ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҒЫНДАҒЫ СУ РЕСУРСТАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мазмұны
Кіріспе
Орталық Азия аймағындағы су ресурстарының мәселелері
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Орталық Азия республикаларының мемлекетаралық қарым-қатынастарындағы потенциалды проблемалардың бірі — көпшілік қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің салдары ретінде қарауға бейім су ресурстарының жетіспеушілігі. Сондықтан көптеген су проблемаларының пайда болуы бір ауыздан кеңестік жоспарлы экономиканың мұрасы ретінде қарастырылады.
Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі. Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар. Отырықшылық егіншілік мәдениеттің шектеулі ошақтарының Орталық Азияның нақ осы шамалы бөлігінде пайда болғаны кездейсоқтық емес. Сирек шұраттар да демографиялық жағдай табиғи жағдайларда шектеулі мөлшерден аспаған кезде судың жетіспеушілік проблемасы шын мәнінде пайда бола койған жоқ.Жағдай Орталық Азияның Ресей империясының құрамына енуінен кейін біртіндеп өзгере бастады. Өйтені қоғамның дәстүрлі құрылымын өзгертуге бағытталған метрополия саясаты табиғи демографиялық жағдайға өз ізін қалдыратын еді.
Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.. Қазіргі таңдағы судың оперативтік бөлінуі кеңес кезеңіннен сақталған суға лимит негізінде жүргізіледі, ол қазіргі жағдайды есепке алмайды. Мұндай жағдай аймықтың беткі су ресурстары қалыптасатын елдер үшін тиімсіз.Осыған байланысты Орталық Азия елдері арасында жаңа саяси және экономикалық жағдайда су және энергетикалық алмасудың экономикалық механизмдерін табу қажет.
Бүкіл дүниежүзі елдері су қорларына қол жеткізу мүмкіндіктерінің бірдей еместігі, су бөлудегі өндіру мен бақылау саласындағы бәсекелестік, жанжалдарға соқтыруы ықтимал екендігін ұғынып отыр, ал су қорларын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі ынтымақтастық, тек трансшекаралық су тұтыну проблемаларын ғана емес, сонымен бірге адам дамуы проблемасын шешетін құралға айналуы ғажап емес. Тәуелсіздік алған сәттен бастап трансшекаралық өзендерді ұтымды пайдалану мен қорғау проблемасы Қазақстан үшін тұрақты және қауіпсіз дамуды қамтамасыз етудегі басым мәселелердің біріне айналды. Трансшекаралық өзендер жағдайын табысты шешуге тек Қазақстанның ғана ұлттық қауіпсіздігі емес, сонымен бірге Орталық Азия аймағы мен Ресейдің шектес облыстарының қауіпсіздігі де байланысты, өйткені Қазақстан аумағында туындайтын проблемалар, бүкіл аймақтың өзара іс-қимыл жүйесіне ықпал етуі мүмкін.
Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде, әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді? Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына көшетін сыңайы бар.
Cурет 1. Қазақстанның трансшекаралық өзендері
Ескерту! [Министерство охраны окружающей среды республики Казахстан (www.kzgov.docdat.com/docs/19/index-3278872/html)]
Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек, оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.
Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау «1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды».[1] Алайда, соңғы екі жылда аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, «Қырғызстан қысқы мерзім аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-шартты мойындамай келеді».[1] Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып алды. Ал бұл өз кезегінде «Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін секунтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып бағуда». [1]
Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында Халықаралық су энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліп, оның тұжырымдамасы да әзірленіп қойды. Оған Дүниежүзілік банк те өз тарапынан көмек көрсеткісі бар. Десек те аталмыш консорциумға жоғарыда аталған мемлекеттердің кіріскісі де, қатысқысы да жоқ. Себеп, әркім өз мүддесін ғана көздеп, географиялық жағдайларын көзір ретінде ұстануда. Тіптен өзінің басы қатқан мәселеге басқаның да басын қатырғысы бар. Мәселен, Қырғызстан жағы сонау Кеңес одағы кезінде жұмыс істеп, кейін жұмысы тоқтап қалған Қамбар ата су қоймасын қайтадан тұрғызу жағын алға тартуда. Тоқтағұлға емес, тап сол Қамбар ата су қоймасын тұрғызуға, сөйтіп соның жұмысын жандандыруға консорциум құрайық деген ұсынысын айтып жүр бүгінде. Ал Өзбекстан ең алдымен өз жерінде су қоймаларын тұрғыза беру ниетінде секілді. Бірақ, консорциумға оның да қатысқысы жоқ. Яғни, бұл мәселе жөнінде де қайшылық жетіп жатыр. Аталған мәселелердің түйінін шешу мақсатында биыл Ашғабадта Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен тағы да үлкен бір басқосу болады деп көзделуде. Бірқатар мәселелер сол басқосуда қозғалмақшы.
Трансшекаралық су мәселесінің енді бір ұшы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа тіреліп отыр. Қытай жағының трансшекаралық өзендерге қатысты мәселеге әлі де болса өзімбілемдік сақтықпен қарап келе жатқаны байқалатындай. Неге десеңіз, Қытай су қатынастарына арналған бір де бір конвенцияға күні бүгінге дейін қол қоймай келе жатыр. Екі мемлекет арасында өткен жылдың қазан айында Шанхай қаласында Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының үшінші бірлескен отырысы өткен болатын. Онда Ертіс және Іле трансшекаралық өзендерінің суын пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу туралы Қазақстан тарапының ұсынысы талқыланды. Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, «“Қара Ертіс-Қарамай” каналы іске қосылғаннан кейін Қытай жағы Ертіс өзенінен 800 млн. текше метр көлемінде су ала бастаған. Ал оның көлемі кейін 1,5 млрд. текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам да айтылуда. Біле білгенге бұл болашақта қиын жағдайға душар ететін көрсеткіш. Егер де Ертістің жалпы су ресурсының мөлшері шамамен 9,8 млрд. текше метр екенін ескерсек, Қытайдың бұл ұстанымы Қазақстанның ғана емес, сонымен қоса Ресейдің экономикасы мен экологиясына едәуір залал келтіретін болады».[2] Мәселенің қай жаққа қарай бағыт алуы сол отырыста Комиссия шешімі бойынша Қазақстан әзірлейтін келісімнің жобасына және оның қабылдануына байланысты болмақ. Дайын болған кезде Қытай тарапына дипломатиялық жолмен жіберуі тиіс бұл жобаны әзірлеу жолдары әлі күнге дейін қарастырылу үстінде. Сала мамандары өз кезегінде келісім жобасын жасау үшін алдымен арнайы ғылыми негіздеме енгізу, одан барып ғылыми-зерттеулер жүргізу керек дейді. Сонда барып бұл мәселе бір ыңғайына келетін болады деген ұстанымдарын алға тартуда.
Ниет жағы баршылық, бірақ соның нақтылыққа айналу жағы жоқтың қасы. Әзірше жақсы бір шешім ретінде Қазақстан Қытаймен арада су көлігі қатынасын жандандыру жағына мықтап назар аударып отыр. Мамандардың пікірінше, екі ел арасында кеме қатынасының жұмысы жолға қойылатын болса, Қытай мемлекетінің Қара Ертіс суын көп мөлшерде пайдаланып кетуіне мүдделілігі азаяды. Бұл да көңілге демеу болмақ.
Ал Ресей жағы ше? Сала мамандарының айтуына қарағанда, бұл елмен арадағы байланыс біртіндеп бірізділікке түсіп келе жатқандай. Десе де кейінгі кезде Ресей тарапынан да басқаша ұстаным бой көрсете бастапты. Волгоград, Саратов облыстары мен біздің Батыс Қазақстан облысы аралығындағы біраз сулар жәділік жүйе арқылы бір-бірімен жалғасқан десек, біраз жылдар бойы сол жүйелер арқылы олар бізге су жіберіп келген. Бірақ кейінгі кезде Ресей жағы суды тауарға айналдыру мәселесі жағын ойластырып бағыпты. Қашанғы бас шұлғи бермек біздің ел? Дәл осы мәселеге келісе қоймас. Себебі дейсіз ғой? Мұндайға жол берді деген сөз, домино қағидаты бойынша ұқсас мәселелердің шығуына жол берді деген сөз. Себебі, осы сияқты су жүйелері арқылы басқа елдерден бізге келетін өзендер баршылық емес пе? Ал егер Ресейге ақша төлеймін десек, Қазақстанның есептесу қауқары қарымды екен деп, мына жақтан Өзбекстан мен Қырғызстанның алақан жая келе, жалаңдауына тап-тамаша мүмкіндік табыла кетпей ме?
