ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТУРИЗМДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе     

Қазақстанда туризмді жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданған әдебиеттердің тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны, туризмді маңызды әлеуметтік-экономикалық бағыттардың бірі ретінде дамыту бөлігінде бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын көтеру үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі

Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Тұжырымдама халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы туристік саласының қазіргі жай-күйіне кешенді талдау жасау негізінде әзірленді және туризмді дамытудың стратегиялық пайымын, республиканың туристік саласын 2020 жылға дейінгі дамытудың негізгі қағидаттарын қамтиды, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін және кезеңдерін айқындайды.

“2020 жылға дейін инвестицияларға қажеттілік шамамен 9 785, 3 млн. АҚШ долларын, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 4 367,7 АҚШ долларын құрайды. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін нақты қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2015–2020 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу сатысында мемлекеттік бюджет мүмкіндіктеріне қарай айқындалады. Тиісінше нысаналы индикаторлар түзетілетін болады.”[1]

Жүргізілген талдау нәтижесінде туристік нарықты дамытудың ұзақ мерзімді үрдістері, туризм түрлері, туристерді қабылдауға әзірлік және туристік тартымдылық деңгейі бойынша бөле отырып, негізгі туристік кластерлер, өнімдер мен объектілер айқындалды.

Туристік ұсыныс. Әлемдік экономиканың қазіргі даму жағдайында туризм саласы жетекші және серпінді дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйым деректері бойынша туризм тауар мен қызмет көрсетулердің (7,4 %) әлемдік экспортында тек автокөлік, химия және отын өнімдерінінің экспортына жол бере отырып, төртінші орынды иеленеді. Ал кіріс жағынан бұл сала әлемде мұнай өндіру өнеркәсібі мен машина жасаудан кейін үшінші орынды иеленді.

“Қазақстан бай туристік-рекреациялық мүмкіндіктерге ие бола отырып, туризмнің жеткілікті деңгейде дамымауымен сипатталады. Туризм үлесі жалпы ішкі өнімде шамамен 0,3 %-ды ғана құрайды. 2011 жылы туристік қызметтен кіріс көлемі 145,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылғыдан 2 есе артық (77,6 млрд. теңге). Республика бюджетіне төленген салық 20,6 млрд. теңгені құрады, саладағы туристік қызметпен шұғылданатындар саны 158700 адамды құрады.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте туристік қызметтен түскен кірістер көлемі 91,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 11,5 % (82,3 млрд. теңге) артық. Туристік ұйымдар мен орналастыру орындарында жұмыс істейтіндер саны 26 940 адамды құрады.

2011 жылы елде 1715 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 630,6 мың адамға қызмет көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 29,6 %-ға артық (2010 жылға 486,5 мың адам). Туристік қызметтің құрылымында ішкі туризм 32,2 %, кіру туризмі – 5,7 %, сыртқа шығушылар туризмі – 62,1 % құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2010 жылғы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмінің 56,4 %-дан 62,1 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 35,4 %-дан 32,2 %-ға азайғаны байқалады.

“2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте елде 1 950 туристік ұйым жұмыс істеді және туристік фирмалар 494,1 мың адамға қызмет көрсетті, бұл 2011 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 10,6 % (446,5 мың адам) артық. Туристік қызмет құрылымында ішкі туризм 18,6 %-ды, кіру туризмі – 31,4 %-ды, шығу туризмі – 50 %-ды құраған. Егер осы көрсеткіштерді 2011 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы деректермен салыстырсақ, онда сыртқа шығушылар туризмнің 43,7 %-дан 50 %-ға дейін ұлғаюы, ішкі туризмнің туристерге қызмет көрсетудің жалпы құрылымында 28 %-дан 18,6 %-ға азаюы байқалады.”[2]

Қазақстанға келетін туристік ағындарды талдау республиканың шетел туристері үшін тиісті деңгейде тартымды емес екенін көрсетеді, осыған байланысты елімізге келетін туристер саны дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерден айтарлықтай артта қалып отыр.

Қазақстанның туристік өнімінің бірегейлігіне қарамастан, бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз және шетелдік аналогтарға қарағанда, қызмет көрсетудің қолжетімділігі, туристік қызметтердің деңгейі мен бағасы жағынан ұтылып отыр.

“2011 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 1642 орналастыру орындарында 81015 төсек-орын болды, бұл 2010 жылға қарағанда 6,5 % төсек-орынға артық. Төсек орындарды жалпы орналастыру орындарының санының 63,5 % қонақ үйлер құрады, олардың 27,0 – санаты бар қонақ үйлер және 36,5 % – санаты жоқ қонақ үйлер. Орналасу орындарының 40,5 % негізгі бөлігі Алматы – 17,1 %, Астана – 9,6 % қалаларында шоғырланған, сондай-ақ оларға жақын Алматы және Ақмола облыстары тиісінше 6,6 % және 7,2 %. Шығыс Қазақстан облысында 19,7 %, Қарағандыда 11,7 %, Павлодарда – 6,2 % және республиканың басқа да облыстарында 21,9 % орналасу орындары шоғырланған.

Сыйымдылығы 29584 төсек-орын болатын 873 қонақ үйлер төсек-орындарының57,5 %-ын құрайтыны және санаты жоқ екенін атап өткен жөн. Санаты бар, сыйымдылығы 213 қонақ үйде төсек-орындардың жалпы санынан 42,5 %-ын құрайтын 21 882 төсек-орын, олардың көпшілігі төсек-орындар 4* санатты – 35,6 %, 3* – 29,3 %, және 5* – 19,5 % қонақ үйде шоғырланған, қонақ үй төсек–орындарының 15,6 %-ы 2* және 1* санатты қонақ үйлерге тиесілі.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда сыйымдылығы 82 435 төсек-орын болатын 1 484 төсек-орындық орналастыру орны жұмыс істеді, бұл 2011 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,4 % төсек-орынға артық. Төсек-орындардың жалпы санының 61,1 %-ын, 27,0 %-ы санаты бар қонақ үйлер және 34,1 %-ы санаты жоқ қонақ үйлер, ал 38,9 %-ын басқа да орналастыру орындары құрады.

Төмендегіні ескерсек, 2011 жылы Қазақстан Республикасында орналасу орындарында нөмірлік қор жүктемесінің орташа коэффициенті 24,0 %-ды құрады (2010 жылмен салыстырғанда 20,3 %):

қонақ үйлерде көрсеткіш 30,5 %-ды құрады. (39,0 %-ы –санатты қонақ үйлерде және 24,3 %-ы санаты жоқ қонақ үйде), бұл ретте толымдылықтың ең жоғарғы деңгейі 5* санатты қонақ үйлерде (49,5 %), ең төменгі деңгей 1* қонақ үйлерде — 21,9 % тіркелген”

Нөмірлік қор жүктемесінің жоғарғы коэффициенті Маңғыстау – 88,4 % және Атырау облыстарында — 47,8 %-ды құрайды. Ең төменгі коэффициент Солтүстік Қазақстан — 11,6 %-ды және Алматы облыстарында — 8,4 %-ды құрайды. Астана және Алматы қалаларында тіркелген нөмірлік қор жүктемесінің орташа деңгейі тиісінше 31,1 %-ды және 26,8 %-ды құрайды.

2012 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстан Республикасында орналасу орындарында нөмірлік қор жүктемесінің коэффициенті 26,1 %-ды құрады (2011 жылғы қаңтар-қыркүйектегі  22,0 %-бен салыстырғанда), оның ішінде:

қонақ үйлердегі көрсеткіш 36,6 % (38,1 %-ы санаты бар қонақ үйлерде, және 29,0 %-ы санатсыз қонақ үйлерде), бұл ретте толымдылықтың ең жоғары деңгейі 5* санатты қонақ үйлерде (48,1 %), ең төменгі деңгей 1* санатты қонақ үйлерде (29,2 %) тіркелді;” [3]

Қазақстандық туристік нарықта халықаралық қонақ үй брендтерінің қатысу деңгейінің төмен екені байқалады. Барлық халықаралық қонақ үй компаниялары төрт бизнес-дестинацияларда: Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында орналасқан.

