Кәсіпкерліктің жеті қадамы немесе бизнесті неден және қалай бастау керек

 

  • БІРІНШІ ҚАДАМ — ОЙЫҢЫЗДЫ АЙҚЫНДАҢЫЗ.
    Кезкелген адамның бизнесті бастамастан бұрын өзінің идеясы болуы қажет. Егерде сіздің қандайда бір нақты идеяңыз болмаған жағдайда бизнесті бастамақ тұрмақ ол туралы айтудың да қажеті жоқ. Әрине идеяға келгенде біз мүлдем жаңа немесе сізге дейін адам баласының ойына кіріп-шықпаған бизнесті айтып тұрғанымыз жоқ. 102Бизнесті бастау үшін кезкелген идеяны алуға болады. Мейлі жайма базарда тауар сату болсын немесе шаштараз, дүкен, автокөлік жуу орны, мейлі донер, самса пісіретін орын болсын, ең бастысы белгілі бір идеяның болуы мідетті түрде қажет.

Есіңізде сақтаңыз сіздің бизнес туралы идеяңыз кіші немесе шағын бизнестің төңірегінде болуы тиіс. Өйткені шағын бизнесте айтарлықтай жетістікке жетіп, пайда таба алмасаңыз үлкен көлемдегі бизнесті бастау туралы айту барып тұрған ақмақтық. Егер де ойыңызға дүкен ашу идеясы келсе, оның еш ерсісі немесе қатесі жоқ. Ең бастысы сіздің дүкеніңіз өзге дүкендермен салыстырғанда азда болса да бір қайталанбас өзгешелігі болуы тиіс.

Ескерту! Бастайын деп отырған бизнес идеяңыз туралы ойыңызды айқындамай тұрып несие алуға немесе жинаған ақша-қаражатыңызды жұмсауға болмайды!

 

  • ЕКІНШІ ҚАДАМ – НАРЫҚТЫ ЗЕРТЕУ НЕМЕСЕ ТАҢДАП ОТЫРҒАН САЛАҢЫЗ (КӘСІБІҢІЗ) ТУРАЛЫ БАРЫНШЫ КӨП АҚПАРАТ ЖИНАУ ЖӘНЕ СОЛ АҚПАРАТТЫ ҰСАҚ-ТҮЙЕГІНЕ ДЕЙІН ТАЛДАП ҚАРАСТЫРУ.
    Ендігі кезекте сіз ойыңызды айқындап бір шешімге келдіңіз деп ойлайық. Сіздің әрекетіңіз біріншіден, сіз ұсынып отырған тауар немесе қызмет көрсету түрінің тұтынушыларға (адамдарға) қаншалықты деңгейде қажет екенін анықтаңыз. Екіншіден, сізден басқа сіз ұсынып от103ырған тауарды немесе қызмет көрсету түрін басқа кәсіпкерлер ұсынып отырма?, яғни бәсекелестер (конкуренттер) көп па? Соны анықтаңыз. Егер бәсекелестер бар болған жағдайда, сіздің оларға қарағанда артықшылығыңыз қандай? (Есіңізде болса жоғарыда сіздің бизнесіңіздің бір артықшылығы болуы қажет деп айтқанбыз.) Мысалы: егер ойыңыз дүкен ашу болса, жақын маңайда орналасқан дүкендердегі тауарлардың бағаларын салыстырып көріңіз, және де сіздің бағаларыңыз қандай болады деген сұраққа өз-өзіңізге жауап беруге тырысыңыз. Мүмкін басқаларға қарағанда сіздің тауарыңыз сапалы бола ма? Немесе тауардың ассортименті (түрі) көп бола ма? Әлде сатып алушыларға деген көрсететін қызметіңіздің (сервис) сапасы жақсы бала ма? Мүмкін дүкеніңіздің жарнамасы (рекламасы) күшті бола ма? Әлде жақын маңайдағы үйлерде тұратын клиенттердің (сатып алушылардың) үйіне тауарды жеткізіп саласыз ба? Яғни осы және осыған ұқсас сұрақтарға жауап беруіңіз қажет. Есіңізге сақтаңыз, осы сұрақтарға жауап  беріп, өзгеде бәсекелестермен бәсекеге түсе алатыңызға көзіңіз жеткенде ғана ары қарай жылжуыңызға болады.

