КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Мазмұны

Кіріспе

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілері                                             

Қорытынды

Қолданған  әдебиеттердің тізімі

КІРІСПЕ

Қазіргі экономикалық жағдайда нарықта бәсекеге қабілеттілік өте маңызды. Ішкі нарықта өз тауарларымыздың бәсекелесуі тауардың сапасын арттыруға, кәсіпкерлердің тұтынушыларға жақсы сатып алу жағдайын жасауға ынталандырады.

Қазақстан экономикасын жақсартудың өте сенімді жолдарының бірі өндіріс сапасын жақсарту. Нарықтық бәсеке кәсіпкерлердің өндіріс қабілеттілігін арттырып, одан ары сыртқы нарықта қалай жұмыс істеуге үйретеді. Нарықта бәсеке болса екі жақта ұтады, сатып алушылар сапасы жоғары тауар алады, ал өндірушілер бәсекелестік жағдайында шыңдалады.

Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің  сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Мемлекеттің  экономикалық  тұрақтылығын  қалыптастырудың  негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың  қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын  өндіріс  орындарын  жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты  кәсіпорындардың тиімділігін  арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін  мақсатты  пайдалануда  және  бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік  нарықтағы беделін  арттыруда көрініс табады.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту   үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер  мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандырыла бaстады.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды  игеруге, ондағы  тұтынушыларды  жаулауға  белсене  кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді  қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін  арттыру  арқылы қол жеткіземіз».

Қазақстандық кәсіпорындардың өнімдерінің ішкі нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі. Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ­стан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны­мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бә­секеге қабілеттілікке байланысты.

Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын  іс-шаралардың  тобына  шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне  төтеп  бере  алатын  отандық  өнімдердің  өндірілуіне  тәуелді.

Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі құндылықтарды барынша тиімді,  әрі  ұтымды  жұмсау,  тек  ішкі нарықта ғана  емес,  әлемдік  нарықта  да  жоғары  сұранысқа  ие  болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру  бүгінгі  таңда  қарқынды  жүргізіліп  жатқан  саяси-экономикалық  үрдістердің  негізін  қалайды.

Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да  отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын  қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.

Бәсекеге қабілеттілік – бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті. Бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды. «Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынадай анықтама берді. Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі [ 1].

Нысанның бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысанға бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік әлемдік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.

М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті ─ фирманың өз тауарын сату қабілеті [2].

Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі құрауыштарын атап өтейік:

  • Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
  • Екіншi құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
  • Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады.

Бәсекеге тусу қабілеті дегеніміз Қазакстандык кәсіпорындардын экспортка шығарылатын өнімдерді өндіру қабілетін білдіреді.  Басқа ша айтканда,  өңдеуші өнеркәсіптің өнімі осындай әлемдік стандарттарға сәйкесс келуі керек және баға бойынша бэсекелесуге кабілеті болуы тиіс[3].

Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың    мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ таңдаған  нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады.

 Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп  көрсетуге болады:

  • Өнім және қызмет сапасы;
  • Өнім және қызмет бағасы;
  • Персоналдың квалификациялық деңгейі;
  • Өндірістің технологиялық деңгейі;
  • Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
  • Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-21

Сурет -1. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы

Ескертпе — Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках, таблицах 2000г [24].

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.

М.Портер кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің барлық факторларын бірнеше типтерге бөлуді ұсынады.   Біріншіден, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік факторлары негізгі және дамыған болып бөлінеді. Негізгі факторлар – бұл табиғат ресурстары, елдің географиялық, климаттық жағдайы, біліксіз немесе жартылай білікті жұмыс күші. Дамыған факторлар – ақпарат алмасудың қазіргі заманғы инфрақұрылымы, жоғары білікті кадрлар, жоғары технологиялы өндірісті қолдану.   Екіншіден, мамандану дәрежесіне байланысты жалпы және мамандандырылған болып бөлінеді. Жалпы факторлаға инфрақұрылым, жоғары білімді персонал жатқызылса, мамандандырылған факторларға тар мамандандырылған персонал, айрықша инфрақұрылым жатады.   Үшіншіден, бәсеке қабілеттілік факторларын табиғи (табиғи ресурстар, географиялық жағдай) және жасанды құрылған (техника, технологиялық, экономикалық орта және т.б.) деп бөлуге болады.   Төртіншіден, ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді [4].

Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  бағалаудың  бірнеше  әдістері  бар. Бірақ барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы  ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің  жиынтығы  ретінде анықталады.  Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің  бағасы  пайдалы  тиімділікке  қатынасындағы  салыстырмалы      баға деп анықтаймыз.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:

  • нарықты талдау ─ потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін зерттеу;
  • тауарға нарықтық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;
  • салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
  • бағалық класс моделінің түрін таңдау;
  • тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;
  • бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің  нәтижесі  тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы  мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме  жасайтын  белгілі  бір  параметрлер жиынтығымен сипатталады [5].

Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылату  жолдарын  жобалау  оның  нақты  және уақытылы  бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің  бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру базасының  параметрлерімен  салыстыру  арқылы  бағаланады.  Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі  алынады.  Ал  ұқсас  тауар  ретінде  сатылу  көлемі                 максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері  қолданылады.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:

  • өнімнің жаңалық дәрежесі;
  • өндірілу сапасы;
  • өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
  • өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
  • өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
  • қаржылық жағдайы.

Бәсекеге  қабілетті  өнім  кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз  етеді,  ал  мұның  өзі  экономиканың   жалпы  дамуына оң   әсерін  тигізеді.

Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігінің  бағалауының  бірнеше   әдістемесін  жиі қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық әдіс; негізгі  тәсіл  ретінде кәсіпорын тауарының бағалануын қолданылатын әдіс; бәсеке  тиімділігі  теориясында  негізделген  әдіс.

Матрицалық  әдіс негізінде координаттар жүйесінің қағидасы бойынша  жасалынған  матрица  талдауы жатыр.  Мұндай   әдістерге  келесі  матрицалар:  BCG,  Мак-Кинзи, Хоуфер,  ADL,  И.Ансофф,  Д.Абель  бойынша  стратегиялардың  өрісі  жатады.

Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің анықтамасы  (бағалық  және бағадан тыс)  және  оның  бәсекеге қабілеті  деңгейінің  интегралды  көрсеткішінің  есептеуінде  негізделген.

Тиімді бәсеке теориясы өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгей көрсеткіштерінде көрсетілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің ең маңызды бағаларын қамтиды. Оларға кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділік көрсеткіштерін, оның қаржылық жағдайының  көрсеткіштерін,  тауарды өткізудің ұйымдасқан тиімділік  критерийлері  мен  тауардың  бәсекеге  қабілеттілігін  жатқызуға болады.

Сонымен  бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға қажетті параметрлермен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстырылатын  параметрлер  өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық және экономикалық параметрлердің топтары  бойынша  іске  асырылады.

 «Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы»,  деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдауында осы жылы [6].

Өнімнің  сапасы ─ бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кәсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Осыған байланысты кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды қарастырғанда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және оның негізгі факторларын да қарастыру қажет. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға бағытталған сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің мақсаты оны нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу болып табылад[7].

Өнімнің сапалығы  тек  техникалық,  тауар  тану  ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде  ол  тұтыну  құнына  тығыз  байланысты.  Егер  де  тұтыну құны — бұл  жалпы  алғанда  тауардың  пайдалылығы  болса,  ал  өнімнің  сапалылығы — бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейінің көрінуі.

Бәсекеге  қабілетті  өнім  кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз  етеді,  ал  мұның  өзі  экономиканың   жалпы  дамуына оң   әсерін  тигізеді.  Кейбір  өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол  біртіндеп  халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны  сапа  саласында  жетекші  болып  табылатын  соғыстан кейінгі уақытта  Жапония  экономикасының  даму  мысалында  көруге  болады.