Тұру және әуе билеттеріне жоғары бағалар Қазақстанға тур бағасын едәуір арттыратынын және тиісінше халықаралық нарықтағы баға бойынша оның бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өткен жөн.

Орналастыру орындарының, оның ішінде қонақ үйлердің, пансионаттардың, үйлердің және демалыс базаларының, сондай-ақ шипажай-курорттық мекемелердің материалдық базасы физикалық тозуының жоғары деңгейімен сипатталады. Бүгінгі күні көптеген қонақ үйлерде санаттың болмауына байланысты туристер үшін тұратын орындарында ұсынылатын қызметтер сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.

“Қазақстандағы ішкі және сырттан келуші туризміне сұраныстың артуы 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі кезеңде қарқынды түрде өсті, кейіннен экономикалық дағдарысқа байланысты 2013 және 2014 жылдары төмендеуі байқалды. Экономиканың қайта қалпына келуімен туризмге сұраныстың 2015 жылы жаңғыртылды және 2016 жылы туристік келудің саны 11,7 %-ға артып рекордтық деңгейге жетті, түнеу саны 2015 жылға қарағанда 25,9 %-ға артты:

2000 жылғы 43 298 келушіден 2011 жылы 2 845 832 келушіге дейін өсті, жылдық өсу қарқыны 17 %;

2006 жылғы 1 250649 түнеулер санынан 2015 жылы 7 085 020-ға дейін көтерілді, жылдық өсу қарқыны 25,9 %.

2015 жылы туристік келу құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталды.

Орналасу объектілерінің типтері бойынша: келушілердің 88,1 %-ы қонақ үйлерге, (келушілердің 45,8 %-ы санатты қонақ үйлерге және 42,3 %-ы санатсыз қонақ үйлерге) және келушілердің 11,9 %-ы басқа жерлерге орналасқан.

Өңірлер бойынша: тіркелген келушілердің 46,1 %-ы, оның ішінде Астана 18,0 % және Алматы қалаларында 17,6 %, сондай-ақ 5,7 % Ақмола, 4,8 % Алматы облыстарында тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында — 12,5 %, Қарағанды — 7,8 %, Атырау — 7,5 %, Маңғыстау — 5,2 % және басқа да облыстарда 20,9 % келуші тіркелген;”[4]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-112

Сурет 1. Қазақстан Республикасында 2015 жыл бойынша туристтердің шоғырлану облыстары (пайызбен %)

Ескерту-мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі комитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

“Шыққан елдер бойынша: 79,5 %-ы қазақстандық келушілер, 4,8 %-ы Ресей Федерациясынан келушілер, 2,4 %-ы Ұлыбритания және Солтүстік Ирла0ндия Біріккен Корольдігінен келушілер, 1,6 %-ы Америка Құрама Штаттарынан келушілер, 1,4 %-ы Түркия Республикасынан келушілер, 1,3 %-ы Италия Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Қытай Халық Республикасынан келушілер, 0,9 %-ы Германия Федеративтік Республикасынан келушілер, 0,8 %-ы Нидерланд Корольдігінен келушілер және басқа елдерден келушілер саны 6,4 %;

сапарға шығу мақсаттары бойынша: іскерлік және кәсіптік – 69,6 %, демалыс, бос уақыт және рекреация – 25,0 %, достары мен туыстарына бару – 3,0 %, басқа мақсаттарда – 2,4 %. Қазақстандық келушілердің (30,7 %) демалыс және рекреация мақсатында саяхатқа шыққанын, ал бұл уақытта шетелдік келушілер республикаға тек іскерлік және кәсіптік мақсаттарда (93,2 %) келгенін атап өту қажет.”[5]

Жоғарыда атап көрсетілгендей, Қазақстандағы туризм негізінен жергілікті халыққа, сондай-ақ, шетелдік резиденттердің іскерлік және кәсіптік іссапарларына сүйенеді.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-113

Сурет 2. Қазақстан Республикасына шет ел туристтерінің келу көрсеткіші

Ескерту- мәліметтер Қазақстан Республикасының статистика жөнінде комитеттің ресми сайтынан алынды. www.stat.gov.kz

“2011 жылы Қазақстанға келген барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 5 685 132-ні құрады, бұл 2010 жылға қарағанда 20,6 %-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (34,0 %), Қырғыз Республикасынан (27,1 %) және Ресей Федерациясынан (23,7 %) келген. Олардың келуінің негізгі себебі жеке (76,9 %) және транзиттік сапарлар (17,0 %), ал іскерлік туризм мен бос уақыт және рекреакция мақсатында 6,1 %-ы ғана келген. Республикаға шет елден келушілердің көпшілігі отбасыларында немесе достарында тоқтайды, бір күнге де келіп кетеді (бір күндік келушілер). Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасынан келетіндердің көпшілігі еңбек мигранттары болып табылады.

Сыртқа шығушылар туризмі бойынша келушілер саны 2014 жылы 8 020 400 құрады, бұл 2013 жылға қарағанда 8,2 %-ға көп. Сыртқа шығушылар туризмінің мұндай көлемі елдің төлем балансында теріс туристік сальдоның қалыптасуына ықпал етеді (422 млн. АҚШ долларынан көп). Қазақстан Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд сияқты елдерге «туристік донор» болып қалып отыр, бұларда туризм индустриясы қарқынды даму, жаңа жұмыс орындарын құру және төлемдік баланс құрылымы жақсарып, халықтың әл-ауқаты арту үстінде”.[6]

Қазақстандық туристердің сыртқа шығушылар туризміне сұранысы Қазақстандағы туристік дестинациялар мен орналастыру объектілерінің бизнес үлесін жоғалтуды білдіреді. Сондықтан, республикада туризмнің сапалы дамуы арқылы қазір шетелде демалып жатқан жергілікті туристердің белгілі бір саны туризмге жұмсалатын шығындарды ел шегінде қалдыра отырып, қазақстандық туристік дестинацияларды таңдайды деп болжауға болады.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті дамыған туристік индустрияны құру, мемлекет кірісінің тұрақты өсуін және сырттан келушілер және ішкі туризмнің көлемдерін ұлғайту есебінен халықтың да кірісін көбейту тиісті инвестицияларсыз мүмкін емес.

“Туризм саласындағы негізгі капиталға инвестициялар 2010 жылы 143,7 млрд. теңгені, 2011 жылы 178,9 млрд. теңгені құрады. Салалардағы негізгі капиталға инвестициялардың, тауарлар өндіретін және көрсететін қызметтердің өсу үрдісі бар екенін атап өткен жөн.”[7]

Туризм дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, Қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланың дамуы туристік қызметтегі қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көліктік-логистикалық жүйенің қажетті инфрақұрылымын, оның ішінде, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін (автомобильдік, авиациялық, теміржол) қайта жөндеуден өткізуді ескере отырып, кең мүмкіндікті қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құруға тікелей байланысты. Туристік кешенді құру еліміздің экономикасының дамуына – бюджетке салықтық түсім есебінен едәуір үлес қосады, шетелдік валютаның құйылуы, жұмыс орындары санының артуы есебінен, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуын және оны тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы кіру және ішкі туризм нарығын дамыту нарықтық үрдістерінің бірқатарына — жалпы туризмдегі, экономикаға, демографияға, экологияға, технологияға, басқа да салаларға байланысты болады.

