ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТАРЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСТАРДЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ

Экономикалық ресурстар өзінің қызметін өндірістік үдеріс барысында іріленген түрінде негізгі өндіріс факторлары ретінде атқарады. Оларға еңбек, капитал, жер және басқа да факторлар жатады. Экономикалық қызметті бастайтын және пайда табу мақсатында саналы іс-әрекетке баратын кәсіпкер белгілі бір өнімнің түрін өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті өндіріс факторларына сұраныс білдіреді.

Бұл жерде өндіріс факторларының нарығы қалыптасады. Кәсіпкерлер мен тауар өндірушілер осы нарықтардың негізгі сатып алушылары болып табылады, ал үй шаруашылықтары өндіріс факторларының иелері ретінде сатушылар қызметін атқарады. Әр өндіріс факторына сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, ортақ тепе-теңдік баға тағайындалып отырады. Әр өндірістік ресурс өзінің иесіне факторлық табыс алып келе алатындай қасиетке ие болуы тиіс. Мәселен, еңбектің иесі өзіне жалақы алады, капиталды сатушы өзіне пайызды алады, ал жердің иесі рентаға ие болады.Өндіріс факторлары нарықтарының кәдімгі тауарлар мен қызметтер нарығынан басты айыршылығы – фирмалар мен тұтынушылар рөлдерінің ауысуында болып табылады: фирмалар ресурстар нарығында сатып алушылар, ал тұтынушылар сатушылар ретінде жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, фирмалар ресурстарға сұраныс білдіреді және тұтынушылар ресурстардың ұсынысын жасайды.

Кәсіпорындармен үй шаруашылығы қызмет етуі өндіріс факторларын пайдалануға және оларды пайдаланудан сәйкес табыстарды алуға негізделеді. Өндіріс факторлары ретінде шаруашылық іс-ірекеттің мүмкіндігі мен нәтижелілігіне шешуші ықпал ететін ерекше маңызды элементтер немесе объектілер түсіндіріледі. Шаруашылық іс-әрекетке тартылатын өндірістік ресурстардың ірқашан да меншік иелері болады әне олрдың бірде біреуі осы ресурстарды пайдалану құқығын басқа адамдарға қайтарусыз бере алмайды. Сондықтан да өндірістың негізгі элементтерінің қозғалысы, оларды иемдену, басөару және пайдалану терең қоғамдық экономикалық қатынастарды қозғайды.

Тауарларды тұтынуға деген сұраныс оларға белгілі бір құндылық береді. Соңғысы тұтыну тауарларының өндірісі үшін қолданылатын ресурстарың құндылығын тудырады. Еңбек факторы үшін құндылық оның төлем ақысында, жер факторы үшін – жер рентасында, ал капитал факторы үшін – пайдадан көрінеді. Бұл аталған факторлар тұрғындардаң әр түрлі тобы үшін табыс көзі болып табылады. Табыстардың бөлінуінен тұтыну тауарларына деген сұраныс тәуелді болады. Сұраныс бөлуді тудырса, бөлу сұраныс өнімге деген сұраныстың өсуіне немесе кемуіне тәуелді ұлғаяды немесе қысқарады.

Өндіріс – бұл материалдық. Өндіріс – бұл материалдық немесе руханы игіліктерді дайындау процесі. Өндірісті бастау үшін неөндіру керек және қалай өндіру керек мәселесі туады. Маркстік теория өндіріс факторлары ретінде адамның жұмыс күшін, еңбек заты мен еңбек құралдарын қарастырып, оларды  екі үлкен топқа бөледі: өндірістің жеке факторы және заттық фактор. Жеке фактор адамның еңбекке деген физикалық және ақыл-ой қабілеттіліктерінің жиынтығы ретінде жұмыс күшін сипаттайды. Заттық фактор өндіріс құралдары болып табылады. Өндірісті ұйымдастыру осы факторлардың үйлесімді қызметін көздейді. Маркстік теория өндіріс факторларының өзаа байланысы, олардың бірігу сипаты өндірістің әлеуметтік бағыттылығын, қоғамдағы топтардың құрамы мен олар арасындағы қатынастарды анықтайтындығынан келіп шығады.

Өндіріс факторларының нарықтары – бұл сұраныс пен ұсынысты жасайтын еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар. Бұл жерде өндіріс факторларына сұраныс туынды сұраныс деп аталады, яғни фирмалардың ресурстарға деген сұранысы солардың көмегімен өндірілетін дайын игіліктерге деген сұранысқа тәуелді болып табылады. Егерде, дайын игіліктерге сұраныс өссе, онда соларды өндіруге жұмсалатын ресурстарға да сұраныс артады. Ал, өндіріс факторларының ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының белгілі бір уақытта өз мүмкіндіктерін, атап айтсақ, еңбекті, капиталды және жерді бәсекенің әртүрлі жағдайларында белгілі бір бағамен сата алуға деген дайындықтары. Ұсынысты жасайтын экономикалық субъектілер тұтынушылар, қарапайым адамдар, жалдамалы жұмысшылар, жинақтаушылар, қоғам ретінде көрінуі мүмкін.

