МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Ал мүгедектiк дегеніміз — организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi.[HYPERLINK «http://referatkaz.kz/мүгедектер-мүмкіндіктері-шектеулі/»1HYPERLINK «http://referatkaz.kz/мүгедектер-мүмкіндіктері-шектеулі/»]
Бүгінде еліміздің 630 мың азаматы өз дене мүмкіндігінің шектеулігімен өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы қоғамдағы басқа адамдармен бірдей дамуға, өз бизнесін иемденуге құқылы.
Мемлекетіміздегі әлеуметтік саясаттың басымдылықты бағыттарының бірі мүмкіндігі шектеулі адамдардың проблемаларын шешу, олардың қоғамдағы жағдайын жақсарту болып табылады.
Қазіргі уақытта мүгедектер құқықтарына қатысты бірқатар мәселелер бар. Олардың арасында: түрлі төлемдер, салықтар, медициналық қызмет көрсетуге жеңілдіктер, білім алу, еңбек ету құқығы, жұмысқа орналасу, зейнетақыны және жәрдемақыны көбейту және т.б.
Қазақстанның Мүгедектер ұйымының айтуынша, мүгедек сөзі оған қоғамда қысым жасалуда деген ойға қалдырады. Ол түрлі сезімдер тудырады. Мүгедектердің атынан бізді жұмсартып мүмкіндігі шектеулі адам немесе функциясы шектеулі адам атауы ұсынылды.[HYPERLINK «http://palata.kz/kz/news/9392″2HYPERLINK «http://palata.kz/kz/news/9392»]
Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мүгедектер Конституцияда және басқа да заң актілерінде бекітілген әлеуметтік-экономикалық, жеке құқық және бостандықпен қатар, мыналарға құқылы:
– білім алуға, қызметті, сонымен қатар еңбекті өз еркі бойынша таңдауға,
– кәсіптік жетілдіру және қайта жетілдіру, еңбекке қабілеттілікті және жұмысқа орналасуды қалыпқа келтіруге.
Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолдармен қамтамасыз етеді:
1) жұмысшылардың жалпы санының үш пайызы көлемінде мүгедектерге арналған жұмыс орны квотасын белгілеу.
2) шағын, орта бизнес, жеке кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектерге қосымша жұмыс орындарын құру.
3) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мүгедектерге арналған әлеуметтік жұмыс орындарын құру .
4) мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру. [3]
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік кіріктірудің маңызды шарты кәсіптік оңалту болып табылады — бұл еңбек табысы көздерінің бірі ретінде жалпы және кәсіптік білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету, нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары. Мүгедектердің басым бөлігі еңбек етуге қабілетті жаста екенін ескеретін болсақ, бұл аса маңызды мәселе.
Жаңа заң жобасында мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын құру мәселелері көзделеді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жұмыс жағдайларын жасайтын жұмыс берушілерді қолдау тетігі де қарастырылып, мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау тетігі қайта қаралады.
Мүгедектерге теміржол көлігі, әуе тасымалы, су көлігі қызметтерінің қолжетімділігі үшін жағдайлар жасау, мүгедектердің кез келген ақпаратты өзіне қолайлы форматта алу құқығын кеңейту ұсынылады. Бұнымен қоса, мүмкіндігі шектеулі жандарға және сондай тұлғалары бар отбасыларға берілетін тұрғын үйлерді арнаулы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау тәртібі енгізіледі. [HYPERLINK «http://www.inform.kz/kaz/article/2650978″4HYPERLINK «http://www.inform.kz/kaz/article/2650978»]
Тағдырдан теперіш көрген жарымжан жандарға керегі – тұрақты жұмыс орны. 2012 жылы Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының игілігін 1049 адам көрді. 244 мүгедек жан кәсіби білім алып, 566-сы әлеуметтік жұмысқа орналасты. Әйтсе де еңбек етуге қабілеттілердің 68 пайызының 12 пайызы ғана жұмыспен қамтылып отыр. [5]
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу мәселесін көтерген еді. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақыны 2015 жылдың 1 шілдесінен 25 пайызға арттырумен қатар, мүгедек жандарға тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс беру туралы ерекше қуантты. Бұл мүгедек жандарға адамдармен дәрежесі тең екенін білдіруге үлкен септігін тигізеді.[6]
Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысында, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмектің мынандай түрлері қарастырылған: сурдо тифлотехникалық құралдар, протезді ортопедиялық құралдар (аяқ қол протездері , ортопедиялық аяқ киім, кеуде безі протезі, есту аппараты, жүріп тұру құралдары).
Әлеуметтік көмектің берілу тәртібі: мүгедектер медициналық әлеуметтік комиссиядан өткен күннен бастап ай көлемінде мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасы толтырылып беріледі.
