ЭКСПО 2017 – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ӨЗГЕРІСТЕР

Мазмұны

Кіріспе

ЭКСПО 2017 – Қазақстан экономикасындағы заманауи өзгерістер

Қорытынды

Қолданған  әдебиеттердің тізімі

Кіріспе

«Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерімен мақтанып,табыстарын таразылап қою үшін өзара бас қосып,барын базарлап отыруды дәстүрге айналдырып келеді.Бұл дәстүр ел арасында халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталдады.ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрған, «экспонат» деген сөзден шыққан,қазақшасы-жәдігер. Дүние жүзі халықтарының өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін,жәдігерлерін көрсететін алаң.  Бүгінде бұл көрмеге дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр.Оның жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы Халықаралық Көрмелер Бюросы  (ХКБ) құрылған.Штаб пәтері Парижде орналасқан.Қазақстан ХКБ- ға 1997 жылы мүше болып кірді. Жалпы,ЭКСПО көрмесінің екі түрі бар.Оның бірі-  халықаралық әмбебап көрме.Ол бес жылда бір рет өткізіледі. Екіншісі- халықаралық мамандандырылған көрме.Ол белгілі бір тақырыпқа арналып,2-2,5 жылда бір рет өткізіледі.Мерзімі – үш ай.Қазақстанның әлем елдері үшін өткізетіні байқауы да – соңғысы. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді»[1].  Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. «Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жахандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті,Астана Экономикалық форумы,,Инвестициялық форум, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп , абыройын асқақтатты. Ең бастысы даму бағытын айқындап берді.Осындай істердіңжалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекте оқушыларымыз алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өздері ізденіп слайдтар, мәліметтер жинақтап дайындалып келді.  Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте арнайы жасалған Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде,2015 жылы 164 жыл толыпты.Бұл, қатысушы елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әртүрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті Дәл сол кезде көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады,уақыт өте келе олар міндеттіге айналып,кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.

Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы,жалпы саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.Басты мақсаты- жаңа ғылыми техникалық жетістіктер,даму келешегісондай-ақ қатысушы елдердің дәстүрлері тарихының жұрт алдындағы көрсетілімі,шеруі. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. Нысандарды пайдалану үшін энергия үнемдеу технологиялары қолданылатын болады. Көрме кешенінің ғимараттары халықаралық BREEM эко-стандарттары арқылы бағаланып, арнайы куәліктер беріледі. Көрме өткеннен кейін ЕХРО-2017 базасында ерекше мәртебеге ие «Астана» қаржы орталығы құрылатын болады. ЭКСПО ғимараттарын салуда «жасыл экономиканың» негізгі қағидалары сақталып, қалаларды байыпты жобалау қағидалары ескерілетін болады»[2]. Ең әуелі көрменің инфрақұрылымы халықаралық көрмелердің техникалық талаптарына сай болуы тиіс, оның ішінде экологиялық қауіпсіз материалдарды пайдалану, қуатты үнемдейтін нысандар салу керек.

 «Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты. Астанадағы ЕХРО-2017 Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілгелі отырған алғашқы халықаралық көрме болмақ. Астанадағы ЕХРО көрмесі 3 айға — 2017 жылғы 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейін созылады. Оған әлемнің 100-ге тарта елі және 10-ға жуық халықаралық ұйымдар қатысады деп күтілуде. Көрмеге 5 миллионнан астам адам келеді.» [3]. Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі — еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы.

ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. «Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян: Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде-де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады. Ең алғашқы ЭКСПО Англияның принці Альберттің ұсынысы бойынша 1851 жылы Гайдпаркте өткен болатын. Хрустальды сарайда орын алған ЭКСПО-ның тақырыбы: «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі» болып аталды. Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен» [4].

Негізгі мәселе,Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді. «EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда. Біртіндеп, жауабын қарастырайық. Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол. Екіншіден, бізге түсетін, ақшалай пайда көрсеткіштерін жоғарыда жазған едім. Оны қуаттау үшін, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің мемлекетке-де айтарлықтай пайданың болары айдан анық. Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады. Германия бізге құрылыс саласында тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл инициативаны немістер бастаған еді. Соның төңірегінде елімізде жаңадан жұмыс орындары ашылуда. Астана қаласында қонақүйлер салынуда. Бұл көрме аяқталғаннан кейін-де қонақүйлеріміз Қазақстанның «әмиянын» толтыратыны қуантады. Төртіншіден, көрме кезінде жастарымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық. Неге десеңіз? Қазіргі таңда жастарымыз «Work and travel» бағдарламасы бойынша шетелге тіл үйренуге кетіп жатыр. Бұл бағдарламаға қыруар, ақша кететіні өкінішті. Ендеше, ЭКСПО уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады. Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстың берілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққа ие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды» [5]. ЭКСПО көрмесі ауқымдылығымен «біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой болмақ.

Ауқымы жағынан Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізгелі тұр. Бұл бізге берілген сенім квотасы һәм Елбасының дәрежесін сыйлау болса керек. Әрі сыртқы саясаттағы табысымыз бен елді біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық нышан. Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді деп күтіліп отыр. Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер-де, журналистер-де болады. Демек, Қазақстанғақпараттық шу, туристік қызығушылық һәм инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден тиімді. Үшіншіден, көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкеледі. Жаңа қонақүйлер салынады, жаңа жұмыс орындары ашылады, жеңіл рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамиды. Шағын және орта бизнес өркендейді. Және бұл көрме елдегі новаторлық рухты жанудың, ғылымға ұмтылуға құлшыныс берудің таптырмас тетігі. Төртіншіден, Астана көрмесінің бас тақырыбы — «Болашақ қуаты». Жасыл технологияларды дамыту, балама қуат көздерін табу мәселесі өзекті боп тұрған заманда 2017 жылғы көрме талай бастаманы іске асыру кілтіне айналады. Мысалы, 1939 жылы Нью Иоркте өткен әлемдік көрмеде Рузвельттің телеэкранда пайда болып, жиналғандарды таң қалдыруымен әлемде телевидение өрістей бастады. Ал Эдисонның фонографы үшінші Париж көрмесінде танымал болып кетті. Ендеше, Астана көрмесінде-де жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктердің бағы жанып кетеді деп білеміз. Бесіншіден, ЭКСПО-ны өткізу тарихына қарасаңыз, үлкен көрмелердің құрметіне әр ел өзінің техникалық мүмкіндігін паш ету үшін сәулет туындыларын салуға тырысқан. Мысалы, алғашқы ЭКСПО-дан Лондонда Хрусталь сарайы қалған еді, ол 1936 жылы өртке оранып кетті. Парижде Эйфель мұнарасы, Брюссельде Атомиум, Монреальда Хабибат деген ерекше тұрғын үй кешені тұрғызылғанын тағы білесіздер. Ендеше, Астана көрмесінде-де сәулет тарихына ұялмай кіретін туындылар салынады деп сенейік. Алтыншыдан, көрме өтіп біткен соң қалған павильондардың біразы ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде қолданылады.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеген болатын. Бұл павильондардың негізінде «Зерттеу орталығы» құрылып, оны «Назарбаев университеті» АҚ-ына бекітіп береді» [6]. «Елдің дамуының жасыл“ жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған „ЭКСПО-2017“ қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған „болашақтың энергиясын“ өз көзімен көре алады» деді Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында. Энергия — бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады.

Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады.

Елді индустриялық-инновациялық дамытудың және Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу жоспарының аясында жаңаша сипат алған «Жасыл экономиканы» игерудегі алғашқы қадамдар жасалды. «Елбасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын дайындауды тапсырды. Премьер-министрдің өкімімен стратегияны әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында барлық мемлекеттік және жергілікті органдардың, ұлттық холдингтердің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.

Стратегияның негізгі әзірлеушісі болып «Назарбаев университеті» ұсынылды. Сондай-ақ, бас кеңесші ретінде халықаралық McKinsey компаниясы таңдалды. Бұл компания осыған ұқсас зерттеулерді басқа елдерде-де жүргізген.

Стратегияны дайындау жұмыстары 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде, Қазақстан экономикасы жан-жақты зерттеледі және «жасыл» экономикаға не үшін көшу керек деген сұраққа жауап беріліп оның қорытындылары өткен жылдың желтоқсанында жұмыс тобына ұсынылды. Қазір мамандар Стратегияны даяр¬лауға көшті және жол картасын дайындап жатыр. Екінші кезеңнің жұмыстары сәуір айында аяқталады деп күтілуде» [7]. Осы ретте, ««жасыл экономика» ұғымына түсінік бере кетелік. Алғашқы рет «жасыл» экономика термині «жасыл экономика жобасы» (Blueprint for a Green Economy, Pearce et al, 1989) жұмысында қолданылды. Адамдардың өмір сүруі мен дамуы үшін «жасыл» экономикаға көшуді қажет етеді, яғни бұл болашақ ұрпақтарды экологиялық тәуекелдер мен экологиялық тапшылықтарға апармай, өндірістермен байланыстарды, экономикалық қызмет түрлерінің жүйесіне келтіріп, адамдардың әл-ауқатының көтерілуіне алып келуі керек. «Жасыл» экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика» [8].

«Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар — мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде — таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді. «Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді: ішкі жалпы өнімнің өсімі, елдің табыстарын ұлғайту, елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру.

Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді. «Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды: ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, энергетика, балық аулау, орман шаруашылығы өнеркәсіп, туризм, көлік, қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, су қорларын басқару. Сонымен қатар,««Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары айқындалды: Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Мұнда пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған.

Мұнай, газ — бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет»[9]. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ,ұстанымын айтарлықтай арттырады. Екінші бағыт — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Бұл қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді. Үшінші бағыт — ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр.

Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды: жердің құнарлылығын басқару, суды тиімді пайдалану, өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару, фермаларды механикаландыру. Төртінші бағыт — қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру. Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Бесінші бағыт — су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру.

Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді. Алтыншы бағыт — «таза» көлікті дамыту.

«Ұтуын ұтып алдық. Ендігі міндет – абыроймен атқару. ЭКСПО деген Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммиті немесе Азиада емес. Оның ауқымы да үлкен, жүктейтін міндеті де ауыр. Жасыратыны жоқ, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арасында біздің бұл жеңісімізді «жас мемлекеттің жеңісі» деп емес, «мұнайдың жеңісі» деп қабылдағандар да болды. Парижде өткен Халықаралық көрме бюросының бас ассамблеясында өткен дауыс беру рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың барып қатысуын сан-саққа жүгірткендер де жетерлік. Біздің міндет – соның барлығын жоққа шығарып, бүкіләлемдік көрмені өз деңгейінде ұйымдастырып, өткізу. Қазақстан үшін дауыс берген 103 елдің үмітін ақтау (Бельгияға 44 мемлекет дауыс берсе, 1 мемлекет қалыс қалған).

Экспо-2017 10 маусымда басталып, 10 қыркүйекте аяқталады. Астанадағы көрме «Болашақтың энергиясы» деген атпен өтеді. Ұйымдастырушылар әлемнің әр түкпірінен бес миллионға жуық адам келіп қатысады деген болжам жасап отыр» [10].

ЭКСПО-2017 – біз үшін үлкен мүмкіндік. Ел іші болғаннан кейін түрлі пікірдің айтылуы, соның ішінде сыни пікірлердің болуы заңдылық. Бірақ, менің пікірім мынадай: ақыры қадам жасалған екен, жеңіп алған екенбіз, енді оны «қажет емес, ақша босқа шашылатын болды, оның бізге не керегі бар» деп кері тарта бермей, ел болып жұмыла дайындалып, бұл мүмкіндікті шын мәнінде ұтымды пайдалануға тырысу керек. Себебі, Алла жеткізсе, бұл шара қайткен күнде де болады, шегінерге жол жоқ. Ал, оның қаншалықты пайдалы өтуі, халыққа қаншалықты пайдалы болуы осы бастан халықтың дайындығына байланысты деп сенем.

Ең әуелі, ЭКСПО-2017 ел бюджеті үшін шығын деп ойламай, инвестиция ретінде қарауымыз керек деп есептеймін. Әлемдік тәжірибе мен болжамдар бойынша, мұндай шараға ондаған миллион турист келетіні айтылады. Үш айдың ішінде жоқ дегенде бір миллион турист келіп, әрқайсысы Қазақстан экономикасына үш мың доллардан тастап кеткен күннің өзінде де, үш миллиард долларлық кіріс деген сөз. Кететін шығынды ақтау үшін, демек, осыдан кем болмауы тиіс. Ал, келетін турист саны мен орташа туристің «тастап кететін» ақша мөлшерін бірнеше есеге арттырсақ, несі жаман болсын.  Әрине, айтуға оңай, бұл тек құрғақ есеп. Бірақ, осы есепті еселеп жүзеге асыруға болмайды емес, болады. Ол үшін бұл шараны тек үкіметтік ұйымдар ғана емес, бүкіл халық, кәсіпкерлер дұрыс қабылдап, тиісті түрде дайындалуы керек. Меніңше, бұл ірі халықаралық шараны дұрыс қолданған жағдайда мынадай пайдасы тиеді: Шағын және орта кәсіпкерлер келген туристер есебінен пайда табады;

Шағын және орта кәсіпкерлер инфрақұрылым дайындау, ғимараттар құрылысы кезінде пайда таба алады;

Қала көркейе түседі; Ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға болады: біздің тарихымызға, мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты түрлі кітаптарды шет тілдерге аударып, келген туристерге ұсынуға болады, жан-жақты қосымша көрмелер, концерттер ұйымдастыруға болады, т.б.

