ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫҢ  ТИІМДІЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

Мазмұны

Кіріспе

Электрондық оқулықтың  тиімділігі мен маңызы

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Еліміздің даму жолындағы жаңа белесі «E-learning» электронды оқыту жүйесін Қазақстан Республикасы мектептеріне енгізу. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында электрондық оқытудың мақсаты: Білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету. Ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:

-қойылған мақсатқа қол жеткізу- сыртқы ортаның ақпараттық кірігуін, білімді басқару тиімділігін, білім сапасын көтеру;

-қажетті нормативтік негізді жасау.

Электронды оқытуды енгізу бірқатар нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді.

Өзекті міндеттердің бірі – білім саласы дамыған елдердің (Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Малайзия, Канада, Австралия және т,б) тәжірибесіне сүйеніп «E-learning» жүйесін және оқу ресурстарының контентін Қазақстан жағдайына бейімдеп, дамыту.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда педагог мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлуде.  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа Жолдауында педагогтар құрамының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөле отырып, «Базалық педагогикалық білімнің стандартын, оқытушылардың біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту қажет»,- деп атап өтті.

Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар орын алады. Яғни, ХХІ асыр бүкіл дүние жүзі ақпараттық қоғамға көшіріле басталды деуге болады. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика және басқару салалары арқылы ақпараттандыру белгісіне қол жеткізуге болатындығы.

Қазіргі таңда негізінен білім жүйесінің барлық сатыларын үшін электрондық оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді. Электрондық оқулық студент үшін ақпарат көзі болып, сонымен қоса электрондық оқулықтармен жұмыс істеу әрбір студенттің өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

«E-Learning» дегеніміз бұл – барлық әлем елдерінің білім беру жүйесіне жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялармен келген, бүгінгі экономика мен қоғамның бірде-бір саласының мазмұнын оларсыз іске асыру мүмкін емес, электрондық оқыту жүйесі.

Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі — оқу процесін электронды оқулық немесе оқытудың компьютерлік құралдарын (ОКҚ) жасау және пайдалану.Оқу процессінде компьютерлік оқулықтар, есептер жинақтары, энциклопедиялар, тестілеу мен бақылау, анықтамалық жүйелер және басқа да ОКҚ-лар кеңінен қолданыс табуда. ОКҚ-ны білім берудің ақпараттық технологияларының негізгі бір түрі ретінде қарастыруға болады. Жалпы білім берудің ақпаратгық технологиялары дәстүрлі оқыту әдістері мен тәсілдерінде кейбір педагогикалық мәселелерді шешудің жаңа құралдары ретінде пайданылады” [1].

Қазіргі таңдағы электронды оқу құралдарын дайындау мәселелері: ақпараттық технологиялардың білім беру жүйесінде белсенді пайдаланылуы оның нақты педагогикалық есептерді шешуге арналған құралы қызметін атқаруымен қатар, дидактика мен әдістеменің дамуына әсер етіп, оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін, формаларын құруға алып келеді. Мысалы, Internet технологияларының кеңінен таралуы қашықтықтан оқыту әдісінің жедел дамуына мүмкіндік туғызуда.” Мультимедиялық технологияның, компьютерлік графика мен машықтану жүйелерінің дамуы, кәсіби ортадағы іс-әрекетті бейнелейтін виртуал жағдайға «ену» жолымен оқыту әдістемесінің кұрылуына түрткі болды. Ал, компьютерлік желілік машықтандырушы класстардың пайда болуы, іскерлік ойындар мен сайыстар түрінде көп рольді машықтандыру әдістеменің дамуына ықпал жасады (кәсіби сайыстар мен іскерлік ойындар бұрынан бері кәсіби дайындық пен іскерлікті арттыру барысында қолданылып келген. Ал ақпараттық технология оларды жаңа деңгейде ұйымдастыру мен өткізуге мүмкіндік туғызуда).

Сонымен ОКҚ-ның дидактика мен әдістеменің жаңа қырынан дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Яғни, ОКҚ-ны оқу процессінде пайдалану негізінде

  • окытудың сапасы артады;
  • оқыту жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуге кететін шығындар азаяды;
  • оқытушылардың оқыту барысында сабақ түсіндіру, бақылау алу, тапсырманың орындалуын қадағалау, бағалау, білім мен іскерлікті игеру деңгейлерін анықтау сияқты басқару жұмыстарының  шығармашылық іс-әрекетке (ғылыми-ізденіс және әдістемелік мәселелерді шешу, оқу-әдістемелік құралдарды дайындау т.с.с.) көшуіне алып келеді;
  • оқытудың мазмұны мен құрылымдарының  өзгерістеріне қарай  оқу процесін оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыруды жеделдетеді.

