ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕСІ

Мазмұны

Кіріспе

Жаһандану және ұлттық тәрбие мәселесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Жаһандану—бұл сөз ағылшын тілінен «global» — «дүниежүзілік» деп аударылады, орыс тілінде «глаболизация» деп айтылып жүр. Қазақ тілінде: ғаламдану, жаһандасу, ғаламшарлану, әлемилену дегенді де естиміз. Ал енді ғаламдану – жаһандасу, ғаламшарлану дегеніміздің ұғымдық-мағыналық жағын айтсақ, аты айтып тұрғандай, ғаламдану қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрылық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһандану – үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. «Жаһандану» бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді. Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам — бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым. Э. Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың «бүкіләлемдік азаматтық қалып» жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И. Валлерстайн, X. Булл]], Дж. Розенау және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады. Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастардың үстем факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы тарихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.«Жаһандану» терминін алғаш рет 1983 жылы «Гарвард бизнес ревью» журналында жарияланған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын. Жаһандану нәтижесінде халықаралық қатынастарда, экономика және қауіпсіздік саласында мемлекеттердің өзара тәуелділігі арта түсетіндіктен, халықаралық аренада мемлекеттер басымдығын өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге халықаралық тұрлаулылықтың ықпалы күшеюіне әкеледі. Қазіргі қалыптасқан әлемдік тәртіптің түп тамырлы негіздерінқозғайтын  жаһандану өзінің болмысымен  халықаралық
қатынастардың   жаңа сұрақтары «шектелген егемендік» тұжырымдамасы, гуманитарлы себептермен қол сұғушылық немесе «гуманитарлық интервенция», мемлекеттің қауіпсіздігінен жеке адам қауіпсіздігінің жоғары тұруы тәрізді мәселелерді көтереді.

Жаһандану, немесе Глобализация (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы»)- жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет 1983 жылы енгізген америкалық экономист Теодор Левитт. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт РостоуДэниел БеллАлвин ТофлерПитер ДракерДжон НейсбиттЛестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40-50-ші жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК),“Рэнд” корпорациясындаСтратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азық-түлік), демография, көші-қон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес. Ақпараттық төңкеріс бұл проблемалардың жаҺандық өлшемге ие болуына ықпал етті.Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үрдіс трансұлттық экономика мен жалпыадамдық құндылықтарды қорғауға негізделген халықараралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану әлеуметтік  феномен ретінде көп қырлы және көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен, оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың техникалық және қаржылық жағынан дамуының нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр деп ойлаймын.

«Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1. «Менталдық» немесе «Мәдени Жаһандану — дәстүрлердіңдіндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен,  6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, исламиудаизминдуизмбуддизмконфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалықамерикалықшығыстық,  мұсылмандық  және  үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2.Экономикалық жаһандану — екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың,  корпорациялардың  іріленуімен түсіндірілед

Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

  1. үлкен компаниялардың жетекші рөлі;
  2. жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;
  3. жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;
  4. жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;
  5. барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;
  6. бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

1.Аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық      және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды.

2.Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану— қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнестіөндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

3.Этникалық жаһандану—негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы»[1].

Жаһанданудың негізгі осылай жіктелуін ескере отырып негізгі нәтижелерін ескере кетуімізге болады. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады:неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірістіғылымды,  қаржылардытұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда.

«Нарықтар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион  доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 10-12%-ға түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі. 1990 жылы адам басына есептегенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған. 1999 жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%-і әлемдік ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнімнің) 86%-не, ал аса кедейлері 1%-ке ие болды.

Планета халқының 30%-і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдықиндустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын “Вашингтондық консенсус” адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді» [2].

Жаһандану үрдісінде ең басты қажет емес нәрсе ол қайшылықтардың  туындауы Мысалы мына деректерді біле кетсек. «Жаһандану үрдісінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әр-түрлі нұсқасы бар. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбай-ақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты — либералдық (кейде «неолибералдық» ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, «солшыл» (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әр-түрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдап- арбау қаупінің артуы және демократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарама- қарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді» [3]. Осы мәліметтерді ескере отырып жаһандану туралы нақты мәліметтер жассақ болады.Дамушы елдер үшін жаһандану үрдісі тудыратын мәселелер мен қауіп-қатерлер өте көп. Жаһандану үрдістері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейдегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтік — экономикалық құрылымын түбегейлі өзгертіп, барынша күш — жігер салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің «ойын ережелеріне» бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуығылымтехника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. Жаһандық мемлекеттік жүйе — қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады. Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет — оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте — қоғамдық және саяси — бір-біріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсіз — бірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мұндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

«Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың қоғамдық-саяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру құралы және идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бір-бірін ғана халықаралық қатынастардың бірден-бір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақұрылымдық іргетасына негізделген»[4].

«Жаһандық- әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі»[5]. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бір-біріне ұқсамайтын, бір-бірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бір-бірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай- ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азық- түліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы (өзіміз көріп жүргендей) және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс.

«Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам — бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті әлеуметтік-саяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым.»[6]

«Э. Гидденстің пікірінше, бүқаралық символикалық интеракцияның және ортақ ақпараттық мәдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды әлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу және ұлттық-мемлекеттік шеңберден шығу соңғы он жылдықта әлеуметтік ғылымда И.Канттың «бүкіләлемдік азаматтық қалып» жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі. Оның жақтастары (И. Валлерстайн, X. Булл]], Дж. Розенау және т.б.) саяси субъектілердің ықпалынан еркін ғаламдық байланыс желісін орнату қажеттігін дәлелдеуге тырысады» [7]. Жаһандық азаматтық қоғамның әлеуметтік базасы қоршаған ортаны, бейбітшілікті, адам қүқын және түпкілікті тұрғынның төл мәдени ерекшелігін қорғауға атсалысушы әртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады. Мемлекеттік жүйелерге қарағанда, олардың едәуір деңгейде өздерінің тұрған жері, азаматтығы бойынша бөлінген адамдарды біртұтас әлеуметтік желіге біріктіретін жаңа саяси және мәдени қүрылымдар құру мүмкіндіктері бар.Ғаламдық ақпараттық негіз —қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі ғаламтордың құрылуы аса маңызды кезең болды. Ғаламтор желісі — бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі.Ғаламторды қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарынрадиотеледидарэлектронды поштаэлектрондық коммерция,телеконференция-лар,  хабарландырулар тақтасынжаңалықтар топтамасын,  ватсап, вкантакте,чаттарды және т.б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.  «Әлеуметтік жүйелердің арасындағы теңсіздікті өлшеу Gini коэффициенті арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі теңсіздіктің өлшемі әр елдің аумағында бөліс теңсіздігін ескермей, елдердің орта табысын есепке алумен шектеліп келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда»[8]. Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу. Кейбір деректерде ғаламдақ теңсіздіктің өзін бірнеше түрлерге бөледі екен, мұның бәрі әрине өз кезегінде ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі.

«Мүндай ғаламдық теңсіздікті:

  • Tрансұлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі ретінде үлттық бытыраңқылық;
  • Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы;
  • Xалық санының артуы;
  • Oтарлау және оның теңсіздік мұрасы;
  • Hеоколониализм және оған сәйкес езіп-жаншу;
  • Үкіметтік шешімдер;
  • Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру;
  • Әділетті бөлістің болмауы;
  • Сауатсыздық;
  • Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.

Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, «жасыл төңкеріспен«, үкіметтік шаралармен, гендерлік сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.»[9]

Жаһандануға қарсылықтар

Жаһандану саясатына трансұлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация тұжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дұшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауыл шаруашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары — П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері — Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, тұтынушылар құқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамдық ұйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін ғаламтор арқылы жүзеге асырады екен.