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін көп зиян шекпей пайда табу жолын қарастыруы керек. Қазақстан қалаларының 2016 жылдағы пайда тапқан және залал шеккен кәсіпорындарының үлестік бөлінуі (пайызбен). Төмендегі көрсеткіш бойынша ең жоғары пайда шеккен кәсіпорын Қызылорда қаласында орналасқан, ал зиян көп шеккен кәсіпорын Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-79

Сурет -2. 2016 жылғы пайда тапқан және зиян шеккен кәсіпорындардың үлестік бөлінуі

Ескертпе: Статистикалық есеп нәтижелері бойынша жасалған [10].

Ел бәсекеге қабілетті болуы үшін жақсы макроэкономикалық жағдай мен базалық реформалар жүргізілуі тиіс. Қазақстанда бұл екеуі де жасалды. Ендігі мақсат мемлекеттің қаржысын шашып-төкпестен маңызды салаларға жұмылдыру. Сөйтіп каучуктың кластерін қолға алған Малайзия, елдегі негізгі байлық саналатын мысты шикізат күйінде сата бермей, дайын өнім шығарып сату арқылы байыған Чили, ауыл шаруашылығына бар қаржысын төккен Қытай елі секілденіп бәсекеге қабілеттілік жолында басым бағыт­тарды дамыта түсу керек [8].

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Әрбір нарықтың  өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу  кезіндегі  ұсынысты  анықтау  керек,  ал  жаңа  өнім  ұсынысы  бағамен  ынталандыруы  қажет.  Осылай,  егер  «баға»  тек  өнімді  өткізу  құралы  ғана болса,  «бәсекеге  қабілетті  сапа»  нарық   дамуының  жалғыз  факторы  –   тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес,  сонымен бірге ақырғы   тұтынушыға  бағытталған шаралар  кешені. «Бәсекеге  қабілетті сапа»  зерттелуі  перспективті  нарықты  бөлшектеп  зерттеуінен  басталады:

  • жаңа өнімге талаптарды дайындау;
  • сапалы шикізат жабдықтаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;
  • өндірістің барлық кезеңдері мен аралық бақылауды регламенттеу.

 Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас бөлігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады[9].

%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-22

Cурет -3.  Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру [24].

Ескертпе — Әмірбекұлы Ержан Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті  жоғарылатудың  келесі  жолдары  қабылдануы  мүмкін:

  • қолданылатын материалдардың, комплект бұйымдардың немесе өнім конструкциясының құрамы мен құрылымының өзгеруі;
  • өнімді жобалау тәртібінің өзгеруі;
  • өнімді дайындау технологиясының; дайындау сапасы, сақтау, орама, транспорттау мен монтаждауды  бақылау  жүйесінің  өзгеруі;
  • өнім бағасының, қызмет көрсету мен жөндеу бағасының, қосалқы бөлшектерге бағаның өзгеруі;
  • нарықта өнімді өткізу тәртібінің өзгеруі;
  • өнімді өткізу, өндіріс, жетілдіруге арналған инвестиция көлемі мен құрылымының өзгеруі;
  • жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесінің өзгеруі;
  • импорт құрылымы  мен  импортталатын  өнім  түрлерінің  өзгеруі[12].

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және ішкі нарықтағы алатын орны осының барлығы өнімнің сапасына, бағасына, яғни оған әсер ететін факторларға байланысты болады. Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға бөліп      көрсетуге болады:

  • Өнім және қызмет сапасы;
  • Өнім және қызмет бағасы;
  • Персоналдың квалификациялық деңгейі;
  • Өндірістің технологиялық деңгейі;
  • Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
  • Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.

Трублин бәсекеге қабілеттіліктің факторларын сыртқы, сапалық және экономикалық деп бөлді.

Оның пікірінше, сыртқы факторларға экономика мен нарықтың даму үрдістері, ғылыми техникалық ілгерілеу, тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы және бәсекелестер құрамы жатады. Сонымен қатар, мұнда кәсіпорынның имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі де үлкен мәнге ие.