Ол үшін үлкен дайындық жұмысы қажет. Халықтың үлесі қажет. Мысалы, меніңше, әрбір қазақстандық шамасы келгенше осы шараны насихаттап, сырттан қонақтар, туристер шақыруға өз үлесін тигізсе, одан бәріміз ұтамыз. Интернет арқылы, әлеуметтік желілер арқылы айтуға болады. Мысалы, біз шетелмен жұмыс істейтін компания ретінде, шетелдік әріптестерімізге, таныстарымызға сөз ете жүреміз. Уақыт жақындағанда, тіпті барлық корпоративтік хаттарымызға, фирмалық бланктерімізге, визиткаларымызға ЭКСПО-ның логотипін орнатып қоюды жоспарлап отырмыз. Мұндай тәжірибені көптеген елдерден көргеніміз бар. Одан қалса, сол жылға ірі бизнес форумдар, түрлі кәсіби халықаралық жиындарды көбірек жоспарлауға болады. Әйтеуір, жеке тұлға ретінде де, кәсіпорындар ретінде де жан-жақты үлес қоссақ, одан ешкім ұтылмайды, қайта ұтады деп сенем. Тіпті, қаржы саласында істейтін маман ретіндегі ойым, арнайы осы шараға қатысты жобалар мен өндірістерді қаржыландыратын арнайы қаржылық өнімдер мен құралдар жасақтауға да болатын шығар. Сол арқылы сапалы, жақсы бизнес идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік туар. ««ЭКСПО-2017»-ні ұттық. Бірақ, оның не екендігін нақты түсіндіріп берген ешкім жоқ. Біреулер Еуропа чемпионаты деп жүр. Бұл, біріншіден, халықаралық көрме. Мұнда тек Қазақстанның мәдениеті мен өнімі ұсынылмайды. ЭКСПО -ға мүше барлық елдер (160 мемлекет) тақырыпқа сай өз өнімдерін тарту етеді.

Көрмені өткізу үшін Қазақстан ғана таласып отырған жоқ. Демек, оның пайдасы да бар. Ешкім беталды шығындалғысы келмейді. Зәулім ғимараттар тұрғызуға, қаланы безендіруге халықаралық комитет қомақты қаржы құяды. Бірақ, Қазақстан да біраз шығындалатынын айта кеткен жөн. ЭКСПО -ның пайдасы, қаланың имиджін көтеріп, болашақта туристерді тартуға болады. Алайда, Астананың аязы, қатал табиғаты, қаланың ауқымы, көпшілікті таңдай қақтырар орындары ЭКСПО өткізу арқылы туристерді жинайды дей аламыз ба, мәселе сонда. Егер Алматыда өткізейік десе, 2017 жылғы Универсиаданы құрбандыққа шалуға тура келеді. Ал шынтуайтында, халықаралық шаралардың ішінен спорттық жарыстар өткізгеннен артық пайда жоқ. Жоқ дегенде, спорт ғимараттары халықтың кәдесіне жарайды. Мысалы, Азиадаға салынған нысандар қазір қаншалықты қажетімізге жарап жатқанын көріп жүрміз. Тіпті, сол нысандар арқылы Олимпиадаға құда түсуге болады.

Жалпы, халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін мол қаражат емес, үлкен мәдениет керек екенін естен шығармаған жөн. ЭКСПО ЕҚЫҰ саммиті сияқты таза саяси пиар жоба емес, бұл науқанның Қазақстанға берері көп.

Біріншіден, ЭКСПО кезінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең жаңа, заманауи технологиялар көрмеге қойылып қана қоймай, олардың жұмыс істеу принциптері көрсетіледі. Сол арқылы біз жаңа технологияларды көріп, әлемдегі озық технологиялар мен техниканың қай бағытта, қалай дамып бара жатқанына куә боламыз, өз еліміз бен дамыған елдердің арасындағы технологиялық прогрестің айырмашылығын біліп, өз-өзімізді бағамдаймыз. Екіншіден, ЭКСПО барысында Қазақстан тарапынан және шетел тарапынан зерттеу орталықтары, сондай-ақ шетел тарапынан салынатын жаңа жобалар көрме аяқталғаннан кейін де Қазақстанның керегіне жарап, ары қарай қызмет етеді.

Үшіншіден, шараны ұйымдастыру барысында көптеген жаңа ұйымдастыру, басқару, үйлестіру әдістерін үйреніп қана қоймай, 3 айлық науқан барысында Қазақстан қызмет көрсету саласын сыннан өткізіп, тәжірибе жинақтап алуға, сол арқылы тәжірибені жетілдіруге мүмкіндік туады.

Төртіншіден, бұл шараға Қазақстан үкіметі жариялағандай 5 миллион адам келмесе де, көрме өтетін Астана қаласының тұрғындары мен әдеттегі қонақтарынан әлденеше есе артық адам келетіні анық. Бұл сол қысқа мерзімде еліміздегі жеке кәсіп саласына, қонақ үй, тамақтану сияқты қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлерге пайда әкеледі.

Бесіншіден, көрмеге келетін қонақтар тек Астана қаласымен шектелмей, Алматы, Бурабай қатарлы көрікті жерлерге ат басын бұрары сөзсіз. Кейін Қазақстанның жарнамасын жасайды, бұл туризм саласы үшін маңызды рөл атқарады.

Алтыншыдан, шара 3 ай бойы өтетіндіктен, шетелден келген қонақтарға жол бастау, аудармашы болу сияқты міндетті атқаратын шет тілін білетін және үйреніп жүрген жастарға үлкен тәжірибе. Өз басым осындай алты артықшылықты көріп тұрмын. Енді тек даңғаза-шуға айналдырмай, өз мәнінде, ысырапшылдыққа бой алдырмай, тойға айналдырмай, әр қадамды есеппен басса, бізге әкелер пайдасы көп шара. Тағы бір айта кетерлігі, шараның бет-беделін көтеріміз деп, әйгілі адамдарды, бұрынғы мемлекет басшыларын, әртістерді, сондай-ақ, басқа да ресми қонақ санын көбейтіп, оларға тегін жатын орын, ішіп-жем дайындап шабылудың қажеті жоқ. Ондай арзан атақпен бүкіләлемдік көрменің мәртебесін көтере алмаймыз. ЭКСПО мәртебесі жаңа жобалар, жаңа технологиялар, жаңа өндіріс өнімдері, жаңа іскерлік байланыстардың санымен және сапасымен өлшенеді. Әрине, 16 миллион ғана халқы бар елде, 700 мың ғана адам тұратын қалада, жәрмеңкеге салар жаңа технологиясы мен технология арқылы шығаратын өндіріс пен өнімі аз елде бәрібір Шанхай немесе Париж қалаларындағыдай қызғынды болмауы мүмкін. Алайда, біз өз деңгейімізде сәтті өткізе аламыз деп сенемін»[11 ] .