Олардың ішіндегі негізгілеріне:

  1. «Destroy IMF» — Халықаралық валюта қорының жабылуын талап ететін халықаралық үйым;
  2. «Friends of the Earth» — желілік экологиялық қауымдастық;
  3. «Transnational» — Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым;
  4. «Peoples Global Action» — Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым;
  5. «Inpeg» — әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың үйымдастырушы комитеті.

Жаһанданудың ерекше үлгілері:

Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистік-ноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансұлттық корпорациялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистік-ноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған. Ол үшін ТҰК-ны ғаламдық азаматтық қоғам және оның институттарының бақылауына беру керек, бүкіл әлемдік қауымдастық күшін кедейлікпен күреске, көптеген елдердің технологиялық артта қалушылығын жеңуге жұмылдыруымыз керек.

Жаһандану туралы бір туысымнан сұрағанда ол маған былай деп жауап берді: «Жаһандану (глоболизация) — дүние жүзіндегі барлық елдерде экономика, өмір салты (киім, өнер, тамақтану, т.б.), мәдениет пен ақпарат құралдарының ортақ бола бастауы. Мысалы, біз европаша киінеміз, корейдің фунчозасынсыз той өткізбейміз, жапонның сушиын жейміз, батыс әндерін тыңдап, киноларын көреміз, Махаббат күнін тойлаймыз, Фейсбукқа тіркелеміз және сол сияқты. Бұлар барлық елдерге ортақ үрдіс бола бастады»

Өзекті болып тұрған ғаламдану құбылысын біржақты талдау мүмкін емес сияқты. Яғни не біріңғай жағымды, не біріңғай жағымсыз үдеріс, идеология деп кесіп айту қиын. Өйткені, әлемдік тарихта нақты орын алған оқиғалар сарыны глаболизмді біржақты дәріптеп жақтаушылар ғана бар деуден аулақ етеді. Күні кеше ғана көз алдымызда шаңырағы ортасына түскен социолизмнің жүйе ретінде күйреуі оның ашық жүргізген глаболистік саясатының жасындылығын паш етпеді. Демек, жаһандану шым – шытырығы, қалтарысы көп күрделі де жауапты жол таңдау деп түсіндірілсе керек. Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Айтылуы, аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында жатқандығын байқауға болады. Кезінде Шыңғыс хан, Атилла (Еділ), Македониялық Ескендір деген тарихи тұлғалар жер-дүниенің бәрін жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды әлемге таратпақшы болған. Демек, жаһандану тарихта бұрын да көрініс тапқан. Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің «мысы» басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың «жүрдек пойызының соңғы тепшегіне жабысады», яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға – тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады. Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениет ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстың нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми – техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алумызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге кеек емес. Себебі батыс дүниетанымы өмірдің қызығын бұрмалап, қоғамымызға жезөкшелік, түнгі клубтар, нашақорлық т.б. көріністерді енгізуде. Бұл әсіресе жас буынның санасын улап жатыр. Біз бұған жол бермеуіміз керек. Егер жастарымыз осындай жеңіл түсінікке ұрынса, онда мемлекетіміздің болашағы не болмақ? Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шартыәрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр. Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу — әрбір қазақтың қасиетті борышы. Біз қатарлы жастардың негізгі мақсаты – ана тілімізде сөйлеу арқылы оның өміршеңдігіне қол жеткізу. Сол арқылы келешекке біртұтас ұлт, рухы биік халық ретінде жол тарту біздің айқын міндетіміз.

«Бүгінде, әлемдік қоғамдастық өмірінің барлық жақтарын қамтуға бет алған жаһандану дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастардың үстем факторына айналып келеді. Жаһандану қай кезде басталды, оның табиғаты қандай екендігі жайында ғалымдар мен саясатшылардың әрқилы пікірлеріне қарамастан, қазіргі заманғы тарихта бұл процесті ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай 1960 жылдардың басымен байланыстырады.«Жаһандану» терминін алғаш рет 1983 жылы «Гарвард бизнес ревью» журналында жарияланған «Нарықтың жаһандануы» деген мақаласында Гарвард бизнес мектебінің профессоры Теодор Левитт ұсынған болатын [1]. Осы ұғым арқылы ол «жаһандық фирмалар» деп аталған кәсіпорындардың жаңа нышандағы іс-әрекеті арқылы дүниежүзіндегі нарықтардың бірігуін атады. Оның пікірінше, жаһандану және технологиялар халықаралық қатынастарды анықтайтын басты екі факторға айналды. Сол жылы жарияланған «Тһе Магкеtіng Іmаgіnаtіоn» атты монографиясында Т.Левитт технологияларды «әлемді біркелікке қарай жылжуға итермелейтін қуатты күш» деп бағалады. Мұның арқасында жаңа коммерциялық шындық дүниеге келіп, барынша бірқалыпқа түскен өнімдер үшін жаһандық нарықтар пайда болады. Олардың көлемі мен ауқымын бұған дейін көзге елестету де мүмкін болмаған.
«Жаһандану» ұғымының одан кейінгі дамуы белгілі жапонзерттеушісі және басқару стратегиясы саласындағы маман, осы сөздіңбарынша кең таралуына себепкер болған Кеничи Омаэніңеңбектерінен көрініс тапты. Өзінің «Триада билігі» («Тгіаd Роwег»)деген 1985 жылы жарық көрген кітабында, ол «Триада» деп ойшажасалған үшбұрышты, яғни АҚШ, Жапония және Батыс Еуропаныңөздеріне жататын жағрафиялық аймақ бойынша құрылып, 600 млн.тұтынушысы бар, әлемдік технология өнімінің 3/4 астамын тұтынатын нарықты атады. Аталған еңбегінде ол Триада елдерінде қалыптасқан жаңа нышанды қатаң бәсекелестік жағдайында өмір сүру үшін көпұлтты корпорациялар жаһандық көрегендікке ие болып, жаһандық өлшемде әрекет етуі тиіс депкөрсетті [2].

«Жаһандану» термині 1980 жылдардың ортасынан бастап акпарат пен коммуникация саласындағы жаңа технологиялардың күрт дамуы салдарынан капиталдың жарылыс бейнелі қозғалысы процесін, әрі қаржы, сондай-ақ биржалық нарықтардың интеграциясын бейнелеу үшін қолданыла бастады. Сонымен, 1980 жылдардың соңында «жаһандану» үғымы экономикалық және қаржы саласына қатысты ғана айтылып келді.
XX ғасырдың соңғы он жылдығында қырғи-қабақ соғыстың аяқталуына байланысты саяси процестер, орасан зор көлемдегі экологиялық қауіп-қатерлер, біртұтас ғаламшардың ортақ сезінуге әкелген экономикалық өзара тәуелділіктің артуы «жаһандану» құбылысына экономикалық қана емес, сондай-ақ саяси, тарихи, жағрафиялық және мәдени сипат бере келе, оның барынша кеңеюіне алып келді.

Француз ғылыми мектебінде «жаһандану» ұғымы екі мағынаға бөлінеді: мондиализация («lа mоndialisation» француздың «lе monde» — бейбітшілік деген сөзінен) және жаһандану («lа globalisation»). Бұл арада «жаһандану» терминімен одан да кең жаһандық процесс -модиализацияның экономикалық және қаржылық жақтарын ғана айтады.

Паскаль Лороттың редакциясымен шыққан француздың «Мондиализация сөздігі» төмендегідей анықтама береді: «Мондиализация кедергісіз ғаламшарлық дамудың сатысын білдіреді, онда бәрі же жақын, қол жетерліктей, барлығы да бір-бірімен байланыста, осының жағымды нәтижесіндей өзара тәуелділік пен ынтымақтастық арта түседі. Бұл 1970 жылдардан бастап, әсіресе, 1980 жылдары қалыптасқан біздің әлеміміздің жай-күйі. Мондиализация, көрініп тұрғанындай, интернационалданудың (елдердің және қызмет саласының бір бөлігін ғана қамтитын) соңы болып табылады, және жаһанданудан (кедергілер мен ара қашықтықтарды жоюдың үстіне ақпараттық технологиялардың көмегімен уақыт ұғымын да жоюға алып келетін) ерекшеленеді» [3].

