«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖЕТІ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Мазмұны
Кіріспе
Баламалы қуат көзінің перспективасы
«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Қазақстан 2050 жылға қарай электр энергия көздерін өндіру 50 % жанартылатын қуат көздерінен алынатын болады. «Жасыл экономика» — ең алдымен, инновация. Болашақтағы дамуымыз соған негізделетін болады. Егер экологиялық тұрғыда бәрі сәтті болатын болса, онда жаңа технология да дамитын болады!»-деп елбасымыз айтқандай баламалы энергия көздері Қазақстан экономикасының дамуына, ресурстардың үнемделуіне, жалпы қазақстандықтардың өмір сүру сапасының жоғарылауына, қоршаған орта сапасының жақсаруына септігін тигізеді. Соңғы жылдары экология мәселелері үнемі елдің назарында. Олар әртүрлі әлемдік симпозиумдарда, ғылыми конференцияларда одан басқа әлемдік державалардың басшылары бас қосқанда кеңінен талқыланады. Біз үнемі климаттың өзгеруі, Жер атмосферасының ластануы, ормандардың кесілуі және басқа экологиялық мәселелер жөнінде газет беттерінен және журналдардан, теледидар экрандарынан, интернет сайттарынан оқимыз және естиміз. Жағдай еш өзгермей жатыр деп айтуға да болмайды. Көптеген елдер Киот хаттамасына қол қойып, оның нормаларын қатаң ұстануда.
Соған қарамастан, адамдардың Жер экологиясына негативті әсері жалғасып және ол қайғылы одан қоса тұрақты салдарға жиі әкеліп жатыр. Адамдардың денсаулығы нашарлап, бұрын адам баласы естімеген ауруларға кезігіп, су және энергия ресурстартарының тапшылығы байқалып отыр. Өкінішке орай, экология мәселелері және оның барлық аймақтар дамуына қандай қауіпті әсері болатындығын Қазақстанда өте жақсы біледі. Біздің ел кеңес кезінен бастап, Аралдың құрғап кетуі және Семей полигоны сияқты экологиялық мәселелерді бастан кешті. Адамдардың тікелей қатысуымен және су ресурстарын негізді қолданбауы салдарынан теңіз құрғап қалды. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының тұрғындары экологиялық баланстың бұзылуы салдарынан және негізсіз шаруашылық қызмет еткеннен, қорқынышты жайттарды өз бастарынан кешті.
Осы аталған мәселелерге қарамастан, Қазақстан әрқашан экологиясы жайлы ел деп саналатын, орасан зор территория өнеркәсіп аймақтарын бір-бірінен алыс орналастыруға мүмкіндік берді, сондықтан, олардың экологияға әсері сиректетіліп, соншалықты қауіпті болған жоқ. Бақытымызға орай, республикамызда әлі де адамзат қолы тимеген жерлер сақталған. Өнеркәсіптің даму қарқыны, еліміздің өсуі мен болжанған ресурстар тапшылығы, еліміздің Үкіметін, экологиялық мәселелерді жаңаша қарауға және Қазақстанды жасыл экономикаға өтуіне итермеледі.
Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы – адами және интеллектуалдық ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық экономикаға өту үрдісі байқалады. Сонымен бірге, табиғи ресурстардың молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам – адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда. Сонымен қатар күн санап энергияға деген сұраныс артуда. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының қарқынды дамуына байланысты (ЖІӨ жылына 9-10% өсуде) электр қуатының көлемін тұтыну жылына 5-7% өсуде. [1]
Сурет 1. ҚР-ның 2000 – 2020 жылдар аралығындағы электрэнергиясын тұтыну мен өндіру
Ескерту: мәлімет www.kazenergy.com сайтынан алынған
Жасыл экономика бұл экономикалық теориядағы жаңа бағыттардың бірі. Ол табиғи ресурстарды «табиғи капитал» ретінде қарастырады. Осындай тәсіл, экономиканың табиғатпен байланысын және қолдану принциптерін өзгертеді де, ол мынадай шекті, қорландыру және табиғи ресурстарды жұмсау деген терминдерді анықтайды. Жасыл экономика негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар. Мамандардың айтуынша, «жасыл» экономиканы дамыту елімізге экологиялық дағдарыстан қашып құтылуға мүмкіндік береді. «Жасыл экономикаға» көшудің негізі бағыттарының бірі энергетикалық аспект болып табылады. Қазақстанға ескірген техникалық парк құрал-жабдықтары мен технологиялық желілерді жаңарту арқылы көмір мен көмірсутекті пайдалануды азайтуға қол жеткізу қажет.
«Жиырма жыл бойы Қазақстан инфрақұрылымды жаңарту мен дамыту жүзеге асырылады: Активтердің жалпы мәліметтер көлемінен 55% ғимараттар және 40% электр станциясы. 2030 жылы олар жаңадан салынады» [2], — деп атап өтті өз сөзінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров.Сондай-ақ, оның айтуынша, автокөліктік парктің 80%-дан астамы 2030 жылға қарай жаңа болады. Ел үшін жаңа инфрақұрыым құрудың бірегей мүмкіндігі жасалуда, ол ресурстарды тиімді пайдаланады.
Ол сонымен бірге, «жасыл» технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам дамып келе жатқанын атап өтті.
«Баламалы энергетиканың көптеген технологиялары таяу арада дәстүрлі көздермен салыстырғанда электр энергиясын өндірудің шығын аз әдістерін ұсынатын болады», — деп мәлімдеді министр. [2]
Әлемдік энергетика көшбасшыларының Саммитін өткізу энергетиканың қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша елдің алған бағытының дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлады «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
«Әлем қауымдастығы Қазақстанға қызығушылық танытып келеді. Әлемдік энергетика көшбасшыларының Саммитін өткізу энергетиканың қоршаған ортаға әсерін азайту бойынша елдің алған бағытының дұрыстығын бағалауға мүмкіндік береді», — деді А. Сәтқалиев. Оның айтуынша, саммит Дүниежүзілік энергетикалық кеңес (ЖЭК) халықаралық энергетикалық қауымдастық үздіксіз диалог критикалық қызығушылық танытып келеді. [2] Қазіргі Астана Саммиті VII Астана экономикалық форумы мен II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференция аясында өткізіледі. Астана Саммитінде келесі мәселелер қаралады: өңірдегі тақтатас газының салдары, атом энергетикасын дамыту, таза көмір технологияларын дамытудағы одан арғы қадамдар, энергия сақтау технологиясын дамыту, өңірлік энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктері.
Жасыл экономика теориясы үш негізгі принциптерге негізделеді:
- Шектелген кеңістікте ықпал етуді шексіз ұлғайту мүмкін емес;
- Шектелген ресурстар жағдайында шексіз ұлғайып жатқан талаптардың қанағаттандырылуын сұрау мүмкін емес;
- Жер бетіндегі барлығы өзара байланыста болады.
Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді. Біздің елімізде қалпына келетін баламалы энергия көздерін пайдалану басқа мемлекеттермен салыстырғанда анағұрлым төмен. Мұны төмендегі диаграммадан (диаграмма 2) көруге болады. [3]
Сурет 2. 2012 жылғы баламалы энергия көздерін пайдалану көрсеткіші т.ғ.к. И.В.Кошкин, Н. В. Виничук, А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ескерту: мәлімет www.rusnauka.com сайтынан алынған
Мысалға делік, сіз бесінші қабаттағы пәтеріңізге көтеріліп келе жатырсыз, дәлізде кіре берістен бастап жоғарғы қабатқа дейін электр шамы жанып тұр, үнемі солай, тек күндіз өшірілсе, өшірілгені, сөнбесе, ол да жоқ. Пәтеріңізге кірдіңіз, ваннада ешкім болмаса да, жарық жанып тұр, ешкім көріп жатпаса да теледидар қосулы, ұялы телефон жалғанбаса да, тоққа босқа қосылып тұр, кран дұрыс жабылмағандықтан, су сыздықтап ағып тұр, жылу батареясының қол тигізбестей жанып тұрғаны соншалық, ыстықтан тынысың тарылады. Ал осы болып жатқан жағдайлардың бәрі қалтаңызға қаншалықты қаржылай салмақ түсіріп жатқанын сіз бір мезет ойладыңыз ба? Жоқ. Бұл бір сіз ғана емес, көпшілік бас қатыра бермейтін, баршамызға ортақ мәселе. Бұған «жасыл стандарттың» қандай қатысы бар, жалпы «жасыл стандарт» деген не өзі дерсің… «Жасыл стандарт» та «жасыл экономика», «жасыл технология» ұғымдары сияқты экологиямен достық қарым-қатынасты сақтап қалуға, бізді қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және осы ізгі бастамаларға көпшіліктің ықыласпен қарап, бір кісідей қатысуына түрткі боларлық заманауи жүйе екені «ЭКСПО-2017 – ұлттық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында өткен семинар-тренингте айқындалды.