«Суды декларациялауға қол қоюға келіскен күннің өзінде мынадай жағдай қалыптасар еді: егер әр текше метр су 1 теңгеден тұрғанның өзінде мемлекет қоржыны жылына 1,5-2 млрд. қаржыға қағылар еді. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттің негізгі бүйіріне едәуір нұқсан келтіруіне әкеп соғады. Сол үшін жақын арада Ресей жағымен осы мәселе жөнінен келіссөз жүргізіп, бір мәмілеге келу көзделіп отыр». [2]
Орталық Азия республикаларының мемлекетаралық қарым-қатынастарындағы потенциалды проблемалардың бірі — көпшілік қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің салдары ретінде қарауға бейім су ресурстарының жетіспеушілігі. Сондықтан көптеген су проблемаларының пайда болуы бір ауыздан кеңестік жоспарлы экономиканың мұрасы ретінде қарастырылады.
«Қазіргі таңда Орталық Азия аймағы бес елдің – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекістан – территориясын қамтиды. Аймақ Еуразиялық континенттің орталығында орналасқан, жалпы жер көлемі 3 822 000 км2, халық саны 550миллион адамға жуық. Аймақ оңтүстікте Ауғаныстанмен және Иранмен, шығысыта Қытаймен, ал батыста және солтүстікте Ресей Федерациясымен шекараласады».[2]
Қырғызстан мен ішінара Тәжікстанның аймақтағы су қожайындарына айналуының нәтижесінде, қазіргі кезде орын алып отырған алауыздықтар мен Орталық Азия республикалары арасында аймақтық су ресурстарын бөлісу мәселелері бойынша келіспеушіліктер пайда болды.Оның үстіне сирек табиғи құнарлы аңғарларды (Ферғана аңғарындай), ірі және шағын өзен шұраттарын жөне тауларға жапсарлас аумақтарды есепке алмасақ, Орталык Азияның көпшілік бөлігін шөлдер мен шөлейт аймақтар құрайды.
«Отырықшылық егіншілік мәдениеттің шектеулі ошақтарының Орталық Азияның нақ осы шамалы бөлігінде пайда болғаны кездейсоқтық емес. Сирек жұраттарда демографиялық жағдай табиғи жағдайларда шектеулі мөлшерден аспаған кезде судың жетіспеушілік проблемасы шын мәнінде пайда бола қойған жоқ. Жағдай Орталық Азияның Ресей империясының құрамына енуінен кейін біртіндеп өзгере бастады. Өйтені қоғамның дәстүрлі құрылымын өзгертуге бағытталған метрополия саясаты табиғи демографиялық жағдайға өз ізін қалдыратын еді».[2]
Ресей Ғылым академиясы этнология мен антропология институтының Орталық Азия бөлімінің меңгерушісі В. Бушковтың пікірінше:
«Орталық Азиядағы судың жетіспеушілігі проблемасы XIX ғасырдың екінші жартысында, Орталық Азияның көптеген аудандарында малшы-көшпелілердің елеулі бұқарасын отырықшы өмір салтына көшірген кезде (мұнда әңгіме, негізінен, кейіннен мемлекеттің этнониміне айналған көшпелі өзбектер жөнінде болып отыр) пайда болып, сумен қамтамасыз ету мәселесі елеулі түрде шиеленісе түсті. Мысал үшін, сол кезде Қоқан кандығының өкімет орындары заманы үшін орасан болып табылатын жаңа ирригациялық тармақты салуға күш-жігерлерін жұмсады». [3] Алайда техникалық мүмкіндіктер шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайларына бейімделуге мүмкіндік бермеді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезіндегі халықтың табиғи өсімінің күрт артуы басқа проблемалармен қатар су проблемаларының шиеленісуіне әкеп соқты. Мысалы, «Кесте 1» көріп отырғанымыздай Орталық Азиядағы су проблемасы басқа проблемаларға қарағанда жетекші орында. Әсіресе, Өзбекстан және Қазақстан елдерінде бұл көрсеткіш өте жоғары шамаға ие болып отыр.
Кесте 1. Орталық Азиядағы әртүрлі проблемалардың салыстырмалық пайыздық көрсеткіші (пайызбен, %)
Ескерту! [Водные проблемы Центральной Азии./Валентини К.Л., Оролбаев Э.Э., Абылгазиева А.К. – Б.: 2004. – 142 с.]
«1906 жылға жататын бір құжатта: «Тәжіктер мүмкіндігі болған жердің бәрінде суарылатын жердің ауданын кеңейтуде, бұл мақсат үшін жаңа магистральдың арықтар Жүргізді және баяғыда тастап кеткен ескілерін қайта қалпына келтірді», — деп хабарланды.
Сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілу мәселесімен Ресейлік императорлық әкімшілік те кездесті. Оның «аштық» даласын суландыру жолында көп күш жұмсауына тура келді. I Николай атындағы, Романовский және Бахур-арық атанған каналдарды салудың нәтижесінде 1915 жылы 45 мың десятина жер суландырылды. «Аштық даласының» батыс бөлігін суландыру мақсатында 1912 жылы Ескі Түйетартар каналын тазарту жұмыстары басталды.
Мұнда бір жарым айдың ішінде 100 мың адам жұмыс істеді, нәтижесінде 2 мың десятина жер суландырылды. XX ғасыр үшін жұмыстың жеткілікті дәрежедегі орасан көлемінің өзі, суды пайдалану төңірегіндегі күрделі жағдайдың сол кезде-ақ орын алғанын айтып тұр». [3] (В. Бушков).
«Бoc жатқан» жерлерді (бұл термин шынайы жағдай жөніндегі ұғымды бұрмалайды, өйткені олар жабайы жануарлар дүниесі мен мал шаруашылығы үшін тамаша маусымдық жайылымдар болған еді) белсенді түрде игеру, ,белсенді шаруашылық жүргізу аумағын кеңейтіп, әлеуметтік жағынан Орталық Азия халқының табиғи өсімінің қарқынын арттыруға себеп болды. Мысалы, «Ресей империясының құрамына кірген уақыт ішінде бұл аймақтың халқы өсе түсті: Тәжікстан — 10,2 есе, Өзбекстан мен Түрікменстан — 7,2 есе. Кеңестік кезеңде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі қыруар шараларды іске асыру қолға алынғанына қарамастан, Өзбекстанда 1980 жылдардың соңында аңғарлардағы елді мекендердің елеулі бөлігінде (оның ішінде Ферғана аңғарында орналасқандары да бар) өздерінің ауыз су көздері болған жоқ. Бұл аудандарға ол су тасушы көліктермен жеткізіліп, әрбір отбасына күніне екі шелек мөлшерінде ғана берілді.
1990 жылдары өзбек мамандары жүргізген есептер бойыншаТашкент облысы 2005 жылға қарай өзінің өмір сүруді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін, оның ішінде су ресурстарын толықтай сарқып болмақ. Солтүстік Тәжікстан жан басына шаққанда сумен бүкіл республикадағыға карағанда 7 есе аз қамтамасыз етілген. Мысалға, Дальверзин даласын игерудің бүкіл барысында (1950 жылдардың ортасынан басталды) онда ауыз судың өте шиеленіскен жағдайы сақталып отыр. Бірақ ең апатты антропогендік әсер ету бір жағынан Қазақстанның Қызылорда облысы, Өзбекстан жағынан Қарақалпақстан жапсарласатын Арал теңізінің алабында қалыптасты. 1960 жылдан басталған Арал теңізінің жылдам құрғай бастауы, негізінен, су ресурстарын тиімсіз пайдаланудың салдары ретінде түсіндірілд»і.[4]
Алайда ол жөнінде үнсіз қалуды орынды көретін тағы бір себеп бар. Теңіздің өле бастауы өзі аттас шөл даланы бойлай жасанды Қарақұм каналын салып, оны іске қосудан басталды. Түркістанның көптеген километрлерге созылып жатқан сусыз оңтүстік аудандарын суландыружөніндегі КСРО Су ресурстары министрлігінің алып жобасы және Хауз-Хан, Копетдаг су қоймаларын жасау шын мәнінде жоғарыда еске алынған су ресурстарының көпшілік бөлігі Қарақұм каналының арнасына түскен соң күйдіріп тұрған күн астында шексіз шөл дала құмдарына сіңіп, кайтпайтындай болып жоғалып жатты. Әмудария ішінра Өзбекстандағы Әмубұхар каналы құрылысынан да зардап шекті.
Нәтижесінде, «бүгінгі күні Арал суының 75%-дан астамынан, аумағының 50%-дан астамынан айырылып, бұрынғы жағалауларынан 100—120 км-ге кейін шегінді, бұрынғы теңіз түбінде 3,5 млн га жерқалды.Тұщы судың едәуір бөлігі (44%) Қазақстанға шектес мемлекеттерден құйылады, сондықтан трансшекаралық су ағындары ерекше маңыздылыққа ие. Республикадағы 8 өзен су алабының барлығы, олардың су арналарының бірнеше мемлекеттің аумағында орналасу жағдайлары бойынша да, сондай-ақ өзен ағыстарының құйылу шарттары бойынша да халақаралықму алаптарына жатады».[5] Еліміздің су қорлары Қытаймен, Қырғызтанмен, Тәжікстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен бірге пайдаланады .
