ЖАСТАР ПРОБЛЕМАЛАРЫ: МӘДЕНТИЕТІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
Жастар проблемалары: мәдентиеті мен даму бағыттары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.
Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.
Келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн төмендегідей бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек. Жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің негізі болып табылған. Әдебиетімізде жастар көп жылдар бойы жеке әлеуметтік-демографиялық топ болып қарастырылған жоқ. Тек 1960 жылдардан бастап «Жастар» түсінігіне анықтама беріле бастады, «Жастар» -жас айырмашылығы, әлеуметтік жағдайы және әлеуметтік-психологиялық ерекшелігіне тән әлеуметтік-демографиялық топ. Ал нақты жастар субмәдениетін қарастыру елімізде Кеңес одағы ыдырағаннан кейін жүзеге аса бастады, ескі жүйе құлдырап, жаңа постиндустриалды қоғамға қадам басу, яғни қалыптасқан құндылықтар мен ережелер өзгеріп, жаңа әлеуметтік қоғамға тікелей әсер еткен реформалардың қабылдануы барлық әлеуметтік топтарға, әсіресе жастар қауымына ықпалын тигізбей қоймады.
Қазақ халқы ежелден-ақ ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Тәрбие құралдарын таба білген. Батырлық та, даналық та осы тәрбиеден бастау алады. Өйткені, тәрбиенің өзі нағыз ұлттық құндылық.Қазақтың нақыл сөздері мен мақал-мәтелдері — тұнып тұрған тәрбие құралдары. Халқымыз «Көп сөз көмір, аз сөз алтын» деп бекерге айтпаған. Азда болса, мәнді, мағыналы сөзбен ұрпағын тәрбиелеп, психологиялық ерекшелігін сақтап, бірлігін қорғап, нығайтып, дамытып отырған. Сондықтан, ең дамыған 30 елдің қатарына ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып енсек, болашағымыз баянды бола түседі. Қазақ жастары — елдің болашағы. Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы — жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішін¬де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі — жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады . Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, ЖОО-да және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген бабалар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірінен саналады. Біздің назарымыздан осы мәселе де тыс қалған жоқ.
«Жастар субмәдениеті проблемасын анықтау үшін, ең алдымен, «жастар» деген түсінікті қарастыру керек, яғни жастардың басқа топтардан айырмашылығын, жастардың жеке қасиеттері мен құндылықтарын, жастарға тән іс-әрекет пен жас тұлғаға әсер ететін факторлармен танысу қажет. Адамның жас шағы — құндылықтар жүйесінің қалыптасуы мен әлеуметтік статусының алғышарты болып табылады. Сонымен қатар осы шақта жастарға жаңаға деген ұмтылыс, ерекше болып көріну, белсенді өмір салтын ұстану тән, сондықтан жастар арасында нормадан ауытқушылықтар, яғни әртүрлі ықпалдарға еліктеушілік, оның ішінде батысқа еліктеушілік, әртүрлі жастар субмәдениетіне ену көрініс табады. Яғни «Жастар субмәдениеті» дегеніміз жеке адам дамуының өтпелі сатысы, жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады, белгілі бір субмәдениет өкілдері киген киіммімен, сөйлеу мәнерімен, жаргондары және айрықша әуестенулерімен ерекшеленеді және үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылықты білдіретінін көрсетеді. Мұндай топтарға жастар қай жолмен келеді немесе не әсер етеді дейтін болсақ, ол жастардың тікелей психологиялық ерекшелігімен байланысты, яғни ең алдымен, ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан. Қазіргі жаһандану заманында елімізде жастардың өз орнын тауып, жеке әлеуметтік топ болып, дұрыс бағытта дамуы қиынға соғуда. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Сондықтан отбасы жағдайы, мектеп қабырғасы жастардың қалыптасуының негізі болып табылғандықтан жастармен тең дәрежедегі позициясын ұстанып, тәрбиеге көбірек көңіл бөлгені дұрыс». [1]
Болашақ иесі жастар болғандықтан, біріншіден, осы аталған субмәденеттердің қоғамға пайдасы мен зиянын анықтамағанша, қоғамдағы рөлін бекітпегенше қарастырған мәселенің өзектілігі жойылмайды. Екіншіден, субмәдениеттер қоғамның көптеген аспектілеріне, оның ішінде қоғам тұрақтылығына тікелей әсер етеді, мысалы, радикалды бағыттағы бейформал бірлестіктер саясаттағы көзқарастарға қарсы пікірде болған жағдайда, қоғамда әртүрлі тәртіпсіздіктер, митингтер ұйымдастырып, инфрақұрылымдарды қалыптан шығаруы мүмкін, сондықтан қоғамдық орталарда саяси, әлеуметтік және басқа жағдайлар шарықтаған жағдайда субмәденет топтарының іс-әрекетін болжау және ақпараттандырылуы үшін субмәдениеттер түрлері мен типтерін қарастыру маңызды болып табылады. Үшіншіден, дәл қазiр жастар саясаты енді жөнге қойылып келеді. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ. Сондықтан осындай субмәдениеттерді қадағалайтын органдардың, заңдардың ашылуы біздің елге қажет боғандықтан, жастардың болашақ өміріне кедергі келтіретін, қоғамға зияны тиетін субмәдениеттерді қадағалау мәселесі маңызды болып табылады.
«Қазақстандағы ресми емес қозғалыстарға белгілі бір стильдер мен бағыттардың араласып келуі тән. Қоғамдағы біркелкіліктің болмағандығына байланысты мәдени мұралар элементтерінің де соншалықты санқырлылығы байқала түседі. Соңғы жылдары музыкалық субмәдениет (поп, рок, рэп), гедонистік субмәдениет (байкерлер, рейверлер және т.б.), спорттық субмәдениет (паркуршілер, сноубордшылар, скейтбордшылар), діни топтар (секталар) және жаңа технологияның дамуына байланысты (хакерлер, геймерлер) субмәдениет бірлестіктері айрықша даму үстінде. Готика, эмо, скинхэд, анимэ табынушылары секілді спецификалық субмәдениеттің түрлері бізде бар болғанымен басқа да шетелдермен салыстырғанда өте сирек кездеседі. Ресми емес бірлестіктер негізінен оқушылар, студенттер арасында психологиялық қалыптасу кезеңі мен әсіресе ата-ана тарапынан болатын олқылықтардың қатарласуы салдарынан орын алады.» [2]
Жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемалардың көрінісі мен жалғасы болып табылады. Жастардың әлеуметтік проблемалары – бұл қоғамның өмір тіршілігі және де, жастар үшін де өмірлік маңызды, халықтың ерекше әлеуметтік – демографиялық топтың проблемалары, жас ұрпақтардың және олардың ұйымдарының жігерін ғана емес сонымен қатар қоғам мен мемелекет тарапынан нақты саясатты талап ететін шешімдер болып табылады.Жастарды негізінен келесі проблемалар қатты ойландырады: жоғары немесе орта білім ала алмау; өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары; өз мамандығы бойынша жұмысқа қамтылу мәселесі; баспананың болмауы. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай дәл осы қиын шешілетін мәселелер жиынтығы отбасы ішілік келіспеушіліктердің пайда болуына, олардың тұрақсыздығына алып келеді.
Келешекте дұрыс қоғамды қалыптастыру үшiн төмендегідей бөтен мәдениет түрiн қабылдамаудың жолын шешу керек. Керiсiнше, өзiмiздiң қазақы дiлiмiз бен мәдениетiмiзге тән ерекшелiктерiмiздi тануға тиiспiз. Ұмыт қалған салт-дәстүрiмiздi қайта жаңғыртып, дамытып, өзiмiздiң қазақ деген атқа лайық мәдениеттi, оның салаларын қазiргi жастарға насихаттау керек. Бүгінде мектеп, университет және отбасы жастарға жай «бақылаушы» позициясын ұстанбаулары керек, керісінше, жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз ету керек.
