КӨШПЕНДІ ШАРУАШЫЛЫҚ АДАМЗАТ ТАРИХЫНДА

Көшпенді шаруашылық – ертеде пайда болған шаруашылықтың тиімді түрі.  Шаруашылықтың бұл түрінде тебінді малмен маусым бойынша көшіп-қону үдерісі орындалады. Көшпелі қауымның еңбек әрекеті — еңбек құралына әсер етудің едәуір күрделі технологиялық тәсілі екендігін байқауға болады, сондықтан да бірлесіп еңбек ету ісі жекелеген адамдардың жай ғана механикалык бірігуін емес, қажетті кәсіптік дағдырлары және табиғи күш-жігері бар жұмыс күшінің тұтастай қосылуын көздеген.

Малшылардың кәсіпшілік деңгейі мен ауыр еңбегі жөнінде де көп айтуға болады.  Көшпенділердің тарихын зерттеу мақсатында «Таяу және қиыршетел елдерінің қалаларындағы кітапханалары мен мұрағаттарына ғылыми-іздестіру іссапарларын ұйымдастыру» атты жобасы бойынша, көне қолжазбаларын, XYII- XYIII ғғ. қазақ хандарының Ватикан папаларымен дипломатиялық хат алысуы құжаттары, араб көзқайнарларындағы орта ғасыр Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы еңбектерін анықтау және мұрағат құжаттарының көшірмелер микрофильмдерін алу мақсатымен Париж, Ереван, Рим, Каир, Анкара, Ыстамбул, Будапешт, Санкт-Петербург қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-іздестіру іссапарлар жүргізілді.

Венгрия Ұлттық кітапханасы мен Орталық-Еуропалық Университетінің Ашық қоғамы Мұрағатынан (Будапешт қ.) Қазақстан тарихына қатысты құжаттар, қазақ халқы тарихының, мәдениетінің, этнологиясының венгр ғалымдары кітаптарының, олардың қазақ және мадьяр халықтарының этникалық қарым-қатынастары мәселесіне арналған еңбектерінің көшірмелері әкелінді. Ресей Ғылым Академиясы кітапханасының (Санкт-Петербург қ.)картографиялық және мәтінді мәліметтер қорлары негізінде XYII-XX ғғ. Орталық Азияның шектес региондары мен Қазақстан жағрафиялық карталарының электрондық көшірмелері, көне және құнды шығармалардың көшірмелері жасалынды. Париждегі Франция Ұлттық кітапханасындағы каталогтармен жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде көне малшыларының щаруашылық жүргізу тарихы, түрік халықтарының шаруашылық-мәдени дәстүрлері, Қазақстан мен Орта Азия шөл-даласының өсімдіктерінің ерекшеліктері, көшпенді халықтарының өзара қарым-қатынастары және олардың тілдерінің бір-біріне ықпал етуі туралы көптеген әдебиеттер тізімі құрылып әкелінді. М. Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар институтында(Ереван қ., Армения) Y-XYII ғғ. армян тарихшыларының еңбектеріндегі Орталық Азия мен Қазақстан тарихына қатысты деректер табылып, ең көне және көлемді саналатын қолжазбалардың цифрлық сурет көшірмелері түсіріліп алынды.

Араб қолжазбалар Институтында, Мысыр Ұлттық кітапханасы мен мұрағаттар үйінде, Каир Университетінде (Каир қ., Мысыр) өткен ғылыми ізденіс барысында қазақстан тарихына қатысты құнды әрі сирек кездесетін қолжазбалардың 8 микрофильмі түсіріп әкелінді. Олар орта ғасырлардағы түркі тайпаларының шебер дамыған әскери өнеріне қатысты дуниелер. Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары туралы тарихи-этнографиялық, жағрафиялық мол мәліметтері бар сирек кездесетін араб тіліндегі еңбектер зерттелді. Ортағасырлық араб саяхатшылары мен жағрафияшыларының жасаған карталары табылып, көшірмелеріне қол жеткізілді. Түркі тайпаларының орналасқан жерлерін атауларымен қоса белгілеген бұл дәлелді деректер құнды құжатпен тепе-тең[1]

Адамзат тарихындағы көшпенді шаруашылықты зерттеу жолында танымал ғалымдардың ұйымдастыруымен бірнеше экспедициялар жүргізілді. Ескерткіштер орналасқан жерлердің жағрафиясы мен геоморфологиясы, табиғи ландшафты зерделенді, олардың жер бетіндегі зерттелуі мен фотофиксациясы жүзеге асырылды, жергілікті тұрғындар арасында сауалнамалы әлеуметтік пікіртерім жүргізілді және зерттелген мәдени объектілердің орналасу аймақтарының карталары құрылды.

