КӨП ҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ — ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының негізгі бағыты елдің ынтымағы мен бірлігінде. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болып саналады. Тәуелсіз елдің орнатқан қағидалары да сол бейбітшілік пен тыныштықтың аймағындағы құрған заңды ережелер болып табылады. Осы ереженің сақталуы жаппай, ақ-қара деп бөлмей баршадан бірдей талап етіледі. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын бұзған кез-келген азамат қылмыскер атанады мейлі ол қазақ болсын, басқа ұлт өкілі болсын айырмасы жоқ. Біздің тәуелсіз ел ешкімді ұлтына қарап алаламайды.

Бірақ бұл өзінің ұлттық болмысынан бас тарту деген сөз емес. Керісінше ұлттың тұтастығымен амандығын сақтаудағы басты іс-әрекеті. Әрі қазақ ұлтының мығым және қуатты болу үшін жасалатын мемлекеттік қызметтің негізгі түрі. Кейбір қазақ азаматтары мемлекеттің осындай жалпыға ортақ заңдамаларына соқыр ақылмен жағымсыз пікірлерін айтып жатады. Немесе кейбір өзге ұлттағы Қазақстан азаматтары да «Біз бәрібір бөтенбіз қазақ қазақты жақтайды» деген ыңғайсыз пікірлермен сананы улайтыныда белгілі. Негізі бұның бәрі қате пікірлер. Мемлекет олай қазаққа бұрып, орысты сырып қызмет ете алмайды. Себебі олай етер болса өз тыныштығын өзі бұзған болып есептеледі. Ал тыныштығы қашқан мемлекет еш уақытта еңсесін тіктеп ұлт болып қалыптаса алмайды. Сондықтанда кез-келген Қазақстан азаматы заңға қорықпай жүгініп, мемлекеттке сенім артқаны жөн. Мемлекет халқына қалай сенім артса, халқыда солай мемлекетіне сенім артқаны құба-құп. Сонда ғана ағашы жемісті, баласы келісті болмақ.

 Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бейбітшілік мекені. Ата-бабамыз өз жеріне тағдыр айдап келген барша өзге ұлт адамдарын сыртқа тепкен емес. Керісінше Құдай дарытқан бауырмалдық қасиеттерінің нәтижесінде кең құшақ ашып туыс болып сіңісіп кеткен. Еш бір ұлт аралық қақтығыс болмаған. Барлығы басқа салған қиын тағдырдың қасіретін бірге арқалай білген. Соның арқасында бүгінгі тәуелсіз күнге жеттік. Сол бір кездегі осы қарапайым қалықтың қоғам арасындағы татулығының жемісі, бүгінгі күні бақытты күн кешудеміз. Біз осындай ата жолын ескере отырып бүгінгі таңда қандайда бір саяси қақтығыстарға еліктеген қарапайым халықтың арасында өздігінен ұлт аралық қатығыстар болады дегенге сенбейміз. Тек қандайда бір саяси жоспарлары бар белсенділер өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін халықты бір-біріне айдап салып, елдің берекесін алу арқылы жеке пайдаларын жаратып немес саяси іс-әрекеттерін жүзеге асырып жатады. Бұндай қыңыр ойлы кесапаттардың арбауына түспеуіміз керек. Егер елінің тыныштығын ойлаған әр азамат қандай жағдайда болмасын елдің берекесін алатындай әрекетке бармағаны жөн. Әйтседе бөтен ойлы бұзақылардың айласынан құтылуда оңай емес. Тек баршамыз бір нәрсені ұмытпауымыз керек біздің көп ұлттылығымыз тәуелсіздігімізге еш қандай кедергі келтірмейді керісінше біз өзіміздің ұлттар татулығының әсем көрінісімен барша әлемге үлгі екенімізді естен шығармайық. Бұл біздің тәуелсіздікті сақтап қалу жолындағы басты бағытымыз болуы тиіс.[1]

 Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды. Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады. Кемал Ататүрік халқын біртұтас ұлттық қозғалысқа біріктіре отырып, ұлттық идеологияны қалыптастырды. Түркияның бүгінгі басшылары Ататүріктің жолын қуып, қазіргі заманға лайықты ізгілікті мақсаттарды көздейтін ұлттық мемлекетке айналған. Қазақстан да жаңа дәуірге бейімделген өзіндік жолын таңдап алды.