Географиялық жағынан барлық трансшекаралық су арналары — Сырдария, Жайық, Іле, Талас, Шу өзендерінің түпкі бөлігінде және Ертіс өзені ағысының ортаңғы тұсына орналасқан Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында сумен ең аз қамтамасыз етілуі, өзендер ағысының бас жағына орналасқан шектес мемлекеттердің су жөніндегі саясаты мен су бөлу қағидаттарына біршама байланысты. Су қорларын пайдалану жөніндегі халықаралық ынтымақтастық тәжірбиесінің талдауы су тенденциясының шектес мемлекеттермен халақаралық қатынастағы салмақты құрал, экономикалық қауіпсіздік элементтерінің бірі және елдердің ауыл шаруашылық дамуының көптеген проблемаларын шешуге себеп болатынын айқындауға мүмкіндік жасайды.
Қазақстанда және Орталық Азияның өзге де елдерінде бұрын қолданылып келген жер суару мен суландырудың тиімсіз жүйесінің ең көп тараған экологиялық зардаптары жердің сорлануы, су басуы және батпақтануы болып табылады. Ағыстың жоғарысында орналасқан елдер — Тәжікстан мен Қырғыз Республикасының жерлері ағыстың төмендегі елдермен салыстырғанда азырақ сорланған. Осы проблема әсіресе Арал теңізіне жақын аудандарда өте күрделі: «Қарақалпақстанда, Өзбекстанның Хорезм және Бұқара облыстарында топырақтың 90-94% сортаңдалған».[5]
«Арал теңізі бассейнінің су ресурстарының басым бөлігі Қырғызстан мен Тәжікстанның территорияларында орналасқан. Қырғызстанның территориясынан Нарын, Тәжікстанның территориясынан Қарадария, Сырдария өзенінің негізгі салалары басталады. Тәжікстанның территориясында Амудария және оның басты салалары басталады. Арал теңізі бассейнінің жалпы 116 км3 су ресурстарының шамамен 60 км3жүық Тәжікстан Республикасына тиіеслі, 25 – 27 км3 шамасында Қырғызстан Республикасы территориясында орналасқан, яғни олардың қосындысы 75 % құрайды. Орталық Азияның басқа елдерінің су ресурстарындағы үлесі 10 км3 жетпейді, олардың жалпы үлесі 25 %». [6]
«Сурет 2» көріп отырғанымыздай Арал теңізінің көлемі 1972 жылдан 2014 жылдар арасында біршама азайған.
Сурет 2. Арал теңізінің тартылу деңгейінің жерсеріктен түсірілшен фотосуреті
Ескерту! [Азаттық радиосы (www.azattyq.org/a/world_central_asia_kazakhstan_water/27233282/html)
Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының География Институның гляциология лабораториясының меңгерушісі И.В. Северскийдің пікірі бойынша «Жоңғар, Памир-Алай тауларындағы мұздықтар тез жылдамтықпен еруде. 1955 – 2000 жылдары аралығында мұздықтар ауданы жылына 0,6 – 0,8 %, ал мұздың көлемі 0,8 — 1% жылдамдықпен қысқаруда. Мұздықтардың және мұзды-қар ресурстардың мұндай тез қысқарудың басты себебінің бірі жалпы климаттың жылуы». [7]
Кейбір авторлардың пікірі бойынша «Орталық Азия тауларындағы негізгі мұздықтар ХХІ ғасырдың ортасына дейін жойылып кетуі мүмкін. Атмосфераның жалпы циркуляциясының модельдеріне негізделген климаттық сценарийдің ең төмен көрсеткіштерін есепке алған жағдайда, болжам бойынша ХХІ ғасырдың ортасына дейін аймақтық су ресурстары кемінде 20 – 40 % төмендейді .Басқа авторлар су балансы өзгеруінің оптимальдық варианттарына сенім білдіреді. Мысалы Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы мұздықтардың шегінуі 1970-ші жылдары максимум көрсеткішіне жетіп, 1980-ші жылдарынан бастап жылдамдығы төмендеді». [7] Осындай өзгерістер Гиссар-Алай тауларында да байқалған.
Көпжылдық мониторингтің мәліметтері бойынша «Іле Алатауда (Солтүстік Тянь-Шань, 3400 м биіктікте) 1974 жылдан 1995 жылға дейін мәңгі тоң қабатының орташа жылдық температурасы тұрақты көтерілуде болған. Кейін бұл өсу тоқтап, соңғы 10 жылда ол көрсеткіш шамамен ─0,2°C құрайды.Соңғы 70 – 80 жыл бойы Амудария мен Сырдарияның ағын көлемі өзгермеді, мұздықтар ауданының маңызды қысқарғанымен су ресурстары бүрыңғы деңгейде қалды. Өзендердің ағыны қалыптасатын зонада жауын-шашын мөлшері және қар қорының максимальдық көрсеткіштері өзгермеді. Демек, аймақтағы судың жетіспеушілігінің себебі беткі ағын қалыптасатын зонадағы су ресурстарының қысқаруы емес, мүмкін климаттың жылуы да емес. Мұздықтардың қысқаруына қарамастан, беткі ағынның орташа көпжылдық көлемі және жыл бойы бөлістіруі соңғы бірнеше оңжылдықта өзгермеді. Мұндай жағдай Орталық Азияның мұздықтары тез арада жойылады деген пікірді терістеп, осыған қарағанда Орталық Азияның су балансы құрылымында әзірше түсініксіз компенсациялық механизм бар».[8]
Климаттың жылуы, астыңғы қабаттағы мұздықтардың еруіне алып келді, яғни мұздықтардың көлемі өзгеруімен өзен ағынының көрсеткіштері осының есебінен өзгермеді, оны компенсациялық механизм деп есептеуге болады. Мұздықтардың деградациясына қарамай, Орталық Азия мен Қазақстанның тауларындағы жер асты мұздықтардың көлемі қазіргі беткі мұздықтардың көлеміне тең, ал Қытай территориясында ол көрсеткіш екі есе көп. Демек компенсациялық механизм шамамен жұз жылға созылу мүмкін. Жер асты мұздықтардың еру жылдамдығы беткі мұздықтардың еру жылдамдығына салыстырғанда маңызды төмен. Демек, мұздықтардың жалғасып отырған деградациясы алдымыздағы бірнеше онжылдық бойы ағынның және аймақтық су ресурстарының маңызды қысаруына алып келмейді деген пікір бар.Бұл оңды тұжырым қосымша негіздеуді талап етеді, себебі соңғы жылдары мониторингте көп ұзілістер болды. Климаттың ғаламдық өзгерудің басты индикаторы болып табылатын мұздықтардың массасының балансының динамикасы туралы дұрыс емес ақпараттың басты себебі – Орталық Азиядағы мониторинг жүйесінің кемшіліктері. Мысалы биік таулы белдеудің қар жамылғысын мониторингі жоқтың қасы, мұнда қар ресурстарының жартысынан басым бөлігі орналасқан. Бұл белдеуде Орталық Азия су ағыны қалыптасуының негізгі көзі орналасқан.
Орталық Азияның таулы елдерінде грунттың маусымдық және көпжылдық тоң басу режимінің тұрақты мониторингісі жоқ. Биік таулы жағдайдағы табиғи құбылыстар мен процестер туралы нақты ақпараттың жетіспеушілігі, болжамдық модельдерді құруда жанама көрсеткіштерді пайдалануға мәжбүрлейді. Осыған байланысты зерттеушілерде климаттың өзгеруінің су ресурстарына ықпалы туралы соның ішінде мұздану туралы бір қалыпты пікір жоқ.
«О.Г. Сорохтинның пікірі бойынша соңғы онжылдықтардағы климаттың жылуы күннің белсенділігіне тәуелді деп есептейді, адамның шаруашылық әрекетімен байланысты емес деп тұжырымдайды. Бұл жылыну процесі тоқтайды, мүмкін аяқталған, сонымен қатар оның пікірі бойыша 2030 жылдары климаттық салқындауы байқалуы мүмкін, шамамен XVIII – ХІХ ғасырлардағы деңгейіне дейін .Орталық Азия елдері соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылықты суғарусыз дамыту мүмкін емес. Аймақтың су ресурстары 170 – 180 км3 беткі сулары, бүгінгі таңда оның 90 % өндірістік айналымда. Су ресурстары елдер арасында тең емес бөлінген, беткі су ресурстарының 90 % Қырғызстан мен Тәжікістанда шоғырланған. Алайда, аймақтағы негізгі су тұтунышылар Қазақстан мен Өзбекістан, соның ішінде Өзбекістан бар су ресурстарының 50 % астам бөлігін алады».[9]
Орталық Азияның елдері жер асты суларына бай болып келеді. Мысалы «Қазақстанның жер асты суларының көлемі шамамен 7 мың км3 суды құрайды, ол көлемі бойынша Балқаш көліндей 65 көл және Азов теңізіндей 25 теңізге тең. Бұл жер асты суларының қоры жылына атмосфералық жауын-шашынның инфильтрация және беткі суларының фильтрация есебінен 45 км3 су көлемі келеді. Бұл мәселе диплом жұмысының екінші тарауында қарастырылды.Қазақстандық гидрогеологтардың зерттеуі бойынша жер асты сулары шамамен 50 – 1500 метре тереңдіктер аралығында орналасады, ал пайдалануға мүмкіндігі бар жер асты сулары 100 – 400 метр тереңдікке орналасқан. Қазіргі техникалық деңгейде жер қойнауынан 100 жыл бойы 2000 м3/сек алып отыруға болады. Ғалымдардың болжамы екі есе көбейткенде де жер асты суларының ресурстары 1 – 2 млн гектар жайылымдарды суландыруға және біренеше ірі қалаларды сумен қамтамасыздандыруға болады». [10] Демек, су ресурстарымен қамтамасыздануда гидрогеологиялық факторды есепке алған жағдайда Орталық Азия елдері арасында су бөлудің пропорциялары бұзылу мүмкін.
