ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Мазмұны

Кіріспе

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мақта шаруашылығы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

«Б.з.д. мақта Орта Азия Республикаларында, Иран, Үндістан, Қытай, Мексика, Перу аймағында өсірілген деп топшаланады. Ал, біздің елімізде мақта шаруашылығының қалыптасуына  20 ғасырдың  басындағы суармалы жерлердің шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары негіз болды деп есептейміз. Оңтүстік Қазақстанның облысының егістікті аудандарда  егін шаруашылығы қолдан суаруға байланысты қалыптасты. Қазан төңкерісіне дейін күрделі иригациялық-инженерлік құрылыстар салу қажеттілігіне байланысты онша дамымады.Қазақстанның табиғи жаратылысы мен ауа райы Совет одағында өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының бәрін дерлік өсіріп шығаруға мүмкіншілік берді. Бірақ осындай, аса пайдалы жаратылыс жағдайы мен ауа райына, аса көп құнарлы жерлеріне, жер қойнауларының мол байлығына қарамастан революцияға дейінгі Қазақстан патшалық Ресейдің артта қалған шет аймақтарының бірі болған. Кеңес одағы орнағаннан кейін ғана бұл мәселеге көңіл бөліне бастады. Облыста осы кезеңде басқа областарда қолға алынбаған, облыстың климаттық-табиғи мүмкіншілігіне байланысты қалыптасқан шаруашылықтардың бірі — мақта шаруашылығы болды.» [1]

Мақта дақылының биологиялық ерекшелігі – күн энергиясын және гүлдеу мен пісу кезінде ылғалды көп керек ететін қоза-құлқайыр тұқымдасына жататын техникалық дақыл. Сондықтан да, аптапты ыстығымен көзге түсетін оңтүстік аудандардың суармалы жерінде мол өнім береді.  «Жерді суару құрғақшылықпен күресу мәселесі – елді азық — түлікпен қамтамасыз ету және шет елден мақта шикізатына деген кіріптарлықтан құтқаруға негізделген болатын. Бұдан кейінгі  жылдары жерді суарудың әдіс – тәсілдері зерттеліп, баса назар аударылып келді. Өңірде мақта шаруашылығын дамытуға байланысты суару жүйелері құрылып, өндіріс шапшаңдады.  Мақта шаруашылығын одан әрі өркендеті ұсақ колхоздарды ірілендірудің маңызы зор болды.  Ұсақ колхоздарға қарағанда, ірі колхоздардың көп артықшылықтары бар екенін, олар қоғамдық  шаруашылықты ойдағыдай өркендете алатынын,  агрономия ғылымының табыстарына негізделген көп салалы шаруашылықты жүргізе алатын тәжірбие көрсетті. Ұсақ колхоздарды ірілендіру арқасында ауыл шаруашылығының техникасы күшті қарқынмен алға басты; тракторлар мен басқа да күрделі ауыл шаруашылық машиналары жұмылдырылып, пайдаланыла бастады, мұның өзі еңбек өнімділігінің  өсуіне, ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығының артуына, мал шаруашылығының  өркендеуіне бастады. Әрбір колхоз мемлекетке мақта өнімдерінің тапсыру жөніндегі  міндеттемелерін толық орындауға  тиіс болды.  Артта қалған колхоздарды алға бастырып алдыңғы қатарлы колхоздардың дәрежесінк көтеру міндеттемесін алға қойды.»[2]

«Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргелі отыр. Әлемдік рынокта мақтаға деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары болып отыр. Қазақстанда жер кең. Бірақ мақта өсіретін аймақ оңтүстік қана. Бұл өңір бүкіл Қазақстандағы суармалы жердің ¼ бөлігін алып жатқанын ескерсек, осынау байлықтың бағасы мен мақтаның мүмкіндігін тиімді пайдалана білуіміз керек. Мақта саласы бойынша Қазақстан Республикасына көршілес жатқан Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері т.б. көптеген шет елдік мемлекеттер, бәсекелес болып отыр. Өз еліміздің дүние жүзілік рыноктағы мақта талшығының дәрежесі төмендеп кеткен сияқты. Өйткені, мақта сортының төмен болуы, яғни өзіміздің елден шыққан мақта тұқымының элиталық сортын пайдаланбауымыздың әсері.Соңғы жылдары мақтадан мақтанарлықтай өнім алып жатырмыз. Ол дұрыс. Бірақ осы өнімнің сапасы қандай, сатып алушысы кім, ол жағына тереңдемей диқандар “өндіре берсек болды, қалғаны менің шаруам емеске” бет қойған сыңайы бар.»[3]

Міне, саланың мақта үшін жаны ауыратын мамандарының, ғалымдардың, өнімді сатып алушылардың жанына бататын, көп жылдан бері көкірекке тағылған, түтіні қалың, салмағы ауыр осындай қадау-қадау, көкейтесті проблемалар көп. Оның шешімі табылғанша әлемдік рыноктағы орнымызды жоғалтып алмаймыз ба деген қауіп те жоқ емес.

«Дүниежүзі халықтары жылына 20млн. 800 мың тонна мақта талшығын тұтынады екен. Әлемнің осындай сұранысына ие, ол сұраныстың жыл сайын 3% -ға өсіп отырғанын ескерсек сапасы жоғары талшыққа қашанда тапсырысшы табылуға тиіс. Ал, олай болса әлемдік рынокта бұрын-соңды жоғары бағаланған Қазақстан мақтасына деген құштарлық соңғы жылдары неге бәсеңсіп кетті?»[4]

%d0%b4%d0%b8%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bc%d0%bc%d0%b0-104

Сурет 1. Қазақстан Республикасындағы 1970 – 2009 жылдар аралығында мақта өндірісінің дамуы

Ескерту-мәліметтер Вестник КазНПУ имени Абая,76б №3(25),2010ж. журналынан алынды.

«1970-2009 жылдар аралығындағы Қазақстандағы мақта шаруашылығының даму деңгейі көрсетілген. Осы жылдар аралығында өндірістік ауытқуларды байқаймыз. Ең жоғарғы өнімділікке және мол өнімге 1980 жылы қол жетіп, 358000 тонна өнім алынып, гектарынан 28,3 центнер мақта шикізаты өндірілген. Ал, 1990 жылдан бастап 2000, 2009 жылдары өндіріс жылдан жылға төмендеп отырған, 1980 жылмен салыстырғанда 2009 жылы өндіріс 24,6 пайызға төмендеген. Қазақстанда 1999 жылдан бастап мақта шаруашылығында ілгерілеу тенденциялары байқалды, нақтырақ айтқанда 1999 жылдан – 2007 жылға дейін жалғасты.Оған бірнеше себепті атап кетуге болады:                                     Біріншіден, бұл сала түрлі жеке меншікті экономика тұрақты сипатқа ие болды. Барлық өңірлерде жеке шаруа қожалықтары, түрлі шаруашылықтар мн кәсіпорындардың өндірістік кооперативтері, акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктері сияқты кооператив  түрлерінің ішінде тиімді тепе- теңдік  қалыптасты.

Екіншіден, ауылдық жерлерде фермерлермен екі жаққа бірдей тиімді жағдайда жұмыс атқаратын агросервистік қызмет, шикізат пен өнімді сату сияқты жаңа бағыт саласы бірге ұйымдасты.

Үшіншіден, заң, құқықтық база ауылда шаруа жүргізуге қажетті жағдайлар туғызуға әбден сәйкестірілді. Бұл жағдайлар жермен жұмыс жасауға, сол сияқты өндірген өнімді сатуға шектеудің жоқтығы – ынталы фермерлер мен дарынды шаруашылық басшыларына өндіріс ауқымын өсіруге, пайда көзін молайтуға көп мүмкіндіктер берді.» [5]

Соңғы  жылдары мақта шаруашылығындағы құлдырау – мақта талшығына сұраныстың азаю салдарынан бағаның төмендеуіне байланысты етек алды. Сонымен қатар агротехникалық шаралардың дұрыс  жүргізілмеуі салдарынан мақта шаруашылығаның басты мәселесі – өнімділігінің төмендеуіне алып келеді.

