Кәсіпкер немесе бизнесмен – іс әрекетінің бәрі пайда (ақша) табумен байланысты болатын адам. Дәлірек айтқанда, кәсіпкер бизнеске (ақша табуға) қатысты жаңа идеяларды өмірге әкеліп, оны күнделікті жағдайда іске асыратын адам. Мысалы, өз ақшасына тауар сатып алып, үстіне ақша косып қайта сатумен айналысатын коммерсант, немесе бүгінгі күні бәрімізге танымал болып отырған Донер, Самса сататын орынды немесе көлік жауатын орынды өз бетінше ашқан адамдарды кәсіпкер деп айтуымызға болады.
Сондықтан да, кәсіпкер бұл:
- Жеке меншік бір бизнестің иесі (дүкен, шаштараз, базардағы зат сататын контейнер, асхана, жатахана, қонақ үй, мал немесе баубақша өнімдерін өсірумен айналысушы фермер, жер иесі, фирма, цех және сол секілді басқада іс пен кәсіп);
- Жаңа фирманы (ұйымды, жобаны) құрушы(құрылтайшы), инвестор (ақша салушы адам);
- Жаңа зат(тауар) немесе қызмет түрін (технологияны) ойлап тауып, оны нарықта (ұсынумен) сатумен айналысатын адам;
- Ақыл есі дұрыс, өз ісіне жауап бере алатын, пайда мен шығынды ажырата алатын, алдына қойған мақсаты мен жоспары бар, ақша табуды көздеген адам.