 Кеңес Одағы ыдырар алдында елде бұрын байқалмаған толқулар күшейді. Н.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» кітабында: «Ең қауіптісі — олар таза ұлттық cипат ала бастады. Ұлт мәселесінің соншалық асқындауы әуелі теориялық дәрменсіздіктен етек алды», — деп жазды. Ал XX ғасырдың соңында тек Кеңестер елінде ғана емес, бүкіл әлемде ауқымды ұлттық оянудың үдере бас көтеруі басталған болатын.

 Тоталитарлы жүйе тұсындағы жалпы мемлекеттік саясатқа эклектизм, яғни қарама-карсы әр түрлі философиялық көзқарастарды, теориялық алғышарттарды, саяси тұжырымдарды қалай болса солай дәйексіз біріктіре салу тән болды. Соның нәтижесінде ұлттарды аға мен ініге теңеу саясаты, келеңсіз көріністер орын алды. Кеңес халқы тоталитарлық-саяси әдістермен біріккен қауым, оның мәдени негізі идеологияландырылған кеңес мәдениеті болды. Сол себепті саяси қатаң тәртіп сол әлсіреген кезде «адамдардың жаңа тарихи қауымдастығы» ыдырап кетті. Кеңес өкіметі құлағаннан кейін бұрынғы ұлт саясатындағы бір ұлтты жоғары қою арқылы, екіншілерін төмендету, екінші қатарға ысырып тастауға, империялық көңіл күйге, экстремистік әрекеттерге тосқауыл қойылды. Ұлт мәселесі «атылмаған жанартау» болудан қалып, ұлт мәселесінің ақылды, парасатты шешімдерді қажет ететіндігі мойындалды.

Бұл парасаттылықтың астарында әрбір қазақстандықтың өзін, ең алдымен, қазақстандық екендігін, сонан кейін өз ұлтының перзенті екендігін сезінгенде ғана ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады. Сонда ғана шынайы ұлттық келісім мен шынайы саяси және қоғамдық тұрақтылыққа қол жеткізуге болады. Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет. Ұлтаралық, этностық топтар арасындағы келісім — барша азаматтың нәсіліне, ұлтына, діни сеніміне қарамастан қашанда бір-біріне көмекке келуге әзірлігі, психологиялық тұрғыдан дайындығы, достық қарым-қатынасын бейнелейді.

Қазақстанның даму, өсу, өркендеу жолындағы басым бағыттарының бірі — ұлттық келісім, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің жоғары деңгейі екені даусыз.

 Әрине, ұлттық келісімге келгенде, әрбір адамның азаматтық құқығы сақталуы шарт екендігі түсінікті. Сонымен қатар елдегі саяси тұрақтылықтың кепілі ретінде ұлтаралық келісіммен бірге халықтың әл-ауқатының жақсаруы да өз әсерін тигізеді.

 Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттік принципі мен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай еліміздегі қазақ ұлты мен басқа этикалық топтардың мәдениетін, жан-жақты дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор.

 Қазақтар Кеңес Одағы ыдырап, көптеген ұлттық топтардың өз отанынан жырақта қалған жағдайын жақсы түсінеді. Тоталитаризм жылдарында қазақтардың өзі оның зардаптарын басынан өткерді, миллиондаған қазақтар шетелге кетуге мәжбүр болып, демографиялық апатқа ұшырады. Ендеше кеңестік тоталитаризм қазақ халкының басына да орны толмас бақытсыздықтар әкелді. Әрі халқымыздың басым көпшілігі өздерін Қазақстанның азаматы ретінде танитыны айдан айқын. Сондықтан азаматтық қоғам идеяларын жалпы ұлттық идеялармен үйлестіре отырып, республикадағы азаматтық қауымдастықты қалыптастыруға әбден болады.

 1999 жылғы Бүкілхалықтық санақ Қазақстан тұрғындарының ұлт құрамында саны жағынан бірінші орында қазақтар, екінші орында — орыстар, үшінші орында —украиндар, төртінші орында — өзбектер, бесінші орында — немістер және т.с.с. болғандығын көрсетті.