Әр ресурс өзінің иесіне әртүрлі формасында табыстарды қалыптастырады. Факторлық табыстар – бұл ресурстар иелерінің олардың сәйкес түрлеріне (еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет формаларында) байланысты белгілі бір уақытта сол өндірістік ресурстарын нарықта сатуынан түсетін ақшалай түсімдері. Факторлардың әрбір тобына факторлық табыстың өзіндік формасы сәйкес келеді: еңбек факторының иегерлері үшін факторлық табыстың формасы болып жалақы табылады, капитал иегерлері үшін – пайыз, жер факторының иегерлері үшін – рента, ал кәсіпкерлік қабілет иесі үшін – пайда факторлық табыс болып табылады.

Негізінен, үш факторлы нарық қарастырылады. Енді осылардың әрқайсысына тоқталайық.

Еңбек нарығы және жалақы. Еңбек – адамның ақыл-ой және физикалық қызметі, жинақталған тәжірибе, жалпы және кәсіптік біліміне негізделген өзіндік қабілеттіліктерінің жиынтығы. Экономикалық теорияда өндіріс факторы ретінде еңбек адамдардың пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен шаруашылық іс-әрекет процесіне жұмсайтын кез келген ақыл-ой және физикалық күш-жігері. А.Маршалл: «кез келген еңбектің белгілі бір мақсатқа қол жеткізу», — деп көрсеткен. Адамның еңбек ететін уақыты жұмыс уақыты деп аталады. Оның ұзақтығы — өзгермелі шама және белгілі бір шегі бар. Адам тәулігіне 24 сағат еңбек ете алмайды. Оған еңбекке деген қабілеттілігін қалпына келтіруге және рухани өажеттілігін өанағаттандыруға уақыт қажет. Ғылыми-техникаық прогресс еңбектің мазмұны мен сипатына, жұмыс уақытының ұзақтығына өзгерістер алып келеді. ҒТП жағдайында еңбек өнімділігі мен интенсивтілігі артып, жоғары дәрежелі кадрларды кәсіби дайындауға деген уақыт артады. Еңбектің интенсивтілігі уақыт бірлігіне физикалық және ақыл-ой энергиясын жұмсау дәрежесінің өсуі. Ал еңбек өнімділігі уақыт бірлігіне өндірілген өнімнің санын көрсетеді. Еңбек онімділігін арттыруға әр түрлі факторлар әсер етеді.

Еңбек нарығы – жұмыс күші сияқты ерекше экономикалық ресурсты сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы. Еңбек нарығында еңбектің өзі емес, белгілі бір еңбек түрінің қызметтері сауда-саттыққа түседі. Осыны есте сақтаған жөн. Бұл жерде, қалыпты экономикалық жағдайларда ұсынылатын еңбек қызметтерінің саны мен сапасы еңбек иесі –жалдамалы жұмыскердің кәсіби дайындық деңгейіне, оның біліктілігіне, тәжірибесіне, жұмысты әділетті атқара алу мүмкіндігіне, қабілеттілігіне және басқа да факторларға байланысты болып келеді.

Еңбек нарығын талдау еңбеккке сұраныс пен еңбек ұсынысын қарастырумен байланысты. Еңбек нарығындағы сұраныстың субъектілері болып бизнес өкілдері және мемлекет табылады. Ал еңбек ұсынысының субъектілері болып үй шаруашылықтары табылады.

Еңбекке деген сұраныс – бұл бәсекенің әртүрлі жағдайларында фирмалардың немесе мемлекеттің еңбек қызметінің белгілі бір түрлерін белгілі бір бағамен сатып алуын сипаттайтын қажеттіліктері.

Еңбекке деген сұранысқа бірнеше факторлар әсер етеді:

  1. Дайын игіліктерге деген сұраныс көлемі.
  2. Жалақы деңгейі.
  3. Еңбектің басқа факторлармен өзара алмастырыла алу дәрежесі.
  4. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуы.
  5. Елде қалыптастып отырған экономикалық жағдайлар.
  6. Жұмыс берушілердің монопсониялық әрекеттері.