«EXPO жөнінде алғаш жазған осы Ілекең болатын. Мұны екінің бірі түсіне бермейді ғой негізі. Бұл бес аспап, жан-жақты көрме. Мұнда экономиканың өрлеуі де, мәдениеттің мәуелегіне де, өнердің гүлденуі де көрсетілуі керек. Жалпы әр елдің жеткен жетістігі, елге жайып салар несі бар екенін сол көрмеде көрсетілсе… Ілекеңді еске алып отырған себебім, Монреальда болған көрмеге делегация мүшесі болып, Қазақстанның өнер қайраткерлерін бастап барған. Ол кезде Кеңес өкіметінің бүкіл әлемді аузына қаратып тұрған кезі. Сонда ең үлкен павильон Кеңес одағынікі болған. Сонда Кеңес одағы павильонының көрнекті бетке ұстар филиалы біздің Қазақстанның павильоны болған екен.

Қазақстанның сенімнен шықпайтыны жоқ, өндірісі сан-салалы. Кен қазуы да, кенді өңдеуі де, астық өндіруі мен мал шаруашылығы өз алдына, өнер шығармалары, әсіресе қазақтың қол өнерлері көрсетілген. Сонда қазақтың ою-өрнектері, түс киізі, текеметі, тоқыған кілемі, жасаған ер-тұрманы, барлығы қойылған. Сонда бір текеметті 6 мың долларға, бір түскиізді 20 мың долларға сатып алған екен. Сонда Ілекең: «Біздің ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы қол өнерімізді өндірістік негізге салып дамытсақ, ұтар едік», – деген. Ол көрініс табу үшін осы бастан ұлттық қол өнерімізді қолға алсақ абырой болар еді деген ойым бар. EXPO жөнінде әртүрлі пікірлер қылаң беріп жатыр. Біреу: «Осының керегі жоқ, шаш етектен шығынға батамыз» дейді. Енді біреу бөркін аспанға атып қуанады. Ал шынында да бұл еліміздің абыройын асқақтататын дүниенің бірі. Әлемдегі 160 мемлекеттің ішінен 120-сы бізге дауыс беріп, Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз, оған әрбір қазақ қуануы керек. Әйткенмен сол қуанышқа әзірлік жасауымыз керек қой.

Көрмені ұйымдастырғаннан ұтылмаймыз ғой деп ойлаймын. Біз тіпті өзімізге еш етенелігі де жоқ Еуропа елдерін жинап алып, саммитті де өткіздік.  Ал мына көрме, тым құрығанда, алпыс ел өзінің павильонын орнатып, қонақ үйін жасап, барлық дүниелерін алып келеді. Солардың бәрін көшіріп әкетпейді ғой. Өзімізде қалады. Менің ойымша, бұған шыққан әрбір теңгеміз, кемінде 3 есе пайда береді. Сондықтан бұдан ат тонымызды ала қашпай, ат салысуымыз керек сияқты. Біздің қаламгерлер қауым әр тараптағы ойда. ЕҚЫҰ саммитін қалай насихаттасақ, мұның да насихаты солай болу керек. Қоғамдық ұйымдарға да, мемлекеттік мекемелерге де атқарар жұмыс көп. Қаржы деген болады, бірақ ол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, бір арнаға бағынатындай болып, жанашырлықпен жұмыс жүргізуіміз керек. Шанхай дегеннен шығады, Қытайдың бұл қаласында бүкіләлемдік көрме 2010 жылы өтті. 1 мамырда басталып, 31 қазанда аяқталды. Көрмеде болашақтың қаласын қалыптастыру туралы сөз болды, қылмысты азайту және қоршаған ортаның ластануын шектеудің шешімі айтылды. Шанхайдағы көрме 5,28 км² аумақты алып жатты. Оны үш ай ішінде 73 миллион адам тамашалаған екен. «Уикидегі» мәліметтерге қарағанда, көрмені ұйымдастырушылар 12 миллиард доллар пайда көрген. Орта бизнестің табысы шамамен жиырма пайызға артқан. Шанхайдағы шараға барлығы 192 мемлекет пен 50-ге жуық ұйым қатысқан. Күн сайын жүздеген мәдени және ойын-сауық шаралары өтіп тұрған» [12]. ЭКСПО-2010 қатысушылардың саны жөнінен, көрме қонақтары мен экспозициялардың аумағы жөнінен рекорд жасаған.

Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізі-леді Қазақстанның астанасы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрме өткізілетін орын болып сайланды.

Астана – жеңімпаз қала. Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен  Орталық  Азия аумағындағы өткізілетін ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Ұйымдастырушылармен таңдалған тақырып Future Energy (Болашақ қуаты) болып табылады. Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада альтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар альтернативтік күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды. EXPO-2017 өткізу астанамыздың да, тұтас республикамыздың да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына қосымша ынталандырушы күш болмақ.

Дамуға деген жаңа, әрі айтарлықтай екпінге астана мен шектес аумақтардың шағын және орта бизнестері де ие болады, әсіресе ең алдымен – халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі мен ішкі туризм салалары. Бұл шара көрме нысандарының құрылысы мен астананың инфрақұрылымына жеке инвестициялардың көлемді бөліктерін тартуға мүмкіндік береді. Көрме әлемді көп ұлтты мәдениетпен, ежелгі тарихпен, өнермен, дәстүрмен және қазақстандықтардық қонақжайлылығымен таныстыратын болады, ал бұл өз кезегінде Қазақстанның туристтік тартымдылығының танымалдығын арттырады. Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зеттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды.

Халықаралық көрме барша әлемге осы саладағы қазақстандық ақыл- ойдың қуаты мен әлеуетін паш ететін болады.Бұдан басқа, ЭКСПО нысандары үшін жол салу,қоғамдық көлік, коммунальдық шаруашылық, әуежай, вокзал тәрізді инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-125

1 – сурет. Экспо – 2017 елімізге тигізер пайдасы

1 кесте. Көрменің негізгі элементтерінің көлемі

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-130

Ескерту: Мәліметтер https://www.kn.kz/article/7914/сайтынан алынды

Жалпы алғанда, «Жасыл» экономика  — Қазақстан қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат қорларын тиімді және рационалды қолдану арқылы тұрғындардың әл-ауқатының артуына жеткізетін табысты экономика. Электр және жылу энергиясының генерациясы, газ өндіру, су ресурстарын пайдалану, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өнеркәсіп қалдықтарын басқару мен тұтыну, көлік және жол инфрақұрылымы «жасыл» экономиканың негізгі секторлары болып саналады. «Қазақстан күн және жел энергетикасын дамытуға қолайлы елдердің бірі болып табылады.