Туризмнің жалпы негізгі ұзақ мерзімді үрдістері мыналар болып табылады:

  • Қазақстандағы туризм индустриясын дамыту үшін жалпы жағымды нарықтық негізді қамтамасыз ететін халықаралық туризмнен түсетін кірістер мен халықаралық келушілер санын кейіннен арттыра отырып халықаралық туризмді тұрақты дамыту. Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамушы сыртқы нарықтарда артып келе жатқан туристік сұраныс. Бұл елдердің географиялық орналасуы аталған нарықтар үшін туристік өнімдерді әзірлеу және оларды Қазақстанға аумақтық жақындығынан салыстырмалы түрде жеңіл іске асыруға мүмкіндігін ұсынады;
  • Қазақстанға осы нарықтарда өзінің тартымды және бірегей туристік өнімдерін іске асыруға мүмкіндік беретін Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтардағы едәуір жоғары және тұрақты сұраныс;
  • болашақта Қазақстанның туристік ұсынысына ықтимал дамытуға бәсекелес ретінде Әзірбайжан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Қырғыз Республикасы, Монғолия, Ресей Федерациясы, Түркіменстан және Өзбекстан Республикасы сияқты дамушы дестинациялардан артып келе жатқан туристік ұсыныс;
  • дамыған, сол сияқты, дамушы келе жатқан туристік дестинациялар арасындағы жоғары, дамушы және белсенді бәсекелестік, бұл қазақстандық аналогтардан осы нарықта ұтымды орын тебудің, сонымен бірге оның ажырамас өзгертпелі жағдайларына қалыптасу қабілетін талап етеді.

Негізгі ұзақ мерзімді экономикалық үрдістер:

Қолайлы экономикалық перспективалар және ЖІӨ-нің өсуі, табыстар мен Қазақстан ішіндегі және Қытай Халық Республикасы, Үндістан Республикасы, Таяу Шығыс және Ресей Федерациясы сияқты дамушы сыртқы нарықтардағы тұтынушылар арасында саяхаттарға қызығушылықтың күтілетін өсуі, бұл туристік өнімдерді дамушы ішкі және сыртқы, әсіресе, Қазақстанға жақын орналасқан нарықтарда дамытуды және жүзеге асыруды ұсынады; тұтынушылардың бағаға деген сезімталдығының артуына алып келетін Еуропа және Америка Құрама Штаттары секілді дамыған нарықтардың экономикалық тұрақсыздығы өз кезегінде өте қымбат туристік өнімдерге өзінің қауіпін төндіреді, дей тұрғанмен, қолжетімді сапалы туристік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Негізгі ұзақ мерзімді демографиялық үрдістер мыналар болып табылады:

  • Еуропа сияқты дамыған нарықтарда орта жастағы және зейнет жасындағы адамдардың санының артуы, бұл неғұрлым есейген шақтағы тұтынушыларға туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру мүмкіндігін ұсынады: маусымнан тыс саяхаттар, мәдени саяхаттар, сауықтыру саяхаттары, СПА-саяхаттары және т.б.;
  • жыл бойы демалысқа арналған қысқа мерзімді үзілістер санының көбеюіне алып келетін жұмыс істейтін халықтың бос уақыты санының қысқаруы қызық оқиғалы саяхаттарды дайындау және оны іске асыру мүмкіндігін беретін жас адамдар арасында белсенді демалысқа деген қызығушылықтың артуы;
  • барлық жастағы адамдардың жүріс-тұрысында (немесе өмір салтында) «космополиттілікке» деген бейімділіктің артуы – әлем бойынша саяхат жасауға талпыну, өзге мәдениет пен ландшафтылармен танысу, ал бұл бірнеше саяхаттарды дайындауға және іске асыруға, сондай-ақ Қазақстанды бірегей туристік өнімдері бар жаңа туристік дестинация ретінде тұрпаттандыруға мүмкіндік береді;
  • «креативті» туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру үшін мүмкіндіктер ұсынатын Еуропа сияқты дамыған сыртқы нарықтағы тұтынушылар арасында өзін-өзі дамытуға және/немесе «өзін өзі шақыру» ұмтылысының артуы;
  • негізгі ұзақ мерзімді экологиялық үрдістер мыналар болып табылатын-  «табиғат аясындағы» туристік өнімдерді әзірлеу және іске асыру мүмкіндіктерін ұсынатын қоршаған ортаны сақтау және қорғау саласындағы қоғамдық сананың артуы, экологиялық тұрақты болып табылатын: жаяу туризм, велотуризм, салты атты серуендеу және құстарды бақылау;
  • қызметтерді жергілікті жеткізушілердің, туроператорлардың және көлік компанияларының климаттың өзгеруіне байланысты туындаған ел экономикасындағы өзгерістер жаңа жағдайларға икемделу қажеттілігін туындатады.

“2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:

  • Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін арттыру және туристік саланың мемлекет экономикасына үлесінің артуы;
  • Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының едәуір арту әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;
  • туризм индустриясы мен экономиканың сабақтас салаларында жұмыс орындарын құру, жалпы ішкі өнім мен экспорттың өсімі;
  • кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың ілеспес салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы республика және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту;
  • «жасыл экономика» қағидаттарын ескере отырып, қазақстандық қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына ықпал ету болып табылады.”[8]

“Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланың даму шарттарын қамтамасыз ету үшін экономиканың басымдықты секторларының бірі ретінде қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру және қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру қажет.

2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың басты міндеттері:

  • туристік дестинация ретінде бүкіл әлемге танымал Қазақстан бейнесі;
  • қажетті инновациялық, энергия тиімді инфрақұрылымды;
  • жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйесін жасау және халықаралық өнімдер мен жергілікті және шетелдік туристерге арналған бәсекеге қабілетті қызметтер әзірлеу;
  • туризм саласын кәсіби басқару және реттеу жүйесі;

Қазақстанға және ел ішінде оңайлатылған жолдарға қолжетімділікті ұсыну болып табылады.

Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанда туризмді дамытудың мынадай кезеңдері ұсынылады:

  • 1-кезең 2013 – 2015 жылдар;
  • 2-кезең 2016 – 2018 жылдар;
  • 3-кезең 2019 – 2020 жылдар.

1-кезең аса маңызды болып табылады, өйткені одан кейінгі кезеңдердің сәттілігі 1-кезең аясында жұмыстардың орындалуға байланысты: қолданыстағыларын бейімдеу және жаңа құқықтық шаралар мен институционалдық тетіктерді құру, оның басым көпшілігі 2013 жылы дайын болуы тиіс.”[9]

Аталған кезең сондай-ақ дамудың алғашқы сатысы болып табылады, оның аясында барлық ұлттық (ірі) туристік жобалар дайындалу және олардың құрылысына бастамашылық ету, басқа (кіші) туристік жобаларды әзірлеуге ынталандыру, жалпы инфрақұрылым мен адами ресурстарға инвестициялау, маркетинг, ұлттық туризм бредингі және өзге де ілеспе қызмет түрлері жүйесін айқындау және енгізу, сондай-ақ жылдам нәтижелер алуға бағытталған шараларды қабылдау қажет.

“1-кезең аясында 2013 жылдан 2020 жылға дейін кезеңде жалпы инвестициялардың 25,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.

2-кезең дамудың жалғасы болып табылады. Инвестициялау тұрғысынан алғанда, негізгі құрылыс жұмыстарын, атап айтқанда, ұлттық туристік жобаларды дамыту шеңберінде туристік инфрақұрылымның орналастыру орындары мен объектілерін, оның ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде орындау мүмкіндігі бар жобаларды орындау ұсынылады. Аталған кезең уақытында инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, адами ресурстар әлеуетін нығайту және маркетинг саласындағы әртүрлі жұмыстарды орындау маңызды болып табылады. 2-кезең аясында 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде жалпы инвестициялардың 45,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.