Жерге деген сұранымның өзгеру шарттарының бірі- проценттің нарықтық мөлшері. Рентаны анықтау кезінде прцент нормасын қолдану жер және оның байлықтарын дисконттау арқылы жүргізіледі. Болашақ табыстың көлемін рента түрінде есептеу, яғни дисконттау келесі түрде орындалады:

ДР- рентаның дисконтталған көлемі;

Р- жылдық рента;

Ч- % мөлшері.

Дисконттау арқылы дифференциалдық рента анықталады. Дифференциалдық рента дегеніміз- жердің құнарлығына, орналасуына және сол жерден алынатын пайдалы қазбалардың орналасуына, өндірілу мазмұнына қарай алынатын табыс.

Дифференциалдық рента 2-ге бөлінеді:

а) Дифференциалдық рента І — өте құнарлы және рынокқа жақын орналасқан жердегі учаскілерде құрылатын үстеме баға.

ә) Дифференциалдық рента ІІ- табиғи жағынан құнарсыз учаскілерге қосымша жұмсалатын капитал шығынының айырмашылығы.

Диффференциалдық рента өндірілген өнім бағасы мен оны өндіруге кеткен шығын арасындағы айырмашылыққа тең.

Еңбекке сұраныс көлемі (L) оның бағасы – жалақы деңгейіне (w) тәуелді және оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады. Осы суретке сәйкес, абсцисса осінде – қажетті еңбек қызметінің шамасы (L) және ордината осінде – жалақы мөлшерлемесі (w). DL қисығының бойындағы кез-келген нүкте жалақының белгілі бір деңгейінде еңбекке сұраныс шамасының қандай екендігін көрсетеді. Жалақы мөлшерлемесі өскенде кәсіпкер еңбекке сұраныс көлемін қысқартады және керісінше, жалақының төменгі деңгейінде ол жұмыскерлерді көбірек жалдауға ынталы болады.

Еңбек ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының және жалдамалы жұмысшылардың  жалақының белгілі деңгейіне өздерінің еңбек қызметтерін нарықта сата алуға дайындықтары.

Еңбек ұсынысына да бірнеше факторлар әсер етеді:

  1. Елдегі демографиялық жағдайлар.
  2. Жұмыскерлердің жасы, жынысы және басқа да құрамы.
  3. Жұмыс күнінің орташа ұзақтылығы.
  4. Миграциялық үдерістер.
  5. Жұмыскерлердің кәсіби біліктілік деңгейі.
  6. Кәсіподақтар қозғалысы.
  7. Жалақыдан басқа табыс табудың басқа да мүмкіндіктері.
  8. Жұмыс орнын таңдаудағы еңбек жағдайының қолайлылығы.

Еңбектің ұсыныс функциясы сұраныспен салыстырғанда ерекше жағдайда қарастырылады. Еңбек ұсынының көлемі де жалақы деңгейіне тәуелді және оның ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып табылады.

Еңбек нарығында сатушылар жалақы жоғарылағанда еңбектің ұсынысын арттырады, ал жалақының төменгі деңгейінде еңбекті қысқартуға мәжбүр болады. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек ұсынысында ерекше жағдай қызық қалыптасады. Бұл жерде жеке индивидтің еңбек ұсынының қисығы кәдімгідей болмайды, бастапқыда, жалақы өскенде ұсыныс ұлғаяды, енді жалақы одан әрі ұлғайғанда ұсыныс кемиді. Неге? Өйткені, еңбектің жеке ұсынысы алмастыру әсері және табыс әсері сияқты екі құбылыспен арқылы түсіндіріледі. Нақты жұмыскер жалақының белгілі бір деңгейінде өзінің жұмыс уақытын орындайды, әріқарай жалақы артқанда ол еңбек ұсынысын арттыра алмайды, яғни ол өзінің бос уақытын бағалай бастайды, демек адам бір тәулік бойы тоқтамай жұмыс істей алмайды деген сөз. Осыны төмендегі суреттен көре аламыз.

Осы суретке сәйкес, жалақы өскенде ұсыныс көлемі І нүктесіне дейін ұлғаяды, бірақ қисық І нүктесінен өткеннен кейін жалақы одан әрі артқанда теріс көлбеулі сипатқа ие болып өз бағытын өзгертеді. Басты себебі, жалақы артқанда адам өзінің бос уақытын оны қосымша жұмыс уақытына алмастыру арқылы құрбан етеді, яғни І нүктесіне дейін алмастыру әсері орын алады. Әріқарай, адамның жалақының wI деңгейінде өзінің материалдық жағдайы жоғары деңгейіне жеткенде жалақының одан сайын өсуі оны қызықтырмайды және ол бос уақытты бағалайды, яғни алмастыру әсерін табыс әсері басады және ол І нүктесінен кейінгі жағдаймен сипатталады. Сөйтіп, біз жалақының өсуінің басқапқыда еңбек ұсынысының артуына, содан кейін төмендеуіне алып келетіндігіне осылайша көз жеткізе аламыз.