«Экономикалық факторлардың өндірістің түрлі салалары бойынша үйлесімді ара қатынастарда бөлінуіне қол жеткізу нарық экономикалық ең негізгі шарттарының бірінен саналады. Мұндай жағдайдың нақты іске асырылуын қамтамсыз ету өндірістің еңбек және материалдық шығындарын барған сайын азайтуға, сөйтіп қоғам мүшелерінің материалдық шығындарын барған сайын азайтуға, сөйтіп қоғам мүшелерінің материалдық және рухани қажеттіліктерін жоғары дәрежеде қанағаттандыруға қажетті мүмкіндіктер туғызады. Қазіргі кезде экономикалық жағынан мықтап дамыған елдердің ішкі нарығындағы барлық тауар және әртүрлі саладағы өнімдердің бағалары арасында өзара үйлесімділік экономикалық факторлардың өндірістің өрістері бойынша қолайлы қатынастарда бөлінгендігінің дәлелі болып табылады.  Яғни, мемлекеттік ішкі шаруашылық салалары арасында капитал жинағының акумулятивке ұшырауының алдын алу, экономикалық факторлардың қоғамдық өндірістің жетекші өрістерінде ұтымды пропорцияларда бөлінуі, түпкі нәтижеге жетудің нәтижесінде ел тұрғындарының жағдайларының жақсарып, өмір сапасының көтерілуіне материалдық негіз болады. Бұлай болмаған жағдайда өндірістің салалары арасында бөлінгенд экономикалық факторларды жоғары тиімділікпен пайдалану мүмкіндіктері шектеледі. Эконмикалық факорлардың салалар бойынша қандай қатынаста бөлінгендігін мемлекеттің макродеңгейіндегі көрсеткіштері арқылы бағалауға болады. Өз кезегінде мемлекеттің экономикалық факторларды пайдалану дәрежесі белгілі бір кезең шеңберінде өндірілген жалпы ұлттық немесе таза ұлттық өнім көлемі арқылы бағаланады. Жалпы ұлттық немесе таза ұлттық өнім көрсеткіштерініңөсіп отыруы тек қана экономикалық қызметінің факторларын тиімді пайдалану ғана емес, оларда неғұрлым көп мөлшерде  «пайдалы нәтиже» алуды қамтамасыз ететін ұтымды пропорцияда бөлумен байланысты. Бұл үшін қоғамдық өндірістің мына төмендегі негізігі факторларының табиғи ресурстардың көлемі мен сапасы, еңбек ресурстарының мөлшері мен сапасы, негізгі капиталдың көлемі, технология ең тиімді пропорцияны қамтамсыз ететін варианты таңдап алынады.[6]

«Ауыл шаруашылығының басқа салаларындағыдай сияқты, ең түйінді мәселе – тиімділік мәселесі, онмен сабақтас бәсекеге қабілеттілік мәселесі, өнім сапасы, шығын мәселелері. Демек, қазіргі қалыптасқан шаруашылық үрдісіндегі қаржылық тарығуларыың басты себептері: мақта шиті затын өндірушілерге мемлекет тарапынан тапсырының жоқтылығы, мақта шикізатын дайындаушы және сатып алушы кәсіпорындарының үстемділікке ие мүмкіндіктері, мақта жетістірушілерге қажет техникалық жабдықтарды жеткізіп беруші ұйымдардың екі әкімшілікке негізделген монопол нарық мүмкіндіктерінен пайдалануы.

Бұған дәлел ретінде мына бір мысалды келтіре кетейік. Оңтүстік Қазақстан облысындағы тоғыз аудан, үш қала 2003 жылы 360,1 мың тонна мақта шикізатын өндіре отырып, шаруашылық жылын алты миллион теңгеге жуық зиянмен аяқтады. Мақта өсірушілер шикізат өндіруден осындай зиян көргенде, оны көңдеу және тұтынуға дайын өнімге жеткізу жұмыстарымен шұғылданатын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары өз қызметтерін нәтижелі, яғни пайда табумен, мол табыстылықпен аяқтап отыр. Осылайша, аудандағы мақта өңдеу кәсіпорындары мен аул шаруашылығы субъектілерінің экономикалық факторларды пайдалану дәрежесі бірдей емес, яғни шаруашылықты жүргізу механизмі әртүрлі. Мұндай үйлесімсіздіктің негізгі тауар өндірушілер – мақта шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлері үшін қаншалықты тиімсіз.

Өндірістің тиімділігі және ееңбеккерлердің маериалдық ынталылығын сипаттайтын көрсеткіштердің арасындағы қалыптасқан мұндай айырмашылық агроөнеркәсіп кешеніндегі салалардың өндірістің түпкі нәтижесіне мүдделі емесекендігімен түсіндіріледі. Шаруашылықты жүргізудің мұндай механизмі мақтаны тазалау, өңдеу, май шығару, тоқымашылық және тағы өңдеу өнеркәсібін басқа да шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді өнім мөлшерін үстемелеп арттырып отыруға ынталандырмайды. Тауар өндірушілердің материалдық жағынан өз дәрежесінде ынталы болмауы болмауы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын толығымен пайдалануға кері әсерін тигізеді».[7]

Кесте 1.ОҚО – ы мақта кәсіпкерлерінің агроөнеркәсіптің салалары бойынша тиімділігі.

%d0%ba%d0%b5%d1%81%d1%82%d0%b5-104

Ескерту- мәліметтер Вестник КазНПУ им. Абая 76 бет №3(25),2010ж. журналынан алынды.

«Кесте материалдарынан мына төмендегі заңдылықтар мен тұжырымдар туындайды:1)Өндірістің негізгі өндірістік қормен қарулануы артқамайы сәйкесінше, еңбек өнімділігі 1 тонна мақта шикізатынан өндірілген өнімдерден түскен жалпы пайда көлемі арта түседі;2)Өндірістің тиімділік дәрежесінің өсуіне сәйкес, 1 жұмыскерге келетін өнімді сатқаннан келтірілген ақша түсімі көбейеді,1 тонна мақта шикізатын дайындауға жұмсалған шығын азая түседі. Мәселен, 1 жұмыскерге келетін өнімді сатқаннан түскен ақшалай түсімнің 1 жұмыскерге келетінінің ең жоғары мөлшері мақта тазалау зауыты мен Шымкент май акцинерлік қоғамының үлестеріне тиесілі. Бұлардағы өндірістің жиынтық тиімділігі, тиісінше, 17,3 және 13,5%.  Сонымен қатар, мақта өнімінің азаюы қоғам дамуының негізгі экономикалық индикаторы – «қосымша құнның» қалыптасуын, халықтың әлеуметтік – экономикалық тұрмыс жағдайын тежейді, өмір сапасының төмендеу қаупін тудырады.[8]

«Облыс аумағында мақа кешенінің қарамағында он тоғыз мақта тазалау қызмет зауыттары қызмет атқарады. Бұлардың өндірістік қуаты  бір жылда төрт жүз елу – төрт жүз мың тонна шитті мақтаны алғашқы өңдеуден өткізуге есептелген. Алайда, бұлардың аудандар мен мақта өндірілетін алқаптарда оңтайлы орналасуы қанағаттандырмайды. Өңдеу кәсіпорындарының қуатын толығымен пайдалану мақсатында облыс бойынша шаруашылықтарда дайындалып, жиналған өнімді тасымалдауға мыңдаған теңгемөлшерінде қаражат жұмсалады. Бұл өз кезегінде мына төмендегі жағдайларды туындатты: біріншіден, мақта талшағының өзіндік құнының қымбаттауы (көлік қатынасы, жанар – жағар май, еңбек және басқа да шығындар ), екіншіден мақта шикізатының арзан бағамен сатылып кету мүмкіндігі, үшіншіден, ауылдық тауар өндіріушілердің табыстарының төмендеуі.»[9]

