ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТЕОРИЯ  ПӘНІ  ЖӘНЕ  ӘДІСТЕРІ

Мазмұны

  1. Экономикалық теорияның пайда  болуы  және  даму  кезеңдері.
  2. Экономиканың зерттеу пәні  ретінде.
  3. Экономикалық теорияның зерттеу  әдістері  ретінде.
  4. Экономикалық заңдары және  категориялары.
  1. Экономикалық теорияның  пайда  болуы  және  даму  кезеңдері.  

«Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді.

 Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI— XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтагы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы. Тауар-ақша қатыңасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді:

Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шықты.

Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз. »[1]

«Экономикалық теорияның алғашқы қаланған мектебі – меркантилизм. XVI-XVIII ғасырлардағы феодализмнің құлдырау дәуіріндегі «бүгінгі заман батырлары», яғни ең бай касталары – көпестер болды.» [2]

«Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Бұның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, онын құны бір қолдан екінші колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек, меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ.

Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да, қоғамдық байлық  саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т.б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұнғыш  рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты «Экономикалық кесте» жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.»[3]

«Ф. Кенэнін «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылыгының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо,     С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген кағида берік қалыптасты.» [4]

«Экономикалық теорияның дамуындағы екінші кезең — классикалық саяси экономия (XVIII ғ.). Ол физиократтар мен Адам Смит (1723-1790) және Давид Рикардоның (1772-1823) мектептеріне бөлінеді. Физиократтардың меркантилистерден ерекшелігі, олар қоғамның қоғамның байлық көзі – пайда түсіруші айналым емес, өндіріс деп түсіндірді. Классикалық саяси экономиканың басты жетістігі сол, ол құнның негізгі еңбектік теориясының негізін қалады. Адам Смит тауардың құны, оны жасауға кеткен еңбекпен анықталатынын дәлелдеді. Адас Смиттің ең ұлы еңбегі – ол рыноктың қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың күрделі жүйесі екенін алғаш ғылыми ашуында болып саналады. Ол оған «көрінбейтін қол» деген бейнелі ат тағып, барлық экономикалық агенттерді көрінбейтін басқарушы ретінде көрсетті.» [5]

«Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік теорияның негізін қалаушы – Карл Маркс. Маркс ілімінде еңбек құн теориясына сәйкес қосымша құн теориясына басты назар аударылған, онда қосымша құн өндіру – капиталистердің пролетариятты қанауы арқылы өз байлығын арттырудың тұрақты көзі екендігі зерттелді.» [6]

«Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-карсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сьн көзбен қарады. Оның себебі, капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат — қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX гасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон-Конг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.

Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі, социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғаңда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.

Қазан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының кемегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне негұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп карасақ, сонғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның ез алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға.

Экономикалық тәуелсіздік болмайынша, саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта «сауда сақал сипағанша» деген мақал бар, сондықтан халықаралык сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерт-теудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудага шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалык теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, баска да қалыптасқан казіргі замангы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.» [7]

«Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т.б. қоғамдық өмір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуга, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының зацдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен, ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардын еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдык қатынастардың негізі — өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикага саяси экономикалық талдау жасау, сол аркылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.»[8]

2.Экономиканың зерттеу  пәні  ретінде.

 «Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда, олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымнің шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықтыұйымдастыру және басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы шығармаларпайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті.» [9]

«Экономистердің  барлығынан – ерте заманғы ойшылдардан қазіргі заманғы ғылымдарға дейін бір жалпы сипат байқалады: олардың көздеген мақсаттары – қоғам байлығын өсу жолдарын зерттеу. Мәселен, меркантилистер экономика ғылымының зерттеу объектісі ретінде елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) қорлануы және сыртқы саудамен байланысты тауар мен ақша айналыс процесстерін қарастыру. Классикалық мектептің өкілдері экономикалық теорияны байлық туралы ғылым ретінде және сол байлықты көбейту жолдарын қарастырды, ал марксизмнің классиктері әр түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы материалдық игіліктерді иемдену, айырбастау және бөлу туралы экономикалық қатынастарды зерттеу объектісі ретінде қарастырған.