«Жастар арасындағы әлеуметтік жұмыс табыстылығының маңызды шарты болып, жастардың әлеуметтік проблемаларының туындау «деңгейін» анықтау табылады.Ең алдымен әлеуметтік қызметкерлер мынадай екі мәселеге назарларын аудару керек: мектепте оқуын жалғастырып жатқан жасөспірімдер еңбегі және орта мектеп түлектерін жұмыспен қамту.«Қазақстан жастары» 2005-2007 жылдар аралығындағы жастар саясатына арналған бағдарламада мемлекеттік бюджеттен 3,8 млн АҚШ доллары бөлінген. Бұл көршілес Қырғызстанмен салыстырғанда 7 есеге асып түседі .Көршілес Өзбекстан Республикасында атышулы жастар арасындағы жұмыссыздықты шешу түгілі, мектеп бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсудің өзі қиын мәселе. Колледждер саны шектеулі. Ал бізде ше? Грантта бағын жанбаса ақылы негізде білім алуға мол мүмкіндік бар. Ол мүмкіндік егер үздік оқуынмен көзге түссен мемлекет тарапынан бөлінген гранттар мен несиелердің иегері болуға да жағдай жасалуда.Көрші Ресей Федерациясында 1 тамыз 2007 жылы шәкіртақы көлемінің өсуі 1,25 есені көрсетті. Бізбен салыстыратын болса, тек қана былтырғы жылдың өзінде мемлекетімізде Елбасы қолдауымен магистранттарға 3 есеге ұлғайтылған шәкіртақы тағайындалған болатын. Ресей Федерациясының 2008-2010 жылдарға арналған 3 жылғы мемлекеттік бюджетінде білім беруге қаражат небәрі 19 пайызға ғана көтерілмек, оның ішінде 2009 – 9,5 пайызды құрайды екен.
Ал бізде 2009 жылдың өзінде бұл қаражат 25 пайызды көтеріліп отыр. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы жастардың әлеуметтік жағдайына нақты қолдау көрсетілетіндігін дәлелдейді. Сонымен қатар, 2007 жылғы Қазақстан Халқына арналған Елбасы Жолдауында жұмыс жасайтын аяғы ауыр әйелдер үшін аналық, жүктілік және туу кепілдігі міндетті әлеуметтік сақтандыру еңгізілді. Бұл көмектің еліміздің жас отбасылы инабатты келіндері үшін қаншалықты маңызды екені жақсы түсінікті. Себебі мұндай жүйе жұмысынан айырылып қалмай мемлекеттің кәсіби дамуына үлес қосумен қатар жақсы ана, аяулы жар болуға мүмкіндік береді.» [3]
Жастар шығармашылығына қолдау көрсетудің тағы бір қырына тоқтала кеткен жөн. «Ақылдың елден қашуы» деген мәселенің кез келген мемлекеттің болашағы үшін қауіпті екені түсінікті. Бұл жәйттің біздің елімізге де қатысы барлығын жоққа шығара алмаймыз. Осы тұрғыда, салдарына тікелей әсер етпегенмен де қор өзінің қолдау-көмегі арқылы бұл мәселенің себебін азайтуға, яғни дарынды жастардың ғылыми-шығармашылық ізденісін ұштауға өзіндік ықпал етуде деуге болады. Мәселен, аталған байқауларға қатысушылардың қай-қайсысы болсын еліміз өміріндегі нақты бір өзекті мәселелерге байланысты жан-жақты зерттеулер жүргізеді, шешу жолдарын өзінше негіздеп ұсынады. Жақсы идеялар жоба күйінде қалмайды, міндетті түрде жүзеге асырылады. Осылайша, байқау дарынды жастарға ізденіс ізсіз кетпейтіндігін, бағалы идеялар еленбей қалмайтындығын көрсетті. Өз елінің тағдыры мен болашағына бейжай қарай алмайтын әрбір адамның ой-арманы, талап-тілегі қашанда өз биігінен орын табатындығын сезіндірді деп ойлаймыз.Ғылым-білім, мәдениет пен өнер саласындағы талантты жастарды қолдауда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры орасан зор жұмысты атқарып отыр.Өйткені, Қазақ елінің атын үшінші мыңжылдық тарихына жазатын, аға толқынның ғылым мен мәдениеттегі өрелі жолын лайықты жалғастыратын да осы бүгінгі толқын — жастар болмақ.«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры біраз жыл Бектас Мұхамеджанов болды.
«Еліміздің тұңғыш Президенті қорының мақсаты мен міндеттеріне тоқталсақ:
— Қор қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, отансүйгіштікті қалыптастыруға, қоғамымыздың әрі қарай демократияландырылуына, еліміздің мәдени, экономикалық және саяси саладағы халықаралық байланыстарының одан әрі дамуына атсалысу.
Қазақстанның ішкі саясаты мен халықаралық аренада жеткен жетістіктерін еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Н.Ә.Назарбаев жаңа қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына, халықтар достығын нығайтуға, еуропалық және азиялық мәдени байланыстар мен экономикалық қарым-қатынастардың үйлесімді дамуына үлкен үлес қосты. Міне, осы тұрғыдан алғанда, еліміздің тұңғыш Президентінің әлемдік деңгейдегі саясаткер ретіндегі тұлғасын ашып көрсету, оның сан қырлы қызметін ғылыми тұрғыда сараптау және насихаттау мақсатындағы шараларды ұйымдастыру қордың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Бүгінде қор тарапынан сан-салалы жұмыстар қолға алынып, атқарылған шаралар аз емес. Атап айтқанда, 2011 жылы мамыр айында Қазақстанның, Ресей, Қытай, АҚШ, Израиль, Үндістан, Германия және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері, саяси және іскер топтарының өкілдері қатысуымен Парламент үйінде «Н.Назарбаевтың еуразиялық доктринасы: Шығыс пен Батыстың сұхбаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Осы ғылыми жиынның жұмыс қорытындылары бойынша еуразиялық интеграцияның тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар дүниеге келді. Конференция материалдарына арналып жинақ әзірленді. [4]
Ғылым өрісін кеңейтуге бағытталған шаралардың қатарында жыл да қордың ұйымдастыруымен өткен халықаралық жастар форумын айтуға болады. Жүздеген жас ғалымдар қатысқан бұл ғылыми жиын тақырып ауқымдығын, талқыға түскен мәселелердің өзектілігін, еліміз бен шет елдік ғылыми ортаның белсенді ынтымақтастық байланыстарының нәтижелілігін көрсетті. Форум аясында студенттердің табиғи және қоғамдық ғылымдар бойынша үздік ғылыми жұмыстары байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бұл шаралар кеңес жұмысының үлкен бір бағыты. Сонымен қатар, өз қызметі аясында жүргізген әлеуметтік зерттеулер негізінде жас ғалымдар кеңесі ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастырып, семинарлар мен тренингтер және жастардың ғылым-білімге қызығушылығын арттыруға бағытталған басқа да шараларды жүзеге асыруда.
«Қалай десек те, қазіргі қазақстандық жастарда Отан алдындағы жауапкершілік сезімі мүлдем жоқ деп айта алмаймыз. Оларға ата-бабаларынан ұлан ғасыр байтақ территориясы, тереңге тамыр жайған төл тарихы мен мәдениеті өшпес мұра болып қалып отыр. Бай тарихи мұралардан нәр алған жас буын өкілдерінің рухани мүгедек немесе саналы опасыз болуы мүмкін емес. Бұл тарих беттері дәлелдеген бұлжымас факт.
Адамның жастық шағы – өзінің мақсаттары мен міндеттерін айқындап адамгершілік нормаларды, құндылықтар жүйесін қалыптастыратын кезең. Бір сөзбен айтқанда адам өміріндегі үлкен өзгерістер кезеңі, тұлға болып қалыптасу уақыты. Дәл осы кезеңдегі бозбаланың еліне лайықты азамат болып жетілуі оның қоршаған ортаға деген ішкі рухани құндылықтарының бағамына байланысты болса керек. Осындай құндылықтар жүйесі тікелей түрде жас адамдардың әлеуметтену процесіне ықпал етіп, өмірлік мұраттарын іске асыруда, мамандық таңдауда өз ықпалын тигізеді.