«Әлемдік қоғамдастыққа кіретін дамыған елдердің іс – тәжірибелері көрсетіп отырғандай, агроөнеркәсіпте, соның ішінде мақта кешенінде аграрлық реформаның іс жүзінде орындалуына қол жеткізу, оның салаларын қолайлы ара – қатынаста дамытуды талап етеді. Бұдан туындайтын мәселе кешеннің барлық буындарында шаруашылықты жүргізудің нарық тәсілдерін игеру барысында үзіліссіз біртұтас жүйені қалыптастыру мәселесі. Бұл үшін, агроөнеркәсіпке кіретін салалардың жұмысын агрофирма немесе агрокорпорация сияқты құрылымдардың қызметімен тікелей сәйкестендіру қажет. Міне, осы жағдайда ғана өндіріс буындарының экономикалық даму механизмін теңестіруге, салааралық келісімшарттарымен міндеттемелердің жоғары кепілдендірілгендігіне қол жеткізіледі. Міне, осы аталып отырған принциптердің іс жүзінде орындалмауларының әсерінен практикада мына төмендегідей келеңсіз жәйттер кездеседі:1)Салалар бойынша шаруашылықты қалыпты жүргізудегі тетіктерін тиімді пайдаланудағы енжарлық; 2)Экономикалық өсудің төмен дәрежесі; 3)Әлеуметтік инфрақұрылымның жүдеулігі; 4)Тұрғындардың жұмыспен қамтылуындағы кемшіліктер; 5)Халықтың тұтыну дәрежесіне сәйкес баға саясатының жүргізілмеуі; 6)Агроөнеркәсіп салаларында табыстардың әділетті бөлінбеуі.»[10] «Қазақстанның Оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі –мақта. Бұл аймақ мақта өндіру жөнінен Республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Қазақстан жылына мақтаның 90 % — тін шикізат ретінде шет елдерге өткізіп келеді. Мәселен, 130 мың тонна мақта өндіріп, одан 150 мың АҚШ доллары көлемінде ғана табыс алады. Ендеше мақтаның өндірісін дамытып, оның құнын арттыру керек. Оның жолы — кластерлік жүйе.»[11]

Оңтүстік Қазақстан – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Мұнда мақта өсіруші шаруашылықтар табысының негізгі көзі болып табылатын мақта егістері шоғырланған. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Сонымен қатар ол өсімдік майына деген сұранысты толықтырудың маңызды қоры болып табылады. Сондықтанда Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2001-2003 жж. Арналған мемлекеттік бағдарламасында: “өсімдік майы мен қант тапшылығын жою және нарық жағдайында мақта талшығы жағдайында, өндірісті ұлғайту үшін майлы дақылдар, қант қызылшасы және мақта өнімділігін арттыру қажет”-деп көрсетілген.Мақта мәдени өсімдіктердің ішіндегі ең бағалы дақыл болып табылады. Біздің елімізде ол халық шаруашылығы үшін өндіріледі. Бұл өсімдіктің, сабағынан әр түрлі өнім алуға болады. Бір түр мақта орта есеппен 33% шитті мақта, 22% жапырақ, 24% сабақ, 12% шикі көсек және 9% тамыр береді. Мысалы, мақта шаруашылығының негізгі өнімі – шитті мақта. Оны халық “ақ алтын” деп атайды. Шитті мақтаны заводтарда тазалағанда салмағының үштен бірбөлегіндей талшық үштен екі бөлегіндей тамыр береді.»[12]

«Оңтүстік аймақ байлықтарының бірі – мақтанышы – мақтасы екені баршаға аян. Еліміздің басқа өңірінде өспейтін ақ мақта – тұрғылықты халық үшін негізгі күнкөріс көзі десек, артық айтқандық емес.

Ала жаздай таянбай еңбек еткен оңтүстікқазақстандық мақшатылар мақта алқаптарындағы жиын-терім науқанын бастап кеткен. Әбден пісіп, тұтастай көсек ашқан ақ алтынды жинап алуға ауылдағы еңбекке жарамды азаматтың барлығы жұмылдырылған. Жылдағыдай емес, баға тұрақты, әрі жоғары. Сапасына қарай тоннасы 90 мен 107 мың теңгенің аралығында. Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбеков мақта алқаптарында 10-15 мың тонна шикізат қалғанын айтады. «Мақта жинау жұмыстарына ауа райының қолайсызыдығы – жаңбыр мен күннің суытуы біраз кедергі болды. Дегенмен бұл аптада қалған мақтаны тезірек жинап алу жоспарланып отыр», – деген басқарма бастығының берген мәліметіне көз жүгіртсек, биылғы жылы оңтүстікқазақстандық мақташылар 315 385 тонна мақта жинаған көрінеді. Бұл былтырғы жылдан 100 тонна өнімге көп. Мамандардың алдын-ала жасаған есебі бойынша биыл 307 300 тонна өнім жиналады деп күтілген. Осы жылы 154 мың гектар жерге мақта себілген екен. Ал 2010 жылы 134,2 мың гектар алқапқа себілген мақтадан 240 мың тонна шикізат алынған болатын. Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда, әрине, өнімді. Дегенмен өңірдің мақтанышы болған «ақ алтынның» өнімділігі азайып бара жатыр.

Мақта плантациясының көлемi жыл өткен сайын кемiп, шитті мақтадан алатын өнімнің азаюы мамандарды алаңдатып отыр. Осыған орай, оңтүстікте біраз басқосулар болып, мақтаның түсімділігін арттыру мен сапасын жақсарту мәселелері талай рет талқыға түсті. Өнімділікті жақсартудың жолдары ұсынылып, «Мақта саласын дамыту туралы» Заң да дүниеге келді. Осылайша, Қазақстан Үкiметi әлемдiк тәжiрибеге сүйене отырып, мақтаны алғашқы өңдеу кәсiпорындары мен мақта өсiрушiлерге жаңа тәртiппен жұмыс iстеудi ұсынды. 2005 жылдан берi жүйелi жұмыс iстеп келе жатқан Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымына бәсекеге қабiлеттi мақта сорттарын шығару жөнiнде айтарлықтай жұмыстар жүктелді. Өйткені дүниежүзілік сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, елімізде өсірілетін мақта талшығының сапасы соңғы жылдары төмендеп кеткен. Зертханалық сараптамалар бiздiң талшықтың штапельдiк ұзындығы стандарттық нормадан қысқа екендiгiн көрсеткен. Бұл – бiр ғана көрсеткiш. Оның қасында бұдан да басқа бiрқатар сапалық сатылар тұр. Мысалы, қазіргі күні селекциялық сұрыпты ажарата алмаудың салдарынан бір маяда бірнеше сұрыпты мақта жинақталуда. Бұл өз кезегiнде тұқымдық шиттiң сұрыптық тазалығының бұзылуына алып келеді және сапалық көрсеткішіне кері әсерін тигізеді. Сондай-ақ ауыспалы егiстiктiң сақталмауы да мақта өнімінің сапалы болуына айтарлықтай кедергі болып отыр. Азып-тозған жерге егiлген мақтаға агротехникалық шаралардың толық орындалмайтыны, суару және тыңайтқыш беру мәселелерiнiң ақсап тұрғаны, кейбiр мақта тазалау зауыттарындағы технологиялық процестердiң талапқа жауап бермеуі өнімнің өнімділігімен қоса, сапасына да кері ықпал етіп отырғаны түсінікті. Міне, жоғарыда аталған олқылықтардың барлығы ескеріліп, қазірде жасалып жатқан жұмыстар да баршылық. Мысалға айтар болсақ, былтыр Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір кезінде жергілікті мақта талшығын қайта өңдеу үлесін ұлғайтуды, аумақтың және еліміздің тоқыма өнеркәсібін дамытуды, экономиканың бір-бірімен байланысты салдарына оң әсер етуді көздеген кардтық және таралған иірімжіптерінің өндірісі бойынша «Оху Тextile» ЖШС-нің – «Кешенді автоматтандырылған иіру-ширату фабрикасы» мен құрамында мақтасы бар шикізаттан гигроскопиялық мақта, мақта целлюлозасы және техникалық карбоксиметилцеллюлоза өндірісін ұйымдастыру жобасы – «Хлокпром-Целлюлоза» ЖШС іске қосылды. Қолға алынған басқа да жобалар негізінде алдағы уақытта оңтүстікте өсірілетін мақтаның сапасы да, өнімділігі де арта түсері сөзсіз. Мақта кластері жеңіл өнеркәсіпті өрге бастыратын үлкен мүмкіндік екенін ескерсек, оның болашағына бейқам қарамағанымыз дұрыс.[13]