3-кезең дамудың қорытынды сатысы болып табылады, мұнда, бүкіл ел бойынша туристік жобаларды дамыту үшін туристік ұсыныстарды әртараптандырумен және 2-кезеңнің аясында орындалатын іс-шараларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнес кәсіпорындарына елеулі қолдау көрсетумен жалғастырылатын болады. 3-кезең шеңберінде 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін кезеңде жалпы инвестициялардың 30,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады.”[10]

“Мемлекеттік бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлу жағдайында, инвестициялар тарту жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің мынадай өсіміне алып келеді:

  • туристерді орналастыру орындары: 2011 жылғы 81 015 төсек-орыннан 2020 жылғы 199,0 мың төсек-орынға дейін (2,5 есе өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 10,5 %);
  • туристік келу саны (түнеумен келетін ішкі, сол сияқты шетелдік келушілер): 2011 жылы 2 845 832-ден 2020 жылғы 8,19 млн. туристік келуге дейін (2,9 есеге өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 12,5 %);
  • туристер түнеулері саны (ішкі, сол сияқты шетелдік): 2011 жылғы 7 085 020 туристік түнеуден, 2020 жылғы 32,74 млн. туристік түнеуге дейін (4,6 есеге, өсу жылдық жиынтық өсу қарқыны 18,5 %);
  • туристің орташа болу ұзақтығы: 2011 жылғы бір реттік келуге 2,5 түнеуден, 2020 жылғы (1,6 есеге өсу) бір реттік 4,0 түнеуге дейін;
  • орналастыру орындарының толықтырылуы: нөмірлік қорды толтыру жүктемесінің коэффиценті 2011 жылғы 24,0 %-дан, 2020 жылы 45,0 %-ға дейін (1,9 есеге өсу);
  • туризм саласындағы жұмыспен қамту: 2011 жылғы 158,7 мың қызметкерлерден 2020 жылғы 269,9 мыңға дейін, оның ішінде 111, 2 мың жаңа құрылған жұмыс орындары (1,7 есеге өсу).”[11]

“Туристік сұраныстың күтілетін өсімі негізінен жаңа туристік ұсыныстарды дамыту (төсек-орындар саны) және оларды кәсіби коммерциялау есебінен болады. Жалпы туристік келу санының құрылымы 2020 жылы қолданыстағы орналастыру орындарының сыйымдылығына сәйкес 3,77 млн. туристік келу (46,1 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда туристік сапармен келушілер санының 924 мыңға немесе 32,5 %-ға өскенін көрсетеді;
Алдағы сегіз жылда 4,42 млн туристік келулер үшін жаңа орналастыру орындары салынады (53,9 %), бұл ретте, туристердің жартысына жуығы Алматы (25,2 %) және Батыс Қазақстан (23,3 %) кластерлеріне келетін болады, бұл уақытта қалған жартысы Астана (13,4 %), Шығыс Қазақстан (12,6 %), Оңтүстік Қазақстан (9,1 %) және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының (16,4 %) кластерлеріне шоғырланатын болады.”[12]

“2020 жылға қарай Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдер қатарына мыналар жатады:

  • Қазақстан Республикасы – 4,46 млн. туристік келу (54,4 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 2,0 есеге арту болып табылады.
  • Ресей Федерациясы – 13 млн. туристік келу (13,8 %) бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8,3 есеге арту болып табылады;
  • Еуропа (Германия Федеративтік Республикасы, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция Республикасы, Нидерланды Корольдігі және т.б.) – 745 мың туристік келу (9,1 %), бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге арту болып табылады;
  • Қытай Халық Республикасы – 473 мың туристік келу (5,8 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 18,1 есеге арту болып табылады;
  • өңір елдері (Өзбекстан Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түрікменстан және т.б.) – 464 мың туристік келу (5,7 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 11,9 есеге арту болып табылады;
  • Таяу Шығыс (Иран Ислам Республикасы, Түркия Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Біріккен Араб Әмірліктері, Израиль Мемлекеті және т.б.) – 324 мың туристік келу (4,0 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 6,0 есеге арту болып табылады;
  • Үндістан Республикасы – 219 мың туристік келу (2,7 %), 2011 жылмен салыстырғанда 17,1 есеге арту болып табылады;
  • басқа нарықтар (Америка Құрама Штаттары, Индонезия Республикасы, Жапония, Корея Республикасы, Канада, Аустралия Одағы және т.б.) – 371 мың туристік келу (4,5 %), бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге арту болып табылады.”[13]

«Жаңа Іле» туристік орталығы.

“Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосуы, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын – Балқаш көлі, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, Ыстықкөл қорғандары мен «Жібек жолы» Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) секілді жаңа орындарды ұсынуы мүмкін.

Алматы халықаралық тау шаңғысы туризмі және іскерлік туризмнің орталығы болады және «Қаладағы және таудағы ойын-сауық» кластері ретінде сипаталады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.”[14]

Кесте 1. Қазақстан Республикасындағы резиденттер көрсеткіші.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-118

“Оңтүстік Қазақстан Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:

  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар Түркістан қаласы (ЮНЕСКО объектісі);
  • ортағасырлық Отырар қалашығының және ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;
  • Сауран археологиялық кешені;
  • ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген палеолиттік бөліктері мен геоморфологиясы және Арпаөзен петроглифтері бар «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;
  • Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Мерке, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Жеті асар алқабы, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін.”[15]

Оңтүстік Қазақстан кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.

Қазақстанның басқа бөліктері. Кластерге енбеген өңірлер үшін, сондай-ақ аудандық деңгейлерде ең алдымен ішкі туризмді дамыту үшін болашағы зор туристік өнімдерді айқындау қажет. Бұл жағдайда тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шағын жобаларды әзірлеу және іске асыру орынды.

Қазақстанның барлық өңірлері үшін неғұрлым тартымды турөнімдердің біріне туризмнің басым түрлерінің бірі болып табылатын экологиялық туризмді жатқызуға болады.

Елдің «жасыл» экономика қағидаттарына көшуіне белгіленген бағдарды ескере отырып, агротуризмді ауыл халқын баламалы жұмыспен қамтудың ұйытқысы ретінде ғана емес, өңірлердің экономикасына қаржылық қолдауды қамтамасыз етуде және экологиялық «таза» ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда үлгі етіп көрсетуге тұрарлық. Агротуризм қоршаған ортаны қорғау процесіне табиғатқа ұқыпты қарау экономикалық тиімді болатын жергілікті халықты тартуға жәрдемдесетін қуатты құрал болып табылады.

Қазақстанның шекара маңы облыстары үшін де туризмді дамытудың үлкен болашағы бар. Халықаралық ынтымақтастықты тереңдету, бірлескен туристік бағыттарды, оның ішінде іргелес мемлекеттердің азаматтары үшін бір екі күндік экскурсияларды құру және дамыту, мәдениет фестивальдерін өткізу орынды. Жалпы, жергілікті атқарушы органдар туризм саласындағы орталық уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды нығайтуы, қысқа мерзімді ұзақ мерзімді перспективаға арналған туризмді дамытудың өңір мастер- жоспарларын қайта қарау әзірлеу, жұмыс істеп тұрған туристік ұйымдар, типтері бойынша орналасу орындары бар инфрақұрылым объектілері, ойын-сауық және өзге объектілер тізбесін қамитын дерекқорды тұрақты жаңартуы қажет.

Туризм саласындағы, сондай-ақ сабақтас қызмет саласындағы кәсіпкерлермен жұмысты күшейту, жергілікті жерде мемлекеттік қолдау құралдарының пәрменді жұмысына жәрдемдесетін тетіктерді айқындау қажет. Өңірде туристік кадрларларды даярлауды басымдықтардың бірі ретінде айқындау, туризм кадрларын даярлауды жүзеге асыратын оқу орындарымен тығыз байланыс жасау. Әрбір туристік кластер бірнеше туристік өнімдерді әзірлеуді ұйымдастыруы қажет, бірақ туристік өнімдерді таңдау және басымдықтар беру әр кластердегі әрбір өнімнің даму әлеуеттеріне байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасында туризмнің басты алты өнімін дамыту қажет:

“«MICE-туризм», «Мәдени туризм және турне», «Белсенді және қызық оқиғалы демалыс», «Таулар мен көлдердегі демалыс», «Жағажай туризмі» және «Қысқа мерзімді демалыс».

MICE-туризм — бизнес-уәждерге байланысты ұйымдастырылатын сапарлар, іскерлік кездесулер, көтермелеу турлары, конференциялар, көрмелер, іс-шаралар, жұмыс топтарының отырыстары, семинарлар және іскерлік сапарлар кезіндегі бос уақытты ұйымдастыру секілді түріне жатады: Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай мен Ресей Федерациясы жатады.