“Өркениет пен қазіргі заманғы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы байланыстар түрліше: бір не екі жақты, тікелей не қосымша, бейбіт және әскери сипатта болды.

Жақын перифериямен арада ал қосымша байланысты жақын периферия арқылы алыс перифериямен қатынас барысында пайда болды. Бейбіт байланыстардың ішінде негізгі түрлері—алмасу саудасы, миграция және инфильтрация арқылы, сол сияқты көпшілік және элитарлық, әскери байланыстардан — әскери тонаушылық және жаулап алу, т.б. түрлері болды. Ең кең таралғаны – шаруашылық байланыстар. Олар арқылы еңбекті қоғамдық бөлу және кейбір жағдайда жаңа шаруашылық — мәдениет типтері мен тип тармақтары түзілді. Мысалы, Оңтүстік — батыс Азияда б.э.д. 1 мыңыншы жылда керуен саудаларының қажеттері көшпелі түйекештер тап түзілу үрдісінің алдында тұрған шаруашылық — мәдени тип тармағының бедуин тайпаларының арасында таралуына жағдай жасады. Шаруашылық байланыстар арқылы барлық аса маңызды техникалық және технологиялық жетістіктер: керамика өндірісі және металлургия, желкенді, т.б. көлік түрлері, т.б. таратылды.

Өркениеттік шаруашылық байланыстар алғашқы қауымдық қоғамдар экономикасының дамуына мүмкіндік жасады. Мысалы, Эгей теңізі бассейніндегі тайпалар басында Таяу Шығыстағы қола құю өндірісіне шикізат жеткізушілер ретінде енген болса, кейіннен өздері Орталық Европа тайпаларын шикізат жеткізушілерге айналдырған археологиялық зерттеулер арқылы анықталған.

Қоғамдық құрылымның салыстырмалы автономиялылығына байланысты рухани-идеологиялық байланыстар саласында біршама мүмкіндіктер ашылды. Бұны мифология мен діни мысалдардан көруге болады. Египеттік Күн ладьясының бейнесі Күннің айналымы туралы мифтің көрінісі екендігі баршаға болды және ол Закавказье, Оңтүстік Швеция, Карелия мен көптеген сібір өзендері сағаларынан табылған. Бұл мифологиялық мәліметтің кең таралуы Евразияның үлкен территорияға таралғандығын дәлелдейді. Орта ғасырда бұндай бүкіл әлемдік дін түрлері,- христиан, ислам, буддизм, индуизм, т.б. өркениеттің жақын және алыс алғашқы қауымдық перифериясына таралды, және олар қоғамдық және отбасылық тұрмысқа әсерін тигізді.

Ертедегі Жерорта теңізіндегі өркениеттер арасындағы алғашқы қауымдық қоғамдар арасындағы қарым — қатынастың маңызы екі жақ үшін бұрынғыдан да арта түсті. Греция мен Рим үшін алғашқы қауымдық периферия құлдардың шығу көзі болды. Грек пен Римнің колониялық экспансиялары алғашқы қауымдар жерінде өндірістің ертедегі әдістерін дамытты. Нәтижесінде, алғашқы қауымдық периферияны пайдалану ертедегі өркениеттің сақталып қалуына жағдай жасайтын негізгі факторлардың бірі болды. Жақын периферияның тайпалары бір жағынан жыртқыштардың экспансиясына ұшыраса, екінші жағынан оның көрінуіне стимул болды және осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамдар құлаған Рим империясының орнында қалған феодализмнің әсер етуші факторы болды.

Орта ғасырға қарай өркениет ареалы кеңейіп, шығысқа қарағанда батыста ұлғая түсті. Батыс Европада алғашқы қауымдық перифериялар ХІ ғасырға дейін солтүстікте тек нормандар, ал оңтүстікте кейбір горлық қоғамдар болды. Ал бұл кезде Шығыс Европа, Азия мен Африкада, сол сияқты Америкада таптық қоғамдар өздерінің ішкі және сыртқы алғашқы қауымдық перифериясын түгелдей қамтып, түрік, монғол, араб, т.б. тарапынан варварлық жаулап алушылықтарға ұшырады.