Енді, еңбектің сұраныс және ұсыныс қисықтарын біріктірсек, онда біз еңбек нарығындағы жағдайды және ондағы тепе-теңдікті талдай аламыз. Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, еңбекке сұраныс қисығы мен еңбек ұсынысының қисығы Е нүктесінде қиылысады.

Осы нүктеге тепе-теңдік жалақының (wE) және еңбектің тепе-теңдік көлемі (LE) сәйкес келеді, яғни еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болады. Тепе-теңдік Е нүктесі экономиканың толық жұмысбастылық жағдайында тұрғандығын көрсетеді. Мұндай жағдайда барлық кәсіпкерлер жалақының осындай деңгейінде еңбектің қажетті шамасын сатып алуға келіседі және олардың еңбекке деген сұраныстары толығымен қанағаттандырылады.

Жұмыскерлер де осындай жалақыға өз қызметтерін ұсынуға келісіп, барлығы дерлік жұмыспен толығымен қамтылған жағдайда болады. Қазіргі экономикалық теорияда еңбектің бағасы болып жалақы табылады. Жалақы тар және кең мағынада қарастырылады. Тармағынада, жалақы – бұл өндірісте қолданылған еңбек бірлігінің бағасы. Ал кең мағынада, жалақы деп әртүрлі мамандық иелері болып табылатын жұмыскерлердің жалпы еңбек ақысы, сонымен қоса, сыйақылар және басқада ынталандырушылық ақылар айтылады.

Жалақының екі түрі ажыратылады:

  • Атаулыжалақы – бұл жұмыскерлердің белгілі бір уақыт аралығында өздерінің істеген еңбегі үшін алатын ақша сомасының жиынтығы.

Нақты жалақы  еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға  болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

  1. Номиналды жалақыға.
  2. Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне. Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының  қисығымен ұқсас болады. Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне  және жалақыны өсіруге  әкеледі, ал сұраныстың азаюы — жұмыспен қамту жағдайына  жалақыны  төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы  жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.П.Самуэльсонның  теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

— халықтың жалпы саны;

— жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

— белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

— халықтың сапалық  құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы  көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін  теорияда екі фактор бар. Бұл  алмастыру эффектісі — жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір  атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос  уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне  қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне  еңбеккер  өзінің бос уақытын  өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни  жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек  ұсынысының  төмендеуіне әкеледі.

Тәжірибе жүзінде жалақының әртүрлі нысандары кездеседі. Соның негізгі екеуіне тоқталуға болады:

1) Мерзімдікжалақы – бұл жалақының еңбектің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленуі. Мерзімдік жалақы әдетте, жай мерзімді және мерзімді сыйақылы болып тағайындалуы мүмкін.

2) Келісімді жалақы – бұл жалақының жұмыскердің қажетті сапада өндірген өнімінің санына байланысты төленуі. Жалақының бұл түрі мынадай жүйелерде белгіленуі мүмкін: аккордтық, келісімді сыйақылы, тікелей келісімді және келісімді үдемелі жалақылар.

Сонымен, жалақы қазіргі уақытта үйшаруашылықтары табыстарының басым бөлігін құрайды және табыс табудың осындай негізгі көзі адамдардың тұтыну тауарларына деген сұраныстарының көлеміне және олардың бағаларына айтарлықтай әсер етіп отырады.

3) Капитал нарығы және пайыз. Капитал – тауалар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын еңбек құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Капитал терминінің көптеген мағынасы бар. Бір жағдайда капитал өндіріс құралдарымен байланыстырылса (Д.Рикардо), басқа жағдайда жинақталған материалдық игіліктермен, қоғамдық интеллектпен байланыстырылады. А.Смит капиталдыжинақталған еңбек ретінде, К.Маркс өздігінен өсетін құн, қоғамдық қатынас ретінде қарастырылған. Капиталды тауарлар мен қызметтер өндірісінде және оларды тұтынушыларға жеткізуде пайдаланылатын инвестициялық ресурстар ретінде қарастыруға болады. Капиталға деген көзқарас әр түрлі, бірақ олардың барлығына ортақ нәрсе оның табыс әкелу қабілеттілігі болып табылады.

Капитал теориясы экономикалық теорияда асакүрделі сұрақтардың бірі ретінде саналады. Басты мәселесі – бұл жекелеген индивидтердің, фирмалардың және басқада тұлғалардың капиталға қатысты ресурстар бойынша шешім қабылдағанда олардың уақыт аралық таңдау жасай алуының қарастырылуы, яғни бұл жерде ақшалай капиталды бүгінгі және болашақ кезеңдер аралығында қалайша тиімді пайдалануға болатындығы сөз етіледі.

