ЖАСАНДЫ ТҮСІК – ЖАҺАН ҚАСІРЕТІ

«Аборт» (лат.abortus — түсік) медицинада —  құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпей ұрық  тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл «Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады.

Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған.

Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған.

Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілдіӘйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк  көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу.

Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді.

Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер  жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін ауруларға (бруцеллез, туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т.б.) кездейсоқ шалдығуы мүмкін.

 Экономикалық әсері:

Жасанды түсік рұқсат етілетін елдер экономикалық шығынға ұшырайтыны туралы пайымдаулар бар. Мысалы, жасанды түсік кесірінен соңғы он жылда  333 миллион франк Швейцария экономикалық шығынды бастан кешірген. Жасанды түсік салдары ретінде ЖІӨ және тұтыну  деңгейінің азаюы саналады. «[1]

«БҰҰ-ның тұрғын халық саласындағы қорының (ЮНФПА) мәліметінше, күн сайын әлемдегі дамушы елдердің кәмелетке толмаған 20 мың жасөспірімі босанып жатады. Бір жылда бұл көрсеткіш 7,3 миллионға жетеді, оның 2 миллионы – 15 жасқа толмаған қыздар. Ал Қазақстанда жыл сайын 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдердің 20 мыңы жүкті болып, оның тең жартысы – 10 мыңға жуығы жасанды түсік жасатады. Қазақстандық жастардың 10 пайызға жуығы 14 жасқа дейін, ал 50 пайызға жуығы 19 жасқа дейін жыныстық қатынас жасап үлгеретінін айтады. Мұндай статистика жыныстық қатынас пен жасөспірімнің ерте жүктілігі, аборт және оның зияны туралы мектептен бастап үйретуді талап етеді.» [2]

Біз, жастардың болашағының – білім алуы, адам болып қалыптасуы мен денсаулығына зиян келтіретін факторлардың алдын алуымыз қажет. Ал ерте жастағы жүктілік пен аборт дәл осындай зиянды фактор. Жасөспірімдердің тек қауіпсіз жыныстық қатынас жасау шарттарын сақтамағандықтан жүкті болып жатқан жоқ. Бұл құбылыстың және бір себебі – мыңдаған жас қыз кәмелетке толмаған күйі ұзатылып та жатыр.Қазақстанда орта есеппен жылына 18 жасқа толмағандардың 3000 некесі қиылады.Бұл – бірнеше проблеманың бастауы. Біріншіден, денсаулық, жасөспірім қыздар бала туса, денсаулығына өте зор нұқсан келеді. Бізде қазір дінге бет бұрып, ерте жаста некесін қия салып жатқандар да аз емес. Екіншіден, жүкті болған жасөспірім білім ала алмай, кейін жұмыссыз да қалып жатады. Сондықтан әрбір ата-ана қызының денсаулығы мен оның болашағына жауапты болу керек.Біздің менталитет көп жағдайда үйде отырып, жүкті болған қызды сынға алып, шеттетеді. Сондықтан көп жасөспірімдер не айтпай аборт жасатады, не үйден кетіп қалып, бала туып, оны тастап кетіп жатады. Бір ғана Алматыда тастанды балалардың 29 пайызының анасы 18-ге толмаған қыздар. Егер қыздарын осындай сергелдеңге салғысыкелмесе, ата-ана өз баласының осы саладағы сауатын арттырғаны абзал.[3]

Бүгінгі бойжеткен қыз – ертеңгі ана. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетуге тиісті сол болашақ аналарымыз бүгінде өз өмірлеріне өздері балта шауып жүрген жайы бар. Сол аруларымыз некесіз бала көтеріп қалумен қатар, құрсағындағы шарананы жасанды түсік жасатып, алып тастап жатқаны қаймана қазақтың қасіреті десек, қателеспейміз. Тіпті оқушылар арасында да осы қадамға баратындар көп.» Бірнеше жыл бұрын мұндай әрекетке 15-16 жастағы қыз балалар барса, қазіргі кезде 12 жастағы жасөспірімді де осы қатардан көре аламыз.

Ресми деректерге сүйенсек, еліміздегі жасөспірім қыздардың екінші мәрте түсік жасатқан деректері кездеседі. Қазақстанда жасанды түсік жасату көрсеткіші экономикасы дамыған елдерден әлдеқайда көп екен.» [4]

Бұл – ащы да болса шындық. «Сұрап алған  аурудың емі жоқ».  Әдетте мұндай қадамға кімдер барады деген сауал мазалайды бізді. Әлбетте, ауылдан арман қуып келген қыздар өздеріне таңсық қала тір-шілігіне келгенде алды-артын ойламай алданып жатады.

Амалсыз әке-шешесіне айта алмағандықтан әлі дүние есігін ашпаған сәбидің өмірін қияды. Ал енді бір топ келіншектеріміз әлеуметтік жағдайының қиындығынан да осы қадамға барады. Сонымен қатар бұл іс-әрекеттің табиғат заңдылығына қарсы екенін біле тұра осындай жолды таңдайтын замандастарымыз да аз емес.

Еліміздегі дәрігерлер қазіргі таңда жоспарсыз жүктілік салдарынан түсік жасатқысы келетін әйелдердің ауруханаға тым кеш баратынына алаңдайды. Себебі операция неғұрлым кеш жасалған сайын, оның зардабы да соғұрлым көп. Операция кезінде шарана пышақтан қашып жанталасады. Себебі оның кәдімгі баладан айырмашылығы – жарық дүниеге келмегендігі ғана. Осылайша бір күндік қызық үшін бүкіл ғұмырын қор қылып, кешірілмес күнәға баратындар саны көп. Оның кесір-кесапатына бас ауыртып жатпайды да. Түсік жасату хирургиялық әдіс болғандықтан, оның зардаптары жетерлік. Түсіктен кейін әйел адам кей жағдайда өмір бойы ана болу бақытына ие болмауы мүмкін, яғни бедеулікке алып келеді. Операция кезінде да түрлі жағдайлар болуы ықтимал Ал мұндай ұлт трагедиясынан қалай айығуға болады? Бұл тұста ұлттық тәрбиенің рөлі зор. Ұлттың болашағы бүгінгі қыздарымыз, ертеңгі аналар екенін баба-ларымыз көрегендікпен айтып кеткен. Сондықтан да қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Қызының өзі үйде, қылығы түзде» болатынын білген аталарымыз «қызға қырық үйден тыйым» салған. Сондықтан біз де «ауырып ем іздемей, ауырмайтын жол іздеуіміз» керек. Ең алдымен, жастардың бойына рухани тәрбиенің дәнін егіп, имандылық пен ибалылыққа тәрбиелеуге міндеттіміз

Жанұя,қоғам болып жасанды түсікті жасатудың жолын емес,сол жолға қыз балаларды апармаудың мәселесін қарастыру керек.Әрине, ол үшін жастарымыздың имандылыққа, адамгершілікке, арлыққа тәрбиелеп,кішкентайынан тәнін-жанын тазалыққа үйрету қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

1) http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%BE%D1%80%D1%82

2) http://anatili.kazgazeta.kz/?p=5721

3) http://old.abai.kz/node/4381

4) http://www.oteiboidaq.kz/?p=85

Құрастырғандар: Абдиашимова С., Алмабек Д.

Яндекс.Метрика