Осы күні өзінің жеке бизнесімен айналасу мәселесі туралы ойламаған адам жоқ. Бірақта бизнесте қандайда бір жетістікке жетіп, өзінің жағдайын жақсартып, байығандардың саны өте аз.  Және де ол таңғаларлық нәрсе емес. Бизнесті жүргізу барлық адамдардың қолынан келе бермейді. Өйткені  бизнес кәсіпкерден бүгінгі күнің шынайы өмірінің жағдайына тез бейімделіп, дұрыс әрі орында шешім қабылдай отырып, бизнесті жүргізу барысында кездесетін кауіп-қатерлер мен орынсыз шығындардан айналып өтіп пайда табуды көздейді. Әрине бұл мәселеде тәуекелге бел бууды  қажет етеді.

Бірақ бизнесте тәуекелділік орынды болуы қажет. Мысалы, кезкелген бизнес әрқашанда шыдамдылық пен сабырлықты талап етеді. Бірден үлкен пайда немесе тез байу міндетті түрде үлкен шығындарға әкелуі мүмкін. Сондықтан да, бизнесті бастамастан бұрын ол туралы барлық мәліметтерді жинауды және ойыңызды тиянақтауды (нақтылау) талап етеді. Барлық шығындарыңыз бен көретін пайдаңызды алдын ала есептеп,  қағаз бетіне түсіріп, бизнісіңізде әрбір жазайын деп отырған  қадамаңызды жоспарлау қажет. Ал бұл дегеніміз еңбек, шыдамдылық және сабырлық.  Яғни бизнесті бастамастан бұрын өз ой-көңіліңізді, рухани күш-жігеріңізді, зейініңізді дәп сол бастайын деп отырған бизнесіңізге

Шыны керек, біреуге жалданып оның (фирма, компания немесе мекеме)  жұмысын істеп, қызметін атқарып жүріп  баии түсу  мүмкін емес. Бірақта жалдамалы қызметкер немесе жұмысшы болудың өзіндік тартымды жақтары бар. Ол әрине тұрақтылық. Яғни тұрақты жал ақы мөлшері,  күнделікті әрі үйреншікті жұмыс барысы, жай ғана сөзбен айтқанда тыныштық. Өкінішке орай дәп – осы тыныштық пен тұрақтылық көптеген адамдардың туа  біткен еркіндік пен бостандықты пайдаланудан айрылтады.  Ал бизнес үшін өзгеріссіз, жаңашылдықсыз және қозғалыссыз өмір өліммен тең. Өткені бизнес ол еркіндік пен мүмкіндік,  әрдайым күрес пен қиындықтарды жеңумен  жаңа белестерді бағындыру болып табылады

Яндекс.Метрика