Осы айтылғандардан қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі құралдарға қарагаңца ОКҚ қоддану кажеттігі артып келе жатқандығын көруге болады. Сондай-ақ, ОКҚ-ны дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдармен үйлестіре қолданудың тиімділігін практика көрсетіп отыр. Дегенмен, ОКҚ компьютерсіз оқыту құралдарын толығымен алмастыра алмайды. Шындығында ОКҚ дәстүрлі құралдардың тиімді тұстарын ала отырып, оқытудың жаңа сапалық деңгейіне алып келеді.

include

main( )/’жай программа*/

int num;

num = 1;

 ОКҚ-ның сапасы оны оқу процесінде пайдалану барысында ғана анықталады. Оның кемшіліктерінің көп болуы пайдаланушыларға ОКҚ туралы теріс пікір қалыптасуына алып келеді “[2].

Қазіргі кезде көптеген ОКҚ-лардың түрлі нұсқалары дайындалып, ұсынылуда. Дегенмен, оларға жүйелі түрде талдау жүргізіліп, тиімділіктері мен кемшіліктері анықталып, олардың сапасына талаптар қойылуы, болашақ жасалатын ОКҚ-ларға ұсыныстар берілуі жеткіліксіз. Ал, шет елдерде бұл бағытта зерттеулер жүргізіліп, даярланған ОКҚ-ларға талдаулар жасалынып, олардың кемшілікгері айқындалуда. Талдаулар нәтижесінде ОКҚ-ны жобалауда жіберілетін басты кемшілігі -оны дәстүрлі оқу-әдістемелік құралдың электронды көшірмесі ретінде ғана кұрылатындығы анықталды.

Мысалы, дәстүрлі оқу-әдістемелік кұралдарды даярлауда оның авторлары мен техникалық жағын орындайтын (безендіру, көбейт, т.с.с.) мамандардың арасында айқын шекара бар. Ал ОКҚ даярлауда оны баспа оқулық ретінде қағазға шығарып, көбейтудің қажеттілігі болмағандықтан, оны жетілдіріп, жаңартып отырудың мүмкіндігі жоғарылайды. Бұл жерде ОКҚ дайындау технологиясынан хабары аз мұғалімдер дидактикалық материалды дәстүрлі құралдар шығару сияқты даярлау жеткілікті деп есептейді. ОКҚ-да дидактика оқу материалымен қоса, программалық өнімнің негізі болып есептелетін алгоритм мен модельдерде де ескерілуі тиіс. Дидактикалық есепті шешуді ақпараттық технология мамандарына жүктеу барысында (программалаушы, безендіруші, мультимедиялық компоненттер жасаушылар) тиімділігі төмен әдістемелік және дидактикалық сауатсыз ОКҚ пайда болады.

“Әрине, ОКҚ үшін материалдарды дайындауда ақпараттық кұрылымдық принциптер, пайдаланушы интерфейсінің схемасы, білім мен іскерлікті бағалау критерийлері мен бақылау тәсілдері, интерактивті құралдармен жабдықталу сияқты аспектілерді ескерумен қатар, дидактикалық тәсілдер, компьютер мамандарына нұсқаулар болуы тиіс. Бұл шарттарды орындау, автордан жаңа компьютерлік дидактиканы игеруді талап етеді.

Демек, ОКҚ даярлау түрлі саладағы мамандардың бірігіп жұмыс істеуімен қатар, көп зерттеулерді, талдауларды қажет ететін өте күрделі іс, яғни, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың әрқайсысы өз саласында жан-жақты терең білім мен іскерлікті көрсетуі тиіс.

Қазіргі кезде, ОКҚ даярлау үшін кем дегенде төрт түрлі базалық категориялы маман керек:

— оқу материалының авторлары;

— компьютерлік әдіскерлер;

— ОКҚ жүйелік программалаушы;

— ОКҚ пайдаланушылар.” [3].

“Компьютерлік әдіскер – ОКҚ-на арналған пәндік ауқымға бағдарланған, компьютерлік дидактиканы меңгерген маман. Оның атқаратын міндеттері:

— ОКҚ кұрылымын анықтау;

— психологиялық-педагогикалық стратегияны тандау;

— пайдаланылатын дидактикалық тәсілдерді нақтылау;

— бақылау формалары мен түрлерін анықтау;

— білім мен іскерлікті бағалау критерийлерін анықтау;

— оқу материалын кұрылымдауда авторға жәрдем беру, оны жеткізу формасы мен стиліне нүскаулар беру т.с.с.