Жалпы алғанда, капитал кең мағыналы ұғым болып табылады. Осыған байланысты, капиталға бірнеше анықтама беруге болады:

Капитал – бұл негізгі өндіргіш күштерден тұратын өндіріс құрал-жабдықтары түріндегі физикалық капитал.

Капитал – бұл белгілі бір табыс ағынын қалыптастыратын кез-келген құндылық.

Капитал – бұл белгілі бір уақыт бойы жинақталған өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы қорлар.

Экономикалық теорияда ақшалай және өндірістік нысандағы капиталдың түрлеріне сұраныс пен ұсыныс қалыптасады. Капитал нарығында ұсынысты калыптастыратын үй шаруашылықтарын жинақтаушылар деп атаса, фирма тарапынан сұраныс білдірушілерді инвесторлар дейді. Капиталға деген сұраныс – бұл инвестициялық шешім қабылдауға мүмкіндік беретін бизнес өкілдерінің ақша-қаражаттарын және өндіріс құрал-жабдықтарын пайдалануға деген қажеттіліктері. Капитал ұсынысы – бұл үй шаруашылықтарының өз қолындағы бос ақша-қаражаттарын және ақшалай салымдарын бизнеске материалдарға сұраныс түрінде қолдануға беруі. Әдетте, капиталға сұраныс пен ұсыныс қатынастары банк қызметтері арқылы жүзеге асырылады. Үй шаруашылықтары өз қаражаттарын банкке белгілі пайыз түрінде табыс алу үшін жинақтайды, ал фирмалар осы жиналған қаражаттарды банктен несиелік қарыз құралдар түрінде сатып алып өздерінің инвестициялық жобаларын іске асырады.

Капиталға деген сұранысты мынадай факторлар анықтайды:

  1. Инвестициялық табысты максималдау.
  2. Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі.
  3. Салық салу деңгейі.
  4. Технологиялық өзгерістер.
  5. Экономикалық саясат шаралары.
  6. Болашақты күту.
  7. Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық жағдайлары.

Капиталдың ұсынысын мынадай факторлар анықтайды:

  1. Кәрілікті қамтамасыз ету.
  2. Күтпеген жағдайлардан сақтану.
  3. Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру.
  4. Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету.
  5. Салық салу деңгейі.
  6. Бағалар деңгейі.
  7. Болашақты күту.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады.Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді.Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады.Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы.Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді.Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның  құралдарын  пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы  қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

— инвестицияның пайдалылығына,

— экономиканың дамуына,

— мемлекеттің сұранысына,

— салым  мерзіміне,

— салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Несие пайызы  номиналды және  нақтылы  мөлшері болып бөлінеді.  Номинальды процент ставкасы – инфляцияның  өсімін есепке алмайтын, ағымдағы  нарықтық пайыздың  мөлшері.

Капиталдың бағасын пайыз деп атайды. Ақшалай капиталға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырғанда оның бағасы несиелік пайыз пайда болады. Несие пайызы – бұл белгілі бір уақыт аралығында капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төлейтін бағасы.

Нарықтық қатынастардың қалыпты жағдайында несие пайызы мөлшерлемесі (r) төмендегенде капиталға сұраныс көлемі (K) артады және керісінше, несиелік пайыз жоғарылағанда фирмалар қарыз алуды қысқартады. Олай болса, капиталға сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады  Үй шаруашылықтары банктің салым бойынша пайыз мөлшерлемесі жоғары болғанда капитал ұсынысын арттырады және керісінше, салым бойынша пайыз төмен болған жағдайда олар банкке ақша салуды төмендетеді. Демек, капиталдың ұсыныс қисығы оң көлбеулі болып келеді.

Капиталға сұраныс пен капиталдың ұсыныс қисықтарының қиылысуы кезінде капитал нарығында тепе-теңдік орнайды. Осы жерде экономикалық субъектілер капиталдың белгілі бір тепе-теңдік көлемін белгілі бір тепе-теңдік пайыз деңгейінде сатуға және сатып келіседі. Оны төмендегі суреттен көруге болады.

Кәсіпкерлік қызмет – барлық басқа факторларды бір жүйеге келтіріп, өндірісті ұйымдастыруда білімі, іскерлік, белсенділік, кәсіпкерлік тәуекел арқылы олардың өзара бірлігін қамтамасыз ететін өндірістің ерекше факторы ретінде қарастырылады. Бұл адам капиталының ерекше түрі. Кәсіпкерлік қызмет өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша жоғары кәсіби дәрежеліеңбек шығындарына теңестіріледі.

