ПАРНИКТІК ЭФФЕКТ – ҒАЛАМДЫҚ ПРОБЛЕМА

Адамзат баласы мен Табиғат-ананың айқасы жанайқай шегіне жетіп қалған сияқты. «Табиғатты бағындыру» қағидасы ұранға айналған XX ғасырдағы адам әрекеті қоршаған ортаның табиғи   тепе – теңдігінің іргетасын шайқалтты.

«Өзін «адамзат рухының құлдырау кезеңінде туғаныма өкінемін» деп санаған  атақты  неміс – француз    ойшылы,  әйгілі  гуманист Альберт Швейцер

«Малына қорек үшін шабындықтағы мыңдаған өсімдіктерді отайтын шару, еріккенннің ермегі үшін жол жиегінде өсіп тұрған бір тал гүлді жұлуға тиісті емес, себебі ол бұл жағдайда табиғатқа қарсы қылмыс жасайды» деген екен.

XXI ғасыр бастауы табиғи апаттар мен сілкіністерден ес жиғызбай барады . Мәңгі жасыл құрлықтарды жаз ортасында қар басып, Гренландияның мұз құрсауларының жыл сайын 250 млрд. Тоннасы еріп, бу мен суға айналып жатыр. Бүгінде әлемнің барлық жерінде ауа райының жаһандық жылыну үрдісі байқалып» \1\, бұл әлемдік проблемалардың бірі болып отыр .

Жаһандық жылыну – парниктік эффект  туралы айта кетсем.

«Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден  ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +150 . Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 %-дан аспаған, ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып  отыр» /1/ Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.

«Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5 С 0дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік  мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың  деңгейі 0,5-1,5 м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100 ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2 метрге дейін көтереді. Ал бұл 5 млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3% көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30% көлемі. Парниктік эффектің жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз».

1975 жылы 8 тамызда «Science»  атты журналда америкалық климатолог Уоллес Брокер ауа райының күрт өзгере бастағанын  алға тартып, алғаш рет «жаһандық жылыну » терминін өмірге әкелді. Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4С0-қа көтерілді. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1900 жылдармен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді.

 Жаһандық жылыну –дүниежүзі елдерінің басына төнген қатерлі қауіп. Ал Қазақстан құрлықтың дәл ортасында орналасқан, ендеше бізге келер  қатер  жоқ  деп айта алмаймыз.

Онсыз да шөлейтті аймақ шөлге, ал суы мол ылғалды жерлер шөлейтке айнала бастайды.

Соңғы он жыл шамасында Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардың жартысына жуығы еріп кеткен. Эколог – климатологтардың айтуынша, XXI ғасырда асқақтаған Алатауымызда адам көзін сүйсіндірер мұздық қалмайды. Бұл деректер «2010 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан экологиясы» атты мемлекеттік бағдарламада көрсетілген»/2/.

 Жалпы, парниктік эффект  – Қазақстанда да бұл бұрыннан  бар проблема. Өйткені таудағы мұздықтардың ери бастаған. Енді қалған мұздықтар бұдан да тез еруі мүмкін. Біздегі таулардың мұздықтары ғана емес, дүниежүзіндегі мұздықтардың барлығы дерлік еріп жатыр. Гималай, Кавказ, Альпі, Памир, Тянь-Шань, Анд тауларында  да мұздықтар азайып бара жатыр. Сондықтан болашақта миллиондаған адам ауызсусыз қалуы мүмкін. Бір ған Гималай тауынан бастау алатын өзендер Қытай мен Үндістанды ауызсумен қаматамасыз етіп отыр. Сол сияқты елімізде де мұздықтардан айырылса, ауызсусыз қалады. Бұл – бір. Екіншіден, сел қаупі төнеді. Қалада жаңбыр жауса, тауға қар түседі. Ал Егер мұздықтар еріп кетсе, бірден сел ағады. Онда Алматыны су шайып қалу қатері  бар .

 Соңғы жыл ішінде өндіріс қатты дамыды. Мұнай, көмір, ағаш өртеліп жатыр. Амазониядағы ағаштар қырқылды. Ал Гольстрим сол жақтан бастау алды. Ол басқа жаққа бұрылып кетсе, Еуропада мұздық пайда болады. Мұнай, көмір жерастындағы миллиондаған жылдар бойы жиналады . Мұнай, көмір өртеліп, ауаға СО2  көмірқышқыл газы ретінде таралады. Бұдан бөлек метан газы да бөлінеді. Сол парниктік газдар жер бетін қыздырып жатыр. Сондықтанда,  осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір-тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін. Ол үшін улы газдарды тек планктондар мен өсімдіктер ғана сіңіре алады. Осы себепті әрбір тал, шөп, ағашты сақтау қажет. Елімізде оттегін жинап жатқан ешкім жоқ. Көмір жағуды, мұнай өртеуді доғару керек.  Әр адам  қолынан келгенше экологияның жақсаруына үлес қоса алады. Бұл жұмысты қарапайым ағаш егуден бастау керек. Қоршаған ортаны қорғау әр адамның міндеті болып табылады. Әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Себебі, біздің болашағымыз үшін қаншалықты екені бәрімізге мәлім.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. http://referatkaz.kz/ғаламдық-жылыну/
  2. http://kk.wikipedia.org/wiki/парниктік_эффект
  3. http://referatkaz.kz/parniktik-effekt/

Құрастырғандар: Айтқұлова А.С.

Яндекс.Метрика