Мәдени туризм және турне – мәдени ескерткіштер және тарихи мұра орындары бойынша ұйымдастырылған турлар және гид алып жүрмейтін турлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Еуропа, Қазақстан, Қытай, Ресей Федерациясы, Таяу Шығыс, Үндістан және өңір елдері жатады.”[16]

Белсенді және қызық оқиғалы туризм – қызметтің «жұмсақ» (кемпинг, жаяу жүру, велосипед тебу, толық жетектегі автомобильмен жүру, табиғатты зерттеу, салт атты серуендеу, құстарды бақылау, балық және аң аулау) және «қатты» түрлерін (каноэда есу, каякпен жүзу, спелеология, тау велосипедін тебу, қиылысқан жермен шаңғы тебу, альпинизм, парапланеризм, плоттармен түсу (рафтинг), тауға өрмелеу және джип-сафарилер) қоса алғандағы қызмет түрлері. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа жатады.

Таулар мен көлдердегі демалыс – жұптар, отбасылар мен балалар, үшін жазғы және қысқы демалысты өткізу, ресми демалыс күндері уақытындағы демалыс, таудағы белсенді қызмет түрлері және спортшылар дайындығы секілді демалыс пен рекреация саласындағы түрлі қызметтер бағдарламалар, сондай-ақ экологиялық туризм. Аталған өнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей, Қытай жатады.

Жағажай туризмі – жағажай аймақтарында сауығу және демалу мақсатарында келу, сондай-ақ судағы спорт түрлері, қайықпен және яхтамен жүзу (теңіздегі демалыс). Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуіді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей және өңір елдері жатады.

Қысқа мерзімді демалыс – демалыс күнгі турлар, қала және қала маңындағы, көрнекті орындарға бару, табиғатта демалу, мәдени ескерткіштер мен тарихи мұра орындарында болу, сондай-ақ ерекше жағдайлар үшін қысқа мерзімді үзілістер (мысалы, бал айы, Жаңа жыл демалыстары, жыл сайынғы жиындар т.б.) секілді әдетте бір күннен төрт күнге дейін созылатын қысқа мерзімді сапарлар. Аталған турөнім бойынша Қазақстанға туристік келуді генерациялайтын негізгі елдерге Қазақстан, Ресей Федерациясы, Еуропа және Таяу Шығыс жатады.

Келесі төрт-алты жылда коммерцияландыру үшін толық дайын немесе салыстырмалы түрде оңай екенін ескерсек, алғашқы үш туристік өнім (MICE-туризм, мәдени туризм және турне, сондай-ақ белсенді және қызық оқиғалы туризм «жылдам әсер» жатады.

Қалған үш туристік өнім (таудағы және көлдердегі демалыс, жағажай туризмі және қысқа мерзімді демалыс) «стратегиялық өнімдер» болып табылады, өйткені оларды әзірлеу туризм саласындағы стратегиялық маңызы зор (ұлттық) жобалар арқылы едәуір инвестициялар талап етеді, бұл олардың жеті жылдан он екі жылға дейінгі аралықтағы маңыздылығын жобалайды.

Айтылған топтарға енгізбеген басқа туристік өнімдер — мәдени-танымдық туризм, қасиетті орындар бойынша сапарлар, әлеуметтік, балалар-жасөспірім, агроэкотуризм, геопарктерді дамыту, сондай-ақ ерекше қызығушылықтар бойынша бірқатар өнімдер.

Астана қаласында технологиялық жарақтандырылу деңгейі жоғары және кейбір медициналық қызметтер құны салыстырмалы түрде төмен болатын жоғары сапалы медициналық емханалар паркін құруды ескере отырып, Астана қаласының қазақстандықтарды ғана емес, сондай-ақ шетелдік азаматтарды да тарта отырып медициналық туризмді дамыту мүмкіндігі зор. Осы өнімдер Қазақстан үшін туризмнің бастапқы өнімдері ретінде қарастырылмайды, бірақ өте ерекше салаларда дамытудың нақты мүмкіндіктерін ұсына отырып, осы туристік бағыттарды дамытуға назар аудару қажет.

Аталған туризм өнімдерін дамыту ұлттық маңызы бар жобаларды қоса алғанда, туризмнің түрлі жобаларын дамыту қажеттілігін болжайды. Ұлттық туристік жобаларға Қазақстан Республикасының Үкіметі бастамашылық еткен ірі жобалар жатады.

Қазіргі уақытта әзірленіп жатқан ұлттық туристік жобалар – бұл Астана кластеріндегі Бурабай курорттық аймағы, Алматы кластеріндегі Оңтүстік Қаскелең тау шаңғысы курорты, Шығыс Қазақстан кластеріндегі Бұқтырма – Қатонқарағай және Батыс Қазақстан кластеріндегі Кендірлі.

“Бурабай курорттық аймағы – бұл аумағында бірнеше көлдер, бос уақыт, қабылдау мен кездесулер, сауықтыру іс-шараларын, спа, спорттық сайыстарды, гольф, атпен серуендеу және қызметтің басқа да түрлерін өткізу объектілері орналасқан жоғары сапалы курорттарды дамыту. Бұл жоба жалпы саны 5020 төсек-орындық, 4552 резиденциялы 11 қонақ үйі (Rixos Hotel қоса алғанда) бар бес аймақты дамытуды көздейді.

Конференциялар мен іс-шаралар мен сауықтыру және спа-орталықтары ашық аспанда, жабық үй-жайларда өткізуге арналған, спорттық шаралар өткізуге арналған құрылыстар, гольфке арналған алаң, атпен серуендеуге арналған орталық, көл жағасындағы айлақ, киіз үй сияқты басқа объектілерді әзірлеуді болжайды.

Жобаның жалпы құны шамамен 1624 млн АҚШ долларына бағаланған, бұл қаржы 2014 жылдан бастап 2030 жылға дейінгі аралықта кезең-кезеңімен инвестицияланады. «Бурабай» курорттық аймағының жобасы Ақмола облысының Бурабай курортты аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған.

Қаскелең Оңтүстік – бұл әртүрлі қызмет түрлерін және қысқы және жазғы демалыс үшін үлкен халықаралық тау шаңғысы курортын әзірлеу және дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 28 600 төсек-орындық кенттер қонақ үйлер, апартаменттер, таунхаус пен шаледен тұратын 3 аймақты қамтитын туристік инфрақұрылымды дамытуды көздейді. Сондай-ақ туристерге қызмет көрсетуге арналған 31 600 шаңғышы үшін 148 шақырымдық шаңғы жолы, 27 тау-шаңғы көтергіштерді және 4985 тұрақ орын объектілері.

Жобаның жалпы құны шамамен 3,18 млрд. АҚШ долларына бағаланған, ол келесі 20 жылда кезеңдер бойынша инвестицияланады. «Қаскелең Оңтүстік» жобасы Алматы қаласы тау шаңғысы аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған”.[17]

Көк Жайлау – бұл халықаралық стандарттарға сай жыл бойы жұмыс істейтін тау-шаңғы курортын әзірлеу және дамыту. Аталған жоба Алматы қаласының маңындағы халықаралық тау-шаңғы курортың құрылуын оның ішінде жолаушылық қанат жолдарын және курорттың негізгі объектілеріне инженерлік желілерді өткізуді қарастырады. Жеке инвестициялау шеңберінде халықаралық санаттағы қонақ үйлердің, шале, гольфқа арналған алаңдар және т.б. коммерциялық мүлік объектілерінің құрылысы жоспарланған. «Көк Жайлау» жобасы Алматы қаласында тау-шаңғы аймағын дамыту бойынша жүйелік жоспарында сипатталған.

