ЕҢБЕК МИГРАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН БОЛАШАҒЫ
Мазмұны
Кіріспе
Еңбек миграциясы Қазақстанда: қазіргі жағдайы мен болашағы
Қорытынды
Қолданған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Қазақстанда таяудағы жылдары демографиялық үрдістер ішінде ең қарқынды дамитыны еңбек миграциясы екендігі қазірдің өзінде белгілі бола бастады. Жыл сайын елімізге жұмыс іздеп қанша адам келіп кетеді? Мұны ешкім тап басып нақты айта алмайды.
Еңбек миграцияның бұл түрінің көбінесе жасырын сипаты басым болып келетіндігіне байланысты. Себебі жұмыс беруші кәсіпкерлер салық түрлері мен заңдылықтарға байланысты туындайтын қосымша шығындардан қашып, өзінің шетелден қанша адамды жұмысқа тартып отырғандығын жариялағысы келмейді. Міне, осындай себептерге, яғни бизнес жүргізу үшін пайдалылығына байланысты еңбек миграциясы бүкіл әлем бойынша кеңінен өріс алып отыр. Егер жалпылай айтатын болсақ, өткен ғасырдың орта тұсынан бастап бүкіл әлемнің өзгеріске түсуіне, өңірлердің жедел дамуына, жер бетінің халқының сапырылысып кетуіне әсер етіп отырған екі-үш құбылыс болса, соның ең бастылары – басы артық қаржы капиталы мен еңбек күштерінің (яғни еңбек миграциясының) еркін қозғалысқа еніп, бүкіл әлемді шарлай бастауы дер едік. Ал енді мұндай құбылыстың өркен жаюына бірінші кезекте ғылыми-техникалық прогрестің шапшаң дамуы мен технологиялардың жетілуі, бизнеске беріліп отырған еркіндік пен қоғамның ақпараттандырылу жағдайының күшеюі секілді факторлардың үлкен әсер еткені анық.
Жалпы миграция дегеніміз ертеден бері келе жатқан құбылыс. Дегенмен өткен ғасырдың ортасынан бастап осылардың арасында еңбек миграциясы барынша бел алды да, ол әлемнің барлық елдерін шарпыды.
Миграция стихиялық, бақылаусыз сипатта болған сайын оның кәсіби қылмыскерлермен және кримоногенді орталардан шығушылармен толығары сөзсіз. Олар өздеріне ыңғайлы, пайдалы орта табуды көздей отырып, кеңістікте орын ауыстырып отырады, құқық қорғау органдарының қудалауынан құтылуға тырысады. Осы қылмыстық топтар миграциялық лекті қоғамға қарсы әрекет етушілерге айналдырады. Мигранттарды пайдалана отырып, оларды есірткі тасымалдаушылар мен қару-жарақты сатушылар етеді, дамыған елдерде арзан, заңсыз жұмыс күші ретінде мигрант ер адамдарды тасымалдайды, ал әйелдерді жезөзекшелікпен еріксіз айналысу үшін миграциялауды жүзеге асырады. Миграциялық ағымдардың әртүрлі болуының өзі қылмыстық көріністің әртүрлі сипатта болатынын көрсетеді. Ол уақытша және тұрақты мигранттарға, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға, еңбек және оқу мигранттары т.б. байланысты. Негізінен қылмыстардың көбін белгілі-бір территорияда тұрақтап қалмайтын транзиттік және заңзыз мигранттар жасауда. Қазақстанның жақын келешекте де еңбек мигранттары үшін тартымды ел қатарында қала беретінін алға тартады. Ал мұндай жағдайда халықаралық конвенцияны ұстана отырып, шетелден келетін еңбекшілердің өздеріне де жағдай жасап, Қазақстанның өзіне де тиімді тетікті қалыптастыру аса маңызды болып табылмақ. Ал ондай тиімділіктің жолы қайсы?. Осыдан біраз бұрын парламент мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасының басты мақсаты мигранттық қозғалыстарының заңсыздығын төмендету, олардың мақсатын анықтау және адам құқығын бұзбастан мемлекет үшін олардың да қозғалысын тиімді пайдалана білу болып табылады.
Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйесіне кірігуі мен оның экономикасына құйылып жатқан капиталдың жылдан жылға арта түсуі, отандық бизнестің шапшаң қарқынмен дамуы, елдегі орташа жалақы көлемінің көбеюі мен кәсіпкерлердің арзан жұмыс қолына деген зор ынтасы және еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылу жөніндегі ниеті, жер бетіндегі игерілмеген өңірлердің азаюы мен әлемдегі халық санының жылдан жылға артуы, соның ішінде біз өмір сүріп жатқан Азияда халықтың тым тығыз шоғырлануы мен осыған ұқсас басқа да көптеген факторлар елімізге сырттан келетін адамдар санының көбеймесе, азаймайтындығын көрсетіп отыр.
Ертеректе жұмыс іздеген адамдар басқа елдерге тұрғылықты тұру мақсатында қоныс аударатын болса, енді уақытша барып еңбек етушілердің үлес салмағы артып отыр.
Сондай-ақ миграцияның бұл түрінің географиялық ауқымы да барған сайын кеңейіп келеді.
Ертеректе халықаралық миграцияның маңызды орталықтары деп Америка Құрама Штаттары, Канада, Австралия, Израиль, Германия, Франция секілді елдер ғана аталса, бұдан кейін бұл тізімге Сауд Арабиясы, Кувейт, Араб Әмірлігі, Аргентина, Венесуэла, Бразилия, Сингапур, Жапония секілді елдер келіп қосылды. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуроодақтың құрылуына байланысты осы құрлықта ресми тіркелген иммигранттардың саны 13 миллионнан асып жығылса, сексенінші жылдардың ортасында Араб шығысына жұмыс іздеп келушілер саны 6 миллион адамды құраған. Осының ішінде қызықты бір құбылыс – кейбір араб елдерінде иммигранттар санының жергілікті тұрғындардан әлдеқайда басым түсуі. Мәселен Кувейтте тұрушылардың 80 пайызын, Араб Әмірлігінің – 75 пайызын сырттан келушілер құрайды. Ал 1950 жылы бұл елдердегі осы көрсеткіш 5 пайыздан аспаған екен. Әлем бойынша ерекше белең алып отырған миграция түрі – жасырын еңбек миграциясы. Әсіресе, көршілес елдердің арасында жиі болып тұратын осы құбылыс соңғы кездері континентаралық деңгейге дейін көтерілді. Әртүрлі деректер бойынша Америка Құрама Штаттарында әр жылдары осындай иммигранттар саны 2-4 миллион адам аралығында ауытқып отырса, кей жылдары 13 миллионға дейін жетеді екен. [1]
Еңбек миграциясының тарихына жалпы қысқаша шолу жасап өттік. Ендігі кезекте Қазақстандағы мигранттар жөнінде сөз қозғасақ. Жалпы олардың санына,түрлеріне, жағдайына тоқтала кетсек.
Сурет 1. Еңбек миграциясының түрлері
Ескерту: мәліметтер Қазақстан Республикасының www.articlekz.com сайтынан алынды
Үкіметтің арнайы ресми статистикасы болмағандықтан Халықаралық көші-қон ұйымының 2010 жылғы санағы бойынша Қазақстанда жарты миллионнан бір миллионға дейін мигрант жұмысшы жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан, 25 пайызы Қырғызстаннан, қалғандары Тәжікстан және Тәуелсіз Мемлкеттер Достастығы тағы басқа елдерінен келген. Кейбір мекемелер алдағы жылдары мигранттар саны 3 миллионға дейін жетеді және олардың 200-300 мыңдайы ғана заңды түрде тіркеліп жұмыс жасайды деп болжайды. Мигранттардың жартысына жуығы құрылыс саласындағы жергілікті халық істегісі келмейтін кілең кір, лас, қауіпті жұмыстарды жасайды. Қалғандары қызмет көрсету саласы мен ауыл шаруашылық саласының барлық тармағында күн көріп жүр.
Кәсіби шеберлігі аса жоғары болмағанымен орта деңгейдегі арзан жұмысшылардың өзі Астана, Алматы, Шымкент, Атырау және Ақтау қаласындағы құрылыс пен қызмет көрсету саласының шапшаң дамуына ықпал етті. Алайда ресми билік органдары мигрант жұмысшылардың экономиканың жақсаруына қосқан үлестері жайында ешқандай да арнайы зерттелген мәліметтер бермейді. Мемлекеттік органдар мигранттарды «заңсыз тұрады, елдегі қылмыстың өсуіне ықпал етеді, қауіпсіздік мәселесін күрделендіреді» деп айыптап, олармен күрескен сыңай танытқанымен ықпалды тұлғалардың гастербайтерлер жалдауына көз жұмып қарайды.Қорғансыздығына қарамастан мигранттардың Қазақстанға келіп жұмыс жасауға тәуекел етіп жүргеніне таңданысымды білдіремін. Қазақстан тұрақтылық және төзімділік сияқты сипаттамалары арқылы әйгілі болған. Расында да бұл ел Ресеймен салыстырғанда Орталық Азия елдерінің халқы үшін әлдеқайда жайлы. Ферғанадан Астанаға жұмыс іздеп келген екі жас өзбек жігітінің өмірін мысалға келтіріп кетейін. Бахтияр және Раушан есімді екі өзбек жігіті үшін Астанада жұмыс істеп, мал табудың мүмкіндігі көп. Олар Қазақстан астанасында құрылыста жұмыс жасап, ақша тауып, өздерінің де, әпкелерінің де үйлену тойларын атқаратын қаржы жинағандарын айтқан. Автор осы пікірін қосымша дәлелдермен тағы да нықтай түскен. Бабамурат есімді тәжірибелі мигрант құрамында 26 адамы бар бригаданы басқарады. Оның айтуынша, еңбекақы Ресейде жоғары. Бірақ Қазақстан олар үшін жайлы, тыныш мекен. Бұқара қаласынан келіп, Қарағанды, Астана қаласында құрылыста жүрген этникалық тәжік жігіттері де Қазақстанда тапқан ақыларына дән риза. Олар 7 жылдан астам уақыт Ресейдің әр түрлі қалаларында гастарбайтер болып еңбек еткен. Олар да «Ресейде жұмыс көзі өте көп. Бірақ ұлтшылдар мен скинхедтер тыныштық бермейді» деп шағынған. [2]
Сурет 2. Қазақстан Республикасының 2016 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасындағы иммигранттар саны
Ескерту: мәліметтер Қазақстан Республикасының ресми интернет журналы https://vlast.kz
сайтынан алынды
Сырттан келіп, белгілі бір елге тұрақтап, ондағы еңбекке заңды, заңсыз араласатындардың құқын қорғау – әрбір мемлекет үшін өзекті проблема. Сондықтан да, еңбек саласындағы көші-қон мәселелері халықаралық, әлемдік дәрежедегі бірден бір маңызды құбылыстарға айналып отыр. Сол себепті де қазіргі кезде Қазақстандағы еңбек мигранттарының салдарынан туындайтын ахуалдарға тоқтасақ.