«Сурет 3» тұщы сулардың пайдалану көлемі көрсетілген. Суретте көрініп тұрғандай «тұщы судың басты тұтынушысы Өзбекстан Республикасы болып табылады, шамамен жылына 80 км3 пайдаланады, Қазақстан — 35 км3 шамасында, Түркменстан — 20 км3 шамасында, ал Қырғызстан мен Тәжікстан не бары — 10 км3 –ден пайдаланады. Оның басты себебі, Қазақстанның (Оңтүстік Қазақстан аймағы) және Өзбекістанның жазықтықты территориялар басым, яғни суғармалы ауыл шаруашылығы үшін өте ыңғайлы».[11]
Сурет 3. Тұщы суды пайдалану көлемі, км3/жылына (2014 ж.)
Ескерту! [Хабиев С.Х. Гидрогеологические условия и оценка современного состояния дренажных систем орошаемых массивов бассейна реки Сырдарьи. Автореферат на соиск. степ. к.г.н. А. 2014. – 34 с.]
«Тұщы судың 80 – 90 % ауыл шаруашылықта пайдаланылады. Қырғызстан мен Түркменстанда ауыл шаруашылықта тұщы судың 90 % қолдануда, Тәжікстанда – 85 % шамасында, ал Қазақстан мен Өзбекістанда 80 % шамасында».[11] Ондай жағдайдың басты себептердің бірі Қазақстан мен Өзбекістанда басқа елдерге салыстырғанда өнеркәсіп салалары жақсы дамыған, ірі зауыт фабрикалар бар, ал Қазақстанда суды қөп талап ететін металлургиялық комбинаттар дамыған.
Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы басым суғармалы болып табылады. Орталық Азия елдерінің суғармалы жер көлемі «Сурет 4» көрсетілген. «Орта Азия аймағындағы суғармалы жер көлемі шамамен 90 мың км2 немесе 9 млн гектарды құрайды, оның басым бөлігі Өзбекістан Республикасына тиісілі – 4,2 млн гектар, Қазақстан Республикасында суғармалы жердің көлемі – 2 млн гектардам астам. Түркменстан Республикасында суармалы ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 1,5 млн га, ол жерлер Қарақұм каналынан суғарылады. Қырғызстанда суғармалы жердің көлемі 1 млн га, ал Тәжікстанда – 0,6 млн га».[11]
Су ресурстары мәселесі Орталық Азия елдері үшін аса маңызды мәселеге айналды. «БҰҰ-ң мамандары ХХІ ғасырда судың бағасы мұнай мен газдан да қымбат болып, ең маңызды стратегиялық ресурс айналуда. БҰҰ Халықаралық Су Конвенция қабылданған, ал 1992 жылы Дублин (Ирландияның астанасы) қаласында бірнеше ондаған мемлекет мынадай шешім қабылдады «Судың экономикалық бағасы бар, сондықтан экономикалық тауар болып табылады». Қазіргі таңда Орталық Азияда елдері арасында су-энергетикалық ресурстарын пайдалану үшін есеп-шот бартер жүйесі түрінде жүргізуде, Қырғыстан мен Тәжікістанды Өзбекістан газбен, Қазақстан көмірмен қамтамасыздандырады. Бірақ Қырғызстан мен Тәжікістанның пікірі бойынша есеп-шоттың бартерлік жүйесі тиімді емес». [12] Бірақ беткі су ресурстарына тапшы Орталық Азия аймағында суды сату мемлекеттер арасында экономикалық қарамақайшылықтарға алып келу мүмкін.Бұл жағдайда мемлкеттер арасындағы экономикалық пайдасынан басқа аймақтағы су бассейндерінің экологиялық балансын, әсіресе Арал теңізі бассейнін есепке алу қажет.
Сурет 4. Суармалы жерлердің көлемі, мың км2 (2014 ж.)
Ескерту! [Хабиев С.Х. Гидрогеологические условия и оценка современного состояния дренажных систем орошаемых массивов бассейна реки Сырдарьи. Автореферат на соиск. степ. к.г.н. А. 2014. – 34 с.]
Соңғы жылдары Орталық Азия елдері арасында су мәселесі бойынша әр түрлі қарама-қайшылықтар пайда болды. Өзендердің төменгі ағысында орналасқан елдер үшін Қазақстан мен Өзбекстанға келетін су ағымы төмендеген жағдайда, егін, әсіресе мақта шаруашылығына ықпалы өте маңызды болады, себебі су вегетациялық кезеңде қажет.
Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінде өз елі территориясындағы немесе территориясында қалыптасатын суды және су объектілерін мемлекеттің жекеменшігінде деп жарияланған, бірақ елдер арасында су ресурстарын бөлу туралы халықаралық келісім жоқ. Қазіргі таңдағы судың оперативтік бөлінуі кеңес кезеңіннен сақталған суға лимит негізінде жүргізіледі, ол қазіргі жағдайды есепке алмайды. Мұндай жағдай аймықтың беткі су ресурстары қалыптасатын елдер үшін тиімсіз.Осыған байланысты Орталық Азия елдері арасында жаңа саяси және экономикалық жағдайда су және энергетикалық алмасудың экономикалық механизмдерін табу қажет.
«Қазақстан Республикасы жер үсті өзен суы ресурстарының ҚР Мемлекеттік су комитетінің мәліметі бойынша бір жылдагы сулылығы орта есеппен алганда — 100,9 млрд м .Оның 56,5%-і -Қазақстанның өз территориясыида түзілсе, 44,4%-ін — Қазақстанмен шектесіп жатқан территориялардан келетін өзен суы құрайды (ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Қырғызстан Республи-касы және Ресей Федерациясы).
Қазакстанның су ресурстары бұрынғы Кеңес Одағы ресурстарының 2,1 %-ін құрайды. Біздің еліміз сумен қамтамасыз етілу деңгейі бойынша бүрынғы одақтас республикалардың ішінде соңғы орынды иеленіп отыр. Сумен қамтамасыз етілудің үлесі шаршы шакырыммен алғанда 36.4 мың м3-ке тең, ал жан басына шакқанда жылына 6,0 мың м3-ті құрайды».[13]
Жер үсті су ресурстары территория бойынша біркелкі емес әрі жылдар аралығында және жылдың ішінде ауытқып тұратындықтан республика облыстарының сумен қамтамасыз етілуі біркелкі болған емес. «Сумен ең көп камтамасыз етілген облыс — Шығыс Қазақстан — 1 шаршы шақырымга 290 мың м3-тан ке-леді, ал сумен ең төмен қамтамасыз етілген Атырау, Қызылорда. әсіресе, Маңғыстау облысында — I шаршы шақырымға 0,36 мың м3-тан келеді.Алайда ағынды өзен ресурстарын халық шаруашылығы үшін толық пайдалану мүмкін емес, өзендердің төменгі сағасынан (Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле. Тобыл, Есіл) міндетті түрде жіберілетін (босатылатын) судың, республикамыздан тыс өңірлерге ағып кететін өзен суының, су қоймаларда және өзен арналарында ысырап болатын судың жиынтық мөлшері жылына шамамен 54,8 млрд м3-ты құрайды. Жердің үстінгі жағындағы пайдаланылатын өзен суы ресурстарының бір жылдағы сулылығы орташа есеппен алганда 45,9 млрд м мөлшерінде багаланып отыр».[14]
«Ертіс, Тобыл жэнс Есіл өзендсрінің суларды корғау әрі олардың пайдаланылуын реттеу Ресей Федераңиясымен келісіліп орындалады. Бұл бассейндегі кешенді пайдаланылатын орташа және ірі бөгендер гидроэнергия, кемені жүздіру, балық шаруашылығы және т.б. үшін қажег. Жыл сайын Бүқтырма жэне Шульба бөгендерінен Павлодар және Шығыс Қазақсган облыстарының территориясындағы Ертіс өзенінің жайылмасын (пойма) толтыру үшін ирригациялық (жерді суландыратын) су жіберіледі. Жіберілген судың мөлшері -2,5-5,0 км3. 1993 жылы 5,2 км3 су жіберіліп, жайылмадағы 354,5 мың гектар шабындық пен көлдетіп суарылатын жер суға толтырылды.Сырдария өзені суының мол болуы нәтижесінде Арал теңізіне құйылатын су 1989 жылы 4,3 км3— ке тең, 1994 жылы 7,4 км3-ке дейін артты.