 Нақты өмірде кәсіпкер аз шығын жұмсай отырып жоғары өнім шығымын қамтамасыз ететін қндіріс компоненттерінің үйлесімін табуға тырысады. Осы мақсатпен әрқашан ұтымды шешімдер іздестіру жағдайында болады. Олардың алдында ең жоғарғы табыс әкелетін өндіріс факторларының талдау мәселесі туындады және бұл кезде өндірістік ресурстарға деген бағаның тұрақты өзгерістерін скеру керек. Адам өндірістің басты факторы болған және арқашан да болып қала бермек. Адамзат қоғамын зерттеуде экономикалық теория оны бір мезгілде өндіруші мен экономикалық игіліктердің тқтынушысы ретінде қарастырады. Ол техника мен технологияны қозғалысқа келтіріп, оларды пайдаану тәсілдерін анықтаса, соңғысы өз кезегінде адамның физикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктеріне жаңа талаптар қояды.

Өндірістің жеке факторының сипатты ерекшелігі адамның тек қана өндірістің элементі емес қоғамның басты өндіргіш күші екендігінде. Жұмысшы бір мезгілде жұмыс күші, яғни өндіріс факторы және өндірістік қатынастардың субъектісі болып табылады. Өндіріске әсер ете және оны өзгерте отырып, ол экомомикалық қатынастардың бүкіл жүйесін, өзінің экономикалық тәртібін өзгертеді. Оның өндірістегі рөлін қоғамдық қатынастар жүйесін тыс түсінуге болмайды. Өндіріс тұрғысынан адам тек қана оның субъектісі емес, сондай-ақ соңғы мақсаты. Қоғамдық өнім бөлу мен айырбас арқылы өтіп, өзінің жолын тұтынумен аяқтайды. Адамның қажетін қанағаттандыру, оның дамуы қоғамдық өндірістің бағытын анықтайды. Кез келген кәсіпкер өзінің шаруашылық іс-әрекетінде табыс алу мақсатын көздейді, бірақ бұл мақсат оның өгдірген өнімдеріне тұтынушы табылған жағдайда ғана жүзеге асады.

Пайыз мөлшерлемесі екіге бөлінеді:

  1. Атаулы пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алмайтын банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыздың шамасы.
  2. Нақты пайыз мөлшерлемесі – инфляция қарқынын есепке алатын атаулы пайыз мөлшерлемесінің сатып алушылық қабілеті. Ол атаулы пайыз мөлшерлемесі (i) мен алдағы мүмкін болатын инфляция қарқыны (π) арасындағы айырмашылықты білдіреді:

r = i – π,

мұнда, r – нақты пайыз мөлшерлемесі. Мысалы, инфляцияның жылдық қарқыны 10%-ды құраса, банктің белгілеген атаулы пайыз мөлшерлемесі 15% болса, онда оның нақты деңгейі 5%-ға тең.

Жер нарығы және рента.

Жер – шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өдірістің басқа факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі оның шектеулілігінде. Адам жердің құнарлылығына ықпал ете алады, бірақ бұл әрекет шексіз емес. Басқа тең жағдайлар тұсында жерге, пайдалы қазбаларды игеруге еңбек пен капиталдың үзіліссіз салынуы сәйкес қайтарым өсімін қамтамасыз етпейді.

Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға  төленетін төлем. Жер  рентасының  екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік  рента – бұл  жериелерінің  иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен  басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден  алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер  иесіне  жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты  азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен  қатар  өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді.  Сондықтан нарық бағасы  құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке  өндірістік  бағасымен  өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда   алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента  түрінде  жер иелері иемденді.

Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы  өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді  пайдаланатын  жалгерлердің  үстеме  пайдасы болып табылады.

1.Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты  алынатын пайданың төлемі ретінде жер  иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды.

Жердің  құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента  деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейд

Жернарығынқарастырудыңалдындажердіиемденужәнежердіпайдаланусияқтынегізгіекіұғымдытүсініпалукерек.