Тоқтала кететін жайт, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1990 жылғы қарарымен қабылданған еңбек мигранттарының және олардың отбасы мүшелерінің құқын қорғау туралы халықаралық конвенцияға сәйкес, еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелері өз мемлекетімен қоса кез келген мемлекетті еркін түрде тастап кетуге құқылы. Олардың бұл құқына ешкім шектеу қоя алмайды. Ендеше, Орталық Азияда еңбек миграциясы үшін тартымды күшке айналып отырған, еңбек ми-гранттарының саны бойынша әлемдегі он елдің қатарында тұрған Қазақстан үшін де бұл мәселе өзекті. Жан-жағымызды саралағандар, жаһандық үдерісті бағамдағандар Орталық азия аймағында Қазақстанның жақын келешекте де еңбек мигранттары үшін тартымды ел қатарында қала беретінін алға тартады. Ал мұндай жағдайда халықаралық конвенцияны ұстана отырып, шетелден келетін еңбекшілердің өздеріне де жағдай жасап, Қазақстанның өзіне де тиімді тетікті қалыптастыру аса маңызды болып табылмақ. Ал ондай тиімділіктің жолы қайсы? Осындай олқылықтың орнын толтыру мақсатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеген еді. Осыдан біраз бұрын парламент мәжілісінде бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасының басты мақсаты мигранттық қозғалыстарының заңсыздығын төмендету, олардың мақсатын анықтау және адам құқығын бұзбастан мемлекет үшін олардың да қозғалысын тиімді пайдалана білу болып табылады. Жаһандық үдеріс демекші, әлемдегі оқиғалардың барысын саралағандар қауіптің көбін еңбек мигранттарымен байланыстыратыны ақиқат. Миграция жөнiндегi халықаралық ұйымының деректеріне көз жүгіртсек, 2010 жылы халықаралық мигранттар саны 214 млн. адамды құрап, соңғы 20 жылдағы қарқыны еш төмендемеген. Соны саралаған мамандар 2050 жылға қарай әлемдегі еңбек мигранттарының санын 405 миллионға жетеді деп болжауда. Мұның басты себептерiнiң бiрi дамушы елдердегi жұмыс күшiнiң шапшаң артуымен түсіндіріледі. Мысалы, 2005 жылы дамушы елдердегі жұмыс күші 2,4 млрд.-қа тең болған болса, 2040 жылға қарай аталмыш көрсеткіш 3,6 млрд.-тан асуы мүмкін. Екіншіден, Еуропа жұрты да ентігін баса алмай есігін тартқылайтын еңбек мигранттарынан үрке бастағаны да соның дәлелі. Өйткені халықтың көшіп-қонуы тек экономикалық, саяси, демографиялық мәселеге ғана емес, ұлтаралық қатынастарға да, ақыры қай-қай елдердегі идеология һім ұлттық қауіпсіздікке де барынша әсерін тигізіп отырғаны айқын білінуде.
Ал Қазақстандағы жағдай нешік? Сонымен қатар, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеген заң жобасы нені шешпек? Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы екі жылда Қазақстанға 2 млн.-нан астам шетелдік азамат келіпті. Соның басым бөлігін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан келгендер құрайды. Ал Орталық Азиядан Қазақстанға қарай жөңкілетіндердің басты мақсаты нәпақа табу екені түсінікті. Дегенмен, соған қарамастан, әлгіндей 2 млн.-нан астам келімсектің 1 пайызға жетер-жетпесі ғана Қазақстанға келу мақсатын «еңбекпен айналысу үшін» деп көрсетсе, 96 пайызы «жеке мақсаттарымен» келгенін тіркетіпті. Ал нақты жағдайды саралағандар мұның мүлдем керісінше екенін, көршілестерден ағылатын еңбек мигранттары маусым сайынғы келісті қойып, жыл бойына, тіпті мүлдем елге сіңіп бара жатқанын айтады. Осындай олқылықты түзеу үшін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі еңбек көші-қонын реттеуді қарастыратын заң жобасын мәжілісмендер алдында қорғаған еді.[3]
Экономика және бюджеттік құжаттың басты мақсаты еліміздегі заңсыз еңбекті жүзеге асыратын шетелдіктердің қызметін заңдастыру болып табылады.
«Ал заңсыз еңбекші қайда жүр?» деген сауалға келсек, оның жауабын табу да еш қиындық тудырмас. Ол әсіресе оңтүстіктегі жеке тұлғалардың ауласында, құрылысында, қора-қопсысында, бау-бақшасы мен қырманында жүр. Сөйтіп, шетелден келген мигранттар заң сыз еңбекпен айналысып, заңсыз табыс тауып қана қоймай, жеке тұлғалардың ауласында жұмысқа да заңсыз жегіліп жатыр. Ал министрлік ұсынған заң жобасына келсек, мұндайларға алдағы уақытта еш тыйым салынбайды, қайта ондайлардың адал жұмысын заңдастыруды ұсынылады.
Сурет 3. 2016 жылғы мәлімет бойынша Қазақстандағы иммигранттардың жасайтын жұмыс типі бойынша үлес салмағы (пайызбен %)
Ескерту: мәліметтер Қазақстан Республикасының ресми www.total.kz сайтынан алынды
«Жеке тұлғаларда еңбек ету үшін шетелдік мигранттарға арнайы рұқсат беру қарастырылады. Ол елімізге үш айға дейін визасыз келе алатын шет ел азаматтарына беріледі. Рұқсат бір айдан үш айға дейін, кейін ұзартылуға жатады. Ең ұзақ мерзім бір жылға жарайды», – дейді Ерболат Досаев. Дегенмен шетелдік еңбек мигранттары Қазақстандағы жеке тұлғалардың қол астында тек еңбектің екі түрімен ғана айналыса алады:
- біріншісі– үй шаруашылығындағы жұмыстар
- екіншісі – жылжымайтын мүлікті жөндеу, оны салу бойынша қызметтер көрсету.
Бір сөзбен айтқанда, үй салып, қора-қопсыны жөнге келтіргіңіз келсе, бау-бақшаға еңбек қолы жетіспесе, онда салығын төлейсіз де, шетелдік еңбекші-мигрантты заңды түрде жұмысқа қабылдаған болып аласыз. Сонымен қатар, бір жеке тұлғаның қарамағында бір мезгілде еңбек ететін шетелдік мигранттың саны бесеуден аспауы тиіс. Әрине, шетелдікпен еңбек келісімшарты өз алдына жасалады. Түйіндей айтсақ, жаңа заң жобасына сәйкес, еліміздің кез келген азаматы ешқандай да заңды бұзбастан шетелдік еңбек мигранттарын үйінің жеке шаруасын істетуге тартып, заңды түрде жұмысқа жалдай алады. Тоқтала кететін жайт, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңсыз миграциямен күресті ескеріп һәм шетелден жұмыс күшін тарту бойынша әлемдік тәжірибені де саралай келе, Қазақстанға тиімдісі Ресейде қолданылатын еңбек мигранттарының патенттерін беру жүйесі екеніне тоқталыпты. Ресейдегі тәжірибеге келсек, онда жеке тұлғалар қолында жалданатын шетелдік жұмыс күшіне еңбек патенттері беріледі. Патент алу үшін шетелдік мигрант-жұмысшы 1000 рубль төленгені туралы түбіртек көрсетеді. Сосын сол түбіртекті әр үш ай сайын, түптеп келгенде бір жылға дейін ұзартуға құқы болады. Сөйтіп, еңбек патенті миграциялық бақылаудың тиімділігін арттырып қана қоймай, бюджеттің бүйірін де томпайтқан. Мәселен, соңғы екі жылда Ресейде 1 млн. 250 мыңға тарта шетелдік еңбекші мигранттар заңдастырылған. Яғни бюджетке түсетін түсімдер ауқымы да еселенгенін осыдан-ақ аңғаруға болады. [4]
Қазақстандағы тетікке келсек, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ұсынған үлгі де осыған ұқсас.Яғни,алдағы күндері бұл мәселені жан-жақты қарау керек екендегі ескеру керек. Осыған байланысты біраз мәліметтерді қарастырған болатынбыз.
«Шетелдік еңбекші мигрантқа рұқсат беру үшін жеке тұлға әр айға олардың жеке табыс салығы бойынша екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алдын ала төлем жасайды. Ал олардың табысы 50 мың теңгеден артып кетсе, шетелдік қызметкер Қазақстаннан шыққанға дейінгі айырмашылықты өздері төлейтін болады», – дейді министр Ерболат Досаев. Тоқтала кететін жайт, жыл сайын елімізде 100-300 мыңға дейін шетелдіктер заңсыз жұмыс жасайтын көрінеді. Ендеше, бюджетті жоспарлайтын министр әлгіндей еңбек мигранттарынан түсетін түсімді 6-10 млрд теңгенің аралығында болжап отыр. Сөйтіп, заң жобасы қабылданса, Қазақстанға визасыз тәртіппен келетін Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения азаматтары бір жылға дейін, Грузия, Молдова, Украина, Моңғолия азаматтары үш айға дейін, Түркия азаматтарына бір айға дейін Қазақстанда болуға мүмкіндік беріледі. Түптеп келгенде заң жобасы еліміздегі заңсыз еңбек мигранттарын заңдастыруға, олардың келуіне бақылауды күшейтуге тиімді тетік қалыптастырады. Екіншіден, еңбек мигранттарының салығы есебінен бюджет түсімі артады. Үшіншіден, еңбек мигранттарының қызметі «көлеңкелі экономикадан» шығарылып, сыбайлас жемқорлықтың жолы кесіледі. Ең ақыры еңбек көші-қоны бойынша нақты статистика мен сенімді ақпарат түзіліп, елдегі рыноктың жағдайын сараптауға, болжам істеп, еңбек нарығын дамытуға жағдай жасайды.[5]
Алайда, еңбек мигранттарына қатысты мәселені бір ғана заң аясында шешу мүмкін еместігін Мәжіліс депутаттары да алға тартады.