Жүйелік программалаушы — компьютерлік дидактиканы меңгерген, білім берудің ақпараттық технологиясының маманы. Ол оқу материалының ақпараттық-логикалық моделі мен ОКҚ-ның арихитектурасын құрастырады, дидактикалық тәсілдерді формальдандырады, қолданылатын модельдер мен алгоритмдер класстарын анықтап, пайдаланушы интерфейсінің схемасын жасауға қатысады. Сондай-ақ, негізгі программалық-техникалық мәселелерді шешеді (инструментальды құралдарды, берілгендер форматын, программа интерфейсін тандау). Сонымен қатар, ОКҚ-ны даярлайтын мамандардың іс-әрекеттерін ұйымдастырып, басқарады. Жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға қатысуының кажеттілігі, ОКҚ-ның пайдаланушыларға бағдарланған сыртқы сипаттамалары мен таңдалған программалық-техникалық ерекшеліктерді үйлестіру қажеттілігінен де туындайды»[4]

Компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушының ОКҚ-ны жобалауға катысуы оның сапасының артуына ықпал етеді. Сонымен, компьютерлік әдіскер мен жүйелік программалаушы мамандар ОКҚ-ны жобалауда маңызды ролге ие.

Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электрондық оқулықтар барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді. Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етеді..

“Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру — оқу материалдарының мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын, қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске ,яғни кең қолданысқа ие мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс жүргізу арқылы ауыстырылады”[5]

Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның жабдықталуымен ( гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі.

Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері:

“Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:

  • бақылаусыз оқыту;
  • бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы бақылау сұрақтарымен қортылады;
  • қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.

Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді. Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже сияқты, ауызша түрде өткізілген еді. Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша мүмкіндікпен шешуге болады”.[6] Біз электрондық оқулық түрін құрамыз, сайып келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады.

“Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :

  • лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады, яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
  • арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы нәтижелеуге рұқсат етеді; білімалушылармен жұмыс жасағанда, әсіресе үй тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке мүмкіндік береді.
  • Электрондық оқулықты пайдалану саласы

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттілігін әдейі басқа көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз”.[7]

Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ.  «Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және білім алушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді»[8]. Себебі, білім алушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі-аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай құс екенін ажырата білу, жүрек қағысын байқау.

Электрондық оқулықтарды қолданылу барысында білімалушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде элекрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. “Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.” [9]

Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.

“Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, яғни электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді”[10]

Оқытудың компьютерлік құралдарын жасау әдістемесі

Компьютерлік оқу кұралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақгарға қолдану үшін әлі де айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мүғалімдер де жиі айтып келеді. Соңғы кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр [11].

Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар:

“ -компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау;

— оқу процесш компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;

— компьютерге жүктелетін функциялар  (іс-әрекеттер) тізбегін анықтау;

— әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап-тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу кұралын жасау.” [12]

Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі көлемі мүғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп отырған мүғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуда арналған ақпараттық-оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту процесінің «алшақтығы» білім берудің негізігі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материадцарды оқып-үйрену процесі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу кұралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу кұралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағына баса көңіл аудару ісі алдын — ала анықталады.

“Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық-оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс:

— таратылып берілетін оқу материалдары;

— бақылау жөне тестен өткізу материалдары;

— жаттығулар;

— сыныппен (топпен) немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып-үйренуге арналтан әдістемелер

-әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін катарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір-бірімен алмастыру жолдары;

— экрандық берілетін барлық ақпараттық-оқу материалдарын компыотердің мультимедиалық мүмкіндігіне жөне сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу”[13].

Компьютерлік оқу кұралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық-әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар кұрайды. Ол алдын -ала жоба бойынша анықталган компыотерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыгу-үйрету функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.

Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу кұралын даярлау көпжакты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет .

 Электронды оқулық және оның тиімділігі

Білім берудің саласында » Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып кана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылыкпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытка дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану казіргі заман талабын канағаттандырмайды. Сондықтан казіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыс жасауына кең мүмкіндік ашылды.

“Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу кұралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылыт олыктырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электрондық оқулық дайындаудың концептуальдық негізі модульдық оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулық дайындаудың педагогикалық принциптер жүйесі оқытудың дидактикалық жүйесіне сәйкес келеді. Яғни, процесінің автоматтандырылған формасы іспетті. «Электрондық практикум» берілген. Оқушы оқулықгы қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез-келген мәліметті тауып алып, оқып-ақ үйренуіне болады. Лабораториялық, практикалық жұмыстар компьютер көмегімен тез, жылдам түсіндіріледі. Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтарымен қамтамасыз етілген” [14]

Қазіргі кезде негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шүғылданып келеді. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін электрондық оқулық- мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықгырып отыра алатын және нәтижелік эмтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықтармен жұмыс істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.

“Мұғалім үшін электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

— Электрондық оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген зандылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек секілді.

— белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықгың сол пәннің типтік бағдарламасына сөйкес болуын;

— электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі;зертқаналық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықгама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақгарынан түратын тест; материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін камтуын;

— электрондық оқулықгың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын яғни, берілетін тақырыпісд қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

— белгілі бір тақырыпқа катысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын он жақ тік төменгі  көлденеңінен  жылжыту сызықгарын электрондық оқулықгы пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді . Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен оңға -солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.

— бір қатардағы мәтін 62-65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі материалды баспаға шығару кажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек”[15]

“Oқулықты  шектен тыс иллюстрациялық анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ кейбір пәндерге атап айтқанда физика, химия, биология секілді пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақгап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондық оқулықа кірістіру оқулықгың көркемдік әдістемелік деңгейін арттырады” [16].

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-127

Сурет 1. 2013 жыл әлемдік интернет-сатылымның тауарлық құрылымы (%)

Ескерту: мәліметтер https://www.shopolog.ru/сайтынан алынған.

Кесте № 1. Енді электронды оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-132

Ескерту: мәліметтер Электронды оқулықтарды пайдалану. А.Абубаева, Информатика негіздері, №4 — 2016ж. 124-беттен алынған

Электронды оқулықтың құрылымы

Енді электронды оқулықтың сыртқы кұрылымын, яғни пайдаланушыға көрінетін элементтерін карастьірайык. Электронды оқулықтың кұндылығы әрине, оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейін сынақ не емтихан тапсырылуы тиіс пәннен болса, онда бір материалды үш түрлі кұрылымда берген жөн:

“1. Мазмұндау мәтін, сурет, кескін, схема, кесте, график т.с.с түрінде беріледі. Сонымен кодтар мұнда, кдрапайым оқулықга мүмкін емес, анимация, видео, дыбыстық эффектілер сияқты компьютерде тән элементтер орын алуы мүмкін .

  1. Схемоқурс — оқулықгың мазмұнын қысқартылған мәтін  график түрде  бейнелеу. Бүл оқу материалының құрылымын, ондағы негізгі идеяларды түсінуге септігін тигізеді. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнелеу мазмұнды ассоциативті түрде есте сақтауда үлкен көмек береді.
  2. Өзін өзі бақылаудың тестік жүйесі — оқу материалының мазмұны арнайы интерактивті жүйені пайдалану арқылы сұрақгар мен жауаптар түрінде беріледі. Тестік жүйе көбіне алынған білім деңгейін тексеруге арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықгың ең қызықты бөлігі болып табылуы да мүмкін. Әрине, мұндай жүйе оқулықгың авторлары кұрған  тестер  қорынан тұрады. бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезінде де пайдалануға болады” [17].

         Енді электронды оқулықтың кұрамы жөнінде айтып өтелік.

           “  Электронды оқулықгың құрамында: — титул беті;

— мазмұн;

— аннотация;

— оқу материалының толық мазмұны (схемалар, графиктер, иллюстрациялар, кестелер);

— тапсырмалар жүйесі;

— бақылау тестік жүйесі;

— мәтін бөлігін іздеу жүйесі;

— авторлар жөнінде мәлімет;

— программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі болуы тиіс.

Электронды оқулықгың титул экраны түрлі-түсті әдемі болуы керек. мүнда анимация мүмкіндіктерін пайдаланып оқулықгың аннотациясын жүгіртпе жол түрінде шығарып қоюға болады.”[18]

Мазмұн электронды оқулықгың ең маңызды кұрылымдық элемент. Ол бір жағынан оқу материалын толық қамтуы тиіс, екінші жағынан бір ғана экранға сиятындай көлемде кұрылуы қажет.

“Аннотация — программа жөнінде қысқаша мәлімет болуы керек. Жақсы электронды оқулықгы кұрудың бастапқы шарты оқу материалының толық камтылуы керек, яғни мәтін, графиктер болуы тиіс.

Тапсырмалар жүйесі әрбір тақырыптың соңында іске қосылуы керек. Ол үйренушілерге осы тақырып бойынша сұрақгар мен тапсырмалар береді. Егер тапсырмалар толығымен орындалмаса, үйренуші келесі тақырыпқа өте алмайды. Бұл пайдаланушы үшін ізденуге, оқу материалдарын мұқият қайталауға мәжбүр етеді.Тестік жүйе үйренушінің соңғы қорытынды білімінің деңгейін бағалауға арналған. Ол текстік сұрақтар түрінде беріледі. Тестік сұрақтардың түрлері мен формаларын оқулықгы жазушылар тандап, құрастырып, текстік сүрақтарға жауап берген адамдар жөнінде мәліметтер қорын кұра алуы керек.