Жерді иемдену деп қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайларда белгілі бір жер теліміне деген құқығын анықтауды және соны мойындауды айтады. Жерді ием    Өндірістің жеке факторының сипатты ерекшелігі адамның тек қана өндірістің элементі емес қоғамның басты өндіргіш күші екендігінде. Жұмысшы бір мезгілде жұмыс күші, яғни өндіріс факторы және өндірістік қатынастардың субъектісі болып табылады. Өндіріске әсер ете және оны өзгерте отырып, ол экомомикалық қатынастардың бүкіл жүйесін, өзінің экономикалық тәртібін өзгертеді. Оның өндірістегі рөлін қоғамдық қатынастар жүйесін тыс түсінуге болмайды. Өндіріс тұрғысынан адам тек қана оның субъектісі емес, сондай-ақ соңғы мақсаты. Қоғамдық өнім бөлу мен айырбас арқылы өтіп, өзінің жолын тұтынумен аяқтайды. Адамның қажетін қанағаттандыру, оның дамуы қоғамдық өндірістің бағытын анықтайды. Кез келген кәсіпкер өзінің шаруашылық іс-әрекетінде табыс алу мақсатын көздейді, бірақ бұл мақсат оның өгдірген өнімдеріне тұтынушы табылған жағдайда ғана жүзеге асады.денуді оның иесі жүзеге асырып оған меншік құқығын қалыптастырады.Өндіріс факторларының артында адамдардың белгілі бір тобы тұр (еңбек – жұмысшылар, жер – иемденушілер, капитал – оның меншік иесі, кісәпкерлік қызмет — өндірісті ұйымдастырушылар мен басқарушылар) және әр бір фактор табыс әкелу қабілеттілігіне ие. Жұмыс күшінің иесі жалақы формасында табыс алады, жердің меншік иесі – рента, капиталдың меншік иесі – пронцент, кәсіпкер – кәсіпкерлік қызметтен пайда алады. Өндіріс факторының иесі үшін табыс болатын шама осы факторды тұтынушы үшін шығын болып табылады.

Экономикалық теорияда табыс таза шаруашылық (микродеңгейде) және халықшаруашылық (макродеңгейде) түсінік ретінде ажыратылады. Егер табысты иемдену субъектісіне тәуелді қарастыратын болсақ, бұл жағдайда табыстар төмендегіше бөлінеді.

— тұрғындардың табысы

— кәсіпорын табысы

Жерді пайдалану – бұл белгілі жер телімін бекітілген заңдық тәртіппен қажетті мақсаттарда қолдану. Жерді пайдаланушы әрқашанда оның иесі болып табыла бермейді. Нақты шаруашылық өмірде жерді иемденуді және оны пайдалануды әртүрлі тұлғалар жүзеге асырады. Қазіргі экономикалық теорияда жер категориясы ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес мақсаттарда қолданылатын өндіріс үдерісінің басты құралы және шешуші факторы ретінде сипатталады. Қоғамдық өндірістің негізі бола алатын жер экономиканың салаларында әртүрлі қызметтерді орындайды. Біріншіден, жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде қызмет атқарады: жердің кеңістік жағынан шектеулі болуы, жердің адам іс-әрекетінің нәтижесі емес, оның табиғаттың берген сыйы ретінде қарастырылуы, рента түрінде табыс әкеле алуы және оның бағасының болуы, т.б. Екіншіден, жер еңбек заты ретінде қызмет атқарады: өңдеуші өнеркәсіпке қажетті, кәсіпорын немесе зауыт салуға арналған алаң ретінде пайдаланылуы, жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп өнім алу мүмкіндігі, т.б. Үшіншіден, жер еңбек құралы қызметін атқарады: мысалы, жерге тұқым сепкен күннен бастап өнім өсіру қызметін Жер-ана атқарады.

Жер факторының басқа өндіріс факторларынан айырмашылығы және ерекшелігі мыналардан көрінеді:

  1. Жердің ұсынысы әрқашанда шектеулі болады.
  2. Жердің ұсыныс қисығы өте икемсіз болып табылады.
  3. Жердің қозғалмайтындық сипатта болады.

4.Жер шаруашылықтық іс-әрекеттің кез-келген түрінде қолданыла береді.

5.Жердің құны болмайды, бірақ оның бағасын анықтауға болады.

Сонымен, жердің саны және оның ұсынысы шектеулі болғандықтан, жер нарығында белсенді рөлді оған деген сұраныс ойнайды.

Жерге деген сұраныс – бұл белгілі бір мақсаттарда жер учаскелерін уақытша жалға алып пайдалануды немесе оны сатып алуды білдіретін қатынастар. Жерге сұраныс біркелкі болмайды, себебі ол ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес сұраныстар болып бөлінеді. Алдымен, жерге сұраныс ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныстан туындайды. Ал ауыл шаруашылықтық емес сұраныс тұрғын үйлерді, инфрақұрылым нысандарын, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін қажетті сұраныстармен байланысты.

Жердің ұсынысы – бұл жер учаскесін оның қалыпты күйінде нарықтық қатынастар тұрғысынан сата алуын және немесе жалға беруін білдіретін қатынастар. Жердің ұсынысын мынадай екі негізгі фактор анықтайды:

1.Жердің құнарлылығы

2.Жер учаскесінің нарыққа алыс немесе жақын орналасуы.