Сырдария өзеніндегі су ресурстарын пайдалану бойынша мемлекеттер арасында келісімнің болғанына қарамастан 1993-1994 жылдары қыс мерзімінде Қыргызстан және Өзбекстан республикалары электр энергиясын өндіру мақсатында суды артық пайдаланды. Бұл облысының территориясындағы аталмыш өзеннің төменгі сағасында жағымсыз салдарды тудырды (елді мекендердің, халық шаруашылығы объектілерінің су астында қалуы, каналдар (арналар) мен суару жүйесінің бүлінуі). Оның үстіне, Арнасай ойпатына қажетсіз жиналған судың мөлшері 2,5 шақырымды құрады (1994 ж. шамамен — 10,0 км3).
Каспий-Жайық бассейні су ресурстары мүлдем таусылған аймақты қамтиды, бүл аймақтағы судың тапшылығы шамамен алғанда 6 км мөлшерінде болады. Теңіз, Қарашығанақ және басқа да мұнай-газ химиялық кен орындарын игере отырьш, бұл аймақты косымша көздсрсіз, яғни Еділ-Жайык каналының кұрылысынсыз одан ары дамыту мүмкін емес.Соңгы бес жыл ішінде Жайық өзеніндегі судың мол болуы нәтижесінде адамдар мен ауыл шаруашылығы үлкен зиян шекті (нормадан 150% артық)».[15]
Соңғы жылдардың ішінде Шу өзенінен су жіберу (босату) есебінен Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданын сумен қамтамасыз ету бойынша шара жүзеге асырылды.
«Балқаш көлі бассейнінің суы өз нормасының шегінде қалды және Іле өзені бойынша 18,4 км3-ті құрады. Қапшағай бөгеніненжіберілген судың табиғи тасқынмен ұштасуы (14,0 км3) Балқаш көлінің деңгейін 341,0 метр және одан да көп метрге дейін сақтауга мүмкіндік берді.
Республикада тұтынылатын судың негізігі үлесін ауыл шаруашылық өндірісі құрап отыр: жалпы мөлшердің 77-80%-ін күрайды. Суармалы жерге су ағызылатын бас тоған 1985 жылы 23,4 км3-тен 1993 жылы 19,6 км3-ке дейін азайса, суармалы жердің ауданы 123,0 гектарға кеміді, ал бір гектарға шаққанда тұтынылатын судың үлесі 1985 жылы гектарына 10354 м3-тен 1993 жылы гектарына 9156 м3-ке дейін ауытқыды.Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікті өтейтін бас тоғанның көлемі 1985 жылы 1,1 км3-тен 1998 жылы 1,49 км3-ке дейін өсті. Жан басына шығындалатын судың үлесі соңғы бес жылда 1989 жылы тәулігіне 210 литрден 1998 жылы тәулігіне 245 литрге дейін өсті».[16]
«Өнеркәсіптің қажетін өтейтін бас тоғанның көлемі 1998 жылы 6,4 км3-ті кұрады, бұл көрсеткіш белгіленген лимиттен 0,87 км3-ке кем. Экономика жағдайының нашарлауынан, өндірістің құлдырауынан, республикамыздағы бүкіл кәсіпорындар бойынша өнеркәсіп кажетіне тұтынылатын судың мөлшері 1986 жылмен салыстырғанда 1,2 км3-ге кеміген. Әсіресе, түрлі-түсті металлургия, химия және ауыр өнеркәсіптері кәсіпорындарының суды тұтынуы кеміген. Сонымен бірге, көптеген кәсіпорындар бойынша өнім бірлігіне шығындалатын таза судың үлесі айналыммен кайталанып (оборотно-повторно) пайдаланылатын судың мөлшерін кемітудің есебінен жоғары болып тұр.Соңғы жылдары айналыммен қайталанып пайдаланылатын судың мөлшері күрт кеміп кетті».[17]
«Республикамыздың территориясында су арнасының ауданы 2 шаршы шақырымнан да көп болатын, шамамен 4 мың көл және су айнасының ауданы 100 шаршы шақырымнан асып түсетін 17 көл бар. Көлдердегі судың жалпы мелшері — 190 млрд м , оның 10%-ін суы тұщы көлдер құрайды. Тұщы көлдердің суы негізінен сумен қамтамасыз етуде және мал суаруда пайдаланылады. Су қоры елеулі ауытқуға ұшыраған бұл үсақ су коймаларының көп бөлігі жылдың құрғақ немесе ылғалды (жауын-шашынды) болуына қарай кеміп немесе артьш отырады. Сол себепті де бұл көлдерге кепілдік сумен қамтамасыз етудің көздері ретінде сенімділікпен қарауға болмайды.
Республикамыздағы Геология және қазба байлықты қорғау министрлігінің мәліметі бойынша 1995 жылы жер асты суының болжам жасалған пайдаланылатын қоры жылына шамамен 41-42 млрд м3-ті қүрайды, ал бекітілген, барланған жер асты суының қоры 17,3 млрд м3-ке тең. Алайда, пайдаланылып жүрген жер асты суының мөлшері 2,6 млрд м3-тен аспайды.Республикамыз 55-56 млрд м3 табиғи алғашқы су ресурстарына ие, оның көп бөлігін елімізбен шектес территориялардан ағып келетін су құрайды.Мәселен, біздің жерімізге Қытай Халық Республикасының территориясьнан шамамен 24 км3 су ағып келеді, оның ішінде Іле өзені бойынан — 12 км3 және судың қалган мөлшерін Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының шекаралас аудандарындағы су ресурстары құрайды. Елімізбен шектес жатқан ҚХР территориясынан ағып келетін су Қазақстанның барлық су ресурстарының бестен бір бөлігін құрайды. Сондықтан да Іле, Ертіс және баска да өзендердің су ресурстарын бірігіп пайдалану және қорғау мақсатында Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік су органдары деңгейінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда екі ел арасындағы шекараны қиып ағатын Алматы облысындағы Қорғас жэне Сүмбе өзсндерінің су ресурстарын бөліп пайдалану мәселесі бойынша жергілікті келісім бекітілді. Бұл келісім жергілікті су шаруашылығы орган-дарының және екі мемлекеттің шекара өкілдерінің қатысуымен бекітілді».[18]
Қазақстан мен Ресей Федерациясы Үкіметтері трансшекаралық су объектілерін бірігіп пайдалану және қорғау бойынша Қазақстан-Ресей комиссиясын құрды.Біздің республика Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Еділ өзендерінің су ресурстарын Ресеймен бірігіп пайдаланады. Бүл аталмыш өзендердің су ресурстарын Шығыс Казақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында пайдаланылады.Комиссияның негізгі міндеттері — Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Үлкен жэне Кіші өзен, Еділ — негізгі трансшекаралық ағын су бойынша әр тараптың суды тұтыну лимитін жыл сайынәзірлеп, бекіту олардағы бөгендердің жұмыс режимін әзірлеу, экологиялык талаптарды және екі жақтың да мүдделерін қанағаттандыра отырып, нақты қалыптасқан су шаруашылығындагы ахуалды жағдайда суды бөлуді басқару.Бүл принциптер «Қазақстан, Қыргызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан республикалары арасындағы 1992 жылдың 18 ақпанында Алматы қаласында осы мемлекеттердің Үкіметтері атынан қол койылған «Мемлекетгер аралық көздердің су ресурстарын пайдалануды және қорғауды бірігіп басқару саласындағы ынгымақтастық туралы» келісімді бекітуде ескерілді. Амудария мен Сырдария, Шу және Талас өзен бассейн-деріндегі су ресурстарын бірлесіп пайдалану мәселесін қарас-тыратын су шаруашылығын мемлекет аралық үйлестіру комиссиясы (СМҮК) құрылды.СМҮК атқарған жұмыстың тәжірибесі көрсеткендей, комиссия дер уақытында кұрылды».[19] Өйткені Арал дағдарысын жеңу қажеттілігі бассейндерде бірыңғай су шаруашылығының саясатын жүзеге асыруды керек етеді. СМҮК пен оның қүрылымдық бөлімшелері құрылған уақыттан бері жинакталған тәжірибе сулылығы әр түрлі болатын жылдары. әсіресе, су азайғанда экономика салаларын ұдайы сумен камтамасыз етудің және шиеленіскен жагдайларды шешудің сенімді негізі.