Мәселен, құжатты талқылау барысында заң жобасындағы төрт түрлі мәселені жеке-жеке бөліп, осыған барынша назар аудару қажеттігін жеткізді.
- Біріншіден, елімізде жаңа өндіріс орындарының ашылуына байланысты кәсіптілігі жоғары өз жұмысшыларымызды дайындап, олардың жұмысқа орналасуы жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына атқарушы билік – Үкімет айрықша басымдық беруге міндетті.
- Екіншіден, еңбек көші-қонының экономикамызға тигізер әсеріне мән бергенде тек жұмыс орнын толтыру ғана емес, олардың заңды салық төлеуін қамту қажет.
- Үшіншіден, бізде еңбек күшінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жұмыссыздықтың арасалмағы бір деңгейде болып тұр. Мұны естен шығармауымыз керек. Ал шетелдік еңбек мигранттарының басым көпшілігі – қара жұмысқа бейімделген халық. Олардың ұйымшылдығы, арзан күші, еңбегі көп жағдайда біздің қазақтың қара жұмысшыларын бәсекелестіктен ысырып жатады
Сонымен қатар депутат еңбек мигранттарына қатысты ұлттық қауіпсіздік мәселесін де ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бәсекелестіктен барып ұлттық қауіпсіздік проблемасы пайда болуы бек мүмкін. Яғни еліміздің еңбек нарығы заңсыз мигранттармен үздіксіз толықса, жергілікті жұртшылықтың әлеуметтік-экономикалық ахуалына да әсерін тигізіп, әлеуметтік қайшылыққа сылтау туғызуын жоққа шығаруға болмайды.
«Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2011 жылы 1 млн. 400 мыңға жуық шетелдік тіркелген. Кейбір жылдары бір реттік акция тұсында немесе 4-5 ай көлемінде 170 мыңға жуық шетелдік заңдастырылған. Мұндай науқандық шара кезінде шетелдіктер үшін де, өзіміз үшін де ыңғайсыз әрі қажетсіз жайттар көп туындайды. Әсіресе, дәл осы науқандар тұсында шақырылатын адаммен сыбайластық байланысқа түсу мүмкіндігі де артатыны белгілі. Бұл ретте жылдан-жылға Қазақстанға шетелден келіп, заңды да, заңсыз да жұмыс істеушілердің саны артып отырғаны, жаһандық үдерістерді ескере отырып, мұндай лектің төмендемейтінін, керісінше өсе түсетінін еске салу керек. Бұл табиғи дүние, өйткені болашақтағы Қазақстан экономикасының өркендей түсуі көршілес жұртты қызықтыра түсуі әбден анық. Алайда мигранттар санының өсуі ел қауіпсіздігі үшін де әжептәуір салмақ салатынын естен шығармауымыз қажет», — деді Қуаныш Сұлтанов. Ал депутат Нұртай Сабильянов дәл сол шекарадан бастап қатаң ұстанатын үш қағидатқа ерекше мән беруді жөн санайды. Заң жобасы бойынша жеке тұлғалар шетелдік еңбекшілерге жұмыс беретінін айта келе, депутат Нұртай Салихұлы келешекте осындай санаттағы жұмыс беруші жеке тұлғаларды табыс декларациясын тапсыруға міндеттеу қажеттігін айтты. Яғни депутаттың пікірінше, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар секілді олар да табыс көзін көрсетуі шарт. «Екіншіден, шетелден келетін азаматтардың денсаулығын анықтау үшін медициналық тексерістен өткізу қажет. Олар кім? Шетелден жұқпалы ауруды әкеле ме, есірткіге тәуелді адам ба, соны білуіміз, анықтауымыз керек. Бұл Ресейдің заңында бар. Үшіншіден, жұмысқа алмас бұрын біз алдымен өзіміздің ауылдағы, аудандағы жұмыссыз жүрген азаматтарға еңбек қызметін ұсынсақ. Олар келмеген жағдайда ғана шетелдік мигранттарға рұқсат берсек», – деді Нұртай Сабильянов.[6]
Соңғы жылдары Қазақстанға Орталық Азия елдерінен еңбек мигранттарының легі толастар емес. Соның ішінде заңсыз келетіндер көп.Сол себепті Қазақстан Республикасының шекара қызметінің қауіпсіздігін және де бақылауын күшейту керек.
Қазақстанда 2013 жылы еңбек мигранттарына қандай да бір квотасыз жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Тек 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлеуі тиіс. Соның салдарынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, әсіресе, Орталық Азия елдерінен жұмыс күші қаптады. 2017 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен мигранттарды еңбек квотасы бойынша тарту көзделіп отыр. [7]
Бұл сауалдарға жауап беру үшін, ең әуелі осы түйткілдің астарына үңілу керек.
Біріншіден, аймақтағы елдердің экономикалық және саяси даму үлгісі бір-бірінен ерекшелене түсуде. Бүгінде Орталық Азия одағы туралы бұрынғы жобаларды ешкім ауызға да алмайды. Оның үстіне, аймақ елдері ақпарат жағынан бір-бірінен тұмшаланып алған. Шекараның өзбек-қырғыз, қырғыз-тәжік бөлігінде қақтығыстар орын алуда. Мұның бәрі халықаралық қарым-қатынасты дамытуға, әсіресе, еңбек миграциясы саласында өзара іс-қимыл жасауға және ынтымақтастық орнатуға кері әсерін тигізеді.
Орталық Азиядағы еңбек миграциясын Ресейдегі, сондай-ақ әлемдегі ахуалдан бөліп қарастыру мүмкін емес. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның еңбек мигранттары үшін ең басты реципиент Ресей болып қала береді. Дегенмен экономикалық жағдайы нашарлап, рубль құнсызданып, шетелдік жұмыс күшін тарту саясаты қатаңдаған сайын бұл елдің де тартымдылығы кемігенін айта кеткен жөн. Тиісінше, Ресейге Орталық Азия елдерінен еңбек мигранттарынының ағымы азайды. Айталық, 2016 жылы қаңтарда Ресей Федерациясына Өзбекстаннан келген мигранттар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға азайды. Сәйкесінше, Америка Құрама Штаттары долларымен ақшалай аударым 36,5 пайызға кеміді. Осы орайда Қазақстанға келетін мигранттар саны дәл сондай көп болмаса да, ұлғаятынын тұспалдауға болады.[8]
Қазақстанға келсек, ол — Орталық Азия аумағында еңбек мигранттары үшін ең тартымды ел. Мұнда миграция деңгейі жоғары болып қала береді. Қазақстанда еңбек миграциясының екі ағымы бар. Олар бір-бірінен қатты ерекшеленеді. Әңгіме алыс және жақын шетелден (негізінен Орталық Азия елдерінен) келетін еңбек мигранттары жайында. Алыс шетелден мигранттар (негізінен Қытай мен Түркиядан) ірі компаниялардың жұмысқа тарту квотасы бойынша құрылысқа, мұнай-газ және тау-кен кеніштеріне келеді. Бұлардың саны салыстырмалы түрде нақты саналады.
Ал жақын шетелден (негізінен Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) мигранттар ағымы көбіне стихиялық түрде.
Гастарбайтерлер кейде жалғыз-жарым, кейде 3-5 адамнан шағын топ болып келеді. Олар көбіне үй шаруашылығынаа, үй немесе пәтер жөндеу жұмыстарына тартылады. Бұл топтағы гастарбайтерлер санын толық көлемде есепке алу мүмкін емес.Орталық Азия елдерінен келетін еңбек мигранттары ішінде өзбектер басым — 65-70%. 12-15% Қырғызстан, 3-5% Тәжікстанның үлесінде. Бұл көрсеткіш жанама деректерге сүйеніп, атап айтқанда, Ішкі істер департаментінің жылына 1-2 рет өткізетін «Мигрант» және «Құқық тәртібі» сияқты жедел-алдын алу шаралары нәтижесінде әзірленді. Қазақстан экономикасының шетелдік жұмыс күшіне мұқтаждығы жыл сайынғы квоталық жүйе бойынша белгіленеді. Бұл квота соңғы он жылдан бері (2004-2015 жж.) Қазақстанның экономикалық белсенді тұрғындарына шаққанда орта есеппен 1 пайызды құрайды. Айта кету керек, квота алыс шетелден тартылатын еңбек миграциясына ғана қатысты. Мұндай еңбек мигранттарының саны 60 000-70 000 адам шамасында.[9]
Сараптамалық бағалау бойынша, заңсыз (немесе құжатталмаған) еңбек миграциясының көлемі заңды, құжатталған миграциядан әлдеқайда асып түседі. Әлбетте, бұл алаңдаушылық туғызады. Қазақстанда көп жылдан бері көптеген еңбек мигранттары жұмыс істейді.
Айталық, 2014 жылы Қазақстанда ресми түрде 25 мың шетел жұмысшысы еңбек етті. Ал сарапшылардың есебінше, 2015 жылы Қазақстандағы еңбек мигранттарының саны шамамен бір миллионға жетті. 2013 жылы қабылданған шешім негізінен Орталық Азия елдерінен Қазақстанға жөңкілетін заңсыз жұмыс күшін азайтуға бағытталған. 2013 жылғы миграциялық заңнамадағы өзгерістерге сай, 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төлесе, жұмыс істеуге рұқсат берілді. Тәуелсіз Мелекеттер Достастығы азаматтарының заңды түрде еңбектенуіне берілген мүмкіндік Қазақстандағы осы елдерден келетін еңбек ресурсын күрт арттырды. Мәселен, 2015 жылы 141 мың рұқсат берілді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Дегенмен 2017 жылдан бастап Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен, сондай-ақ алыс шетелден мигранттарды квота бойынша тарту мүмкіндігі талқылануда. Бұл негізінен Тәуелсіз Мемлкеттер Достастығы елдерінен келген гастарбайтерлердің сыртқа қомақты қаржы әкетіп, ешқандай салық төлемеуімен байланысты. Сарапшылардың есебінше, жыл сайын Қазақстаннан 5-7 млрд доллар еш салық төлемінсіз шетке жөнелтіледі. Бұдан басқа, миграциялық заңнамаға өзгеріс енгізудің тағы бір себебі — экономиканың құлдырауы жағдайында еңбек нарығын қорғау екені сөзсіз.[10]
Еңбек миграциясы саласында заңды қатайту Қазақстанға Орталық Азия елдерінен келетін еңбек миграттарының санын азайтуы тиіс. Ал гастарбайтерлерге салық төлеттіру отандық нарықты қорғауға мүмкіндік береді.Сондай-ақ елге жағымсыз элементтердің кіруіне тосқауыл болады деген дәме бар. Әйтсе де, миграциялық заңнаманы қатайту осы саладағы түйінді толығымен шеше алмайтыны анық. Керісінше, еңбек жағдайының жеңілдеуіне байланысты өз қызметін тіркеп алған мигранттар қайтадан «көлеңкеге» ойысуы мүмкін. Сонымен бірге Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің барлығымен шекарасы тұмшаулы емес екенін де ескеру керек. Оның үстіне Қазақстанға қандай жұмысшылардың келіп, қандай жұмыс табатынын есепке алғанда, қолданыстағы квота нақты қажеттілікке сай келмейді. Заңсыз еңбек мигранттарының легін азайту үшін олардың заңды түрде жұмыс істеуіне анағұрлым оңтайлы жағдай жасаған дұрыс сияқты. Бұл миграция саласындағы сыбайлас жемқорлықты азайтуға септігін тигізер еді.