Екінші топ факторлардың қазіргі қолданыстағы стандарттар, мөлшерлер, ұсыныстар анықтайтын өнімнің қауіпсіздігі, ұзақ мерзімге сақталынуы да осы топқа кіреді.Өнімнің сапасын анықтау халықаралық стандарттау ұйымының талабымен жүргізіледі.

Бәсекеге қабілеттілікке әсер ететін үшінші топтағы факторларға өнімнің өзіндік құны мен бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштер жатады[13].

Президенттің стратегиясына сәйкес біздің мемлекет қысқа уақытта әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50 ел қатарына енуі қажет. Кейбіреулері        біздің ел  дамыған  мемлекеттердің  қатарына  кіргеннен  кейін  өмір  сүру  деңгейі автоматты түрде Жапония, Ұлыбритания, АҚШ деңгейлеріне       жетеді деп ойлайды. Алайда,  бұл жол ауыр ұрынуға болатын тастарға         бай. Аналитиктер біздің ел БСҰ-ға кіргеннен кейін көптеген отандық компаниялар бәсекелестерге  шыдамай,  көп  ұзамай  банкротқа  ұрынады  деп  бекітеді.

Қазір байқап отырсаңыз, көптеген кәсіпорындар өз өнімдерін жылжытуда сәтті қадамдар жасап келеді. Өзім білетін мына Батыс Қазақстан облысында «Кублей» деп аталатын консерві шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Сол кәсіпорын экологиялық таза балық пен жылқы және сиыр етінен неше түрлі консервілер шығарып, тез сатылып кететін өнімдер қатарынан табылып жүр. Қазір бұл кәсіпорынның өнімдері ресейліктердің сұранысына да ие екенін айта кету керек. Өзімізде шығарылатын сүт және ет өнімдері шетелдік өнімдермен салыстырғанда бірде-бір кем емес[14].

Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті  50 ел қатарына ену қажеттілігі Отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Қазақстандағы 2012-2016 жылдар аралығында кәсіпорындардың пайда түсірген сомасы және залал шеккен сомасының нәтижелері төмендегідей. Сонымен, кәсіпорындардың 2012 жылы пайда түсірген сомасы көп болса, 2015 жылы залал шеккен сомасы  көп болған. Соңғы жылдары кәсіпорындардың пайда және залал сомалары алдыңғы жылдарға қарағанда күрт төмендеген.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-80

Сурет-4. Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері

Ескертпе: Статистикалық есеп нәтижелері бойынша жасалған [10].

Oтандық компа­ния­лар­дың бәсекеге қабілеттілігі ар­та түсті деп айтуға болады ғой? – Әрине. Олар шетелдік әріптес­тері­нен көптеген жаңа технология­ларды алды. Бұл жобаның жүзеге асы­рылып жатқанына 5 жыл бол­ды. Осы уақыт аралығында көптеген қазақстандық компаниялар заманға сай қанат жайып, өркендеді. Енді осындай ірі жобаларға өздері білек сыбана кірісуге дайын деуге болады[15].

Қазақстанның  мінсіз  бизнес  кәсіпорындар Ассоциациясына 30  отандық компаниялар мен фирмалар кіреді. Бірақ көптеген қазақстандық өндірушілер мен қызмет берушілер бұл қатарға кіруге қорқады ─ тұтынушылар алдындағы көп міндеттерді өз иықтарына артуға тура келеді. Одан  басқа,  мінсіз  бизнесті қалыптастыру үшін  елеулі ақша-қаражат қажет, ал олар тез арада ақталмайды. Сонымен бірге, жасырудың не қажеті бар, қазақстандық өндірушілердің көптеген өнімнің сапасы әлемдік стандарттарға  тіпті  жақындамаған.

Қазақстан кәсіпорындарының ішкі нарықтағы есеп алмасуының өзара жағдайы дебиторлық берешек және міндеттелер бойынша берешек түрінде сипатталған. Дебиторлық берешек 2012-2016 жылдар аралығында бірқалыпты төмен болған. Ал міндеттемелер бойынша берешек 2012-2016 жылдары төмен көрсеткіште болып, соңғы жылдары жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-81

Cурет-5. Есеп алмасудың ішкі нарықтағы өзара жағдайы

Ескертпе: Статистикалық есеп нәтижелері бойынша жасалған [10].

