«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА»: ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Қазіргі қоғамда жасыл экономика сөз тіркесі барынша жиі қолданыла бастады. Өткен «РИО + 20» Саммитінен кейін біздің мемлекеттің Президенті осы сөзді елді ары қарай дамыту жолындағы бірінші дәрежелі факторлардың бірі ретінде белгіледі. Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді. Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын /1/.

Менің ойымша «Жасыл» экономика — бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Жасыл экономика – экономикалық ғылымда соңғы екі онжылдықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономиканы табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Алайда қазірге дейін жасыл экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де мен әлемдік ұйымдардың көзқарасы бойынша  жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадым:

  • UNEP анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар
  • БҰҰ анықтамасы бойынша ЖЭ – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;
  • ЖЭ – бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика /2/.

Сонымен бірге жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.

ЖЭ кейбір критерийлері:

Жасыл экономиканың артықшылықтары мыналар деп атай аламыз:

  • бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;
  • газбек жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;
  • қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;
  • климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологияларды қолдану;
  • қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;
  • кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.

 «Жасыл» экономиканың қағидалары:

  • әділеттілік қағидасы  (теңдік);
  • адамгершілікті құрметтеу қағидасы (барлығы үшін өркендеу);
  • сақтық қағидасы  (ғаламшарға шекті жүктемені есепке алу);
  • тұрақтылық қағидасы (экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тұрақтылыққа қол жеткізу);
  • тиімділік қағидасы (тұрақты өндіріс пен тұтыну) /2/.

Ал Қазақстанда «Жасыл Экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі:

  • Бірінші кезеңде 2013-2020 жылдары  — мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады.
  • Екінші кезең барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энергетикалық тиімділіктің жоғары стандарттары негізінде құрылыс жүргізуге бағытталған ұлттық экономиканы бетбұрыстандыру жүргізіледі.
  • Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшіру қарастырылған. Ол табиғи   ресурстарды олардың жаңартылу мен тұрақтылық негізінде қолданылуын пайымдайды.  Тұжырымдама бойынша «жасыл экономикаға» көшу шаралары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: су ресурстарын тұрықты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару /3/.

Осыған мысал келтірер болсақ:

  1. Оңтүстікте «жасыл» экономиканы ендіру жөнінде жобалар қолға алынды. Оның аясында өндірістік қалдықтар қайта өңделетін болады. «Шымкент цемент», «Састөбе — Шымкент» мекемелері де жаңа бағыт бойынша жұмыс істемек, яғни, қалдықтарды қайта өңдеуді қолға алынды.
  2. «Жасыл ауыл» аталатын алғашқы күн электр стансасының жобасы. Аталған «Жасыл ауыл» тұрғындарының саны шамамен 70 шақты, 16 үйден тұратын ауыл энергиямен қамтамасыз етілді.
  3. Рождество кор­до­нын­­да Болотов қондырғысы күн қуатын жинау қондырғысы жұмыс істей бастады.
  4. Л.Н.Гу­ми­­лев атын­дағы Еуразия ұлттық универ­ситетінің шатырындағы күн қуатын жинау қондырғысы жұмыс істей бастады.
  5. Қостанай облысының Қарасу ауданында Қазақстанда алғаш рет биогаз құрылғысы орнатылған.
  6. Солтүстік Қазақстан облысының Новоникольский ауылында қуаты 1,5 мегаваттық жел электр стансасы орнатылған.
  7. Қарағанды облысындағы Ынтымақ су қоймасында 2012 жылдың соңында қуаты 3,7 МВт болатын су электр стансасы іске қосылыпты.
  8. Ақмола облысындағы «Родина» агрофирмасы салатын жел энергетика стансасын құрылысы жүріп жатыр.
  9. Алматы облысындағы 2 ГЭС-тің құрылысын салынады.
  10. Қапшағай қаласындағы «Самұрық-Энергоның» 2 МВт-тық күн стансысы құрылысы жүріп жатыр.
  11. Жамбыл облысындағы екі ГЭС салынды.
  12. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы ГЭС құрылысы жүріп жатыр.
  13. Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2 МВт-тық ГЭС құрылысы жүріп жатыр.
  14. Ерейментауда «Самұрық-Энерго» компаниясы жел паркі құрылысын осы көктемде бастағалы отыр
  15. Алматы облысындағы Көксу өзенінде қуаты 42МВт-тық шағын ГЭС-тердің құрылысы, Шелек дәлізінде қуаты 51 МВт-тық жел паркін салу да жоспарланып отыр.
  16. Щучье-Бурабай курорты аймағы қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинап жүйесі жұмыс істейді.
  17. Астанада фотоэлектрлі модульдер шығаратын зауыты ашылды. ТМД тұрмақ, Орта Азия кө­лемінде жоқ бұл зауыт – «Қаз­Атом­өнеркәсіп» Ұлттық ком­паниясының еншілес кәсіп­орны «Astana Solar» ЖШС-нікі.
  18. Ақмола облысы Арнасай орта мектебі пиролиздік пештерді қолдану арқылы жылына отынға жұмсалатын қаржыны 2 еседей үнемдеуге болады.
  19. Жамбыл облысының Қордай кентінде де қуаты 1,5 МВт жел құрылғысы мен Отар ауылында өнеркәсіптік көлемдегі күн электр стансасы іске қосылған
  20. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. . Оның ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС (170 МВт) , сондай-ақ 4 күн электр стансасы (77МВт) жасақталады /4/.

