ҒАЛАМДАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ

Ғаламдану, жаhандану, глобализация, әлемдік ауқымдану  (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық , мәдени  және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теодори Левит. Жаhандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы , халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер көшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемаларды жаhандық  өлшемге ие болуына ықпал етті [1]

Зерттеушілер Жаhандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. Жаhандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық  экономика  мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаhандану әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және күптеген құрамдас біліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. [2.]

Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл – халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті шарт. Оның үстіне бүгінгі ғаламдану, жаhандану жағдайында оның маңызы одан да арта түспек.  Ғаламдық сипаты күн өткен сайын «тайға таңба басқандай» айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениеттің «ұлы көштен» қалмастың да қамын ойлағаны жөн дейді ғалымдар. Мәдени сұхбат үрдісі аясында ұлттық мәдениеттің жаңғыруы өзге мәдениеттер даярлаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып тіреледі.

Орталық Азия елдерінің мәдени , саяси , әлеуметтік және экономикалық даму процесстері сонау ерте кезеңдерден бір-біріне ықпалдаса отырып ұқсас дамыды. әрине, бұл елдер бәсекелесте, қарсыласта болды,әр түрлі саясат пен идеалогияның ықпалына түсті. Аймақ ,өзінің геосаяси жағдайымен әрғашан сыртқы күштерді қызықтырған .Ал, жергілікті халықтың басты мақсаты аймақ тыныштығы  мен ұрпақ амандығы.Оған тарих дәлел.Бүгінгі таңдағы жағдай өткен тенденциялардың қайталамасы десек артық айтқан болмас.Өйткені жаhандану кезеңінде жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен ОА елдерінің жағдайы алаңдаушылық тудыруда , қарулы қақтығыстар аймағына айналуы да әбден мүмкін .Бұдан шығудың жалғыз-ақ жолы аймақ елдерінің Саяси-экономикалық Және әлеуметтік ынтымақтастығы , мәдени-рухани құндылықтар мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз  позициясын нақтылау .

Нарық саласында жаңа пайда болған егеменді ОА мемлекеттері аумалы-төкпелі қиын-қыста кезеңін бастарынан кешіруде .Бұның барлығы күптеген өзекті мәселелерді туындатуда .Олар болса өзіндік сыни көзқарастар мен зерттеуді талап етеді.Осы бір қарастар бес мемлекет (Қазақстан ,Қырғызстан, Өзбекстан , Тәжікстан ,Түркіменстан) ғасыр соңында тәуелсіздігін алғаннан кейінгі саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшелiктерi біршама шиеленісе түсті.Оған себеп нарықтық экономикаға көшуде ішкі әлеуметтік -этникалық , шекаралық қайшылықтармен қоса  діни мәселелердің кері әсері артып отыр .

Әлемдік ынтымақтастық пен жаhандану ОА елдерінің даму нышандарын әлемдік даму процесстеріне тәуелді қылды. Яғни сыртқы күштердің әсері аймақты Балқан, Таяу Шығыстағдай ойын алаңына айналу қаупі қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі .[3.]

2011 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсқлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған салтанатты сөзінде қызығушылық танытқан мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар және әлем қауымдастығының көпжақты ықпалдастығының жаңа үлгісі – Астана экономикалық форумының негізіндегі – [G-GLOBAL] форматын ұсынды. [4.]

Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңіндегі мемлекеттік мәдени саясатының міндеті этникалық тиесілікте тәуелді емес жалпы нормалар мен құндылықтар төңірегіне қоғамды рухани және мәдени топтасуды қамтамасыз ететіндей адамдар арасындағы қатынастардың тетіктері мен формаларын даярлау, өйткені этникалық бірегейлік мәдени мағынада әртекті элементтердің келісімі мен интенсивті өзара әсерін қамтамасыз ететіндей қажетті деңгейге жетпеген. Дифференциалдық сипаттағы қақтығыстар мен алшақтық дұшпандық пен зорлықтың өлшемі және себебі болғандықтан неғұрлым жоғары дейгейдегі берік бірлікті қалыптастыру қажет.

Қазақстанның мемлекеттік билігінің Тәуелсіздік алған алғашқы күндерінен бастап, оның қалыптасып келе жатқан жаңа мәдени саясатында рухани-мәдени төлтумалылықты қайта түлету мен дамыту, оның ішінде, ең алдымен, қазақ этносының ұлттық мәдениетін, дәстүрі мен тілін қайта өркендету курсы қабылданған болатын. Алайда қазақ мәдениетінің этникалық, құндылықтың, эстетикалық ерекшеліктерін қайта өркендету кезеңі өзінің потенциалды тамырын тереңге жіберіп үлгірген мәдени интеграция үрдісінің объективті уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Оның үстіне әңгіме Жердің жекелеген бөлігін ғана емес, бүгінгі уақытта бүкіл әлемді қамтып отырған этникалық топтар мен ұлттардың жаңа және жоғары деңгейдегі мәдени интеграциясы, яғни жаһандану жөнінде болып отыр.