Француз ұлтына тән картезиандық рухты құрметтей отырып, және орыс тіліне оның байлығының аркасында екі терминді енгізу мүмкіндігін мойындай келе, дей тұрғанмен, бұл мақалада француз мәлімет көздеріне сілтеме жасау барысында «жаһандану» терминін қолдануды жөн көрдік. Әртүрлі дерек көздерін зерттеу мынаны көрсетеді: зерттеушілердің бір тобы жаһандану XX ғасырда емес, одан да ерте, Ұлы жағрафиялық ашулар дәуірімен, ал енді біреулері оны тікелей ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерімен байланыстырады.
Филип Моро Дефарж өзінің «Жаһандану» («lа mоndialisation») деген кітабында еуропалықтар (Христофор Колумб, Васко да Гама) жасаған Ұлы жағрафиялық ашулар жаһанданудың басталуына негіз қалады — деп жазды, — яғни бүкіл жер шарын қамтыған әртүрлі байланыстардың пайда болуына әкелді. XIX ғасырдың жетістіктері — индустриялдық революция, көліктегі революция, сондай-ақ демографиялық өзгерістер жаһандану процесін жеделдетумен қатар оның кеңеюіне әсер етті. XX ғасырдағы дүнижүзілік екі соғыс әлемдік геосаяси аренаның қалыптасуын бекіте түсті. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуынан бастап, автордың пікірі бойынша, жаһандық үш сілкініс біртұтас жаһандық кеңістікті қалыптастыруға ықпал етті, бұлар: отарлаудың жойылу процесі; сауда, қаржы және технологиялар саласында жаһандық халықаралық алмасу жүйесінің пайда болуы; бұрынғы коммунистік мемлекеттер мен «үшінші әлем» елдерінің өзін-өзі қамтамасыз ету моделінің күйреп, халықаралық экономикалык катынастарға қосылуы. Жаһанданудың түпқазыкгы сипаты ретінде — қаржының, адамдардың, технологиялардың, қызмет көрсету, ақпарат және идеялар ағымының орасан зор қозғалысын атауға болады деп тұжырымдайды автор [4].

Бұл құбылыстың әртүрлі аспектілерін зерттей келе, Кембриджде 2000 жылы шыққан өзінің «Жаһандану дегеніміз не?» деген кітабында Ульрих Бек, «Жаһандану — соңғы жылдары барынша кең тараған, көп ретте шындықтан алшақ болса да, пікірталастарда негізгі сөз рстінде қолданылатын сөзге айналды, және алдағы жылдары да солай бола бермек. Алайда, дәл осы сөздің мағынасы барынша аз анықталған, сондықтан көп жағдайда орынсыз қолданылатыны да рас, соған карамастан саяси тиімді ұғым болып табылады.
У.Бектің ойынша, жаһанданудың бірқатар өлшемдерін ажырата білу қажет. Бұл орайда, олардың кез келген тізбесіне коммуникациялық технологияларды, экологияны, экономиканы, іс-қимылды ұйымдастыруды, мәдениет пен азаматтық қоғамды енгізу лазым. Автор «жаһандану» дегеніміз экономиканың, ақпараттың, экологияның, технологиялардың, мәдениетаралық жанжалдардың және азаматтық қоғамның әртүрлі өлшемдегі күнделікті іс-әрекеті үшін шекаралардың маңызы барған сайын азайып бара жатқанын білдіреді деп санайды. Ақша, технологиялар, тауарлар, ақпарат және уландырғыш заттар шекаралар жоқтай еркін «өте береді» [5].

Экономистердің көзқарасы тұрғысынан, жаһандану «жаһанданған» экономиканың пайда болуы, онда ұлттық экономикалар алдымен бір-бірінен ажырайды, сосын тікелей халықаралық деңгейде келісімдер мен процестер жүйесінде қайтадан бірігеді. Бұндай жаһанданған экономикада ұлттық экономикалардың шекаралары айтарлықтай маңызға ие болмайды, және «бұл экономика өз логикасына бағынып, тәуелсіз ұлттық объектілер арасындағы экономикалық қатынастар логикасынан ерекшеленеді. Көпұлтты кәсіпорындар жергілікті тізгіннен босап, қаржының қозғалысы ұлттық санаттың шегінен шығады, және мемлекеттер өз валютасына билігінен айырылады».

Саятсатшылардың пікірі бойынша, жаһандануды жаңа «көпорталықты» әлемнің өзінің бар қуатымен қазіргі уақытта мемелекеттер билік құрып отырған әлеммен бетпе-бет келуі деп қарастыруға болады. Бұл жаңа әлем мемлекеттік емес, трансұлтты қатынастарға негізделген.

Ақырында, жағрафиялық тұрғыдан қарағанда, жаһандануды адамзаттың әртүрлі бөліктері арасындағы өзара таралу, алмасу, коммуникацияның жемісі болып табылатын кеңістіктің халықаралық деңгейде қалыптасу процесі деп түсінуге болады.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ОЕСD) жаһандану процесінде үш кезеңді атайды:

  1. Интернациялану (XIX ғасырдың ортасынан бастап), экспорттық ағындардың дамуына сәйкес келеді;
  2. Транснационализациялану (әсіресе, 1945 жылдың басынан бері), тіке инвестициялар ағынының күрт өсуі және олардың шет елдерде орналасуымен байланысты;
  3. Жаһандану (1980 жылдардан бастап) өндірістің, қаржыландырудың және ақпараттың жаһандық торабының қалыптасуынан көрінеді.

Әлемдік экономиканың жаһандануы, оған тауарлар мен қызмет көрсетудің, қаржының, ақпарат пен технологиялар алмасудың трансшекаралық қозғалысының ырықтануы және елеулі өсуі тән болғандықтан, «ұлттық шекаралардың өшірілуіне» алып келді. Оның компоненттері — трансшекаралық өндіріс, жаһандық қаржы жүйесі, келісілген ережелер бойынша құрылған халықаралық сауда жүйесі, қалыптасып келе жатқан ақпараттық кеңістік болып табылады [6].
К.Омаэ өзінің көптеген қызу пікірталастар тудырған «Ұлттық мемлекеттің ақыры. Өңірлік экономиканың өркендеуі» атты кітабында, мемлекеттер тек қана айырбас бағамын бақылай алмай, әрі өз валютасын қорғай алмай отырған жоқ, сонымен бірге қазіргі жағдайда нақты экономикалық іс-қимылдарды да жүргізе алмауда, сөйтіп әлемдік экономикада басты кейіпкер болудан қалып барады деген қорытындыға келді. Өз пікірін бекіту үшін ол өзі «Төрт И» деп атаған төрт факторге қатысты тұжырымына сүйенеді.

Бірінші «И» — бұл инвестициялар — жағрафиялық шектелмеген, әрі шекаралардан өте отырып, ең тартымды деген инвестициялық мүмкіндігі бар жерге келеді. Егер бұдан он жыл бұрын, деп жазады автор, трансшекаралық қорлар ағыны үкіметтен үкіметке немесе көп жақты қаржы ұйымынан құйылса, қазіргі уақытта инвестициялардың басым бөлігі жеке меншік болып табылғаңдықтан, үкіметтердің араласуына жол берілмейді.

