ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Тұрақты даму  − қазіргі уақыттың қажеттілігін  қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың қабілеттілігінің  меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыруды қауіп-қатердің  астына  қоймайтын даму.

Тұрақты даму үш құрастырушыларға бөлінеді :

− әлеуметтік тұрақты даму;

− экономикалық тұрақты даму;

− экологиялық тұрақты даму.

Әлеуметтік тұрақты даму  −  бұл даму  қорларды пайдаланудағы адамдардың  тең құқығын  қамтамасыз ету мақсатында және тиісті  әлеуметтік әділеттіліктерге бағытталған.  Әлеуметтік капиталдың  ең  маңызды түрлері болып, әлеуметтік амандық, мәдени даму, тәртіп және т.б. саналады.

Экономикалық тұрақты даму −  адаммен жасалған сүйемелдеу капиталы, адамдық  капитал (соның  ішінде ақпараттық  және мәдениеттік) және табиғи капитал. Мыналардың  жанында  қоршаған орта күзетіне шығындардың экстернализациясынан кету қажет.

Экологиялық  тұрақты даму  −  адамдардың  амандығы  шикізат қайнарларын сақтау және  қоршаған ортаны ластанудан  қорғауды  қамтамасыз ету.

Əрбiр елдiң экономикасы көптеген қызметтердi қамтитын үлкен жүйе, оның əрбiр буыны, құрамдас бөлiгi өзара байланыста жəне өзара тəуелдiлiкте болуы арқылы ғана өмiр сүре алады.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарына дейін АҚШ-та шағын фирмалардың үлесіне елеулі инновациялардың аз бөлігі тиетін. 80-ші жылдары  ең жаңа шағын технологиялық фирмалардың санының көбеюіне байланысты олардың инновациялық үлесі де өсті. Ең жаңа шағын технологиялық фирмалары дамыған жаңа салалар экономикадағы құрылымдық қозғалыстарды жəне жоғар- ғы дайындықты мамандарға сұраныстың өсуін қамтамасыз етті. Оларды жұмысшылармен жəне кəсіпкерлермен қамтамасыз етуде университеттер негізгі рөл атқарады. Уақыт оларды өнеркəсіп пен нарықтың сұранысына сай қайта құруды талап етті. Ғылыми парктердің құрылуы, осы қайта құрудың нақты дəлелі. Өңдеуші өнеркəсіптің ең жаңа (таза) сыйымдылықты өндірісінде инновация көп болғандықтан, фирманың жетістігінің шешуші факторы, оның көлемі емес, осы сияқты дамыған өндірістің құрамы болып табылады. Ең жаңа технологиялық фирмалардың болашағы зор, олар жұмыспен қамтамасыз етудің тез өсуіне бейімделген жəне де мұнда еңбектің сапалық сипаты жоғары. Американдық жетекші ғылыми парктерді немесе инновациялық орталықтарды құруда жеке фирмалар белсенді рөл атқарған: Бостонда — «Диджитя эжвиплент», Станфордте — «Хьюлетт- Паккард» екі он жылдықта ipi халықаралық корпорация дəре- жесіне дейін көтерілді. Пало Альтоның дамуында «Фэйрчайлд», Миннеаполисте — Контрол (дейта), Хьюстонда — «Тексас ин- струменте» шешуші рөл атқарды. АҚШ-тың инновациялық орталықтары алғашқы кезде Ұлттық ғылыми қормен қаржыландырылды. Олар нақты зерттеу институттары мен олардың зерттеу бағдарламасына бекінді. Жалпы елде жоғарғы технология барлық деңгейде қолдау тапты. Бұл жағдай ғарыштық жəне əскери ортаға мүдделілікпен бірге, кəсіпкерлік пен шағын бизнеске берілген мүдделілікті көрсетеді.[1]

XXI ғасырдың екінші он жылдығын бастан өткеріп жатқан, 2050-ге қарай бағыт алып, желкені жазылған кемедей болашаққа асыққан Қазақстан қазіргі заманғы экономикаға, оның түрлі қиыншылықтарына толықтай бейімделіп, әлеуметтік жағынан тұрақты дамып, қоғам азаматтарының әл-ауқаты артып, жағдайы күннен күнге жақсарып келеді. Әлеуметтік жағынан тұрақты, орнықты экономика қалыптастыру Қазақстан экономикасының негізгі міндеті мен мақсатына айналғалы біраз жылдардың жүзі болды.

Сондықтан,   тұрақты   даму   концепциясы   ұзақ   мерзім аралығындағы экономикалық дамуды зерттеуге бағытталады.