Ескерту! Барлық зерттеулеріңізбен талдауларыңызды және осыған байланысты ойларыңыз бен есептеулеріңізді қағазға жазып жүруіңіз міндетті түрде қажет!   

  • ҮШІНШІ ҚАДАМ – БИЗНЕСТІ ЖОСПАРЛАУ НЕМЕСЕ БИЗНЕС-ЖОСПАР ЖАСАУ.
    Бірінші және екінші қадамдардағы мәселелерді орындап болғанан кейін, сіз жасаған есептеулеріңізді жүйелендіріп бизнес-жоспар жасауыңыз қажет. 104Бизнес- жоспар бұл таңдаған бизнеске және осы бизнесті жүргізуге қатысты барлық шығындар мен пайданы көрсететін құжат.(Бизнес-жоспар және оның үлгілерін сайтмыздың бизнес-жоспар деген бөлімінде таныса аласыз). Әдетте, бизнес-жоспарда бизнесті жүргізу барысында болатын шығындардың, көретін пайданың, тауар немесе қызмет көрсетудің өзіндік құны мен бағасы, нарық және нарықтағы бәсекелестер туралы ақпарат, қарыз немесе несиені қайтару, бизнестің өзін-өзі ақтау мерзімі туралы есептеулер мен мағұламат беріледі.

           
Ескерту!
Дайын бизнес-жоспарды көшіру туралы ойламаңыз. Тек өз қолыңызбен жасауыңыз қажет! Өйткені әр бизнестің өз ерекшелігі бар және сол ерекшеліктерді тек бизнесті ұйымдастырушы яғни  Сіз  ғана білесіз.

 

  • ТӨРТІНШІ ҚАДАМ – АҚША ІЗДЕУ.
    Бизнес-жоспарыңызды жасап барлық шығындарыңыз бен көретін пайдаңызды есептеп, таңдаған бизнесіңізден пайда бар екендігіне көзіңіз жеткен соң бизнесіңізге ақша салу мәселесіне көшесіз. Шыны керек, кезкелген бизнес ақша салуды талап етеді. 105Ал бизнеске салынған ақшаны қайтару керектігін естен шығармауыңыз тиіс. Бизнеске қажетті ақшаны сіз ұзақ уақыт бойы үнемдеу арқылы жинай аласыз, немесе банктен несие түрінде қарыз алуыңызға болады. Бірақ бұл екеуінің де артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, өз күшіңізбен ақша жинау көп уақыт алады, бірақ ешкімге қарыз болмайсыз. Ал банктен алған несиені пайыздық өсімімен (процентпен) қайтару керек және егерде бизнесті жүргізу барысында қандайда бір қиындықтар мен кедергілерге аяқ астынан тап болсаңыз, банк сізге көмек көрсетпейді. Жай ғана «ол сіздің проблемаңыз» деп алған несиені қайтаруыңызды талап етеді.

Сондықтанда бизнес-жоспарды жасаған кезде шығындарыңыздың ішіне несие және оның өсімін кіргізу туралы ұмытып кетпеңіз. Және де шығындарыңызды ұсақ-түйегіне  дейін есептеуіңіз қажет.

Ескерту!  Бизнестен көретін пайдаңызды қағаз бетінде есептеген кезде, аяқ-асты пайда болатын кейбір жағдайларды (сатуға алған тауар бағасының түсіп кетуі, аренда ақысының көтерілуі, қосымша шығындардың пайда болуы) ескеруді ұмытпаңыз!    

 

  • БЕСІНШІ ҚАДАМ — БИЗНЕСТІ ЗАҢ ЖҮЗІНДЕ ТІРКЕУ.
    Қазіргі таңда заңға қайшы немесе білместіктен заңға сәйкес келмейтін іс-әрекет үшін кезкелген азамат жауапкершілікке тартылады. Және де «Заңды білмеу, жауапкершіліктен босатпайтындығын» әрқашанда есте сақтаған жөн.