Екінші «И» — индустрия — өз бағдарында ол да жаһандық сипатқа ие болуда. Қазіргі заманғы көп ұлтты корпорациялар мемлекеттің мүддесін басшылыкқа алмайды, керісінше нарықтың тартымдылығын бірінші орынға койып, технологиялар мен басқару ноу-хауды тасымалдауға ықпал етеді. Инвестициялар мен индустрияның қозғалысы үшінші «И» компанияларға өздері танымал болған әр елде бизнес жүйесін құрмай-ақ, жер шарының әртүрлі бөлігінде әрекет жасауға мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың («information technology») көмегімен жеңілдейді. Ең соңында, жекелеген тұтьшушылар — төртінші «И»-жаһандық сұранысты қалыптастырып, шығарылған жеріне мән берместен, барынша арзан, әрі жақсы тауарларды алғысы келеді.Осы төрт «И»-дің жедел қозғалысы, автордың пікірінше, бейімдіэкономикалық құрылымдарға жер шарынының кез келген бөлігіндеолардың дамуы үшін кажетті нәрсенің барлығын мемлекеттіңараласуынсыз-ақ алуына мүмкіндік жасайды.

Барлық жаһандық нарықта төрт «И» өз бетінше әрекет ететіндіктен, мемлекеттер бұдан былай «нарықты қалыптастырушы» рөлін ойнамайды. Бұл түпкілікті өзгерістер экономикалық теңгермелікті өзгертеді. Егер осы төрт «И»-дің тежеусіз қозғалысы мемлекеттің делдалдық рөлін жоққа шығаратын болса, жаһандық шешімдерді қабылдауға қажетті шектеулер, автордың пікірінше, «жасанды саяси» шекараларға емес, қайта көбінесе жағрафиялық сипаты басым құрылымдарға — мәселен, Гонконгке және оған жақын жатқан Оңтүстік Қытайдың бөліктеріне немесе Токио маңындағы Кансай өңіріне сәйкес келетін болады, демек «жұмыс жүретін және нақты нарықтар гүлдене алатын өңірлер» бойынша анықталады.

К.Омаэ бұл аймактарды «өңірлік мемлекеттер» деп атайды. Олар бүтіндей ұлттық мемлекеттердің ішінде немесе олардың шекараларынан тыс бола алады да, автордың сөзімен айтар болсақ, «шекарасыз әлемдегі» табиғи экономикалық аймактар болып табылады. Мұндай «өңірлік мемлекеттерге» зерттеуші Солтүстік Италияны, Баден-Вюртембергті (немесе Жоғарғы Рейн), Силикон үстірті және Калифорниядағы Шығанақ аймағын, үшбұрышты Сингапур — Джохор (Малайзияның оңтүстік штаты) және Индонезияның көршілес аралдарын, Пусан қаласын (Корей түбегінің оңтүстік шеті), Токио мен оның маңайындағы аудандарды қоса алғандағы өңірді жатқызады.
Бұл өңірлер, жағрафияльтқ өлшемдермен шектелгенімен, экономикалық ықпалы өте зор, олардың басты факторы түрғындары емес, жаһандық экономикаға сәтті қатысуына қажетті ингредиенттерінің болуы.

Автордың пікірінше, олар дамудың қуатты қозғалтқыштары болып табылады, өйткені олардың алғашқы бағдары — жаһандық экономика.»Өңірлік мемлекеттерді» жаһандық экономиканың қакпасы дей келе, автор, бұл құрылымдардағы тығыз байланыстар өмір сапасының нақты және шынайы жақсаруына әкеледі, сондай-ақ тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін өсіп келе жатқан дәйекті нарықтарды құрайды. Оның ойынша «Өңірлік мемлекеттердің» пайда болуы корпорациялар іс-қимылының жаһандық логикасын терең өзгертеді [7].

Қырғи қабақ соғыстың аяқталуына байланысты әлемдік дамудың парадигмаларындағы терең өзгерістер XXI ғасырдың қарсаңында әлемнің болашақ құрылысы және қақтығыстардан кейінгі кезеңдегі халықаралық қатынастардың барысы жайында кең пікірталастарды туғызды.

XX ғасырдың соңындағы зияткерлік пікірсайыстарға америкалық ғалым Френсис Фукуяма айрықша ықпал етті. Ол коммунизм мен батыстық либерал демократияның жарты ғасырға созылған қақтығысының аяқталуын «тарихтың ақыры» деп жариялады. Осы атаумен 1989 жылы жарияланған өзінің алғашқы мақаласында, және одан кейінгі еңбектерінде Ф.Фукуяма коммунистік жүйенің күйреуіне орай нарықтық қатынастар демократиясының жеңісі адамды Жаратылыстың ең ортасына қойған тарихтың аяқталғанын, адамдардың басқаруындағы соңғы нысанды білдіреді деген тұжырым жасады.

2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиғадан соң Гарвард университетінің профессоры Сэмюэл Хантингтонның «өркениеттер қақтығысы» туралы тұжырымы дау-дамайды ушықтыра түсті. Ол 1993 жылы халықаралық қатынастар жаһандану кезеңінде әдеттегідей бай елдер мен кедей елдердің арасында, социалистік және капиталистік, Оңтүстік және Солтүстік мемлекеттер арасында деп бөлінбейтін болады, алайда мәдени парадигмаға бағынады деген ұғымды енгізді. Сондықтан, бұдан былай әлемдік саясаттың негізгі шектерін адамдарды олардың тілі, мәдениеті, діні және дәстүрлері бойынша біріктірген өркениеттердің бірнеше топтары анықтайтын болады. Оның пікірінше, қытай, үнді, ислам, славян-православие, батыс, жапон, латын америкасы және африка қоғамдастығы барынша кең тараған мәдени ауқымдарды құрай отырып, діни және тарихи шығу тегі халықаралық катынастардың орталық факторына айналған осынау әлемдегі жанжал мен шиеленістің пайда болу көздерін анықтауға қызмет етеді [8].

 Хантингтонның тезисі Фукуяманың қорытынды түсіндірмелерімен қайшылықты болып келіп, әлемдегі түйісу нүктелерін емес, айырмашылықтарды көрсетуді көздейді.Гарвардтың тағы бір белгілі ғалымы Стэнли Хоффман әлемде «жаһанданудың қақтығысы» жүріп жатыр деп пайымдайды, өйткені жаһандану, оның пікірінше, әрқайсысының өз проблемасы бар үш нысаннан тұрады. Бірінші — бұл экономикалық жаһандану, ол технологиялар, акпарат, сауда, шетелдік инвестициялар және халықаралық бизнестегі революцияның жемісі болып табылады. Оның басты ойыншылары компаниялар, инвесторлар, банктер, жеке сектор, сондай-ақ мемлекеттер мен халыкаралық үйымдар болып табылады. Компаниялардың мамандануы мен интеграциялануы ортақ байлықты арттыруға мүмкіндік берді, алайда таза капитализмнің логикасы әлеуметтік әділдік үшін қолайлы емес.

Сондықтан экономикалық жаһандану мемлекеттер арасындағы және олардың ішіндегі теңсіздіктің ықтимал себепкері болып, жаһандық бәсекелестікке және мемлекеттер мен бұл процеске басқа да қатысушылардың осы проблеманы шешуіне байланысты аландаушылық пен торығуды туғызады.Келесі — мәдени жаһандану. Ол технологиялық революция және экономикалық жаһанданудан туындайды, олармен бірге мәдени тауарлардың қозғалысына ықпал етеді. Мұнда униформаизация (немесе, жиі айтылатындай, «америкалану») мен әртүрлілік арасында негізгі тандау тұр, оның нәтижесі жергілікті салттар және тілдердің қайта өркендеуінен көрінетін біркелкілікке қарсы реакция болып табылады. Ақырында, аталған екі нысаннан тұратын саяси жаһандану бар. Ол Құрама Штаттардың және олардың саяси институттарының басымдығымен, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар, үкіметтік емес байланыстар жүйесімен сипатталады.