Қазірде кейбір теориялық нарықтық экономика  жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану әдістерін зерттеуді басшылыққа алған. Мысалы, экономикалық теорияның пәні ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру процессіндегі адамдардың іс-әрекеттерін қарастырады. Көріп отырғанымыздай, қазіргі кезеңде экономикалық теорияның пәні бойынша әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Сонымен, жоғарыда аталған көзқарастарды ескере отырып, экономикалық теорияның пәніне мынадай анықтама беруге болады. Экономикалық теория ресурстардың шектеулі жағдайында адамдардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін, олардың арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас, және тұтыну процестерінде пада болатын экономикалық қатынастарды зерттейді.»[10]

 «Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.» [11]

 «Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:

Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.

Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.

Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.

Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.» [12]

«Экономикалық  теорияның  зерттеу пәнін  алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты бөлу қатынастарын да қарастырады.

К. Марксың  пайымдауынша, саяси экономика заттарды, материалдық игіліктерді емес (оны ғылымдыр шешеді), адамдар арасындағы  өндіру, бөлу айырбастау және тұтыну туралы экономикалық, өндірістік қатынастарды қарастырады. К. Маркстың «Саяси экономикаға сын» (1859ж.) еңбегіне Ф. Энгельс  комментарий  жасап, былай деген: «Саяси экономия затпен емес, адамдар арасындағы қатынастардың іс-әрекетін қарастырады», бірақ «бұл қатынастар затпен байланыстары және заттар арқылы байқалады».

П. Самуэльсон: «экономикалық  теория  пәнінің ешқандай анықтамасы дәл болуы мүмкін емес, тіпті олай  болудың  қажеті де жоқ» — дейді. Оған  қарамастан  П. Самуэльсон өзінің пәнге деген қорытынды анықтамасын берді.

 «Экономикалық теория қайдағы бір сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтуіне қарай, ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі     тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну  мақсатында әртүрлі  адам мен қоғам топтары  арасында бөлуді қолдану туралы  ғылым».  Сонымен , экономикалық  теорияны оқытудың пәні әлеуметтік-экономикалық қатынастар болып табылады және олар барлық қоғамдық өндіріс фазаларында (өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну) қалыптасады.» [13]

«Экономикалық теорияның пәнін анықтаудағы екінші көзқарас батыстық экономикалық ойларға тән болады, оның қазіргі заманғы бейнесі экономикс болып саналады. «Экономикс» терминін ғылым айналымына енгізген және сипаттаған А.Маршалл. Ол «экономиксті» — экономиканы қолданбалы түрде оқып – зерттеп, соның негізінде экономикалық саясатта қолданылатын тәжірибелік ұсыныстарды құрастыратын экономикалық ғылым деп түсінеді.

Экономикс пәнінің мазмұнын келесі тұжымдамалармен ашып көрсетуге болады:

1.Экономикстің пәні болып шаруашылық қатынастары, яғни шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру барысындағы қатынастар саналады. Ал, бұлар адамдардың өздеріне байланысты болғандықтан, экономикс шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеттерінің, марапаттарын ынталандырушы мотивтерін оқып зерттейді

2.Экономикстің негізгі болжамды принциптері болып 2 фактор саналады.

а) Адамдардың материалдық қажеттіктерін шексіз және қанағатсыз;

ә) Игіліктерді өңдіруге қажетті экономикалық ресурстар сирек және шектеулі.

Бұдан, экономиксті «адамның іс-әрекетін, оның мақсаттары мен балама пайдалану мүмкіндігі бар шектеулі қаражаттар арасындағы қатынастар тұрғысынан зерттейтін ғылым» ретінде (Л.Роббинсон), немесе «адамның материалдық қажеттіліктерін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыру мақсатында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым» (К.Р.Макконнелл, С.Л.Брю) ғылым деп анықтайды.

3.Экономикс екі бөлімнен тұрады: микро- және макроэкономика.

Микроэкономика – жеке шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттейді, олардың шешім қабылдау кезіндегі іс-әрекетін, тәртібін талдайды.

Макроэкономика – экономиканы біртұтас шаруашылық жүйесі түрінде оқып зерттейді. Бірақ бұл бөлімдердің арасында кедергілер жоқ: экономикстің көпшілік тақырыптары осы екеуінің де шеңберіне кіреді.