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан әйелдері ассоциациясы ұйымдастырып, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен «ЕХРО&WOMEN» Халықаралық ұйымы» БЗТ қолдауымен өткен іс-шараға бизнес-құрылымдар, МЕҰ, Қазақстанның даму институттарының өкілдері қатысты. Объектілерге «жасыл» технологияларды дендеп енгізуге кәсіпкерлерді тарту мақсатында өткізілген сессияда Ұлттық жаңа стандарт – «Greenstandart.kz» ерікті сертификаттау жүйесінің тұсауы кесілді. Сонымен «Greenstandart.kz» немесе қазақшаласақ — «Жасылстандарт.кз» ерікті сертификациялау жүйесінің көздеген мақсаты не? Ол кімдерге және не үшін қажет? Әлемде объектілерді жасыл сертификаттаудан өткізу кең таралған үрдіс. 1992 жылы әлемнің 179 елінің үкімет өкілдері, көптеген халықаралық және мемлекеттік емес ұйымының қатысуымен, БҰҰ-ның қоршаған орта және даму бойынша Рио-де-Жанейрода өткен конференциясында тұрақты дамудың ғаламдық проблемалары анықталып, барлық қатысушымен мақұлданған «Күн тәртібі — ХХІ» бағдарламалық құжаты қабылданды, онда әлемнің барлық мемлекетінің басшыларына өз аумақтарында тұрақты дамудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеуге ұсыныс мазмұны жасалған болатын.
Ал өткен ғасырдың соңында халықаралық қауымдастық пен іскерлік орталар негізінде тұрақты даму принциптері сақталып қалған, жасыл немесе экологиялық құрылыс және ғимараттар мен имараттарды пайдалану тұжырымдамасын белсенді талқылай бастады. Нәтижесінде, жылжымайтын мүлік нысандарын жасыл стандарттаудың түрлі жүйесі, сондай-ақ оларды ерікті сертификаттау жүйелері пайда болды.
Ал бұл жердегі жасыл құрылыстың міндеті не еді дейтін болсақ, жобалау технологиялары мен құрылысты мейлінше экологиялық ету, яғни қоршаған ортаға тигізер зиянын барынша азайтып, тиімді қуат тұтынуды қамтамасыз ету және тұрғындар денсаулығына қолайлы қылу болатын. «Greenstandart» жобасының жетекшісі Есбол Абақановтың айтуынша, индустриялды мемлекеттердегі аумақтық инфрақұрылымның негізгі типтері арасында энергия тұтыну көрсеткішін бөліп қарайтын болсақ, 40% құрылысқа, 28% көлік саласына, ал қалған 32% өнеркәсіпке келеді екен. Оның үстіне, ғимараттар, көлік және өнеркәсіп нысандарын пайдалану барысында олардан бөлінетін газ тәрізді қалдықтардың жылдан жылға көбейе түсетіні тағы бар. [4]
Қазақстан әлем бойынша энергияны көп тұтынатын «алғашқы бестіктің» қатарында Өзбекстаннан соң екінші орын алған, одан кейін Украина, Нигерия, сосын Ресей тұр. Бұл үдемелі даму үдерісін кешіп жатқан Қазақстан үшін тиімсіз. Сондықтан энергияны тиімді пайдаланудың аса қажет екенін ескертіп, нақты шешім қабылданған Қазақ елінде көп құжат қабылданды. Соның бірі ҚР Президентінің 2013 жылдың 30 мамырындағы Жарғысымен бекітілген Қазақстанның «Жасыл экономикаға көшуі туралы» тұжырымдамасы. Алдын-ала жасалған есепке сүйенсек, 2050 жылға қарай «жасыл экономика» аясында көп өзгеріс болмақ. Олар ішкі жалпы өнімді қосымша 3%-ға ұлғайтып, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға, жаңа өнеркәсіп және қызметтер салаларын жасақтауға, халықты өмір сапасының жоғары стандарттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызбақ. Осы ретте, қазіргі сүреңсіз экономика сүрлеуімен жүре берсек, оның салдары неге әкелетінін айтпай кетуге болмайды. Ластанған ауа, ауру-дерттің асқынуы, ауыз судың жетіспеуі, жердің азуы, энергияны тиімсіз тұтыну, қымбат тариф, экологиялық емес ауыл шаруашылығы, экономиканың мұнайға тәуелділігі, тағысын тағылар сүреңсіз экономиканың өскелең ұрпаққа қалдырар мұрасы. Ал жасыл экономика жарқын өмірге жетелейтін батыл қадам болмақ. Ал ол несімен ерекшеленеді дейтін шығарсыз?! Қуатты тиімді тұтыну, экологиялық өнім, ауыл өмірінің жақсаруы, заманауи және «ақылды» қалалардың пайда болуы, жылу және су ресурстарын ұтымды пайдалану, органикалық өнімдерді және жеңіл өнеркәсіпті дамыту деп тізбектеп айта бергің келеді.
Сөз реті келгенде, жоғарыда келтірген мысалымызға оралсақ, жаңа дәліздегі күні-түні жанып тұратын электр жарығының шығынын кім өтейді? — Әрине сіз бен біз, пәтер иелері. Еер оны «сезімтал» жарыққа, яғни кісі келе жатқанда жанып, кете бергенде сөніп қалатын жүйеге көшірсе, ұтамыз ба, ұтыламыз ба?! Бұл жүйеге немістер 50-60 жыл бұрын көшкен деседі. Ал пәтердегі жарықты тиімді жарықдиодты лампаларға, сондай-ақ, жылу батареяларын қажет кезінде қосып өшіріп отыратын немесе бәсеңдетіп қоятын автоматты түрде басқарылатын жылу жүйелеріне, ал ғимараттарды су жүйелерін тиімді түріне алмастырсақ, ұтыламыз ба, ұтамыз ба? Ұлттық «жасыл стандарт» — жасыл экономика принциптерін негізге алған нақтылық пен тиімділік жүйесі. Бұл стандарт Ұлыбританияның BREEAM, АҚШ-тың LEED, Германияның DGBN сертификаттау жүйелерінің негізінде Қазақстанға ықшамдалып, біріздендіріліп жасалған нұсқасы.
Әлем елдерінің өз аумақтарына лайықталып жасаған ұлттық «жасыл» стандарттарына ортақ мәселе — ол экологияға нұқсан келтірмей, қоршаған ортаны қорғау және халыққа қолайлы әрі тиімді жағдайлар жасау. Ел игілігіне икемделіп жасалған қазақи «Greenstandart» жүйесінің әділ бағасын халық уақыты келгенде өзі береді деген ойдамыз. Ең бастысы, сең қозғалып, алға жылжу бар. [4]
2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды. [5]
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Президенттің Жарлығында үнемі Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту жөніндегі Тұжырымдамасына сілтеме беріледі. Нақты іс шараларды анықтап қарайтын, жүзеге асыру қабылданған кезде ол еліміздің экономикалық дамуын әлемдік экологиялық талаптарға және стандарттарға негіздеп жасауға мүмкіндік беретін өте үлкен және кешенді құжат болып табылады. Бұл тек экология саласындағы мамандардың қадала қарайтын немесе оқитын мәселесі емес, сонымен қатар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер тағы басқа қарапайым азаматтардың да назарында болуына лайық.
Осы Тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады және қолда бар құжаттар бойынша негізделеді: 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы «Агробизнес-2020», 2010-2014 жылдарға арналған ҚР ГПФИИР, 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, территорияларды дамыту бағдарламасы, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, 2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы тағы басқа салалық бағдарламалар. [5]
Одан бөлек, 2014-2020 жылдарға арналған су ресурстарын басқару бағдарламасын дайындау жоспарланып жатыр. Іс-шаралар қатары — тұжырымдаманың ең негізгі ережелерінің бірі, олар қабылданғанда энергия тиімділігі маңызды жоғарылауына және өндірісте энергия жұмсалымының төмендеуіне алып келеді.