Бұқтырма — Қатонқарағай:

“«Шыңғыстай» курорты – бұл «Қатонқарағай» МҰТП аумағында қысқы және жазғы демалыс және қызметтің әр түріне арналған таулы курортты дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 3266 төсек-орындық 5 қонақ үйлер, виллалар, коттедждер мен аңшылық үйлерін салуды, тау шаңғысы, спорттық және туристерге қызмет көрсетуге арналған өзге ілеспе құрылыстар салуды көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 159 млн. АҚШ долларына бағаланған (тау шаңғысы объектілерін, көліктік инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты есептемегенде), оның ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 106 млн. АҚШ долларын құрайды (1364 төсек-орын және аралас тұрақ аймақтары, жолдар және ландшафтылық дизайны үшін).

«Шыңғыстай» жобасы Шығыс Қазақстан облысындағы туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының мастер-жоспарында сипатталған.

Осы екі курорт Ертіс өзеніндегі круиз, Алтай турлар және т.б. сияқты туристік өнімдермен және Үлкен Нарындағы ортақ әуежаймен бірлесіп бір жүйеге біріктірілді.

Кендірлі – жағажай демалысын, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін қамтитын жаңа дестинацияны дамыту. Аталған жоба жалпы сыйымдылығы 60 000 төсек-орындық 22 қонақ үй мен (оның 40 000-ы туристер үшін, 20 000-ы қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін) 16 400 резиденция және келушілерге қызмет көрсететін қалалық бөлшек сауда орталықтары, жабық үй-жайлардағы және ашық аспандағы спорттық сайыстарға арналған құрылыстар, гольфке арналған 3 алаң, яхталарға арналған айлақ және жергілікті тұрғындарға арналған қоғамдық мақсаттағы түрлі құрылыстар әзірлеуді көздейді. Жобаның жалпы құны шамамен 3,3 млрд. АҚШ долларына бағаланады, оның ішінде 2020 жылға дейін инвестициялар көлемі 1,96 млрд. АҚШ долларын (36 382 төсек-орын үшін) құрайды. «Кендірлі» жобасы Кендірлі туристік аймағын дамытудың жүйелі жоспарында сипатталған”.[18]

«ЭКСПО – 2017». ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі – бұл индустрияландырудың символы және техникалық, технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық алаң болып табылатын ірі халықаралық іс-шара.

ЭКСПО – 2017 өткізу Қазақстан Республикасы мен оның елордасының халықаралық деңгейде айтарлықтай ілгерілеуіне ықпал етеді. Алайда аталған көрмені ұйымдастырушы елдердің тәжірибесіне салыстырма талдау аталған оқиғаның іскерлік табысы көбінесе ішкі нарыққа байланысты екенін көрсетеді.

Астана қаласында толымдылық деңгейі орташа көрсеткіштен төмен 5 000-ға жуық қонақ үй нөмірлері бар екенін ескерсек, жаңа қонақ үй нөмірлерін енгізу жоба дамуына қарай қосымша айқындалатын болады.

ЭКСПО-2017 ұйымдастыруға байланысты күш-жігер жеткіліксіз туристік инфрақұрылым құруға, өзгерістер енгізуге және Қазақстанның туристік өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысты негізгі міндеттерді шешуге: елге келу шарттылықтарын жеңілдету, туристік көліктік инфрақұрылымды құру, тартымды бағалармен қамтамасыз ету мүмкіндігі және дестинацияны басқару және т.б. бағытталуы тиіс.”[19]

Жүйелі жоспарлар мен мастер-жоспарда айқындалған жоғарыдағы төрт туристік жобалардан басқа, ойластырылған туристік өнімдерді болжамды дамыту ұлттық маңызы бар өзге туристік жобаларды дамыту қажеттілігін тұспалдайды.

Бұл Астана және Алматы қалаларына, Оңтүстік Қазақстан кластеріне қатысты, бұл өз кезегінде барлық үш аймақ үшін жүйелі жоспарлар әзірленуі тиіс екендігін білдіреді.

“Ұлттық жобалардан басқа тізбесі жоспарлы түрде толықтырылып отыратын бірнеше жобалар топтары бар.

Бірінші топ – ірі жеке девелоперлер бастамашылық еткен, құрамында қомақты туристік өнімі бар ірі туристік жобалар немесе жылжымайтын мүліктің құрылысы жөніндегі ықпалдастырылған жобалар. Мұндай жобалардың құны 100 миллион АҚШ долларынан асып түседі. Туризм жөніндегі уәкілетті органның мұндай жобалар бойынша ұсынылатын рөлі – аталған жобаларды осы Тұжырымдамаға сәйкестігі мәніне дамытудың мастер-жоспары және тиісті кластерлерді дамыту стратегияларын келісу, туристік және көліктік инфрақұрылымды дамыту жоспарларымен үйлестіру, әкімшілік мәселелерді шешуде қолдау көрсету. Жобаға бастамашылары жасаушылар тарапынан тиісті сұрау салудың болуы кезіндегі ұлттық компанияның рөлі – жобаны қоса инвестициялау мүмкіндігін қарау.

Екінші топ – өңірлік маңызы бар ірі курорттық аймақтар. Тиісті мастер-жоспарларын әзірлеуді қоса алғанда, аталған курорттардың тұжырымдамаларын ілгерілету әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қолдауымен облыстар әкімдіктерінің бастамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Туризм жөніндегі уәкілетті органның мұндай жобалар бойынша рөлі — анағұрлым басым өңірлік жобаларды анықтау үшін жобаларды бағалаудың бекітілген әдістемесі бойынша іріктеу, мастер-жоспарларын әзірлеуде әкімдіктерге әдістемелік көмек көрсету, сондай-ақ аталған курорттық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға арналған бюджет қаражатын алуға ықпал ету. Мұндай мысалдарға Көк Жайлау курорттық аймағын, Баянауыл, Қарқаралы, Балқаш маңы және т.б. жатқызуға болады.

Үшінші топ – қонақ үйлер, ірі және орта туристік нысандарды салу бойынша жеке жобалар. Аталған жобалар ұлттық жобалар шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайда, онда олардың іріктелуі мен дамуына туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания жауапты болады. Қалған жобалар бойынша бұл рөлді туризм жөніндегі уәкілетті органның тиісті әдістемелік қолдаумен өңір әкімдіктері жүзеге асыруы тиіс.

Төртінші топ – келу және ішкі туризм мен жекелеген туристік өнімдерді дамыту жөніндегі ШОБ жобалары. Аталған жобалар тұжырымдамада ерекше басымдық болып табылады. Әрбір кластер және ұлттық жоба аясында осындай жобаларды құруға арналған текшелер тізбесі ұсынылатын болады, сондай-ақ шағын және орта бизнес тарапынан кез келген негізді бастамаларға әдестемелік көмек көрсетілетін болады.”[20]

Ұлттық жобалар бойынша ШОБ-тің дамуына туризмді дамыту жөніндегі ұлттық компания, ал өңірлер бойынша, оның ішінде жүйелі жоспарлар шеңберінде әзірленген ұсыныстарды ескере отырып, өңірлік әкімдіктер жанындағы тиісті өңірлік туризм басқармалары жауапты болады. Бизнесті қолдаудың барлық қолданылатын мемлекеттік бағдарламалары туристік объектілерді басымдықтар тізбесіне енгізуі тиіс.