Сонымен бірге, бұл ұйымдардың көпшілігінде, автордың айтуынша, демократиялық жауапкершіліктің, билік пен беделдің аздығы білінеді.Жаһанданудың артықшылықтары даусыз, деп санайды С.Хоффман, бұның дәлелі ретінде ол кері шегінудің болмайтындығын және бұлтартпастығын атайды. Сонымен бірге оған қол жеткізу шектеулі болып қалып отыр, өйткені ол көптеген кедей елдерді экономикалық дамудың және әлеуметтік жағдайлардың біркелкі болмағандығынан, мүмкіндіктен айырады.

Азаматтық қоғам, автордың пікірінше, эмбрионалды күйде қалуда, ал адамдардың жағдайын кедергілерді жою арқылы жақсарту идеясы күмәнді болып табылады. Жаһанданудың халықаралық саясатқа ықпалының көптеген факторларының арасынан автор барынша маңызды үш факторды бөліп қарайды. Біріншісі, институттарға қатысты. Көптеген мемлекеттер өздерінің егемендігінің әлсізденуіне әкелетін жаһанданудың талаптарын құлықсыз қабылдайды. Сондықтан БҰҰ билігі де шектеулі, әрі көп жағдайда теориялық болып табылады. Мемлекеттер жаһанданудың немесе «гуманитарлық интервенция», сондай-ақ лаңкестікпен күрес оқиғаларының соққысын көбірек сезінген сайын, өздерінде бардан айырылып қалмауға ұмтыла түседі, сондықтан әлемдік мемлекетке қарай қозғалыс шындықтан алыс жатыр.Екіншіден, жаһандану азаматтықтың ұлттық табиғатын жоққа шығармайды. Экономикалық өмір жаһандық масштабта жүріп жатыр, алайда адамдардың белгілі бір ұлтқа жатуы сақталуда — осыдан мәдени гомогенизацияның күшті қарсылығы туындайды.Бүгінгі әлем технологиялар саласында біріккенімен, ұжымдық сана немесе ұжымдық ынтымақтастыққа жеткен жоқ.Үшіншіден, жаһандану, әртүрлі кедергілерді азайта отырып, жанжалдар мен терроризмнің таралуына қолайлылық туғызады [9].

Француздың белгілі саясаттанушысы Тьерри де Монбриаль жаһандануға «қандай да бір нысандардың белсенді бірігуі өз мақсаттары мен іс-қимылдар театрының стратегиясын (немесе әлеуметтік мағынадағы кеңістікті) жасау үрдісіне ие болып, жағрафиялық тұрғыдан уақыт өткен сайын кеңи түсетін құбылыс» деген анықтама берді. Оның пікірінше, жаһандану — бұл екінші мыңжылдықтың келгенін барынша сәтті бейнелейтін сөз. Жаһандану тұжырымының тандауы — өзара байланыстар тұжырымына қарағанда, бұл құбылыс XX ғасырдың 20 жылы бойында жеткілікті дәрежеде бұрынғы өзара байланыстардан халықаралық жүйенің прогрессивті өзгеруі үшін көбірек қызмет етті [10]. Ғылыми-техникалық революцияның күрт дамуына орай өткен жүз жылдыктың 60-жылдарының аяғында басталған Әлемдік экономиканың жаһандану процесі жаһандық қаржы жүйесінің жасалуына, еңбектің халықаралық бөлінісіне, халықаралық сауданың өскелең ырықтануына алып келді. Азиядағы 1997 жылғы қаржы дағдарысы дүниежүзілік қоғамдастықты мұндай дағдарысты болдырмау үшін және оны болашақта тиімді басқарып отыру мақсатымен жаһандық қаржы сәулетін құруға итермеледі [5].

Бүгін әлемдегі дамыған елдерде ақпараттық-технологиялық революцияның жетістіктеріне негізделген «жаңа экономиканы» («new economy») құру тезисі беки түсуде [12].

«Ғылымға сүйенетін экономика» («knowledge-driven economy») ұғымы К.Омаэнің еңбектерінде кездеседі. «Ғылымға сүйенетін экономика» термині қоғамда байлықты молайтудың маңызды көзі ретінде ғылымның маңыздылығын арттыруға тікелей қатысты. Егер бұрын байлық жерге немесе капиталға ие болуға негізделсе, жаһандық нарықтың пайда болуымен ғылымның бәсекелестік артықшылығы барынша мәнді бола түсті [13].

Өмірдің өзі қуаттап отырғанындай, жаһанданудың жағымды жақтарымен қатар, теріс жақтары да бар екендігі туралы ортақ пікір қалыптасты. Оның пайдалы жақтарына әлемдік дамуға жаңа мүмкіндіктер беретіндей елдердің өзара бек түскен байланысын, экономикалық өсуді ынталандыруды, ғылыми-техникалық және зияткерлік саладағы озық жетістіктермен алмасу көлемінің артуы мен жеделдеуін атауға болады.

Сонымен бірге жаһандану стратегиялық сипаты көптеген проблемаларды туғызады, олардың ең бастысы игіліктердің тең емес бөлінуі және ол туғызатын теңсіздік. Өзінің «Джордж Сорос жаһандану туралы» дейтін еңбегінде атақты қаржыгер және филантроп жаһанданудың жағымды жақтарымен бірге оның теріс сипаттарын да бөліп көрсетеді. Біріншіден, деп жазады ол, көптеген адамдар, әсіресе аз дамыған елдерде әлеуметтік қолдау жүйесінің қорғауынсыз жаһанданудың екпініне тап болды; басқа біразы жаһандық нарықтың күшімен маргиналдануға ұшырады. Екіншіден, жаһандану жеке және қоғамдық игіліктер арасындағы жөнсіз бөліністің себебі болды. соңғысына ол бейбітшілікті сақтауды, кедейшілікті азайтуды, қоршаған ортаны қорғауды, еңбек етудің жағдайы мен адам құқығын жатқызады.

Нарықтар байлықты жасауға қолайлы, алайда олар басқа әлеуметтік қажеттіліктерге қамқорлық жасауды кездемейді. Үшіншіден, жаһандық қаржы нарықтары дағдарыстарға бейім. Барлық осы факторлар өте дұрыс емес құқықтык кеңістік туғызады.Саяси процестер, деп атап керсетеді автор, нарықтық тетіктерге қарағанда тиімділігі мардымсыз, алайда біз оларсыз ештеңе істей алмаймыз. Нарықтар табиғатынан аморальды: олар адамдарға өз мүдделеріне сәйкес әрекеттенуге мүмкіндік жасайды да, бұл мүдделер қалай көрінуі қажеттігі туралы белгілі-бір ережелерді қалыптастырады, бірақ та осы мүдделердің өзіне қатысты ешқандай моральдық сотты аткармайды; бұл олардың осыншалық тиімділігінің бір себебі. Нені істеуге болады, нені болмайтындығына байланысты ұжымдық шешім қабылдау міндеті саясатшыларға қалдырылған. Тіпті нарықтарды құру мен қолдау да саяси іс-қимылдарды талап етеді.

Бұл көзқарасты нарық фундаменталистері жақсы түсінеді. Алайда, олар нарықтардың жаһандануы халыкаралық саяси және әлеуметтік келісімдерді тиісті нығайтусыз, барынша әлеуметтік тендіксіз дамуға алып келгендігін мойындамауға құлықты. Жаһандық капиталистік жүйені сынай отырып, Сорос нарықтардың экспансиясына қажетті қосымша ретінде «ашық қоғам» орнатуға шақырады [14].

Америкалык экономист, экономика саласындағы 2001 жылғы Нобел сыйлығының иегері Джозеф Стиглиц өзінің «Globalization and its Discontents» атты еңбегінде жаһандану игілікке бағытталған күш болуы мүмкін: демократия және азаматтық қоғам туралы идеялардың жаһандануы көптеген адамдардың ой-санасын өзгертті, жаһандану миллиондаған адамдарға өмірдің жоғарғы қалыптарына қол жеткізуге кемектесті.