Тұжырымдамада бекітілген баламалы және қайта қалпына келетін энергия көздерін дамыту Қазақстанда өтетін ЭКСПО-2017 ның басты идеясымен үндесіп жатыр. Ұсынылған жоспар бойынша, біздің энергосебет 2030 жылға қарай, 11% -жел және күн көздерінен, 8% -атом, 10% — гидро, 21% — газ бен 49% — көмірден тұратын болады. Ал, 2050 жылға қарай, жел және күн көздерінің үлесі 39% дейін өседі, АЭС мен ГЭС үлесі 14%, газ станциялары 16%, және қалған 31% көмір станцияларынан құралады. [5]
Осындай тәсіл, қайта қалпына келмейтін ресурстарды елеулі түрде үнемдеуге және қатты жанармаймен жұмыс істейтін станциялар, атмосфераға шығаратын қауіпті қоқыстар жағдайын елеулі түрде жақсартуға мүмкіндік береді, тағы бір, тұжырымдамада қозғалған маңызды мәселелердің бірі – су ресурстарын сақтау және үнемдеу. Бүгінде 263 өзен-көл 145 мемлекетке ортақ боп отыр.
Бірақ дүниежүзі бойынша судың сапасы мен су қорының жағдайыкөңіл көншітерлік емес. Әлем бойынша адам өліміне соғыс, қақтығыс, төтенше жағдайлардан бұрын көбінесе осы сапасыз су себепкер болуда. Ауыз су тапшылығынан жер бетінде әрбір 20 секунд сайын сәби шетінейді екен. Ал дүниеден ерте кеткендердің 1,5 миллионы осы сапасыз судың кесірінен көз жұмғандар. Судан уланғандардың саны 500 миллионнан асады.
Бүгінде дүниежүзі бойынша 43 мемлекеттегі 700 миллионнан астам адам ауыз суға зәру. «Бұл мәселе 2025 жылға дейін 3 милиард адамға жетуі мүмкін» дейді мамандар. Көптеген елдерде тұщы су өндірістен шығатын қалдықтардың әсерінен ластанып, су тапшылығына әкелді. Су жетіспеушілігі себебінен трасншекаралық су көздеріне талас та күшейе түсуі мүмкін. Бүгінгі таңда суды ең көп пайдаланатын сала ауыл шаруашылығы. Бұл салада суды тиімді пайдаланбау салдарынан су тапшылығы орын алса жер бетінде құрғақшылық пен азық-түлік тапшылығы арта бермек. Мәселен, соңғы жиырма жылда адамзаттың етке деген сұранысы үш есеге артқан. Биоотынға деген сұраныс та жылдан жылға өсіп барады.
Кейінгі жеті жылда этанолға деген қажеттілік үш есеге көбейіпті. 2017 жылы бұл көрсеткіш 127 миллион литрға жетпек. АҚШ-та бір жылда этанол өндіруге жүгерінің 23 пайызы жұмсалса, Еуроодаққа кіретін елдерде өсімдік майының 47 пайызы биоотын өндірісіне кетеді екен. Ал бір литр этанол өндіруге 1000-4000 литр су қажет. Сондай-ақ электр энергиясына деген сұраныс артқан сайын суға деген қажеттілік өсуде. 2030 жылы бұл саладағы суға сұраныс 55 пайызға артады деп болжануда. 2030 жылға дейін әлемдегі гидроэлектрэнергиясының өндірісі 1,7 пайызға жетеді. [6]
Су мәселесі текұлттық емес жаһандық мәселе екенін осыдан-ақ пайымдауға болады. Азық-түлік қауіпсіздігі мен сумен ұдайы қамтамасыз ету үшін экономиканың барлық салалары атсалысуы керек. Экожүйеге қатысты су технологияларын пайдалану қажет. Су шаруашылығына инвестиция салу мәселесін шет ел мамандары жиі айта бастады. Ауылдық аймақтарды сапалы сумен қамтамасыз етпейінше, су ресурстарын тиімді пайдаланбайынша, бұл мәселеніңшешімі табылмайды. Рио-де–Жанейрода өткен Тұрақты даму жөніндегі конференцияда БҰҰ-ныңбасхатшысы Пан Ги Мун адамзат барынша ұмтылып жатқан жарқын болашақта су ресурстары басты рөл ойнайтынын атап айтты.
Қазақстанда Орал, Тобыл, Есіл, Ертіс, Іле, Сырдария, Шу, Талас өзендері трансшекаралық саналады. Соңғы жылдары бұл өзендердің экологиялық ахуалы нашарлап кеткен. Қазақстан «Трансшекаралық сулар мен халықаралық көлдерді қорғау туралы конвенцияны» 2000 жылдың 23 қазанында ратификациялады. Алайда,көрші Қытай, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыз республикалары бұл құжатқа қатыспағандықтан трансшекаралық су көздері мәселесін бірлесе шешуде көптеген кедерілер туындауда.
2014 жылдың 4 сәуірінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы» туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұл құжат бойынша «Су ресурстарын басқару» мемлекеттік бағдарламасын бекіту тапсырылды.Бүгінгі таңда республиканы сумен қамтамасыз ету үлесінің 85 пайызы жердің жоғары қабатындағы су көздері есебінен, ал қалған бөлігі жер асты, теңіз суы және ағын су есебінен екен. Су ресурстарының 75 пайыздан астамын ауыл шаруашылығы секторы пайдаланады. [6] Мамандардың болжауынша, біздің елдегі судың тым тапшылығы бұл 21 ғасырдың сұрақтары болуы мүмкін. Президентіміз «Қазақстан -2050» атты Халыққа Жолдауында нақты осы мәсәлеге ерекше назар аударғаны босқа емес. Көптеген мамандардың болжамдарына сүйенсек, 2030 жылға қарай су ресурстарының тапшылығы 14 млрд текше метрге дейін су құрауы мүмкін.
Осы қиындықты жеңу үшін, барлық жерге су сақтайтын технологияларды қолдану, өнеркәсіптік және тұрмыстық қолданыста судың жұмсалуын төмендету, табиғи су қоймаларын ластауға жол бермеу ұсынылады. Әрине, тұжырымдаманы жүзеге асыру үшін бюджеттік шығыстарды ұлғайту және жалпы сомасы, тұжырымдамада қарастырылған барлық іс шараларға қажет болатын жеке инвестицияларды тарту қажет, 2050 жылға дейін орташа, жыл сайын 3,2 миллиард АҚШ доллары. Шамамен бұл бюджеттен 1% баламалы, осы қаражаттың едәуір бөлігі инвестициялардан тартылады деп жоспарланған, ал осы тұжырымдаманың жүзеге асуы жаңа өнеркәсіп салаларын құруға және қосымша 500 мың жаңа жұмыс орындарын беруге мүмкіндік береді – жасыл экономикаға өту толығымен дер кезіндегі орынды шешім болып табылады.
Экология мәселесі баршамызға ортақ мәселе, мемлекет көптеген оңтайлы Жарлықтар шығаруы немесе ғаламдық тұжырымдамаларды жүзеге асыруы мүмкін. Осы ұйғарымдар жағдайды өзгертуі немесе Қазақстандағы экологиялық ахуалды жақсартуы мүмкін бірақ тағы бір кішкене жеке экология бар.
Әрбір Қазақстан азаматы қазіргі таңда жеке үйлер, аулалар мен көшелер экологиясы болсын, айналасындағы жағдайға өзі жауапты екенін сезінуі тиіс.
«Шағын істер» принципін қолдана отырып, қазіргі таңда біз экологиялық жағдайлардың жақсаруына үлкен үлес қоса аламыз. Су, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды үнемдеу тек қана қоғамдық пайда әкеліп қоймай, отбасылық бюджеттің сақталуына жол ашады.
Демалыс кезінде табиғатқа ұқыпты қарау, өз ауласында тазалық сақтау – табиғатты сақтау барысында біз мемлекеттің мойнына ауыстыратын қарапайым шындық. Көптеген елдерде азаматтардың қарапайым экологиялық нормаларды сақтауы саналы міндетке айналған. Өкінішке орай, біз үшін бұл нормалар фомалды және міндетті емес болып табылады.
Егер біз Қазақстанды ұрпақ үшін сақтап қалғымыз келсе, еліміздің өсуі мен өркендеуі туралы ойлайтын болсақ, әрқайсысымыз өзіміздің санамызды өзгертіп, қоршаған ортаға көзқарасты өзгертуіміз керек.
