмыс орындарынан гөрі, үйлерінде байланысқа түсулері қарқынды өскен. Интернетке әрбір он жаняұның сегізі кең жолақты желімен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Мегалайн қызметін қолдану арқылы енуде. /5/

Республика көлеміндегі — білім беру, біліктілікті арттыру шараларына қатысты көрсеткіштер оқу орындарындағы қашықтықтан оқыту үрдісінде желілік технологиялардың қолданылып отырғандығын білдіреді. Қазақстанда оқу жүйесінің бұл түрі енді дамып келе жатқандығын ескерсек, салыстырмалы түрде ол әсіресе Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау об- лыстарында жоғары мәнге ие болып отыр. Ал желі ортасындағы тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу үрдісі электрондық бизнес барысының әлі даму үстінде екендігінен хабардар етеді.

Қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен желі арқылы байланысу салыстырмалы түрде Маңғыстау, Астана және Алматы қалаларының тұрғындарының арасында басымдық танытады.

Телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласындағы зерттеулерге маманданған ІСТ-Marketibg тәуелсіз зерттеу компаниясының материалдары бойынша Қазақстандағы Интернеттің дамуына көп жағдайда себеп болатын маңызды көрсеткіш — үй шаруашылықтарын компьютерлендіру деңгейі болып табылады. Егер 2014 жылдың қыркүйек айында жанұялардың 37%-ы компьютермен қамтамасыз етілген болса, 2015 жылғы қазан айында бұл көрсеткіш 42%-ды құраған, сондай-ақ, осы жылы Интернет желісі көбінесе веб-беттерді оку және электрондық поштамен жұмыс жасау үшін пайдаланылса, 2015 жылы оны қолдану барынша әр түрлі бағытта жүргізіле бастаған./4/ Атап айтқанда, музыканы және бейнероликтерді көшірушілер, форумдарға, ІСр (желі ортасьндағы аудиобайланыс) және соған ұқсас бағдарламаларға қатынасу үлесі артты.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-118

4-Сурет. Қазақстандағы 2015 жыл бойынша электрондық қызметтерді және

Интернетті қолданушылардың өсуі

ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша

Интернет-технологиялар неғұрлым дамыған сайын, соғұрлым желілердің болашағын елестету қиындай түседі. Бірақ, айтылғандай технологияның келешегі бүгіннен басталады. Және бүгінде ұшқыштық үлгілер түрінде бар көптеген пионерлік өңделулер жақын арада көбісіне қол жетерлік болатыны және Интернетке жаңа мазмұн беретіні мүлтіксіз.

Тенденцияның біреуі Интернетке қатынас бірте-бірте кеңжазықтықты болып жатыр. Жоғары жылдамдықты қатынастың көп жерде таралуы қатынасты мәнді түрде кеңейтуге рұқсат береді, мысалы, интерактивті оқу формаларына және көңіл көтеруге. Жақын келешектің ағындық видеосы бүгінде мәтінге қол жетсе, дәл солай Желі бойынша қол жетерлік болады. Таралған практика сіз қалаған уақытта ұнаған фильм тапсырысы және жіберілуі болады. Білім алу мақсатында дүние жүзі бойынша ел аралау қажеттілігі барынша азаяды. Қызықтырған дисциплина бойынша кез келген профессордың дәрісін тыңдауға болады. Глобальды Желінің мүмкіндігін барынша өзгертетін екінші бір қажетті бағыт – бүл Интернетке қатынасы бар ұялы құрылғылардың кең өте таралуы. Ұялы құрылғылар тәулігіне 24 сағат кез келген орында Интернетке қатынасты рұқсат етеді. 3G класы желісінің таралуы бар мүмкін смартфондар және коммуникаторлармен Желіге тезаралық кеңтүзулік қатынасты қолдануға рұқсат етеді. Ұялы құрылғылар базасында оған қатынас арқылы Желімен өзінің тұрмысын және демалысын үдіксіз байланыстыратын адамдардың жаңа ұрпағы қалыптасады. Бүгінде жаңа термин «always on generation» — «кез келген уақытта Желі бойынша қол жетерлік ұрпақ» пайда болды./6/