Барлық өңірлерді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында негізгі туристік ресурстарды, ұлттық туристік кластерлерді, инфрақұрылымды дамыту жоспарларын қамтитын Қазақстан Республикасының туризмін кластерлік дамыту жөніндегі туристік картасын құру қажет.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы саласында

а) республиканың табиғи-қорық қорын барынша сақтауды, жергілікті халықпен бірлесіп табиғи ресурстар мен генетикалық ресурстарды қорғауды ескере отырып, ЕҚТА мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді пайдалануға арналған басым туристік жобаларға (бұдан әрі – басым туристік жобалар) қойылатын туристік тартымдылық өлшемдерін (бұдан әрі – өлшемдер) әзірлеу;

б) өлшемдерге сәйкес орман отырғызу жобасы негізінде осындай аумақтардың инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарын (бұдан әрі – бас жоспар) әзірлеу арқылы туристік әлеуеті бар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде туристік дамытуды жоспарлау;

в) ЕҚТА инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарында ЕҚТА учаскелерінде туризмді дамытуды жоспарлау (бұдан әрі – бас жоспар);

г) туризмді дамытуға қатысты бас жоспарды түзету жөнінде ұсыныстар енгізе алатын туризм жөніндегі уәкілетті органмен бас жоспарларды келісу, бұл ретте халықты сауықтыруға арналған бальнеологиялық мақсаттағы жобаларды және ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде іске асыру үшін экологиялық туризмді жүзеге асыруға арналған объектілерді белгілеу;

д) ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде туристік жобалардың дамуын басқару мамандандырылған ұйымды белгілеу және/немесе құру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, бұл мынадай функциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:

— белгілі бір жер учаскелерін туристік мақсаттарда игеру үшін инвестициялық ағындарды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және жеке секторлардан әртүрлі деңгейдегі инвесторларды іздеу және тарту;

— өлшемдерге және бас жоспарларға сәйкес басым туристік жобаларды таңдау, сондай-ақ ілеспе рұқсат беру және келісім беру рәсімдерін жүзеге асыру;

— ұсынылатын жобаның оң экологиялық сараптамасы болған жағдайда басым туристік жобаларды іске асыру үшін ЕҚТА дирекциясына және жергілікті атқарушы органдарға инвесторларға жер учаскелерін бөлу және беру жөніндегі ұсыныстар енгізу;

— инвесторлардың жобаларды инфрақұрылымның бас жоспарларына және экологиялық талаптарға сәйкес орындауын бақылау;

— туристік жобаларды басқарудың өзге балама тетіктерін әзірлеу және туристік инфрақұрылымды дамыту мен басқаруда мемлекет пен жеке инвесторлардың өзара іс-қимыл жасауы.

е) туристік жобаларды іске асыру бойынша ЕҚТА және мемлекеттік орман қоры учаскелерін тұрақты пайдалану және басқару жағдайында мынадай шараларды қамтамасыз ету қажет:

— ЕҚТА және мемлекеттік орман қорын пайдаланушылардың табиғи ортаға залал келтіргені үшін (заңсыз ағаш кесу, су қоймаларын ластау, жердің табиғи қабатын бүлдіру және т.б.) жауапкершілігін күшейту;

орман алқаптарының аумағын ұлғайту, табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіру кезінде табиғат пайдаланушыларды көтермелеу тетіктерін қарау.

«Жер қатынастары саласында». Инвесторлардың жер әлеуетін барынша пайдалануы үшін ЕҚТА-да, сулы, мемлекеттік орман қоры жалпы пайдаланатын жерлерде қонақ үйлер және басқа да туристік инфрақұрылым құрылысы үшін жер телімдерін бөлу, мемлекеттің салымдар қауіпсіздігіне кепілдік беруі және тиісті инвестициялар үшін қаржылық ресурстарға инвесторлардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мынадай баламалы тетіктермен қамтамасыз етілуі мүмкін:

  • ЕҚТА мен орман қоры жерін қоспағанда, туристік жобаларды дамыту мақсатында инвесторлардың жер учаскелерін жеке меншікке сатып алуының құқықтық құралдарын жасау;
  • мынадай ықтимал шаралар арқылы туристік жобаларды дамыту мақсатында ЕҚТА учаскелерін және орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдаланудың қолданыстағы институтын жетілдіру, оның ішінде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін жер телімдерін ұзақ мерзімді ақылы қолдану/орманды пайдалану шартының (бұдан әрі – шарт) талаптарын жетілдіру:
  • жер телімдерін ұзақ мерзімді ақылы қолданудың/орманды пайдаланудың ең ұзақ мерзімін арттыру;
  • шартта автоматты түрде белгіленген мерзімге ұзартуды көздеу;
  • уәкілетті органның шартты біржақты тәртіппен бұзу құқығын шектеу, сонымен бірге инвестор тарапынан қандай да бір бұзушылықтар болмай, шарт мемлекет бастамасымен бұзылған жағдайда инвестор салымдарын қисынды ақтайтын көлемде өтемақы төлемдерін жүзеге асыру;
  • инвестор тарапынан шарт талаптарын айрықша бұзушылықтар болмаған жағдайда ескерту (шартты ұзартудан бас тарту туралы) мерзімін неғұрлым ұзақ мерзімге арттыру, бұл ескерту бас тартудың негіздемесін қамтуы және жер учаскесін пайдалануға рұқсат беруге бастапқы қатысқандарды қоса алғанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс;
  • жобаны іске асыруды жалғастырған жағдайда үшінші тұлғаларға туристік жоба мақсаттары үшін орманды пайдалану құқықтары мен міндеттемелерін беру мүмкіндігін көздеу;
  • бұған қоса, жер учаскелерін пайдалануға немесе меншікке беру кезінде баламалы шара ретінде инвесторларға жер учаскесін пайдалануға/сатып алуға опцион беру ұсынылады.
  • ауыр құрылыс материалдарын пайдаланбай, су жолақтары бар жер уческелерінде маусымдық құрылыстар мен жеңіл архитектуралық нысандар (жағалаудағы дәмханалар) салуға рұқсат беру.

Арнайы туристік аймақтар (АТА) саласында. АТА-ға қатысты мынадай шараларды іске асыру ұсынылады:

  • ЕҚТА, орман қоры және басқа аумақтар туристік жобаларды іске асыру үшін қолданылатын ерекше құқықтық режимдегі арнайы белгілі бір аймақтар құру мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі мүмкін:
  • АТА ұғымын ерекше реттелетін немесе өзіндік тұжырымдамасы бар арнайы экономикалық аймақ түрі ретінде айқындау;туристік жобаларды іске асыру, оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға, туристік инфрақұрылым салу үшін жер телімдерін бөлуге рұқсат алу кезінде және т.б. оңайлатылған жеңілдікті тәртібін қамтитын жағдайларда АТА айрықша режимін айқындау;
  • жер телімдерін игеру, құрылыс салу және т.б. кезінде рұқсат беру рәсімдерінен өткуді және мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаттарын алуды оңайлату және тездету.”[21]

Әлеуметтік туризм саласында. Мемлекетті, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді ішінара субсидиялау тетігіне тарту арқылы туристік сертификаттарды әлеуметтік туризмді ынталандыратын құжаттар ретінде енгізу мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі мүмкін:

  • туристік сертификатты екі – бухгалтерлік және статистикалық функцияны (салық салынатын базаның дұрыс қалыптастырылуын бағалау үшін және туристік ағындарды бағалау, дестинациядағы туризмді болжау және жоспарлау) жүзеге асыратын қатаң есептілік құжаты ретінде құқықтық мәртебесін реттеуді оңтайландыру;
  • туристік сертификаттың тиісті нысанына және түріне және оны пайдалану қағидаларына қойылатын қойылатын талаптарды айқындау.
  • Салық салу саласында туристік саланы, оның ішінде әлеуметтік туризм саласында салықтық көтермелеудің қосымша шараларын қолдану мүмкіндігін қарау.

«Көші-қон бақылауы және визаларды ресімдеу рәсімдерін оңайлату саласында».

Мынадай шараларды іске асыру ұсынылады:

  • елге туристер ағынын қамтамасыз ететін экономикалық жағынан тұрақты елдердің азаматтары үшін визалық тәртіпті алып тастау немесе оны оңайлату жөніндегі жалғастыру;
  • шетелдік азаматтарды тіркеу және есепке алу процесін оңайлату, оның ішінде шетелдік азаматтарды тіркеу және есепке алудың, онлайн тіркелуге өтінімді берудің және электрондық тіркеуді жүзеге асырудың оңайлатылған рәсімі үшін елдер тізбесін құру;
  • шетелдік азаматтарды міндетті тіркеу мерзімін бір айға дейін ұзарту, тіркелу орны ауысқан кезде олардың қайта тіркеуден міндетті өтуін алып тастау.