Жел энергетикасының тиімділі еуропалық одақ елдерімен салыстырғанда екі есе тиімді. Күн энергетикасы жөнінен әлемнің ең үздік аймақтарымен теңдесе алады. «Жасыл» экономикаға көшу тиімділігінің бірнеше факторы бар. Халықаралық сараптама бойынша, жасыл жобаларға салынған инвестицияның 2/3-і өзін-өзі ақтаса, 1/3-і бес жыл көлемінде шығынсыз-деңгейге қол жеткізеді. Энергия тиімділігінің артуына қарай инвестицияның тиімділігі 50 пайызды құрайды, оның өзін-өзі, ақтау мерзімі екі жылға созылады. «Жасыл» экономикаға салынған инвестиция активтердің жылдам өсіп келе жатқан санатына кіреді. Мысалы, жаңғыртпалы энергия көздеріне салынған халықаралық инвестициялар көлемі жағынан қазба байлықтары инвестицияларының көлеміне жақындайды. Табиғи кеніш көздері сарқылып, қоршаған ортаның ластануынан адам денсаулығының нашарлауы күрт өсті. Бүкіл әлемдік қауымдастық осыған алаңдаулы» [13]. «Жасыл» экономика бұл күрделі сұрақтардың басты шешімі болып табылады. Оны дамыту арқылы зиянды қалдықтардың ауаға таралуын қысқарту, табиғи қорларды үнемдеп тұтыну, энергия тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз.

Жаңа экономиканың стратегиясы табиғи технологиялардың дамуына инвестицияларды тартып, ел экономикасын жаңа белеске жеткізеді. Экологияға бағытталған жасыл экономиканың жарқын болашағы бар. Демек, 2017 жылы отанымыздың жүрегі Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-17 халықаралық көрмесінде «жасыл экономиканың»  негізінде жасалған, болашақтың балама энергия көздеріне арналған ірі жобаларымыз бен ұсынатын қомақты дүниелеріміздің қатары көбейе бермек. «Астанадағы ЭКСПО көрме кешенінің үздік үлгісін анықтауға арналған байқауға әлемнің 50-ден астам сәулетшілері қатысты. Сөйтіп, 10 жоба іріктелді. Оның ішінде «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» атты АҚШ-тың компаниясының жобасы үздік деп танылды. Осы жұмыс барысында аталған компанияның тек құрылыста ғана емес, «жасыл экономика» саласында да мол тәжірибесі бар екені ескерілді. ЭКСПО көрме кешені бір уақытта күн және жел энергиясын, сондай-ақ күл-қоқысты қайта өңдеуден энергиялық-қуат көздерін шығаратын болады. Бұл – Қазақстан үшін ғана емес, барлық Азия аймағына да үлгі боларлық іс. Былайша айтқанда, алып кешен өзін өзі электр энергиясымен қамтамасыз етіп, артылған энергияны қалаға жібере алады. Бұл – ғажайып тәжірибе. Біз оны алғаш рет қолға алып отырмыз», – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. Осыған байланысты, Президент көрме өткеннен кейін ЭКСПО-ның барлық құрылыс нысандарын халық игілігі үшін пайдалану қажеттігін тағы бір мәрте ескертті. «Қазіргі жоспарға сәйкес, Назарбаев Университеті жағынан ұзындығы 500 метр болатын көшені тартамыз. Ол толығымен жабық болады. Соның ішінде адамдар қысы-жазы емін-еркін қыдырып жүре алады. Ал құрылыс нысандарының бірінші қабатында сауда кешендері орналаспақ, қалған қабаттарда қонақ үйлер, апартаменттер мен кеңселер болады. Бұған дейін мен шыны астындағы қала идеясы туралы айтқан болатынмын. Міне, сол ұсынысым іске асып жатыр. Бұдан бөлек, ЭКСПО көрме кешенінде аспан астындағы үлкен эстрада болады. Ол жерде сан алуан шараларды үш мыңнан астам адам тамашалай алады. Сонымен бірге үш мың орны бар Конгресс-холл салынады. Осының барлығы Қазақстан мен Астана халқы үшін қалады» [14].

Әлемдік сәулетші компаниясы«Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясының құрылтайшысы Эдриан Смиттің айтуынша, күн энергиясы ЭКСПО кешенінің негізгі қуат көзі болмақ. Жоба бойынша ғимараттың дизайны, оның құрылысы кезінде қолданылатын энергия үнемдегіш материалдар мен панельдердің арқасында энергияның 48 пайызы үнемделеді.

Ғимараттың негізгі идеясы да сол – энергияны барынша үнемдеу. ЭКСПО-ның бас ғимараты – Қазақстанның ұлттық павильоны сфера тәрізді болмақ. Онда да озық технологиялар қолданылады. Мәселен, ғимараттың жан-жағы екі қабатты шынымен қапталады. Одан сыртқы температура мен дыбыстар өтпейді. Аталған павильон «жасыл технологияларды» қолдану жағынан үлгі тұтар жоба болуы тиіс.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы көрменің тек Астананың дамуына ғана емес, бүкіл Қазақстанның дамуына да серпін беруі керек деп тағы бір мәрте ескертті.«Президент уақыттың аз қал­ғанын еске салды. Сол себепті барлық құрылыс жұмыстары жоспар бойынша атқарылуы шарт. Ал көрмеден кейін нысандар бос тұрмауы қажет. «Көрмені өткізу кезінде қонақүй болатын ғимараттарды кейін тұрғын үй ретінде пайдалану қажет. Кешен аймағында салынатын сауда, ғылыми және тағы басқа ғимараттар да солай болуы шарт. Бұған дейін көрме өткізген кейбір мемлекеттерде ондай құрылыстар қараусыз қалды. Бізде ол тәжірибе қайталанбауы тиіс. Оны «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы қадағалауы қажет», – деп атап көрсетті Президент. Жоспарланғандай ЭКСПО-2017 көрмесінің барлық 38 нысаны 2016 жылдың соңында тапсырылуы шарт.

Көрме кешенінің жалпы ауданы 174 гектарды құрап отыр. Бұл жерде ауданы бір миллион шаршы метрден асатын нысандарды тұрғызу жоспарланған. Көрме алаңында Қазақстанның ұлттық павильоны, халықаралық, тақырыптық және корпоративтік павильондар, сауда-ойын сауық орталықтары ашылмақ. Ал көрме алаңынан тыс жерде конференц-орталықтар, баспасөз орталығы, тұрғын үйлер мен қонақүйлер болады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрме нысандарын іс-шарадан кейін пайдалану тұжырымдамасын даярлап жатыр. 2015 жылы 1 шілдеде аталған құжатты бекіту көзделген. Көрме біткеннен кейін не болмақ деген сұрақ туындауы айдан анық, көрме біткеннен кейін барлық павильондар мен ғимараттарды қайта құрастырып, ғылыми-зерттеу мен маман даярлау орталықтары ретінде пайдалану жоспарланып отыр. Ол жерде сан алуан ойын-сауық шаралары да ұйымдастырылады. Кешен аймағында энергетика, технологиялар мен қоршаған орта саласындағы ғылыми-технологиялық парк, сондай-ақ мәдениет пен өнер кешені, тұрғын үй, сауда мен спорт кешендері қалады. Президент көрмеге дайындық пен оны өткізу шараларына бөлінген қыруар қаржыны жіті бақылауда ұстау қажеттігіне баса назар аударған болатын: «Бюджет ақшасын алып, жай жұмсай салуға болмайды. Оны сауатты әрі тиімді түрде игеру керек. Біріншіден, нақты есеп болған жөн. Осының барлығын нақты білу керек. Екіншіден, барлық қаржы көздерін тарту қажет. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігін де ұмытпаумыз тиіс. Қазірдің өзінде жеке инвесторлар мен демеушілерді кеңінен тартқан жөн»» [15].