Ұялы құрылғылар Желіге сапалы жаңа қажеттілікті үндеуін құрайды. Сымсыз ұялы құрылғылардың қол жетерлігі және таратылуы жұмыссыз уақыта Желіге қатынасты тезарада (минуттан аз) алатын мүмкіндікке ие болатын адамдардың көп санының пайда болуына әкеледі. Бұл адамдар тобы тауар таңдау бойынша, демалыс пен емделуді қоса түрлі облыстардағы қызметтер бойынша шешімді қабылдау үшін ұялы құрылғылардыңк қолдануына мүмкіндікке ие болады. Бұл өз кезегіне топтардың толық қатарының өзара әрекеттесуіне барынша өзгерістерді әкеледі: сатушы – сатып алушы, дәрігер – ауру және т.б. Мысалы, көптеген емделушілер денсаулық жағдайының мониторингі үшін ұялы құрылғыларды қолдана алады. Ұялы құрылғылар емделушінің жағдайы жайында дәрігерді түрақты түрде ақпарат беріп тұрады. Аз сериялы партиялар ретінде мұндай құрылғылар бүгіннің өзінде шығарылып жатыр. Ақпаратты жіберу үшін емделуші белбеуінде ұсатылынып тұратын пейджер өлшемімен арнайы құрылғы қолданылады. Соннан соң тезарада мұндай технологиялар практикамен таратылған болады. Келешекте ұялы құрылғылар бара-бара аз бола бастайды және тері астын имплантациялана бастайды. Ұялы құрылғыларды енгізу интернет-қызметтерді қолдану сферасында өзара әрекеттесуді радикалды түрде өзгерте алады. Бұл Интернеттің өзі пайда болуынан бұл сфераға үлкен әсер тигізеді.

Қолданушылар үй ДК, интерактивті телеарна, ұялы телефондар, PDA, электронды ойыншықтар, сандық камералар және басқа да ұялы құрылғылар арқылы Желіге сымды және сымсыз қатынасты қолдану есебінде жұмыссыз уақытта Желіге қатынасқа ие бола алады. Ұялы құрылғылардың және ұялы бизнестің дамуы абоненттік төлемге және аппаратық платформа құнына бағаның төмендеуін сипаттайды. Жаңа технологиялар ертеде принципиалды мүмкін емес болған қызметтерді қолдануды мүмкінді қылады. Мысалы, пайдалануышының кординатын анықтау пайдаланушыға жақын магазиндер – «кез келген жердегі кез келген қызмет» тауарларының ұсыны сияқты қызметтеді мүмкін қылады. Жаңа ұялы құрылғылардың типтер саны форма және өлшемге көзқарасы өте тез өсе бастайды, және сол уақытта олардың көпфункционалдығы, жады көлемінің ұзындығы және процессорлық қуаттылығы үлкее бастайды.

Бүгінгі күнде пайда болған құрылғылар типтері арасындағы шекара (бизнес-дербес көмекші, телефон + дербес көмекші, ойыншық + дербес көмекші) бара-бара өшіріледі.

Интернет-технология дамуының анықталған стимулы Интернет бойынша олармен басқару мүмкіндігімен Желіге шығуымен бірегей үй желілерінде үй электроникасы және электротұрмыстық өнімдердің қосылу тенденциясы болып табылады. Офиста отыра робот-шансорғы жұмысын бақылауға, телехабарды жазу немесе асты үйге келгенше жылытуға болады.

Дамуды алатын келесі тенденция Интернет бизнестің кіріспесі секілді бара-бара көп мөлшерде шығатыны қорытындыланады.

Міне, бүгін біз корпоративті ақпараттық жүйелермен интеграцияланған бизнесті енгізу күрделі қосымшаларында статистикалық HTML-беттердің үңгірінен Web-қосымшалар эволюциясы тезарада болып жатқанын көреміз.