Өзбекстанда еңбек миграциясының ең маңызды мәселе екені белгілі. Елдегі жұмыссыздық деңгейінің жоғарылуы Өзбекстан азаматтарының ақша табу үшін шетелге тентіреп кетуіне себеп болып отыр. Қазақстанда да олардың саны көп болмаса, аз емес. Әсіресе құрылыс саласында оларды көп кездестіреміз.
Рубль құлдырағанға дейін Ресей өзбек мигранттарының басты бағыты болатын. Алайда, рубль бағамының төмедеуі мыңдаған өзбек мигранттарының Ресейде жұмыссыз қалуына себеп болды. Осыдан соң, көршілес Қазақстанға ағылған өзбек мигранттарының саны арта түскен. Қазақстандағы миграциялық полиция да Ресейдегідей қатал емес. Мұнда мигранттарға қазақ тілін, елдің заңы мен тарихын білу міндеттелмеген. Жалпы, Қазақстанда Өзбекстан азаматтары 2000-шы жылдардың басынан бері жұмыс істей бастады. Алдымен Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өсірумен айналысқан олар кейін Астананың құрылысына белсене кірісіп кетті. Жавлон есімді өзбекстандық жұмысшы осыдан үш жыл бұрын Ресейдің суығына төзе алмай, туған жері Қоқанға қайтып келген. Алайда, елінде екі қолына бір күрек табылмаған соң, Алматыны бетке алады. Оның айтуынша, Қазақстанда Ресейдегі секілді қиындықтар жоқ. «Мұнда Өзбекстандағы сияқты жылылық бар. Адамдары да бізге ұқсайды. Бастысы, сенімді прораб тауып алу керек. Содан соң, жұмыс жүре бастайды», — дейді ол.Жавлон Алматыда үй мен пәтерлерді жөндеу арқылы бір айда шамамен 700-1000 Америка Құрама Штаты доллары көлемінде пайда табады. Қазақстандағы миграциялық полиция да Ресейдегідей қатал емес. Мұнда мигранттарға қазақ тілін, елдің заңы мен тарихын білу міндеттелмеген.«Басты қиындық деп шекарадан өтетін кезді айтсам болатын шығар. Қазақстанға өту үшін 5-6 сағат күтуге тура келеді», — дейді ол.[11]
Қазақстандағы өзбек мигранттарының санын нақты айту мүмкін емес. Өйткені, Қазақстанға визасыз кіретіндіктен, кімнің жұмысқа, кімнің демалысқа келгенін аңғару қиын.
Бізді бірінші кезекте толғандыратын мәселе шекарамызға территориялық тұтастығымызға төнетін қатер. Ал латенттік-мемлекеттердің арасындағы шиеленісті қарым-қатынас. Елес қатері: ол халық санасынан шықпайды, оларда әртүрлі қорқыныштар тудырады. Мысалы: елімізде қытайлардың қаптауы.
Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып тереңдей түсуде. Қазақстанның инвистициялық жобаларында қазіргі кезде Қытай бесінші орынға ие болып, елімізде Қытай кәсәпкерлерінің қызметі кеңеюде. Қазіргі уақытта елімізде 78-тан астам Қытай Халық Республикасы компанияларының өкілдіктері тіркеліп, мұнай және газ саласында, тоқыма, пластмасса және металл өнеркәсібі саласында 670 шет мемлекет капиталдарының көмегімен құрылған біріккен кәсіпорындар қызмет етуде. Шығыс Қазақстан облысында 10-нан астам, ал Алматыда 15-ке жуық қытаймен бірлескен кәсіпорындар тіркелген. [12]
Қазақстанға Қытай миграциясынан келетін қатерлерге келер болсақ:
- Территориялық және шекаралық проблемалар.
- Екі елдің арасындағы әлеуметтік-экономикалық әлеуеттің алшақтығы.
- Қазақстандықтарға еңбек нарқында бәсеке тудыруы.
- Экологиялық саясат.[13]
ХХI ғасырда 2030-2050 жылдарда қытай әлемдегі экономикалық ең күшті мемлекетке айналады және ХХI ғасыр «қытай ғасыры» болады деген пікірлер де жиі айтылуда.Бұл мәселеден біріншіден, мигранттардың, әсіресе қытайлықтардың бір жерге шоғырланбауын қадағалау керек. Екіншіден, басқа елдерден келетін еңбек мигранттарына жылдық квотаны бекіту және гастербайтерлер үшін ротация жүйесін енгізу керек. Елімізге келетін еңбек мигранттарының негізгі күші – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен,Түркия және Қытай мемлекетінің азаматтары.Олардың еңбекке деген қабілеттігін жас мөлшерін анықтайтын болсақ, ер адамдардың – 18 жастан 59 жасқа дейін, ал әйел адамдар ішінен −20 жастан 47 жас мөлшерін құрайды.Көбінесе ,еңбек мигранттары көктем-жаз мезгілдерінде 3айдан 6айға дейін пайда табу мақсатында жұмыс істеуге келеді.Еңбек мигранттарының тұрғылықты жерінен басқа жерге кетуіне себеп болғаны:өз елінің ішіндегі жұмыссыздық ,әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Астана қаласының инфрақұрылымы, оның әкімшілік-саяси және экономикалық-географиялық құрылымы ерекше маңызға ие қала, мұнда басқа қалалармен салыстырғанда келіп-кетушілер әлде-қайда жоғары. Астана қаласына келген барлық мигранттардың категориясы, бірінші тәулік өткеннен бастап қылмысқа деген белсенділігі арта түседі. Олар тарапынан террористік не экстримистік қылмыстар жасалуы мүмкін, негізінен жасалатын қылмыстар ішінен адам өлтіру, ұрлық, тонау, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату және т.б. сияқты қылмыстар жасалады.
Жалпы соңғы бес жылдың көлемінде Қазақстанға сырттан келген жұмысшылар саны 3 еседен астам өсті. Бір ғана Астана қаласына келген 1 күннің ішінде мигранттардың қылмыстық жауапқа 73%-ы тартылса, ал екінші тәуліктен кейін 2,7%-ы, 2%-дайы төрт, не алты тәуліктен кейін жауапқа тартылған. Астана қаласында жүргізілген зерттеуге сәйкес жасалған қылмыстардың 30,6%-дай мигранттардың қатысы болған. Оның орташа ауырлықтағы қылмыстары- 18,7%-ы, ал 11,7%- ауыр қылмыстарға, 11,2%- аса ауыр қылмыстарды жасаған үшін қылмыстық жауапқа тартылған .[14]
Мигранттардың ағымы қауіпсіздіктің криминалды қатерін күшейте ме деген сұраққа біржақты жауап беруге болмайды. Миграция стихиялық, бақылаусыз сипатта болған сайын оның кәсіби қылмыскерлермен және кримоногенді орталардан шығушылармен толығары сөзсіз. Олар өздеріне ыңғайлы, пайдалы орта табуды көздей отырып, кеңістікте орын ауыстырып отырады, құқық қорғау органдарының қудалауынан құтылуға тырысады. Осы қылмыстық топтар миграциялық лекті қоғамға қарсы әрекет етушілерге айналдырады. Мигранттарды пайдалана отырып, оларды есірткі тасымалдаушылар мен қару-жарақты сатушылар етеді, дамыған елдерде арзан, заңсыз жұмыс күші ретінде мигрант ер адамдарды тасымалдайды, ал әйелдерді жезөзекшелікпен еріксіз айналысу үшін миграциялауды жүзеге асырады. Миграциялық ағымдардың әртүрлі болуының өзі қылмыстық көріністің әртүрлі сипатта болатынын көрсетеді. Ол уақытша және тұрақты мигранттарға, босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға, еңбек және оқу мигранттары т.б. байланысты. Негізінен қылмыстардың көбін белгілі-бір территорияда тұрақтап қалмайтын транзиттік және заңзыз мигранттар жасауда. Қазақстан арқылы заңсыз транзитті әскери-саяси, экономикалық жағдайлары төмен Қырғызстан, Ауғаныстан, Тәжікістан,Өзбекстан т.б мемлекеттердің азаматтары жүзеге асыруда. Бұл мигранттар көбінесе Алматы облысына: Алматы, Талдықорған, Текелі, Есік, Талғар т.б сол сияқты қала, қалашықтар, селоларға тұрақтауда.