Осындай мәселелер қазіргі күні өткір қойылып, өз шешімін табуы үшін мемлекет тарапынан қаржылық қолдау мен қатар кешенді бағдарламаларды жүйелі түрде іске асыру қажет. Олай болмаған жағдайда қоғамымызда ертеңгі болашаққа күмәнмен қарайтын, тек қана бір күндік өмірін ойлайтын дүбәра орта буын қалыптасу мүмкіндігі арта түсері анық.
Сондықтан да жастардың патриоттық тәрбиесі мәселесіне көз асты қарамай, осы бағыттағы жастардың бүгінгі проблемаларын жан-жақты зерттеп, олардың өз еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін жетілдірген абзал. [5]
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры» қоғамдық қоры 2011 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен өткен Білім конференциясына қатысушылар адамзаттың басын біріктіретін — білім ғана деген байлам жасады. Мықты маман болып, өмірдің сан кетігін бүтіндер ақылды, дарынды, талапты жастарымыз аз емес.
Мәселе, солардың алғашқы қадамына қолдау көрсетіп, көмек жасауда. Осы мақсатта Қор жанынан республикамызда және шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істейтін отандық ғалымдардан кеңес құрылды.
Қызметінің басты бағыты — мемлекеттік ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың маңызды мәселелері жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылатын Жас ғалымдар кеңесі ғылымды дамытуға, оны алға апарар талантты жастардың ғылымға келуіне қамқорлық жасау мақсатында бірқатар бағдарламаларды жүзеге асырады. Соның бірі, еліміздегі ғылыми ұйымдар мен жетекші жоғары оқу орындарының жас ғалымдарының іргелі және қолданбалы ғылым салаларындағы зерттеу жұмыстары үшін берілетін гранттар байқауы болып табылады. Байқау жыл сайын өткізіледі, оған келіп түскен жұмыстар белгілі ғалымдар мен сарапшы мамандардан құралған сараптау комиссиясының мұқият қарауынан өтеді, қолданбалы сипаттағы жұмыстардың авторларымен кездесулер өткізіледі. Жеңімпаздарға гранттар тапсырылады, ал ең үздік зерттеулер үшін Президент қорының арнайы сыйлығы тағайындалған.
Мұндағы мақсат — жастардың ғылымға деген ынта-ықыласын, кәсіби біліктілігі мен шығармашылық қабілетін арттыруға қолдау көрсету, сол арқылы еліміздің интеллектуалдық әлеуетін көтеру ісіне қызмет ету. [6]
Республикамыздың жоғары оқу орындарында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу белсенділігін арттыру, жастарды нақты ғылыми-зерттеу, сараптау, әлеуметтік және бизнес-жобаларға тарту. Яғни, гранттар алу үшін үздік жұмыстарға жарияланатын байқаулар — бұл дарынды жастарды табу, іріктеу, олардың тұлғалық және кәсіби тұрғыда көрінуіне, өсуіне жол ашу, сонымен қатар еліміздің даму болашағы үшін құнды, бағалы идеяларды ынталандыру, алға апару мүмкіндігі болып табылады.Студент-жастар мен жас ғалымдар белсенділігінің артып, қатысушылар қатарының жылдан жылға көбейе түскендігі байқаудың қаншалық маңызды және қажетті екендігін көрсетеді. Байқаудың 2008 жылғы қорытындысы бойынша 60-тан астам адам жеңімпаз атанып, грантқа ие болды.Сонымен қатар желтоқсанда табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы үздік зерттеулер, жаңашылдығымен және дарындылығымен ерекшеленген шығармашылық жұмыстар үшін жас ғалымдар мен мәдениет және өнер қайраткерлері арасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының сыйлығына жарияланған 2008 жылғы байқау өз мәресіне жетіп, сыйлық иегерлерінің есімдері анықталды. Бұл іс бүгінде өз қолдауын табуда. [7]
Қазақстанда қазіргі кезде 17 миллионнан астам адам тұрады . 15-29 жас аралығындағы азаматтардың жалпы саны – 3 787 700 адам, немесе жалпы халық санының 25,7% -ын құрайды.
1-кесте. 2011-ші жылмен 2014-ші жылдар халық құрылымындағы жастардың үлесі,% (15-29)
Жоғарыда көрсетілген 2-Кесте бойынша 15-19 жас аралығындағы қазақстандықтардың жалпы саны 5642,4 адам. «Орта» (20-24) жас тобы 5140,4 адамды құрайды. Бұл топтағы жас халықтар саны 15-19 жас аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда 502 адамға кем.
25-29 жас аралығындағы топтар 4619,4 жас қыздар мен ұлдарды құрайды. Ең төмен көрсеткіш осы топтағы жас халықтар санынан байқалады. Яғни, 20-24 жас тобы аралығындағы халықтар санымен салыстырғанда-521 адамға кем, ал 15-19 жас тобы аралығындағы халықпен салыстырғанда – 1023 адамға кем екенін көре аламыз.
Республика экономикасында 1205,8 мың жастар жұмыспен қамтылған, немесе олар жалпы халықтың 28%-ын құрайды. Сонымен бірге 15-24 жас аралығындағы жастардың үлесі – 50,5% және 25-29 жас аралығындағы жастардың үлесі – 49,5%. Жұмыспен қамтылған жоғарғы және аяқталмаған жоғарғы білімі бар жастар үлесі- 17,1% -ды құрайды, орта мамандар – 27,1%-ды және жалпы орта білімді жас азаматтар – 44,3% -ды құрайды. Ауыл, орман және балық шаруашылық секторларында 356,8 мың жастар жұмыспен қамтылған (жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 29,6%-ын құрайды), өнеркәсіпте және құрылыста – 189,5 мың (15,7%), ал қызмет көрсету саласында – 659,1 мың (54,7%) жастар жұмыспен қамтылған.
Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлер — әлеуметтік қамсыздандыру, білім, жұмыспен қамту қызметі және әскери салаларда жұмыспен қамтылған.[8]
3-Кесте. Халықтың жас ерекшелігі мен саны пайызбен
Қазіргі кезде қазақстандық әйелдері көпшілік жағдайда, бір екі бала туумен ғана шектеледі, сондықтан халық санын көбейту үшін отбасы жалпы санының жартысынан көбі үш және одан да көп балалы болуы керек. Тек қаланың емес, сондай-ақ ауылдық жердегі әйелдер де баланы аз туатын болды. Бала тууды саналы түрде шектеу, негізінен бала туу барынша қабілетті жастағы әйелдерде байқалады. Осыған байланысты әйелдер мен балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау аса өзекті проблема болып қалады.
«Қазір Қазақстан Республикасы аумағында 3527000 отбасы тұрады. Еліміздегі қазіргі жағдай отбасы жағдайын шиеленістірді. Көптеген отбасыларында әлеуметтік қызметтерді іске асыру шарты – репродуктивті, экзизтенциалды мәндегі және балаларды алғашқы әлеуметтендіру күрт төмендеді. Алаңдатушылықтың басқа бір себебі аборт процентінің жоғары болуы. Аборттан кейінгі өлім – ана өлімінің жоғарғы коэффициентіне қатысты негізгі себептердің бірі.
2014 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі халық саны 1,5%-ға, 1-4 жас аралығындағы халық саны 3,4%-ға, 5-9 жас аралығындағы халық саны 1,3%-ға, 30-34 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 35-39 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 55-59 жас аралығындағы халық саны 2,2%-ға, 65-69 жас аралығындағы халық саны 0,7% -ға кеміді.
Ал, 10-14 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 15-19 жас аралығындағы халық саны 0,6%-ға, 20-24 жас аралығындағы халық саны 0,4%-ға, 40-44 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға, 45-49 жас аралығындағы халық саны 1,6%-ға, 50-54 жас аралығындағы халық саны 2,1%-ға, 60-64 жас аралығындағы халық саны 1,1%-ға және 70 жастан жоғары жастағы халық саны 0,5%-ға 2004 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ұлғайған. Және де осы кестеден көріп отырғандай халықтар арасындағы ең үлкен өсім 10-14 жас аралығында байқалады.