Қазіргі нарықтағы компанияның бар болуының демонстрациясы құрылғыларынан Web-сайттар тауарлар және қызметтер сатылу инструментіне өтеді. Ұялы бизнес келешегі көзқарасынан технология үш фаза арқылы өтеді: электрондық коммерция стадиясы (E-Business) – деректердің процессорлық өңделуі берілген компьютерлердің есебі болып табылатын бизнеспен сипатталады, және деректердің жіберілуі сым бойынша жүреді, ал Интернет тұтынушылар және жұмыскерлер үшін деректерге қатынастың тағы бір каналын қосады. Бұл периодтың негізгі бөлігі – бұл дәл бизнес-процесінің өзінде бар өзгерістерсіз «Web-ке шығыс». /9/ Екінші бөлігі — MC-Business (MultiChanel Business — көпканалды бизнес)- түрлі формада, өлшемде құрылғылар өте үлкен санымен қамтылған және ақпаратты өңдеуге ерекшелігімен ортада ағатын бизнеспен сипатталады. Бұнымен қоса, ақпаратты өңдеудің негізгі бөлігі, сонымен қатар, PDA секілді ұялы құрылғылармен, ұялы телефондар жцне оларға қатысты құрылғылар орындалады. Ұйым канал астында құрылғылар комбинациясы, әрекеттесу тәсілі (мысалы WAP) және каналдың коммерциялық жабдығы (сол немесе басқа провайдер) сипатталатын бірнеше каналдар қолданылады. Үшінші бөлігі – Supranet. Gartner Group аналитикалық компанияныі анықтамасына сәйкес бұл фаза физикалық және электрондық әлемдер біріккенде пайда болады. Бұл бөлікте процессорлық тышқан және сымсыз байланыс каналдарына қатынас тұрмыстық өнімдер және ойыншықтарды қоса отырып, көпсандықтардан (экзотикалық құрылғылардың өзі де) мүмкін. Бұнымен Интернет бойынша тек аудио және видео ғана жіберуге болады, бірақ сонымен қатар түйсіну сезімдері, иіс және жарнамалық өнімдердің дәмді де жіберуге болады.

Интернет желісін күнделікті қызметте және тұрмыста қолданудың негізгі мақсаттары электрондық поштамен байланысу және ақпарат іздеу шаралары болса, содан кейін білім беру үрдісінде қолдану, әрі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау болып, ал тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алуда салыстырмалы түрде азкөлемде қолданылатындығы 2-кестеден байқалады.

Келесі 1-кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның коммуникациялық нарығында тіркеулі байланыс, ұялы байланыс пен Интернетке қол жеткізу арқылы төмендей түсуде.

1-кесте. Қазақстан Республикасындағы 2013-2015 жылдар арасындағы  коммуникациялық нарықты құрылымы

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-122

 ҚР Статистикалық Агенттігінің ақпараты бойынша

2015 жылдың I тоқсанындағы Интернет қызметтердің көлемі 2014 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 73,4%-ға артып, ал тіркеулі байланыс пен ұялы байланыс табыстары сәйкесінше 26,7%  және 34,6%-ға өскен.

Ал 2015 жылы Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің деректері бойынша әрбір 100 тұрғынға шаққанда тіркеулі байланыс 24 адамға, ұялы байланыс 32 адамға және Интернет арқылы байланыс 9 адамға сәйкес келеді екен./18/

Демек, әлемдік қаржы дағдарысы Қазақстанның құрылыс және қаржы салаларын күтпеген жерден қиын жағдайға қалдырса да, ақпараттық технологияға қатысты нарық түрлерінің ішінде ұялы байланыс қызметтерінің нарығы жанданып, IkS-consulting сараптама Агенттігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2014 жылғы төртінші тоқсанның басында ұялы байланыс — 76%-ды құрап, бұл дағдарыстық кұбылыстың ұялы байланыс нарығының жағдайына ешбір әсер етпегендігін көрсетеді.  Сондай-ақ, электрондық коммерцияға қатысушылардың да тұрақтылығы сезінуде.

Дегенмен, салыстыру үшін Ресейде Интернетгі қолданушылардың саны 20%, Эстонияда — 50%, Оңтүстік Кореяда — 65,9% Канадада — 71% көрсеткіштерін құрайтындығын айтуға болады. Қазақстандағы қолданушылардың бір жыл ішінде 100 мыңға артуы, ең алдымен, интернет-қызметтің бағасына және «Қазақтелекомнан» акционерлік қоғамына қатысы «Меgalinе» арқылы Интернет қызметіне кең ауқымды қол жеткізу мүмкіндіктерінің қалыптасуына байланысты.   Сондыктан да, Қазақстандықтардың көп бөлігі үйде де, жұмыста да әлемдік желіге кіру мүмкіндіктеріне ие болып отыр. 2014 жылы республика бойынша мектептердің 96%-ы жоғары жылдамдықтағы Интернетке қосылу арналарымен жабдықталған. /10/

2015 жылдың басынан бастап, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы компаниялар үшін шектеусіз қол жеткізу бағасын 2 еседен астам және интернет-провайдерлер үшін тарифтерді 3 есеге дейін төмендетті. «Меgalinе» қызметінің жылдамдығы екі есеге өсті.

Жоғарыда беріліп кеткен 2-кестедегі мәліметтерге сәйкес, Интернет желісі сипаттайтын қызметтердің арасында тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алу көрсеткіші өте төмен деңгейді көрсетеді. Яғни, бұл Қазақстанда В2С, G2С үлгілері бойынша электрондық бизнес үшін Интернетті қолдану өте төмен екендігін білдіреді. Бірақ, үкімет тарапынан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуды қолдауда жыл сайын түрлі бағдарламалар жасалып, оны жүзеге асыруға қажетті шаралар жүргізілуде.