«Мемлекеттер арасында су қатынасын реттеудегі қиыншылықтарға қарамастан СМҮК Арал теңізі бассейніндегі экологиялық жағдайды жуық арадағы 3-5 жылдың ішінде сол аймақты элеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуды ескере отырып жақсарту бойынша накты әрекеттерді қамтитын бағдарламалардың жүзеге асырылуына үлкен үлес қосты». [19] Сырдарияның төменгі сағасында екі облысы орналаскан Қазакстан үшін бұл Бағдарламаларды, әсіресе, оның арналардың жэне гидротехникалық күрылғылардың суды мол жіберу (ағызу) қабілеттерін ұлғайтуды және Кіші теңізді жасауды жүзеге асыруда өмірлік маңызы жоғары. Бүл екі проблема бір-бірімен өзара байланысты, олар шешімін табатын болса, Арал тсңізін бүрынғы табиғи жағдайына жақындатьш, қалпына келтірудің, жәрдем көрсетудің мүмкіндігі туады. Кіші теңіз Арал жағалауының жылдан-жылға шөлейтке айнлып бара жатқан мүшкіл (ауыр) халіне тосқауыл қоятын өзінше қорғаныс барьерін тудыруға, балық шаруашылығы мен ондатр шаруашылығын дамытуға Сырдария өзенінің атырабындағы өсімдіктердің көптеп өсіп-өнуіне мүмкіндік берер еді.Осылайша, мемлекеттер арасында су қатынасын реттеу, су ресурстарын ұтымды пайдалану әрі қорғау мемлекеттердің мүддесін ескеретін маңызды стратегиялық міндет болып табылады.
Республикамыздың өзендері мен көлдері антропоген ықпалына үшырап отыр. Судың ластану индексін (СЛИ) қолдана отырып, жер үсті суы сапасының өзгеру динамикаларын салыстырып, анықтау үшін мынадай сипаттама пайдаланылады («Кесте 2»).
Кесте 2. Жер үсті суы сапасынын өзгеру сипаттамасы
Ескерту! [Асанбаев М. Б. Некоторые проблемы водной проблематики в ЦентралнойАзии// Саясат.—2012 — №3(4).-С.96.]
Кез келген ресурс түрін экономикалык тұрғыдан бағалаудың қажетті алғышартына шикізаттың сапасын және оған деген халық шаруашылығындағы қажеттілікті білу жатады. Жалпы бастапкы мәліметтердің негізінде қандай да бір ресурс түрінің экономикада қолданылатын деңгейі немесе шекарасы анықталады. Табиғи байлыктарды пайдаланудың экономикалық мақсатқа лайыкты шегі осы ресурс түрінің бәсекеге жарамдылығын, оның импортталатын немесс экспортталатын мүмкіндігін ескеретін халық піаруашылығы қажеттілігіне сәйкес белгіленеді. Табиғи ресурстардың барлық түрін пайдаланудың шекарасы жол берілетін (ұйгарылатын) өзіндік күнның шегіне қарай немесе тұйық-ташан шығын арқылы анықталуы керек, алайда, оларды ең дұрыс өлшсмдейтін есеп айырысудың бірыңғай принципін қолданған жөн.
«Тиімділікті әр түрлі экономикалық көрсеткіштермен анықтауға болады, мүндағы міндет — қандай да бір көздерді немесе зерттелетін ауданның нақты ресурс түрін пайдаланудың түпкілікті техникалық-экономикалық көрсеткішіне әсерін тигізетін барлық табиғи жэне экономикалық жағдайды синтездей алатын көрсеткішті таңдау болып табылады.Сол себепті де қандай да бір табиғи әлеуетті игеру барысында алынған өнімді арттырудың қоғамдық түрғыда өз-өзін ақтайтын шыгын шегін белгілеудің қажеттілігі пайда болады. Тұйықтаушы шығынды белгілеу ресурстарды пайдаланудың экономикалык мақсатқа лайықты шекарасын анықтау үшін қажет».[20]
«Түйықтанған шығын стерженді көрсеткіштермен су ресурстарын экономикалық түрғыдан бағалаудың негізі болып табылады. Су ресурстары, әдетте, оқшауландырылады (локализован). Олар шагын тсрриторияларға азырақ немесе көбірек кайта бөлінуі мүмкін. Су тапшылығының деңгейі және осы деңгейге сәйкес келетін оған деген қажеттілікгің деңгейі территориялық аспектіде сараланады. Бүл судың бассейндік (аудандық) түйықтанған шығынның қалай қалыптасатынын алдын ала анықтап береді.Судың түйықтанған шығыны экстенсивті жэне қарқынды шараларды ескеретін суға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша барлық баламалы нұсқалардың салыстырылуын ұйға-ратын оңтайлы су шаруашылығы балансы негізінде (СШБ) анықталуы мүмкін. Тұтынылатын судың мөлшерін үлғайтуға бағытталған, ол үшін СШБ-ның кіріс бөлігін арттыруды қажет ететін шара экстенсивті шара деп аталады. Дл, интенсивтілігі -баланстың шығыс бөлігін кемітетін түтынылатын судың мөлшерін азайтумен байланысты шара. Экстенсивті шара өндірісті суды аз қажет ететін немесе сусыз қолданылатын технологияға, айналымды және қайталанатын сумен камтамасыз етуге көшіруді үйғарады». [21], яғни, барлық шара судың шыгынын үнемдеуге бағытталган.
Ластауға қарсы жүгізілетін күреске қаражат аз бөлінеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорынға әрбір бассейнді детальдау бойынша қажетті мерзімінде судың тазалық нормасына қол жеткізу үшін судың ластану деңгейін кезең сайын біртіндеп кемітетін суды қорғау шараларының бағдарламасын белгілеу қажет. Бүл арада зиянды заттардың қоршаған ортаға, әсіресе, адамзатқа әр түрлі деңгейде келтіретін қатерін ескеріп, ең алдымен айрықша зиянды қалдықтарды залалсыздандыру бойынша шараларды қолға алу кажет. Қатерлі заттардың жол берілетін шоғырлану шамасынан асып түсетін әр түрлі деңгейлерін жіктеп, осыған сәйксс әрбір аудан бойынша, қоршаған ортаны ластаушылардың түрі бойьшша және ластану деңгейлерінің уақыты бойынша оны белгілеу қажет. Осының негізінде уақытша келісілген ластаушы қалдықтардың төгіндісі анықталады. Ағынды судағы осы төгінділерді анықтау барысында қаражаттың шектеулі жагдайында ластанудың деңгейі суды қорғау шарасының жиынтық шығынын азайтудың негізінде төмендейтінін есте үстаған дұрыс.
Суды бағалау өндірістің орналасуына елеулі ықпалын тигізеді. Түйықтанған шығынның шамасына қарай қандай да бір су сыйымдылығы бар өндірістің қандай аймақта орналасатыны, ал су рентасының шамасы бойынша өндіріс қандай көздерге тиімді орналастырылатыны анықталады.
«Саранбалы (су) ренталарын енгізу, оны шаруашылық тетігінде экономикалық тұтқа ретінде қолдану үзақ айтыс-тартыстан кейін ғана жүзеге асты. Рента түжырымдамасын әзірлеу барысьнда әсердің үш категориясын (саранбалы әсер, рента әсері жэне рента төлемі) бөліп көрсету кажет. Оның үстіне олардың әрқайсысының түсіндірмесі мен түсінігі бір-бірінен алшақ келеді. Саранбалы әсер еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін еңбекті барынша оңтайлы ұйымдастыруды, ғылыми-техникалық жетістіктерді қолданудың негізінде қол жеткізуге болатын қоғамдық шығынды жеке шығыннан асыру арқылы; шығынды үнемдейтін кез келген халық шаруашылығында пайда болуы мүмкін. Мүндай әсер еңбек өнімділігін арттыратын жаңа енгізулер барлық сапаларға тарамайынша сақтала береді. Бүл категорияны бастан аяқ талдаған Карл Маркс еңбек өнімділігінің өсу ықпалымсн өндіріс саласында пайда болатын саранбалы әсердің қалыптасуын сипаттап, олардың уақыт жағынан түрақсыз болатынын көрсетіп берді. Мүндай әсер рентаға түрлене (трансформацияланбайды) алмайды. Табиғи ресурстарды пайдалану жөнінде сөз болғанда олардың сипаттамаларының табиғи жолмен саралануы, ресурстардың шектеулілігі әр түрлі шаруашылык обьектілері алатын әсерді теңестіруде объективті тосқауыл қоятын жагдайда әсер мулдем басқа сипатқа ие болады».[22]
Дегенмен, табиғатты пайдаланатын салаларда калыптасатын әрбір саранбалы әсер рентаға айнала бермейді. Бүған көздерден әсіресе, өзен жүйелерінен су рссурстарын пайдаланудың нәтижесінде алынуы ықтимал әсер айқын дәлел бола алады: ол көптеген табиғат факторларына қарай кең ауқымда ауытқып отырады, осыған байланысты өзендегі ағынды сулардың (жылдық және маусымдық) көп ауытқитыны байқалды. Әлбетте, ылғалды (суы мол) жылдары ең көп орамадағы экономикалық нәтиже болуы мүмкін, алайда оның орташа статистикалық түрақтылықка ие тұрақты табиғат факторларымен байланысты қалыптасатын бөлігініңғана ренталық негізі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, егер су ресурстарының мөлшері фрагменттік (үзінді) сипатта болып, нәтижесі түрақты түрде артпайтын болса, онда алынған үстеме (шамадан тыс) табыс рента ретінде карастырылмайды.