«Мақтаарал ауданында ауылшаруашылығы кооперативтерін құруды ұйымдастыру, кооперативтерді мемлекеттік қолдау құралдары мен оның тиімді жолдары туралы мамандандырылған кезекті көшпелі семинар өтті. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Кооперация-агро-өнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» атты семинарда мақта мен қарқынды бау шаруашылығын дамыту жайы айтылды. Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 87 ауыл шаруашылығы өндірістік коопеартивтері құрылды. Ашылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерге техника алуға, ағын сумен қамтамасыз етуге, минералды тыңайтқыштар тасымалдауға, энтомофактар өндіру үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде. Семинарға жетекшілік еткен ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асқар Қаныбеков өңірдегі мақта егісінің 80% Мақтарал ауданына тиесілі екенін айтып, өнімнің түсімділігін арттыруға күш салу керектігін жеткізді. Мақтаралдық шаруалар мақта шитінің тұқымын әлі де көршілес елдерден алып келетінін айтып, мемлекет тұқым шаруашылығын өзімізде дамытуға ерекше көңіл бөліп, арнайы осы бағытқа субсидия бөліп отырғандығын атап өтті. Семинарға жиналғандар мақта мен жеміс-жидек өсіру бойынша шеберліктерін шыңдап, осы саладағы озық технологиялармен танысты. Жиында мақта шаруашылығын дамыту, оған мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді алу бойынша «Нұр-Кетебай» өндірістік кооператив басшысы Сәду Бекенов өз тәжірибесімен бөлісті. Аталған кооператив 2016 жылы қайта жасақталып құрылса, бүгінде мұнда 242 шаруа мүшелікке енген. Бірлік пен еселі еңбектің арқасында 1125 га жерді игеріп отыр. Айта кетейік, өткен жылы Мақтарал ауданында 83 мың гектардан астам жерге мақта дақылы егіліп, орташа өнімділік 26,3 ц/га құрады. Яғни мақтаралдық диқандар 218,5 мың тонна ақ алтын жинап алған. Ал аудандағы егістіктерді әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде биылғы жылы болжамдық мәліметтерге сәйкес аудан шаруалары 80 мың га алқапқа мақта дақылын егуді жоспарлайды.»[14]

Мақта талшығы ең алдымен мата тоқуға және жіп иіруге жұмсалады. Талшықтан неше түрлі заттар, әр түрлі ваталар,жасанды тері, киім т.б. алуға болады. «Мақтаның түбіті – оның сапасыз талшығы деп есептеледі. Түбіттің құрамында 90-91% целлюлоза, 1,5-2,0% метазон, 2-3% литник, 1% күл және 4-5% басқа заттар болады. Бұдан мақта түбітінде целлюлоза өзге өсімдік материалдарына қарағанда көбірек екені байқалады. Мәселен, ағашта 50-58% қана целлюлоза бар. Сондықтан целлюлоза өндіру үшін мақта жасанды талшықтар мен пластмасса жасауға қажетті аса берік қасиеті бар. Целлюлоза суда, спирт пен эфирде ерімейтіні мәлім. Халық шаруашылығында одан азот қышқылымен өңдеу арқылы нитроцеллюлоза алынады. Оны спирт пен ацетонда еріткенде хирургияда кеңінен қолданылатын желімдік затқа айналады. Азот қышқылында өңделген целлюлозадан өте күшті қопарғыш зат пироксилин жасалады. Мақта заводтарында 60-65% шитті мақтаны өңдеген кезде одан 32-33 проценттен астам торқа алынады. Осы торқадан тоқыма өнеркәсібі әсем және мықты мақта –шыт, сәтен, бәтес, шифон, крепдешин, жасанды, жібек, әртүрлі барқыт мата мен бұйым жасап шығарады. Бір тонна шитті мақтаның торқасынан орта есеппен 4000 метрдей әртүрлі мата тоқуға болады. Сонымен қатар, фабрикаларда өңделген мақта торқасы тек мата жасауға қажетті шикізат қана емес, одан техникаға керекті сан алуан заттар да істеп шығарылады. Мақта торқасынан сүзгілер, мотор арасына салынатын заттар, электрлік орауыштар, белдіктер және басқа да бұйымдар жасалады. Май заводтарында мақта шитін өңдегенде, одан 20-25 процентке дейін май алынады. Ол майды тамақ үшін пайдалануға да, одан глицерин, сондай-ақ басқа да арнаулы май істеп шығаруға болады. Мақта шитін тазартқанда 3 процентке жуық өте бағалы мақта мамығы алынады. Ондай мамықтан жасанды былғары, авиация өнеркәсібі мен автомобильдер үшін сыр, жасанды жібек және басқа бұйымдар істеледі. Май алу үшін өңделген әрбір тонна мақта шитінен 400-420 кг күнжара, 380-400 кг қабық шығады. Бұлар малға құнарлы азық ретінде пайдаланылады. »[15]  «Мақта өсімдігінің жапырақтарынан лимон және алма қышқылдары, ал сабақтарынан – спиртпен құрылыс материалдары (картон, шифер, престелген тақтайлар, фанера, әртүрлі плиталар), т.б. жасалады. Еліміздің экономикасы Қазақстанның оңтүстігіндегі жергілікті қарапайым тұрғындарына мақта шаруашылығының маңызы өте зор. Халықтар мақтаның қозасын отын қылады. Ол отынды күнделікті үй пешіне немесе ошағына қолданады. Мақтадан шығатын отынды қозаның паясы делінеді. Бұл отын мақтаның қозасынан алынады. Тағы айта кететін маңыздылығы мақта заводтарында мақтаны өңдегенде, одан талшығынан бөлек линт, пух, қауашақ және қоқымы қалады. Линтті өңдеп одан порох шығарады. Бұл линтті көбіне Қытай Республикасы Қазақстаннан сатып алып, оны өңдеп порох шығарады. Ал пухты халықтар мал шаруашылығына қолданады. Пух малдың азығы болып саналады. Қауашағы бұл мақтаның қауызы. Қауашақтыда мал шаруашылығында қолданады. Қауашақты суға салып жібітіп, оны малдарға жем есебінде беріледі. Мақтадан өңделген қоқымына келетін болсақ, бұл қоқымды зауыттардан шығарылып, егістік жерлерге қайтадан сеуіп шығады. Бұл қоқым жердің құнарлығын арттырады. Яғни, қоқымды тыңайтқыш ретінде қолданылады».[16]Негізінде, мақта шаруашылығында мақтаны қол мен немесе машинамен жинайды. Жиналған мақтаны адамдар алып оны күнделікті қолданыста жүрген көрпе жастық, көрпешеге және т.б. заттарға қолданылады. Мақтаны көрпеге, көрпешеге, жастыққа салмастан бұрын, мақтаны шиттеп, шиті мен мақтасын бөлек алып, жоғарыда аталған заттарға салады. Мақтаны салмастан бұрын, оны арнайы машинаға салып, өңдеп алады. «Шитті мақтаның облыс экономикасында, ауыл шаруашылығы дақылдарының ішінде алатын орны ерекше. Ауыл шаруашылығынан алынатын табыстың 1/3 осы дақылдан түседі. Ауылда жұмыс істейтіндердің де 1/3 шитті мақта өсірумен айналысады.Өткен жылы облыстың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдірушілері ауа райының қолайсыздығына қарамастан біршама жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Масақты дақылдар мен мақсарыдан басқа барлық дақыл түрлерінің өнімі 1999 жылға қарағанда артық болды. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша барлық өңдірілген өнім 2000 жылы 49,1 млрд. теңгені, ал егіншіліктің өнімі 31,5 млрд. теңгені құрады. Оның 46,6 пайызы немесе 14,7 млрд. теңгесі мақта өнімінің еншісіне тиеді.Мақтаарал ауданында барлық өндірілген 15,1 млрд. теңге өнімнің 9,9 млрд. теңгесі немесе 65 пайызы мақтадан түсті. Шардарада бұл көрсеткіш барлығы 3,7 млрд. теңге, оның ішінде мақта 2,1 млрд. теңгені кұрайды. Бұл ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің 57 пайызы, Түркістанда — табыстың 34, Ордабасыда — 28, Арыс, Отырарда — 12, Сарыағаш аудандарында — 7 пайызы мақтадан алынды. 2000 жылдың ауа райы мақташылар үшін онша қолайлы болмады. Көктем айының құрғақ болуына байланысты мақта егісін сумен қамтамасыз етуде көптеген қиыншылықтар кездесті. Дегенмен, мақташылар бұл қиындықты жеңе отырып үлкен табысқа қол жеткізді. Облыс бойынша 153,3 мың гектарға егілген мақтаның түсімділігі 18,7 центнерге, өнімі 287,1 мың тоннаға жеткізілді. Сөйтіп 1999 жылдан 38 мың тоннаға артық өнім алынды. Тапқан табыстары да жаман болған жоқ. Бұл — ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформаның алғашқы нәтижелері. Әр гектар жер өз иесін тауып, жерге жанашырлық көзқарастар қалыптаса бастады деп айтуымызға болады.Мақтаарал өңірінің диқандары 2000 жылы әр гектардан 20,2 центнерден, барлығы 192,8 мың тонна, яғни 1999 жылдан 8,8 мың тоннаға көп шитті мақта дайындады. Шардара ауданында мақта дақылының егіс көлемі 1999 жылға қарағанда 6,2 мың гектарға артық егіліп, 20,7 мың гектарға орналастырылды. Гектар түсімділігі 20,2 центнер немесе 4,6 центнер арттырылды.