В2С, G2С үлгілері бойынша электрондық бизнестің әлсіз қызмет етуіне электрондық әмияндар мен төлемдердің жеткіліксіз дамуы, тауарларды тұтынушыларға жеткізудің логистикалық жүйелерінің болмауы ықпал етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда электрондық төлемдер жүйесін «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы кеңінен ұсынуда. Бұл жүйелер негізінен интернет-дүкендерде қолданылады, солардың ішінде Elfinа (ойыншықтардың интернет-дүкені), ІВS Group (кеңселік және банктік құралдарды сатудың интернет-дүкені), Іnternet-маркет SІМ-SІМ (виртуалдық сауда алаңы), press.kz (баспалық өнім дүкені) және басқалар бар.

Ақпараттық ортаны зерттеушілердің пікірінше, электрондық төлем жүйелері электрондық нарықты құру негіздерінің бірі болып табылады. Электрондық ақшаға қол жеткізуде халықтың электрондық шотты ашуын жеңілдету тәсілі электрондық биз- нестің көмегімен келісімдерді белсенді түрде күшейтуге мүмкіндік береді.

Электрондық бизнесте пайдалы ақпараттың алмасу жылдамдығы және сатушылар мен сатып алушылардың бірін-бірі жылдам табу мүмкіндіктері оның артықшылығы болып, сонымен қатар келісім шығындарын азайта отырып, электрондық ортаның пайдалылығын арттырады. Дегенмен, электрондық ортада электрондық бизнестің дамуының баяулығына желідегі төлемдер менесептесулерді қорғау шараларының әлсіздігін жатқызуға болады. Мұндай жағымсыз жағдайлар қатардағы тұтынушыларға әсер етіп, интернет-дүкендердегі сатып алушылар аудиториясын қысқартады.

Интернет арқылы сатып алынған тауарларға төлем жасау үшін қолданылатын есеп айырысулардың әдісі желі ортасынан тыс жэне желі ортасы шеңберінде есептеледі.

Қазақстан халқы, халықаралық интеграциялық үрдістердің қатысушысы ретінде, желілік ортадағы есептесулер үшін WebMoney төлем жүйесінің мүмкіндіктерін қолданады. Бүгінгі күні Қазақстанда түрлі қаржылық амалдарды жүзеге асыру үшін жүйені күнделікті қолданғанды ұнататын бірнеше мындаған белсенді қолданушылар бар. WebMoney төлем жүйесінің көмегімен жүйенің басқа қолданушыларына аударымдар жасауға, төлемдер қабылдап, қарыз беруге жэне алуға, басқа да қызметтерді жүзеге асыруға болады. Бұл төлем жүйесі интернет-келісімге қатысушы тараптардың барлығын қауіпсіз қызметтің жеткілікті жиынымен қамтамасыз етеді.

Қазақстанда интернет-банкинг қызметін 300 мыңға жуық адам пайдаланады. Бұл халықтың бар болғаны аздаған 2-3%-ы ғана. Скандинавия елдерінде мұндай қолданушылардың саны біршама жоғары — Еуропаның әрбір еліндегі халықтың кем дегенде 50-60%-ын құрайды. Интернет-банкинг жүйесі төлем карточкалары бар және бүкіл әлемдік Интернет желісіне шыға алатын тұтынушыларға арналған.

Интернет-банкинг виртуалдық сипатта болғандықтан, оған кез келген уақытта, кез келген жерде қол жеткізуге болады. Қазақстанда бұл салада Халық банкісі көшбасшы болып табылады. Ол Қазақстанда ең алғаш электрондық-сандық қол қоюды енгізген банк. Интернет-банкинг жүйесі тұтынушыларға нақты уақыт тәртібінде өзінің шоты бойынша барлық қозғалыстарды бакылауға, жеке зейнетақы шоты бойынша көшірмелерді алуға, депозиттік интернет-салымдарды теңге, доллар және евро бойынша ашуға, жабуға, әлемнің кез келген нүктесінен өзінің Интер- неттегі электрондық шотына аударымдарды қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнда, электрондық сандық сипаттағы қол қою және тұтынушыларды қолдаудың тәуліктік қызметі олардың қаржылық амалдарын қорғаудың сенімді тетігі болып табылады.