Аса маңызды теориялық және әдістемелік мәселеге ренталарды есептеу проблемасы жатады. «Экономистер ренталарды анықтаудың есебінде нақты қалыптасқан шығындарға жэне ресурстарды пайдаланудың тәсілдеріне бағдарланган дұрыс болады деп санайды. Біздің көзқарасымыз бойынша ресурстарды бағалау барысында қолданылатын мұндай тәсілдеме салыстырылатын ресурстардың объективті қүнын бере алмайды. Рента-ларды анықтаудағы негізгі принцип қандай да бір рссурсты пайдаланудағы ықтимал халық шаруашылық әсерін барынша арттыруға қызмет етуі керек. Өндірістің су сыйымдылығын кемітетін әрі суды пайдаланудың оңтайлы режимінен қамтамасыз ететін табиги әлеуетті пайдаланудың ең тиімді тәсілін карастыруы керек. Бүл проблема табиғатты пайдалану салаларының аясынан да асып, күрделене түсті. Сондай-ақ салааралық сипатқа ие әрі барлық өндіріс буындарының келісіп әрекет етуін қажет етеді».[23]
Салаларды, әсіресе, су сыйымдылығы жоғары салаларды суды аз кажет ететін немесе сусыз технологияларға ауыстыру экономикалық нәтижелердің барлық ықтимал салдарын ескеруді керек етеді. Мысал ретінде қара металлургия кәсіпорнын алуға болады. Бұл сала осы уақытқа дейін судың көп мөлшерін қажет етіп келеді; оның суды аз қажет ететін технологияларға көшуіне байланысты тұтыну мөлшері бірнеше есеге кеміді. Алайда, өндірілген металдың өзіндік кұны өсіп кетті. Нұсқалық жолмен шешілетін міндет пайда болды: жиынтық шығынды ең аз шамаға жеткізетін нұсқа оңтайлы деп есептеледі.
Алайда, мәселенің мәні мынада ғой: суды тұтынудың мөлшері қандай мәнде барынша жоғары экономикалық нәтижеге жетеді? Түтынылатын судың мөлшері өзгеретін болса, су факторы қоса ескерілгендегі кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері кең ауқымда өзгеріске үшырайды.
Су ресурстарының экономикалық бағасын есептегенде нақты нәтиженің өлшеміне бағдарланбау керек, өйткені бұл қалыптасқан жағдайды одан әрі күшейтуге жол ашады. Әлеуетті тиімділіктің негізінде есептелген ресурстар бағасы ұмтылуға тұратын, яғни пайдалы жағы бар өзінше эталон ролінде болады. Оны жоспарлау-жобалау есептерінде қолданатын болсақ, бұл өз кезегінде су ресурстарын үнемдеп жұмсау мақсатында халық шаруашылығы айналымына оларды (су ресурстарын) тартудың баламалы тәсілдерінің қатаң іріктелуіне жол ашады. Мұндағы маңызды принцип мынау: судың бағасы, яғни суға берілген баға оны қолданудың ең тиімді нұсқасына сәйкес келуі керек.
«XX ғасырдағы ең зардапты экологиялық апаттың салдарлары:
- аралдың құрғаған түбінен тұздар мен шаңның ұшуы;
- пестицидтермен қауіпті ластану және Сырдарияның тұздануы;
- грунт сулары деңгейінің көтерілуі және құрылыстардың қирауы;
- топырақ құнарлылығының төмендеуі және жайылымдардың толықтай азып-тозуы;
- өсімдік және жануарлар дүниесінің гендік корларының жоғалуы;
- халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығының нашарлауы;
- жалпы және балалар өлімі деңгейінің өсуі.
Ауыз суы мен жер суаратын судың тапшылығымен қоса оның сапасы да күрт нашарлап кетті. Бұл өзендер мен коллекторлық-кәріздік тармаққа ауыл шаруашылығында пайдаланылған улы химикаттар және пестицидтермен ластанған суды, сондай-ақ өнеркәсіптік және коммуналдық шаруашылықтардан шыққан ластанған суларды ағызуға байланысты болды».[24]
Аймақтың бес елінің негізгі су көздері екі мемлекеттің аумағында орналасқан. «Арал теңізі алабының басты тамырлары Сырдария өзені (80%), негізінен, Қырғызстан аумағында және Әмудария өзені (83%) Тәжікстанда қалыптасады.
Аймақтың экологиясына кері әсер еткен тағы бір фактор (онсыз да су ресурстарына жұтаң аймақта) мақта өсіретін жерлердің ауданын кеңейту. Ылғал сүйгіш ауыл шаруашылығы дақылдарының бірі ретінде, оның су тұтыну деңгейі өте жоғары болды.
Техникалық мүмкіндіктеріне қарамастан ирригациялық ескірген технологиялармен жасалды. Нәтижесінде, 1950 жылдардың өзінде өзеннен алынған судың 50%-дайы, тек қана сүзілу процесіне жұмсалды. Істің мұндай жағдайы 1960 жылдары бетон науаларды қолдана бастағаннан кейін ғана біршама өзгерді. Алайда суаруға кететін су шығыны бұрынғыша қалып қойды, кейбір есептеулер бойынша ол қажетті мөлшерден 4 есе асып кетті».[25]
Толып жатқан күріш егістіктері де өз үлестерін қосты. Көктемде оларды терең арықтар мен өзеннен алған сумен толтырды. Күзде қалдық суды өзенге қарай кері жібереді. Шалшықта көптеген балықтар қырылады. Жағдайдың қауіптілігі сондай, қазіргі мәселе Арал теңізін құтқару емес, Арал теңізінің маңайында тұрып, ішуге жарамайтын суды тұтынуға мәжбүр болып отырған адамдарға қалай көмектесу керектігі жөнінде болып отыр.
«Бұлардан бөлек алыстағы 1970 жылдары Сібір өзендері суының бір бөлігін Қазақстан мен Орта Азияға жіберетін канал жобасы (ол ресми түрде «Солтүстік және Сібір өзендері суларының бір бөлігін елдің оңтүстік аудандарына жіберу жобасы» деп аталды) бойынша ол өтетін жерлердің табиғи жағдайларын зерттеген Арал гидрогеологиялық партиясының гидрологтері арнайы зерттеулер жүргізді. Олар ұшақпен барлау жұмыстарын жүргізген кезде Қарақұмда шағын көлдердің өте көптігіне назар аударды. Құм шағылдарының арасында олар қалай пайда болған ? Жауапты жер бетіндегі зерттеулер берді. Көлшіктер жасанды техногенді болып шықты: жер асты артезиан сулары негізінде мал шаруашылығы мұқтаждықтары үшін бұрғыланған көптеген шұңғылардан немесе барлау немесе пайдалану ұңғыларынан атқылап жатыр екен. Жерге тесік бұрғылау қиын іс емес, ал нығыздап цементтеу әлдеқайда күрделірек». [26] Міне, сондықтан да қымбат жер асты суы тектен текке желмен, күнмен құрғап, шығын болды. Осылайша Арал жыл өткен сайын судың орасан зор мөлшерін ала алмайды, жер асты горизонттары сарқыла бастайды, ал жер бетінде құнарсыз ақ дақтар мен тұз қабаттары пайда болады.
Орталық Азиядағы су ресурстарын тиімді пайдаланудың көкейкестілігі, көбінесе жер бетіндегі және жер асты суларын экологиялық жағынан ойлы, саналы пайдалану қажеттігімен өзара байланысты. Ондай сулар ішінара Аралдың айналасында, тұтастай алғанда бүкіл аймақта онша күші қалған жоқ. Су дилеммасы төңірегіндегі жағдайға талдау жасаған кезде Қырғызстанның өз көршілерін су және энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етуге байланысты мәселелердің шешілу деңгейі Орталық Азия мемлекетерінің мемлекетаралық қарым-қатынастарының жағдайына тікелей тәуелді болатынын сенімділікпен атап көрсетуге болады.