Бүгінгі  күннің  негізгі  мақсаты  экономиканың  нарықтық  қатынастары дамуының тұрақтылығы тек экологиялық тұрақтылық пен əлеуметтік  тұрақтылықпен  тығыз  байланысты.  Экономика  тұрақтылығы  əлеуметтік  тұрақтылықты  жасағанымен,  экологиялық тұрақсыздықты  тудыруы  мүмкін.  Ал,  экологиялық  тұрақсыздық экономикалық  жəне  əлеуметтік  тұрақтылықты  жоюға  əкеледі.

Қазақстан  экономикасының  реформалар  басталған  кезден бүгiнгi  таңға  дейiнгі  даму  жолы  экономикалық  қатынастарды қайта құру қарқындылығы мен басты бағыт-бағдарлары бойынша бiр-бiрiнен  ерекшеленетiн  түрлi кезеңдердi бастан кешiрдi.

Экономиканың дамуын тек белгілі статистикалық көрсеткіштер дəрежесінде  бағалаймыз  да,  оның  экономикалық  талдау  дəрежесіне көрсеткіштер мен толықтырулар қолданылады. Мысалы:

-аумақтық, аймақтық экономиканың даму деңгейіндегі тұрақтылық жағдайын анықтайтын көрсеткіштер;

-тұрақсыздандыру  бағытындағы  экономикалық  статистикалық көрсеткіштер;

-тұрақты (тұрақсыз)  даму  бағытындағы  экономикалық  көрсеткіштер.

Мұндай көрсеткіштерді республика, облыс, аудандар мен  қалалар  аймақтарында  қолданып,  басқару,  бақылау  басшылыққа  алу, шара қолдану, шешім шығаруға болады. Енді ондай статистикалық көрсеткіштердің мəліметтеріне мысалдар келтірейік (1-кесте):

1-кесте — Қазақстандағы негiзгi əлеуметтiк-экономикалық

көрсеткiштердiң индекстерi (алдындағы жылға пайызбен)

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-112

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 102,8% құрды. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор – экономиканың даму тенденцияларын сипаттайтын көрсеткіш. Оны есептеу жедел есептеуді қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. Аталған салалардың ЖІӨ көлеміндегі үлесі 67-68%.[2]

Елдің дамуына әсер ететін сын-қатерлер, тұрақты даму факторлары, тұрақсыздандырғыш факторлар және әлемдегі күштердің орналасуының өзгеруі сынды факторлар бағаланады. Көптеген факторлар бойынша Қазақстанды тұрақты, перспективалы әрі позитивті дамушы елдердің бірі ретінде атауда. Біз позитивті дамуда тек қана экономикалық өсімді емес, сонымен бірге өңірлік және де әлемдік саясатқа ықпалының артуын, қатерлі ішкі қарсылықтар мен жанжалдардың болуы немесе болмауын, шекара бойынша жанжалды реттеуін, көшбасшысының не болмаса идеясының болуын ескереміз. Елдің тұрақты дамуы — бұл даму тұжырымдамасының болуы.

Тұрақты əлеуметтiк-экономикалық дамудың ғылыми негiзiн тек өткен  реформалау  жылдарын  кең  көлемде  талдау  жəне  зерттеу нəтижесiнде жасай аламыз. Сондықтан, институционалдық, потенциалдық,  инвестициялық,  индустриялық  жəне  даму  кезеңдерiн жете  түсiнiп,  оны  бағалау  арқылы  тұрақты  даму  үрдiсiнiң  теориялық-əдiстемелiк  негiзiн  құруға  пайдалану  қажет.  Қазіргі  кезеңде  экономиканы  тоқыраудан  шығарып,   экономикалық  өсуді мемлекеттік  қолдау  шараларының  жергілікті  жерлердегі  əкiмшiлiктің  атқаруын  жетiлдiру  мен  əрбір  аумақтар  мен  аймақтардың өзін  өзі  басқаруын  арттыру  негізгі  мəселе  болып  табылады.  Біз экономикалық тұрақты даму жолына түспейінше, əлеуметтік жəне экологиялық  тұрақтылыққа  көше  алмаймыз.

Қазақстан Республикасы осы тұрақты даму концепциясын жүзеге асыру арқылы дамыған елдер қатарына қосылады деген сенімдемін.Бұл бағдарлама тек біздің әлеуметтік жағдайымызды ғана қамқорлыққа алған жоқ,болашақ ұрпақтыңда сенімді тірегі болып саналады.Әрбір адам осы бағдарламаны жүзеге асыруда ат салысса Қазақстан жаңа белестерді бағындырады деп айта аламын.

Қазақстанды даму болашағы зор әрі тұрақты даму үстіндегі ел ретінде болашақтағы «Азия жолбарысы» деп атайды. Бұл факт Қазақстанның формалды жетістігі (ЖІӨ өсімі, инвестиция тарту) турасында ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы дамушы мемлекет ретінде де әлемде барынша танымал екендігін білдіреді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://enu.kz/
  2. http://group-global.org/

Құрастырған: Басығара К.

Яндекс.Метрика