Экономиканың жаһандануы өзінің экспортына жаңа нарықар іздеп жүрген және шетелдік инвестицияларды тартуды көздеген елдерге біршама артықшылықтар берді.Алайда, миллиондаған адамдарға бұл күш әсер етпейді, керісінше, көпшілігіне бұрынғыдан да нашар бола түсті, өйткені олар өз жұмыстарынан айрылды, әрі өмірлерінің қауіпсіздігі кеми түсті .Сонымен бірге, жақында жарық көрген «Жаһандануды қорғауға жұмылайық» («In Defence of Globalization») атты кітабында белгілі экономист, Колумбия университетінің профессоры Дж. Бхагвати былай деп тұжырымдайды: біріншіден, экономика саласындағы жаһандану айтарлықтай жағымды фактор болып табылады, бұған әлемнің кедей елдері зәру, екіншіден, ол өзінде жоқ болғандықтан «адамдық келбетті» қажетсінбейді.

Аргумент ретінде автор Үндістанды мысалға келтіреді, соңғы екі онжылдықта ашық экономика және шетелдік инвестицияларды тарту жағдайында бұл ел кедейлікті 55 пайыздан 26 пайызға дейін төмендетті. Дж.Бхагвати жаһанданудың сынаушыларын екі санатқа бөледі: біріншісіне ол нарықтық капитализмнің бітіспес жауларын жатқызады, ал екіншісіне — дұрыс ойлайтын, бірақ та нашар хабардар адамдарды атайды, соңғыларына ол өз кітабын арнаған.Біздің пікірімізше, жаһандану адамзат қоғамы дамуының қазіргі кезеңімен орайласатын және әрбір тарихи процеске тән жағымды да жағымсыз аспектілері мен ерекшеліктері бар объективті процесс болып табылады. Бұл процестен сырт қалу қаншалықты мүмкін болмаса, оған қарсы күресу де соншалық мүмкін емес. Алайда, осы процестің барлық құрамдас бөліктерін терең оқып-зерттеу, оның жағымсыз жақтарын ғылым мен күш-жігерді біріктіру жолымен жеңілдету әрі айқын, әрі барынша қажет.

Жаһандану нәтижесінде халықаралық қатынастарда, экономика және қауіпсіздік саласында мемлекеттердің өзара тәуелділігі арта түсетіндіктен, халықаралық аренада мемлекеттер басымдығын өзгертуге, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге халықаралық тұрлаулылықтың ықпалы күшеюіне әкеледі. Қазіргі қалыптасқан әлемдік тәртіптің түп тамырлы негіздерінқозғайтын  жаһандану өзінің болмысымен  халықаралық
қатынастардың   жаңа сұрақтары «шектелген егемендік» тұжырымдамасы, гуманитарлы себептермен қол сұғушылық немесе «гуманитарлық интервенция», мемлекеттің қауіпсіздігінен жеке адам қауіпсіздігінің жоғары тұруы тәрізді мәселелерді көтереді.

Жаһанданудың объективті сипаты, оның біріктіргіштік логикасы және одан туындайтын жаңа тегеурінді талаптар әлемдік саясаттың және халықаралық ұйымдардын, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының күн тәртібіне түбегейлі өзгерістер әкелері кәміл»[16].

Жаһанданудың негізгі көрінісін тілдің даму деңгейімен салыстыруымызға болады. 2012 мәліметтер бойынша келтірілген. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл!» деп бабаларымыз айтқандай, өте ертеден ақ, әр адам өз ұлтының және мекен етіп отырған елінің тілін білуі қажет болған.

Қазірдің өзінде жаһандану үрдісі етек алған заманда халықаралық байланыс құралы және халықаралық экономика, халықаралық білім беру тілі – ағылшын тілін білу қажеттілігін тудырды. Жеке индивид қаласа да, қаламаса да, қабылдап, не қабылдамаса да жаһандану бас тартып кете алмайтын біздің әлеуметтік шындығымыз. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының кең мағынада тарихи даму процесімен шартталған. Ең басты әлемдік коммуникациялық кеңістік – Интернетте барлық ақпараттың 80% ағылшын тілінде ұсынылады. Жаһандану мәні ағылшын тілін білу. Осыдан барып кез келген заманауи адам бүкіл әлемде, әсіресе мегаполистерде өмір сүріп жатқан адамдар сан алуан тілдік ортада өмір сүреді. Қазіргі қоғамда адамдардың тек ана тілін білуімен шектеліп қана қоймаған билингвизм, тіпті полилингвизм феномені кеңінен таралуда.

Бұл жаһандық үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Елбасының көрегенді саясатына орай Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың бірі — қазақстандықтардың кемінде үш тілді меңгеруі. «Үш тұғырлы тіл» тілдік стратегиясын Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2004 жылы жария еткен еді. Ал 2008 жылы Президент Халыққа Жолдауында Қазақстанды әлем тұрғындары үш тілді қолданатын жоғары білімді ел ретінде тануы тиіс деп айрықша атап өткен. Осылайша, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһанды экономикаға табысты интеграциялаудың тілі деп көрсетті.

 Сонымен бірге, Елбасы өзінің 2011-ші жылғы «Болашақтың іргесін бірігіп қалаймыз!» атты Қазақстан халықына Жолдауында: «Мен қазіргі заманғы қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін. Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақ­стандық­тар санын 80 пайызға дейін жеткізу. 2020 жылға қарай ағыл­шын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есеп­теймін» деген болатын [17].

 2011 жылғы 29 маусымда №110 Жарлығымен  Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасында тілдерді дамтыу мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарламада үш тiлдi (мемлекеттiк, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесiн (2014 жылға қарай — 10%, 2017 жылға қарай — 12%, 2020 жылға қарай — 15 %-ға дейiн) ұлғайту көзделген [2].

 Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Ата Заңында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп, сонымен қатар орыс тілін ресми тіл ретінде бекітті. Оның негізгі мақсаты ретінде ұлтаралық тұтастықты сақтау, қоғамның тілдік ортасын дисфункцияға ұшыратпау болған еді. Сондықтан да орыс тілі достық пен бейбітшіліктің, этносаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие болды.

Жалпы Қазақстандағы тілдік жағдайды түсіну үшін Кеңес Одағы кезіндегі жағдайды түсіну керек. Бұл уақытта Қазақстанда орыс тілін білу деңгейі өте жоғары болды. Және ол тек басқа ұлт өкілдері арасында емес, сонымен бірге қазақтар арасында жоғары болған.  1989 жылғы санақ нәтижесі бойынша орыс тілін білу деңгейі 65-67% құрады. 1990 жылдардың ортасында мемлекеттік тілді тұрғындардың 71% жетік меңгерді және қазақтардың 95,5% сөйлей алатын болса, орыстар арасында 8,5% білген, ал мүлдем білмегендер саны — 51%. Түркі тілдес этнос өкілдері (өзбек, татар, ұйғыр және т.б.) арасында бұл көрсеткіш — 30% құрайды. 1999 жылғы санақ бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді білу деңгейі 64,4 %-ды көрсеткен. 2009 жылғы санақ нәтижесі көрсеткендей, ол шамамен 10%-ға көтерілді, яғни бұл көрсеткіш — 74%-ға жетті [3].

Ендігі кезекте жаһандану жағдайында тілдік кеңістікте тұрғындар арасында ағылшын тіліне деген сұраныс орын алары сөзсіз. Қазіргі таңда мектеп алды дайындық білім беру орталықтарынан бастап ағылшын тіліне үйретеді, ал үздіксіз білім беру сатыларында ағылшын тілін білу маңызды. Замана талаптарына сай елімізді болашаққа жетелейтін өсіп келе жатқан жас буын екені белгілі. Олардың бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін негізгі әлеуметтік институт білім беру жүйесі. Сондықтанда «Үш тұғырлы» тіл саясатын сандық және сапалық тұрғыда жүзеге асыратын орган білім беру мекемелері.