«Президентіміз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап өткендей, «көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. 2050 жылға қарай елде энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс. Елдің дамудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс беруі тиіс»[7].
«Бұл ең алдымен, планетамыздағы барған сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталған игілікті іс. Күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері мол.
Ғалымдардың болжамынша, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметр көтеріледі екен. Қазірдің өзінде құрлықтарды басып жатқан топан су соның салдары. Сондықтан, әлем сарапшылары энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемде өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды.
Осы реттен келгенде Қазақстанның балама энергия көздері бойынша әлеуеті аса зор.Энергия – дүниежүзілік экономиканың көкейкесті мәселелерінің бірі. Соңғы кездері, баламалы энергия көздері әлемдік деңгейде талқыланып, ғаламдық маңызға ие болуда. Оның басты артықшылығы – сарқылмастығы мен экологиялық тазалығы. Атмосфераға үлкен көлемде зиянды газдардың бөлінуіне алып келетін мұнай және басқа да қорларды өңдеумен салыстырғанда, баламалы энергия көздерін пайдалану ғаламшардың энергетикалық қалпын өзгертпейді. Дәл осы қасиеттер, жаңартылған энергия көздерінің шетелде шалқып өркендеуінің және жақын онжылдықта оптимистік болжамның қалыптасуына ұйытқы болды. Қазақстан бірінші болып, сол болашақты сақтау үшін энергияның баламалы түрлеріне көшу мәселесін көтеріп, әлемді залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды ұсынбақ. Өзгелердің де сондай игі бастамаларын әлем алдында көрсетпек» [8] .
«Үкіметіміз Қазақстанда баламалы жаңартылатын энергетиканы дамытудың 2020 жылға дейінгі жоспарын бекіткені белгілі. Қазақстанда 2013-2020 жылдарға арналған баламалы және жаңартылатын энергетиканы дамыту шаралары жоспары бойынша 2020 жылға қарай біз жаңаратын энергия көздері 1040 МВт қуат көлемінде болады деп күтудеміз. Оның ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС (170 МВт), сондай-ақ 4 күн электр стансасы (77 МВт) жасақталатын көрінеді. 2015 жылға дейін республикада жалпы белгіленген қуаты 100 МВт-тан жоғары, электр энергиясының болжанатын жасалуы – 300 млн. кВт.сағ. жаңа шағын ГЭС пайдалануға ендіру жоспарлануда. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында: «2050 жылға қарай энергияның кем дегенде жартысын жаңартылған энергия көздерінен алуымыз керек» деп атап көрсеткені тағы бар. Сонымен қысқасы алдағы «ЭКСПО-2017» объектілері де жаңартылған энергия қуатымен қамтамасыз етілетін болыпты» [9].
«Қазақстанда 2050 жылға дейін барлық энергия тұтынудың 50%-н энергияның баламалы және жаңғыртылатын түрлерінен алу жоспарлануда. Еліміз баламалы энергия көздерін дамытудың «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы ЭКСПО-2017 қуатты серпіліс береді. «Жасыл экономика» — ең алдымен, инновация, атқарылатын іс-әрекетеріміз соған негізделетін болады. Егерде қолданысқа шығатын баламалы энергия экологиялық тұрғыдан тұрғындардың сұранысын қанағаттандыратын болса, онда жаңа технология да дамитын болады. Энергия тұтыну адамзат тіршілігінің міндетті шарты болып табылады. Әлемдегі қазіргі таңда өндірістердің көбеюіне және жер бетінде адамдардың санының артуына байланысты энергияға деген сұраныс артты, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін баламалы энергияны өндіру қазіргі заманның талабы.
Қазақстан географиялық орналасуы солтүстiк ендiкте жатқанына қарамастан, елдегi күн энергиясының ресурсы қолайлы климаттық жағдайдың арқасында тұрақты, әрi жарамды болып табылады. Зерттеулердiң қорытындысы бойынша елдiң оңтүстiк аудандарындағы күн энергиясының әлеуетi жылына 2500-3000 күн сағатқа жетедi. Бұл суды күнмен қыздырғыштарды (СКҚ) және күн батареяларын, атап айтқанда портативті фото электрлік жүйені пайдалануға мүмкіндік береді.
Соңғы кездегі балама энергетика бағытындағы зерттеулердің болжамына сүйенсек, ХХІ ғасырдың ортасында жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30%-ға дейін жетеді деп күтілуде. Ал Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары 20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Бұл ең алдымен, Жер бетіндегі күн сайын күрделеніп бара жатқан экологиялық апат қаупін азайтуға бағытталады, күннен-күнге өсіп келе жатқан энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көптеп пайдаланылатын көмірсутегі шикізаты ауаны ластап, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзды. Жаһандық жылыну үрдісінде көмірсутегі шикізатынан шығатын зиянды қалдықтардың да әсері өте көп.
Қазақстан бірінші болып болашақты сақтау үшін энергияның баламалы түрлеріне көшу мәселесін көтеріп, әлемді залалсыз, табиғатқа да, адамзатқа да пайдалы баламалы қуат көздерін дамытуды насихаттап, елімізде жасалып жатқан сол бағыттағы жаңа технологияларды қолданысқа ұсынуда. Астанада «EXPO-2017» көрмесі «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпта ұйымдастырылуда. Бұл ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталған. Орнықты энергиямен жабдықтау жаһандық негізгі мәселе саналады, оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға жүктемені біруақытта төмендету кезінде әлеуметтік стандарттарды арттыру үшін қажет. Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының өз негізі бар. Еліміз дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанған. Баламалы қуатты пайдалану мәселесін көтеру мемлекетіміздің тұрақты дамуының негізгі жолдарының бірі. Бұл «Болашақ энергиясы» атты көрме аясында Астанада ең озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік береді. [10]
«Болашақ энергиясы» жобасы алдына дәйекті мақсаттар қойды. Олар қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру мақсаттарын көздейді. «Болашақ энергиясы» жобасының атауында оның идеясындағы секілді энергияны жақын болашақта пайдалану кезіндегі ең озық тәсілдерді қабылдау, енгізу және қолдануды білдіретін абстрактілі ұғым қалыптасқан. Бұл тұрақты дамудың айнымас шарты болып табылады. «Болашақ энергиясы» жобасының түпкі ойы тұрақты қуат көздерін басқаруды қамтамасыз ететін шешімдер мен әдістерге қоғамдастық назарын аудару болып табылады. Халықаралық көрмені Астанада өткізу нендей қажеттіліктен туындап отыр. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды.
Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан ұзақ жыл тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп, жеңімпаз атанды. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу зор құрмет.
Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір таусылатынын жақсы біледі. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды ұғым. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешімін таппаған күрделі мәселеге айналып отыр. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO сәтті ұйымдастырылса, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табатынына еш күмәніміз жоқ. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып табылады. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған Еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде.
Осыдан екі жыл бұрын Астанада Қазақстанның жаһандық экологиялық бастамалары жөнінде мамандандырылған сессия өткен болатын. Сессияның спикерлері ретінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Ауманн, Эрик Маскин, АҚШ Хьюстон университетінің баламалы энергетика зерттеу институтының директоры Алекс Игнатиев, Мыңжылдық жобасы халықаралық ұйымының Венесуэла бөлімінің төрағасы Хосе Кордейро, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Экоэнергомаш» бас директоры Альберт Болотов, Назарбаев Университеті инженерлік факультетінің машина жасау кафедрасының профессоры доктор Сарим әл-Зубайди, Назарбаев Университеті Инженерлік мектебінің профессоры Жұмабай Бәкенов өз ойын ортаға салды. Басқосуды қорытындылай келе, мамандар бүгінде бүкіл әлем қайта қалпына келетін және баламалы энергия көздеріне баса көңіл бөлініп отырғанын айтып, Қазақстанның бұл бастаманы қолдауға әлеуеті жеткілікті екенін алға тартты. Жаһандық мәселелерді көтеріп, климаттың өзгеруін, болашақтағы энергия мен экология қауіпсіздігін және баламалы энергия көздерін жетілдіру мен тұрақты дамыту жобаларына қаржылай қолдау көрсету жайын талқылады. Шындығында да, еліміздің географиялық орналасу жағдайын, жел және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ мұнай және газ ресурстарының энергетикалық әлеуетін ескерсек, бұл қажеттіліктің орнын толтыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Қазақстанның сағатына 1 трлн. кв энергия өндіруге мүмкіндігі бар. EXPO-2017 көрме қалашығы толықтай баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуге көшеді. Мұны көріп-біліп отырған сарапшы мамандар еліміздің мүмкіндіктері мен артықшылықтарын толық мойындап отыр. «ЭКСПО» көрмесінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады.