Сонымен қатар, түтынушыларды электрондық бизнеске тарту үшін Интернетті қолданушылар инновацияларға бейім болуықажет.

Қазіргі уақыттағы кезеңдерде Қазақстандағы ақпараттық технологияларды белсенді тұтынушылар — G2В және G2С үлгілері бойынша мемлекеттің өзі, В2G және В2В үлгілері арқылы мұнай- газ секторының компаниялары, банктік-қаржылық жүйелер негізіндегі G2В, В2В, В2С жэне G2С үлгілері болып табылады. /11/

Қазақстан халқының ақпараттық дайындық деңгейін талдау нәтижелерінің көрсетуі бойынша, республикада электрондық нарықтың, соның ішінде электрондық бизнестің қызмет етуі үшін мүмкіндігінше барлық жағдайлар жасалғанын байқатады. Қазақстандық Интернет ортасында В2С (компания-тұтынушыға) және С2С (тұтынушы-тұтынушыға) электрондық бизнес үлгілері толығымен қызмет ете алады. Тек, бұл үшін электрондық ортаның сатушыларына интернет-дүкендерді ашудағы белсенділігін дамытуда Қазақстан Республикасы аумағынан ғана емес, шетелдерден де тұтынушыларды тарта білу үшін өздерін жақсы деңгейде жарнамалай білулері қажет. В2С үлгісі бойынша интернет-сауда сек- торында жұмыс істейтін компаниялар сатып алушыларға жылжымайтын мүліктерден бастап, майда заттарға дейінгі тауарлардың кең ауқымын ұсынады. «Бизнес-тұтынушы» секторына, интернет- дүкендер арқылы жеке саудадан басқа, банктік қаржылық амалдарды (һоme banking) жүзеге асыру, делдалдық қызметтер көрсету, сақтандыру және тағы басқалар жатады. Бүгінгі күні жеке сектор электрондық коммерциядағы неғұрлым дамыған секторлардың біріне саналады.

Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың компаниялар мен тұрғындардың арасындағы электрондық байланыстар бойынша таралу деңгейін дамыған мемлекеттермен салыстырған ол төменгі көрсеткішпен ерекшеленеді. Республика бойынша ақпаратгық технологияларды терең сипаттайтын статистикалықкөрсеткіштерді өндеуді ұйымдастыру жолдары қалыптаспаған Желілік әлемге дайындық индексі бойынша 5-суретте қөрсетілгендей, Қазақстан әлем елдері арасында 71-орынды иеленеді.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-119

5- Сурет. Желілік әлемге дайындық индексі бойынша елдер дін орындары,(2014-2015 жылдар), барлығы 127 ел

http://infoforum.ru материалдары бойынша құрастырылған

Қазақстандық интернет-дүкендерді кұру 1999  жылы басталғандығын ескерсек, қазіргі кезде Қазнетте 30-ға жуык дүкендер қызмет етеді. 2015 жылы дүкендердің көпшілігі Алматы және Астана қалаларының нарығына бағдарланып қызмет көрсеткен./18/

Көптеген тапсырыстар аймақтардан түскен, себебі шағын қалалардағы немесе шалғай жерлердегі техникалық тауарларға баға деңгейінің жоғары болуына байланысты арзан тауар іздеген сатып алушылар интернет-дүкендердің қызметін пайдалануға мәжбүр болды. Сатылған тауарлардың негізгі үлесі кітап, аудио, бейне, СD, DVD сияқты «сандық тауарларға», яғни тікелей және жылдам желі арқылы жеткізілетін тауарларға келеді.

Әлемдік ауқымда осындай компаниялардың ең ірі өкілі — Америкада орналасқан Amazon.com фирмасы болып табылады. Оның әзірде бүкіл әлем бойынша 30 миллионға жуық тұтынушылары бар. Электрондық бизнестің мұндай түрі компанияның өзіне ғана емес және оның өкілдері орналасқан мемлекетке де жағымды ықпал етеді. Мұндай компаниялар, бүкіл әлем бойынша ғаламдық денгейдегі халықтың сұранысын қанағаттандыра отырып, әсіресе техникалық білімі бар мамандарға жұмыс орындарын ұсыну арқылы еңбек нарығындағы сұранысты да күшейтуге ат салысады. Сонымен қатар, В2С үлгісінің көмегімен сатуды арттыра отырып, елдің экспортының өсуін ынталандырады және сатып алу шығындарын азайтып, мемлекеттің кірісін толтырады.