Қорытынды
Су — Орталық Азия үшін стратегиялық байлық қана емес, аса маңызды энергетикалық шикізат көзі де алдын ала жасалған болжамдарға сүйенсек, «2025 жылға қарай тұщы су тапшылығы 1,3-2,0 триллион текше метрге жетуі де әбден ықтимал. Соның барлығын саралай келе, халықаралық сарапшылар 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызы тұщы су жетіспеушілігінен зардап шегетінін алға тартады».[27] Бұл үрейлендіру үшін айтыла салған мәлімет те емес екендігі соңғы жылдары айқын аңғарылуда. Ендеше БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан ГиМунның: «Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады» деп атап көрсетуі де сондай қауіп-қатердің мәнін барынша аңғартса керек. Жалпы жаһандық Ұйым Бас хатшысының алаңдаушылығы бекер емес. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де нақтылай түсетіндей. Мәселен, «БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Құрғақшылық әсіресе «Қара құрлық» пен Аспан асты елінде қатты білінеді-міс. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға шұбырады, Қытай да ұлы көші-қон үдерісінен қашып құтыла алмайды. Бұдан бөлек, 2025 жылға таман трансұлттық корпорациялар дамушы елдерден орасан зор көлемде тұщы су көздерін сатып алады».[27] Нәтижесінде жаһандық нарықта су экспорты халықаралық алып бизнеске жол ашады. Тапшылық төркіні суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға мәжбүрлейді. Халықаралық сараптың сорпасын сапырып отырғандардың зерттеуі осындайды болжайды. Мұндай болжамның өзінен су мәселесінің шын мәнінде әлемдік саясаттың басты құралына айналатынына да көз жететін тәрізді. «Қара алтынның» орнын тұщы су тапшылығы басады» деу де осындай негізден туса керек.
Жалпы, Орталық Азиядағы су мәселесін жіті бақылап отырған аймақтық және халықаралық бақылаушылар бұл тартыста екі топтағы мемлекеттердің мүддесі екі түрлі деген пікірде. Бірінші топ – негізгі су көздері жинақталатын Тәжікстан мен Қырғызстан. Екінші топ – осы екі елден келетін өзендердің аяқ жағында отырған Қазақстан, Өзбекстан мен Түрікменстан – су мәселесіне келгенде бірінші топқа айтарлықтай тәуелді. Бұл тәуелділік экономикада ғана емес, аракідік саясатта да байқалады. Оның мысалына жылда жаз айларында Қазақстан мен Қырғызстан арасында орын алып отыратын кикілжіңді келтіруге болады. Соның салдарынан бір мемлкет шекараны жауып тастаса, екінші жағы су жібермейміз деп дөңайбат көрсетеді. Осындай шетін оқиғалар салдары кәсіпкерлерге көп қиындық тудырады. Міне, мұндай оқиғалар тізбегі Орталық Азияда судан басталатын талас-тартыстардың тамыры тым әріде жатқанын көрсетеді. Олай болса, су мәселесі саясатпен емес, парасатпен шешілуі тиіс. Орталық Азия елдерінің бестігі көп уақыт бойы созбаққа салып, ортақ бір шешімге келе алмай жүрген өзекті мәселенің соңына нүкте қойып, ақыры су-энергетикалық одақ құруға келісті. Бұл мәселе төңірегіндегі келіссөздер Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменстан арасында күн тәртібінен бірде-бір рет түспей, үнемі жүргізіліп келеді. Сондықтан бес мемлекеттің қол жеткізген уағдаластығын — тарихи оқиға деп бағалаған дұрыс. Қабылданған жаңа келісімге сәйкес, Қазақстанға келетін Өзбек газының көлемі ұлғайса, біз көршілерімізге көмір мен мазутты көбірек жөнелтеміз. Мұның сыртында бестік «Тоқтағұл» су қоймасын жойылып кету қаупінен сақтап қалу мақсатында бірлескен шаралар жүргізуге уағдаласқан. Аталған мәселені оң шешуге мүдделі елдер «Судың да сұрауы бар» екенін ескерер деген үміттеміз.
Әрине, Қазақстан тарапы су тапшылығының алдын алу, суды үнемдеп пайдалану мәселесінде осылайша тың бастамалар көтеріп жатыр. Тек Орталық Азияда орналасқан, суы ортақ өзге ағайындар күннен күнге күшейіп келе жатқан ғасыр проблемасына үн қосып, ауызбіршілік танытса, қолдаса, болашақ ұрпақтың алдындағы парызымыздың өтелгені болар ма еді…
Пайдаланған әдебиеттер:
- www.dslib.net/pravo-evropy/mezhdunarodno-pravovoe-regulirovanie-sotrudnishestva-gosudarstv-po-ispolzovaniju.html Сегодня на планете свыше 1 млрд. человек не имеют доступа к чистой воде // Приложение к письму Постоянного представителя Узбекистана при ООН от 16 мая 2011 г. на имя Генерального секретаря. А/65/842.
- www.vsemirbooks.ru/books/repost/hdr/ Доклад ООН о развитии человека «Что кроете» за нехваткой воды: Власть, бедность и глобальный кризис водных ресурсов». — М.: Весь мир, 2006.
- Уровень жизни населения Казахстана. Статистический сборник на казахском и русском языках. – Астана, 2013. – 242 с.
- Дубровский В.Н. Валеология. Здоровый образ жизни. — М.: RETORIKA. — А, 2013. — 67 с.
- Марков В.В. Основы здорового образа жизни и профилактика болезней: Учеб. пособие. — М.: Академия, 2012. — 155 с.
- Левкович А.В. Правильное питание – это здоровье и красота. — М., 2012. — 234 с.
- www.twiripx.com/file/906000/ Смоляр В.И. Рациональное питание. – Киев, 2011. – 368 с
- Конышев В.А. Ваше питание: полезно или опасно? – М.: Экономика, –156 с.
- www.royallib.com/book/konishev_v/samie_modnye_dieyi.html Конышев В.А Самые модные диеты. – М.: РИПОЛ классик. –2013. –52 с.
- www.labirint.ru/books/50244/ Дробат Е.М. Простые истины о питании и здоровье. – Минск: Кн. дом, 2012. – 608 с.
- www.e-reading.mobi/book.php?book=14013/ Методики доктора Д.В. Наумова. М.: ООО – Редакция вестника ЗОЖ, 2014. – 207 с.
- Олимов М., Камолиддинов А. Региональное сотрудничество по использованию водных и энергетических ресурсов ЦентральнойАзии//ЦентральнаяАзия и Кавказ .-1999.-№2(3).-С.
- articlekz.com/kk/article15483/ Трансшекаралық өзендер бойынша қазақстан-қытай сарапшылар жұмысшы тобының екінші мәжілісі (16-25.06.2001)// Дипломатия- 2001.-№3.
- adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300000750/ Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған әс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750 Қаулысы //[ЭР]
- Насиев К.Н. и др. Рациональное использование и охрана водныхресурсов в Казахстане. Аналитическийобзор. А. 2005. – 34 с
- Региональные ресурсы подземных вод Казахстана. А. Наука. 1983.–176 с.
- Филонец П.П. Очерки по географии внутренних вод Центрального, Южного и Восточного Казахстана (Озера, водохранилища, ледники). А. 1981. 462
- Хабиев С.Х. Гидрогеологические условия и оценка современного состояния дренажных системорошаемых массивов бассейна реки Сырдарьи. Автореферат насоиск. степ. к.г.н. А. 2002. – 34 с
- Асанбаев М. Б. Некоторые проблемы водной проблематики в ЦентралнойАзии// Саясат.—2012 — №3(4).-С.96.
- Бейсенбекова Н. А., Сақтағанова З.Ғ., Шотбакова Л.Қ. т.б. Сарыарқаның ұлы азаматтары(XX ғасырдың басы): Моногр. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008.- 438б.
- Смағұлова Г.М. Орталық Азия ынтымақтастығы елдеріндегі су-энергетика ресурстарының кейбір мәселелері//ҚазҰу жаршысы.Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық . – 2003. -№2(10).-53-57-б.
- Современный Синьцзян и егоместо в казахстанско-китайскихотношениях/Подобщ. Ред. К.Л. Сыроежкина.- Алматы,1997.-С.
- Ортақ өзендерді пайдалану жайы қалай шешілмек//Егемен Қазақстан.-2000.-2 қараша.
- Северский И.В. Тағы да Ертіс туралы//Егемен Қазақстан.-1999.-10 желт.
- www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-prezidenta-respubliki-kazahstan-nnazarbaeva-narodu-kazahstana-17-yanvarya-2014-g/ Послание Главы государства Н.А. Назарбаев народу Казахстана «Казахстанский путь – 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее»// Казахстанская правда, 2014, 18 января.
- Мамбетказиев Е.А. и др. Экологические проблемы чистой воды // Современные проблемы сохранения биоразнообразия: матер.межд.-науч.конф., 17-18 октября 2006г.- Алматы, 2006.
- Ян Зелинский. Политическая подоплека создания гидротехнических сооружений в Центрально-Азиатском регионе. – Алматы, 2009.
Құрастырғандар: Қайырбеков Е., Турганова А.