Орта ғасырда ашылған Ұлы географиялық жаңалықтар және олардан соңғы батыс европа елдерінің колониялық экспансиясы алғашқы қауымдық периферияда көбінесе жоюшылық сипат алды. Оның себебі, батыс европа елдерінің колониялары олардан мұхит, теңіздер арқылы бөлініп, орталық пен перифериядағы халықтың бір-бірімен байланысын шектеді.

Таптық және алғашқы қауымдық қоғамның қатынастарының ассиметриялық сипаты капитализм кезінде ең жоғарғы шегіне жетті. Басқа кезеңдердің барлығына қарағанда капитализмнің қуаты өте күшті болды. Колониялық әлемнің біршама бөлігін құрайтын алғашқы қауымдық периферия бастапқы кездегі капиталдың жинақталуында және өнеркәсіптің капиталистік жолмен дамуында маңызды рөл атқарды. Дегенмен, алғашқы қауымдық периферия үшін европалықтардың колонияландыру саясатының зардаптары да аз болмады. Осының нәтижесінде алғашқы қауымдық қоғамның орасан зор бөлігі Жер бетінен түгелімен жойылып кетті деуге болады. Дегенмен, алғашқы қауымдық қоғамға капиталистік колонияландырудың тек зиянды әсері болды деу қате болар еді. Капитализмнің әсер ету аймағындағы алғашқы қауымдық қоғамдар шаруашылық, әлеуметтік-саяси және мәдени жағынан қарқынды дами бастады.

Қазіргі замандағы алғашқы қауымдық қоғамдар. Жаңа кезең басындағы алғашқы қауымдық қоғамдардың жағдайы туралы мәселе екінші дүние жүзілік соғыстан соң империализмнің колониялық жүйесі құлағаннан кейін, артта қалған көптеген елдер жеке өз алдарына бөлініп шыққаннан бастап аса маңызды болды. Олардың кейбірінде ішкі алғашқы қауымдық периферия әлі күнге дейін сақталуда, дегенмен дәл қазіргі таңда олардың саны өте аз.[2]

Қазіргі заманғы дүниедегі алғашқы қауымдық құрылыстың қалдықтары, соның ішінде көшпенді тұрмыс әлі күнге дейін сақталынған.  Бүгінгі күн мәдениеттерінің тамырлары көшпенділік дәстүрден бастау алады, алайда көшпенділік өмір дәстүрі біртіндеп тіпті дамушы елдерде жойылуда. Көптеген қазіргі заман көшпенді халықтары ассимиляция немесе өзіндік ерекшеліктерінен айрылу қаупінде, себебі жерге деген таласта олар отырықша халықтармен бәсекеге түсе алмайды.

Егер ХV-ХVІІІ ғғ. Қазакстанның қоғамдык кұрылымын тұтастай әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде карастыратын болсак, онда оның өндірістік-шаруашылык негізі — қазак қауымының патриархалды-феодалдык өмірі мен тұрмысының жанжакты көрінісі болып табылады.

Қоғамдык өндірістің аса басым болған түрі — әкстенсивті мал шаруашылығы еді.

Бірлескен казак кауымында дуализм құбылысы орын алған, яғни коғамдық өндіріс бір жағынан, жайылым жерлерін ортақ иеленумен, екіншіден, малға отбасылардың жеке меншігімен сипатталды. Қазақстандағы меншік түрлерінің негізі мен маңызы даулы мәселе болып табылады. Тарихшылардың бір бөлігі — егіншілер немесе көшпенділер туралы сөз бола ма, оган байланыссыз,  өндірістің феодалдық тәсіліне ірі жер меншігі тән және бұл экономикалық негізсіз, көшпенділер қоғамында феодализмнің орнау барысын шамалау да мүмкін емес деп санайды. Олар егіншілердегі сиякты көшпенділерде де өндірістің негізгі құралы  жер деп есептейді.

Екінші көзқарас бойынша, көпшелі мал шаруашылығының басымдығы кезінде өндірістің негізгі құралы жер емес, мал. Ал жерге келетін болсақ, онда ол еңбек күшін қолданбай-ақ, өзінің табиғи жағдайында жайылым ретінде пайдаланылған деген түжырымға келеді.