Жалпы, облыста гектар берекелілігін арттыруға деген құлшыныс бар. Осы дақылмен айналысатын аудандардың барлығында дерлік 2000 жылы 1999 жылға карағандаа бұл жөнінде ілгерілеушілік сезілді. Тек объективті, субъективті себептермен Түркістан қаласының шаруашылықтарында былтыр, алдыңғы жылмен салыстырғанда әр гектардың өнімділігі 2,4 центнерге кеміп кетті. Дегенмен, өткен жылдың жағдайында көптеген тауар өндірушілер агротехникалық шараларды дұрыс сақтау нәтижесінде мақтадан жоғары өнімге қол жеткізе алды. Мәселен, Шардара ауданы Қазақстан ауыл округінің «Сеңгірбай» шаруа қожалығында 72 гектар мақталықтың гектар түсімділігі 58 центнерден, Мақтаарал ауданының «Иіржар» ауыл округіне қарасты «Захид» шаруа қожалығында 50 гектардан 43 центнерден, Казыбек би округіндегі «Жұлдыз» шаруа қожалығында 40 га мақталықтан 40 центнерден, «Арай» ауыл округіндегі «Ақ нұр» өндірістік кооперативінің мүшелері 160 гектардың әр гектарынан 38 центнерден өнім алды. Ордабасы ауданы «Төрткүл» ауыл әкімшілігіне қарасты «Арыстанды» өңдірістік кооперативі 120 гектардан 32 центнерден, Түркістандағы Ескі Иқан ауыл әкімшілігіндегі Камалов атындағы шаруа қожалығы 60 гектардан 26 центнерден, Сарыағаш ауданындағы Қошқар ата ауыл әкімшілігіндегі «Балауса» шаруа қожалығы 40 гектардан 37 центнерден, Арыс қаласындағы Жиделі ауыл әкімшілігіндегі «Өмірзақ и К» шаруашылығы гектарынан 35 центнерден өнім жинады».[17]  Сарыағаш ауданында бiрнеше зауыт салынып, бiрқатар тұрғындар жұмыспен қамтылғаны көңiл қуантарлық құбылыс болды. Бұл бастама биыл да заңды жалғасын тауып келедi. Соның бiр айғағы-Жаушықұм өңiрiнде “Агроаймақтың” ашылуы десе болады.Жаушықұмды игеру жоспары өткен жылдан бастау алды. Жалпы жоспар бойынша 4100 гектар егiстiктi қамтитын “Агроаймақ” құру идеясы туындап, жолға қойылыпкеледi. “Иiржарагро” ЖШС-гi 1229 гектар танапты игеру жоспарлап отыр. Бүгiнгi таңда агроаймақта 500 гектарға шит егу нысаналанды және тамшылатып суару қондырғылары монтаждалуда.“Иiржарагро” ЖШС-ның бас агрономы Серiк Орақовтың мәлiметiне қарағанда, жер тегiстейтiн “К-700”маркалы, 10 дана “МТЗ-80” жер өңдейтiн трактор, 6 дана тұқымсепкiш жұмыс атқаруда. Сырдариядан бас сутартқыш стансасы, екi жасанды қосалқы әуiз бен 6 сутартқышты iске қосу құрылысы жүрiп жатыр. Жұмыс ауқымы өте көлемдi. Бүгiнгi таңда шит егу, тамшылатып суару қондырғысының жұмысшыларын қоса есептегенде 120 жергiлiктi азамат жұмыспен қамтылған. Қытайдың “КЕИ-МЕИ” фирмасынан шығарылған 12 қатарлы тұқымсепкiш шиттi себумен қатар тамшылатқыш түтiктердi тартып және полиэтилен лентасымен қымтау операциясын бiрдей атқаруда.» [18]