Авторлар жөнінде мәліметтер — оқулықты кұрастырушылардың аты — жөндері, туылған жылдары, жұмыс орындары, телефоны, электрондық почта адресі т.с.с

Программамен жұмыс істеу тәсілдері жөнінде нұсқаулар жүйесі падаланушыға оқулықгың интерфейсін тиімді қолдануды үйретеді. Әдетте қысқа әрі нақты подсказкалар түрінде болып келуі керек” [19].

 Электрондық оқулықтарға қойылатын талаптар

 Электрондық оқулықтың жай оқулықтан айырмашылығы қандай? Электрондық оқулық — оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны қамтитын, компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. программалардың жиынтығы.

“Электрондық оқулық жай оқулықтарға тиімді қосымша мүмкіндікгер береді. Әсіресе, кері байланысты практика жүзінде тез арада қамтамасыз ету; жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатындықтан болғандықтан электронды оқулық қажетті оқулықгы табуға тез мүмкіндік береді; гипертекст түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеу; жеке  тұлғаға  бағдарланған, яғни оның нақты бір бөлім бойынша білімді тексеру және қысқа текстпен кодтар оны көрсету, баяндау, модельдеу т.б. мүмкіндіктер тез орындалады.

Компьютерлік өнімдер, оның ішінде оқыту программалары мен электронды оқулықтар саны жылдан-жылға көбеюде. Алайда, осы күнге дейін электронды оқулық кандай болу керек және қандай функциялар оның міндеттемелеріне айналу керек деген мәселе шешуін таппай отыр” [20].

Қазіргі кезде электронды оқулықтарға келесідей талаптар қойылады:

“-тандалған курс бойынша ақпарат  жақсы кұрылып және саны шектелген жаңа ұғымдары бар аяқталған курс үзінділері түрінде болғаны дұрыс;

-текстпен қатар әрбір үзінді аудио немесе виде  түрдегі ақпараттан түру керек («жанды  лекциялар»). «Жанды лекциялардың» міндетті интерфейс элемент! ретінде лекцияны кез-келген жерінен оқуға мүмкіндік беретін айналдыру мүмкіндігі болуы керек; текстік ақпарат «Жанды лекциялардың» кейбір бөліктерін кайталауы мүмкін; күрделі модельдер  мен  қүрылғыларды көрсететін иллюстрацияда тез пайда болатын түсіндірмелер болу керек, олар иллюстрацияның жеке элементтері (карталар, жоспарлар, схемалар) бойынша қозғалысына сәйкес пайда болып және сөніп отырғаны жөн; керекті ақпаратты іздеу уақытын қыскартуға мүмкіндік беретін көптеген сілтемелермен текстік бөлім камтамасыз етілуі тиіс. Бір пән аумағында арнайы  түсіндірме сөздік енгізілген болу керек; материалдың әдеттегі мазмұнын түсінуге қиын бөлімдері анимация немесе видеоақпарат түрінде берілгені жөн. Бұл жағдайда дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда пайдаланушыға 5-6 есе аз уақыт жұмсалады. Адамға  өзі көрмеген кейбір күбылыстарды (сарқырыма, өрт, т.б.) түсіндіру өте қиын. Видеоклиптер уақыт масштабын өзгертуге және кұбылыстарды демонстрациялауды жылдамдатуға, баяулатуға, немесе үзіндісін таңдап демонстрациялауға мүмкіндік береді “[21].

Енді, электрондық оқулықтарды даярлаудың тиімді кұралдарын қарастырайық. Олар:

“-дәстүрлі алгоритмдік тілдер;

-жалпы мақсатгағы инструментальді кұралдар;

-мультимедиа құралдары;

-гипертекстік және гипермедиалық кұралдары;

Ал, электрондық оқулықгың жұмыс істеу режимдеріне тоқталсақ, электронды оқулықгың негізгі үш жұмыс істеу режим! бар:

-бақылаусыз оқыту;

-бақылаумен оқыту

-тестік бақылау.”[22]

Мұндағы бақылаумен оқытуда материалды игеру деңгейін анықтау мақсатында әрбір тараудың соңында оқушыға бірнеше сұрақгар берілсе, тестік бақылауда баға қою арқылы білімді тексереді.