Мүмкін, көшпелі және жартылай көпшелі шаруашылыктарда өндірістің негізгі қүралы шынында мал болған шығар. Ал жерге тікелей жеке меншік болмаған.

Жеке меншікке беру тұрғысындағы жер реформасын жасауға, отырықшылық түсында патша өкіметі, нактырақ айтқанда, 1822 жылғы Жарлығымен және басқа да ережелер мен реформалар аркылы әрекеттенді.

Жоғарыда біз қазақтардың өндірістік-шаруашылық әрекетінің түрі  бірлесіп еңбек ету қагидаларына қүрылған ауылдық қауым болғандығын атап өттік. Өндіргіш күштердің жеткілікті дамымаған жағдайында бірлесіп еңбек ету ғана жекеленген адамның қолы жете бермейтін еңбек қүралдарын меңгеруді камтамасыз етті. Яғни, еңбек жағдайларын, мүмкіндіктерін біріктіру кажеттілігі қауым шеңберінде — объективті сипатта болды.

Қоғамдык катынастарда феодализмнің орнауы моңғолдар дәуірінен кейінгі кезенде (Ак Орда, Ноғай Ордасы, Әбілхайыр хандығы, Монғолстан) көшпелі мал шаруашылыктык өлкелерде ескі патриархалдык катынастардың сақталуы мен орнығуы баяу жүзеге асты. Бірақ коғамдық үйымдасудың болыстық жүйесі көшпенділердің қауымдық меншіктегі белгілі бір жайылымды, суатты жерлерді иелік етуіне мүмкіндік беріп, басқа рутайпалық топтардың болыстық бірлестіктерімен болуы мүмкін кактығыстардың алдын алды. Көшпелі болыстар мен олардың қарамағындағы жерлерге әміршілер әулетінің мүшелері: огландар, сүлтандар, мырзалар иелік етті. Рутайпалык топтарды баскарған көптеген ак сүйектер: болыс, бек, әмір, байлар иммунитетгік күқыққа (оларга кейбір дәстүр, тапап, ережелердің жүрмейтіндігі, колданылмайтындығы) — тархандыққа, яғни жер-суға алым-салыксыз иелік етуге кол жеткізді. [3]

Мал шаруашылығы қауымында өндірісті үйымдастырудың ерекшелігі, бүл  оған қосылған жеке адам тек еңбек етуші гана емес, сонымен бірге мал түріндегі өндіріс қүралының белгілі бір мөлшеріне иелік етуші еді. Онсыз оның қосымшалық қағидасын жүзеге асыруына мүмкіндігі болмайды, тиісінше ол бірлесіп еңбек ету негізінде қүрылатын өндірістік бірлестікке де қосыла алмайды.

Көшпенді мәдениет сүйіспеншілік пен нық сенімнің пәк қайнарларынан бастау алады. Мұндай сүйіспеншілік пен нық сенім болмаса, өркениеттің жұрнағын да таппай қаласыз. Сонымен қатар, нық сенім мен сүйіспеншіліктен ада қоғамда адамдық қадір-қасиеттің айшықталып, дамуына тұсау салатын тоталитарлық қысым еңсе көтертпесе, мұндай жерде ғылым өркендеп, ғаламның басқа бір шетінен жемісін берген күннің өзінде өркениеттілік туралы сөз қозғаудың өзі оғаш. Керек десеңіз, шынайылықтың ізі, кестенің бізі жоқ, ардақты ұғымдардан адыра қалған ортада бой көрсеткен бірен-саран мәдени құндылықтардың өзі түптің түбінде теңізге тамған тамшыдай жұтылып, жойылып, жоғалып кететіндігіне шүбә жоқ.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     http://www.madenimura.kz/kk/government-program-madenimura/research-projects-madenimura/results-of-the-research  “Көшпелілер мәдени мұрасы мәселелері бойынша қазақ ғылыми зерттеу институты”
2.     http://referat.resurs.kz/ref/adamzat-kogaminin-evolyutsiyasi965/3     “АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ”
3.      http://1bp.kz/koshpeli-kauym-kazaktyn-birlesken-kogamynyn-ondiristik-sharuashylyk-negizi.html   “Көшпелі қауым — қазақтың бірлескен қоғамының өндірістік-шаруашылық негізі”

Құрастырғандар: Сарыбай Ғ., Мырзахмет Б.

Яндекс.Метрика