Стратегияның дамуында бекітілген баламалы энергетика үлесі 2020 жылы Екі энерго балансын 20 пайызды құрайтын болады. Осы мақстақа жету үшін көптеген елдер қатары өндірістік қуаттағы газ-жылу электростанциялардың жүктемелерін төмендете отырып, альтернативті энергетика жобаларын санын жоғарлату. 2013 жылдың бірінші жартысында Испанияның газ-жылу электростанцияның жүктемелері – 11, Германияда – 21 пайызды құрады. Сонымен қатар, Халықаралық энергетика агенттігінің бағалауы бойынша газ жылу электростанциялары рентабелді болатын минимальді қуат жүктемесінің деңгейі 57 пайызды құрады. Еуропадағы шығынды, 2016 жылы жабылатын газ-жылу электро станциялардың қуаты 130 ГВт құрайды. Бұл европада орнатылған газ ЖЭС жалпы қуатының 60 пайызын құрайды.
Соңғы жылдары энергия қауіпсіздігітің жоғары тәуекелділігін әлемдегі экономикасы дамыған ел – Японияда байқалуда. Қазақстан Елбасының пікірі бойынша ядро энергетикасының даму боашағы туралы ұмытпауымыз қажет екендігін ескертті «Әлемдік даму болашағаында рзан атом энергиясы өсіп келеді: Қазақстан – уран өндіруде әлемдік лидер. Біз АЭС үшін жеке отын өндірісін дамытып, атом станцияларын тұрғызуымыз қажет, — деп Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетіп ЖЭС қалдықтарын тазартатын жаңа технологиялырн өндірісті ашу қажеттілігін атап көрсетті».
«Елдің дамуды «Жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған ЭКСПО 2017 қуатты серпіліс болуы тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады»,- деп Елбасы атап көрсетіп, көптеген Қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алатындығын айтты. Қазақстан қоғамдық транспорттарды жүргізу үшін таза экологиялық отын түрлерін енгізіп, олар үшін сәйкес инфраструктураны және электромобильді енгізу қажет.
Елімізде бекітілген 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, электр энергиясын тұтынудың жалпы көлеміндегі баламалы энергия көздерінің үлесі 2015 жылға қарай 1,5 пайызды, 2020 жылға қарай 3 пайызды құрауы қажет. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы нәтижесінде 2014 жылы қайта қалпына келетін энергия көздерінің көлемі жыл сайын 1 млрд. кВт-сағат деңгейіне жеткізілу жоспарланған. Қазақстанның экологиялық мәселелерін шешудің және электроэнергетиканы дамытудың басым бағытының бірі ретінде өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды кеңінен пайдалану үдерісі қарастырылып келеді. Болашақ мамандар үшін мемлекетіміздегі өздігінен жаңарып отыратын энергетикалық ресурстарды пайдаланудың қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын түсіну экологиялық сананың қалыптасуына ықпал етеді. [11].
Әлемде баламалы энергетика көзін дамыту үшін қазірге дейін 1 трлн. доллар қаржы инвестиция салыныпты. Бас кезде шығынды болғанымен, инвестиция өзін ақтайды уақыт өте келе әрі бастысы – қауіпсіз. Мэлс Хамзаұлының айтуынша, біз баламалы энергетикаға көшпесек болмайды. Жаңартылған энергия бізге өте қажет. «Осыдан көп жылдар бұрын ғалымдар Қазақстанды зерттеп, кезінде жүйткіп келе жатқан пойыздарды құлататын Жоңғар қақпасындағы желдің 1 пайызы ғана бүкіл Қазақстанды баламалы энергиямен қамтамасыз ете алады деген тұжырым жасаған болатын.
Алайда ол ескерілмей қалып қойды. Еліміздің қай аймағын алып қарасаңыз да аңырып тұрған жел, тек пайдаға асырсақ қанекей… Күн сәулесінің энергиясын да қалағанымызша алуға болады, әсіресе республикамыздың оңтүстігінен. Бұған қоса түкпір-түкпірдегі толып жатқан жер астындағы ыстық су көздерін неге пайдаланбасқа? Айта берсек, баламалы энергия көзі аз емес… Оның үстіне бұлар экологиялық таза, әрі автономды түрде әркім өзінше пайдаланады, бір рет орнатады қондырғыны, әрі қарай керегінше энергия жұмсайды. Көптеген елдер қазір атом станцияларынан бас тартып жатыр. Айталық, Германия алдағы 10-15 жылда одан толық бас тартпақшы, жел, күн станцияларын жаппай салуда, ғылыми жұмыстарын шығаруда, тәжірибелерін көбейтуде. Жалғыз Франция ғана әлі ойланып отыр, жапондар да Кукусима станцияларындағы апаттан кейін мәселеге басқаша көзқарас танытуда. Оның үстіне экологияның бұзылғаны соншалық, жер жаһанды көмірқышқыл газы басып, ауаның ластануынан жасыл желектің 70 пайызы уланған, планета қызып келеді, адамзатқа үлкен қауіп төніп тұр.
Біздің ойымызша Қазақстанда баламалы энергия жолдарын қолданудың жолдарын көптеп іздестіру керек. Себебі қазіргі кездегі энергия өндіру жолдары өз зардаптарын климатқа, экологияның нашарлану, бүкіл әлемдік климаттың жылынуына, озон қабығының бұзылуы және т.б зардаптарын тигізуде. Сол себепті Қазақстанда күн, жел, су энергияларын пайдалануды жетілдіру керек.
Бірінші бағыт — жаңартылатын энергия көздерін енгізу.
Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.
Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.
Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы
Бірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:
- жердің құнарлылығын басқару;
- суды тиімді пайдалану;
- өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;
- фермаларды механикаландыру.
Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру
Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. . Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.
Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру
Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.
Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту
Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.
Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару
Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған. [11]
Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағаннан бастап жаһандық деңгейде тұрақты даму ісіне нақты үлес қосып келеді: ол бірінші болып өзінің қуаты жағынан әлемде төртінші орын алатын ядролық арсеналынан ерікті түрде бас тартты және әлемдегі ең ірі Семей ядролық полигонын жапты. Сәтті жүргізілген реформаның нәтижесінде ел өз дамуында елеулі жетістіктерге қол жеткізді және тұрақты өсім көрсетіп келе жатқан аздаған елдің қатарынан сенімді түрде орын алды.
Бұған жуықта ғана Бүкіләлемдік экономикалық форум сарапшылары жариялаған Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік есебі жақсы дәлел бола алады. Бұл есепке 144 мемлекет енгізілген. Оның негізіне әрбір елдің өз мүмкіндіктері мен ресурстарын азаматтардың әл-ауқатын көтеру мақсатында қабілеттілігін білдіретін көрсеткіштер алынған. Қазақстан осы рейтингте 51-ші орынға ие болды. Біздің еліміз макроэкономикалық тұрақтылық жөнінде 16-шы орынға ие болса, технологиялық даму деңгейі жөнінен бұрынғы 87-ші орыннан 55-ші орынға көтерілді. Жалпы, барлық индикаторлар бойынша өз жағдайын жақсарта түскені айқын байқалады. Солардың қатарында «Еңбек рыногының тиімділігі», «Технологиялық әзірлік деңгейі», «Бизнестің дамуы», «Инновациялар», «Институттар», «Жоғары білім және кәсіпке дайындық» және басқа да маңызды көрсеткіштер бар. Әрине, тұрақты даму мәселесін әлемнің ірі компаниялары да ойластыруда. Өйткені, олардың көпшілігі өз қызметтерінің барысында адамдардың тұрмыс жағдайы мен қоршаған ортаға аса зор ықпал етеді.Республикамыздың тұрақты экономикалық дамуы үшін “ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА” саясатын ұстану қажет. [11].
Қазақстан аумағы үшін ең перспективалы жаңартылатын энергия көздері мыналар (ЖЭК):
Жел энергетикасы;
Шағын су электр станциясы;
Электр және күн энергиясын өндіру үшін күн қондырғылары
Елімізде осыған орай Жамбыл облысының Қордай ауданында бірінші жел электр станциясы қолданысқа енгізілген болатын. Қордай ЖЭС-нің қуаты қазір 1,5 мың КВт құрайды, бірақ инвестор оның қуатын 10 МВт дейін көтеруді жоспарлауда. Солтүстік Қазақстан облысында жел электр станциялары салынып жатыр. Инновациялық жобаны өңірде алғаш болып Қызылжар ауданындағы «Зенченко и К» командиттік серіктестігі жүзеге асыруда.
