Франчайзингтің түрлері

Бүгінгі таңдағы франчайзингтің  негізігі түрлерін айтатын болсақ олар: Тауарлы франчайзинг, Өндірістік франчайзинг, Сервестік (қызмет көрсету) франчайзинг, Аралас франчайзинг.

  • Тауарлы франчайзинг немесе Тауарлы франшиза. Франчайзингтің бұл түрінде франчайзи франчайзердің тауарын оның атынан ресми түрде сатуға құқығын алып, франчайзердің өндірген тауарын сатуға міндеттенеді. Франчайзер тауар бағасын белгілеп, тауар сапасына кепіл бере отырып, әртүрлі іс-шарада (тауарды жарнамалау, сатушыларды оқыту, сауданы ұйымдастыруда кеңес беру) франзайзиге қолдау көрсетеді.

Франчайзингтің мұндай түрінің артықшылығы франчайзидің үлкен шығындары мен сауданы  ұйымдастыруда күрделі жұмыстар аздау болады. Мысалы франчайзидің сауда орны (дүкен, супермаркет, сауда залы) мен сатушылары болуы керек.  Ал кемшіліктері болса, біріншіден сауданың тиімділігі төмен болуы мүмкін (франчайзер сатуға беріп отырған тауардың бағасын сізге бола төмендетпейді), екіншіден сатылатын тауардың көлеміне қатаң бақылау жүргізеді яғни франчайзердің сауданың көлеміне қатысты франчайзиге қойған талаптары  міндетті түрде орындалуы тиіс. Тауарлы франчайзингке автокөлік сатуды, тұрмыстық техниканы сату, жиһаздар мен әртүрлі құрал-саймандарды сату секілдіні мысал ретінде келтіруге болады.

  • Сервестік франчайзинг немесе қызмет көрсету франшизасы. Франчайзингтің бұл түрінде франчайзиге франчайзердің атынан (фирма немесе компанияның атын пайдаланып) нарықта қызмет көрсету құқығын иеленеді. Франчайзер франчайзиді қызметкерлерді даярлау үшін оқыту курстарымен, құрал-жабдықпен, жарнамамен, маркетингтік технологиялармен қамтамасыз етумен қолдау көрсетеді. Бірақ бұл бизестің түрі қомақты қаржы салуды талап етеді.

Қызмет көрсету франшизасына мысал ретінде  Алматы мен Астана қаласындағы KFC,  Макдоналдс,  Burger King тез тамақтану орталықтары, сонымен қатар автокөлік жөндеу орталықтары, медицина орталықтарын қарастыруға болады

  • Өнеркәсіптік франчайзинг немесе Өндірістік франшиза. Франчайзингтің бұл түрінде тауар өндірентін фирма яғни франчайзер, франчайзиге оның атынан тауар немесе өнім өндіру мен оны сатуға ресми құқығын береді. Франшиза — тауар немесе өнім өндірудің технологиясы, сонымен қоса қажет болған жағдайда құрал-жабдықтар мен жұмысшылларды оқыту үшін арнайы мамандарды жіберу секілді қолдау шараларын қамтиды. Өнеркәсіптік франчайзингтің кемшіліктері жоқ емес. Мәселен франчайзидің жұмыс істеп тұрған өндірсі болуы тиіс, сондықтан да біраз қаражат салуды талап етеді. Ал бұл шағын және орта бизнес үшін тиімді емес. Сонымен қатар, тауар өндірісіне қатысты мәселелер (өндірістің жоспары, өндірілетін тауардың көлемі, өнімнің сапасы, тауар сатылымның көлемі және т.б.) франчайзермен көрсетіліп белгіленеді.
  • Аралас франчайзинг. Франчайзингтің бұл түрі Тауарлы, Өндірістік, Сервестік франчайзингтері түрлерінің қосындысы болып табылады. Әдетте мұндай франшизаны сатып алушы франчайзи өзі өндіруші, сатушы әрі осы өнімді тұтыну мен жөндеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетуші болып табылады.
Яндекс.Метрика