Шыны керек, көрмені өткізу жұмысына бөлініп жатқан қаражаттың көлемі аз емес. «Президент соңғы Жолдауында Ұлттық қордан қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Ол ақша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі арқылы несие ретінде берілмек. Оған ЭКСПО-2017 кешенінің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Астана әуежайының жаңа терминалын салу мен ұшып-қону алаңын жаңарту жұмыстарына 29 миллиард теңге бөлуге тапсырма берді. Осының арқасында 2017 жылы әуежайдың жолаушыларды өткізу қарқыны жылына 3,5 миллион адамнан 7,1 миллионға көбейеді.Жалпы, Қазақстан ЭКСПО көрмесін өткізуге 283 миллион еуро жұмсамақшы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеден кейін ол ақшаның барлығы мемлекетке қайтарылады. Оның айтуынша, жеке инвесторлар мен демеушілердің арқасында жоба толығымен ақталады.   Қазіргі жоспарға сәйкес, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу және оған дайындық шаралары барысында коммерциялық жұмыстан 283 миллион еуродан астам қажы түседі. Ол ақшаның 81 пайызы – демеушілер мен билет саудасынан келетін пайда. Негізі, көрме қонақтары сан алуан шараларға 5 миллион рет (5 миллион адам емес – авт.) келіп кетсе, билеттер саудасынан 82 миллион еуро түседі деген жоспар бар». «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы демеушіліктің төрт деңгейін белгіледі. Онда қаржының көлемі ескеріледі. Соған қарай инвесторларға сан алуан салықтық жеңілдіктер берілмек. Сондай-ақ олар өз тауарлары мен қызметтерін көрме аумағында ешбір кедергісіз сата алады. Бұдан бөлек, жердің өзі кепілге беріледі де, инвестордың қаржысы тартылады. Сондай-ақ құрылыс нысандарын бірлесіп қаржыландыру тетіктері де жоқ емес. Бүгінде көрме құрылысына тартылған жекеменшік инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 1 миллиард долларды құрап отыр.ЭКСПО-2017 көрмесіне отандық экономиканың барлық ресурстарын тарту қажет. Әсіресе, шағын және орта бизнестің атсалысқаны маңызды. Біз еліміздің өндірістік күшін салып, сырттан келетін құрылыс материалдары мен қызметтерінің импортын барынша азайтуымыз қажет» [16]. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы осы мәселені жан-жақты зерделеп, тиісті жұмыстарды қолға алды. Қазіргі кезде қазақстандық кәсіпкерлер үшін қоғамдық тамақтану, қонақүй мен туристік бизнесі, сан алуан концерттер мен ойын-сауық шараларын өткізуге рұқсат беру тетіктері әзірленді. Сондай-ақ аймақтармен тікелей байланыс орнатылып, отандық өнеркәсіптер шығаратын өнімдердің базасы жасалып жатыр. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы осы жұмысты шапшаңдатуға мүдделі. Осылайша, құрылыс материалдарын шығаратын шағын және орта бизнеспен арнайы меморандумдар рәсімделді. Онда Солтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Қарағанды облыстарының кәсіпкерлерін көрме кешенінің құрылысына тарту қарастырылған. Бұл жұмыс әлі де жалғасатын болады. Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады. «ЕXPO-2017 ұлттық жобасына Мемлекет басшысының өзі қолдау көрсетуі оны сәтті іске асырудың маңызды факторы болып табылады. 2011 жылдың жазында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттер EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуде Қазақстанның кандидатурасын қолдайтынына сенім білдірді. Президент бүгінде энергетикаға ауқымды инвестиция салу бүкіл әлем үшін өте маңызды    мәселе болып табылатынын атап өтті.

Тарихқа көз жүгіртсек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америкада өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа өңірде, Еуропа, Таяу Шығыс елдерімен, бұрынғы Кеңес республикаларымен, сондай-ақ Орталық Азия елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келетіні белгілі. Қазақстан елордасы сайлауалды бәсекеде жеңіске жетсе, осы саладағы үздік әлемдік үрдістер мен әзірлемелерді көрсетіп, оны талқылау үшін тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар басталып кетті.

Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып келеді. Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық симпозиумы ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту мәселелеріне аударды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды шаралардың бірі болғаны анық.  EXPO жөнінде әртүрлі пікірлер қылаң беріп жатыр. Біреу: «Осының керегі жоқ, шаш етектен шығынға батамыз» дейді. Енді біреу бөркін аспанға атып қуанады. Ал шынында да бұл еліміздің абыройын асқақтататын дүниенің бірі. Әлемдегі 160 мемлекеттің ішінен 120-сы бізге дауыс беріп, Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз, оған әрбір қазақ қуануы керек. Әйткенмен сол қуанышқа әзірлік жасауымыз керек қой» [17].

«EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесінен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысушыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкіндіктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсететін бірегей павильон құруға ұмтылады. «Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді. Испанияның Сарагоса ЕХРО-2008 көрмесінің қорытындысы бойынша «C» категориялы 104 қатысушы ел ішінде, біздің еліміздің павильоны сыртқы және ішкі рәсімдеу өлшемдері бойынша қола медальмен марапатталды. 2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» №436 Жарлыққа қол қойды » [18].

Ағымдағы жылдың қыркүйегінде өткен бұл шараға неміс сарапшылары жоғара баға берді. Олардың пікірінше, Германияның жоғары заң шығарушы органының ғимаратында болған форум екі ел арасындағы қарым-қатынастардың деңгейінің өте жоғары екенін, ЕуроОдақ көшбасшысы мен әлемнің үшінші экономикасының Орталық Азия аймағында Қазақстанның рөлі мен маңызын мойындайтынын айқын көрсетті. Атап айтарлығы, Бундестаг қабырғасында Қазақстанға арналған мұндай ауқымды шара тұңғыш рет ұйымдастырылды. Бұл – Германияның Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастарын кеңейтуге деген ықыласының шынайы көрінісі. Өйткені, еліміз герман экономикасының аталған аймақтағы негізгі әріптесі болып қалуда. «Германияның Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерімен сыртқы саудасының 65 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді. Сондай-ақ, біздің еліміз Германияға мұнай тасымалдаушы-елдер арасында 6-шы орынды иеленеді. Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен ашылған 1200-ден астам экономикалық және қар­жылық құрылымдар жұмыс істейді.«Қазіргі кезде Қазақстанда көрмелік-жарнамалық және жәрмеңкелік қызметті реттейтін заң жоқ», – деп мәлімдеді «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі дирекция» ЖШС директоры Қаһарман Джазин: «Мегаполистегі конгрестік-көрмелік қызмет. Санкт-Петербор қаласының ЭКСПО-2017-ге қатысуы» атты дөңгелек үстелде. Оның айтуынша, «Жарнама туралы» заңның және Үкіметтің көрмелік-жәрмеңкелік қызметті дамыту туралы қаулысының негізінде көрмелерді мемлекеттік құрылымдар мен ерікті кәсіпкерлер ұйымдастырады. «Қазіргі кезде ЭКСПО-2017-нің қарсаңында Үкіметте «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін өткізу туралы» заң жобасы қарастырылып жатыр.