Еліміз егемендік алғалы алыс-жақын шетелдердегі қандастарымыз өзінің тарихи отаны – Қазақстанға орала бастады. Қазірге дейін сырттан келген қандастарымыздың саны бір миллионға жақындады дейміз. Десе де, шетелде әлі де болса бес миллион қазақ отыр. Олай болса олардың бұдан кейінгі отанына оралу мәселесі тез уақытта шешілгені дұрыс болар. Орала алмаған қандастарымызға Қазақ мемлекеті рухани көмек көрсете алу керек. Қазақстан өзінің ең қымбат генофонды қазақ ұлтынан айырылмауы тиіс. Өйткені, қазақ ұлты бұл – Қазақстанның басты байлығы. Сондықтан, қандастарымызды елге қайтаруды парызымыз деп санаған жөн. Біз бүгін тәуелсіз ел деп: ұлттық қауіпсіздігі мен аймақтың тұтастығын қорғайтын, мемлекетіміздің ұжымдық қауіпсіздік саясатын қолдайтын, халқының салауатты болуына барлық мүмкіндіктерді жасайтын мемлекетті айтамыз. Біздің жағыдайымызда Қазақстанның қауіпсіздігін алғашқы орынға қоямыз. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің құрамдас бөлігін демография және миграция саясаты құрайды. Әлемдегі жаһандану процесіне байланысты еліміздің қауіпсіздігі мәселесінде миграциялық саясаттың орны өте өзекті. Соңғы кездері қылмыстың өсуін, оның ішінде наркобизнестің, қару-жарақтың заңсыз әкелінуі, сатылуы, жезөзекшелік терроризм, экстремизм, т.б әлеуметтік кеселдерді миграциямен байланыстыру жиелей түсті. Бүгінгі күні мәжбүрлі қоныс аударушылар мен «босқындар» және өзге елдерден келетін жұмыс күші мигранттары, яғни гастербайтерлер елімізде көбеюде. Олар мәдени жағынан да, менталитеті жағынын да бізге ұқсамайды. Осыдан елде этномәдени тепе-теңдік бұзылады. Олар орнығып алған соң елдегі саяси және әлеуметтік жағдайға ықпал ете бастайды. Нәтижесінде иммигранттардың көбеюі қауіпсіздікке төнген қатер ретінде қабылданды.
Зерттеу барысында бүгінгі күнгі ахуалды талдай келе, көші-қон саласын, оның ішінде сырттан келетін жұмыс күшін реттеу және миграциялық үрдістерді жетілдіру бойынша бірнеше енгізілген өзгерістер мен жарлықтар туралы айта кетсек.
Миграциялық үрдістерді реттеуді жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін əрі қарай жетілдіру туралы» Жарлығы біршама оң өзгерістер енгізді. Атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Экономика жəне бюджетті жоспарлау министрлігіне халықтың көші-қон саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру өкілеттілігінің берілуі; Қазақстан Республикасы халықтың көші-қон саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру өкілеттілігін Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігіне берілуі; Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінде көші-қон комитетінің құрылуы. Заңсыз миграцияның алдын алу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу мен есепке алу, уақытша жəне тұрақты тұруға құжаттарды рəсімдеу, мемлекеттен тысқары тұрақты тұруға шығуға рұқсат беру, құжаттама жүргізу, азаматтарды есепке алу мен тіркеу, сондай-ақ, босқындар мəселесі Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі өкілеттілігінде. Республика бойынша иммигранттардың төлқұжаттарын тіркеу «Беркут» бірыңғай ақпараттық жүйе бойынша жүзеге асырылады. 2013 жылы наурыз айының 27 жұлдызында Президент резолюциясымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссияның «Қазақстан мигранттардың құқықтық жағдайы туралы» арнайы баянда- масы əзірленді. Баяндамада мемлекетіміздің тəуелсіздік алған кезеңнен бастап мемлекеттегі миграциялық жағдай мен мигранттардың құқықтық жағдайлары жан-жақты талданды. Баяндама мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың жəне мемлекеттік емес органдардың мəліметтері негізінде əзірленген. Адам құқықтары жөніндегі Комиссияның зерттеу нəтижесі бойынша, мемлекеттік орган қызметінде еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау мəселелерін жетілдіру, еңбек мигранттарының құқықтарын қорғауда азаматтық қоғамдық институттардың əлеуетін барынша қолдану, халықтың, оның ішінде мигранттардың құқықтық ақпараттандырылуына ерекше мəн берілді. Еңбек мигранттарының құқықтарын қорғаудың ұлттық механизмдерін жетілдіру, адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық стандарттарды ендіру жəне жұмысшы-мигранттардың құқықтарын қорғау саласына құқық қолданушы тəжірибесін ендіру ұсынылды [15]
Қазақстан халқының саны 2013 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 17 145,7 мың адамды құраған. Оның ішінде қала тұрғындары – 9436,9 мың (55 %), ауылдық – 7708,8 мың адам (45%). Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мəліметі бойынша 2013 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 236 мың адамға немесе 1,4 % өскен. 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында 2012 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда Қазақстанға келген тіркелушілер саны 16,6% төмендеп, 22 124 адамды құраған, Қазақстаннан кеткен тіркелушілер саны 19,2% төмендеп, 22 618 адамды құраған, көші-қон сальдосы 494 адам. Мемлекеттің негізгі миграциялық ауысуы мемлекеттерімен жүзеге асырылу да. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінен келіп-кетушілердің саны сəйкесінше 84,3% жəне 93% құрады. Аймақаралық көші-қон бойынша халықтың оң миграциялық сальдосы мемлекеттің 5 аймағында: Астана қаласында (15 085 адам), Алматы қаласы (14 630 адам), Алматы облысы (1113 адам), Маңғыстау облысы (878 адам) жəне Павлодар облысы (163 адам) орын алуда [16].
Жыл сайын Қазақстан Үкіметі шетел жұмыс күшін тартуға квота белгілейді. 2014 жылы Үкімет қаулысымен шетел жұмыс күшін тартуға республиканың экономикалық белсенді халқына 0,7% көлемінде квота белгіледі. Былтырғы жылмен салыстырғанда 0,5 % төмендеген. Яғни, жұмысқа шетелдерден 63 мың азаматтар шақырылуы мүмкін. Квотаның негізгі мақсаты – ішкі еңбек нарығын қорғаудың құралы болып табылады. 2013 жылмен салыстырғанда кво та 45 мың адамға төмендеген. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республика 23,7 мың шетелдік азаматтар жұмыс жасайды. Еңбек министрлігің қызметкерлерінің айтуы бойынша, еңбек миграциясына ешқандай қауіп жоқ екенін алға тартады [17].
Сурет 4. 2016 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасындағы иммигранттардың рұқсат алу мерзімінің пайызыдық көрсеткіші
Ескерту: мәліметтер Қазақстан Республикасының ресми www.total.kz сайтынан алынды
Шетелдік тəжірибе мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, 2013 жылдың 10 желтоқсанында көші-қон саласын реттейтін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңнама шетелдік қызметкерлердің жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру тəртібін регламенттеу мақсатында əзірленген. Өзгертулер шетелдіктер келуінің миграциялық бақылауының тиімділігін арттыруға, жұмысшы-мигранттардың жеке топтары- нын заңдастыруға, олардың əлеуметтік жəне еңбек құқықтарын сақталуын қамтамасыз ету- ге, сонымен қатар, олардың табыс көздерінің жəне төлейтін салықтарының ашықтылығына бағытталған. Заңнама күшіне енгеннен кейін, 2014 жылдың 1 ақпанынан бастап, жұмысшы мигранттар мемлекеттік салық төлейді. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан мемлекеттерінен келген жұмысшыларды тек жеке тұлғалар ғана шақыра алатын болды. «Бір жеке тұлғаға бес жұмысшыдан» деген Заң Қазақстан Республикасының азаматтары жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында шетел жұмыс күшін тартуға мүмкіндік беру үшін бірқатар заңнамаларға – миграциялық, Салық кодексі, Əкімшілік құқық бұзушылық, Еңбек кодексі жəне т.б. өзгеріс енгізді. Жұмысқа алушылар салық төлеуден боса- тылады, тек еңбек шартын ұсынса жеткілікті болады. Əрбір жеке тұлға тек 5 жұмысшы ғана шақыра алады. Əрбір жұмысшы ай сайын 2 айлық есепті көлемде (1852 теңге х 2 = 3704 теңге) көлемінде мемлекет қазынасын толтыратын болады. Əрбір шетелдік қоғамдық тəртіпті сақтау органдарында саусақ таңбасын алу мен фото-видео тіркеуден өтулері қажет. Айлық есепті көлемде (55 560 теңге), екінші рет қайталанғанда 50 айлық есепті көлемде (92 600 теңге) айыппұл төлейтін болды. Бүгінгі күнгі ахуалды талдай келе, көші-қон саласын, оның ішінде сырттан келетін жұмыс күшін реттеу мақсатында келесідей ұсыныстар ұсынылады:
- Көші-қон саласын реттейтін ұлттық заңнамаларды жетілдіру, халықаралық стандарт- тарға сəйкестендіру. Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тəжірибені қолдану. Өкілетті органдар қабылдайтын заңнамалардың бір-біріне қарама-қайшы келу нормаларын жою. Шетелдік жұмыс күшін реттейтін құқықтық- нормативтердің ағылшын тілінде қол жетімдігін қамтамасыз ету.
- Көші-қон саласын реттейтін жəне бақылайтын органдар жүйесі арасында байланыс орнату. Инновациялық технологияларды қолдану арқылы, бақылаудың біртұтас жүйесін енгізуге мүмкіндік беретін, автоматтандырылған бағдарламаларды енгізу. Мигранттардың жеке мəліметтерін, денсаулық жағдайы, құқық бұзушылық үрдістерін қамтитын, ақпараттық жүйені əзірлеу мен қолданысқа енгізу.
- Мигранттардың Қазақстанда заңды негізде жұмыс жасауын қамтамасыз ететін, мигранттардың дəрежесін реттеу. Мигранттардың жеке тұлғаларда жұмыс жасауы үшін патент жүйесін енгізу.
- Мигранттарды ақпаратпен қамтамасыз ететін, кеңес беру орталықтарын дамыту, мемлекет бойынша мигранттарға қатысты мəселелерді қамтитын жəне ақпарат беретін мемлекеттік тұтас ресурс ұйымдастыру.
- Адами капиталды дамыту. Лауазымды тұлғалардың біліктілігін жəне қызметтеріне қатысты жауапкершіліктерін арттыру. Мүмкіндігінше шетел тілін (ағылшын) үйрену бағдарламаларын ұйымдастыру. Шетелдік қызметкерлерді бақылайтын тұлғалар, мемлекеттің мүддесін қорғауы үшін еркін шетел тілін меңгеру қажет. Қазақстан визаларын, жұмыс күші рұқсаттарын беретін органдарда шетел тілін меңгерген кадрлармен қамтамасыз ету. Бұл өз кезегінде құжаттарды бақылауды арттырады, қажеттілігінше ақпаратпен қамтамасыз ету үрдісі жеңілдейді.