Тек орыс әйелдері емес, сондай-ақ қазақ әйелдері арасында да жас айырмашылығына байланысты бала туу деңгейінің нақты төмендеуі байқалады. 2013 ж. мәліметтері бойынша қазақ әйелдерінің бала туу жасының мөлшері нақты алғанда, 35 жасқа дейін ақталады: бала туудың 90,9% 35 жасқа дейінгі аналар. Орыс әйелдерінің бала туу жасының мөлшері негізінен, 30 жасқа таман аяқталады. (барлық туудың 84,1% 30 жасқа дейінгі).
2011 жылы неке саны 145686, ал ажырасу саны 41567 болса, 2014 жылы неке саны 96048, ажырасулар 35460, яғни халықтың неке-6,4, ажырасу-2,4 болған. Яғни, 4 жыл ішінде неке саны қысқарған, егер жылдармен салыстырсақ, онда ажырасудар саны қарқынды өсуде.
Некеге тұрушылар санының қысқаруы байқалады. 2010 жылы халықтың 1000 адамына 6,4 неке, 2012 жылы 9,8 неке қиылған, яғни осы мерзім ішінде некелік 1,7 есе кеміген.» [9]
«Қазақстан Республикасында жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында әлеуметтік қызметтер жұмыс атқарады.
Әлеуметтік қызметтер жұмысының бағыттары:
- психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеумеметтік, заңдық көмекті жүзеге асыру және кәмілетке толмағандар мен басқа да жастар өкілдеріне консультациялар беру;
- өздерінің тәни кемістіктеріне байланысты ерекше қолайсыз жағдайларда қалған адамдарға әлеуметтік көмек;
- жас отбасыларына әлеуметтік көмек;
- еңбек және оқу ұжымдарында жастарды құқықтық қорғау;
- мінез-құлқы девиантты кәмелетке толмағандарға, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмаған азаматтарға әлеуметтік көмек;
- құқықтық насихат, жастардың жұмысқа орналасу, білім беру және кәсіптік даярлау, бос уақытын өткізу, туризм және спорт салаларындағы құқықтарын іске асыру мүмкіндігі туралы оларды хабардар ету;
- жастардың жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу болып табылады.» [10]
Қазақ жастары — елдің болашағы. Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы — жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішін¬де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі — жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады . Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, ЖОО-да және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқаруға, азаматтық қасиеттерге баулиды. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму барысында саяси-идеологиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруына сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне орай оқушыларға халықтық дәстүрге негізделген бабалар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблемаларының бірінен саналады. Біздің назарымыздан осы мәселе де тыс қалған жоқ.
«Мелекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құқықтары:
1) заңдарына сәйкес мемлекеттік медициналық мекемелерде тегін медициналық қызмет көрсетілуіне;
2) мемлекеттік оқу орындарында тегін жалпы орта білім және бастауыш кәсіптік білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде тегін жоғары және орта кәсіптік білім алуға;
3) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша жеңілдікті жағдайларда мемлекеттік спорттық-сауықтыру және мәдени-ағарту ұйымдарына баруға;
4) құқықтық, психологиялық, педагогикалық мәселелері, сондай-ақ отбасылық және жыныстық тәрбие мәселелері бойынша консультациялар түрінде әлеуметтік қызмет көрсетулерді; мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілерді, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және т.с.с. оңалту жөніндегі қызмет көрсетулерді тұтынуға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға әлеуметтік құқықтары бар.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың рухани, мәдени, білім алуы, кәсіби қалыптасуы мен дене тәрибиесін дамытуы үшін әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктер жасау, бүкіл қоғам мүддесі үшін олардың шығармашылық әлуетін ашу мақсатында жүзеге асырылады.»[11]
Жастардың арасындағы субмәдениет туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен бұл түсінік астарында не жатқандығын анықтап алу керек. Айқындап алуға деген қажеттілік қазіргі күнде тек «жастар субмәдениеті» ұғымына ғана қатысты емес, сонымен қатар «жастар», «субмәдениет» түсініктеріне де өзіндік талдау, түсіндірулердің көбейіп кеткендігінен туып тұр. Жалпы, субмәдениет — жас адамдардың ресми емес қатынастарының, олардың ерекше өмір сүру стилі мен тәртіптерінің, белгілі бір қағидалары мен құндылықтарының нәтижесі және «МЕН-ОЛАР» жүйесіндегі өздерін көрсетудің, дамытудың бір жолы.
Жастар субмәдениетінің өзіндік құндылықтары мен тәртіп нормаларын культқа айналдыруға уақыты жеткілікті жас адамдар аса көп шоғырланған үлкен мегаполистерге тән феномен екендігін айта кеткен жөн. Мұны «жастарға арналған мәдениет» (кино, әртүрлі жаппай көңіл көтеру, бизнес, сән, телехикаяттар т.б.) пен жас адамдардың контрмәдениетімен (дәстүрлі нормаларға қарсы тұру секілді) шатастырмаған жөн.
«Субмәдениет (лат. sub — төменгі, нем. kultur — мәдениет) — дәлме-дәл аударымда «астыңғы мәдениет», ірі мәдени құрылым ішіндегі белгілі бір топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем болып тұрған мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер т.б. құрайды.Жаңа заман көптеген дүниелердің даму шыңына жеткен, жаңа лептің бастау алған кезеңі болды. Ол тек техникалық жетістіктер, ғылыми ашылуларға ғана байланысты емес. Сонымен қатар рухани, мәдени жаңашылдықтың да белең алған уақыты. Сондай заман нәтижелерінің бірі — фанатизмнің (табынушылықтың), психологиялық талғамдағы ұқсастықтың белгілі адамдарды ұлтына, жынысына қарамай, бір идея толқынына біріктіруі, яғни «субмәдениет» ұғымының қалыптасуы. Бұл үрдіс көп кешікпей Қазақстанға да келді. Субмәдениет өкілдерін, қала көшелеріне шықсаңыз, міндетті түрде көресіз және бірден танисыз. Өйткені олардың киім киістері де, өздерін ұстауы да, сөйлеулері де өзгеше. Сiздерге бiр топ бейформалды бiрлестiк өкiлдерi, атап айтқанда, басынан аяғына дейiн қап-қара киiнген, бет-келбетiн де қарамен бояп алған адамдар немесе үстi-басы металдан жылтырап тұрған, не басқа да «ерекшелiгi» бар, өзгелерге ұқсамайтын жастар кездестi ме? Шынымен де, бұл қызық сұрақ болғанымен, оның астарында үлкен мәселесi бар. Бұл «ерекше адамдар» белгiлi бiр субмәдениет өкiлдерiн құрайды. Осы субмәдениет бiздiң қоғамдағы жастар арасында белең алып барады. Субмәдениет – жастардың өзiндiк қоғам құрып , белгiлi бiр топ iшiндегi бейформалды, яғни, қоғамнан бөлек бiрлестiгi, осы бiрлестiк мәдениетi . Ошағы Батыстан бастау алатын субмәдениет ұғымы қазiр бар әлемде кең таралған. Оған , әсiресе , жасөспiрiмдер көп қызығады.» [12]
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар:
1.Отбасындағы түсініспеушіліктер, отбасына қарсы шығу
2.Мектептегі үлгермеушілік және мектеп ұжымынан оқшаулану
3.Барлық адамдар сияқты юолуды қаламау
4.Тұрақталу қалауы, өзіне көңіл аудартқысы келеді
5.Криминалдың әсер етуі
6.Мода қуу
7.Батыстық бейнеге еліктеу
8.Өмірлік мақсаты болмау
9.Жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б.
Әлеуметтік – құқықтық критерии бойынша бейформалдық бірлестіктер
3-ке жіктеледі:
1. просоциальді(жағымды бағыттағы)- жастарға жағымды, белсенді әсер ететін.
2.асоциальді(бейтарап түрде)- бос уақытты өткізу үшін құрылған.