106Егер сіздің бизнесіңіз тек базарда алып-сату ғана болса, сіз бір реттік (разовый) патент  алсаңыз жеткілікті. Ал егерде бизнесіңіз тұрақты болса, және жылдық ақша-қаражат айналымыңыз (оборот) орта есеппен 34 млн. теңгеден аспаса (2017 жылдың қаңтар айының мәліметі бойынша, (ескерту жылдық ақша-қаражат айналымының көлемі жыл сайын ұлғайып отырады)), онда сізге жергілікті салық комитетінде жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелуіңізге болады. Тіркеу ақысы 4538 теңге. (2017 жылдың қаңтар айының мәліметі бойынша, (ескерту тіркеу ақысының көлемі жыл сайын өзгеріп отырады)).

Сонымен, Қазақстан Республикасында кәмілеттік жасқа толған азамат (18 жасқа толған адам) жеке кәсіпкер ретінде жергілікті салық комитетінде тіркелу үшін келесі құжаттарды талап етеді:

  1. Салықтық арыз (бұл арыз бланк түрінде болады және ол құжат жергілікті салық комитетінде тіркелу кезінде тегін беріледі. Толтыру бойынша қандайда бір сұрақтар немесе қиындықтар болса, сол салық комитетінде жұмыс істейтін кезкелген қызметкерден сұрауға болады. Олар сізге түсіндіруге міндетті!)
  2. Жеке куәлігіңіздің түп нұсқасы (оригинал) және көшірмесі (копиясы)
  3. Тұрғылықты мекен жәйіңіз туралы анықтама (адресная справка). Бұл анықтаманы кезкелген халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) аласыз. Бұл анықтама тегін беріледі.
  4. Сіздің 3,5х4,5 см. көлеміндегі фотосуретіңіз.
  5. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу үшін тіркеу ақысының төленгендігін растайтын құжат (чек). Тіркеу ақысын кезкелген банктің бөлімшесінде төлеуге болады.

 

  1. Ескерту! Жергілікті салық комитетінде жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелуі бар жоғы 15-20 минут көлемінде уақытты алады.
  2. Ескерту! Бизнесті жаңадан бастайын деп отырған кәсіпкер ретінде болғандықтын Сіз жергілікті салық комитетінде жеке кәсіпкер (ИП) ретінде тіркелу барысында салық төлеу режимін (тәртібін) таңдауға тиісіз. Сіз үшін дұрысы оңайтылған (упращенная) салық төлеу режимі. Бұл режимге сәйкес салық бойынша есеп (отчет)  жарты жылда бір рет өткізіледі. Салық мөлшері жылдық ақша-қаражат табысыңыздың  3% пайызы (2017 жылдың қаңтар айының мәліметі бойынша, (ескерту салық мөлшерінің көлемі өзгеруі мүмкін)).
  3. Ескерту! Егерде кәсіпкерлікке қатысты басқа да сұрақтар мен түсінбеген жерлеріңіз болған жағдайда сіз телефон арқылы «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының»  call-центріне  1408 немесе 1414 және 8-800-080-7777 телефон нөмірлеріне қоңырау шалып  сұрақ қойып анықтама алуыңызға болады.

 

  • АЛТЫНШЫ ҚАДАМ — ІСКЕ КІРІСУ.
    Сіз бұған дейінгі қадамдарда бизнесіңізге қатысты ойыңызды айқындап бір тоқтамға келдіңіз. Бизнес-жоспарыңызды жасап, барлық шығындар мен түсетін пайдаңызды есептеп, заңды тіркеуден өтіңіз. Ендігі кезек сауда, өндіріс немесе қызмет көрсету (шаштараз, дүкен, стомотологиялық кабинет, компютерлік ойын залы және т.б) орнын жалға алу, бизнеске қажетті заттар мен тауарларды сатып алу, жұмысшыларды жалдау мәселесі. Әрине бизнесті іс жүзінде жүргізгенде бизнес-жоспардағы есептелген  шығындар мен пайдадан  азды-көпті ауытқулар болуы мүмкін. 107Бірақта бұл ауытқулар үлкен көлемде болмауы тиіс. Егерде ондай нәрсе болып жатқан жағдайда сіз өз шығындар мен пайдаңызды тиімді басқару арқылы оңтайлы (оптимальный) шешімді табуыңыз қажет. Мысалы, егерде сату мақсатында алған тауарыңызды жоспарланған бағадан қымбат алған жағдайда сіз міндетті түрде бизнесіңіздің басқа шығындарын азайтуыңыз керек (жұмысшының жалақысы, жеткізу және тасмалдау шығындары және т.б.) немесе сатуға алған тауардың бағасын көтеруіңіз керек. Не болса да бизнес-жоспардағы белгіленген пайда мөлшеріне қалайда жетуіңіз қажет.