- Қағаз бастылықты азайту, құжат рəсімдеудің электронды формасына ауысу. Мемлекетіміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін электрондық жұмыс жасауға көшу қажет. Артық кедергілерді азайтады, уақыт үнемделеді. Құжаттарды рəсімдеудің уақыттарын азайту. Шетелдік қызметкерлердің заңсыз келуінің себептерінің бірі де осы құжат алу үрдісінің ұзақтығы.
- Білімі мен біліктілігі жоғары мамандарды шақырудың бағдарламасын əзірлеу. (Мысалы шетелге жұмыс жасау үшін əрбір елдің өзінің талаптары бар. Шетел тілін білу, қажетті тесттерден өту жəне т.б. Белгілі мамандық түрлеріне біртіндеп саралап талаптар қою жүйелерін енгізу). Адам капиталын дамытуға инвестиция тарту.
- Тұтас экономикалық кеңістікшеңберінде жұмысшы-мигранттар жəне олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздік шарттары, еңбек ақы мəселелері, əлеуметтік қамсыздандырылуы мен құқықтарының қорғалуы саласында ынтымақтастықты дамыту.
- Қазақстанға Орталық Азия мемлекеттерінен келетін жұмысшы-мигранттардың құқықтарын қорғау мен еңбек миграциясын реттеу саласында мемлекет аралық ынтымақтастықты нығайту.
- Миграциялық қатынастар саласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары мен сараптамалық ұйымдардың, азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасын Тәуелсіз Мемлкеттер Достастығы жəне Еуразиялық Экономикалық Одақ мемлекет-мүшелерінің сəйкесінше құрылымдарымен нығайту.
- Заңсыз миграцияның алдын-алу мен еңбек мигранттарының құқықтарын қорғау бойынша, Америка Құрама Штаты, Канада, Еуропалық Одақ пен Азия мемлекеттерімен жемісті тəжірибемен алмасу бағдарламаларын ұйымдастыру.
- Миграциялық саясатты жетілдіру мен жұмысшы-мигранттардың құқықтарын қорғау саласында тұрақты жұмыс жасайтын ведомство аралық жұмыс тобын құру. Көші-қон саласындағы гуманистік жəне ретке келтірілген мемлекеттік саясат мигранттарға жəне қоғамға қолайлы жағдай туғызады. Шет мемлекеттерден жұмыс күшін мақсатты жəне əдістемелік негізделген саясатпен тарту, отандық нарықта тек тапшы жұмыс орнын толтырып қана қоймай, сонымен қатар тұтас еңбек нарығының қызмет етуінің ашықтығын қамтамасыз етеді жəне неғұрлым іскер ортаны қалыптастырады. Қазақстан Республикасы геосаяси орналасуы, транзиттік жағдайы жəне қолайлы климаттың болуы шетелден түрлі жұмыс күші ағымын тартады. [18]
Астанада еңбек көші-қоны, үй қызметкерлерінің еңбек нарығындағы жағдайы, олардың қорғалуы туралы мәселе талқыланды. Бұл кездесу Қазақстан Республикасы Қызыл Ай қоғамымен бірге, Орталық Азиядағы (Қазақстан) «Біріккен Ұлттар Ұйымы-Әйелдер» көпжақты құрылым бөлімінің бастамасымен «Еңбек және көші-қон туралы ұлттық заңнамалар: Қазақстандағы үй қызметкерлерінің құқықтарын тиімді шешу» жобасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған Қызыл Ай қоғамы, Кәсіподақтар федерациясы, «Біріккен Ұлттар Ұйымы-Әйелдер» бөлімі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ұлттық экономика министрлігі, Ішкі істер министрлігі, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жоба жұмыс берушілер мен үй қызметкерлеріне құқықтық ақпарат беру, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің өкілдеріне тренингтер өткізу, үй қызметкерлері мен мигранттардың құқығын қорғауда ұсыныстар әзірлеу және олардың жағдайын жақсарту сияқты бірқатар мәселелерді қамтиды. Кездесуде Қызыл Ай қоғамы «Еңбек миграциясы» бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Кумашева халықаралық Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Крест қозғалысының қызметі туралы мәлімет берді. Ол аталмыш қозғалыстың көптен бері мигранттардың қажеттіліктері туралы және оларды әлеуметтік-гуманитарлық көмекпен үнемі қамтамасыз ету керектігін айтып жатқанын, Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Крест ұлттық қоғамының жұмыстары алдымен олардың құқықтық жағдайына қарамай әлсіз топтағы мигранттарға бағытталуы қажеттігін атап өтті.
Кәсіподақтар федерациясы төрағасының баяндамасында еңбек миграциясының проблемалары кеңінен аталып өтті. Әлемдегі ауқымды жаһандық мәселелер қамтылды.
– Еңбек көші-қоны мәселелерін реттеу Кәсіподақтар федерациясы қызметінің басты бағыттарының бірі. Негізгі өлшем – еңбекші-мигранттардың, соның ішінде үй қызметкерлерінің құқықтарын қамтамасыз ету. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, олар жалдамалы жұмысшылардың ең нашар қорғалған санатына жатады. Себебі, мемлекеттік органдар осы саладағы заңнамалық актілердің орындалуына толық түрде бақылау жасауды қамтамасыз ете алмайды.
Cанат жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеру үшін, 2011 жылы Халықаралық еңбек ұйымы бас конференциясында №189 «Үй қызметкерлерінің лайықты еңбегі туралы» Конвенция қабылданған болатын. Ол үй қызметкерлерінің өмір сүру және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша халықаралық міндеттемелерден тұрады. Осы санат жұмыскерлерінің негізгі еңбек, әлеуметтік құқықтарын және стандарттарын межелейді. Қазақстанда үй қызметкерлері еңбегін реттеудің ерекшеліктері Еңбек кодексінде қаралған. Онда еңбек келісімшарттарын жасау және бұзу, жұмыс және демалу уақыттарының режімі, жеке еңбек дауларын шешу бойынша негізгі ережелер анықталған. Мемлекет басшысының қол қоюына жіберілген жаңа Еңбек кодексінде үй қызметкерлерінің еңбегі арнайы баппен реттеледі, – деп атап көрсетті Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева. Іс шара барысында тәуелсіз сарапшы, заң ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық құқық кафедрасының доценті Сәния Сәрсенова Қазақстандағы мигрант-үй қызметкерлерін тиімді қорғау бойынша ұсынымдарды таныстырды. Олар ұлттық заңнаманың және үй қызметкерлері мен жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің мәртебесін реттеудің халықаралық конвенциялық механизмі негіздерінде әзірленген. Құжат мигрант-үй қызметкерлерінің құқықтарын қорғау, жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметі бойынша шараларды қамтиды және мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға жіберілген.[19]
Егемен Қазақстан газетінде Үкімет отырысындағы еңбек миграциясы туралы мақала жарияланған.Оның басты себебі- көші-қон заңнамасын реттеп,елге келетін мигранттардың жағдайы,әлеуметтік-экономикалық жағынан тигізер пайдасы мен зияны жайында болатын. Енді сол үкімет отырысында қаралған мәселелерге тоқтала кетсек.
Үкімет отырысында қаралған тағы бір маңызды мәселе – көші-қон заңнамасын жетілдіру барысын брифингте Денсаулық және әлеуметтiк даму вице-министрi Дәулет Арғандықов баяндады. Ол алдымен еңбек миграциясы жайында кеңірек тоқталды. «Еңбек миграциясына келсек, елiмiзде 32 мың шетелдiк маман жұмыс iстеп жатыр. Оларға қарастырылған квота экономикалық белсендi халық көрсеткiшiнiң 0,7 пайызын құрайды», дедi Д.Арғандықов. Вице-министр Қазақстандағы шетелдiк жұмыс күшiнiң 4 санатқа жiктелетiнiн тiлге тиек еттi. Біріншісі – топ-менеджерлер мен олардың орынбасарлары, екіншісі – құрылымдық бөліністердің басшылары, үшіншісі – жоғары білімді мамандар және төртіншісі – білікті жұмысшылар. Бүгінгі таңда осы 32 мыңның 44 пайызын жоғары білімді мамандар құрап отыр. Ал білікті жұмысшылар 25 пайызды құрайды. «Ал шетелдік мамандарды келген елдеріне бөлер болсақ, қытайлықтар 23 пайыз, түріктер 13-14 пайыз, үнділер 4 пайызды құрайды, сондай-ақ, Ұлыбритания, Сербия, Италия елдеріне де көп бөлігі тиесілі», деп атап өтті вице-министр. Оның мәліметінше, шетелдік жұмыс күшінің 44 пайызы құрылыс саласына, 14 пайызы тау-кен ісіне, 5 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тартылады. «Халықаралық тәжірибе бойынша, бұл еңбек көші-қоны отандық еңбек нарығына соншалықты қысым көрсете алмайды. Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктерінде шетелдік жұмыс күші 80-90 пайызға дейін жетеді. Ал Еуроодақтың дамыған елдерінде бұл көрсеткіш 5-7 пайыз аралығында болады», деді Д.Арғандықов. Оның айтуынша, бүгін Үкіметте таныстырылған еңбек көші-қонына байланысты заң жобасында шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олар әсіресе ғылыми қызметкерлерге, ІТ саласының мамандарына қолданылады.[20]
Қазақстанда шетелдерден жоғарғы білікті жұмыс күшін тартуды рәсімдеу шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның миграциялық саясатындағы жаңа тәсілдер» тақырыбында өткен брифингте «2015 жылғы 24 қарашада Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қақақстан Заңына сай, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап тартудың жеңілдетілген тәртібі енгізілмек. Оның ішінде Қазақстанға келген шетел мамандары экономиканың басыңқы салаларындағы сұранысқа ие мамандықтар тізіміндегі кез келген жұмыс орнына мамандығы бойынша біліктілік анықтамасының негізінде үш айдың ішінде өздігінен жұмысқа орналаса алады. Шетел маманы оның біліктілік деңгейін растайтын білімі, жұмыс өтілі, тәжірибесі және т.б. көрсетілетін балдық жүйе бойынша белгілі бір бағаға ие болады. Ол еңбек келісімшартында көрсетілген мерзімге жұмысқа тұра алады, бірақ бұл мерзім үш жылдан аспауы тиіс», — деп атап айтты Ақмади Сарбасов.[21]
Оның айтуынша, елге кірудің басты шарты – шетел маманының білім мен біліктілік деңгейінің жоғарылығы болып табылады. Сонымен қатар алдағы уақытта жұмысшыларын тарту үшін жұмыс берушілерге рұқсат беру шаралары қайта қарастырылатынын мәлімдеді.