3.антисоциальді(жағымсыз бағыттағы)- жастарға кері әсерін тигізетін бірлестіктер.[13]
Жастар субмәдениеті — жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі жүргеннен соң, әрі қарай өз мәнін жоятын дамудың белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы. Жастардың ресми емес қатынастары және олардың өздеріне ғана тән мақсаттарын табуы жеке субмәдениеттің қалыптасуының себебіне айналады.
Жастар субмәдениеті — киген киімнен, сөйлеу мәнерінен, жаргондардан және айрықша әуестенулерден көрініс табатын үлкендер әлеміне, қоғамның ережелері мен құндылықтарына деген өзіндік қарсылық . Белгілі бір субмәдениеттің өкілі болып табылатын жастардың психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, ол мына бір жайттардан көрініс табады: ата-аналары мен мектеп тарапынан болатын бақылаулардан босауға деген ұмтылыстан, эмоцияға аса берілгіштіктен, жасөспірімдік әсірелеушіліктен, өмірге қатысты ойларының тым мінсіздігінен, адамгершілік ұстанымдарының тұрақсыздығынан, жеке адами құндылықтарының қалыптаспауынан.
Жастардың өмір сүру қалпы және тіршілік ұстанымы контрмәдениет шеңберінде болуы мүмкін емес сияқты. Себебі субмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келмейтін жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ал контрмәдениет – жалпы мәдени құндылықтар мен нормаларға қайшы келетін жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Хиппи құбылыс ретінде алғаш АҚШ-та 60-жылдардың басында өзгеріп кеткен қажеттіліктер мен оны қанағаттандыра алмаушылық мәселелері негізіндегі контрмәдениетті көңіл күйдің көрінісі ретінде пайда болды. Ал Батыс және Шығыс Еуропа елдеріндегі «тақыр басты» жастар қозғалысының пайда болуы, оның Ресейдегі қатыгездену және саясаттану тарихы — бұл да жастар субмәдениетінің емес, контрмәдениетінің көрінісі. Қазақстан — белгілі дәстүрлер мен жаңашылдықты өзіне жинақтаған ерекше мемлекет. [14]
Біздің жастар, бір жағынан, қоғамның инновациялық потенциалы болып табылады және білім алуда, жаңашылдықты қабылдауда, мамандығы бойынша өсіп-өркендеуде және өмірдің басқа да салаларында жеткілікті белсенді. Бірақ сонымен қатар тәрбие мен құндылықтарды мұра ретінде қабылдаудағы дәстүрлерді де ұмытпайды. Дәл осы санадағы дәстүрлілік пен діл ерекшелігі жастардың ерекше субмәдениетінің қалыптасуын тежеп тұр.
Негізі, жас адамдардың наным-сенім, өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, денсаулық, отбасы секілді құндылықтарға қарым-қатынастары оның рухани-адамшылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақсаттарын асыра бағалауымен байланысты. Біріншіден, жастар субмәдениеті жас адамдардың өз қолдарымен жастар үшін құрылады. Одан барлық адам бірдей өтпейді және субмәдениет қазіргі әлеуметтік-мәдени ұстанымдарды жоюға емес, керісінше, жастарды сол қоғамның бөлшегі етуге негізделеді.
«Субмәдениет — бұл қоғамның жай кедергі жасамауына болатын жастардың әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмір¬ге бүгінгі аса қиын және динамикалық (қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ басатындығын ұмытпауымыз керек. Оларға нағыз өмір туралы нақты кеңестер беріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп, олардың бастан кешіргендеріне сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір тарихтарын білмегендіктен туындайды. Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғы¬лыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұрғысынан саралап, дәуір психологиясын ескермей, мәселені сол заман адамдарының қандай көзқараспен танығандығын назардан тыс қалдырып жатамыз.» [15]
Қазак халқы өз ұрпағын ізгілікке , отансүйгіштікке тәрбиелеп келеді.Осы тәрбиені одан әрі жалғастыру үшін әрбір отансүйгіш азаматтардың өткен күнгі тарихты, батырларымыздың ерлік рухын білуі керек.Қазақ жастарының бойына ұлттық рухты сіңіру жақсы тәрбие беру деген сөз. Бұл жағдайда әлемнің екінші ұстазы, ұлы ойшыл Әл – Фарабидің « Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы , ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» -деген. Яғни барлық уақытта тәрбие бірінші орында тұратыныны жайлы айтқан екен. Сондықтан да осы Әл- Фараби бабамыздың жолын ұстана отырып, біздер, яғни жас ұрпақ тәрбиелеушілер тәрбиені қалай қолға алсақ, патриоттық сезімде де дәл осындай дәрежеде, биік ұстауымыз қажет. Білім мен тәрбие қалай егіз жүрсе,мемлекет пен халық арасында да осындай ажырамас туыстық қатынастар болуы шарт.
Міне, осы салаларды оқу- тәрбие барысында барлық жастар бойына сіңіру бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Ол үшін жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісін мемлекеттік тұрғыда қолға алу керек. Бұл тәрбиені тек мемлекеттік тұрғыда емес, осы салаға үлес қосатын әрбір адам да еңбектенуі керек, яғни патриотизмді ояту үшін өз тарихының қойнауына көз жүгіртуі шарт.
Тәуелсіз елдің жас ұрпағының бойында әрдайым отанды сүю сезімі болуы тиіс. Отансүйгіштік сезім – отансүйгіштік рухтың құнарлы мәйегі. Ол адам өзі өңген топырағы мен өскен ортасына деген құштарлығының, құрметінің деңгейін білдіреді.
Елге, жерге деген сүйіспеншілік асыл қасиеттер көктен түспейді, жоқтан жаралмайды. Ол әр адамға туған топырақтан, ана сүтімен дариды.
Әр балаға өз еліне деген патриоттық рух қалыптастыру үшін, оның бай тарихына, байлығына деген жауапкершілігін сезіндіретін әрекет жүйесін жасауымыз қажет. Патриотизм өзінен–өзі қалыптаспайды, бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, мен Отанымның алдында борыштымын» деген ойларды сіңіру қажет.
«Отан үшін, отқа түс күймейсің»- деп Бауыржан атамыз айтқандай Отанды сүю, Отанды қорғау, елге қызмет ету әрбір адамзаттың зор міндеті.Тәуелсіздік туы желбіреп, еліміздің өркениетке барар жолда тұрғанда өз Отанын шексіз сүйетін, білімді адамгершілігі мол, парасатты , мәдениетті жан – жақты жетілген ұрпақ болып өсу әрқайсымызға тиесілі үлес.
«Атамекен, туған жер» ата – бабаларымыз үшін қасиетті де киелі ұғым болған.Осы бір қасиетті ұғымды олар өз ұрпақтарына- « Халқының патриоты» болу үшін мұра етіп қалдырған. «Жалаңаш барып жауға шап, ажалың жетпей өлмейсің» деген мәтел патриоттық тәрбиенің нақ куәсі. Бүгінде оқушыларға отансүйгіштік тәрбие беруден халықтық дәстүрге негізделген батыр бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау барынша нығайып келеді.
Жастарды патриотизмге тәрбиелегенде қазақ халқы үшін қиын күндер туғанда, ер етігімен су кешіп,ат ауыздығымен су ішкен күндердің құрбандары болған батырлардың ерліктері жайлы сөз қозғамау мүмкін емес .
«Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, олардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Елімізде жастар саясаты қалай жүзеге асырылып жатқанын баяндап өтейік. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі Мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан саясатының нәтижесі екені белгілі. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы белгілі. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды жұмыспен қамтудағы жеңілдіктер, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Президент жыл сайынғы жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша бірнеше іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі.» [16] Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Кез келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады», — деген болатын. Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», т.б. бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Осы бағдарламалар аясында республика аймақтарында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын назарларыңызға ұсына кетейік.