4.Экономиксті партиядан, класстан тыс ғылым деп көрсетеді, бірақ экономикстің көптеген оқулықтарының авторларының өздері экономикалық құбылыстарды сипаттау мен талдауда және экономикалық саясат үшін ұсыныстар жасауда әлеуметтік мәселелерді көңілден тыс қалдыруға болмайтындығын мойындайды. Қазіргі кезде экономикалық теорияның пәнін анықтау екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден, маркстік көзқарас, оның мағынасын төмендегідей түрде түсіндіруге болады. Адамзат қоғамы өмірінің негізі болып материалдық игіліктер өндірісінің процессі саналады. Өндіріс қоғамдық және ұтымды мақсаттық сипатта болады және оның құрамына, бір жағынан адам мен табиғаттың өзара іс-әрекеті, ал екінші жағынан – адамдардың бір-бірімен өзара іс-әрекеті кіреді.

Адамдардың табиғатқа қатынасын қоғамның өндіргіш күштері сипаттайды. Олар адамның табиғат күштерінен үстемдігін, оның деңгейін көрсетеді және саяси экономияның пәні болып есептелмейді. Оларды жаратылыстану және техникалық ғылымдар зерттейді.» [14]

 «Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.» [15]

3.Экономикалық теорияның  зерттеу  әдістері  ретінде.

«Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.

Экономикалық теорияның пәні нені зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың  мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.

Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.

Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді.  Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді.

Талдау және синтез (талдауға қарама-қарсы логикалық процессті блідіретін ұғым), мұнда зерттелетін құбылыс өзінің құрамды бөліктерімен жеке жақтарына ажылатылады, сонан кейін тектес бөліктерді зерттеп болған соң, оларды біртұтас құбылыс ретінде қарастырады.

Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.

Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет.» [16]

«Экономикалық зерттеулердің тағы да басқа әдістері бар. Олар: экономикалық – математикалық, сандық және сапалық талдау әдістері.

Сандық және сапалық талдау әдісі – өңдіріс жүйесіндегі қатынастардың сапалық өзгерістерін танумен қатар, статистикалық деректерді, математика әдістерін экономикалық теорияда кеңінен пайдалануды қарастырады.

 Қалыпты логика – ойдың нақты мазмұнынан алшақтап және оның мазмұнының бөліктерінің байланыстарын жалпы әдіспен бөле отырып, ойдың, түсініктің, пікірдің, ой қорытындысын, дәлелдемелердің нысанын зерттейді.

Материалистік диалектиканың әдісі – олардың дамуы мен өмірде бар, пайда болуының ішкі байланыстарын сипаттайтын, объективті талдаудың негізінде ғылыми мәселелерді шешу.» [17]

Экономикалық модель – экономикалық процесстерді немесе құбылыстарды формальді түрде бейнелеу, ал осы бейнелеудің құрылымы оның объективті қасиеттерімен, сондай-ақ зерттеудің субъективті-мақсатты сипатымен анықталады. Математикалық модельдер графиктер мен математикалық теңдеулер көмегімен бейнеленеді. Модельдеу зерттелетін объектілердің басты экономикалық көрсеткіштері мен олардың арасындағы байланысты бейнелейді.

Қазіргі заманғы экономикалық теорияда көптеген экономикалық модельдер график түрінде бейнеленеді. График – бұл 2 немесе одан да көп айнымалылардың арасындағы тәуелділікті бейнелеу. Графиктер айнымалылардың арасында қандай байланыс бар екенін көрсетуде көп көмегін тигізеді. Графиктердің негізгі 2 түрі болады: эмпирикалық және теориялық. Эмпирикалық график нақты деректерді көрсетеді. Теориялық графиктер негізгі экономикалық принциптерді тұрғызу немесе анықтау мақсатында ойдан жасалатын (гипотетикалық) экономикалық жүйелердің қызметін баяндайды.»[18]

«Экономикалық теорияның зерттеу  әдістері»

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-123

[19]

Экономикалық теорияның ерекше әдістеріне мыналар жатады:
1. Экономикалық-математикалық үлгілеу.
2. Шекті талдау.
3. Функционалдық талдау.
4. Баланстық әдіс.
5. Экстрополяция. [20]

  1. Экономикалық заңдары  және  категориялары.

«Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тығыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты.

Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оқу процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалык ой-пікірдін тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы кажет. Кеңес Одағында Шығыс Еуропадағы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді экономикалық дағдарыс басталды да, оның көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек, 1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудын, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы алдағы 15-20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, өндірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту.

Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік неғұрлым кең қолдану.»[21]

«Экономикасы тиімді дамыған елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес, ХХІ ғасырдың қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай көптеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Экономикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау максаты жүзеге асырылуда. Рынок экономикасына кешу бір дүркін қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендеген  дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның «рыноктық» тәрбиесі бала кезден- басталып, бүкіл өмір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады.

Әрине, біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге тиістіміз. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер  тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай, алға қойған мақсатымыз  қандай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ?- деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке зандылықтарын зерттеген аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса, бұл қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды.

Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылығы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды.
Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар баскармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар аркылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро- және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.

Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тағы басқа ұйымдастыру шаралары аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада өндірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, кайда, қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі анықтайды.

Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялык даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше зандылықтарына бағынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісшінің негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегенде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Еңбек дегеніміз қүштің ақшалай көрінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар өндірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай өзіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы ақша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардың міндеті.

Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық өмірдегі құбылыстарды сипаттап қорытындылауга көмектеседі. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категория – коғамның экономикалық өмірінің неғұрлым ортақ және мәнді қырларын көрсететін логикалық түсініктер.» [22]

«Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалык өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық зандар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалык жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.» [23]

«Экономикалық заңдар:

  1. Арнаулы
  2. Ерекше
  3. Жалпы болып бөлінеді.

Арнаулы экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты, анықталған нысандарының даму заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар – барлық тарихи дәуірлерге тән заңдар.

Ерекше экономикалық заңдар – олардық қолданылу жағдайлары сақталатын тарихи дәуірлерге тән заңдар.» [24]

«Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұлардағы тұрақтылық пен өзгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады.

Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды катынастарды ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының өзара тәуелділігін сипаттайды. Олар табиғат заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар табиғат зандарынан өзгеше. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен байланысты туындайды

Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың   көпшілігі белгілі бір тарихи кезенде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалык зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жана заңдарды жасай алмайды. Экономикалық зандардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қоғамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдың, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.

Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардын іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге кайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық киындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет.

Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі — өндірістік қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды.»[25]

«Тұрмыстық мағынада меншік дегеніміз заттарды иемдену болса, ал экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір сүру үшін – өндіруі керек, өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтары қажет. Міне, осымен байланысты адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарьн иемденумен байланысты. Мұнда мынадай сұрақтарга жауап беріледі: өндіріс құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген еңбек өнімдеріне кім иелік етеді? Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы  материалданғанмен) материалдық игіліктерді, иемденудің тарихи қалыптасқан нысаны.  Меншік қатынасы мыналар:

а) иемдену, иелік ету;

ә) материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану;

б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, «меншік» иесіне табыс әкеледі деген сөз).

Меншік көп қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістің заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның өзі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организмін, яғни бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады:

Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және  еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді), әр меншік иесі болуы мүмкін, ол еңбек еніміне тек өзі иелік етеді, қанаудың қандайда болсын түрін қолданбайды, еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің еңбегіне, жалдамалын еңбекке сүйенёді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы, меншік табиғатын ажырата білу, рыноктық қатынасқа еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды.

Меншіктін тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік. Рыноктық қатынасқа көшумен байланысты ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттерінде қоғамдық меншікті даттап, жеке меншікті мақтау жиі ұшырасады. Меншіктің бір түрін, екіншісіне қарама-қарсы койып, біреуіне монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын емір өзі көрсетті. Осымен байланысты айтарымыз, біріншіден меншіктің кай түрінің қалыптасуы, дамуы немесе жолын тарихи көрнекті етуі (кеңес одағының ыдырауы) адамдардын таңдауы бойынша емес, өндірістің белгілі бір тарихи даму деңгейіне, басқа да себептерге байланысты объективті туындайды. Екіншіден, шындығына келгенде қоғамның дамуында, оның бір экономикалық системадан екіншісіне ауысуы кезеңінде меншіктің көп түрлі нысандарының болуы әбден заңды. Оның үстіне ешбір елде меншіктін бір түрі таза классикалық түрде орныққан емес. Барлық елдердің экономикасында да біз жоғарыда атап өткен меншіктің бірнеше түрлері әр қилы арақатынастан орай алды. Бұл туралы алдағы тақырыптарда кеңірек тоқталатын боламыз.»[26]