        Ескерту! Әрбір қадамыңызды енді қатаң есеппен басуыңыз қажет және керек емес шығындардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Барыншы үнемді болуыңыз қажет. Керек болған жағдайда мысалы бизнесіңізді жарнамалау үшін әртүрлі амалдарды қолданыңыз, оған: достарыңыз бен таныстарыңыз арқылы жарнамалау, әртүрлі интернет желілерін қолдану (Инстаграмм, фейсбук, в-контакте, мой мир, уотсап және т.б.). Бизнестегі бұл қадам сіз үшін ең маңызды әрі шешуші болып табылады. Өйткені дәл осы қадамда сіздің бизнесіңіздің негізі қалыптасады.

 

  • ЖЕТІНШІ ҚАДАМ — АЛҒАШҚЫ ТАБЫС ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ.

Бұған дейінгі қадам кәсіпкерлікті бастау мен оны жүргізуге қатысты болса, ендігі кезекте бастаған бизнесіңізді ары қарай дамыту мәселесі. Бұл қадам сізден бизнесіңіз туралы  жаңа көзқарас пен өзеше ойлауды талап етеді. Әсіресе тапқан пайдаңызды дұрыс әрі тиімді пайдалану. Дәлірек айтқанда,

  • Тауар мен көрсетіп отрыған қызмет түрінің ассортиметін(таңдауын) көбейту;
  • Тауар мен көрсетіп отрыған қызмет түрінің сапасын арттыру;
  • Клиенттеріңізге жылы шырай танытып бәсекелестеріңнің(конкурентеріңіздің) клиенттерін өзіңізге тарту арқылы сатып алушылардың санын көбейту;
  • Жарнама мен әртүрлі маркетингтік амалдар арқылы жаңа клиентердің санын көбейту;
  • Жаңа товар мен қосымша қызмет көрсету арқылы бизнесіңізді кеңейту жолдарын ойластыру.

Бизнесіңізді жүргізу барысында әрдайым іс-әрекетіңізге талдау жүргізіңіз, яғни бизнесіңіздің әлсіз жақтарыңызға көңіл бөлуіңіз қажет. 108Мысалы клиентеріңіз аз болып жатса оның себебі неде екенін анықтауға тырысыңыз. Мүмкін жарнамаңыз жоқпа, әлде сатушыңыз клиентермен жеткілікті деңгейде жылы шырайлық танытпайма және т.б. Жұмыс күні біткен соң өз бүгінгі не бітті, қандай жетіктер бар, қандай кемшіліктер бар сұраққа жауап беруіңіз тиіс.

Ескерту!  Бизнесіңізді дамыту үшін қолда бар мүмкіндікті пайдаланыңыз. Барлық іс-әрекетіңізді алдын ала жоспарлаңыз. «Бизнес бұл әрқашанда есеп», әрбір шығыныңызды есептеп, одан сізге түсетін пайданы есептеңіз. Егерде қандайда қиындықтар болып жатса, ісіңіз ойдағыдай болмаса түңілмеңіз, қажымаңаз, қолыңызды сілтемеңіз.  Есіңізде болсын  «ІСТІҢ БАСЫ ҚАТТЫ БОЛСА, АЯҒЫ ТӘТТІ БОЛАДЫ».     

Яндекс.Метрика