ҒАЛАМДАНУ ҮРДІСТЕРІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  МЕДИЦИНАЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Ғылым мен техникалық прогрестің арқасында бұрынғыдан да нәтижелі емдеу тәсілдері арқылы халық денсаулығын жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар үнемі пайда болып отыр.Денсаулық сақтау саласына жалпы биологиядағы, әсіресе, медицинадағы тың идеялар мен технологиялық жаңалықтар өзінің оң әсерін тигізетіні сөзсіз.. Медициналық технологиялар — бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау саласы үшін ортақ мәселеболып отыр. Сондықтан оларды қажетті деңгейде бағалап, тиімді түрде пайдалану керек..

«МТБ (мемлекеттік технологиялық бағалау) жүйелі үдеріс және денсаулық сақтаудағы шешім қабылдау институты ретінде өткен ғасырдың 80-жылдары Еуропада басталып, кейін Канада, АҚШ, Австралия, Азия және тағы басқа елдерге таралды.МТБ мақсаты — медициналық технологияларға қатысты мәселелерді ескере отырып, шешім қабылдау үдерісі мен денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруға көмектесу. МТБ технологияларды денсаулық сақтауда қолданудың денсаулыққа әсері мен жалпы нәтижелерін зерттеуге негізделген. Еуропаның көптеген елдері оның қауіпсіз және нәтижелі медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етудегі мүмкіндіктерін мойындап, оған деген қызығушылық өсуде.»[1.1].

Осындай жағдайдан кейін шешім қабылдаушы тұлғалармен қатар, технологиялардың қолданылуына мүдделі қоғамдастық — дәрігерлер, науқастар, өндірушілер және науқастармен жұмыс істейтін ұйымдар МТБ бастамашысы бола алады. Медициналық технологияларды бағалауды жүзеге асыру үшін МТБ ұйымдастырушысы (шетелде бұл тұтастай бір МТБ агенттігі болып табылады) МТБ әдіскер мамандары, ақпаратты жүйеде іздеу мамандары (IT- кітапханашылар), фармакологтар, экономистер, клиникалық кеңес беруші дәрігерлер, этика саласындағы және бағалауға қажетті басқа да мамандардан тұратын көпсалалық топ құрады. МТБ үдерісі — құрылымданған клиникалық мәселені талқылау, ақпаратты жүйеден іздеу, оны іріктеу және сараптау, экономикалық сараптама жасау, шешім шығару және МТБ есептерін дайындаудан тұратын күрделі үдеріс. МТБ есебі рецензияланып, оның соңғы нұсқасы тапсырыс берушіге шешім қабылдау үшін беріледі.Қолданудың тиімді жолдары.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында институциялық реформа жасау және технологияларды енгізу» жобасы аясында 2015 жылға дейін осы саладағы тәжірибелі халықаралық мамандарды жұмылдыра отырып, тақырыптық тренингтерден өткізу арқылы МТБ сарапшыларының әлеуетін жетілдіру жоспарлануда.

Әр түрлі деңгейдегі денсаулық сақтау ұйымдастырушыларын (менеджерлерді) МТБ нәтижелеріне негізделген шешімдерді қабылдауға үйрету жоспарланған. МТБ нәтижелерін көрсету мақсатында халықаралық конференцияларға қатысу да ойластырылуда. Сонымен қатар, МТБ үдерісіне қалың бұқараны тартқан жөн. Себебі әлемде дәрігерлер, науқастармен жұмыс жасайтын қоғамдастықтар және науқастардың өздері бұрыннан бері және белсенді түрде осы үдеріске қатысуда. Өйткені медициналық технологияларды бағалаудың соңғы нәтижесі денсаулық сақтау жүйесіне, яғни халық денсаулығына әсерін тигізетін шешімі даму жолдарын қабылдау болып табылады.Даму жолдарының басты қарасы.  [1.2]

Ғылыми техникалардың даму жолдары:

  • Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру;
  • Профилактикалық iс-шараларды, скринингтiк зерттеулердi күшейту, негiзгi әлеуметтiк мәнi бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеудi және оңалтуды жетiлдiру;
  • Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi жетiлдiру;
  • Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетiлдiру;
  • Медициналық, фармацевтикалық бiлiмдi жетiлдiру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгiзу;
  • Халыққа дәрiлiк заттардың қолжетiмдiгi мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту.»[ 2].

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының кепілдемесіне сәйкес, денсаулық сақтау саласына тап осындай  жоғары сапалы ғылыми-зерттеулер мен инновацияларды енгізу тұрғындардың ұлттық деңгейдегі де, ғаламдық ауқымдағы да денсаулық жағдайларын жақсартуға бағытталуы тиіс.