Жоғарыда аталған шараларға қарамастан, Қазақстандағы интернет-нарық бәсекеге қабілеттілік деңгейге жете алмай отыр. Бұған желілік байланыстың қожайыны ретіндегі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының монополиялық жағдайы кедергі жасайды. Ол бәсекелестік деңгейіне белсенді ықпал ете отырып, операторлық нарыққа және жеке нарыққа қызмет көрсетеді. Сол себепті, сымсыз желі құрылысы арқылы WiMax сияқты ірі баламалы операторларды дамыту қажет, бірақ бүгінде осындай байланыстың инновациялық технологиясын «Арна», «Радиобайланыс», KazTransCom, Vcom қолданады./13/

Ғаламдық және ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның даму қарқынын анықтайтын басты факторларға — инфрақұрылымның қазіргі жағдайы, сыбайлас салалардың интеграциялық деңгейі, қоғамның қажеттіліктері, бәсекелестік деңгейін көтеру жататындығын ескерсек, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің бағалауы бойынша оларды Қазақстанда әлі де болса жақсарта түсу қажет болып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның ағымдағы жағдайы ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық және еңбек ресурстары арқылы анықталады. Оларды ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым тұрғысынан қарастырсақ, қолда бар байланыс құралдарының санын, байланыс сымдары мен байланыс арналарының техникалық жағдайын, компьютерлік технологиялардың таралуын және басқаларды ескерген дұрыс.

Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялық қызмет нарығы, соның ішінде ұялы байланыс және Интернет желісінің қызметі қарқынды дамып келеді, оны жоғарыдағы 2-сурет мәліметтері де растайды.

Келесі фактор — бір-бірімен байланысты, іргелес салалардың интеграциялық деңгейі және олардың өзара қатынастары да бұл мәселені толықтай көрсетеді. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым индустриясы үшін оның іргелес салаларына — компьютер және тұрмыстық электроника жасау, телекоммуникация, көңіл көтеру индустриясы, сонымен қатар шығармашылық туындыларды жасау секілді өзара байланысты салалар жатады. Сондықтан да, республикада Интернетке кең ауқымды енуді, техникалық (компьютерлік құралдар) және бағдарламалық жабдықтауларды дамыту қажет. Республикада бұл мақсатта Alatau IT Сіtу ақпараттық технологиялр паркі қызмет етеді және онда соңғы кезде серверлік құралдарды да жинастыру қарастырылуда. Бұдан басқа, ақпараттық технологиялардың отандық нарығында микроэлектроника құралдарының құраушы бөліктерін жекелеп сату дами бастады. Себебі, әзірге әлемде Еуропа елдері телекоммуникациядағы, әсіресе сымсыз байланыс саласындағы өзінің жетістіктерімен ерекшеленуде.

Интернет жұмыстың эффективтілігіне әсер етіп, фирмалардың арасында бәсекелестік Еліміздегі  Интернетке экономикалық тұрғыдағы операцияларды жүргізу үшін қатынаушылардың деңгейі жөнінде дәл көрсеткіш жоқ: түрлі статистикалық

деректер бойынша бар болғаны 11-12 пайыз шамасын құрайды. Kaznet-ттің серпінді дамуы үшін не қажет? Бірінші кезекте, әрине, интернет-ресурстар қажет. Өкінішке орай, осының салдарынан трафиктің 90 пайызы Runet-ке кетіп отыр. Контенттің жеткілікті түрде танымал болмай отырғаны және тар сегменттелуі туралы мына факті –қазақстандық өлшем бойынша айтарлықтай беделді сайттар 1-1,5 мың шамасында өздеріне қатынағандарды тіркегені айғақ бола алады. Runet үшін бұл көрсеткіш теңізге тамған тамшыдай ғана, күлкі туғызатын жағдай.Kz доменіне шығу –өсіп отырған экономика үшін толығымен табиғи үдеріс. Өзін беделді санайтын кез келген компания үшін онда өз сайтының болуы кәдімгі қажеттілік. Алайда көптеген бизнесмендер әзірге Интернетті өз клиенттерімен байланысатын коммуникацияның маңызды арнасы деп санамайды және бизнесті жүргізу мен дамыту үшін оны нашар пайдалануда. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда интернет қолданушыларының саны 4,3 млн халықты құраған, бұл дегеніңіз ел халқының 26,5 пайыз үлесі?! Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда елімізде интернет қолданушылар санының 30 пайызға артқанын көрсетеді. Ең қызығы, ел азаматтарының 94 пайызы интернетті айына бірнеше рет, не одан да жиірек қолданатын көрінеді/24/. Бұл зерттеулерді «ICT-Marketing» тәуелсіз зерттеу компаниясы (www.ictm.kz) жүргізіпті. Интернет үлкен идеологиялық құрал болғандықтан, оны дұрыс пайдалана білген жөн.