Жалпы, мақта егу тиімді болғанымен, оны өсіру үшін жақсы жағдай болу керек. Мақтаның жақсы өсуі диқанға, жердің құнарлығына, табиғи жағдайына байланысты. Мақта өнеркәсібі Оңтүстік аймақтың экономикасының негізгі салаларының бірі. Бүгінде мақта өсіру жақсы қолға алынған. Алайда шикізат өндірілгенмен мақтаны ары қарай өндеу, мата жасау, кәсіпорындар құру, жалпы жеңіл өнеркәсіп мәселесі кенжелеп тұр. Бұл мәселелердің легі жергілікті кәсіпкерді де алаңдатады. Конференция барысында қатысушылар мақта өнеркәсібінің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасап, бұл саланы жетелдіру бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Сырдария университетінің экономика және құқық кафедрасының меңгерушісі Бегім Серіков мақта индустриясын тежейтін бірқатар кедергілерді тізді. Оның айтуынша өңірдегі фермалар мен шаруашылықтардың шағындығы, осал материалдық-техникалық база, техникалық әрі технологиялық жабдықталудың жоқтығы негізгі тежегіш факторлар. «Шаруашылықтардың көбінде тіпті жеке тракоры жоқ, қолдағы техниканың барлығы ескі. Кәсіпқой мамандар тапшы», – деді Бегім Серіков. Өз кезегінде Қазақтың Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мақтаның жаңа сұрыптары бойынша ақпарат жасады. 2000 жылға дейін Қазақстан Республикасында өз отандық мақта сұрыптары болмады. 2000 жылдан бастап Қазақ мақта шаруашылығы ғалымдары мақтаның отандық бәсекеге қабілетті 12 жаңа сұрыбын шығарды. Жаңа сұрыптар 2016 жылы ОҚО-дағы жалпы мақта егістік алқабының 89,0%-да өсірілді. «Мақта – техникалық дақыл, оған ерекше баптау мен суармалы егіндіктер қажет. Ал мақтану теру – қолдың еңбегі. Облысымызда ауыл шаруашылығын кең ауқымда жаңғырту, оның ішінде мақта өндіру саласын қайта құруды жүргізу, нақты нарықтық тетіктерді ендіру арқылы қазақстандық мақта өндірісін бәсекеге қабілетті және жоғары рентабельді етіп жасау — біздің мақсатымыз», – деді Қазақтың Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Ибадулла Үмбетбаев. Жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің бір ауыздан айтқан басты мәселе – суармалы жерлердің аздығы, жалпы су тапшылығы. Қазақтың Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ мақта қауымдастығы өкілдері өңірдің мақта индустриясын жандандыру үшін суармалы жерлердің өнімділігін арттыру жолдары, гидромодульдік аудандастыру, суармалы алқаптардың егістік құрылымын оңтайландыру (әртараптандыру), егіншілікті биологизациялауды қолға алу керек екенін алға тартты. «Луи Дрейфус Қазақстан» компаниясының өкілдері өздерінің өндірісі жайлы баяндама жасады. Компания мақта өсіруде, теруде, өндіруде жаңа технологияларды қолданады. Мәселен, компания жұмысшылары 2016 жылы 4 мың тонна жақсартылған мақта өсірген. Бұл 1250 тонна сапасы жоғары мақта талшығына немесе 1 250 000 джинс шалбарына тең. Шара барысында сонымен қатар, өнімнің сапасы мен қоршаған орта, жер құнарлығына кері әсер ететін зиян пестицидтер мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстардың шамадан тыс қолдану туралы талқылау болды.»[19]

«2001 жылы ОҚО-да мақта тұқымын жақсарту мақсатында элита тұқым өндіретін 6 шаруашылық ашылды. Оның 3-і Мақтааралда, ал Шардара, Түркістан мен Сарыағаш аудандарында бір-бірден. Өндірілген тұқымды көбейтіп, тарату үшін облыс бойынша мамандандырылған 11 тұқым шаруашылығы айналыспақшы. Осы ұжымдардың дұрыс жұмыс істеп кетуін ұйымдастыру аудан басшылары және аймақтық басқарманың, оңың тұқым инспекторлары мен ауыл шаруашылығы департаментінің міндеттері. Міне, осындай кемшіліктерге қоса гектар түсімінің төмен болуы себептерінің бірі — ауыспалы егістің сақталмауы.» [20]  «Қазақстан Республикасы бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіргелі отыр. Әлемдік рынокта мақтаға деген сұраныс қазіргі таңда өте жоғары болып отыр. Қазақстанда жер кең. Бірақ мақта өсіретін аймақ оңтүстік қана. Бұл өңір бүкіл Қазақстандағы суармалы жердің ¼ бөлігін алып жатқанын ескерсек, осынау байлықтың бағасы мен мақтаның мүмкіндігін тиімді пайдалана білуіміз керек. Мақта саласы бойынша Қазақстан Республикасына көршілес жатқан Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері т.б. көптеген шет елдік мемлекеттер, бәсекелес болып отыр. Өз еліміздің дүние жүзілік рыноктағы мақта талшығының дәрежесі төмендеп кеткен сияқты. Өйткені, мақта сортының төмен болуы, яғни өзіміздің елден шыққан мақта тұқымының элиталық сортын пайдаланбауымыздың әсері.Соңғы жылдары мақтадан мақтанарлықтай өнім алып жатырмыз. Ол дұрыс. Бірақ осы өнімнің сапасы қандай, сатып алушысы кім, ол жағына тереңдемей диқандар “өндіре берсек болды, қалғаны менің шаруам емеске” бет қойған сыңайы бар.»[22]

«Мақтаны – өндіру, қайта өңдеу және оны өткізу мәселелерін бүгінгі нарықтық экономика талаптарына сай ұйымдастыру үшін осы процестерді реттейтін Заң қабылдау қажеттілігі туындады. “Мақта туралы” Қазақстан Республикасының жақында мақтаны өндіру, қайта өңдеу, сақтау және сату әрекеттерінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін анықтайды және сол процесс кезінде туындайтын қатынастарды реттейді. Осы “Мақта туралы” заң жобасында 9-тарау, 41 – бап бар. Осы заң жобасындағы 2-тарау,3,4,6,-баптарға тоқталатын болсақ. 3-бап. Мақта рыногын мемлекеттік реттеудің мақсаты. Мақта рыногын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты негізделген технологияларды енгізу мен тоқыма және мақта шараушылығын индустризациялау, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен бірлестіру негізінде мақтаның бәсекеге бейімділігін арттыру болып табылады.  4-бап. Мақта рыногын мемлекеттік реттеудің нысандары. Мақтаның сапасын сертификаттау; мақтаның сапасын сараптау жөнінде қызмет көрсететін зертханаларды тіркеу және аттестаттау, сондай-ақ олардың мақтаның сапасын сараптауды жүргізу тәртібінің талаптарын және зертханаларды тіркеу тәртібінің талаптарын сақтауын бақылау. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құдіреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1)мақта шаруашылығындағы мемлекеттік саясатты, мақта рыногының даму стратегиясын әзірлейді және іске асырады. 2)мақта шаруашылығын мемлекеттік қолдау бағдарламасын бекітеді. 3)мақта рыногы саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады; 4)мақта рыногы саласындағы үкіметті органды айқындайды; 5)шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді. 6)сақтау бұқаралық шартының және қайта өңдеу бұқаралық шартының үлгі нысандарын бекітеді. 7)мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызмет етуі және таратылуы ережесін; мақтаны қайта өңдеу кәсіпорындарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттерін жоюы ережесін, сондай-ақ мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларында мемлекеттің қатысу нысаны мен тәртібін бекітеді. «Мақта саласын дамыту туралы» Заңға өзгертулер енгізу керек. Өйткені, қолданыстағы заңда бірнеше бап мүлдем жұмыс істемейді. Ал бұл шаруаның түрлі кедергіге тап болуына себеп. Сондықтан да ортақ мәселені біріге шешкен жөн. ҚР Ауылшаруашылық вице-министрі Мүслім Өміряев пен Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадов саланың білгірлерімен осы тақырып бойынша өткен аптада Мақтаралда бас қосты.Өзгеріске енуі тиіс заңның бас­ты мақ­саты – мақтаны бәсекеге қабілетті өнім ретінде сақтау. Ол үшін не істеу ләзім? Шаруаның алдынан шығатын кедергілерді жою қажет десті диқандар. Оған, мақта бағасының тұрақсыздығынан бастап, уақытылы берілмейтін субсидия, зауыттардың пайдакүнемдігі секілді мәселені қосыңыз. Сондықтан да істі ірілендіруден бастау қажет деп ой түйді мінберде сөз алған жанашырдың бірі Серік Мамырайымов. Жетісайдағы «Сырдария» университетінің ректоры болып қызмет атқаратын азамат «Мақта саласын дамыту» деген тақырыптың өзін өзгерту керек деп санайды. Себебі, қазір бәсекенің заманы, Мақтаралдың мақтасы бәсекеге қабілетті өнім болмағы керек. «Мақта саласын дамыту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру» мәселесін қарауға тиіспіз. Егер тақырыпқа сыйыспайтын болса, онда ішіне бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы бап енгізген жөн. Себебі, қазір бәсекенің заманы. Ондай өнім өндірмесек, осы мақтаның өзін сақтап қалу қиын болады. Осы ретте мақта саласының тағдырын шешетін мәселе ― бұл ірілендіру екенін баса айтқым келеді. Ірілендірмесек, біз жердің құнарын арттыра алмаймыз, жаңа технологияны, инновацияны ендіре алмаймыз. Еңбек өнімділігін арттыру да қиынға соғады. Сондықтан ірілендіру мәселесін ең бірінші кезекте шешу керек. Егер іріленген шаруашылық құра алсақ, мақтамен қатар бәсекеге қабілетті мал шаруашылығын да өркендетуге болар еді». Жиын-терім біткенде қолындағы ақ алтынын өткізе алмай жүретін шаруалар қаншама? Министрліктен келген өкілге ауылдағы ағайын Украина, Ресей, Белорусия сынды шет мемлекеттермен ақ алтынды жинау науқаны кезінде келісім жасап берілсе деген базынасын айтуды да ұмыт қалдырған жоқ. Тіпті, мақтаны өткізу жайы да заңда тайға таңба басқандай көрсетілуі тиіс. Сонда ғана мұндағы шаруа тірлігіне еш уайымсызкірісеалмақ.Шаруалардың сөзінше, қолда­ныс­тағы заңда 4 бап жұмыс істемейді. Оның ішінде, әсіресе, 15-бабты мүлдем алып тастау керек делінді бірауыздан. Өйткені, «мақта қолхаты» бабы мен «мақта өңдейтін зауыттардың кәсіпкерлік жұмысына» тыйым салатын жәйттер көп істің кері кетуіне себеп көрінеді. Алайда, «мақта қолхаты туралы» бабтың жұмыс істемеуін Розақұл Халмұрадов оның дұрыс жазылмағанымен байланыстырмайды. Тек, оны шаруаларға түсінікті тілмен қайта жазып шығу керек деп санайды. Ал Мақтарал, Шардара, Түркістаннан жиналған кіл диқандар мемлекеттік мақта зауыты құрылса деген тілектерін де жасырмады.Елбасы жолдауы бойынша 2020 жылға дейін елдегі ауылшаруашылық өнімдері екі есеге, ал 2030-шы жылға дейін төрт есеге өсуі тиіс. Ал біздегі нәтиже, оның ішінде мақта түсімділігі көңіл қуантпайды. Мақта туралы заңға өзгеріс енгізу ісі де осыдан туған ой. Елордалық қонақтар диқандардың ұсыныс пікірлерін Парламент Мәжілісінде қарауға уәде етті. Қыркүйекке қарай, жаңа заң жобасының да нобайы дайын болмақшы.» [21]