Бәсекеге  қабілетті  өнім  кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз  етеді,  ал  мұның  өзі  экономиканың   жалпы  дамуына оң   әсерін  тигізеді.  Кейбір  өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол  біртіндеп  халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны  сапа  саласында  жетекші  болып  табылатын  соғыстан кейінгі уақытта  Жапония  экономикасының  даму  мысалында  көруге  болад [16].

6-суретте саланың және нақты фирманың осы саладағы бәсекелестік күрестегі тартымдылығын айқындындайтын бес бәсекелестік күш бейнеленген, атап айтқанда: 1. Жаңа бәсекелестердің пайда болуы. 2. Осы өнімді жаңа өнімдермен ауыстыру қаупі 3. Жеткізушілер позициясының күші. 4. Сатып алушылар позициясының күші. 5. Саланың өзіндегі өндірушілер арасындағы бәсеке.

%d1%81%d1%85%d0%b5%d0%bc%d0%b0-23

6-сурет. Бәсекелестік тұжырымдамасы

Ескертпе: [17]

Өнімнің  бәсекеге  қабілетілігін  жоғарылату міндетін шешуінде  таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан   жылға  артып  келеді.  Осыған  байланысты  әрбір  кәсіпорында  бұл     салады  талдау-іздеу  жігері  өте  маңызды. Жаңа өткізу нарықтары   тауардың  бәсекеге  қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін   күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік           циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде      сұраныстағы маусымдық  ауытқулар  тауардың  сәтті  өтуіне  себеп  бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне   кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші,     салықтың төмен  деңгейі,  және  кеден  баждары  мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған    байланысты,  егер  ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас  бұрын,  жаңа  өнім  немесе  ескі  өнімді  өндірістен  шығармас бұрын) онымен   өткізу   жаңа нарығына шығуға  әрекет  жасау  керек  [18].

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз  болады

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмі іс-әрекеттердің жиынтық   көрінісі  ретінде   оларды  жүзеге  асыратын  бірнеше  тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктер диплом жұмысымда  өзіндік сипаттары бойынша төрт топқа бөліп қарастырылады:

  • бірінші топ — өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
  • екінші топ — өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
  • үшінші топ — өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
  • төртінші топ — өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау[19].

 Өнім өндіруші кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін тиімді баға белгілеу саясатын жүргізу, нарықтық факторлармен қатар бағаны қалыптастыру ерекшеліктерін де ескеруді міндеттейді.

 Кәсіпорынның шығындылықты төмендету немесе басқа да нарықтық тетіктер бойынша ұстанған баға саясаты, өз кезегінде, бағаны қалыптастыру әдісін анықтауға негіз болады.

 Бағаны қалыптастыру әдісі нарықтық ортаның кез – келген жағдайында үздіксіз жұмыс жасауы тиіс және нарық талабына сай икемді болғаны жөн. Жалпы алғанда, бағаны қалыптастырудың бірнеше бағытын ажыратып көрсетуге болады.

  • Шығынсыздыққа бағытталған мақсатты табыс – табысты белгілеу әдісі бойынша;
  • Өнімнің құндылығын сездіру — өнімнің тұтынушылық қаиеттері бойынша;
  • Өндіріс шығындары – шығындылық әдістері бойынша;
  • Нарықтың сипаты – нарықтық әдістер бойынша;
  • Өнімнің техника – экономикалық парамаетрлерінің мөлшерлік шығындары – параметрлік әдістер бойынша;

 Кәсіпорынның бағаны қалыптастыру әдісінің қай – қайсы болсын, ол сол кәсіпорынның ішкі жағдайына, нарықтағы орнына және алдағы даму стратегиясының қай бағытта жүргізілетініне тікелей байланысты [20].

Бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы  пайда бағалық көрсеткіштері бойынша қарастыруға             болады. Егер  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  баға  бойынша  бағалайтын болсақ,  өнімнің  бағасы,  сапасы  мен  дизайны ұқсас тауардан кем түспесе,онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін  салыстырмалы  құн  бойынша  бағалайтын  болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы  жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де  жоғары  болады [21].

 Әлемдегі ірі экономика сарапшысы Майкл Портер Қазақстанның әлемде бәсекеге қабілетті болуына мүм­кіндік беретін 5 басым саланы бөліп шығарды. Олар: мұнай хи­миясы, металлургия, мәшине жасау, туризм, атом энергетикасы. Дөңгелек үстелге қатысушы Мә­жіліс депутаттары мен клуб мүшелері баяндамашыларға сұрақ қойып, тақырыптарды кеңі­нен талқылады. Сондай-ақ дөң­гелек үстелде жастар саясаты, таза ауыз су мен тұрғын үй мәселелері де сөз болды. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауын талдаған дөңгелек үстелге қатысушылар ұсынымдар қабылдады. Онда «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңды жетілдіру жайы да назардан тыс қалған жоқ. Бұл орайда ұлтты бәсекеге қабілетті ету бағытында тәрбиелейтін үл­кен бағдарлама қажет екені де атап көрсетілді [22].

 Тауардын бәсекелестік артықшылығы оның бәсекеге қабілеттілігін құрайды. Ол дегеніміз баска сондай тауарлармен салыстырғанда онын артықшылығын көрсетіп тұтынушылық және құндық қасиеттердің  жиынтыгы. Бәсекеге қабілеттілік — нарықтың талабын анықтайтын және тауардың басқа тауармен салыстырғандағы оның сапалық және экономикалық қасиеттерін кешенді бағалайтын кез келген тауардың негізгі маңызды сипаттамаларының 6ipi. Бәсекеге қабілеттілік түсінігі салыстырмалы сипатқа ие. Ол нақты нарық пен сатылым уақытынын жағдайларына байланысты. Сатып алушылардың көпшілігі қоғамдық қажеттіліктерге сай тауарларды сатып алады, сонымен 6ipгe эр сатып алушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тауарды алады. Сатып алушылардың мінездерін зерттеу көрсеткендей, екі ұқсас тауар болса, сатып алушы оныц арзанын қалайтынын, егер сатылым бағалары бірдей болған жағдайда — сатып алушы тұтыну бағасының (қолдану шығындары) төменіне  ұмтылатыны белгілі[23].

 Ел бәсекеге қабілетті болуы үшін жақсы макроэкономикалық жағдай мен базалық реформалар жүргізілуі тиіс. Қазіргі кезде Қазақстанда бұл екеуі де жасалған.

Қорытынды

Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.

Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде колда бар жетістіктерге канағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарык өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік кауқарын нығайтуды, кәсіпорындардың бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды кажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу — негізгі міндетіміз болып қала береді». Нан өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру  біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне  сай  болуы  тиіс.

Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз  болады.

Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілетті  50 ел қатарына ену қажеттілігі отандық кәсіпорын өнімінің бәсекелес ұстанымын арттыру міндетін қойып отыр. Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтың экономикада өндіріс пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі. Бұл тарапта, басты назар нарық тұтынушыларының талғамдарын қанағаттандырытын, өзгермелі сұраныс пен ақыл-ой жетістіктерінің нәтижелерін ескере отырып, өндірушінің мүмкіндіктеріне сай тұтынушылық сипаты жоғары өнім өндіруге жұмылдырылуы керек.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  –  сапа, баға, әрлендіру, сатудан кейінгі мүмкін көрсетілетін қызметтердің қолайлы үйлесімділігі. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауардың нарық жағдайларына, тұтынушы талаптарына тек сапалық, экономикалық, техникалық, эстетикалық, эргономикалықсипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар, коммерциялық және оны өткізудің (жеткізу уақыты, баға, өткізу каналдары, сервис, жарнама) шарттары бойынша да сай келуін білдіретін көп аспектілі түсінік. Әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ­стан шеткері қалмау керек. Дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны­мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты.        Тамақ өнеркәсібінің салаларында өндірілетін өнімдер тікелей адам өмірінің қауіпсіздігімен байланысты. Сондықтан да, осы ерекшеліктерге сай, өнімнің сапалық қасиеттерін бағалау өнімнің бәсекелік қабілетін анықтайтын басты факторға жатады. Ішкі нарықтағы бәсекелік орта, сыртқы тасымалдаушылардың ықпалы отандық өндірушілерді өз өнімдерінің бағалық сипаттарынанықтауды, сондай-ақ, жетілген нарықта, өндірушінің беделі мен танымалдылығы сынды ерекшеліктері арқылы, оның тартымдылық қасиеттерін бағалауды да негізгі міндеттердің қатарына қосады.