«Қазақстан Республикасын 2020-шы жылға дейінгі стратегиялық дамыту туралы» 2010 жылғы  1 ақпанда №922 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020-шы жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында 2011 жылдан бастап көп тілді білімі бар педагогикалық кадрларды даярлау іске асырылады делінген. Оны жүзеге асыру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында базалық пәндер циклында шетел тілінен кредиттер көлемін арттыру және оқудың типтік бағдарламаларында өзгерістер енгізу арқылы жүргізіледі, әсіресе, пәнді үш тілде оқытатын педагогикалық кадрларды дайындауға байланысты бөлімінде. Болашақта жаратылыстану-математика циклі пәндерден ағылшын тілінде беретін педагогтардың санын біртіндеп арттырып, 2020-шы жылы олардың жалпы үлесін 15% дейін жеткізу көзделген. Дарынды балаларға арналған үш тілде білім беруге мамандандырылған мектептер желісі құрылған. Қазірдің өзінде республикада оқытуды үш тілде жүргізетін 33 мектеп қызмет етеді [4].

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-26

Сурет 1. Шет тілін білесіз бе, % бойынша

2011 жылдың төртінші тоқсанында САР зерттеу орталығымен 14-29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделеуге байланысты әлеуметтанулық зерттеу жүргізді. Іріктеу көлемі – 1897 респондентті құрады.

Зерттеу барысында жастардан қандай бір шет тілін білетіндігі туралы сұрақ қойылды. Сұрауға қатысқан әр бір он респонденттің үшеуі шет тілін білемін деп жауап берді (диаграмма 1).

«Жоқ, тек қана ана тілін білемін» деген респонденттердің 30% шет тілдерін меңгергісі келетіндіктерін атап өтті. Олардың ішінде сұранысқа ие, рейтингі жоғары үштікке бірінші кезекте – ағылшын тілі (63,7%), екінші орында – орыс тілі (26,8%), ал үшінші орында – неміс тілі (13,1%) енеді. Сонымен бірге әлеуметтік-лингивистикалық салада сұранысқа ие тілдердің рейтингін түрік, француз, қазақ, араб тілдері жалғастырады. Бұл аталған елдерде білім беру саласында академиялық мобильділіктің жоғары болуымен және елдер арасында тығыз экономикалық-саяси байланыстың болуымен түсіндіріледі.

Зерттеу барысында жастарға «Егер Сізде өзіңізді дамытуға мүмкіндік болса, Сіз нені қалар едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Респонденттердің берген жауаптарының нәтижесінде жастардың – 36,4 пайызы қосымша білім алуды көздейді. Ал 27,5 пайызы өзінің кәсіби дағдыларын одан әрі жетілдіруді қаласа, 25,6 пайызы шет тілдерін меңгергім келеді деп жауап берген. Бұл жастардың заман талабына мүдделерінің сай екендігін көрсетеді. Табысты тұлға болу үшін бәсекеге қабілетті, нарықтық жағдайда білім капиталының орны орасан екендігін қазақстандық жастар мойындайды. (2-ші диаграмма).

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-27

Сурет – 2. Егер Сізде өзіңізді дамытуға мүмкіндік болса, Сіз нені қалар едіңіз?

Сонымен бірге, тұстас елдегі әлеуметтік-лингвистикалық ахуалдың посткеңестік кеңістіктегі жағдайына шолу жасайтын болсақ, еліміздегі орыс тілінінің тұрғындар арасында байланыс құралы ретінде мәртебесі өзінің күшін жоғалтпағандығы байқауға болады. Осыған дәлел ретінде «Еуразиялық монитор» жүргізген әлеуметтанулық зерттеу мәліметтерін келтіріп кетуге болады. «Еуразиялық монитор» Халықаралық зерттеу агенттігі 2004 жылдан бастап, посткеңестік елдер арасында тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйіне байланысты мониторинг жүргізіп келеді. 2005 жылдан бастап аталмыш мониторингтің негізгі сұрау құралына тілдік ахуалды зерделеуге қатысты сұрақ қосылған. 2005-шы жылдың қараша және 2011 жылдың қаңтар айлары аралығында посткеңестік елдерде күнделікті өмірде орыс тілін қолдану динамикасын анықтауға байланысты әлеуметтанулық мониторингке посткеңестік елдердің ішінде Армения (1067), Белорусия (1072), Қазақстан (1023), Латвия (1003), Молодова (1030), Россия (1576), Украина (2078) қатысты. Барлық іріктеу көлемі – 8849 репондентті құрады.

Зерттеу нәтижесі бойынша көптеген елдерде «екі тілді» тұрғындар (күнделікті тұрмыста орыс және ана тілдерін бірдей деңгейді қолданатындар) үлесі артқан. 2005-2010 ж.ж. Белорусия, Қазақстан билингвисттердің саны өсу бағытына қарай (12-17 пайыздық пунктке) ауысқан. 18-24 жас аралығындағы жастар арасында да Қазақстан Республикасы бойынша 2008-2010 ж.ж. өсу тенденциясы (6 пайыздық пунктке) тіркелді [5]. Бұл елімізде билингвизмнің тұрақты тенденциясының қалыптасқандығын көрсетеді.

Қазақстандағы тілдік жағдайды зерделеу мақсатында әлеуметтік-саяси зерттеулер институты 2011 жылдың қазан-желтоқсан айларында сапалық зерттеу жүргізді. Нарративті биографиялық сұрауға Қазақстан Республикасының түрлі аумақтарында қоныс тепкен қазақ этносынан басқа этностық топтар қатысты. Негізгі мақсат қазақ ұлтынан басқа этностық топтардағы тілдік ахуалды зерделеу. Нарративті зерттеуге барлығы 50 респондент қатысты. Зерттеу территориясы Қазақстанның оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарын қамтыды. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер жүргізу барысында қазіргі қазақстандық қоғамда қандай да бір тілдерді үйренуге деген сұраныстың сипаты анықталды. Бұл қазіргі қоршаған әлеуметтік болмыста қандайда бір тілдердің салыстырмалы түрдегі әлеуметтік беделі мен бәсекелестігін анықтауға мүмкіндік берді. Нарративті сұхбат нәтижесінде информанттардың арасында ана тілін және қазақ тілін қоспағанда ағылшын, француз, неміс тілдерін оқып-үйренуге деген сұраныс басым. Сұхбат кезінде «Сіз тағыда қандай тілді меңгергіңіз келеді?» деген сұраққа, информанттар қандай жас санатында болмасын ағылшын тілінің қажеттілігін атап өткен.

Информанттар арасындағы жастарды алатын болсақ, олар ана тілі, орыс тілі және қазақ тілімен қатар ағылшын тілін де жетік меңгерген, және ол тілде еркін сөйлеп, жаза алады. «Мен ағылшын тілін де жақсы білемін. Өйткені оған арнаған менің білімім де бар.  Мен колледжде оқығанда ағылшын тілі мамандығын да  оқыдым. Ағылшынша күнделікті өмірде сөйлей аламын, жаза аламын, достарым көп, ағылшынша сөйлейміз»[1] (Ю., 25 жаста).

Ағылшын тілін білуге индивидтерді мақсатқа бағытталған рационалды әрекеттері итермелейді. «Оқығаннан кейін и өзі  Президентіміз айтып кетті ғой, үш тұғырлы саясатты қолдау керек. Ол үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілі. Осы үш тіл өте қажет бізге. Сондықтан да осы ағылшын тілін оқыдым. Болашақта бәрібір керек болады» (М., 19 жаста).

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан үш тілдік саясат қоғамда кеңінен қолдау тапқан. Біздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігі үшін, болашақта әрбір азамат үш тілді; қазақ (мемлекеттік), орыс және ағылшын  (халықаралық) тілдерін білетін болады. Информанттар бұл саясаттың іске асатындығына толықтай сенімді. Оны іске асыру жастардың қолында деп есептейді және де қазіргі жастардың осы бағытта нық қадам басып жатқандығын басып айтады.