Қазақстанның мақта шаруашылығын өркендетуге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевта көптеген жеңілдіктер беріп, өз үлесін қосып отыр. Мақта шаруашылығы Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының бірден – бір көзі болып отыр. Республикамыздың экономикасы шапшаң дамуда. «Арнайы экономикалық аймақтың негізгі мақсаты мақта өңдейтін жоғары технологиялық өндірісті, өнеркәсіптің тоқыма және тігін саласын кешенді дамытуды, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне белсенді түрде кіруін көздейді. Арнайы экономикалық аймаққа кіретін мекемелер толық істеген жағдайда нақты болжамдарға сүйенетін болсақ, облыста жыл сайын орта есеппен 1 млрд. АҚШ долларының өнімі өндірілетін болады. Оңтүстік өңіріндегі істер, жарқын көріністер елімізде ауыл шаруашылығына қатысты ұсталынып отырған саясаттың дұрыстығын, әрі өміршеңдігін тағы да дәлелдей түседі.

Құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймаққа Сайрам өлкесінен 200 га жер бөлініп, жоғары технологиялық 15 мақта тоқыма өндіріс орындарын ашып, 6000 – ға жуық адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар 500,0 млн. доллар көлемінде инвестиция тартып, әлемнің алдыңғы қатарлы өндірістік құрал – жабдықтармен жасақталу қарастырылуда. Арнайы экономикалық аймақта істейтін тоқыма кәсіпорындары қосымша құн салығынан, коорпоративтік, жер және мүліктік салықтан толық босатылады. Арнайы экономикалық аймақтың негізгі міндеті облыста өндірілетін 150,0 мың тонна мақта талшығының кемінде 100,0 мың таннасын қайта өңдеп, дайын өнімге дейін жеткізу. Қазақстан Республикасы үкіметінің резервінен « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағын құруға және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының дирекциясы мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз етуге 821,4 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. «Оңтүcтік» арнайы экономикалық аймағы туралы бірнеше төмендегідей ережелер бар.

1 ереже. Осы ережеге қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес « Оңтүстік » арнайы экономикалық аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданының аумағында орналасқан. Арнайы экономикалық аймағының аумағы 200 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2 ереже.Арнайы экономикалық аймағы: тоқыма өнеркәсібін, атап айтқанда, дайын бұйымдар өндірісін дамыту. Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне кіруін жандандыру: дайын тоқыма өнімдерін өндіру үшін әлемдік сауда маркерлерін өндірушілерді тарту: жоғары технологиялық өндірістерді құру, өндірілетін тоқыма өнімдерінің сапасын жақсарту мен түр – түрін көбейту мақсатында құралады.

3 ереже. Арнайы экономикалық аймағының қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңымен, осы ережемен және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасында көрсетілгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережесі қолданады. 4 ереже. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттеледі. 5 ереже. Арнайы экономикалық аймағының аумағындағы негізгі қызмет түрлері мыналар болып табылады.

Осы Оңтүстік Қазақстанда “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймақты дамыту бойынша инвестициялық қызметті ұйымдастыру жөніндегі одан арғы шаралар:

— 2006 жылға арналған инвестициялық мүмкіндіктерді таныстыру жөніндегі ақпараттық жұмыстар жоспарын әзірлеу.

— Ірі әлеуметтік инвесторлармен тұсау кесерлер мен таныстыру жұмыстарын жүргізу.

— 2006 жылдың бірінші жартысында әлеуметті шетелдік және отандық инвестордың қатысуымен Оңтүстік Қазақтсан облысында 2- ші халықаралық конференция өткізу.

— Қазақстанның халықаралық мақта қауымдастығына кіруі жөніндегі мәселені пысыктау

— Әлеуетті инвестормен олардың негіздемелік келісімдерге қол қоя отырып, АЭА – ға нақты қатысуы мәселесін пысықтау.

  — АЭА дирекциясының инвестициялық компанияларымен бірлескен іс – қимыл жоспарын дайындау.

— Әлеуетті инвестордың қызметін ескере отырып, “Оңтүстік” АЭА– ны дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламасын дайындау.»[22]

Біздің ойымызша, құрылған арнайы экономикалық аймақ тек Оңтүстік Қазақстан облысына ғана емес, Республика экономикасына да өзінің оң ықпалын тигізеді деген үміт мол. Жалпы алғанда мақта – еліміздің экономикасын өркендету ісінде зор маңызы бар өте бағалы дақыл.

«Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында өсірілетін мақта дақылының мүмкіндігін толық пайдалану мақсатында кластерлік жүйе қолға алына бастады. Жалпы “кластер” термині (ағылшынша “cluster”-шоғырлану мағынасында) бір үлгідегі нысандардың шоғырлануын білдіреді. Экономикада кластер деп экономиканың белгілі бір саласына қарасты және салыстырмалы түрде бір-біріне жақын орналасқан кәсіпорындардың, ғылыми орталықтардың, институттардың, университеттердің және басқа да, ұйымдардың топтарын айтады. Сонымен бірге кәсіпорындар мен ұйымдар бір-бірімен тығыз байланыста болуы тиіс.Оңтүстік өңірде өсетін мақтаның қызығын шет елдер көріп келе жатқаны жасырын емес. Өйткені мақта шикізат күйінде өзге елдерге сатылуда. Өндірілген өнімнің өңделіп, жіп, мата, киім түрінде өз елімізде шығарылуына енді мүмкіндіктер жасала бастады. Облыс орталығында іске қосылғанына көп уақыт өте қоймаған “Қазақ-орыс тоқыма альянсы” ЖШС кластерлік жүйенің негізгі тармағының бірі ашылып отыр. Болашақта бізге тоқыма өндіріснің жаңа технологиясы мен жұмыс істейтін он завод салуын Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жоспарлап отыр.