Қазіргі кезде оқулықтарға қойылатын талаптар: берілетін материалды кұрылымдандыру, пайдалану ыңғайлылығы, материалдың мазмұнының көрнекілігі. Жоғарыдағы айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипертекст технологиясын қолданған дұрыс. Оқытудағы негізгі мәселелердің бірі білімді бақылау болғандықтан, электронды оқулық кұрамында бақылау құралы қамтамасыз етілу міндетті.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-128

Сурет 2. Академиялық кітапхана ресурсындағы электрондық оқулықтардың құрылымдық  тәртібі  2015 жыл

Ескерту: мәліметтер сайтынан алынған

Оқытудың компьютерлік кұралдарының бір түрі тестілеу

“Тест тапсырмасы көптеген өркениетті елдерде білім алудың бір сатысынан екінші сатысына көіпу барысында оқушы немесе талапкердің білім деңгейін анықтау үшін қолданылады. Тест (test) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «Сынақтан өткізу», «тексеру» деген мағынаны білдіреді.

Белгілі ғалым И.Ропопарттың берген анықгамасына сүйенсек тест белгілі бір ережеге сәйкес жасалынған, алдын ала эксперименттік тексеруден және дамытудың арнайы процедурасынан өткен өзінің тиімділігі жөнінде жеткілікті мінездемеге ие болған тексерушілерге арналған арнайы сұрақгары мен тапсырмалар жиынтығы» [22].

Ал педагог ғалым В.П.Беспалько білім стандарты туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе мынадай анықгама берген «Белгілі дәрежедегі іс-әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын камтитын білімді игеру сапасының мықгы бағасын анықтау кұралы тест болып табылады.

Өздеріңізге белгілі педогокикалық тәжрибеде білімдерді тексерудің алуан түрлі өдістері мен түрлері бар. Дегенмен казіргі қолданылып жүрген дәстүрлі әдістері оқу материалдарын меңгерудің сапалық жағынан анықгайды.

“Дәстүрлі бақылау жұмыстары есепті шығарудың әдістерін игеруге, есептерді шығару кезінде қиыншылыктарды көруге, жұмысты орындағанда, әдетте жіберілген кателерді айыра білуге септігін тигізеді. Бірақ олардың көмегімен оқушы игеруге тиіс оқу материадцарының тек 30-50 проценті ғана тексерілуі мүмкін. Ал тестік тапсырмалар оқыту тиімділігінің сапалық жағымен қатар сандық жағын бағалауга мүмкіндік береді. Демек тестік тапсырмаларды қолдану оқушы білімін обьективті бағалуға мүмкіндік береді.

Сонымен, тест сандық бағалауға, статистикалық өндеуге және салыстырмалы талдауға икемді обьективті стандартталған өлшеуі болып табылады.

Бүгінгі танда компьютердің пайда болуымен тест тапсырмасын қолдану ауқымы да кеңейді. Себебі компьютерді пайдаланып студенттер мен оқушыларды семестр, тоқсан ішінде бірнеше рет сынақтау (тестілеу) — олардың ағымдық білімін тексерудің негізгілерінің бірі. Тест тапсырманың нәтижесі арқылы өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және қосыміпа тапсырмалар беру арқылы олардың білім деңгейлерін көтеруге әсер етуге болады. Компьютер арқылы өткізілген тест нәтижесі жылдам, кағаз кажет етпейді, басқаша айтқанда арзан” [23]

Жалпы тест күрделілігі жағынан кәдімгі бақылау жұмысынан төмен болғанымен, берілген материалды камту алқымы кең. Ал енді ауызша сұраумен салыстырсақ, онда оның ең негізгі артықшылығы, мұғалімнің әр оқушының (студенттің) үлгерімі туралы ақпаратты дер кезінде алу мүмкіндігінде.

“Тестке әр әдебиетте әр түрлі анықгама беріледі. Мысал ретінде бірнешеуіне тоқталып өтейік:

>  Тест — жауап үлгісі берілген тапсырма;

>  Тест — белгілі бір уақыт аралығында орандауға тиісті әр түрлі тапсырмалар жиынтығы;

>  Тест — сыналушының ой-өрісін анықтау мақсатымен құрылған ықшам түрдегі тапсырмалар;

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электронды оқу құралдарының атқаратын рөлі зор. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер,сұлба тәсілдер арқылы толықгырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп және оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады.

Білім берудің саласында » Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.

Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мүғалімнің айтқандарын немесе оқулықгы пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Электрондық оқулық жасау құрал ретінде HTML тілі тандап алынды. Себебі, электрондық оқулықгың теориялық материалдары гиперсілтеме арқылы ұйымдастырылуы тиіс, ал HTML тіліңце гиперсілтеме оңай жасалынады. Дипломдық жұмысты орындау барысында гиперсілтеме жасауды, gif-файлдарды кірістіруді, терезелерді безендірудің барлық мүмкіндіктерін пайдалануды үйрендік. Безендіру үшін арнайы суреттер мен фондар интернет желісінен алынды . Гиперсілтеме терендіктері 3-4 деңгейге жетті” [24]

Қазіргі таңдағы электрондық оқулықтарды программалау тілдерінде қолдану.Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

“Жеке әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі мынадай артықшылықтармен сипатталады:

  1. Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісінде жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

— «тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекеленген тақырып немесе тарау бойынша қолдану);

— Негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры);

— Монотехнологиялық ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, моноторинг компьютерді қолдануға негізделген).