Елімізде жастар тәрбиесіне қатысты қандай шаралар қолға алынып, қандай жұмыстар атқарылып жатқаны туралы да айтып өтейік. Іс-шаралардың басым бөлігі оқу орындарының іргесінде өтіп жатқаны белгілі.Жаhандану заманында лайықты тәрбиесіз ұлтты, ұрпақты сақтап қалу қиын. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған түрлі деңгейдегі жобалар, жарыстар, байқауларды өткізу арқылы жүзеге асырылады. Ғылыми жобалар, олимпиадалар, әдеби оқулар, сәндік-қолданбалы, шығармашылық және тарихи зерделеу бойынша үйірмелер, жастардың ата-бабаларымыздың әдеби мұрасын зерттеуге ынта-қабілетін арттыру, туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру, жас туристердің шеберлігі мен тактикалық дайындығын ұштау, үздік туристік ұйымдарды анықтау бағытында өткен жылғы желтоқсан айынан басталған шаралар биыл да жалғасуда. Мысалы, жас зерттеушілерді анықтау, іріктеп, оларды қолдау бағытында ақпан айында оқушылар арасында түрлі пәндер бойынша дәстүрлі ғылыми жобалар сайысы өткізілді.
Жастар саясаты — ел ертеңін айқындайтын басым бағыт. Жастар саясаты жастардың білім, еңбек және жұмыспен қамту, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, шығармашылық әлеуетін дамытуға, жастарды ауқымды әлеуметтендіру және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарының бірі — еліміздің әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуына үлес қосуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға тәрбиелеу. «Мен біздің жастарға сенемін», — деген Н.Назарбаевтың үмітін жастар әрқашан ақтар.
Ел есіндегі естеліктерді сөйлеткен сайын ерлік пен елжандылықтың рухы асқақтай түседі.Соғыс уақытын көзімен көрген көнекөз қариялардың айтқанын тыңдасаң да, осы тақырыпқа жазылған әдеби- көркем шығармаларды оқысаң да, ердің ері ғана шыдаған, сол бір қан майданға өз үлесін қоспаған қазақ баласы болмапты. Яғни, қазақ халқының шынайы бейнесіндегі ерлік өнегесі осы оқиғалардан тайға таңба басқандай білінеді.Осындай ер тұлғаларымыздың бірі — Бауыржан Момышұлы.Бауыржан Момышұлының патриоттық сезімі, Отанға деген сүйіспеншілігі, өзінің мемлекетке тәуелді екенін өз істерінен дәлелдей білді.Тіпті, өзінің қазақ екенін соғыс шебінде жүріп ұмытқан емес.
Еңсесі биік елдігіміздің ертеңі – қазіргі ұрпақ, жас жеткіншектеріміз Бауыржан атамыздың бітіміндегі асқар жұртының шың басындай тәккаппар рухынан қанаттанып, батырлық, отансүйгіштік қасиеттерді бойларына сіңіріп өссе, нұр үстіне нұр болар еді!
Ендеше, Бауыржан атаға қанша тағзым етсең де артық болмас деп ойлаймын. Ардагердің тәрбиесінің арқасында қазіргі таңда бәрі үйлі-боранды, бір-бір қызметтің құлағын ұстап,тәуелсіз еліне қызмет етуде.
Қан майданда тек қазақ баласы ғана емес, қазақ қыздары да өздерінің мықты екендігін көрсете білген. Солардың бірі Шығыстың қос жұлдыздары — Әлия мен Мәншүк. Осы кездердегі қызғалдақтардың ұраны «Өзім өлсем де Отаным аман болса екен»- деп қасық қаны қалғанша жаулармен шайқасқан.Болашақта жас гүлдер,яғни жастар ерте солмасын деп соғыста аса үлкен патриоттық сезіммен шайқаса білген.Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.
«Ер есімі –ел есінде» демекші, аңызға айналған батыр ата–апаларымыздың асқар таудай бейнесі, тарих беттеріндегі өшпес есімі мәңгі алтын әріптермен жазылып тұрады.Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты, еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарай аңталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанының жалынын жұлып бірақ тоқтаған қазақпыз.
Қазақ елінің есімі аңызға айналып, дастандарға арқау болған батыр ұл-қыздар толып жатыр.Олар атамекенін, туған елін жан аямай қорғап, ата-бабаларының ерлік дәстүрін сақтау арқылы өздерінің өшпес даңқын шығарғандар.
«Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен »деп өз жанын да аямаған батырларымыздың ерліктерін ұмытпай, адам бойына патриоттық сезімді қалыптастыру үшін тәрбиені отбасы мен балабақшадан бастау керектігі айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту – ата-ананының парызы. Ендеше, батырларымыздың ерліктерін ары қарай жас ұрпақ есте сақтап, ананың жасы, арудың ары, батырдың қаны төгілген бұл даланы көзінің қарашығындай қорғап жүру жас ұрпақтың патриоттық құралы болып табылады.Бұл соғыстың жарасы әлі күнге дейін барлық ұлттың жүрегінде. Мұны ешқашан ұмытпаймыз.
Міне, қазіргі таңда тәуелсіздіктің таңы атып, сол жас боздақтар аңсаған қой үстінде,бозторғай жұмыртқалаған заманда тіршілік етіп жатырмыз. Жас болса да елі үшін қан төккен батырларымыздың үмітін ақтау қазіргі жастардың қолында.Ол үшін жас ұрпақ батырларымыздың рухты жүрегін түсініп, олар да еліне, жеріне деген патриоттық сезімді оятуы тиіс, яғни мемлекет пен халық арасындағы қарым- қатынасты сақтай білуі керек. Бұл батырларымыздың ерлік ісі арқылы әрбір жас ұрпақ өзін-өзі ұлттық рухқа тәрбиелеуі тиісті.
«Отбасы –тұлға тәрбиелеудің және оны қоғамның сан қырлы жақтарын игеруіне мүмкіндік туғызатын ең алғашқы әлеуметтік орта. Тұлға өз отбасында өмірдің әр қилы мәнін, мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік қағидалары мен ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы – адам баласының бастама алатын алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Қазіргі таңда әлемдік жаһандану үдерісінің мәдениетке, дәстүрлі ұлттық құндылықтарға тигізетін кері ықпалы күшейіп келеді. Қоғамымызда орын алып бара жатқан осындай үдерістер салдарынан жас буын жат елдің мәдениетіне еліктеп, сан ғасырлық ата дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұмыта бастады. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Әлемдік өркениет бұл- мәдениеттердің бір-біріне кірігуі ғана емес, әр халықтың мәдениетін болмысын сақтай отырып, әр халықтың өзін-өзі танып-білуі, өркениетті елдер арасында тең дәрежеге жетуі. Басқа халықтың жақсы қасиеттерін бойына сіңіріп, жаманынан сақтануға жол көрсету. Ендеше, балабақшадан бастап, баланың тарыдай болып кірген күнінен таудай болып шыққанына дейінгі аралығында жандүниесінің ұлттық рухта, ұлттық болмыста қалыптастырып, балаға ұлттық мәдениет пен сананы, бабадан қалған салт-дәстүрді сіңіре білген жөн.[17]
Елбасы Н.Назарбаевтың өз сөзінде: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауалдың жиі талқыланып жүргенің күнделікті өмірде естіп жүрмін. Біз үшін келешегімізге бағдар етіп ұлтты ұйыстырар ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол- «Мәңгілік Ел» идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік арман мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі келер ұрпақ, өскелең ұрпақ мәңгілік қазақ елінің перзенті. Осы күнге тәубе деп, барымызды бағалайық. «Отан – отбасынан басталады» дейді халық. Отбасының екі тірегі –әке мен ана. Адамды әлеуметтендіру, қоғамға енуі, өзгелермен қарым-қатынасы отбасынан басталады. Үлкенді құрметтеп, қадір тұтуды, сыйласа білуді қазақ халқы отбасында берік те нық ұстанған. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деген ұлағатты сөзі бекер айтылмаған. Ұлтымыздың сан ғасырлық тарихында осыған дәлел болып отырған мысалдар жеткілікті. Теорияны шартты түрдегі заң десек, қазақ үшін шарты заңы әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрі, тілі мен діні екенін ұмытпайық. Қазақ халқының ежелден өзіндік мәдени, рухани, әдеби, ұлттық дәстүрі қалыптасқан елміз. Халқымыздың тәрбие туралы ұғымдары өз ұрпағында заң ретінде қолданылып келді, олардың іске асуын ақсақалдар қауымы қадағалаған. Бір елді бір ақсақал басқарып, сөзімен де өзіменде өнеге бола білген. Әрбір көшпелі қазақ туыстық-қандастық жүйені көзінің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа тарата білген. Дәстүрдің бұлжымай сақталуы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы», «Ат тұяғын тай басар» деп қазағымыз атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді сақтап, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі тұтып, әулеттің тағылымдарын ұрпақ алдындағы қасиетті борышы деп білген. Сол себепті ата-бабаларымыз «Ата тегін айтқаннын айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді аманат етіп қалдырған. Қазақ халқында ұлттық құндылықтардың бірі ретінде отбасында ағайындық-туысқандық қарым –қатынастарға ерекше мән беріп, көңіл бөлген. Әр отбасында «жеті ата» шежіресін ұғындыру, оның маңыздылығын түсіндіру ежелден бар. Балалар өздерінен бастап жеті атасына дейін жатқа біліп, олардың кім және қандай адамдар болғаны туралы мақтанышпен айтып жүрген. Атай кетсем: тегіміз бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата деп жіктелуін қазір біреу білсе, енді бірі өзінің кім екенін де білмей жүр. Ағайында жеті ата арасында қыз алысып, қыз беріспеген. «туыстық қан араласса, ұрпақ азады» деп ата-бабаларымыз ұрпақ әкелу мақсатында текті ұрпақтың сақталуын көздеген. Қазақ отбасында қалыптасқан құндылықтар ұрпақтар сабақтастығында жалғасын тапқан.. Ата-бабаларымыз өсиеттерін жас ұрпаққа жеткізуші әулеттерге байланысты «текті адам», «тегі дұрыс ұрпақ», «тегі, негізі жақсы адамдар» деген ұғымдарды осы мақсатта қолданған. Ендеше, әрбір мемлекеттің ең басты құндылығы адам екені аңық. Адамның құндылығы жүрегіндегі адамгершілік, аяушылық, имандылық сияқты сезімдер. Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін, ержүрек, ар-ожданы мықты болып өссе деп армандайды. Дегенмен отбасы құндылығы ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра алмай жүргеніміз өкінішті. Жастарымыз босаға киесін ұлықтай алмайтындай халге түсті. Балаларымыз ұлттық салт-дәстүр, отбасы құндылығын заман өте жоғалтуда. Ата-бабамыздан мирас болып қалған құндылықтарымызды жоғалтпай тұрғанда, етек –жеңімізді жинайтын уақыт келді.
Ұлттық тәрбиенің өлмес негізі, рухани күші оның өмір сүру болмысынан туындаған өзіндік ұлағаты, тәжірибесінің молдығы, рухани мұрасының тереңдігі мен өнегелігінде жатыр. Қазақ қашанда ұрпағының толыққанды тұлға болып қалыптасуына атсалысып жырлары, ертегілері, аңыздары, толғаулары арқылы бала кезінен ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп отырған. Бүгінде сол толғау, сол жырау, сол ертегі мен аңыз қайда, оны кім оқып, кім тыңдап, санасына құйып тоқуда. Осы жағына көңіл аударсақ. Қазіргі жастардың тыңдайтын музыкасы шет елдің мән-мағынасы жоқ, түсініксіз, ешқандай тәрбиелік мәні жоқ дыңғырлаған құлаққа жағымсыз әуені. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері- оның сана сезімі, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы мен даналығы, дүниетанымы. Тұлға өз мінез-құлқын, әрекетін басқа қоршаған адамдармен салыстыра отырып, өзінің кім екенін түсіну, өзін-өзі тану қабілетін аша білу. Өзін басқалармен салыстыра, бағалай отырып, өзін-өзі реттеуді ұғындыру. Адамның рухани жан-жақты өсуі адамгершілік қасиеттері мен даму деңгейімен аңықталады. Қазақ халқының ұлы, ағартушысы Ыбырай Алтынсарин өзінің еңбектерінде «бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тағылым болса, оның сана сезімінің дамып, жетілуі – де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, тұлға болып өседі» деп тоқсан ауыз сөзді түйіндеген. Еңбекті сүю, мейірімділік, кішіпейілділік ұғымдарын кез келген еңбектері арқылы жеткізе алды.
Адамның рухани дамуы кітап пен журналда екенін түсіндіру күнделікті сабақта мұғалім тарабынан қолдау алып, жеткізіліп отыру керек. Абай жастарды адамгершілікке рухында тәрбиелеген, оларға ғылым мен білімге бастар жолды көрсете алған мәселелерді кез келген еңбегінде кездестіре аласын. Абайды оқы, Абайды таңы деп баланы жастайынан Абайдың өлеңдерін оқуға деген құштарлығы мен сезімдерін оята білу. Абай атамыз бұқара халқын адал еңбекке шақырды, қулық- сұмдықпен, алдау –арбаумен, ұрлық-зорлықпен, еңбексіз тапқан мал мен мүліктің: «Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы сықылды тез суалар….» –деп, ондай арзан дүниенің жұғымсыз болатынын ұқтырған. Жастардың әрбірінің айналысар кәсібі болуын, ол кәсіпке дағдылану машығы неғұрлым ертерек басталуын, жастық шақта еңбекке деген ұмтылыстық, икемділіктің тұрақты қасиетке ұласуын меңзеді. Еңбек ету үшін өзіндік байлам, талаптылық пен берік табандылық сияқты қасиеттердің керектігін кейінгі ұрпаққа ескертті. Ақын әрбір жастың келешегінің нұрлы, болашағының жарқын болуы адал еңбектің арқасы екенін терең түсіндіріп тұжырым жасады. Ендеше, осы қағиданы неге басшылыққа алмасқа. Қазіргі жастарымыз оңай, жеңіл жетістікке жету үшін адами моралдық ұстанымдардан аттап кетуге дайын екендігін күнделікті бастан кешіп жатқан келеңсіз көріністер айқындай түседі. Көпшілік жастар үшін, өкінішке орай, қандай жолмен болсын ақша табу, шектен тыс емін-еркін және сәнді де салтанатты өмір кешу мақсат-мұратқа айналып бара жатыр. Кез-келген жолмен рахатка бөленіп, көңіл көтеру, үздіксіз ойын-сауыққа кенелу-өмір сүрудің мәні болып табылатын, алды-артын ойламайтын мақсатта жүр.[18]
Отбасы тәрбиесінің рухани-өнегелі негіздерін сақтап, әрі қарай дамыту үшін мынандай педагогикалық тәжірибелерге жүгіну абзал. Біріншіден, отбасының ынтымағы, отбасы үшін отқа түсу және бір-біріне деген сүйіспеншілікті арттыру. Екіншіден, отбасының рухани өсуі үшін ұмтылыс жасау, өзін-өзі жетілдіру. Үшіншіден, бала еркіндігіне көңіл бөлу және оның абыройына құрметпен қарау. Төртіншіден, ата-ананың бір-біріне деген кіршіксіз тазалығын сақтау. Бесіншіден, қоғам өміріндегі қайырымдылық көрсету бағдарламаларына қатысу. Алтыншыдан, отбасылық ата дәстүрді сақтау, насихаттау. Жоғары сынып оқушыларының ата-аналары кейде мектеп жиналысынан кейін «Біз қай жерден қателік жібердік? Баламыз неге өзгерді» деген сан алуан сұрақтарға тап болып жататын кездері де болады. Шынымен де, бұл тәрбиенің ең күрделі кезеңі. Алдымен бала ата-ананың айитуымен өмір сүреді, сосын ол мұғалімінің пікіріне құлақ асады, кейін құрбы-құрдастарының, қоғамның айтуы бойынша әрекет жасайды. Осыдан кейін ол мұнын бәрін жоққа шығарып, өз дегенін істейді. Бұл дағдарысты жасөспірімдердің бәрі де басынан кешіреді: дұрыс таңдау жасау үшін адам өзіне өзгелердің ұсынған, айтқандардың бәрін өзінен ысырап тастауы керек. Бұл жерде оны жақсы көру, оған қамқорлық жасау және көңіл бөлу жеткіліксіз. Әңгімелесу және ақыл айту, олай емес, былай жаса деу-бала бойына ашу-ыза тудырады, тиым салу кертартпалық пен араздықты тудырады. Не істеу керек? деген сұрақ туындайды. Психологтардың пікірі бойынша: бұл жағдайда шыдамдылық керек, сабырлық көрсетіп, араға уақыт салып күту керек. Егер отбасылық құндылықтың негізі дұрыс та берік қаланса, бала міндетті түрде дұрыс таңдау жасайды, әдеттегі, қалыпты, үйреншікті өмірге қайта оралады. Отбасылық дәстүр, оның өнегелі тамаша үлгісі, балаға ой салып, тынышталу күйін, сабырлылық пен бірқалыптылылық және жарасымдылық береді. Нәтижесінде, бала ата-анасының көрсеткен отбасылық үлгісіндей, бір-бірін жанындай жақсы көріп өмір сүрген ата-анасы сияқты, өзінің сүйіспеншілікке толы отбасын құрады.[19] Қазақ халқының зиялы ақыны, педагог, қоғам қайраткері М. Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару» деп айтуы бала тәрбиесіндегі ата-ана, мектеп, қоғам алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын дәлелдейді. Отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайтудың өте маңызды екендігін біледі. Ал, тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, оны қоғам талаптарынан тыс ұйымдастыру мүмкін емес. Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Жалпы адамзаттық құндылық қасиеттері ұлттық тәрбиемен ұлттық мәдениеттің дамуындағы қозғауышы күші болып табылады. Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты және бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен таразылап, болашағын барынша болжайтын қоғам сұраныстарына жауап беретін және барынша әлеуметтенген тұлға ретiнде танылады.