Биіктігі 54 метр, салмағы 74 тонна болатын жел генераторлары Германиядан жеткізілген. Әрбіреуінің қуаты — 750 киловатт. Бұл станциялар кәсіпорынның жұмысына қажет электр энергиясын толық көлемде өндіруге қауқарлы. ҚР аумағында жел энергиясының жоғары ресурстарына көңіл аударылған. Тіпті 1-2% қолдану халықтық шаруашылықты жыл сайын 102 млрд. кВт*сағ (салыстырма үшін, республиканың электр энергиясын қолдану қажеттілігі 2016 жылы 150 млрд.кВт*сағ құрайды) .
МООС пікірі бойынша Қазақстанда жел энергетикасы ВИЭ арасында жоғары потенциалға ие (кесте). Негізгі жел қондырғыларын тұтынушылар болып ауылшаруашылық объектілері бола алады. Жел көтермелеу қондырғыларында 40 мың қажеттілік орнатылған қуаты 4 кВт-тан арқайсысы 17 мың. желэнергетикалық қондырғылар қуаты 4-тен 500кВт-қа дейін. 2018 ж дейін желқондырғылары арқасында электр энергиясын 463млн.кВт*сағ-қа дейін өндіру көзделген.
Қазақстан желэнергетикалық ресурстарға бай. Кейбір аудандарда желдің ағыны орташа есеппен 15 м биіктікте 27-36 м/с құрайды. Жоғары жел потенциалымен кем дегенде 10 аудан бар, олардың орташа жел жылдамдығы 8-10 м/с.
Қазақстанның техникалық қолданылуы мүмкін желэнергетикалық потенциалы желэнергоқондырғыларын дәстүрлі қолдану 3 млрд кВт*сағ бағаланады. Ең маңызды желэнергоресурстар Жоңғар Қақпасы болып табылады. (17000 кВт*сағ/м2). [11]
Кесте 1. Қазақстан территориясындағы жел энергиясының ресурстары
Ескерту: мәлімет www.gbpp.org сайтынан алынған
ҚР табиғи-климаттық жағдайына жасалған анализ бойынша тек 2-3% аймақта желдің жылдық орташа жылдамдығы 5 м/с жоғары. Сәйкесінше Қазақстанның көп бөлігінде (90-95% аймақта) ЖЭҚ қолдану тиімсіз , кейбір бөліктеріне жел жылдамдығы 12-15 м/с қажет. Елдің көп бөлігіне (80-85% аймаққа) ЖЭҚ қолданған жөн, оларда өндірімді жұмыс желдің жылдамдығы 2,5-3,0% құрағанда басталар еді, ал жел жылдамдығының жұмысы 7-9 м/с-тан аспайтын еді.
Жел энергетикасы дамуы, энергия жетіспейтін аудандарға қуаныш әкелгенмен, оның зиянды да әрекеті бар. Желқондырғылардың айналып тұратын қалақшалары, механизмі, айнала ортаға дыбыс шуын шығарады, 40 децибелдан асатын дыбыс толқындары, адам организміне зиянды әрекетін тигізеді. Мысалы шу деңгейінің жоғары болуы дыбыс құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатып, организмнің жүйке-психологиялық әрекетіне зиянын тигізеді. Желқондырғылары бір-бірінен мұнара биіктігімен салыстырғанда 5-10 есе қашықтықта орналасуы тиіс, осы территорияда орналасқан желқондырғылар аймағында ешқандай ғимрат, орман болмауын ескеру қажет.
Құстар жоғары кернеу жиліктері мен антеннамен, ғимарат терезелерімен, кейде автомобиль терезесімен соқтығысып мертігіп жатады. Кейбір желқондырғысы мұнарасының жоғары жағында қонақтайды, бұл бұлардың өміріне қауіп әкеледі. Желқондырғыларын салған кезде құстардың ұшу миграция маршрутын ескеру қажет. Желқондырғысының металл бөліктері айналғанда қуатты дыбыс тербелістерін туғызады, сол маңайдағы радиотолқындармен жұмыс істейтін телевизиялық радио және радарлық құрылғыларға кері әсерін тигізеді.
Көптеген сарапшылар 2010 — 2020 жылдары көмiрсутегi шикiзатын ұсынудың төмендеуi байқалатынын, осының салдарынан 2025 жылға қарай әлемдiк энергетикалық теңгерiмдегi энергияның жаңғыртылатын көздерiнiң үлесi қазiргi 5%-дан 10%-ға дейiн, ал 2050 жылға қарай 50%-ға дейiн өседi, 2010 жылға қарай ЕО елдерiнде бұл үлес 12%-ға дейiн (2000 жылғы 6%-ға), ал жалпы электр энергиясы өндiрiсiнде 22%-ға дейiн ұлғаятындығын болжайды.
Қазiргi заманғы күн фотоэнергетикасы қуаттылығы соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жылына 30-40%-ға өсiп отырғандығын ғалымдар жоққа шығармайды. Әлемде жалпы алғанда күн фотоэнергетикасының қондырғылары қазiр жылына бiр гигаватт энергия өндiредi.
Жер бетіне қуатты үш энергия ағыны бағытталған:
- күн сәулесі энергиясы, тәуліктік қуаты 174000 ТВт;
- жер астынан үстіне қарай бағытталған жылу энергиясы, тәуліктік қуатты 32ТВт;
- теңіз тасқыны энергиясы, тәуліктік қуатты 3 ТВт. [12]
Күн сәулесі энергиясының 30 %-ы Жердің жоғарғы атмосфералық қабатынан шағылысып, ғарыш кеңістігіне тарайды. Ал оның 70 % — і жер асты жылуы мен теңіз тасқыны энергияларының қуатынан шамамен 3500 есе артық. Бұл өте көп энергия. Күннің жерге түсетін мол энергиясының бір бөлігі атмосфераға, мұхит пен құрлықтарға сіңеді. Температура төмендеген уақытта осы бөлігі жылу энергиясына айналады. Екінші бөлігі сулардың булануына және олардың айналып, қайта түсуіне шығындалады. Үшінші бөлігі теңіз және атмосфералық ағындарды туғызады. Ал төртінші – бір кішкене ғана бөлігін өсімдіктер бойына сіңіреді. Сөйтіп, жер бетінде ғажайып фотосинтез реакциясы жүреді.
Күн үлкен энергия қорына ие, жылына жер бетіне түсетін күн энергиясы 7,5*1017 кВт/сағ. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. Сонымен қатар оның кемшіліктері де бар, күн энергиясын алудың тұрақсыздығы. Күн жүйелері түнде жұмыстамайды, ал кешке және таңертең станция тиімділігі бірнеше есеге төмендейді.
Күн батареялары – күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын жартылай өткізгіш құрылғы. Қазіргі уақытта көбінесе фотоэлектрлік түрлендіргіш кеңінен қолданылады. Фотоэлектрлік түрлендіргіште энергияның бір түрден екінші түрге ауысуы біртекті емес жартылай өткізгіш құрылғыларда күн сәулесінің әсерінен пайда болатын фотовольттық әсерге негізделген. Түрлендірудің тиімділігі жартылай өткізгіш элементтің электрофизикалық сипаттамасына, түрлендіргіштің оптикалық қасиеттеріне байланысты. Күн батареясы, фотоэлектрлік генератор — Күн сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыратын шала өткізгішті фотоэлектрлік түрлендіргіштен (ФЭТ) тұратын ток көзі. Көптеген тізбектей-параллель қосылған ФЭТ-тер Күн батареясын қажетті кернеу және ток күшімен қамтамасыз етеді. Жеке ФЭТ-тің электр қозғаушы күші 0.5 — 0.55 В және ол оның ауданына тәуелді емес; 1 см2 ауданға келетін қысқа тұйықталу тогының шамасы 35 — 40 мА. Күн батареясындағы ток шамасы оның жарықтану жағдайына байланысты, күн сәулелері Күн батареясы бетіне перпендикуляр түскенде ол ең үлкен мәніне (максимумына) жетеді. Қазіргі Күн батареясының ПӘК 8-10%, олай болса 1 м2 ауданға (ғарыш аппаратының Күннен қашықтығы 150 млн. болған кезде) келетін қуат ~130 Вт-қа тең. Температура жоғарылаған сайын (25oС-ден жоғары) ФЭТ-тегі кернеудің төмендеуіне байланысты Күн батареясының ПӘК кемиді. Күн батареясының жиынтық қуаты ондаған тіпті жүздеген кВт-қа жетеді. Күн батареясы ғарыш кемелері мен аппараттарында энергиямен жабдықтау жүйесіндегі негізгі электр энергиясының көзі ретінде қолданылады. Күн батареясы сондай-ақ, тұрмыс пен техникада қолданылатын көптеген бұйымдарды (калькулятор, қол сағаты, т.б.) токпен қоректендіру көзі болып табылады. [12]
Жер бетіндегі энергия ресурстарының шектеулілігі күн энергетикасын пайдалануды дамытуды қажет етеді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» – стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 14.12.2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатеріне тоқталды. Онда «бесінші сын-қатер – жаһандық энергетикалық қауіпсіздік» және «алтыншы сын-қатер – табиғи ресурстардың сарқылуы» деген болатын [13]. Ал Күн энергиясы қоршаған ортаға қауіпсіз, экологиялық таза және оны алу жолдары қиын емес.