Ал аталған басқосудан белгілі болғандай, санктпетерборлық көрмелік компаниялар Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне өз қызметтерін ұсынуға дайын. Астана әкімдігінде өткен дөңгелек үстелде санкт-петерборлық көрмелік компаниялар өз тәжірибесімен бөлісіп, қызметтерін ұсынды, – дейді Аймақаралық, шекаралық және халықаралық бағдарламаларды дайындау және жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық орталығының атқарушы директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Игорь Бычков. – Санкт-Петерборда G8, G20, Санкт-Петербор экономикалық форумы сияқты жаһандық деңгейдегі форумдар көп өткізіледі» [19]. ЭКСПО көрмелері қонақтарды қарсы алушы елдің өзінің кешегі тарихын, халықтық мәдениетін, ұлттық колоритін жарқырата көрсетудің мүмкіндігі екені есімізден шықпауы тиіс. Көрмені ұйымдастырғаннан ұтылмаймыз ғой деп ойлаймын. Ал мына көрме, тым құрығанда, алпыс ел өзінің павильонын орнатып, қонақ үйін жасап, барлық дүниелерін алып келеді. Солардың бәрін көшіріп әкетпейді ғой. Өзімізде қалады. Біздің қаламгерлер қауым әр тараптағы ойда. ЕҚЫҰ саммитін қалай насихаттасақ, мұның да насихаты солай болу керек.

Қоғамдық ұйымдарға да, мемлекеттік мекемелерге де атқарар жұмыс көп. Қаржы деген болады, бірақ ол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, бір арнаға бағынатындай болып, жанашырлықпен жұмыс жүргізуіміз керек. ЭКСПО-2017 көрмесінің кешені Қазақстанның ғана емес, әлемнің әлеуметтік-қоғамдық дамуына қарқын береді. Оның үстіне, бұл көрме Астананың біртұтас брендіне айналуы да мүмкін. Көрме біткен соң оның павильондары ғылыми лабораториялар, инновациялық және коммерциялық жобалар үшін пайдаланылмақ. Осылайша, бүкіләлемдік көрмеден соң Астана ғылым мен мәдениеттің, туризм мен сауда-саттықтың орталығына айналады.  Бұл Қазақстанның халықаралық ілгері жылжуы жолындағы үлкен қадам болмақ. ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, сондай-ақ тұтастай алғанда республиканың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыруға қызмет ететін болады.  Астана – инновациялық шешімдер тоғысқан, ғылыми ой мен озық технологиялар дендеп енген заманауи қала ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символына айналуға лайықты.

Елорданының және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен, халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді.Көрмелер нысандары құрылысына инвестициялар тартудан басқа күтілетін экономикалық тиімділік мынада: ЕХРО ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі халықаралық, көрме және ақпараттық-таныстырылымдық алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады.Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. «ЕХРО өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірінен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіледі.ЕХРО-2017 ірі коммерциялық емес жоба, ол аймақтың және тұтастай алғанда елдің дамуының қуатты катализаторы болмақ. Құрылысқа, туристік инфрақұрылымға, қонақ үй бизнесіне салынатын инфестициядан түсетін кірісті былай қойғанда, көрменің зияткерлік мұрасы Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болады. Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғыдан да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне тағы да көз жеткізе алады.«ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден миллиондаған адамдар келеді.

Астананың бәәсекелестік күресте жеңіске жетуі — кездейсоқ емес.Біріншіден, бұл біздің астанамызды әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық деп танығандық. Екіншіден, Астананы таңдау біздің мемлекетімізге берілген жоғары баға және оның дамуы — бүкіл еуразиялық аймақтың дамуы персективаларын атап көрсетеді. Үшіншіден, жеңіске біз ұсынған — «Болашақтың энергиясы» тақырыбының өзектілігі көмектесті» [20]. Күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.

Қорытынды

Адамзат баласы әрқашан даму үстінде. Күнделікті қажеттілігімізді қанағаттандыру электр энергиясымен жүзеге асып отырады. Сондықтан энергия көздерін алудың балама жолдарын іздестіру қазіргі таңның ең өзекті мәселелері деп білеміз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа жолдауларының бірінде, елімізде алдыңғы қатарлы технологиясы мен инновациялық өндіріс саласын дамыту керек екендігін атап өткен болатын. Сонымен қатар Елбасымыз біздің еліміздегі мұнай мен газ қорының шектеулі, сондықтан бізден кейінгі ұрпағымыздың ертеңгі күні энерго тапшылық мәселесіне шалдықпас үшін, «болашақтың энергиясын» дамытуымыз қажет екендігін ерекше айтып өткен болатын. Әлемдегі ресурстардан энергия көзін алу шектеулі болып келеді. Қазіргі таңдағыдай әлемдегі ірі кен орындарынан үнемсіз отын өндіру салдарынан алдағы 100 жыл көлемінде энергия көзі болып табылатын ресурстардың сарқылуына әкеліп соғады. Бұл әрине өз кезегінде қоршаған ортаға және энерготасымалдау көзінен айырылған ұрпағымызға үлкен зардаптар әкеледі. Сондықтан ертеңгі күні кеш қалмас үшін қазіргі кезеңнен бастап балама энергия көздерін іздестіру, әрі енгізу бұл жағдайдың алдын алудың бірден бір жолы болып келеді. Еліміз электр энергия көздеріне әлі де болса тәуелді. Ал еліміздің келешегі электр энергетикасы мен инфрақұрылымның даму деңгейімен байланысты болып келеді. Сонымен қатар еліміздің стратегиялық міндеттерінің шешілуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, ең алдымен мемлекеттің өз ішінде инвестициялар жасалуы тиіс деп ойлаймын. ЕХРО-2017  көрмесінің «Болашақтың энергиясы»  тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда, жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкүндік береді.Менің зерттеуім бойынша, Елорданың мәдени дамуының да маңызы зор. Өйткені ЕХРО өткізілетін кезде Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен әртүрлі мәдениет қайраткерлерінің әні шырқалып, көрме аумағына концерттер өткізеді.Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. Менің ең бір қуанатыным Кешен құрамында төрт мың пәтер, жаңа мейманхана салынады. Ол да адамдарға көмек береді. Елорданың және оның маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады, ең алдымен:халыққа қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол.Қазақстанды жаңа деңгейге көтеретін болды.ЕХРО-2017 ТМД елдерінде алғашқы көрме болмақ.Сөйтіп, туған елімде осындай іс-шаралардың өтуі мен үшін мақтаныш сезімін тудырады. Мен осындай Қазақстан Республикасы-деп аталатын елде туып-өсіп жатқаныма қуаныштымын.Қазақ даласы перзенттері бүкіл әлемге жаңа жол бастады. «Бұл жол біздің елімізді, жерімізді, мәдениетімізді,тарихымызды, тілімізді бүкіл әлемге танытты.EXPO жөнінде әртүрлі пікірлер қылаң беріп жатыр. Біреу: «Осының керегі жоқ, шаш етектен шығынға батамыз» дейді. Енді біреу бөркін аспанға атып қуанады. Ал шынында да бұл еліміздің абыройын асқақтататын дүниенің бірі. Әлемдегі 160 мемлекеттің ішінен 120-сы бізге дауыс беріп, Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз, оған әрбір қазақ қуануы керек. Әйткенмен сол қуанышқа әзірлік жасауымыз керек қой.