Протездік–ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жері бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеумет-тік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш береді.
Протездік–ортопедиялық құралдар мен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, ҚР-ның Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге, Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшысы және қатардағы құраманың қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған адамдарына, жалпы аурудан мүгедек болғандарға, бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға жүргізіледі.
Мүгедектер шино-былғары құрастырмалы протездермен, қазіргі заманғы технология-лар бойынша жасалған протездермен, олардың керек жарақтарымен, тұқылдарға кигізетін тыстарымен, ортопедиялық аппараттармен, тізе таңғыштарымен, салынатын кебістермен, тіреуіш-протездермен, былғары шалбарларымен, ползункилермен, биалайлармен, жіңішке таяқтармен, балдақтармен, жетек арбалармен қамтамасыз етіледі.
Сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету 1-ші, 2-ші, 3-ші топта-ғы мүгедектерге және мүгедек балаларға жеке куәлігін, туу туралы куәлігін, мүгедектік және оңалту бағдарламасын ұсынған жағдайда беріледі.
Есту протезі дәрігер сурдологтар, лор дәрігерлері ауруларды жалпы лор тексеру және аудиметриялық тексеру кезінде белгіленген, әр құлағы-ның естуін орташа жоғалтуы 20 ДБ-ден асатын адамдарға қолданылады. [7]
Халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғауға байланысты БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 2006 жылы 13 желтоқсанда Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын қабылдады. Бұл конвенция 2008 жылы 3 мамырда өз күшіне енді. Осы конвенциямен бір уақытта оның Факультативті протоколы қабылданды. Осы конвенцияда мүгедек әйелдер мен балалар туралы былай дейді: Қатысушы мемлекеттер мүгедек әйелдердің және мүгедек қыздардың көптеген кемсітуге ұшырайтынын мойындайды және осыған байланысты олардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең іске асыруын қамтамасыз ету шараларын қабылдайды. Қатысушы мемлекеттер әйелдердің жан-жақты дамуын, жағдайының жақсаруын және құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін, олардың осы Конвенцияда бекітілген адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын іске асыруына немесе жүзеге асыруына кепілдік беру үшін барлық тиісті шараларды қабылдайды.
- Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық іске асыруы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
- Мүгедек балаларға қатысты барлық іс-қимылдарда бірінші кезекте баланың жоғарғы мүдделеріне көңіл бөлінеді.
- Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жастары мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты жүзеге асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді.
Осы конвенция қатысушы мемлекеттерге қатысты мынадай жалпы принциптерді бекітеді:
- a) адамға тән қадір-қасиетті, оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу;
- b) кемсітпеу;
- c) қоғамға толық және тиімді тарту және қосу;
- d) мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау;
- e) мүмкіндіктер теңдігі;
- f) қолжетімділік;
- g) еркектер мен әйелдердің теңдігі;
- h) мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалар-дың өз жеке қасиетін сақтау құқықтарын құрметтеу болып табылады.[1,2]
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Осы орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып, дені сау балалармен аралас- құралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігінде жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету болып табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылады. Мүмкіншілігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бірі — ата-анасы баланы жан-жақты,материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Бірақ, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай от басындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Олардың көңіл күйі түсіп сенімсіздік пайда болады. Ал, психологиялық шеттету баланың зиятына кері әсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай, ол- баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өздерін кінәлі сезініп,оны тым бос ұстап еркелетеді. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Мүмкіншілігі шектеулі бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әр бір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата-ана балаға қойылған аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог, психолог, әлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зәру. Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді. Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туатын еді.[HYPERLINK «http://www.enu.kz/repository/repository2014/mumkindigi-shekteuli.pdf»8HYPERLINK «http://www.enu.kz/repository/repository2014/mumkindigi-shekteuli.pdf»]
Арнайы педагогиканың дамуының қазіргі кезеңінде дамуында ауытқуы бар балаларға білім беруге ықпал ету мәселесі өте өзекті орынды алуда. Бұл мәселені шешуде әлеуметтік қызметкерлердің орны ерекше. Әлеуметтік педагог – арнайы (түзету) білім беру мекемесінің қызметкері, ол барлық институттардың өкілдері (педагог, психолог, дәрігер, әлеуметтік қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, еңбек ұжымы және ата-аналар) және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста болады. Арнайы (түзету) мекемелеріндегі әлеуметтік педагог іс-әрекетінің негізгі мақсаты төмендегідей болып табылады:
— бала тұлғасының дамуы (дене, әлеуметтік, рухани және ақыл-ойының дамуы) үшін жағымды жағдай жасау;
— баланың әлеуметтік бейімделуінде кешенді көмек көрсету;
— өмірлік кеңістікте баланы қорғау;
— бітіруші түлектердің кәсіби бағдарлануы мен интернаттан кейінгі өмірінің бейімделуіне көмек көрсету.