 Қазақтар Оңтүстік Қазақстан облысында — 13 мың, Алматы облысында- 925 мың, Шығыс Қазақстан облысында — 740 мың, Жамбыл облысында — 640 мың адам. Ал орыстар Шығыс Қазақстан облысында — 700 мың, Қарағанды облысында — 610 мындай, Қостанай облысында — 430 мыңдай, Солтүстік Қазақстан облысында — 360 мыңдай, Павлодар облысында — 330 мың, Ақмола облысында — 330 мың адам орналасқан.

 Украиндардың ең көбі Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында шоғырланған. Беларустар Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарына көптеп түрақтаған. Өзбектердің көпшілігі Оңтүстік Қазақстан облысында түрады. Немістер Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында топтаскан. Татарлар Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында көптеп мекендейді. Ұйғырлардың көп бөлігі Алматы облысында, дүнгендер — Жамбылда, түріктер Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түрады.Корейлер — Алматы облысында, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, күрділер — Алматы мен Жамбылда, ал тәжіктер, негізінен, Оңтүстік Қазақстан облысында көп шоғырланған.

 Тек 1989, 1999 жылғы санақ нәтижелері республикадағы этникалық топтардың қатарында орыстардың үлес салмағы төмендегенін көрсетті. Оған көші-қондық ағымдар, табиғи өсімнің азаюы, әлеуметтік жағдайдың нашарлауы кері әсер етті. Қазақстанға алыс және шетелдердегі қазақтардың көшіп келуі де жергілікті халықтың абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріне өзгерістер әкелді.

1989—1995 жылдардағы орыстардың көші-қондық кері ағымдары қарқынды жүрді, нәтижесінде барлық облыстарда олардың абсолюттік санының азаюы байқалды.Қоныс аударушылардың көпшілігі 1979—1989 жылдары Оңтүстік Қазақстан, Жезқазған, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарынан шықса, 1989—1993 жылдары Маңғыстау, Қызылорда, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Талдықорған, Ақтөбе облыстарынан кете бастаған.

Ал Қазақстандағы жалпы демографиялық жағдайға байланысты туудың кеми түсуі мен оның табиғи өсімге әсер етуі де орын алуда. Оған төмендегідей жағдайлар: қазақтарда көп балалы отбасынан орташа отбасыларға, орыстарда орташа отбасылардан аз отбасыларға ауысу жүріп жатыр. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрмысының шапшаң өзгеруі, көші- конның барлық түрлері және т.б. факторлар ықпал етті. Табиғи өсімнің азайып, өлімнің көбеюін және жастық құрылымның қартаюын 1991—1995 жылдарда туған балалардың саны кестесінен көруге болады.

Әсіресе демографиялық өсу қарқынының баяулай түсуі, негізінен, қала жұртының, кейіннен ауылдық жерлерде бала санының шектеле бастағанын білдіреді. Ал ұлттар аралас тұратын ірі қалалар мен өндіріс орталықтарындағы халық саны ауылдан келушілер есебінен толығуда, яғни кенттену барысы жылдам жүруде. 1989 жылғы санақ қорытындысы бойынша Қазақстанның 50 қаласының  6-уында ғана қазақтар 50%-дан артады. Қалған қалаларда орыстар мен басқа ұлттар басым. Бірақ алдағы кезеңде қала тұрғындарының ішінде қазақтардың үлесі арта түспек деп күтілуде.[2]

Қазақстанды қоныстанған көп ұлтты халқымыздың азаматтық, ашық, зайырлы, демократиялық саяси-экономикалық жағынан тəуелсіз қоғам орнатуға бір кісідей жұмылған біртұтас Қазақстан халықтарының толеранттылығын, конфессия аралық жəне ұлтаралық келісімін, туысқандық бірлігі мен достығын одан əрі дамытып, нығайтуды көздеген Қазақстан халқы Ассамблеясы өз алды- на қойған мақсаттарын абыройлы атқаруда. Оны біз бүгінгі таңдағы еліміздің экономикасының ғарыштап дамуы мен елдегі саяси тұрақтылықтан жəне Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір кісідей жұмылып оны əлемнің дамыған зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға деген ұмтылыстарынан байқаймыз.