«Енді квота жұмыс берушілердің сұранысын, аймақтардағы жұмыс күшіне деген сұранысты, жұмыссыз азаматтар санын, өткен жылғы пайдалану тиімділігін бағалау мен еңбек ресурстары есебінен жұмыс күші сұранысын қанағаттандыруды ескере отырып, экономикалық қызмет түрлеріне қарай берілетін болады. Тарту квотасы еңбек миграциясы мен еңбек ететін мигранттарды әлеуметтік қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім шарттар болған жағдайда беріледі. Жеке тұлғаларға қызмет ету мақсатында еңбек мигранттарын тарту квотасын (үй шаруашылығында қызмет көрсету/еңбек ету) Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министірлігі келер жылғы сұраныс болжамына сай жасайтын болады», — деп түсіндірді Ақмади Сарбасов.[22]
Сонымен бірге, келесі жылдан бастап тартуға келісім алу үшін жұмыс берушілер салық төлейтін болады. Оның көлемі шақырылатын жұмыскерлердің санаты мен жұмыс істейтін саласына қарай сараланбақ. Ішкі корпоративтік ауысулар рәсімдерін жеңілдету ісі Дүниежүзілік сауда ұйымының шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.Жалпы алғанда, көші-қон саясатын жетілдірудің жоғарыда ұсынылған шаралары еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсіміне ықпал етеді.
Миграцияның өсуі жағынан Қазақстан қазір Америка Құрама Штаттарынан да алға шығып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы таратқан соңғы мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі мигранттар саны американдық көрсеткіштерден 7 пайызға артық екен. Ал, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер 2015 жылға қарай Қазақстандағы қосымша еңбек күшіне деген қажеттілік 500 мың адамға жетіп, жыл сайын орташа есеппен алғанда, 60 мың адамға көбейетінін айтуда. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттік мигранттардың жылдық ағыны 150 мыңның көлемінде болатынын көрсеткен. Негізінен, Астана мен Алматыны бетке алатын келімсектер саны соңғы 5 жылда едәуір артқанымен, ресми органдар көрсеткіштерді кемітіп көрсетуден шаршамай жүр.[23]
Қазақстанға келіп жатқан мигранттардың көпшілігі бұрынғы Кеңестер Одағындағы мемлекеттерден. Міне, сондықтан, ұқсас менталитет пен мәдениет олардың тез уақыт ішінде ассимиляцияланып, тіпті, азаматтық алуларына да жеңілдіктер беріледі деген пікірлер көптеп айтылуда. Алайда, бұл пікірлер ешқандай негізге сүйенбеген. Мемлекет үшін, жиырма жыл аз да, көп те емес. Десек те, жиырма жыл ішінде, ескі кеңестік идеологияға қарсы, ұлттық рухта тәрбиеленген жаңа ұрпақ буыны өмірге келді. Елімізге астыртын және заңды түрде келіп жатқан мигранттардың белгілі кәсіби білімі де, тіпті, орта білімі жоқ десек қателеспейміз. Біздің тілімізді, салт-дәстүрімізді білетін көршілес мемлекеттерден келген мигранттардың халқымызбен сіңісіп кететініне сенім аз. Бұдан, мигранттардың ұлттық қауіпсіздікке қана емес, демографиялық жағдайымызға да қауіп төндіретінін байқаймыз.
Батыс Еуропада Азия мен Африкадан келгендер, Еуропада туып-өскендеріне дейін өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтайды екен. Олар Батыс Еуропада антагонизм жағдайында өмір сүруде. Тағы айта кететіні, мигранттардың туу-өсу көрсеткіштері Еуропаның өз халқының көрсеткіштерінен біршама көбірек. Міне, осыдан,алдағы уақытта Еуропаның өз халқы бірте-бірте аз ұлтқа айналады деген де қауіп бар. Қазіргі еліміздегі демографиялық жағдайымыз, бүгінгі күні Қазақстанға да сол Еуропадағыдай қауіп төніп тұрғанын көрсетеді. Халықтың басым бөлігі қазақтар болса ғана, Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде өмір сүре алады. Осыдан, шеттен келген басқа ұлттар мен ұлыстар мемлекет ішінде мемлекет ашып жатса да ғажап емес.
Мүмкін, белгілі бір сыртқы саяси күштер Қазақстандағы мигранттардың көбеюіне ықпал етіп, еліміздің елдігіне, егемендігіне, бірлігіне нұқсан келтіруді көздейтін де шығар. Мамандар пiкiрiнше, миграциялық саясатқа қатысты жаңа заң кеден бекеттерiндегi жемқорлық пен бюрократиялық кедергiлердiң кесiрiнен қоғамға, яғни, халыққа мүлтiксiз қызмет етуге қауқарсыз.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы халықаралық мигранттардың үлесі республика тұрғындарының 19,5 %-н құрайды. Бұл – Қазақстанның әрбір бесінші тұрғыны шетелдік мигрант деген сөз. Бұл көрсеткіш әлемде ең көп мигрант қабылдайтын мемлекет – Америка Құрама Штаттарынан да жоғары. Мәселен, 42,8 миллион мигрант Америка тұрғындарының 13,5 %-н құрайды. Сондай-ақ, Америка Құрама Штаттарымен және басқа да дамыған мемлекеттермен салыстырғанда, Қазақстанның нақты миграциялық саясаты қалыптаспаған. Тағы бір дерек көздеріне сүйенсек, елімізде жарты миллионнан бір миллионға жуық гастарбайтер жан бағуда. Олардың үштен екісі – Өзбекстаннан, 25%-ы Қырғызстаннан, қалғандары Тәжікстан және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан тағы басқа елдерінен келген. «Осыншама мигранттарды біздің ел несімен қызықтырады?» деген сауал туындайды. Доктор Рафис Абазовтың пікірінше, мигранттардың алдында Қазақстанның тартымдылығына әсер ететін бірнеше факторлар бар екен. Оның алғашқысы, бұл – Қазақстанның халық шаруашылығындағы құрылымдық өзгерістер және жаңа бәсекеге қабілетті экономика секторлары дамуының табыстылығы. Сосын, еңбек нарығындағы құрылымдық өзгерістер және «жаңа» мен «ескі» экономикада жаңа еңбек орындарын ашудағы жетістіктер. Тағы бір сыры, демографиялық бағыттар және ел мен аймақтардағы халық санының көбеюі. Қазақстандағы осындай оң өзгерістер гастарбайтерлерді өзіне қаншалықты тартса, оның сонша зияны бар. Біріншіден, миллионға жуық мигранттардың қазақ жерінде жүруі экономикамыздың қалыпты жағдайда дамып, өсуіне кедергі келтіретінін түсінген абзал. Миграция жөнiндегi халықаралық ұйым өкiлi Павел Шлиппек қазақ елiнде заңсыз түрде қаражат табуға ұмтылған Өзбекстан, Тәжiкстан, Түркiменстан, Қырғызстан мен Қытай азаматтарын шартты түрде 3 топқа бөлуге болатынын айтады:
- Бiрiншiсi,күнде таңертең темiр жол, көлiк немесе басқа да транспорт түрiмен шекара маңындағы базарға жемiс-жидек пен көкөнiс әкелiп, кешке қарай үйлерiне қайта оралатындар.
- Екiншiсi,шопан, құрылысшы, егiн суғаратындар мен егiндi жинайтын маусымдық жұмысшылар.
- Үшiншiсi,ұзақ уақыттан берi Қазақстан аумағын мекен етiп, алыпсатарлық және басқа да кәсiпкерлiк түрiмен айналысатын шетел азаматтары.
Қара күшiн жалға беретiн алғашқы екi топтағылар жұмыс берушiге тәуелдi болса, үшiншi топ керiсiнше, қазақстандық кәсiпкерлердiң басты бәсекелестері. Олар, тіпті, iшкi нарықтағы тұтынушылық сұранысты қанағаттандырып отырған тәуелсiз, заңсыз мигранттарға айналған. Екіншіден, елiмiздiң, әсіресе, оңтүстiк аймағына айтарлықтай қиындықтар мен қауiп төндiрген заңсыз миграция экономикалық тұрғыда ғана емес, этнодемографиялық, қылмыстық тұрғыда да қатерлi екенін баса айта кетуге болады. Тағы алаңдататыны, кейбір елдердiң этникалық топтарының шекара аймақтарындағы ауылды жерлерге шоғырлануы. Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы тәжiк, өзбек пен түркiмендердiң көпшілігі ауылды жерлерге қоныстанған. Алматы облысындағы ауылдарда қырғыздар көп (ал солтүстiктегi шекаралық аймақтарда орыстардың саны артып келедi). Өзбектердің біраз бөлігі Сайрамда. Демек, оңтүстiк бөлiкте тұратын халықтың этникалық құрамы – ала-құла. Оған қоса, саны жылдан-жылға артып келе жатқан ұйғырларды да айта кетуге болады. Алматы облысындағы Ұйғыр ауданы ұйғырлардың бірігіп, қоян-қолтық тіршілік етуіне әсерін тигізуде. Ал, кәрістердің басым бөлігі Талдықорғанда, Үштөбеде қоныстанған. Осыдан, жиі көлденең тартылатын жер дауы, дiни көзқарастар мен әлеуметтiк әдiлетсiздiкке қатысты наразылықтар қазақ қоғамындағы этникалық тiптi, дiни қақтығыстарға себеп болуы мүмкiн деген де қауіп бар.[24]
Гастарбайтерлердің жартысына жуығы құрылыс саласындағы жергілікті халық істегісі келмейтін кір, лас, қауіпті жұмыстарды атқарады. Қалғандары қызмет көрсету саласы мен ауыл шаруашылық саласының барлық тармағында күн көріп жүр.