Дамуында ауытқушылығы бар немесе мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуші ата-аналардың басына түскен ауыртпашылықты азайту мақсатында үкіметіміздің 6 балаға бір әлеуметтік қызметкер беруі балалар мен олардың ата-аналары үшін үлкен көмек. Бұл қызметкерлер аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен келеді. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі баланың қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қалыптастыру жолында әлеуметтік қызметкердің алатын орны ерекше.
Әлеуметтік қызметкер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына оларды дұрыс дамыту және тәрбиелеу мақсатында төмендегідей ұсыныстар береді:
- Баланың ерекшелігін дұрыс түсініп, қабылдау.
- Балаңызға үнемі шыдамдылық пен сүйіспеншілік таныту.
- Әрқашан өз-өзіңізге сенімді болып, балаңызға ішкі жағымсыз қобалжуларыңызды көрсете бермеу.
- Үй тұрмысына байланысты жұмыстарды балаңызбен бірге атқаруға тырысу.
- Баланың өз құрдастарымен жиі қарым-қатынаста болуына ықпал жасау. Қоршаған ортамен қарым-қатынасыңызды үзбеу.
- Егер балаңыздан ойыңдағыңыздай нәтиже шықпаса ренжіп, өкінбеу.
- Балаңызға көмек беретін арнайы мамандармен тығыз байланыста болу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиялық-педагогикалық түзелуіне, медициналық оңалтуға бала тағдырына жауапты ұстаздар, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер бірлесіп ата-анамен тығыз байланыста жұмыс атқарғанда ғана, олар өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне жол ашылады.
Өзінің кәсіби мақсаттарына қол жеткізу үшін әлеуметтік педагог басқарудың мемлекеттік органдарының өкілдерімен, қоғамдық ұйымдар, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары, басқа муниципальды ұйымдардың өкілдерімен қатынас құруы қажет.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеудің негізгі міндеттерінің қатарына бала тұлғасын толық қалыптастыру, танымдық әрекеттерінің дамуы, оларды қоғамның тең құқылы мүшесі ретінде ортаға қосу болып табылады. [HYPERLINK «http://www.rusnauka.com/7_NITSB_2012/Pedagogica/2_103470.doc.htm»9HYPERLINK «http://www.rusnauka.com/7_NITSB_2012/Pedagogica/2_103470.doc.htm»]
Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау үшін, олар өмір сүретін қоғамға тең дәрежеде екенін анық көрсету керек. Және де мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек етуге қабілеті көпшілігі жұмыссыз жүр. Олардың жұмысқа алынбау себептері кәсіби білімдері жоқтығында. Жұмыс мәселесін шешу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға кәсіби білім беруді ең бірінші орынға қою керек. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт кешендерін көбейту керек. Мүмкіндігі шектеулі жандарды таситын арнайы көліктердің бар екені белгілі, бірақ олардың аз және барлық қалаларда қамтылмаған. Арнайы көліктермен барлық елді-мекендерді қамтамасыз-дандыру қажет. Және де санын жеткілікті мөлшерге көтеру керек. Мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс берілуін қамтамасыз ету үшін арнайы комиссиялар құрылып, тексерулер жүргізу керек. Көп қабатты тұрғын үйлердің көпшілігінде жоғарғы қабаттарға көтеріліп-түсуіне ыңғайлы жағдайлар жасалмаған, баспалдақтарда мүмкіндігі шектеулі жандардың көтерілуне арнайы жолақтардың салынуын қолға алу керек.
Пайдаланған әдебиеттер:
- http://referatkaz.HYPERLINK «http://referatkaz.kz/мүгедектер-мүмкіндіктері-шектеулі/»kHYPERLINK «http://referatkaz.kz/мүгедектер-мүмкіндіктері-шектеулі/»z/мүгедектер-мүмкіндіктері-шектеулі/
- http://palata.kHYPERLINK «http://palata.kz/kz/news/9392″zHYPERLINK «http://palata.kz/kz/news/9392″/HYPERLINK «http://palata.kz/kz/news/9392″kz/news/9392
- http://www.astana-akshamy.kz/?p=17566
- http://www.inform.kz/kaz/article/2650978
- http://economics.kazgazeta.kz/?p=4696
- http://nurotan.kz/kz/news/2030
- http://uakit.kz/?p=3108
- http://www.enu.kz/repository/repository2014/mumkindigi-shekteuli.pdf
- http://www.rusnauka.com/7_NITSB_2012/Pedagogica/2_103470.doc.htm
Құрастырғандар: Оспанов Б., Жуманазаров Б.