Экономикалық тұрғыдан озық елдердің дамуына жасалған талдау –білім беру жүйесін ақпараттандыру кейін олардың экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің жедел дамуының басты шарттарының бірі болғанын көрсетеді.Еліміздің қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы компьютерлік технологияны жаппай пайдаланумен сипатталады. Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз.

Бұл –біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады.Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы, білім берудің мақсаты –терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Тәжірибе көрсеткендей, Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың бір шарты -сабақтарды педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану арқылы өткізу үшін онымен жұмыс жасау жөніндегі нұсқаулықтардың болуы. Үйретушінің уақыты жеткілікті және жұмысты орындауға деген тілегі болған жағдайда, ол үйретуші бағдарламаның мазмұнымен тереңірек танысып, мұндай нұсқаулықтарды өзі де құра алады.

Қорытынды

Қоғамның қажеттіліктері жыл сайын өсуде. Қазіргі жағдайда қандай да бір өнімге үлкен қажеттілік туындаған кезде, сәйкесінше, оны өндірушілердің саны жылдам өсіп, ішкі нарықта шетелдік жеткізушілер пайда болады. Ақпараттық технологиялар саласында Америка Құрама Штаттары көшбасшылық етіп, Еуропа елдері мен Жапония да оған жеткілікті жақын позиция- ларды иеленуде. Бизнес тарапынан бұл елдердің қажеттіліктерін салыстыруға болады, бірақ қатардағы тұтынушылық сұраныс саласында американдықтардың компьютерлік технологияға да, пікір алмасу сервисіне де қажеттіліктері еуропалықтардан асып түседі. Сонымен қатар, Еуропа шеңберіндегі елдердің арасында үлкен айырмашылықтар бар.

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға ішкі және галамдық бәсекелестік те тән. Қазіргі жағдайда әлемдік ауқымда көшбасшы-өндірушілердің пайда болуы қатаң ішкі бәсекенің занды нәтижесі болып табылады. Бұл ерекшеленген маңызды салада жоғарыда айтылған Америка Құрама Штаттары мен Еуропа елдері жэне Жапония басып озады. Мұнда, Америка Құрама Штаттары интерактивті қызмет көрсететін фирмалардың көп жылғы тәжірибесімен ерекшеленеді. Еуропамен салыстырғанда америкалық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым екі жағдай бойынша неғұрлым бәсекеге қабілетті, олар: байланыс қызметінің құнының неғұрлым төмендігі және желіге неғұрлым жеңіл қосылуы. Соған қарамастан, әлі күнге ішкі бәсекелестік мәселесін толығымен шешкен бір де бір ел жоқ. Тіпті, Америка Құрама Штаттарының өзінде қоғамдық телефон желісін, кабельдік теледидарды, сым және сымсыз байланыс желілерін және басқаларды либерализациялау тұрғысында қатаң талқылау жүргізілуде.

Қазіргі уақытта,нарықтық шаруашылықтың ең негізгі категорияларының бірі болып тұтынушылық сұраныс табылыды.Қазіргі экономика жағдайында тұтынушылық сұранысқа алуан түрлі фактрлар әсер етеді. Әсіресе, жарнама қызметі маңызды орында. . Ғаламтор бар жерлерде шәкірттерді барынша оны тиімді, пайдалы жақтарымен таныстырып, мүмкіндіктерін арттыра беруіміз шарт.

Елімізде интернет жобаларды жүзеге асыратын мамандардың тәжірибесі аз болғаны салдарынан осы салаға инвесторлар келмей жатыр. Ал жалпы елімізде интернет индустрияның қызметіне сұраныс бар. Көптеген кәсіпкерлерге жұмысын тиімді жүргізу үшін ғаламторды пайдалану керек-ақ.Ғаламтордың барлық потенциалын пайдалана білу қабілеті жас қазақстандықтардың бойына міндетті түрде ендірілуі тиіс. Оның табыстарын тез арада көруге болады, бұл ғаламтордң тағы да бір ерекше мүмкіндігі. Жылдамдық, тиімділік, инновациялық шешімдерге қолжетімділігі интернет маркетингті ірі ақпараттық құрал ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта әрбір қазақстандық ақпараттық ғасырдың толық мүшесі болсын десек, бұл саланы толық дамыту керек.  Қазіргі ақпараттық қоғамның жағдайы электрондық бизнестің сәтті қызмет етуінің кепілі ретінде, оған қатысушылардың қатарын қалыптастырып, дамытудың әзірге төменгі деңгейінде екендігін тұжырымдайды.