Сонымен қатар БҰҰ сарапшылары Қазақстанда «жасыл» экономиканы енгізу үшін бес маңызды секторды атап көрсетеді:

  • Энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ 30%  мен экспорттың 60%  құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін мұнайгаз секторына бірыңғай сенім артудан біртіндеп арылуы тиіс;
  • Су – Қазақстан 2015 жылға қарай су тұтыну көлемін қысқартуды басыңқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың  20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды;
  • Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу  бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизациялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің  арасында екінші орында болып табылады.
  • Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10%  құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді.
  • Көлік. Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель/бензинге тиісті. Ол ең алдымен ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді, сондықтан да елдің көлік әлеуетін арттыру маңызды болып табылады /5/.

Қорытындылай келе «Жасыл» экономиканың дағдарысқа қарсы әлеуеті тұрғысынан ол жұмыспен қамтуды арттыру мен жұмыссыздықты азайтуға, шаруашылықтың басқа салаларында белсенділікті ынталандырып, рецессиядан тездетіп шығуға ықпал етеді. Мысалы, АҚШ-та дағдарысқа  қарсы шаралар кешенінде жасыл секторға 12%, Германия мен Жапонияда 13%, Францияда 21%, Қытайда 38%, Оңтүстік Кореяда 80% тиесілі болды.

Осылайша, «жасыл» экономика ұлттық экономиканың баюымен қатар, ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатады. Ол кедейшілікті жою мен экологиялық ресурстарды сақтау арасындағы байланысты орнатады. Экологиялық экономика жаңа жұмыс  орындарының құрылуына ықпал етеді. Мұндай қоғамда  жаппай өндіру болмайды және табиғи ресурстарды пайдалану қысқарады. Табиғи ресурстардың орнына «Жасыл Нано» технологиясы қолданылады.

Мемлекетіміздің алтын капиталы саналатын адам денсаулығын жақсарту, әсіресе жас ұрпақтың тәнінде ақау, жанында кірбің болдырмау мәселесі ел болғалы бері Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып келе жатқан табанды тапсырмасы екендігін атап өткім келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bissness/bus_nat_eco/ecologiya/article/green_ekonomika&lang=kk
  2. https://www.youtube.com/watch?v=lBSbJ7XtnRI
  3. http://group-global.org/kk/publication/8155-zhasyl-ekonomika-kazakstannyn-turakty-damuynyn-zhana-vektory
  4. http://yvision.kz/post/388808
  5. http://group-global.org/kk/publication/8155-zhasyl-ekonomika-kazakstannyn-turakty-damuynyn-zhana-vektory

Құрастырған: Жақып Т.

Яндекс.Метрика