Қазiргi заманғы күн фотоэнергетикасы қуаттылығы соңғы жылдары бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жылына 30-40%-ға өсiп отырған гетероқұрылымдар негiзiнде кремний фотоэлементтерiне негiзделедi. Оның үстіне Қазақстанның оңтүстігі Евразия материгінде Сахара мен Таяу Шығыс елдерінен кейінгі күн радиациясы көп түсетін аймаққа жатады, (1см2-120 ккал жоғары) себебі тропиктік ауа ықпалында, жер бедері ашық өсімдік жамылғысы аз болғандықтан табиғи күн радиациясынан таралатын ультракүлгін сәулелер алу қаупі де жоғары.
Сондықтан мұндай күн энергиясын тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды. Қазақстан ғалымдары бұрын отандық шикiзаттан металлургиялық және жартылай өткiзгiш кремний алу технологиясы саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiздi. Күн батареялары мен жартылай өткiзгiштердiң жұмыс тиiмдiлiгi тазалық деңгейiне қарай алынатын кремнийдiң төменгi сапасы жүргiзiлген ғылыми зерттеулердiң негiзгi проблемасы болып табылады.
Қазір біз электроэнергияны үнемсіз пайдаланамыз. Үйде немесе кеңселерде,мектепте жарықты керек болмаса да жағып қоямыз,теледидар компьютерді өшірмейміз. Супермаркеттерде, дүкендерде тоңазытқыш, желдеткіш күндіз-түні қосылып тұрады, яғни қай салада болмасын ысырап мол. Мұның бәрі кәсіпкерлердің қалтасын қағып қана қоймай, еліміздің экономикасына елеулі зиян келтіреді және экологиялық дағдарысқа әкеледі. Сондықтан, күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын фотоэлектрондық түрлендіргіштерді тұрмыста пайдалануымыз қажет. Күн сәулесі арқылы тікелей жылытуға немесе фотоэлементтер көмегімен энергияны қайта өңдеу арқылы электр энергиясын алуға не басқа да пайдалы жұмыстарды атқаруға болады. Себебі, Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да еш зияны жоқ. Ең бастысы, ол Қазақстанның қажеттілік туындап отырған өңірлеріне күн сәулесі энергетикасын ауқымды ілгері жылжытуды бастауға бағасы мен саны жағынан қолжетімді болуы тиіс.
Қазіргі таңда «күн энергетикасын» Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облысы қолданып отыр. Ендігі мақсат Қазақстанның басқа экономикалық аудандарында осындай қондырғылар қондыру. Жылма-жыл Күн батареяларының түрлері жаңа технологиялық тұрғыдан жетілдіріліп, толықтырыла түсуде. Соңғы уақытта Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің полимерлер және органикалық қатты бөлшектер орталығының мүшесі, Нобель сыйлығының лауреаты Алан Хигер мен Гванджудағы Корей ғылым және технология институтының ғылыми қызметкері Кванхе Ли мен тандемдік полимерлі Күн батареяларын жасап шығарды. Жаңа батареялар авторлары спектрдің кеңірек диапазонын қолдану үшін жұтылу сипаттамалары әр түрлі екі фотоэлектрлік ұяшықтарды бір бүтінге жалғастырды. Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор.
Ғалымдардың болжауынша 2050 жылға қарай Күн энергиясы адамзаттың электр энергиясына деген 20-25%-дай қажеттілігін өтей алады. Сол сияқты Халықаралық энергетикалық агенттіктіктің мәліметі бойынша 40 жылдан кейін Күн энергетикасы көмегімен атмосфераға көмірқышқыл газының түсуін жылына 6 млрд тоннаға дейін қысқартуға болады екен. Осындай тұжырымдар негізінде Күннен өндірілетін энергияның адамзат үшін сарқылмайтын байлық екендігіне әбден көз жеткізуге болады деп ойлаймыз. Қазақстанның оңтүстік облыстары тұрғындары өз тіршілігінің ажырамас бөлігіндей, күн сәулесі энергетикасына үйренуіне қол жеткізу керек. Бұл нарықты қалыптастырады және қазақстандық өндірушілерге күн сәулесі батареяларын шығаруды арттыруға, олардың құрылымдары мен техникалық сипаттамаларын жетілдіруге мүмкіндік береді. [14]
Қазақстанның климаттық жағдайы — күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Алматы энергетика және байланыс университетінің, Шағын энергия көздерін жаңғырту зертханасының қызметкерлері мен магистранттары жасап шыққан бұл тақта күннің энергиясын үнемдеп қана қоймай, оны энергияның басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік береді екен. Ал өз кезегінде күн энергиясын қолдану жылу мен жарықты қатар алуға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы. Сондықтан ол қазақстандық ғалымдардың басты назарында.
Негізінен баламалы энергия көздерін пайдаланудың тиімділігін АҚШ, Германия сынды мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Елімізде де бұл бағыттағы жұмыс қолға алынған. Энергия үнемдеу технологиясы саласында мемлекетімізде жобалар іске асырылуда.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің есебіне қарағанда, 2020 жылға дейін қалпына келетін энергия көздерін пайдалану үлесі 1 мың мегаваттан аз болмауы тиіс. Біздің өңірімізде балама энергия көздерін пайдаланатын 3 нысан бар. Қуаттылығы 2,46 МВт Сергеев гидроэлектр стансасы, «Қазақтелеком» АҚ өндірістік нысандарын қосымша энергиямен қамтамасыз ету кешені және жалпы қуаттылығы 1,5 МВт «Зенченко и К» командиттік серіктестігінің жел электр стансасы. Сараптамалық бағалау бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергетика ресурстарыны (су энергиясы, жел және күн энергиясы) әлеуетi аса маңызды және 1 трлн. кВтсағ. бағаланады.
Қазіргі таңда елімізде мынадай жобаларды іске асыруда:
Осында айта кететін мынадай ұсыныстар бар:
- 2020 жылға қарай электр энергия көздерін өндірудің 20% жанарылатын қуат көзіне қарай көшу қажет .
- Әрбір облысты жеке қамтитын куат көздері орталықтарын құру қажет. Әрбір орталықты инновациямен жарақтандыру қажет.
- Қуат үнемдегіш жеделсатылар «жасыл экономикаға» негізделген ғимараттарда ғана емес, қазіргі уақытта жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандары мен тұрғын үйлерде де іске қосу қажет.
- Әрбір үй шатырына күн панелдерін орналастыру керек.
Күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету мақсатында күн коллекторын пайдалану. Осындай сужылытқышты душ және асханаға (ыдыс жууға) пайдалануға болады. 100 л суды қыздыру үшін ауданы 2-3м2 күн коллекторын орнату керек. Ал күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру мақсатында қуаты 2-3 кВт-тан тұратын кремнийлі фототүрлендіргіш гелийқондырғыны біз өзіміз жататын үйіміздің төбесіне құрастырып орнықтырсақ, ол 20-30 м2 ауданды қамтиды, ал жылына 2000 кВт сағат энергия береді, Ал 1 кВт/сағ электроэнергия алу үшін 0,7- 0,8 м3 биогаз қажет. Орта есеппен біз 1 айда 8000 кВт энергия жұмсаймыз.