Көрмені ұйымдастырғаннан ұтылмаймыз ғой деп ойлаймын. Біз тіпті өзімізге еш етенелігі де жоқ Еуропа елдерін жинап алып, саммитті де өткіздік емес пе? Ал мына көрме, тым құрығанда, алпыс ел өзінің павильонын орнатып, қонақ үйін жасап, барлық дүниелерін алып келеді. Солардың бәрін көшіріп әкетпейді ғой. Өзімізде қалады. Менің ойымша, бұған шыққан әрбір теңгеміз, кемінде 3 есе пайда береді. Сондықтан бұдан ат тонымызды ала қашпай, ат салысуымыз керек сияқты» [21]. Қоғамдық ұйымдарға да, мемлекеттік мекемелерге де атқарар жұмыс көп. Қаржы деген болады, бірақ ол ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, бір арнаға бағынатындай болып, жанашырлықпен жұмыс жүргізуіміз керек.

Қолданған әдебиеттердің тізімі
  1. //Алматы Ақшамы, №13 (5362) 2 ақпан 2017 ж. « «ЭКСПО-2017» еліміздің әлемдік беделін көтереді» Өтеш Өтеуліұлы 15 бет
  2. //Ақиқат №56 29 қыркүйек 2013 «Қазақстандық ЭКСПО тарихы» Тұрғанжан Төлебаев. 40-44 бет
  3. //Егемен Қазақстан №73 (28012) «ЭКСПО-2017 – айрықша мүмкіндіктер алаңы» Арнұр Асқар 15 қыркүйек 2016 ж. 5 бет
  4. //Алматы Ақшамы №6 (5355) 17 қаңтар 2017 ж. «Астана көрмесінде жаһандық технологияның озық үлгілері көрініс таппақ.» Ермек Жумахметұлы. 4 бет
  5. //Егемен Қазақстан №69 (28008) 25 қазан 2013 ж.ЭКСПО-2017 көрмесі кейін қалай пайдаланылады? Данияр Түймебай. 9 бет
  6. //Ақжол №11 (17669) 2013 ж.www.e-history.kz «ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, экономикалық тиімділігі және келешекке көзқарас»  Г.И.Мұсаева
  7.  «ЭКСПО – 2017 Бізге не береді?» Сарбас Ақтаев
  1. Kn.kz//Алматы Ақшамы №150 (5024) 4 желтоқсан 2014ж. «ЭСПО – жай ғана көрме емес, ол интеллектуалдық шара» Ермек Жумахметұлы. 6 бет
  2. //«Егемен Қазақстан»  07 қазан 2013 «ЭКСПО-2017: индустриялық төңкеріске бір қадам» Таңатар Табынұлы. 8 бет
  3. //Казахстанская правда №19 (28398) 30 қаңтар 2017 ж. «ЭКСПО – 2017: общественный взгляд.» Досжан Нургалиев. 11 стр.
  4. https://aikyn.kz/2017/02/08/3277.html «ЭКСПО – 2017»: КӨРМЕГЕ ӘЛЕМ НАЗАР АУДАРАДЫ. Берік Бейсенұлы.
  5. http://www.kazakhstanzaman.kz/2941/e-kspo-2017-k-rmesini-pajdasy-shash-etekte ЭКСПО-2017 көрмесінің пайдасы шаш етектен, зияны қаншалықты? Нағашыбай Қабылбек
  1. http://www.qazaquni.kz/2013/11/29/19760.html
  2. «ЭКСПО – 2017 – Қазақстанның жетістіктерін әлемге паш етеді» Таңатар Табынүлы
  3. Егемен Қазақстан №135 (28613) 17 шілде жұма 2015 ж. «Ел әлеуетін әлемге әйгілейтін көрме»  Жарас Садуақас. 5 бет
  4. https://expo2017astana.com/kz/history-expo/istoriya-ekspo-s   Дүниежүзілік көрмелер тарихы (2017)
  5. //Алматы Ақшамы №12 (5361) 31 қаңтар 2017 ж. «Керегесі кеңейтіп жатқан ел үшін көрме өте қажет» Ермек Жұмахметұлы 4 бет.
  6. http://bnews.kz/kz/news/nacionalnyi_proekt_expo_2017/astana/spetsproekti/nacionalnyi_proekt_expo_2017/expo2017_kormesi__kazakstannin_aleuetin_korsetuge_zor_mumkindik-2012_11_12-725713 «EXPO — 2017 көрмесі — Қазақстанның әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік»
  7. //Казахстанская правда №125 (28001) Суббота 4 июль 2015 г. «Биржа зеленых инноваций» Салтанат Рахимбекова. 3 стр.
  8. // Егемен Қазақстан №13 (28994) 20 қаңтар 2017 ж. «Әлем назары Астанада» Динара Бітікова. 1 бет
  9. //Ақиқат №6 2015 «Қазақстандық ЭКСПО тарихы. ХІХ-ғ. Екінші жартысы мен ХХ ғ. Басындағы түркістандық көрмелер» Тұрғанжан Төлебаев. 30 бет//Егемен Қазақстан №135 (28613) 17 шілде жұма 2015 ж. «ХХІ ғасырға арналған алтын көпір»  Жылқыбай Жағыпарұлы. 5 бет
  1. http://tarbie.org/load/elek/tarbie/ehkspo_turaly_ne_bilemiz/62-1-0-16104
  2. Экспо туралы не білеміз?

Құрастырғандар: Асылхан Б.,  Жексенбай Г.

Яндекс.Метрика