Дәл қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев мақта шаруашылығын дамытуда ерекше көңіл бөлуде. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы дәстүрлі жолдауында “Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыру бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндірумен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жекеменшік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ, кредиттерді, атап айтқанда, агро-индустриялық саясат арнасын да осында тарту керек”,-деп атап көрсеткен болатын.»[23]

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары 2016 жылы алғаш рет Түркия мен Қытайдан мақтаның жаңа сұрпын әкеліп еккен. Тәжірибе ретінде себілген тұқым бітік шықты. Мырзашөлдік шаруалар қуаңшылыққа қарамастан тіпті кейбір алқаптардан 50 центнерге дейін өнім алып жатыр. Қазір отандық ғалымдар жергілікті жердегі мақта сұрпын жетілдіруді қолға алды.Мырзашөлдің аптапты ыстығы мен құрғақшылыққа қарамастан шетелден әкелініп себілген шиттер бітік шыққан.Бұның жергілікті тұқымға қарағанда бойы аласа болғанымен көсегі көп,өнімділігі жоғары. Диқандар соңғы 10 жылда мұндай мақта алмағандарын айтып отыр. Тәуелсіздік алған жылдардан бері диқаншылықпен айналысып келе жатқан Тұрсынбай Бердалиев шетелдік сұрыптың жер талғамайтынын айтады.Өйткені қатарынан 6 жыл егін егілген жерге себілген шит толық шығыпты. Өнімділігі де жаман емес, — дейді шаруа. Бастысы, жаздың аптапты ыстығында су болмай қалған кезде де мақта жапырақ ашып, шанақ тастамаған.[24]

Мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі.  Мақта  өте маңызды техникалық дақыл болып есептеледі.  «Қазақстанның оңтүстігінде өсетін ауыл шаруашылығының негізгі дақылдарының бірі – мақта. Мақтаның халық шаруашалығында алатын маңызы орасан зор. Қазіргі адамзат қоғамына астық пен металл қандай қажет болса, мақта да сондай қажет болып отыр.Оңтүстік Қазақстан – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жөнінен республикадағы ең ірі өңірдің бірі болып табылады. Мұнда мақта өсіруші шаруашылықтар табысының негізгі көзі болып табылатын мақта егістері шоғырланған. Соңғы жылдары мақта талшығы еліміздің маңызды экспорттық тауарына айналды. Сонымен қатар ол өсімдік майына деген сұранысты толықтырудың маңызды қоры болып табылады.»[25]

Қорытынды

Қорыта келгенде, Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығымен біздің эрамызға дейінгі 4-3 ғасырларда Сырдария, Келес, Арыс өзендерінің бойында мекендеген халықтар айналысқан. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан даласындағы мақта өсіру ХІІ-ХІҮ ғасырлардан басталады. Осымен қатар белгілі ғалым, профессор В.И. Юферов өзінің еңбегінде қазіргі Жамбыл қаласының тұрғындары ҮІІ ғасырда мақтадан тоқылған киім кигендерін жазса,академик В.В. Бартольд Х ғасырда Шымкент қаласынан сыртқы саудаға арналып мақта шығарылғандығын баяндаған. Кейіннен, 1888 жылдан бастап облыс территориясының халқы мақта шаруашылығымен айналысқандығы айқын. Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында мақта шаруашылығымен айналысу көне заманнан ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. Ата-бабаларымыз Оңтүстікте орналасқан Мырзашөл аймағында да мақта өсірумен айналысқан. Бұл мақта өсімдігі мәдени өсімдіктің бірі болып саналады және тарихы ұзақ уақыттан бері жалғасып келуде. Мақтаның отынымыздың халық шаруашылығында алатын орны ерекше. Сондықтан мақта шаруашылығының халық шаруашылығында маңызы өте зор.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Оңтүстік Қазақстан энциклопедиясы – Алматы, 2005, 364-365 б
  2. Салиев М. Қазақстан ауыл шаруашылығы – Алматы,2003ж, 28 б
  3. Үмбетаева И.И. Мақтаның отандық жаңа сорттары – Алматы:Комплекс, 2004, 68-69б
  4. Қолдаев А.А., Самайлов Е.А. Мақта шаруашылығы – Алматы, 2008 ж,69 б
  5. Вестник КазНПУ имени Абая №3 (25),2010 ж, 75-76 б.
  6. Сатыбалдин Ә.Ә., Тұрысбеков З., Үмбетаева И.И. Оңтүстік
  7. Қазақстан облысында мақта өндірісін өркендетудің өзекті мәселелері – Алматы: Бастау, 2012ж, 64-65 б.
  8. Көпешов Ш. Мақта өндірудің экономикасы- Алматы., Қайнар, 2010ж, 188 б
  9. Вестник КазНПУ им Абая,№3(25),2010ж,75-76 б.
  10. Сәуірбаева Ж. Қазақстан мақтасы — Алматы., Қайнар, 2011ж, 167 б.
  11. Көпешов Ш. Мақта өндірудің экономикасы- Алматы., Қайнар, 2009ж,46б.
  12. Көпешов Ш. Оңтүстік Қазақстан мақтасы-Алматы, Қайнар, 2013ж,33б. Болғанбаев Е., Серғазиев А. Мақта түсімін арттыру жолдары — Алматы., Қайнар, 2005ж, 175 бет.
  13. Экономика республикалық газеті «Оңтүстіктің мақтанышы-мақтасы» Құралай Мақсатқызы, №44(216) 3 — 9 қараша 2011ж,15 б.
  14. Егемен Қазақстан газеті «Мақтааралда 87 өндірістік кооператив құрылды»28.03.2017ж, 9б.
  15. Ибадулла Үмбетаев, «Ақ алтын» – елімізге «бақ алтын» бола ала ма?» – Оңтүстік Қазақстан газеті, -№149-150,  2016 ж, 17 қыркүйек, 6 бет.
  16. Кенжеғұлов Н. Мақта –облысымыздың басты байлығы // Оңтүстік Қазақстан -№132-2005-15 қыркүйек -2 бет.
  17. Таев Б. Мақталы өңірдің егістік көлемі.// Қазақстан ZAMAN -№44-2004-1 қараша-4 бет.
  18. Оңтүстік Қазақстан газеті «Мақта шикізат күйінде қалмауы керек», -№23-24, 15 ақпан 2014ж,4б.
  19. Егемен Қазақстан газеті «Мақта шаруашылығын дамытуға не кедергі?», 28.03.2017ж, 11б.
  20. Сыдықов Д.А., Үмбетаев И.Ү., Батьколов Ж.Е., Биғараев О. Оңтүстік Қазақстан облысында мақта өндірісін өркендетудің өзекті мәселелері- Алматы , Бастау 2002ж, 84 б.
  21. Түркістан газеті «Мақта заңына өзгеріс қажет» Дәурен Әбдіраманов,22 маусым 2013ж, 8б.
  22. Егемен Қазақстан газеті Серіков Б. «Оңтүстік» экономикалық аймағы,2006ж, 16б.
  23. Еркебайұлы Ө., Тілеубеков Ә. Мақта кластері// Мақтаарал — №31-2005-8 шілде-3 б.
  24. Оңтүстік Қазақстан газеті «ОҚО-да мақтаның шетелдік сұрпы мол өнім берді», 28.03.2017ж, 15б.
  25. Исахов Ә., Баһадүр Ж. Мақтаның халық шаруашалығында алатын маңызы орасан зор. // Оңтүстік Қазақстан — №140-2005-29 қыркүйек -3 бет.

Құрастырғандар: Саргелек Н., Файзуллина Ж.

Яндекс.Метрика