  1. Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында (дистанционды формада) отырып қол жеткізуге болады. Бұдан концептуалды ұстанымдарды қалыптастыру мүмкіндігі төмендегі формада жүзеге асады:

— оқыту-бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;

— баланың компьютерлік оқытуға икемделе алуы;

— оқытудың диалог түрінде болуы;

— оқытушының кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;

— оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект;

— жеке және компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалды демеу.

  1. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады

Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейне техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану студентке ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді. Әр түрлі зерттеулер химия, математика, тарих сабақтарында компьютерді пайдаланғанда оның оқыту қызметтерінің жан-жақтылығын көрсетеді

Электрондық оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр этапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды.Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады”[25]. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдаяттар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi.

Мысалға, электронды оқулықтағы бiр тақырыпқа тоқталатын болсақ, алғашында сол тақырып бойынша мәтiн берiлген.

  1. Осы мәтiндi оқушы тыңдайды, оқиды, сонан соң барып тақырыптық сөздiктерге көңiл аударады.
  2. Жаңа сөздердiң аудармасын iздеп тауып алғаннан кейiн, сол сөздермен басқа жағдаяттарда қолдануға болатын сөйлемдер құрастырады.
  3. Осы құрастырған сөйлемдерiн қолдана отырып жағдаяттар ойластырады.
  4. Өздерi ойластырған жағдаяттарды қолдана отырып сұхбат құрастырады.
  5. Сұхбаттарды бiрiншi жақтан құрастырғаннан кейiн, оны үшiншi жаққа аударып айтып бередi.
  6. Берiлген тақырып көлемiнде түрлi жаттығулар мен тапсырмалар орындайды.
  7. Сөйлемдегi сөздердiң орын тәртiбiн дұрыс қою арқылы сөйлем құрастырады.
  8. Сөйлемдегi жетпей тұрған сөздi табу арқылы, сөйлемнiң мағынасын түсiнуiн аңғартады.
  9. Компьютермен сұхбаттасу арқылы қойылған сұраққа дұрыс жауап бере алатындығын көрсетедi.
  10. Әңгiменi қостай отырып, сол тақырып көлемiнде сөйлесе алатындығын байқатады.
  11. Сөйлемдегi сөздердiң жалғауларын дұрыс қоюы грамматиканы түсiнгендiгiн бiлгiзедi.
  12. Сөйтiп көптеген жаттығулармен тапсырманы дұрыс орындағанда барып өз өмiрiнде осы тақырыпты қолдана отырып әңгiме құрастыруға дейiн жетедi.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-129

Сурет 3. 2015жыл.Электронды оқулықтар мамандықтар бойынша диаграммаға  көрсетілген.

Ескерту:мәліметтер https://www.google.kz/: сайтынан алынған.

Қорытынды

Қазiргi заманғы жаңа технологияларды, оның iшiндегi электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың ақпаратпен жұмыс iстей бiлуiн қалыптастырады.

Оқушылар үшін электрондық оқулық – ол өзінің мектеп қабырғасында жүрген жылдарында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Ал мұғалімдер үшін ол өзінің педагогикалық тәжірибесі арқылы толықтырып және дамытып отыруға болатын ашық әдістемелік жүйе.

Электрондық  оқулықтармен  оқыту  жүйесiнiң  сапасын арттырумен  қатар  бiрқатар пайдалы жақтары бар.

Біріншіден,  әр  оқушы  өзiне  тән  қарқынмен  деңгейiнде  жұмыс  жүргiзедi. Қойылған  мақсатқа  жету  үшiн  қажеттi  төзiмдiлiктi  қалыптастырады.

Екіншіден,  оқушы  өз  еңбегiнiң  нәтижесiн  көрiп  өзiн — өзi  бағалайды. Өз  бетiмен жұмыс iстеу  оқушының  бiлiмiне  әсер етпей, мiнез  құлқына  зор  ықпалын  тигiзедi.

Оқушыларды  тиянақтылыққа, бастаған  iсiн  жемiстi аяқтауға тәрбиелейдi.  Жауапкершiлiгi  оятады. Бұл өз  ретiнде  оқушының  iзденiмпаздылығын,  шығармашылық  қабiлетiн  дамытады.