Пайдаланған әдебиеттер

1) Я.Әубәріков; К.Нәрібаев; М.Есқалиев; Е.Жатқанбаев; Е.Байжұмаев; С.Досқалиев; Ж.Жәйшібеков.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998, Санат (7-9 б.)

2) А.Б.Темірбекова. «Экономикалық теория», Алматы 2008, Экономика (5 б.)

3) Я.Әубәріков; К.Нәрібаев; М.Есқалиев; Е.Жатқанбаев; Е.Байжұмаев; С.Досқалиев; Ж.Жәйшібеков.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998, Санат (10-11 б.)

4)  Я.Әубәріков; М.Есқалиев.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1994, Республикалық баспа кабинеті  (15-16 б.)

5) Я.Ә.Әубәкіров; Б.Б.Байжұмаев; Ф.Н.Жақыпова; Т.П.Табеев. «Экономикалық теория», Алматы 1999, Қазақ университеті (7-8 б.)

6) Я.Әубәріков. «Қазіргі  қоғамдағы экономикалық теория», Алматы 2010, Қазақ университеті  (6-7 б.)

7)  Я.Әубәріков; М.Есқалиев.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1994, Республикалық баспа кабинеті  (17-19 б.)

8) Я.Әубәріков; К.Нәрібаев; М.Есқалиев; Е.Жатқанбаев; Е.Байжұмаев; С.Досқалиев; Ж.Жәйшібеков.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998, Санат (12-14 б.)

9)  Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

10) С.М.Мұсабеков. «Экономикалық теория», Алматы 2005 (8-9 б.)

11) Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

12) С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. — 464 б.

13) Шеденов Ө.Қ.; Сағындықов Е.Н.; Жүнісов Б.А.; Байжомартов Ү.С.; Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе 2004, А-Полиграфия (10-12 б.)

14) Қ.С.Есенғалиева. «Экономика негіздері», Алматы 2011, Экономика (11-13 б.)

15) Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 250 б.

16) Я.Әубәріков; К.Нәрібаев; М.Есқалиев; Е.Жатқанбаев; Е.Байжұмаев; С.Досқалиев; Ж.Жәйшібеков.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998, Санат (16-19 б.)

17) А.Б.Темірбекова. «Экономикалық теория», Алматы 2008, Экономика ( 7-9 б.)

18) Я.Әубәріков; К.Нәрібаев; М.Есқалиев; Е.Жатқанбаев; Е.Байжұмаев; С.Досқалиев; Ж.Жәйшібеков.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998, Санат (19-21 б.)

19) Г.Жолдасова. «Экономика негіздері», Астана 2008, Фолиант (13-14 б)

20) Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

21)  Я.Әубәріков; М.Есқалиев.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1994, Республикалық баспа кабинеті  (19-21 б.)

22) С.С.Мәуленова; С.Қ.Бекмолдин; Е.Қ.Құдайбергенов. «Экономикалық теория», Алматы 2003, Экономика (11 б.)

23)  Я.Әубәріков; М.Есқалиев.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1994, Республикалық баспа кабинеті  ( 21 б.)

24) С.С.Мәуленова; С.Қ.Бекмолдин; Е.Қ.Құдайбергенов. «Экономикалық теория», Алматы 2003, Экономика (11 б.)

25) Я.Әубәріков; К.Нәрібаев; М.Есқалиев; Е.Жатқанбаев; Е.Байжұмаев; С.Досқалиев; Ж.Жәйшібеков.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998, Санат (21-23 б.)

26)  Я.Әубәріков; М.Есқалиев.  «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1994, Республикалық баспа кабинеті  ( 22-23 б.)

Құрастырғандар: Аппасова  А., Мендіқұл  С

Яндекс.Метрика