Жоғарыда аталған ғылым мен инновациясының инфрақұрылымын дамыту, материалдық-техникалық база мен медицина ғылыми ұйымдарының кадрлық әлеуетін арттыру, сондай-ақ, ғылыми талдамалар мен инновацияларды практикалық денсаулық сақтау саласы мен әлемдік зерттеу кеңістігіне енгізудің тиімді жүйесін қалыптастыру отандық зерттеушілер мен ғылыми ұйымдардың, ғылыми зерттеулердің әлемдегі жоғары дамыған елдердің көрсеткішіне жа­қындата түсуге ықпалды етіп, Қазақ­стан денсаулық сақтау жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарттарын жасап береді. Сөйтіп, біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде одан әрі таныла беруіне кеңінен жол ашады. [ 3].

Бүгін таңда медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Medtronic компаниясы қазақстандық мамандарға резистентті артериалды гипертонияны емдеуге арналған Medtronic Symplicity Catheter System™ жүйесін қолдана отырып жасалатын реналды денервация шарасын таныстырды

«Артериалды гипертония, әсіресе оның дәрімен емдеуге келмейтін түрі бүкіл әлемнің денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады, өйткені ол миокард инфаркті, инсульт, жүрек және бүйрек жетімсіздігі секілді тағы да басқа жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін күрт арттырады. Әлемде артериалды гипертониямен 1,2 млрд адам ауырады, бұл өлім-жітімнің ең кең таралған себебі. Осы ауруды емдеуге кететін тікелей шығын бүкіл әлем бойынша жыл сайын 500 млрд долларға бағаланады.Еуропалық Кардиологтар одағының мәліметтеріне негізделген есептеулерге сәйкес Қазақстанда артериалды гипертонияға шалдыққан науқастардың жалпы саны 600 000 адамға дейін жетуі мүмкін – бұл елдегі ересек (59 жастан асқан) тұрғындардың шамамен 65%-н құрайды. Осы науқастардың 6%-ында дәрімен емдеуге келмейтін гипертония түрі бар, бұл науқастың ағзасы дәрі-дәрмекті қабылдамайтынын білдіреді.Іріктемелі зерттеулердің мәліметтері бойынша мұндай науқастардың саны бұдан да көп және олардың қатары ұдайы артып келеді.»  [4].

Бүгін медициналық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы Medtronic компаниясы қазақстандық мамандарға резистентті артериалды гипертонияны емдеуге арналған Medtronic Symplicity Catheter System™ жүйесін қолдана отырып жасалатын реналды денервация шарасын таныстырып ауқымды ақпараттармен бөлісті.

«Медико – Инновациялық Технологиялар» ЖШС танымал әлемдік өндірушілердің эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады: Siemens (Германия), GE (АҚШ), Aesculap (Германия), Merivaara (Финляндия), Soring (Германия), сонымен бірге, басқа да медициналық құрылғылардың жетекші еуропалық және дүниежүзілік өндірушілерімен әріптестік қарым-қатынас орнатылған.«Медико – Инновациялық Технологиялар» ЖШС ауруханалар мен басқа емдеу-профилактикалық мекемелерді радиология, хирургия және реанимация, акушерлік және гинекология, эндоскопия, рентгенология, функциональды диагностика, стоматология саласында медициналық, зертханалық және технологиялық құрылғылармен, зертханалардың барлық түрін, медициналық газ қызметтерімен, керек шығын материалдары және жиынтықтаушы заттармен жабдықтап, дайын күйінде тапсыру саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасындағы ірі жобалау компанияларының бірі болып табылады.»[ 5].

Жалпы айтқанда ғылым  мен технология прогрестің арқасында бұрынғыдан да нәтежелі емдеу тәсілдері арқылы халық денсаулығын жақсарту  мүмкіндігін беретін жаңа технологиялар үнемі пайда болып отыр.Денсаулық сақтау саласына жалпы биологиялық,әсіресе, медициналық  тың идеялар мен технологиялық жаңалықтар өзінің оң әсерін берері сөзсіз.

Медициналық технолгиялар-бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау үшін ортақ мәселе.сондықтан олрады қажетті деңгейде бағалап,тиімді түрде пайдалану керек.Қолда бар ресурстардың қолдана отырып,медициналық қызмет көрсеті оң нәтежелерге жету үшін ұйымдастыру,әлеуметтік және этикалық мәселелерді назарға ала отырып, аса нәтежелі технологияларды енгізуді қолдану керек.Медициналық технологиялардың емдікте тәжірбиелі мамандар саласында дамуы. Елімізде тілдің де технологияның да даму үрдісі шыңдалуда.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.1 http://www.inform.kz/kaz/article/2566441

1.2 http://www.inform.kz/kaz/article/2566441

2    http://old.group-global.org/kz/blog/view/6490

3    http://egemen.kz/2013/?p=13395

4    http://kaz.pressclub.kz/2013/06/06/medtronic-қazaқsta..

5    http://www.medico-intech.kz/?lang=KZ

Құрастырғандар: Темірзақова Ж., Наметкул С. 

Яндекс.Метрика