Құндылықтардың өзара жақындасуына іргетас болатын нәрсеге не жатады? Әрине, Ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін жастардың ұлттық сана-сезімін, яғни жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялатып, ана тілі мен дінін, оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларын қастерлеуге, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерді қалыптастыру деп түсінген дұрыс. Ендеше жас ұрпақтың еліне, ұлтына, жеріне, дініне, тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын өткеніміз бен бүгінімізді толыққанды баяндайтын тарихымыз болса, ұрпағымыз сол тарихты оқып, елін сүйеді, жерін сүйеді, ата-бабаларын құрметтейді, қадірлейді. Қазақ халқының мәдениеті өзінің кәсібі мен шаруашылығының заңдылықтарына қарай өркендеп келеді.[20]
Елбасы Н.Назарбаевтың: «Мағжанның жүрек тебірентерлік мөп-мөлдір асыл лирикасы, Мұхтардың көркем прозасы, Шоқанның барша әлемді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол рухани қазына әрбір адамның ішкі жан дүниесін байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмаймыз» деуінің өзі ұлттық құндылығымызға толық дәлел бола алады. Ендеше, Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясында «Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары – ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын» деген сөзі жастарымыздың ерік-жігеріне қанат беріп, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалуға және де болашағы жарқын, Отанына адал, алдына мақсат қоя алатын білімді ұрпақ тәрбиелеуімізге негіз болды. Отбасының ірге тасы мықты болсын десеңіз, бесігіңізді түзеңіз. Ертеңгі ұрпағым саналы да мәдениетті болсын десеңіз, отбасы тәрбиесіне көңіл бөліңіз.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының Президенті және жастар саясатына тоқталсақ, біз, тәуелсіздік бесігінде тербеліп өскен бақытты қазақ елінің ұландары, мемлекетіміздің қазіргі жетістіктері – бұл партиямыздың басшысы, әлем таныған ірі саяси қайраткер, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан сан алуан реформалардың заңды нәтижесі екенін мақтан тұтамыз. Себебі, елімізде қазіргі таңда әр жас азаматтың толыққанды дамуына арналған жан-жақты тетіктер жасақталғандығы айқын көрініс табуда.
Мәселен, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет жастар мен жас отбасылардың экономикалық ахуалын жақсарту мен табыс деңгейін көтеру, ұзақ мерзімді несие берудің кезеңдік жүйесін енгізу, басқа да экономикалық көмек түрлері арқылы білім алу мүмкіндігін кеңейту, іскерлік белсенділігін арттыру, тұрғын жайы мен үй шаруашылығын толыққанды жабдықтау үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасаудың барлық шараларын қолдануда. Мысалы, студенттерге жол ақысының жеңілдігінің қолданылуы, еліміздегі жас азаматтар мен жас отбасыларды жеңілдікті ипотекалық несиелеу, жас мамандарды еңбек нарығында қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік ықпалдасу тетіктері, ауыл жастарына берілетін көпсалалы квота, ауылға барған жастарға көтерме көмектер, жетім балаларға және мүгедек жандарға көсетілетін көмек түрлерін атап өтуге болады.
Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан, әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, жолда және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда.
Еліміздегі жастарды тәрбиелеудегі мынадай кемшіліктерді атап өтуге болады:
- Білім беруде, тәрбиеде ұлттық рухтың азаюы;
- Жаңа әлем ескі сана мен жаңа сана тоғысында. Бұл тұста тарихи сананы көтеруіміз қажет;
- Жастар арасында қоғамдық мәдениетін қалыптастыру, қарапайым конференция, дөңгелек үстел, кітапхана мәдениеті жеткілікті емес;
- Жастармен биліктің санаспауы, диалог құра алмауы;
- Жастарды тартуда қоғам жарқындылығының әсер ете алмауы;
Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиеледі. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды, үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды жігерлілікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Әбдірайымова Г.С. / Жастар социологиясы: Оқу құралы — Алматы, 2008. — 256 б.
- Нысанбаев Ә.Н. Егемендікке ие болу мен нығаюы жағдайындағы қоғамдық сананың эволюциясы және жаңа құндылықтар жүйесінің қалыптасуы// Тәуелсіз Қазақстан философиясы. Астана: Аударма, 2006.-544б
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 102б.
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.2009 жыл Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,344 б.
- https://vk.com/away.php?to=http%3A%2F%2Fkisi.kz%2Fkk%2Fcategories%2Fsayasi-modernizaciya%2Fposts%2Fkazakstan-zhastary-zhane-patriottyk-sezim«ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ» Болат Тлепов
- Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар № 6 2010 жыл.
- http://old.osdp.info/index.php/o-am-zh-ne-sayasat/item/317-babam-ratov-dauren-zhastar-problemasy-bolasha-ty-problemasy Дәурен Бабамұратов «Жастар проблемасы – болашақ проблемасы»
- Наурызбай Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников,А,1997,с.320
- Агафанов А.Н, Менлибаев К.Н. Социальная работа с молодежью: Учебное пособие.-Караганда: Издаетльство КарГУ, 2003г.
- Курганская В.Д. К вопросу о межэтнической интеграции в Казахстане//Германия-Центральная Азия – диалог культур: история, современность, перспективы. Алматы, 2002.-288с.
- http://testent.ru/load/studentu/sociologija/zhastar_subm_denieti/50-1-0-2586 «Жастар субмәдениеті»
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь
- Жұмабайұлы М. Педагогика. Алматы, 1992.-115 б.
- http://www.inform.kz/kz/sholu-kazakstandagy-zhastar-sayasaty_a2916805
- Абдирайымова Г. С. Социалъная работа с молодежью. Алматы, Қазақ университеті^ 2003.
- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Жоба. //
- Егемен Қазақстан, 2002, 14 мамыр.
- Жаңа ғасыр — жастардың қолында. // Астана Ақшамы, 2002, 27 шілде.
- http://yvision.kz/post/556012 «Жастар мәдениетін дамыту»
- http://www.inform.kz/kz/sholu-kazakstandagy-zhastar-sayasaty_a2916805
- «Айқын» 2014ж 3сәуір. «Жастар проблемасы тереңде жатыр » Ұласбек Сәдібеков.
Құрастырғандар: Ақанова Р.Д., Кәрібай С.Қ.