Баламалы энергия көзін өндіруге қажетті құралдың тағы бір түрі – желдік роторлық турбина. Оны Альберт Болотов ойлап тапқан. Бүгінде отандасымыздың еңбегі вертикальды роторлы турбина Қазақстаннан тыс көптеген елдерде қолданылып келеді. Оны Ресей, Қырғызстан және Корей елдері пайдалануда. Себебі алыс жерлерге электр энергиясын жеткізу өте қиын болғандықтан, алыс аймақтарға вертикальды роторлы турбинаны қою өте ыңғайлы.
Орталық Азия және өзге де дамушы елдермен салыстырғанда 16 миллионға жуық тұрғыны бар Қазақстан жан басына шаққанда электр қуатын орта есеппен 3,5 есеге көп тұтынады. Қазір де бұл мәселе Үндістан мемлекетімен жеке келіссөздер жургізуде.
Әлемдегі барлық тұтынылатын электр қуатының 19 пайызы жарықтандыруға жұмсалады екен. Заманауи қуат үнемдегіш технологиялары тұтынылатын электр қуатының 40 пайызына дейін, яғни әлемдік деңгейде 106 млрд. евроға тең келетін қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Экологиялық тұрғыдан қарағанда, бұл жылына атмосфераға таралатын 555 млн.тонна көмірқышқыл газы қалдықтарының зардабын жойып, жыл сайын 2 терраватт электр қуатын және 1,5 млрд. баррель мұнайды үнемдеуге алып келеді.
Заманауи қуат үнемдеуші технологияларды енгізу тек жасанды жарықтандырудың жаңа стандарттарын орнату арқылы мүмкін екендігін түсінген көптеген елдер осындай нормаларды дайындауда жоспарлы саясат жүргізіп отыр. Мысалы, АҚШ-та 2014 жылға қарай жарықтың тиімсіз көздерінен толықтай бас тартуды көздейтін нормативті акт күшіне еніп үлгерген. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап Еуроодақ қуаты 100 Вт. болатын қыздыру шамдарын (күнделікті қолданыстағы жарықтандыру лампалары) сатуға тыйым салса, 2012 жылдан бастап қыздыру шамдарының барлық түрлері саттыққа шығарылмайтын болады. 2012 жылы елімізде қуаты 100 Вт, 2013 жылы – 75 ватт, 2014 жылы – 25 ватт болатын жарық шамдарын әкелуге және сатуға тыйым салыну керек. Осыған байланысты құқықтық база дайындалу қажет. [15]
Балама қуат көзі бұл «жасыл инновацияларға» ұстанған бағыт болып табылады. Жоғары деңгейде мемлекеттік биліктің қолдауын алғаннан кейін әлеуетті перспективалық тренд, Елбасының мәлім етуінше және EXPO-2017 көрмесін өткізу тақырыбында осы бағыттың пайда болуына байланысты, отандық инновациялық жобалар пакетін жасақтауда негізгі секторға айналады. Сондықтан болашақ энергиясын дамытудың 2013-2017 жылдарға арналған тиісті кешенді жоспарын қабылдау қажет. Ол жоспар барлық өңірді, ұлттық холдингтерді, зерттеу институттары мен әлеуетті отандық және шетелдік инвесторларды қамтуы тиіс. Бағдарламалық барлық құжаттарды үйлестіру керек.
Энергия мен қоршаған орта мәселелерінің маңыздылығын негізге ала отырып, Қазақстан Expo-2017 көрмесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдады. Көрме аясында бүгінгі таңда адамзат үшін маңызы зор энергияны сақтау, күн, жел, мұхит және геотермальді сияқты балама энергия көздерін қолдауға байланысты үлкен мәселелер қарастырылады.
Қорытынды
Қуат жетіспеушілігі мәселесін шешудің бір амалы – қуатты үнемдеу. Қуатты үнемдеуге бағытталған шаралар Қазақстандағы нағыз балама қуат көздері болып табылады. Энергия мен қорларды үнемдейтін технологияларды дамыту барған сайын өзекті мәселеге айналып барады. Қазақстан қуатты, электр энергиясын тұтынудан алдынғы орында. Біз, «Жасыл стандарт» бойынша әр азамат энергияны үнемді әрі жоспарлы түрде пайдалану қажет. Қазақстанның кең байтақ жерінде әр түрлі баламалы энергияны пайдалануға болады. Күн энергиясын Оңтүстік Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарында қолдану тиімді болса, Батыс , Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жел энергиясын қолдану едәуір тиімді. Біз орнататын желқондырғысы мен фотоэлектрлік жүйе, биогаз қондырғысы жеткілікті мөлшерде энергия өндіретіндіктен, қуатты үнемдейміз. Біз бұның тиімділігін айқын көріп отырмыз. Балама қуат көзі бұл «жасыл инновацияларға» ұстанған бағыт болып табылады. Жоғары деңгейде мемлекеттік биліктің қолдауын алғаннан кейін әлеуетті перспективалық тренд, Елбасының мәлім етуінше және EXPO-2017 көрмесін өткізу тақырыбында осы бағыттың пайда болуына байланысты, отандық инновациялық жобалар пакетін жасақтауда негізгі секторға айналады. Энергия мен қоршаған орта мәселелерінің маңыздылығын негізге ала отырып, Қазақстан Expo-2017 көрмесіне «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдады. Көрме аясында бүгінгі таңда адамзат үшін маңызы зор энергияны сақтау, күн, жел, мұхит және геотермальді сияқты балама энергия көздерін қолдауға байланысты үлкен мәселелер қарастырылады. Қорыта айтсақ, көмірсутегі қорларының таусылу кезеңінде бұл жел , күн, су, биогаз энергиялары – құндылығы ерекше бізге табиғаттың берген сыйы.
Қолданылған әдебиеттер
- kazenergy.com%2Factions%2Feurasion-forum%2F-kazenergy-%2Fiii-%2Fiii-%2F1373-2011-07-22-18-32-01.html
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Орталығы
- Қазақстан «Жасыл экономика» жолында: идеялар және шешімдер (15 сәуір 2014)
- https://primeminister.kz/kz/news/finansi/kazahstan-na-puti-k-%C2%ABzelenoj-ekonomike%C2%BB-idei-i-reshenija-
- Т.ғ.к. И.В.Кошкин, Н. В. Виничук, А.Байтурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті http://www.rusnauka.com/4_SND_2013/Tecnic/5_126241.doc.htm
- Сұлугүл Бакесова, «Жасыл стандарт» — жаңа өмірге қадам
- http://abctv.kz/kz/news/%C2%ABzhasyl-standart%C2%BB-%E2%80%93-zhana-omirge-kadam
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі; http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000496
- Қазақстанға су сапасын жақсартатын жаңа технологиялар қажет; Алаш айнасы Ш.Жылқыбаева, http://alashainasy.kz/
- ҚР президентінің ресми сайты ; «Қазақстан-2050» стратегиясы, 2012 жыл, желтоқсан. http://www.akorda.kz/kz/official_documents/strategies_and_programs
- Кондаков А.М. Альтернативные источники энергии – М.: 4/88 бет Прива. 2010 г.
- Баламалы энергетикаға көшпесек болмайды.., Тұмар Алмалы, «Жебе» газеті, 21 қараша 2013 жыл (6-бет)
- Еліміз ЭКСПО-2017 көрмесінің жоғары деңгейде өтуі үшін бар күш жігерін салатын болады http://www.inform.kz/en/elimiz-ekspo-2017-kormesinin-zhogary-dengeyde-otui-ushin-bar-kush-zhigerin-salatyn-bolady-kr-prezidenti-n-nazarbaev_a2512578
- Б.Ә.Оразбекқызы, Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуындағы инновациялық өрісі: баламалы қуат көзінің перспективасы; http://group-global.org/kk/publication/4819-kazakstan-respublikasynyn-turakty-ekonomikalyk-damuyndagy-innovaciyalyk-orisiт
- Ермуханова Н.Б., Шайхыслам Г.Б. Күн энергиясы – болашақ энергиясы; http://gbpp.org/kz/2016/10/14251
- ХХІ ғасырдың он жаһандық сын қатері; https://strategy2050.kz/page/global10/
- Күн энергетикасы, 2015 ж басылым; http://bilim-all.kz/article/2011
- Б.Ә.Оразбекқызы; Баламалы қуат энергиясы; http://group-global.org/kk/publication/4819-kazakstan-respublikasynyn-turakty-ekonomikalyk-damuyndagy-innovaciyalyk-orisi
Құрастырғандар: Жамбурина А., Дюсембай Ж.