«Асады. Мен ойымша, іске асат. Себебі қазір өз ортамда да бар. Курстас жолдастарым, достарым бар. Олар осы саясатты қолдайт. Америкаға барады. Осы тілді үйрену үшін. Жалпы кең қолданады ағылшын тілін қазір»  (М., 19 жаста)

Сұхбатқа қатысушылардың көпшілігі дерлік орыс, қазақ және ана тілінде таза сөйлейді. Ал болашақта басқа да шет тілдерін меңгеруге ниет білдіреді. Солардың ішінде: ағылшын, француз, кәріс, түрік, қытай, неміс тілдері. Шет тілдері арасында жоғары сұранысқа ие ағылшын тілі болып табылады. Бұл әлеуметтік-лигвистикалық кеңістікте мемлекеттің бәсекеге қабілетті елдер қатарына ену саясатын көпшілігінің қолдайтындығын көрсетеді.

Осылайша, қазіргі таңда, әсіресе жастардың бойында орыс-қазақ және қазақ-орыс тілдері арасында теңдігі қалыптасқан. Жастар мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің негізгі объектісі. Ендігі он жылдықта қазақ-орыс-ағылшын үш тілдік теңдіктің қалыптасуына сұраныс, қажеттілік тұрғысынан негіз бар. Мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілі, яғни полилингвизм – жаһанданып жатқан әлемнің талабы

Қорытынды

Жаһандану (“глобализация”, “глобализм”) ұғымдары XX ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та қолданыла бастады. Алғашқы еңбектердің аттары “Шекарасыз әлем”, “Біртұтас әлем”, “Біртұтас экономика” деген аттармен жарық көрді.

Жаһандану дегеніміз не? Орыс ғалымы В.М.Межуев «жаһандану – әлемдік қауымдастықтағы ұлттық мемлекеттер мен аймақтардың бір-біріне өзара тәуелділігінің артуы, олардың жалпыға ортақ экономикалық, саяси және мәдени ережелері бар бір жүйеге бірте-бірте тартылуы, интеграциялануы», деп атап көрсетеді. Оған мысал – ЮНЕСКО, компьютерлендіру бағдарламалары, ғарышты игеру, бүкіләлемдік қуатты корпорациялар, Халықаралық сауда ұйымы, Халықаралық туристік ұйым сияқты әлемдік қаржы институттары тағы сол сияқты.

Жаһандануды былай сипаттауға болады: бір ел мен екінші елдің арасындағы кедергілер азаяды, кең көлемде қауымдасудың мәні мен мағынасы артады, ақпараттар беру ісі жеңілдейді, қаржылық, ақпараттық салаларда біртұтас кеңістік жүйесі қалыптасады.

Қазір әлемдік қауымдастықта жаһандану үрдісі туралы оны жақтайтын және оны тіптен қабылдай алмайтын екі топ бар. Жақтаушылар, жаһандану нарық жүйесінде баға біркелкілігін жүзеге асырады, сондықтан, түбінде бағаның реттелуін, бірыңғай әрі салыстырмалы түрде төмен болуы мүмкіндігін алға тартады. Олардың пікірінше, жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету, мысалы, бір елде жаңғыртылған іс екінші елде артта қалып қоюы жан-жақты тиімсіз. Егер бірнеше ел компьютер жүйесінің бір бағдарламасын ұстанып, екінші бір елдер екінші бағдарламасын ұстанса, олар біріне-бірі қиюласпаса, байланыстың қай түрі болмасын қиындайтыны сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Әль-Фараби атынд. ҚазҰУ-нің 75 жылд. Арн. Халықаралық ғыл. тәжірибелік конф. Материалдары. Алматы: Қазақ ун-ті,2009 46-50бет Р.Е.Джансараева Г.Ы.Баймурзин
  2. Жаһандану жағдайында Қазақстан дамуының басымдықтары: жаңа көкжиектер. Семей,2009 123-126 бет С.М.Ахтаева М.М.Қалдыбаев  А.М.Алимжанова
  3. Жаһандану кезіндегі мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері. Алматы,2013 87-91бет Б.О.Алтынбасов  Н.Жангалиев
  4. Жаһанадану кезіндегі мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері:халықаралық ғылыми конференция материалдары. Алматы, 2013 234-238бет  К.Б.Альханов
  5. Жаһандану жағдайында трансұлттық қылмыстылықпен және жемқорлықпен күресу проблемалары. Алматы, 2009 35-39 бет С.Амерханов
  6. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан дамуының басымдықтары: жаңа көкжиектер. Семей, 2009 37-39 К.Е.Хасенова  А.Е.Исмаилова
  7. Актуальное проблемы государство и права в эпоху глобализации. Алматы, 2013 420-423 стр. Г.А.Андиржинова
  8. https://kk.wikipedia.org/wiki
  9. https://surak.szh.kz/421575
  10. https://surak.szh.kz/264820
  11. Жаһандану жағдайындағы трансұлттық қылмыстылықпен және жемқорлықпен күресу проблемалары. Алматы,2009  46-50бет  Р.Е.Джансараева  Г.Ы.Баймурзин
  12. Жаһандану жағдайында Қазақстан дамуының басымдылықтары: жаңа көкжиектер. Семей, 2009 123-126бет Ахтаева С.М М.М.Қалдыбаев
  13. Жаһандану кезеңіндегі мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері:халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. Алматы,2013 234-238 Альханов К.Б
  14. Жаһандану жағдайындағы трансұлттық  қылмыстылықпен және жемқорлықпен күресу проблемалары. Алматы, 2009  35-39бет  С.Амерханов  Р.Е.Джансараева
  15. Анализ финансового рынка Казахстана. Семей, 2009 37-39 бет Хасенова.К.Е А.Е.Исмаилова
  16. Жаһандану жағдайындағы мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері.Алматы, 2013 420-423бет Г.А.Андиржанов, С.Ошағанова
  17. Проблемы борьбы трансиациональный организованный преступностью и коррупцией в условиах глобализации. Алматы,2009 24-29 бет  Т.К Акимжанов,  Г.Ы.Баймурзин
  18. Қазақстан дамуының басымдылықтары :жаңа көкжиектер. Семей,2009 3-5бет А.М.Акимеева, М.Д.Джуленбаева
  19. Жаһандану кезеңіндегі мемлекет пен құқықтың өзекті мәселелері. Алматы,2014 77-80бет А.М.Ақаев
  20. Суд биев как величайшая социально политическая ценность казахского народа. Алматы, 2014  50-55бет  К.К.Айтхожин
  21. Воздействие межрегиональных различий на проблему обеспечения экономического устойчивого экономического роста. М.Х.Айдарханов Семей, 2009 142-146бет
  22. Новые вызовы в угрозы в Центральной Азии роль многосторонней дипламатии в регулирований. Л.ЖАбжапарова Алматы,2013 164-168 бет
  23. Особенности регулирования отношений с участием национальных и иностранных инвесторов в Республике Казахстан. Алматы,2013  213-216 бет  А.М.Абулхаирова
  24. Глобализация и международная преступность. Р.М.Абызов  Алматы, 2009  20-24 бет
  25. Незаконная трудовая миграция в Казахстане: проблемы регулирования в контексте действующего законодательства. Х.К.Ажигулова. Алматы, 2013 185-189бет
  26. Некоторые вопросы предупреждения преступления. Д.Ажинурина Алматы, 2013 291-295 бет.
  27. Воздействие межрегиональных различий на проблему обеспечения экономического устойчивого экономического роста. М.Х.Айдарханов Семей, 2009  142-146 бет.

Құрастырғандар: Минайдар А.,  Аяз Ұ.

Яндекс.Метрика