Халықаралық зерттеулерге қарағанда, Қытайдың бюджетіне жергілікті халықтан гөрі сыртта жүрген кәсіпкерлер қомақты қаржы аударады екен. Қытайды зерттеп жүрген ғалымдардың пайымдауларына қарағанда, бұл елдiң жалпы табиғи ресурстары көптеген адамды қамтамасыз етуге ғана жетеді екен. Дегенмен, осыған таяп келе жатқанын Қытайдың өзi де жоққа шығармайды. Су көздерi тартылып, ормандары сиреп, жайылымдары азып, егiстiк алқаптар уланып, экологиялық апат төне бастағаны хақында өздерi де дабыл қағып жатыр. Міне, осы себепті де,жүздеген қытайлықтар елімізге келіп, азаматтық алу және жер сатып алу мақсатымен жергіліктілерге үйленіп жатқандары да бар. Басты назарға Қытай мигранттарының ешқашан ассимиляцияға ұшырамайтынын алған абзал. Керiсiнше топтасып, қауымдасып жүрiп қалашығын салып өз ұлтының саяси мүддесiн насихаттап жүредi.Онымен шектелiп қалмай, Қытайдың экономикасын дамыту үшiн шетелде жүргенде де барлық мүмкiндiктерiн жұмылдырады. Қытайдың экономикасын көтерген, инвестиция әкелген де осы шетелдегi қытайлықтар екені сөзсіз.
Бiр Алматы қаласында қазiргi күнi жүзге тарта қытай кафесi мен мейрамханалары, қаншама сауда нүктелері мен базарлары бар. Қаншама гастарбайтерлер саудасын жүргізіп, кәсібін дамытуда. Әрине, қытай тауарларына шектеу қоя алмаймыз, бiрақ, тауарымен бiрге келетiн адамдарын кiргiзбеу керек шығар.
Осы тұрғыда Пазылбек Абсаттаров:
«Ол үшiн шекарада сауда орталықтарын ашып, сол арадан тауарын алып, өзiн сол жерде қалдырып отыру керек те шығар. Сонымен қатар, шекарада тауарларын тексерiп өткiзетiн лабораториялар салынған дұрыс болар. Айталық, Қытайдың көптеген тауарларына Америка Құрама Штаты, Жапония, Малайзия сияқты көптеген елдер тыйым салды. Себеп бiреу, адам денсаулығына зиянды, тiптi улы заттар. Оған қоса, тағамдарының дерлiк бәрi гендiк модификацияланған десек қателеспейміз», – дейді. Тiптi, кейбiр тағам түрлерiнiң зияндылығын анықтауға мүмкiндiгiмiз жетпейтiн көрiнедi. Мамандардың айтуынша, тағамдарымен қоса, Қытайдан келетiн киiм-кешек, балалар ойыншықтарының сапасы да сын көтермейдi екен. Бұл Қытай мигранттарының бізді тауарымен жаулап алуы ғана емес. Қазір, қазақтың екісінің бірінде, не сауда орындарында Қытайдың фэн-шуй ілімі негізінде жасалған мүсіндер,нақтыласақ, тиын тістеген құрбақа мен месқарын адамды көресіздер. Қарапайым халық бұларды ақша, бақыт, табыс шақырады деген ниетпен сатып алуда. Сонда, бақыт пен байлықты Қытайдың ойыншығынан сұрап жүргеніміз бе?! Қарап отырсаңыз, олар бізді тек тауарларымен ғана емес, тіпті, наным-сенімдеріне де мұқтаж етіп отырған көрінеді. Шынтуайтқа келсек, бұл қытайландыру саясаты.[25]
Қорытындылай келе айтарымыз, біздің ойымызша, Қазақстанға — Орталық Азия аумағында еңбек мигранттары үшін ең тартымды ел. Сонымен бірге Қазақстанның Тәуелсіз Мемлкеттер Достастығы елдерінің барлығымен шекарасы тұмшаулы емес екенін де ескеру керек. Оның үстіне Қазақстанға қандай жұмысшылардың келіп, қандай жұмыс табатынын есепке алғанда, қолданыстағы квота нақты қажеттілікке сай келмейді. Заңсыз еңбек мигранттарының легін азайту үшін олардың заңды түрде жұмыс істеуіне анағұрлым оңтайлы жағдай жасаған дұрыс сияқты.Мұнда миграция деңгейі жоғары болып қала бермек және болашақта болады да.
Қорытынды
Біз зерттеу барысында миграция процестерін және олардың Қазақстан Республикасы экономикасының қазіргі кезеңдегі дамуына әсер етуін талдап, зерттей келе біраз мәліметтерге көз жеткіздік.
Еңбек мигранттарының өз елінен кетуінің бірнеше себебі бар.Біріншіден, көші-қон (мигранттарды қабылдайтын) өндірісі дамыған елдердің де,сондай-ақ мигранттарды жөнелтетін нашар дамыған елдердің де демографиялық сипаттарын күрт өзгертетін болады.Екіншіден,жоғары білікті жұмысшылардың нашар дамыған елдерден кетуі табысы төмен елдерге де,сондай-ақ қабылдаушы елдерге де өз әсерін тигізуі әбден ықтимал. Үшіншіден,халықаралық диаспоралар орасан зор, әрі ықпалды сипатқа ие. Бұлар еңбек миграциясы процестерінің негізінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктерімен шартталған заңдылықтар жатқандығын анықтауға мүмкіндік береді.
Еңбек мигранттарының санының өсуіне көптеген әртүрлі,сонымен қатар өзара тәуелді факторлар әсер етеді.Білікті жұмысшылардың нарығы негізінен стихиялы түрде қалыптасады және көр жағдайларда қабылдаушы және жөнелтуші елдердің мүдделеріне бірдей дәрежеде жауап бере алмайды.
Еңбек миграциясы процестерін басқару стратегиясының келешегін бақылай отырып, одан жақын арада аса зор нәтижелер күте алмаймыз.Жоғарыда айтып өткеніміздей,еңбек миграциясы процесі тұтастай алғанда Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына жағымды әрі жағымсыз да әсерін тигізуі мүмкін.Айталық,миграция нәтижесінде Қазақстан экономикасына келген жалпы шығын ондағы миллиард Америка Құрама Штаты долларын құрап отыр.Дегенмен,экономиканың өркендеуі және елдіғ еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы, жалпы алғанда,миграция процестерінің теріс салдарларын біршама азайтады.
Біздің пікірімізше,қазіргі қолданыстағы саясаттың сыртқы миграцияны реттеу саласындағы теріс тұстардың бірі жеке мәселелерді,соның ішінде еңбек мигранттарының,әсіресе заңсыз мигранттардың құқықтарын сақтау мәселерінің жеткіліксіз дайындалып шығуы болып отыр.Сол себепті бізге еңбек миграциясына қатысты мықты әрі ұтымды саясат ұстануымыз қажет.
Бұлардың шығатын түйін, миграциялық саясатты ойластырып, таразылап алып барып жүргізу керек. Елімізде қажетті иммиграцияға есікті ашып, жаппай, солай бола тұра өте кең және бақылаусыз ашып тастамайтын да болу қажет.Және де иммиграцялық бақылау әрдайым тиімді болмайтынын ескеру қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- «Еңбек миграциясы» // Егемен Қазақстан-2010, 12 наурыз.
- «Қазақстан – еңбек мигранты көп 10 елдің бірі» // Азаттық радиосы – 2012,24 қыркүйек.
- http://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/enbek_migranttari_el_kauipsizdigine_kanshalikti_salmak_saladi-2013_03_14-682105
- ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның «ҚР мигранттардың құқықтық жағдайы туралы» арнайы баяндамасы, 2013 ж. Астана. – 161 б.
- «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігі. http://www.kt.kz/rus/economy/chislennostj_naselenija_kazahstana_sostavila_17_145_7_tis_chelovek_1153582952.html
- «ҚР аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2014 жылға арналған квотаны белгілеу туралы», ҚР Үкіметінің 2013 жылғы №1508 қаулысы.
- Елмырзаева Р. Заңсыз еңбек миграциясының алдын алудағы Еуропалық тәжірбие.//Ақиқат, 2009 – 39 бет
- http://iwep.kz/kz/kommentariy-eksperta/2016-12-15/kazakstannyn-migraciya-sayasatyndagy-zhana-tendenciyalar
- «Астанада еңбек көші-қоны, үй қызметкерлерінің еңбек нарығындағы жағдайы, олардың қорғалуы туралы мәселе талқыланды.»// Егемен Қазақстан – 2015,17 қараша
- «Экспорт еселене түсуде»// Егемен Қазақстан-2014, 29 қазан
- «Қазақстанға шет елдік мамандардың келуі оңайтылады»// Егемен Қазақстан — 2016,28 желтоқсан
- «Мигранттар Қазақстанға керек пе?»// Ақиқат ұлттық қоғамдық саяси журналы-2013,29 наурыз
- https://www.nur.kz/843485-ozbek-migranty-qazaqstanda-zhumys-ist.html
- Бұрханов К.Н, Тасмағамбетов Т.Т, Беримжарова А.Е. Китай между прошлым и будущим. Алматы, 2010. 127 стр
- Тәтімов М.Б, Әлиев Ж. Дербестігіміз-демографияда. Алматы: Жеті жарғы, 2005. 264 бет.
- Қазақстан Ресбуликасының әлеуметтік-экономикалық дамуы Алматы, 2004. №1 125 бет.
- Л.М.Иватова, Ш.А.Құрманбаева, С.Т.Мейірманов. Қазақстан Республикасындағы миграциялық процестер және саясат. Алматы, 2006 жыл. 169 бет.
- http://www.inform.kz/kz/kazakstanda-enbek-migranttarynyn-barlyk-turi-kalyptasyp-otyr_a2509808
- Тәтімов М.Б. Қазақ әлемі. Алматы: Қазақстан-Атамұра, 2008. 160бет
- Метелев С.Е. Международная трудовая миграция и нелегальная миграция в России. Москва : «ЮНИТИ-ДАНА» -2007. 22 бет
- Алтынбеков.А.Б. «Миграциялық процестерді теориялық зерттеу». Алматы-2014.9бет
- Сарыбаева И.С. « Заңсыз еңбек мигранттарының еңбек нарығына тигізетін әсері».Алматы-2012. 48-52 бет
- Әшірбеков Б. «Қазақстан Республикасы миграциялық процесінің негізгі бағыттары» 2014.32-34бет
- Абдрахманова Н. «Орталық Азия елдеріндегі еңбек миграциясы мәселесін шешу жолдарындағы Қазақстан мен Ресейдің қауымдастық тенденциясы». Алматы-2010.79-82 бет
- Елемесов Р.Е. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы-2011.29 бет
Құрастырғандар: Ақылбек Б., Кәдірбай Е.