Осы тұста өзінің тарихында, жалпы, мемлекеттік құрылымдық ғұмырында Қазақстан ерекше ел болып қалыптасқанын айта кеткеніміз абзал. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде əлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды. Тəуелсіздік алған 15 жыл ішінде талай өзгерістер болып, дұрыс таңдау жолымен алға батыл қадам бастық. Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойылған басты міндет – қоғамның белсенді саяси, біріктіруші күші болуға қабілеттілігін танытды. Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар саласындағы саясат өзінің толық мағынасында көп ұлтты жəне көп дінді мемлекет екенін қастерлей отырып, қоғамдық-саяси тұрақтылық жағдайды сақтауда бай тəжірибеге ие болды. Осындай бірегей сан ұлттығы бар Қазақстан ТМД елдерінде орын алған кейбір қайғылы жағдайларға жол берген жоқ. Мұның бəрі ортақ мемлекеттік мүддеге біріктірілген, шын мəніндегі жүргізіліп отырған ұлттық стратегияның құндылығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Парламенттің бірлескен мəжілісінде жасайтын Қазақстан халқына Жолдауында, халықтар Ассамблеясының сессияларында жариялаған баяндамаларында ұлтаралық бірлік, ынтымақтастық тақырыбы мейлінше тереңнен қозғалып, жан-жақты міндеттермен болашаққа жасалып отырған жаңа əрекет, қадамдармен тығыз ұштастырылады. Бірлік пен келісім Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылғы желтоқсанда өткен Қазақстан Халықтары І-ші форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев айтқан. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Ассамблея алғаш өмірге келген күннен-ақ көп ұлтты еліміздің қасиетті орталығына айналды. Əр этнос өздерінің  ұлттық-мəдени  орталықтарын құрды. Олар тұңғыш Президентіміздің төңірегіне тығыз топтасып, өздері мекен еткен Қазақстанның экономикасын, мəдениетін өрге бастыруға бір кісідей жұмылды. Тəуелсіздік жолымен ілгері басқан еліміздің халықтары барлық істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті өмірлік маңызы бар мəселелерін Ассамблея сессияларында еркін, кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Өзінің он жылдан онда қоғам өмірінің маңызды əлеуметтік-саяси мəселелерін талқылады. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар. Олар көп ұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды. Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлелдеді.

Қазақстанды Отаным дейтін көкірегінде сəуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы  ұлттық  бірлік  саясатының тұрақтанып, нəтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық институттар да мойындады. Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында əлемдік кеңістікте əрқашан өнеге тұтатын ел болып қала береді. Қазақстандық тəжірибе, яғни Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымда өзінің жоғары бағасын алды. Шынында да, бұл – əлемдік жұртшылықтың назарын аудартқан ерен құбылыс. Ассамблея Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда. Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани жəне ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына əлем қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам жəне мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда жəне оны дамытуда Қазақстандық тəжірибені қолдануға көптеп қызығушылық танытуда.[3]

 Сонымен қорыта келсек, мемлекеттік көп ұлттылық және тіл мәселесі – өте манызды, мемлекеттік мәні бар мәселе. Әрбір жеке адам, әрбір ұжым, әрбір ұжымның басшысы, осы іске тікелей ықпал жасап, оның шешілу жолдарын жан-жақты іздесе, көп нәрсе тез арада өзгеріп шыға келетін еді. Көп ұлтты мемлекетте экономика даму қарқыны өте жоғары деңгейде болады,себебі  көпұлтты болған соң, көп тілді мемлекет болады. Әрине  тіл білген  соң шетел   технологияларын меңгеру оңайға соғады және  бұл шетелдермен ынтымақтастықта  мемлекттік экономиканы дамытуға  жол ашады. Шетел мемлекеттерімен дипломатиялық  қарым -қатынастар  жолға қойылады  бұл  өз  кезегінде  экономикаға  әсер етпи қоймайды.

 «Бірлік еткен озар, бірлеспеген тозар»демекші бірлік бар жерде тыныштық бар. Қазақстанда  көп  ұлттардың келісімі, туыстық бірлігі, достығы одан әрі дамуы тиіс, ел экономикасын одан ары дамытуымыз қажет. Елдегі саяси тұрақтылықты және Қазақстанда мекен ететін барлық ұлыстар мен ұлттардың бір жұдырықтай жұмылып, елімізді  әлемнің дамыған, зайырлы мемлекеттері қатарына қосуға ұмтылуымыз қажет.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://aitaber.kz/blog/oilar/5313.html
  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/
  3. http://e-islam.kz/

Құрастырғандар: Уразов Қ.,  Мыңжасарова М.

Яндекс.Метрика