ҒАЛАМДАНУ ҮРДІСІ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒАРЫШТЫ ИГЕРУ

Қазіргі заманғы ғарыш қызметін дамытудың белгілі үрдістері ғарыштық технологиялар мен әзірлемелерді біріктіруді күшейту, оларды қарусыздандыру және коммерциялық мақсаттарға пайдалану болып табылады. Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми — өндірістік базасы.

Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыштық секторы қарқынды әрі тұрақты дамуын көрсетіп отыр, бұл ғарыштық технологияларды әскери саладан азаматтық салаға қуатты трансферттеу процестеріне және соның негізінде ғарыш индустриясы мен әзірлемелерімен байланысты тұтастай коммерциялық қызметтер кешені негізінде дамуына байланысты болып отыр.

«Қазіргі экономикалық прогрестің басты қозғалтқышы болып, микроэлектроника, цифрлі және  ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және телекоммуникация, жаңа композиттік материалдар және т.б. саласындағы инновациялық технологиялар саналатында  белгілі. Бұл әзірлемелердің көпшілігі бастауын ғарыш индустриясының түрлі салаларынан алады және қазіргі тіршілік әрекетінің алуан түрлі салаларына айтарлықтай әсерін тигізеді. Ғарыштық әзірлемелердің едәуір бөлігі құпия күйінде қалатындығы және ұлттық қауіпсіздік саласында ғана мемлекеттік саясат жүргізуіне жататындығы белгілі.» [1]

«Осыған байланысты ғарыш қызметін жабық әскери ғарыш саласына (military space) саралап жіктеу . Тұтас алғанда, ғарыш қызметі іс жүзінде қазіргі өмір сүруді қамтамасыз етудің барлық салаларындағы сарқылмас әрі үздіксіз дамып отыратын инновациялық технологиялар көзі болып табылады. Бұл ретте ғарыш қызметінің дамуына әлемдік экономикадағы көптеген өндіріс пен қызмет салалары тікелей байланысты болып отыр». [1.2]

Жыл сайын ғарыш қызметі тек мемлекеттер мен олардың бірлестіктерінің ғана емес, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың да назарын аударып отыр. Нарықтың кеңейе түсуі және оның қатысушылары санының жүйелі түрде өсуі саладағы қаржылық құралдар айналымының өсуіне ықпалын тигізуде ғарыш құралдарын пайдалану арқылы зерттеу немесе қолданбалы бағдарламаларды жүзеге асыратын елдер шеңбері бұлжытпай кеңейіп келеді.

«Ғарыштық жүйені соны­мен қатар еліміздің спутниктік байла­ныс каналдарына сұраныс қанағаттан­ды­рылып және өңірлер көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз ету жоспар­ланған болатын. Әлемдік деңгейдің табысы біршама жоғары көрсеткіштен астам нәтиже берген. Экономикалық ірі компаниялармен құрамдас бөлік иегері және нарық көлемінің орташа есебінің жиынтық көлемін қарастырған болатын. Еліміздегі жоспарлар бағыттын нышандарын байланыстырды. [1]

Яғни ғарыш саласын дамытуда еліміз ең алдымен байланыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Еліміздің азаматтары «Қаз­сат» ұлттық жүйесін пайдалануға көп көңіл бөледі. Дегенмен бұл саланы айтулы ғарыштық державалардың өзі толық игеріп болған жоқ. Әлемде болып жатқан түрлі стихиялы апаттар адам шығынын болдырмау мақ­сатында табиғи болжамдарға қаржы құю­дың зая еместігін көрсетіп жатыр. Ға­рыш­тағы жалпы саны 23 жерсерігін, әлемдегі ғарыштық ұшулардың 40 пайызын қам­тамасыз етіп отырған Ресей де ғарыш саласында өзіндік үлесімен бөліскен болатын. Алдағы шарада ғылыми үрдістің шыңдалуына айдан анық ! [2.1]

Ғарыш кеңістігін ғарыш қалдықтарынан тазарту алдыда тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады.  Бұл мәселені шешудің ғылымилық техникалық, экологиялық жақтары зерттелуде. Ғарыш кеңістігінің экологиялық жағдайы  барлық мемлекеттердің ғалымдарын алаңдатуда. Бұл мәселені көптеген ұлттық зерттеу орталықтары, ғарыш агенттіктері, Халықаралық комитеттер мезгіл – мезгіл талқылап, шешу жолдарын іздестіруде. Ғарышты игеруде сонымен қатар ғарыш қалдықтарының көбеюінің алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, онда ғарышқа жол бірнеше жүз жылдар бойына жабылады деп есептейді.[3]

Ғарышты қорғап,жер бетіндегі өмір сүретін адамзат болашағына тікелей әсер етеді. Жер серігіндегі зымыран ракеталарды жөндеу, бөлініп кеткен қалдықтарды жинау, қайта өңдеп шығару жұмысы атқарылуда.Біздің  Байқоңыр ғарыш айлағынан екі күн сайын бір зымыран  ұшатын болғандықтан,жердің қорғағыш озон қабаты тесіліп,метеориттер мен астероидтардың құлау қаупі пайда болды.Және де жасыл қоршаған ортаның табиғаты бұзылып, жердің өз осінен айналуымен күннен айналу жылдамдығы артты. Сол себептен зымыран ракеталардың ұшуының көптігін азайту үшін екі айда зымыран бір рет ғана ұшырылатын болды. Енді шын үлкен қауіптер төне бастады әсіресе:күннің циклондарының артуы, адамдардың тез өсіп, тез қартаюы, ауа құрамының бұзылуы, адам қанының ластануы, халықтардың саны азаюы. Ғарыш – ол галактика кеңестігінің бөлігі. Оны қорғау әрбір Жер планетасының тұрғыны үшін маңызды болуы тиіс.

Ендеше, біз де елдің индустриялық-ин­новациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құ­р­ылуы мен дамуына, халықаралық ма­ңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасауға міндеттіміз.  Ғарыш қазірдің өзінде әр түрлі елдер мен әлем аймақтарының экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған келешегі зор қызмет саласы. Оның ерекше белгісі ғарыш кеңістігін игерудегі жедел қарқындылық пен практикалық экономикалық нәтижелер алудағы салыстырмалы жылдамдық болып табылады. Қазіргі заманда экономикалық дағдарыс болып жатса да ғарыш державалары бұл жобаларды қаржыландыруды азайтудың орнына,қайта ұлғайтуда.Сонымен қатар біздін Қазақстан Республикасы ғарышты игеруге зор мүмкіндіктері бар.Cөзіміздің соңын сонау 1991 жылы Мемлекет басшысы  Н. Назарбаев айтқан : «Ғарыш айлағы – бүгінгі күні біздің әлемдік экономикалық сайыстағы жалғыз басымдығымыз!».Ин­новациялық даму стратегиясының жүзеге асыру мақсатында жетелейміз.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://www.bayterek.kz/kz/info/space_activities.php
  2. http://thenews.kz/2011/04/12/788423.html
  3. http://tezister.net/index.php?newsid=133247&news_page=6

Құрастырғандар: Ордабек О., Байдан Р.                  

Яндекс.Метрика