     Туристік қызметтер саласында. Мынадай ықтимал шараларды жүргізу арқылы туризм саласындағы уәкілетті органның туристік, оның ішінде қонақ үй қызметтерін көрсету сапасын бақылауын қамтамасыз ету:

  • сытқы және ішкі туризм саласында тікелей туристік қызметтер көрсететін туристік индустрия қызметкерлеріне (гидтер, туристік агенттіктер қызметкерлері, туризм индустриясындағы аудармашылар) қойылатын міндетті біліктілік талаптарын стандарттарын әзірлеу;
  • сыртқы және ішкі туризм саласында, туристік қызметтердің тиісінше көрсетілуіне бақылау және мониторинг тетігін әзірлеу.”[22]

“Жылжымайтын мүлікке құқық саласында.

Инвесторлар үшін түсінікті кейіннен жалға беру мүмкіндігімен туристік жылжымайтын мүліктегі үлесті меншікке алуға немесе ұзақ мерзімді ақылы пайдалануға мүмкіндік беретін демалыс клубтық жүйесін реттеу рәсімін енгізу, бұл мынадай шаралармен қамтамасыз етілуі мүмкін:

  • демалушылар үшін туристік объектілерде тұрудың қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету және шектелген үлес меншігі немесе ұзақ мерзімді жалға алу құқығында туристік объектілер үлесін кепілді иелену мақсатында туристік жылжымайтын мүлік үлесін ұзақ мерзімді немесе өмір бойы қолдануға құқық беретін жалпы үлес меншігінің шектелген түрі ретінде «тайм-шэр» институтын құру;
  • демалыс клубтарын басқарудың ұйымдық-құқықтық құрылымы мен жүйесін айқындау, бұған қатысу «тайм-шэр» ерекшелігі мен өзгешелігін ескере отырып, туристік жылжымайтын мүлік объектісінің үлесін ұзақ мерзімді және өмір бойы пайдалану және иелік ету құқығын береді;
  • «тайм-шэр» аясында қатысушылардың құқықтары мен шектеулері көлемін, үлгілік шарттар жағдайларын (сатып алу және өз үлесін кейін жалға беру шарттарын айқындау), сондай-ақ тиісті демалыс клубтарының басқарушылық құрылымдары тарапынан орындалмаған міндеттемелер бойынша үшінші тұлғалардың дәмеленуінен туристік жылжымайтын мүлік объектісінің үлесіне құқықтарды қорғау кепілділіктерін айқындау;
  • «туристік объект», «туристік жылжымайтын мүлік», «туристік жабдық» ұғымдарын және басқа сабақтас ұғымдарды айқындау”.[23]

ҚОРЫТЫНДЫ

Туризм дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерінің өзгерісін талдай келе, Қазақстандық туризмнің әлеуеті толық іске асырылмай отыр деген қорытындыға келуге болады, өйткені туристік саланың дамуы туристік қызметтегі қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін көліктік-логистикалық жүйенің қажетті инфрақұрылымын, оның ішінде, Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттерін (автомобильдік, авиациялық, теміржол) қайта жөндеуден өткізуді ескере отырып, кең мүмкіндікті қамтамасыз ете алатын қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік кешенді құруға тікелей байланысты. Туристік кешенді құру еліміздің экономикасының дамуына – бюджетке салықтық түсім есебінен едәуір үлес қосады, шетелдік валютаның құйылуы, жұмыс орындары санының артуы есебінен, сондай-ақ мәдени және табиғи мұраның сақталуын және оны тиімді пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етеді.

Қазақстандағы кіру және ішкі туризм нарығын дамыту нарықтық үрдістерінің бірқатарына — жалпы туризмдегі, экономикаға, демографияға, экологияға, технологияға, басқа да салаларға байланысты болады.

“Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен шүғылданады. Соған қарамастан Қазақстан кәсйжерлері туризмді қазірше жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карамайды. Олар қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне, жоғарғы табысқа қызығыды.”[24]

Қазақстан әлемде туристік бағытта элі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентсволардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.

Қазақстанда Еуразияның қоғамдық және мәдениет орталығын жасау үшін конгрестік туризмді дамыту маңызды. Туризм саласында халықаралық ынтымақтастық жұмыстарын жүргізудің ЮНЕСКО және БЭСҰ бағдарламаларына қатысу, екі сондай-ақ көп жақты шет елдік мемлекеттермен келісім жасау.

Туристік бет-бейнені қалыптастыру үшін туристік хабарлама орталықтарын ұйымдастыру, сондай-ақ шет елдердегі Қазақстан елшілігіндегі өкілетті тұлғаларды араластыру жұмыстарына көңіл бөлуі керек. Еліміздің туристік қуатын жарнамалауда ұлттық әуе қатынасын және басқа да транспорттық кәсіпорындарда пайдалана білу.

Шет елдерде Қазақстан туралы жоғары сапалы полиграфиялық үнтаспаларды уағыздау жұмысына көңіл бөлуі.

Сонымен бірге Қазақстанда әлемдік деңгейде әр түрлі мәдениет, спорт, туристік шараларды өткізу қажет.

“Қазақстаннның туристік бет-бейнесін көтеруде Республика территориясына келіп кету тәртібін жеңілдетуі, кедендік шараларды бір тұтас компьютерлендіру жүйесін енгізу. 2014-2015 жылдар аралығындағы Қазақстанның туристік бет-бейнесін көтеруде қабылданған үкімет қаулысы 2015 жыл 26 қазанында (16-04) Қазақстанға туристерді тартудың қызметін және елдердің халықаралық туристік нарыққа қатысуын қарастырған

      Қолданған әдебиеттердің

  1. Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 2014-331 б.
  2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы -Алматы: Санат, 2015, 199-205 б.
  3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО,2013,123-128 б.
  4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения -Учеб. Пособие.-М: Финансы и статистика, 2014, 141-149 б.
  5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы — Алматы: Экономика, 2012, 88 б.
  6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 2014, 320 б.
  7. Кекенова А.Т. Сыртқы қарыз мәселелері және дамушы елдерде сыртқы қарызды басқару: 08.00. И- Э.ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған дис. авторефераты
  8. Авдокушин Кешенова Б.А. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары: Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2013, 328 б.
  9. Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасының заңы. 2016, №21, 41-43 б.
  10. Үкіметінің Актілер жинағы.-2012, №12. 38-39 б.
  11. Қазақстан Республикасы Президенті. 2016, №32, 12-15 б.
  12. Үкіметінің Актілер жинағы, 2015. №3. 10-33 б
  13. Нормативтік құқықтық актілер бюллетені 2015, 145-151 б.
  14. Алрисаков М.Б.Введение в туризм 2014ж, 85-98 б.
  15. Азар В.И.’Экономика и организация туризма’ М.,2011ж, 151-165 б.
  16. Азар В.И.,Туманов С.Ю. Экономика туристского рынка. М.,2014ж, 35-49 б.
  17. Гуляев В.Г.’Туристские перевозки’ М.,2013ж, 95-99 б.
  18. Дурович А.П.,Копанев А.С  Маркетинг в туризме: Учебное пособие Минск: 2015ж, 153-157 б.
  19. Долматов Г.М.Правовые основы туристского бизнеса:Учебное пособие М.; 2013ж, 955-980 б.
  20. Ердавлетов С.Р. Теография туризма:история,теория,практика А.; 2012ж, 85-96
  21. Исмаев Д.К. Основы стратегии и планирования маркетинга в иностранном туризме’-‘Высшая школа по туризму и гостиночному хозяйству М.; 2015ж, 188-203 б.
  22. Биржаков М.Б. «Ввдение в туризм»;2015ж, 123 б.
  23. stat.gov.kz.
  24. malimetter.kz
  25. inform.kz

Құрастырғандар: Абат  М., Жақсылықов Ә., Жұбандықов З.

Яндекс.Метрика