Сол себепті, ақпараттық қоғамның дамуын жоғарылату үшін Республикада Интернет желісінің қолайлы және жоғары сапалы қызметін ауқымды түрде жүзеге асыру қажет. Халық арасында ақпараттық қоғамның артықшылықтары мен оның жалпы мәселелерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық қоғамға қатысты тұрғындардың қажеттіліктерін айқындау керек. Осы мақсатта азаматтар мен Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің арасында интерактивті тәртіптегі пікір алмасуды өткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялық мүмкіндіктерді қолдану қажет. Себебі, Қазақстан үшін ақпараттық қоғамды құрудың басты мақсаты – дамыған 30 елінің қатарына кіріп республика тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту.

Қолданған әдебиеттер:

  1. Беленов О. Н.Стадниченко Л. И.“Поведение потребителей: Учебное пособие. 2014г.- 224 с
  2. Белобродский А. А. “Организация интернет — торговли”. Материалы Межрегиональной научно практической конференции “Электронный бизнес: опыт и перспективы”. 2014 г. 98 с.
  3. Белобродский А. А. “Влияние онлайновых социально-экономических подсистем на развитие экономики”. Сборник статей международной научно практической конференции: “Управление изменениями в социально- экономических системах”. 2014г. 200 с.
  4. Белобродский В. А. “Спэм как способ рекламы товара”. Материалы Межрегиональной научно практической конференции “Электронный бизнес: опыт и перспективы”. 2014 г. 98 с.
  5. Гарнаев А. Ю. “Excel, VBA, Internet в экономике и финансах”. 2015 г. 816 с.
  6. Дубровина Д. А., Середа А. Ю. “Увеличение посещаемости интернет — проекта”. Материалы Межрегиональной научно практической конференции “Электронный бизнес: опыт и перспективы”. 2014 г. 98 с.
  7. Дэниел Эймор “Электронный бизнес: эволюция и/или революция”. 2014 г. — 752 с.
  8. Котлер Ф. “Основы маркетинга”. АО «КОРУНА», АОЗТ «Литера плюс». 2014 г. — 699 с.
  9. Багиев Г. Л., Успенский И. В., Ченцов В. И. Интерактивные модели маркетинговых решений на виртуальных рынках.. 2014г. – 152 с.
  10. Крутиков Ф.А. организация и методы изучения спроса на непродовольственные товары // Справочник товароведа// Т.Г. Богатырева, Ю.П. Грызанов, Е.Е. Задесенец, М.:Экономика. 2015г.
  11. Цвылев Р.И., Постиндустриальное развития. М.: Наука, 2015. 206 с.
  12. Маркетинг по нотам: практический курс на российских примерах: учебник / под редакцией Л.А. Данченко. 2014г. 756с.
  13. Интернет-маркетинг. И.В. Успенский / Учебник. 2015г.
  14. Галкин С. Е. Бизнес в Интернет. 2014г. — 124 с.
  15. Гуров Г. Г. Интернет для бизнеса.2015г. 102с.
  16. Принцип электронного бизнеса / Перевод: Рубцов В., Грачева М.В. 2015г. – 256 с.
  17. Соколова А. Н., Геращенко Н. И. Электронная коммерция: мировой и российский опыт. 2014г. -263 с.
  18. infoforum.com
  19. ҚР Статистикалық Агенттігі
  20. Байшоланова Қ.С. «Электрондық бизнес» 2010 ж.
  21. ictm.kz
  22. Кутуков В. Как победить в Интернет через эффективный маркетинг. Краткий
  23. справочник руководителя. -М., 2014. -30 с.
  24. Шеденов У.К., Романов А.С. Формирование современного рынка рекламы в Республике    Казахстан.// «Экономика Казахстана», No 1, 2015.
  25. Интернет: информационно-аналитические понятия: Учебно-метод. пособие / Авторы сост.: З.Н. Бетина, Д.А. Бетин. -Тамбов: Изд-во Тамб. гос. техн. ун-та, 201 -96 с.
  26. Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2010-2015 годы. –Астана, 2014. –46 с.

Құрастырғандар: Мұқатай Е., Әйнекова А.

Яндекс.Метрика