Жер нарығындағы тепе-теңдікті оны бағасы – жер рентасы анықтайды. Жерге деген сұраныс көлемі рентаның мөлшеріне байланысты және оның қисығы кемімелі, теріс көлбеулі болып келеді. Ал жердің ұсынысы шектеулі және өте икемсіз болғандықтан, оның қисығы тік сызық түрінде болады. Жердің ұсынысына байланысты жердің бағасы өскенде оның көлемін арттыру немесе оның бағасы төмендегенде көлемін қысқарту мүмкін болмайды.

 Жер рентасы – бұл меншіктен түсетін табыстың бір түрі ретінде жер учаскесін уақытша пайдаланғаны үшін төленетін төлем. Оның көлемі жерді жалға алу-жалға беру (аренда) келісімінде анықталады. Бұл жерде жер рентасы жал төлемі ретінде қарастырылады. Жерді қолдану дәрежесіне байланысты оның негізгі екі түрін анықтауға болады:

1.Абсолютті жер рентасы – бұл жердің құнарлылығы мен басқа да ерекшеліктеріне байланысты болмайтын жалға берілетін барлық жерлерден алынатын рентаның бір түрі.

2.Ерекшеленген жер рентасы – бұл құнарлылығы жоғары, нарыққа жақын аумақтарда орналасқан және өндіріс шығындары төмен болатын жалға берілетін жерлерден алынатын рентаның бір түрі. Жалгерлер осындай жерлерден үстеме пайда алып отырады. Ерекшеленген жер рентасының өзі екіге бөлінеді:

1)Бірінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – жердің табиғи құнарлылығына байланысты және оны экстенсивті жолмен игеру әдістері арқылы алынатын төлем;

2)Екінші дәрежелі ерекшеленген жер рентасы – бұл жердің құнарлылығын жасанды түрде игеру және оның сапасын арттыру арқылы интенсивті жолмен игеру әдістері бойынша алынатын төлем. Бұл жерде тыңайтқыштар, жаңа құрал-жабдықтар, жоғары сұрапты тұқымдар, биотехнологияның дамыған әдістері қолданылады.

Кейбір жерлерге жеке меншік болғандықтан, олар тауар ретінде сатыла алады. Жер сатылатын жағдайда оның бағасын анықтауға тура келеді. Жердің бағасы жер рентасына және банктің пайыз мөлшерлемесіне тәуелді болып табылады және ол рентаның пайызға қатынасы ретінде анықталады:

Жердің бағасы (РN) =

жер рентасы (R) / пайыз мөлшерлемесі (i) × 100%.

Жердің бағасы жер рентасының капиталдандырылған құны болып табылады. Өйткені, жерді сатқаннан түскен табысты банкке салып үстінен пайыз алу сол жерден алынатын жыл сайынғы рентаның мөлшеріне сәйкес келуі тиіс. Олай болса, пайыз мөлшерлемесі жер рентасының альтернативті құны болып табылады. Мысалы, айталық, жерден алынатын жыл сайынғы рентаның шамасы 2000 теңгеге тең, ал пайыз мөлшерлемесі 10-ға тең. Онда жердің бағасы мынаған тең:

РN = 2000 теңге / 10 × 100% = 20 000 теңге.

Егерде, жерді сатқаннан түскен 20 000 теңгені берілген пайыз деңгейінде банкке салсақ, онда жыл сайын рентаның көлеміне тең табысты алып отыруға болады.

Сонымен, еңбек, капитал және жер сияқты өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын жалақы, пайыз және рента түріндегі факторлық табыстың түрлері қалыптасып отырады. Өндіріс факторлары нарықтарында фирмалар осы табыстарды олардың иелеріне төлейді немесе олар шығындалады, ал үй шаруашылықтары пайда көреді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. – 114-118 беттер
  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.
  3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.
  4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248-250 беттер
  5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.
  6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ.ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 32-39 беттер.
  7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672-677 беттер .
  8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196-201 беттер.
  9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147-148 беттер
  10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. — Ақтөбе: А — Полиграфия, 2006. – 316 б.
  11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.
  12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.
  13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.
  14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.
  15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан — 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.
  16. Экономикалық теория,С.М.Мұсабеков,Алматы 2015 104-108 беттер
  17. Макроэкономика,М.Ә.Тилеужанова,Алматы 2008 64-70 беттер
  18. Экономика ілімі,М.Д.Исқалиев,Алматы 2013 203-205 беттер
  19. Макроэкономика,М.Ә.Көшімова,Алматы 2014 145-149 беттер
  20. Макроэкономика,Б.М.Мұхамедиев,Р.Т.Дуламбаева,Д.Ж.Рахматуллаева 88-97 беттер

Құрастырғандар: Ордабеков А., Зурман З.

Яндекс.Метрика