Болашақ  мұғалімдерді кәсіптік  дайындауда  электронды  оқулықты  қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің  білім көлемін өз бетімен  толықтырып, емтихан  материалдарына  дайындалады және ақпараттық  білім арқылы  танымдық  ойлауын  қабілеттіліктерін  дамытады. Ал оқушылар үшін ашық  әдістемелік   жүйе, өзінің іс-тәжірибесінің  жинақталуына, шығармашылық  ізденістері  негізінде оқулықты  толықтырып, дамытып, жетілдіруге мүмкіндік береді. Электронды  белсенді  дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, оқыту үрдісін саралауға, жан-жақты  ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, оқушылардың  әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді. Орта арнаулы оқу орындарында болашақ  мұғалімдерді кәсіптік дайындық  сапасын арттыруға және  оқу – танымдық үрдісі ақпараттандыру арқылы жандандыруға мүмкіндік аламыз.

Қорыта келгенде, электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артатындығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдерге де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану-оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, кемшілік-жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді, анық болады.Web-беттер арқылы жасалған оқу құралы практика жүзінде тексеріліп, пайдаланылды және өзінің жұмысқа жарамдылығы дәлелденді. Сондықтан алға қойылған міндеттер енгізіліп, тапсырма толығымен орындалды деп есептейміз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Башмаков М.А. Разработка компьютерно- обучающих систем и компьютерных учебников. М. 2012.60 -бет
  2. Досжанов Б., Альменаева Р. Казақ тілінде электрондық оқулықтар мен web-парактар даярлау әдістері.  Информатика негіздері. 2014. N3. 25-26- беттер
  3. Нұрғалиева Г.К. Электронды оқулықтар — мұғалім мен оқушылар қызметін ізгілендіру құралы. // Компьютер әлемі. Республикалық журнал. N2, -2014. 20-21-беттер
  4. Х.Жантелі. Оқытудың компьютерлік программаларын кұру технологиясын жетілдіру.//Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері. Шымкент.2012. 446-449 б.
  5. Халыкова Г және т.б. Электронды оқулықты дайындаудың талаптары. // Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясының еңбектері. Шымкент. -2014. -469 б.
  6. Халыкова  Г.3.Информативты оқыту әдістемесі-Алматы:»Білім»,2014.-196 б
  7. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі №6 — 2016ж. 15-16-бет
  8. Электронды оқулықтарды пайдалану . А.Абубаева , Информатика негіздері, №4 — 2016ж. 124-бет
  9. Назарбаев Н.Ә. (Қазақстан халқына жолдауы). Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. – Астана, 2015
  10. Мұхамбетжанова С.Т. Толықбаева Ғ.Н., Жартынова Ж.Ә.
    Электрондық оқыту бойынша мониторингінің жүргізу әдістемелік құралы. Алматы 2013. 72-бет
  11. Лапчик М.П, И.Г.Семакин,Е.К.Хеннер. Методика преподавания информатики.Москва,Издательства Центр Академии,2015 ,624б
  12. Семченко А.А. Мұхамбетжанова С.Т.  Толықбаева Ғ.Н. Жартынова Ж.А. Коровина С. В.Объектіге бағдарланған «MOODLE»ортасы арқылы білім контенттерін жасау. Алматы 2014. 52-бет
  13. М.А.Ғалымжанова. «Педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру бағыттары» Атырау 2015. 81-бет
  14. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2014ж 21-22-бет
  15. Жаңа формациядағы ұстаз, оның кәсіби мәдениеті. Н.Мұратәлиева, Мектеп директоры №3 – 2016ж. 35 бет
  16. М.Донской. Интернет  и  пользований  интерфейс//Мир Интернет, 2015,N9. 29б
  17. А.Сағымбаева. Білімді тексерудің тестілік әдістемесі. «Информатика негіздері» журналы, N2, 2012, 26 бет.
  18. Сапарбаева У. Кітап графика негіздері. 2015. 12-бет
  19. 19.  Аванесов B.C. Тесты в социологическом исследовании.-М.:, 2015. 120-бет.
  20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2016.
  21. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 2013. 369бет
  22. Е.Ы.Бидайбеков, С.С.Үсенов, А.З.Бименова. «Информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды пайдалану» электронды оқу құралы, Қызылорда , 2013ж. 25бет
  1. М.М.Қуаңбаев.Электрондық оқулықтарды пайдалану әдістері мен мүмкіндіктері.Қызылорда, 2013ж.26-27-беттер
  2. HTML. Будилов В.А. СПб: Наука и техника, 2015. 59-60-беттер
  3. 16. Медешова А.Б., Мұханбетжанова Ə.М., Қадырбаев М. Оқу процесінде электрондық оқу материалдарын пайдалану жағдайлары «БҚМУ хабаршысы», Орал, БҚМУ баспаханасы, №1- 2016. 172-176б.

   Құрастырғандар: Асқар З., Жакияева А.

Яндекс.Метрика