Олжас Сүлейменовтің дәл тауып айтқанындай, «глобализм – бұл түрдің өзін-өзі сақтауының объективті заңы. Глобализммен күресу өзінді әлемдік контекстен өшіріп тастауды білдіреді. Егер ұлттық мәдениет этностың өзіндік қорғаны болса, ал глобализм «әлемдік мәдениетті» ұжымдық қауіпсіздік жүйесі ретінде түсінуге шақырады. Бұл жалпы ортақ қауіптің алдында халықтарды адамзаттыққа бірігуге шақыру».

Демек, біз оны қалаймыз ба, әлде қаламаймыз ба қазіргі әлемде, ақпараттық-коммуникативтік және өзге әлеуметтік негізде өте шапшаң қалыптасып келе жатқан жалпыадамзаттық мәдениеттің жаңа типі құрылуда.Мәдени мүмкіндіктер, тарихи дәстүрлер, экономикалық ахуалдар, ресурстық негіздер, сонымен бірге логика мен конструктивті негізге көне бермейтін төл немесе ұлттық дүние түйсінулер мен дүниетанымдар дегеннің бірі демесек те осы сияқты көптеген жағдайлар мен кейде аңғарып болмас факторлар өзгелермен санасуды қажет етеді.

Қазіргі әлемнің нақты болмысы бұл қайшылықтағы жетекшілік ғаламдастыру үрдісі жағында екендігін көрсетеді, ал ұлттық мемлекеттер тарихи аренада жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуына қарай санының өсуіне қарамастан, бірте-бірте кейінге ығыстырылуда. Бұл қайшылықпен барлық елдер бетпе-бет келіп отыр, ал посткоммунистік елдер үшін бұл қақтығыс өте маңызды және принципиалды мәнге ие болып отыр.

Сонымен, ғаламдастырудың өн бойында қайшылық бар. Ол тек экономикалық және техникалық мүмкіншіліктері жағынан ғана тең емес, сондай-ақ мәдениеттер мен идеологиялардың ішкі потенциалдары мен оларды әлемдік мәдени кеңістікте тарату мен дамыту мүмкіндіктерінің де теңсіздіктеріне қарамастан мәдениеттер мен идеологиялардың тең бәсекелестігін қалайды.Екінші жағынан, кез-келген ұлттық мәдениет, ең алдымен, ұлттық бірігуі мен топтасуына үміт артады. Топтасу өзгелерден ерекше өзінің төлтумалылығын бекіту жолымен іске асады. Ал ғаламдастыру үрдісі, керісінше, партикулярлы компоненттердің үлестік салмағын төмендету есебінен, әдетте жалпылыққа иек артуға бағдарланады.

Ғаламдастырудың мақсаты әр түлі мәдениеттердің ғаламдық мәдениетке қосатын үлестеріне сәйкес олардың өздерін көрсету мүмкіндіктерін ашуға бағытталғандықтан, бұл интеграциялық процестің объективті логикасына орай мәдени әралуандылықтың редукциясына және ұлттық, мәдени, діни, өзге де     тұлғалық типтердің оңтайландыруына әкеледі.

Оның үстіне, даму деңгейі төмен және дамушы елдерде бұқаралық мәдениеттің ықпалы дамыған елдерге қарағанда әлдеқайда қайшылықты екенін ескеру қажет. Ол бөтен индивид үшін жеңіл өмір сүрудің елесін қалыптастырып, оның санасында батыстық өмір сүру тәртіптерінің артықшылықтарын идеалдандырып, өз мәдениетіне деген жадау көзқарас сезімін тудырады.

Отандық мәдениет трансформациясының келесі бір табиғи жолы бізді ұлттық түбірдің, тілдің, дәстүрдің, әдет-ғұрыптардың көпғасырлық ортақтығымен байланыстыратын түркі-ислам әлеміне органикалық түрде ену болуы мүмкін. Бірақ, бізде өзіміздің оңтүстіктегі көршілерімізбен салыстырғанда, таза мұсылмандық мәдениеттің формалары жетекшілікке ие болуы қиын. Қазақстан далаларында ғасырлар бойы әр түрлі діндер қатар өмір сүріп, уағыздалды, оның ішінде ертедегі христиандық та, буддизм де бар. Тәңірілік дәстүрге келер болсақ, ол өзінің мәні жағынан қарапайым халық үшін исламнан бірде кем түспейді. Сонымен бір мезгілде жалпыславяндық тұтастық және соборшылдық идеялары сияқты пантүркизм және панисламизм идеяларының да өмір сүруге толық құқылары бар.