Қолданған  әдебиеттердің тізімі

  1. Сәбден Оразалы   Бәсекелестік экономика       ІІІ ТОМ         АЛМАТЫ 2011 , 52-53 бет
  2. http://knowledge.allbest.ru/economy/2c0a65625a3bc68b4d43a89521216c26_0.html
  3. Р.К. Ниязбекова, Б.А.Рахметов, П.Т.Байнеева Кәсіпорын экономикасы Алматы 2008 жыл, 12 бет
  4. Апышева А. А. Экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігі ілімі және тәжірибесі Өскемен 2014 ж, 10 бет
  5. http://bigox.kz/onimnin-basekege-kabilettiligin-bagalaudyn-adistemelik-negizderi/
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына  жолдауы:        Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан     //    Астана, 2007 жылғы 28 ақпан(I Бөлім)
  7. Апышева А. А. Экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігі ілімі және тәжірибесі Өскемен 2014 ж, 11 бет
  8. Егемен Қазақстан газеті Стратегия және бәсекеге қабілеттілік №90-93 (25939) 12 наурыз жұма, 2010 жыл
  9. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы Алматы  2007ж, 38-39 бет
  10. http://www.gov.kz
  11. Сәбден  Оразалы   Бәсекелестік экономика       ІІІ том
  12. http://bigox.kz/basekelik-ustanymdy-zhogarylatu-strategiyasy/
  13. Е. Әмірбекұлы Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі Алматы 2009ж. 17-18 беттер
  14. Егемен Қазақстан газеті 2 мамыр , 2015 жыл Сапалы өнімдер ғана бәсекеге лайық
  15. Егемен Қазақстан газеті 11 шілде , 2014 жыл Бәсекеге қабілеттілік арта түсті
  16. “Бәсекеге қабілетті өнім шығарудың тиімді тетігі – кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру” Әмірбекұлы Е // 2010 жыл, №8, 42 – 48 беттер.
  17. Сәбден Оразалы   Бәсекелестік экономика       ІІІ ТОМ         АЛМАТЫ 2011 , 22-23 бет
  18. Экономика газеті Бәсекеге ілісу-басты меже №  37(419) 17-23 қыркүйек, 2015 жыл, 3бет
  19. Әмірбекұлы Е. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизімін қалыптастыру Алматы, 2007 ж. 14 б.
  20. “Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру” Өмірзақов С.Ы. // Қаржы – қаражат 2007жыл, №2, 44 бет.
  21.  Эконика газеті  Өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  бағалау №35(417) 3-9 қыркүйек, 2015 жыл, 5бет
  22. Егемен Қазақстан газеті 2 сәуір , 2011 жыл Бәсекеге қабілеттілік бастаулары
  23. Б.А.Рахметов, Р.К. Ниязбекова, П.Т.Байнеева Кәсіпорын экономикасы Алматы 2008 жыл, 684 бет
  24. http://www.alleng.ru/d/mark/mark019.html
  25. http://freepapers.ru/110/nm-sapasyn-basaru/141006.889520.list4.html

Құрастырғандар: Омар А., Балғашбай Е.

Яндекс.Метрика