Және, ақырында, XXI ғасырдағы біздің мәдениет үшін ең қызықты және сонымен бірге, келешегі бар жолдың бірі — біз шартты түрде «евразиялық мәдени кеңістік» деп атап жүрген жол болуы мүмкін. Тағдырдың еркімен Қазақстан географиялық жағынан болмаса да, демографиялық және мәдени жағынан Европа мен Азияның аралығында орналасты. Біз бұл тарихи айғақты ескермей, біздің ұлттық мәдениеттің одан ары дамуына оның әсерін теріске шығара алмаймыз.

Басқа жағынан алғанда, мәдениеттің ғаламдану процесі кез-келген өмір сүруші және гүлденуші ұлттық мәдениет үшін, шын мәнінде, тарихтың талабы. Және ол әрбір халықтан және мемлекеттен лайықты жауап күтеді. Ең алдымен, біздің пікірімізше, ол қазіргі Қазақстандың қоғамнан өз дамуының барлық потенциалды мүмкіндіктерін іске асыруды және өзінің бүкіл әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселелерін табысты түрде шешуді талап ететін сияқты.

Біз бірнеше рет қайталағандай, мәдениеттің мәні құндылықтың-мағыналық және әлеуметтік-нормативтік мазмұнмен сипатталады. Модернизация процестерінде қоғамда қалыптасқан рухани құндылықтар, еңбек бағдарлары, рәміздік құрылымдар, менталитеттің ерекше рөл ойнауы кездейсоқ емес. Мұны, әсіресе, Қазақстан халықтарының құндылықтың бағдарлары мен мәдени қажеттіліктерінің, рухани басымдылықтарының құрылымын трансформацияға алып келетін елді әлеуметтік-экономикалық реформалау процесінде ескеру өте маңызды. Дәл осы мәдениет саласы қоғамдық өмірдің жаңа мақсаттарын, құндылықтары мен нормаларын анағұрлым терең айқындайды және болып жатқан өзгерістерді жаңа құндылықтың тұрғыдан қабылдаудың қалыптасуына жағдай жасайды. Жаңа мәдени саясат, өзінің тура мағынасында қоғамның жаңа социомәдени санасының қалыптасуына, оның ментальдығын аксиологиясын, бірегейлік образдарын, әлеуметтік ұмтылыстарының » сипаты мен әлеуметтік образдарын, әлеуметтік ұмтылыстарының сипаты мен әлеуметтік танымалдылық формаларын өзгертуге бағытталған деп айтуға болады. [5.]

Мәдениет — тек сала емес, бүкіл қоғамдық организмді, оның экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси және рухани қозғалыстарының энергиясын жетілдіру мен дамытудың келешегін анықтайтын әлеуметтік болмыстың фундаменталды негізі де болып табылады.

Мұндай жағдайларда мәдени саясаттың стратегиялық мақсаттарына, біздің  пікірімізше мыналар жатады:

— елдің мәдени потенциалын сақтау, қазақ мәдениетінің дамуының мәдени жаңашылдықтар мен мәдени өмірдің полиэтникалық алуан түрлілігін мемлекеттік қолдаумен қатар сабақтастығын қамтамасыз ету;

— біртұтас мәдени кеңістікті қалыптастыру, көпұлтты мемлекетте субмәдениеттердің сұхбаты үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

— біртұтас мемлекеттің азаматтары ретіндегі әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың мәдени интеграциясын қамтамасыз ететін құндылықтарды құру. [6.]

Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Мысалы, бүгінгі Қазақстан қоғамы басқа елдермен экономикалық сауда-саттық қарым-қатынасқа түсіп, дамып келеді. Алысқа бармай-ақ, өзіңіз бен өз үйіңізге қараңызшы. Үстіңізде Еуропа елдерінің бірінде тігілген костюм, аяғыңызда Турциядан әкелген туфли, астыңызда Германия, немесе Америкадан шыққан жеңіл мәшине, үйіңізде Ресейдің тоңазытқышы, Оңтүстік Кореядан шыққан шаңсорғыш, Жапонияда шығарылған магнитофон, арабтардың тоқыған кілемі, ас дайындайтын бөлмеңізде Үндістан елінен келген шай, Мароккодан келген апельсин, Ираннан әкелінген финиктер, АҚШ-тан келген тауықтың аяқтары,Қытайдан әкелінген ыдыс-аяқ т.с.с. Мұндай мысалдарды шексіз келтіре беруге болады.

Біздің пікірімізше, Қазақстандық қоғамның сақталуы мен дамуы мақсатында Қазақстанның мемлекеттік мәдени саясатының негізіне мәдени плюрализм принципінің қаланғаны дұрыс.

Болашақ Қазақстанның мәдени болмысы әртүрлі ұлттық мәдениеттердің механикалық жиынтығы емес,тұтастай жалпықазақстандық мәдениетті құрайтын өзара байланысты, өзара бағынышты мәдени этникалық комплекстердің органикалық қосындысы болуы тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер:

[1.] (http://kk.wikipedia.org)http://kk.wikipedia.org 1

[2.]http://student.zoomru.ru/upgrade.html

Құрастырғандар: Набатбек  А., Төлегенова Б.

Яндекс.Метрика